Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс
Жоспар
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс
2.1 Нұрмұхамедұлы Жанқожа(1774 - 1860 ж.ж) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.2 Патша өкіметіне қарсы көтеріліс ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Кіріспе
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1795 - 1859) - қазақ батыры. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.
Қазаққа сарт та қылды үлкендікті,
Көркемдік Жәкең барда еш кемділті,
Қаласын Бабажанның бұзып алып,
Қазаққа алып берді бір теңдікті .
Мұсабай жырау.
Сыр бойы мен Арал өңірін мекендеген қазақтар 18-19-ғасырда әсіресе,кіші жүз ханы Әбілқайырды Барақ сұлтан өлтіргеннен кейін,оңтүстіктегі Қоқан,Хиуа хандарының шапқыншылығынан көз ашпады.олардың қанды щеңгелі және өз ішіндегі руаралық қырқысулар мен барымта шабуылдары бұқара халықты әбден титықтатты.Қажыған,азап шеккен,ар-намысы тапталған халықтың қайғы қасіретін жеңілдетуді,елінің егемендігін,туған жерінің тәуелсіздігін сақтап қалуды ойлаған дала баиырлары өз маңайындағы рулардың басын біріктіріп,жан-жақтан анталаған жауға қарсы тұрды.сондай елім деп еңіреген ,бар саналы ғұмырының жетпіс жылың жаулармен жағаласып өткізген хас батырлардың бірі - көзінің тірісінде-ақ аты аңызға айналған Жанқожа Нұрмұхамедұлы.

2.1 Нұрмұхамедұлы Жанқожа
(1774 - 1860 ж.ж)
Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774 - 1860) - батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 19-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830 - 1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап тұрды. Осындай зорлық-зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасады.
Хиуа және Қоқан хандықтарымен күрес
19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.
Осындай зорлық - зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.
Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды.
Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап; Ырғызды қыстаған. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болды. И. В. Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қаласының бектері Отыншы, Cушымен бірігіп Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуді өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады.
1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргені үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді. 1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады.
Жанқожа Қоқан хандығының Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңақорған, Күмісқорған, Шымқорған және Қосқорған сияқты әскери бекіністеріне де шабуыл жасады. Ол Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарымен белсенді байланыс жасап тұрды. 1845 жылы Жанқожа батыр Кенесары ханның өтініші бойынша Созақ әскери бекінісін басып алуға қатысты. Кейінірек Жанқожа батырдың Қоқан хандығымен көп жылға созылған тартысты оқиғалары басталды. Қоқандықтар 1851 жылы қазақтардың көп малын күшпен айдап алып кетті. Жанқожа батыр Ақмешітке дейін жорық жасады, қоқандықтардың әскери жасағын талқандады, Қосқорған бекініс-қамалын басып алды. Жергілікті қазақтар Қоқан езгісінен азат етілді.
1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері олармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді.
Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастап, қазақ сұлтандары Жанғазы Шерғазиев пен Елікей (Ермұхамед) Қасымов қоштаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазымен қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады.
Хиуа хандарының шапқыншылық езгісінен әбден қалжыраған Сыр қазақтары амалсыздан патша үкіметін іс жүзінде танып, хиуалық бектерге қарсы күресте олардан жәрдем күтті. Жанқожа батыр орыс әскерлерінің келуін алғашында үлкен үміт, достық сезіммен қарсы алды. 1847 жылы Райымға келіп, бекініс сала бастаған Ресей әскерлеріне Жанқожа қарсылық көрсетпеді. Сол кездегі Орынбор генерал-губернаторы В. Обручевпен жолығып сөйлескен Жанқожа онымен орыс әскері жергілікті халықтың тыныштығын бұзбайтындығына және хиуалықтардың шапқыншылығынан қорғайтындығына келіседі. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы Ерофив бастаған отряд көмекке келіп хиуалықтарды бірге талқандайды. 1847 жылдың тамыз айында біріккен орыс-қазақ жасақтары Сырдың сол жағасында салынған Хиуа қамалы Жанақаланы қиратады. Осы соғыста жауды өкшелей қуып, ерлік көрсеткен Жанқожа сарбаздары жалпы саны 3 мың түйе, 500 жылқы, 2 мың ірі қара, 50 мың қойды қайтарып, тұтқындарды босатады. Бұл соғыста қазақтар мен орыс әскерлерінің арасында достықтың алғашқы көрінісі байқалғандай болды. Сондықтан да қазақтар Сыр бойына келген орыс әскерлері мен қоныс аударушыларды шын достық пейілмен қарсы алды. Бірақ та бұл достық пейіл ұзаққа созылмады.
2.2 Патша өкіметіне қарсы көтеріліс
Патша өкіметі Сыр өңірінде реакциялық ішкі саясат жүргізіп, отарлық езгіні күшейте түсті. Қазақтардың саяси тәуелсіздігін жоюмен бір уақытта жақсы құнарлы жерлерін тартып алып, оған Орынбор әскерінің казактарын орналастыру жоспарлы әрі тиянақты түрде жүргізілді. Оның үстіне 1837 жылы Ресей өкіметі тарапынан бағынышты ел ретінде қазақтардан әр шаңырақтан 1 сом 50 тиындық жаңа салық енгізілді. Алайда кейініректе салық мөлшері екі есе көбейтілді. Бұл салық тарихта түтін салығы, шаңырақ салығы деген атаулармен белгілі. Салық тең дәрежеде, халықтың әлеуметтік жағдайына қарамастан, яғни қатардағы жеркепе, лашық иелерінен де және ауқатты отбасыларынан да бірдей көлемде жылына бір рет жиналды. Салыққа ақша бере алмағандардың малы тартып алынды. Сонымен қатар Сырдария шекаралық өкімет ұйымдары қазақтарды Райымның және №1 форттың (Қазалы) әскери бекіністерін салуға мәжбүрлеу тәртібімен жұмылдырды. Бұл форпостарды салу үшін мыңдаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz