Музыкалық-эстетикалық білім беру жүйесінің құрылымы



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Мәдениет және өнер институты

факультеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Музыкалық-эстетикалық білім беру жүйесінің құрылымы

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны
Кіріспе
1.Музыка сабағы арқылы берілетін эстетикалық тәрбие
2.Музыкалық-эстетикалық білім беру жүйесінің құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты елімізде оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қайта түлету процесі жүріп жатқаны мәлім. Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр ұлт өз мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениетке кірігуі заңды құбылыс.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің мәжілісінде жасаған баяндамасында Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету - Мәдени мұра бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс - деп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның мүмкіндігі мен мақсатын айқындап берген болатын. Осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға Білім туралы заң, Қазақстан республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы, қазақстан республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы сияқты мемлекеттік құжаттарға айрықша көңіл бөлген. Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастырутыруға тікелей байланысты.
Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбие алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірбиені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастыруға тікелей байланысты.
Эстетика -- философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір көрініс табатын саласы өнер деп қарастырған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы -- адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі өнермен бірге жасасып келеді.
Өнер -- мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан болар, "өнер -- мәдениет айнасы" деген қанатты сөздің қалыптасқандығы... Өнердің шынайы мәнінің діңгегі -- сұлулық, әсемдік. Сұлулык, әсемдік -- адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты мақсаты -- қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын (идеалын) беру әрі соған адамды талпындыру, құштар ету.

1.Музыка сабағы арқылы берілетін эстетикалық тәрбие
Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыка адам саласына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал ол дыбыстар - түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес, адам сезімін бейнелеуші, реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен өрнектері.
Эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты -- адамдарда өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу, бағалай және қабылдай білу қабілетін арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді жаңартып, өзгертіп отыру [1, 10 б.].
Эстетикалық тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін қажетсінуін қалыптастыратын жалпы тәрбиелер саласының құрамдас бөлігі. Эстетика-өмірді сезім арқылы біліп танудың негізгі жолы [2, 12 б.].
Бүлдіршіндерге рухани - мәдени тәрбие берудегі эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде бала-бақшада, мектепте музыка пәнін оқыту барысында оқушы бойында ізгілік құндылықтарының қалыптасу белсенділігі күшейеді.
Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, оқыту, тәрбиелеу, арқылы әрбірінің жеке тұлғалық сапаларын жан-жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты деп танылды [3, 28 б.].
Бүлдіршіндердің эстетикалық талғамын қанағаттандыра отырып, олардың музыка өнері жөніндегі ой-өрісін дамытуда, түсінігін кеңейтуде заман талабына сай құрылған музыка сабағының алатын орны зор.
Эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде музыкалық тәрбие мектептің оқу жоспарында қарастырылады. Музыка пәнін оқыту дұрыс қойылған жағдайда балаларды музыкаға сүйіспеншілік пен музыкалық талғам қалыптасып, музыкалық сезім оянады, музыкалық есту мен музыкалық есте сақтау қабілеттері артады. Осы орайда музыкалық көркем туындыны толыққанды қабылдай алу, болжай білу әрекеттері музыкалық тәрбиенің алғышарты ретінде маңызды болады. Бұл ретте музыкалық қабылдау әрекеттерін арттыру өнердің басқа түрлерін кешенді үйлесімде қолдануды қажет етеді.
Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде-ақ назар аударған. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық қару ретінде қолдана білген.
Музыка - қоғамдық сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы. Музыкалық шығармаларды аспаптарда ойнап үйрену, орындау жеке тұлғаның эстетикалық, эмоционалды-сезімдік, құндылықты сана-сезімін дамытып, қалыптастырады, әсемдікті қабылдап, сезінуге талпындырады. Ол эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның эстетикалық талғамын, эстетикалық идеалын қалыптастырады, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы әсемдікті саналы түрде қабылдай білуге үйретеді және өзіндік шығарымпаздық қабілеттерін дамытады [4, 8 б.].
Бұқаралық ақпарат құралдарының кең тарауына, компьютер мен техниканың адам өмірінде шешуші қызмет атқарып отыруына байланысты жас ұрпақтың эстетикалық сауаттылығын, санасын, мәдениетін арттырудың, көкейкестілігі барған сайын күшейе түсуде. Оның өзі негізінде, өнер арқылы жүзеге асатындықтан, өнердің қоғамдық мән-мақсаты маңыздылыққа ие болуда. Ол ұрпақтардың өмірлік тәжірибесін жинақтап, қоғамдық сұраныстың жаңа қажеттіліктеріне жауап бере отырып, адамды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың ықпалды құралы қызметін атқарады.
Бала-бақшадағы және мектептегі музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани әсер алуға, өнегелі істерге баулиды. Осы маңызды міндеттерді орындау үшін баланың бойындағы қабілетті дамыту керек. Ал жалпы музыкалық қабілетті дамыту үшін музыка пәнінің мұғалімі сегіз қырлы-бір сырлы болуы қажет.
Музыка мұғалімінің алдында үлкен жауапкершілік тұратындықтан, ол әр сабақты асқан ұқыптылықпен, терең біліммен жан-жақты дайындықпен өткізуге міндетті. Оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігі, өмірге деген құштарлығы, еңбекке, іскерлікке деген ынтасы артып отыру үшін мұғалімнің әр сабақты сапалы да, жүйелі ұйымдастыруы қажет.
Дұрыс ұйымдастырылған музыка сабағы арқылы оқушылардың бойында адамгершіліктің, жоғары мәдениеттіліктің негізі қаланып, саналы, тәртіпті, ақылды болып өсуі қалыптасады.
Музыка сабағы бірнеше іс-әрекеттерден тұратындығы мәлім: ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты. Осы негізгі іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қосымша дауыс жаттықтыру, шығармашылық тапсырмалар, музыкалық ойындар қолданылады. Әр іс-әрекетті ұйымдастыру барысында кіріспе әңгімелер, талдау, жұмыстарын бір-бірімен тығыз байланыстыра отырып сабақтың негізгі тақырыбына сай біртұтас етіп өткізу керек.
Музыка сабағы басқа пәндердей емес көбінесе ауызша, практикалық түрде оқытушылардың есту, ойлау қабілетінің негізігінде өткізіледі. Сабақтың барысы көбіне тыңдау, айту, ойлау, әңгімелеу тәсілдері арқылы жүргізіледі.
Музыкалық тәрбие жұмысы мақсатында педагогикалық үйірмелер, тақырыптық кештер, кездесулер, айтыстар, өнерлілер, т.б. ұйымдастырылады. Сонымен, оқыту процесін оқушылардың белсенді ақыл- ой еңбегі, саналы іс-әрекеті негізінде ұйымдастырып, тәрбиелеу ісін қоғам талабына лайықты ғылыми- тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыру негізінде ұйымдастырса, жұмыс нәтижелі болады. Мысалы: жас ұрпаққа тек тәрбие нысаны ретінде ғана емес, өзіндік ақыл-ойы, талап-тілегі, қажеті бар субъекті ретінде қарап, бойындағы туа біткен, табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіру, ынтымақтастық педагогикасын қолданып, оқу-тәрбие жұмысын жүргізу арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.
Музыка мұғалімі музыкалық шығармалар арқылы жас ұрпақты өмірдегі, күнделікті тұрмыстағы, еңбектегі, табиғаттағы және әдебиет пен өнердегі әсемдікті, сұлулықты, адамгершілікті дұрыс қабылдап, түсініп, бойына сіңіре білуге, әділ бағалауға, тіршілікте іске асырып отыруға баулу, әсемдікті тани, жасай білуге үйретеді. Ол - әр оқушының ақыл-ойын, әсемдік жөніндегі сауаттылығын арттырып, мінез- құлқының, тән мен жанның қалыптасуына ықпал етеді. Жасампаздықты мұрат тұтып, өзінің тұрмысын, мінез-құлқын, адамдармен қарым-қатынасын, ұйымдастыра білу қабілетін, қиялын, эстетикалық талғамын дамытады.
Музыка сабағында оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, белсенділігі нығаяды. Сонымен бірге оқушы ойын дамытып, өзіндік пікір айта алуға үйретеді. Оқушыны құрғақ жаттандылықтан аулақтатып, дербес ойлап, әрекет етуге жетелейді. Тәрбие беру ұтымды түрде жүргізіледі, сабақтың мазмұны байып, құндылығы артады, оқушылардың білімі молаяды. Егер мұғалім тақырыпты меңгертуде шәкірттерді ойландыруға, білімін толықтыруға, тұлғалық мәдениетін дамытуға көңіл аударса, келесі бір сабақты халқымыздың дәстүр-тұрмыс, салт-сана көріністеріне негіздеп, қазіргі жеткіншек жете біле бермейтін халықтық ұғым-түсініктерді, жөн-жоралғыларды бүгінгі өмірге жанастыра көңіл аудартса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық тәлім-тәрбиені қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгілікке, ұлттық тәлім-тәрбие беруге назар аударылады.
Музыкалық тәрбие жұмысы, бала-бақшадағы мектептегі, оқу-тәрбие іс-әрекетінің табиғи жалғасы әрі маңызды элементтерінің бірі ретінде, музыка сабақтарында алған білім, іскерлік дағдыларын әрі қарай тереңдетіп жалғастырушы құралы.
Музыканы мәнерлеп орындауда музыкалық бейнелерді терең түсінгендік сезілуі тиіс. Осыған орай А.П.Чеховтың: Адам бойында бәрі де әдемі болуы керек: денесі де, киімі де, жаны да, ойлары да деген сөздерін еске сақтау абзал. Әлемді эстетика тұрғысынан танудың субъективті қыры ретінде эстетикалық сезімдер, әсемдікке деген көзқарас, бағалау, ой-толғаныстар, идеялар, яғни адамның эстетикалық саналылығы қарастырылады. Әр баланың өз қолымен әсемдікті тудыруға қатысуы осы музыка сабағы арқылы іске асады.
Музыка тілі - басқа өнер саласымен салыстырғанда күрделі тіл екендігі белгілі. Ол сезімге әсер ете отырып, адамның қиялы мен көңіл күйіне байланысты қабылданады. Музыкалық тәрбие беруде мұғалімнің алдына негізгі үш міндет қойылады. Бірінші міндет - әртүрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту, екінші - сезім арқылы музыканы саналы түсінуге баулу, үшіншісі - музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдысы мен шығармашылығын дамыту. Бұл міндеттер негізінен жалпы білім беретін мектептің музыка сабағы барысында іске асырылады. Ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаттылығымен танысу мен шығармашылық жұмыстар музыкаға тәрбиелеудің басты іс-әрекетері болып есептеледі. Оқушылардың жан-жақты дамуы баланың ішкі дүниесін байытады, саз өнерін терең және толық қабылдап қана қоймай, айналадағы дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді. Музыка сабағының басты іс-әрекеттері педагогтан алдын ала даярлықты, шығарманы таңдауды, оқушыларға үйретудің әдіс-тәсілдерін терең ойластыра отырып, аспапта орындалатын әнді еркін ойнауды талап етеді. Мұғалімнің сыныпқа қарап тұрып еркін ойнауы, дауыс ырғағы, бет пішіні оқушыларды баулып, әнді қызығушылықпен меңгеріп алуына көмектеседі.

2.Музыкалық-эстетикалық білім беру жүйесінің құрылымы
Бүгінгі таңда музыка өнері пайда болуымен қатар қалыптасып, өзінің тәрбиелік қызметін атқарып, сарқылмас рухани қазынаға айналды. Музыкалық тәрбие беру -- педагогикалық оқу -- әдістемелік жүйесінде нақты орын алып келеді. Бұл өнер мәдениеттің әлеуметтік тәжірибесін жеткізумен қатар қалыптасып, тәрбие тәжірибесін адамзатқа танытып, мәдениеттің дамуына ықпалын тигізеді.
Музыка және музыка өнері ерекше психофизиологиялық құбылыс. Ол -- қоғамдық сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы болып саналады.
Музыкалық шығармаларды аспапта ойнап үйрену, жеке тұлғаның эстетикалық, эмоционалды -- сезімдік, сана сезімін дамытып, қалыптастырады және әсемдікті қабылдап, сезінуге талпындырады. Музыкамен қарым -- қатынаста болу әуен -- саздың өзара байланысын, мәнерін, құрылымын (әуенді образды қабылдау), олардың тембрі мен гармонияларын қабылдауы, сонымен қатар шығарманың түрлі фактураларының айырмашылықтарын тануға көмектеседі.
Жалпы музыка тыңдау, аспапта ойнау, ән айту музыканттың жүйке жүйесін (тонусын) шымырлатып, босатып, күш -- қуатын арттырады, өмір тәжірибесін байытады да ойлау процесін жеделдетеді.
Музыкалық білім беру педагогикасы ұғым -- көптен бері қолданылып кележатқан ұғым. Бұл ұғым музыкалық тәрбие беру саласында, соның ішінде білім мазмұны мен оқытудың әдістемесі белгілі бір педагогикалық жүйені құрайды. Аталмыш пән музыканы тәрбие құралы ретінде санап, мектептерде музыка сабағына байланысты қолданылады. Сонымен бірге музыкалық білім беру педагогикасы әр түрлі музыкалық оқу орындарында жүзеге асырылатын бастауыш музыкалық мәселелерін қарастырады.
Музыкалық білім беру педагогикасы қоғамдық құбылыс ретінде музыкалық тәрбие заңдылықтарын, қоғамдық өмірдегі музыкалық тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Бұл пән балалар мен жастардың ғана емес, үлкендердің де тәрбиесі жайлы ұғым болып саналады.
Музыкалық білім беру педагогикасы -- тарихи құндылықтарды зерттеу, жинақтау, жеткізуге деген қоғам қажеттіктерінен пайда болған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда кәсіптік білім берудің педагогикалық шарттары музыка пәндерінің материалдары негізінде
Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық этнография»
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби даярлауда көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдас-тырудың педагогикалық шарттары
Эстетикалық мәдениеттің мәні мен қалыптасу ерекшеліктері
Музыкалық білім мамандығы
Музыка сабағы - өнер сабағы
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Балалар бақшасындағы балалардың музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптасу моделі
Музыка пәнінде заманауи технологияларды пайдаланып оқыту
Пәндер