Дене шынықтырудың қағидалары



Мазмұны



1. Дене шынықтырудың негізі мен қызметтері
2. Дене тәрбиесі пәнінің міндеті.
3. Дене шынықтырудың нақты мақсаты
4. Денені шынықтыру жүйесінің негізі
5. Дене шынықтырудың дайындық кезеңі.
6. Қимыл .қозғалыс негіздері.
7. Қозғалмалы ойындар

Қолданылған әдебиеттер

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: Дене шынықтырудың
қағидалары

Қабылдаған: Жуманбаева К.Р.
Орындаған: Джолдинова А.К.

Қарағанды қ.
2011ж.

Мазмұны

1. Дене шынықтырудың негізі мен қызметтері
2. Дене тәрбиесі пәнінің міндеті.
3. Дене шынықтырудың нақты мақсаты
4. Денені шынықтыру жүйесінің негізі
5. Дене шынықтырудың дайындық кезеңі.
6. Қимыл –қозғалыс негіздері.
7. Қозғалмалы ойындар

Қолданылған әдебиеттер

Дене шынықтырудың негізі мен қызметтері:

Оқушылардың дене шынықтыруы – бүгінгі күннің мәселелерінің бірі.
Бүгінгі күннің мәселелерінің бірі. Себебі дене шынықтыру денсаулықпен
байланысты.
Ертеде қазақ халқы балаларының дені сау болуына көп көңіл бөлген.
Қазақтың ертедегі тұрмыс – салтының өзік дене шынықтыру. Баланы бесікке
салудан бастап, оны шомылдыру, маймен сылау, тұсау кесу рәсімі, атқа
мінгізу, ұлттық ойындарға араластыру, дене шынықтыру болып табылады. Ол
туралы қазақтың көптеген ғалымдары еңбек жазып жүр. Солардың бір і-Б.
Төтенаевтың 1994 жылы Алматыда жарық көрген қазақтың ұлттық ойындары
монографиясы. Осы кітапта дене шынықтыруға байланысты қазақ ойындары
берілген. Оларды бастауыш мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтарында,
сабақтан тыс ойын – кештерде пайдалануға болады.
Дене тәрбиесі – біртұтас оқу тәрбие процесінің құрамды бөлігі, дене
шынықтырудың негізі.
Дене шынықтыру – адамның күш жігер қабілетін дамыту және денсаулығын
жақсарту. Дене шынықтыруға дене тәрбиесі, арнаулы ғылыми білім, спорттағы
табыстар жүйесі енеді. Дене шынықтыру еңбек пен тұрмыс гигиенасын, демалыс
пен еңбектің дұрыс режимін, сондай –ақ денсаулықты нығайтып, шынықтыру үшін
күн мен ауаны, суды тиімді пайдалану тәсілдерін қамтиды. Дене шынықтырудың
мазмұны мен оны қолдану тәсілдері қоғамдық қатынастардың өзгеруіне тікелей
байланысты
Дене шынықтырудың негізі - адам баласының өмір сүріп отырған ортасымен
байланысты. Адам сол ортаға бейімделіп шынығады, арнайы жаттығулар жасайды,
спорттың түрімен шұғылданады. Дене шынықтыру тәрбиенің түрлі салаларымен (
еңбек, эстетика, отансүйгіштік) тығыз байланысты.
Дене шынықтыру қоғамдық өмірде үш функцияны атқарады:
- даму
- тәрбие
- гигиеналық білім

Дене шынықтырудың даму функциясы адамның дамуына тікелей әсер етеді.
Дене шынықтыру арқылы адамның күш жігерін дамытады, бұлшық еттері қатаяды,
жүйке жүйесі, психикасы бекиді, аяқ қолы күш алады, дене құрылысы икемді,
сымбатты болып қалыптасады, көзі көргіш, құлағы естігіш, өмірдің барлық
қиындығына төзімді және соны жеңе білетін азамат болады.
Дене шынықтырудың тәрбиелік функциясы – баланы жастан шынықтыру,
төзімділікке тәрбиелеу, моральдық рухын нығайту, темірдей тәртіпке көндіру,
ерікті, жігерді қатайту, қайырымдылыққа, әлсіздерге көмек көрсетуге үйрету,
күшті керек жерде ғана қолдану, нашақорлық, темекі шегу, ішімдіктен аулақ
болу, тәртіпсіздерді жөнге салу, еңбекшіл, еңбек пен демалысты дұрыс атқара
білетін адамды тәрбиелеу.
Дене шынықтырудың білімі – гигиеналық қызметі бүгінгі өмір талабына
байланысты. Көптеген адамжар дене еңбегімен шұғылданбайды. Олар ой
еңбегінң нәтижесінде аз қозғалыста болып аурушаң, әлжуаздыққа бейімделеді.
Сондықтан әрбір азамат, әрбір жас жеткіншек таңертеңгі жаттығулармен
шұғылданып, тоғайға, саябақта, көшеде, аулада серуендеп т.б. әрекеттер
арқылы денесін шынықтыруы қажет. Дене шынықтыру мен спорт – жалпы адам
баласының мәдениетінің бір саласы. Сол арқылы бос уақытты тиімді, қызықты,
пайдалы өткізіп адам өзін бір қалыпқа келтіреді.
Дене шынықтырудың өзіндік тарихы бар. Ол адам баласының дүниеге
келуінен басталған, яғни алғашқы қауымдастықтан бүгінгі күнге дейінгі
тарихы. Сондықтан дене шынықтыруға адам баласының санасы қалыптасады. Оны
біз дене шынықтыру санасыдейміз. Дене шынықтыру санасы – дене шынықтыру
қажет деп қалыптасады. Денсаулық зор байлық дейді аталарымыз. Сондықтан
еңбектенеміз, денемізді шынықтырамыз. Денеміз шыныққан болса жақсы
еңбектенеміз, ақыл ойымыз дамиды, жақсы өмір сүреміз, сұлулықты
қабылдаймыз.

Дене тәрбиесі пәнінің міндеті.

Бастауыш сыныпта дене тәрбиесі оқушыға жалпы білім беру мен
тәрбиенің негізгі бір бағыты болып келеді. Дене тәрбиесі – оқушының
денсаулығын қалыптастырумен қоса отаншылдық және рухани тәрбиенің көзі
болып табылады.
Дене тәрбиесі пәні басқа пәндермен салыстырғанда мазмұны жағынан
өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан бұл пәннің міндеті мен мақсаты мынадай
талаптарды алға қояды:
- дене жағынан жан –жақты даму, еңбекке деген қабілеттілігін арттыру
және денсаулығын нығайту;
- президенттік тест тапсырмаларын орындауға дайындау
- оқушылардың мамандығына қарай қалыптасуына арналған арнаулы
жаттығуларды орындауға бейімдеу;
- жеке бастың салауатты өмір сүру қағидасын және тіршілікке, дені сау
азамат болуға қалыптастыру;
- адам баласының бойындағы қайраттылықты, төзімділікті, икемділік және
т.б. қасиетті қалыптастыру;
- дене сабағында қалыптасқан адам қасиеттерін өмірде, күнделікті
тіршілікте пайдалана білу.

Дене тәрбиесі мәнінің бағдарламасында, әсіресе, теориялық бөлімінде
дене шынықтыру жаттығуларын орындауда кең көлемде білімін жетілдіру, дене
тәрбиесінің қоғамдағы орнын анықтау, оқу орындарында дене шынықтыру мен
шұғылданудың мақсатын білу, жалпы дамыту жаттығуларын орындаудың әдіс
тәсілін меңгеру, дене шынықтыру мен шұғылданудың денсаулық көзі екнін
түсінуі және дене шынықтыру жаттығуларын күнделікті тіршілікте, өндіріс
орындарында қолдана білуін қарастырған.
Дене тәрбиесі пәнінің құрылымы мынадай міндетті оқу бөлімінен тұрады:
- гимнастика,
- жеңіл атлетика,
- спорттық ойындар,
- ұлт ойындары,
- қозғалмалы ойындар,
- жүзу,
- жекпе- жек
- шаңғы дайындығы ( қысы жоқ өңірлерде дала жарысы ( кросс)өткізіледі)
- спорттық туризмнен тұрады.

Дене тәрбиесі оқытудың негізгі түрі – сабақ. Сабақ оқу жоспарында –
қаралған сабақ кестесі арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге, сабақ өту
барысында оқушыға мұғалімнің нұсқауымен өз бетінше шұғылдануына
мүмкіншілік береді.. Дене жағынан жеткілікті дамымаған оқушыларға арнаулы
қосымша жаттығулармен шұғылдануды ұйымдастырады.
Дене тәрбиесі – оқу пәні денсаулықты сақтау мақсатымен қоса, адамның
бойындағы барлық қасиетін жетілдірудің негізгі құралы болып табылады.
Демек, күнделікті тіршілікте мақсатына тек дені сау адам ғана жетеді, дені
сау адам ғана елінің қамын ойлайды, халқына билігін жүргізе алады. Ал дене
жағынан кемістігі бар адам халқына қызмет істей алмайды, еліне билік
жүргізе алмайды. Сондықтан да, денсаулығын сақтау әр оқушының жеке басының
міндеті болмақ.
Дене тәрбиесі:
- дене шынықтыру
- спорт атты екі бағыттағы тармақтан тұрады.

Дене шынықтырудың негізгі мақсаты дене тәрбиесінің бір бұтағы ретінде
жалпы денсаулықты қалыптастыру мақсатын көздейді.

Дене шынықтырудың нақты мақсаты – адам баласының күнделікті
тіршіліктегі қозғалысының пайдасын айқындайды. Адамдар орта есеппен
тәулігіне міндетті түрде 2 сағат қозғалыста болуы қажет. Кезінде грек
ойшылы Аристотель: жанды дене қозғалмаса өледі деген. Және ол өзіне
төмендегідей тәжірибе жасаған: күнде белгілі бір уақыт аралығында бір
қолымен батпан көтерген де, сол мезгілде екінші қолын денесіне байлап
қойған. Сонда бір жылда батпан көтерген қолы қуаттанып жетілген де, жұмыс
істемеген қолы солып қалған.
Сондықтанда дені сау, ағзасы дұрыс қалыптасу үшін бала 5 жасқа дейін
тәулігіне 6-8 сағат қозғалыста болуы керек. Одан ары 10 жасқа дейін 4-6
сағат, 10жастан 16 жасқа дейін 2-4 сағат қозғалыста болуы керек. Ал ересек
адам қай жаста болса да орта есеппен күніне 2 сағат қозғалыста болуы керек.
Адам өзінің денсаулығына бақылау жасай білу үшін алдымен ағзаның
құрылысын, қала берді жүйке, жүрек, бауыр, т.б. сияқты мүшелердің жұмыс
істеу әрекетінен хабардар болуы міндетті. Дене шынықтыру жаттығуларын
орындаған кезде ағзаға үнемі артық түсетін жүктеменің көлемін де білуі
керек. Ағзаға үнемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру жүйесі
Қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні
Дене шынықтырудағы дене температурасы
Қазақстанның дене тәрбиесінің жүйесі
Дене шынықтырудың ғылыми негіздері
Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері дәріс
Дене шынықтыру құралдары
Дене шынықтыру жүйесінің негіздері
Өндірістік дене шынықтырудың мақсаты мен міндеттері
ДЕНЕ ТАЗАЛҒЫ
Пәндер