XVII - XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
Жоспар
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. XVII - XVIII ғ. Қазақ хандығы
2.1 Қазақ хандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.2 XVII - XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Кіріспе
Қазақ хандығы -- бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған.
Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға негізделген. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын.
Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы.
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Сыр өңірі мен Қаратау -- қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Қазақ Ордасы нығая түсті, оның шекарасы қазақтардың этностық аймағының негізгі бөлігін қамтыды. Күмән келтірмейтін деректерге қарағанда 1695 жылы Қазақ Ордасына 32 қала кірген. Сол тұстағы тарихшы Нұр-Мүхаммед былай деп жазған: "Қазақ хандарының ерекше мекендері бар. Үлкен Орданың сарайы - Тәшкентте, Орта Орданікі Түркістанға орналасқан. Қалада көңілі соққанда ғана тіршілік етеді, көбіне ордаларымен далада көшіп жүреді. Шаруаларына қалдырып кеткен арнайы адамдары иелік жасайды".
ІІ. XVII - XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы
2.1 Қазақ хандары
Керей мен Жәнібек хандар

Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты. Бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді.
1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы -- Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады.
1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Астана қаласындағы Жәнібек пен Керей мүсіні
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.
Қазақ хандығының құрылуы

70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер -- саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы -- Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға -- Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.
Қасым хан кезеңі
Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.
16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында жерді біріктіру процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия,Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.
Қасым ханның қасқа жолы деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.
Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.
2.2 XVII - XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы

Қазақ жерінде мемлекет қалыптастырудың бай тәжірибесі бар. Мұнда әуелде басқарушы бекзаттардың дәстүрлері, әдет-ғүрыптары, беделіне негізделген билік үстемдік жүргізді. Түркі қағанаты кезеңінен бері қарай өктем билікке ауысу басталды. Жоңғар шапқыншылығы кезінде биліктің екі түрінің бірігуі орын алды. Өзіндік далалық демократия орнықты, онда хандардың (Шыңғыс әулетінің) мықты билігімен қатар халықтан шыққан билер мен батырлардың ықпалы күшейді. Осы мемлекеттердің барлығында да жауынгерлер жинақтаудың жүйесі, билік ету мен бағынудың қарым-қатынастарын реттейтін қүқықтық тәртіп орнады.
Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі қалыптасуы - уақыт жүйесіндегі тынымсыз ғамалия - этнополитогенездің оның мемлекеттігінің өткені, бүгінгісі мен болашағына қатынасы. Бірақ бұл үздіксіз процесс тарих мезгілінің әрқилы сатыларында оның сандық және сапалық тұрақтылығын бейнелемейді. Сондықтан сандық және сапалық өзгерістердің ара қатысына, егемендік нышандарының пісіп жетілуіне қарай көшпенді тайпалар этнополитогенезінің даму уақытын дәуірлер мен кезеңдерге саралап жіктеуге болады.
Түптеп келгенде, олардың барлығы да Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуын бейнелейді.
Жалпы біздің мемлекеттің қаз түруы мен дамуы уақыт бойынша үздіксіз де үзілмейтін жағдаят. Өйткені қола дәуірдің басында пайда болған еуразиялық далалықтардың тарихы мен мәдениетіндегі бірлік пен сабақтастық жоғалған жоқ, тек қана көнетүркілік дәуірдің тууына орай жаңа этностық реңдерге ие болды.
Көптеген өзге халықтар сияқты, қазақтардың арғы аталары өздерінің жалпы мемлекеттігіне біздің дәуірдің орта ғасырларында келді. Қазақ мемлекеттану пәнін зерделеу түрғысынан алғанда, Қазақстан Республикасының егемендігінің бой көтеруі тұрғысынан алғанда қазақтардың бірнеше мың жылдықтарға созылатын ұлттық мемлекеттігі тарихын төрт дөуірге бөлуге болады:
Қазақтардың арғы аталары - далалықтардың бірлескен тіршілігін потестарлық тұрғыда ұйымдастыру дәуірі. Бұл жерде далалықтардың табиғи қоғамдастықтарының ұйымдастырылуын айтып отырмыз;
Қазақ мемлекеттігінің әулеттік (династиялық) дәуірі;
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздікке конституциялық даму жолымен жақындау дәуірі;
Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықта тәуелсіз мемлекеттік даму дәуірі.
Батыс Еуропаның ақсүйек корольдіктері мен Қытайдың төрешілік империяларына қарағанда далалық ұлыстар әскери демократиялар ретінде өмір сүрді. Хан құрылтайда сайланатын, ал билік оның танымалдығына бағынышты болды. Сайып келгенде хан, патша, немесе өмір бойлық президент болмаған,- деп атап көрсетеді Л. Гумилев, - оның айырмасы -ол қайта сайланбайтын, тақты тек өмірімен бірге тапсыра-тын болған. Биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігі осылайша жүзеге асырылған.
Қазақстан аймағында пайда болған, тайпалары кейін қазақ халқының негізін қалаған мемлекеттерде отырықшы егіншілердің мәдениетімен астасқан көшпенді өркениетке тән биліктің өзіндік саяси жүйесінің іргесі бекіді. Ол өзіне әскери-ақсүйектік далалық демократияның нышандарын жинақтаған өктемдік-ақсүйектік биліктің қосындысы іспеттес болды.
Қазақ қоғамында монархияның, парламентаризмнің және де басқа биліктін классикалық түрлерінің болмауы Қазақстандағы мемлекеттік бастауының тұрпайылығы немесе жабайылығы деуге ешқандай хақымыз жоқ. Мұндағы өркениет пен мемлекеттік құрылымның Еуразия халықтарындағыдан бірде бір кем еместігіне күмән келтіруге болмайды.
Сонымен қатар биліктің осынау екі түрінің өзінде көп-теген бір нышандар мен өзгешеліктер бар. Хан лауазымы бізге Орталық Азия көне түркілерінің дәуірінен жетсе, президент қызметі демократиялық Еуропадан келді. Хан болуға тек таза қанды шыңғыстық, билеуші хандық-сұлтандық әулет мүшесінің ғана құқығы бар еді, ал Қазақстан президенті болып белгілі бір әлеуметтік-демократиялық өлшемдерге лайық кез-келген азамат сайлана алады.
Президент тұлғасы қол сұғуға жатпайды, ал хандарды билік үшін тәжіге, текетірес ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz