Керей тайпасы
Жоспар
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Керей тайпасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2 Найман тайпасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.3 Жалайыр тайпасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
ІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
ІІІ. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Кіріспе
Олар мемлекеттiлiк бастауларына үлес қосты. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта кезiнде Ертiстің жоғары тұсы мен Орхон өзенінің аралығында сегiз-оғыз атаумен пайда болған. Сегiз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейiнгi жердi алып жатты. Х-ХІІ ғасырдың басында наймандар Ляо империясына тәуелдiлiкте едi. Керейiттер (керейлер) мен меркiттермен одақтасқан наймандар iрi мемлекетті құрылымға айналды. Наймандар өздерiн қоршаған көшпелi және отырықшы-егiншi этностармен, әсiресе қаңлылармен өте тығыз этникалық саяси және мәдени байланыс орнатты.
1125 жылы Қидан мемлекетi күйрегеннен кейiн, оның орнынан бiрнеше мемлекеттік бiрлестiктер құрылды. Олардың арасынан жетекшiлiк рөл керейiт хандарының қолына көштi. Керейiттер туралы алғашқы мәлiметтер Х ғасырдың басында кездеседі. Олар Шыңғысхан шапқыншылығына дейінгі кездерде Моңғолия мен Алтай аумағына үстемдiк еткен.
Жалайырлар Шыңғыс хан империясының өрлеу кезiне қарай қазіргі Моңғолия жерінің Хилок және Орхон сағасы аймағын мекендеген.
Наймандар, керейiттер, жалайырлар құрған ұлыстар -- алғашқы феодалдық мемлекеттік құрылымдардың бір көрінісі болып табылады. Ұлыс ру да, тайпа да емес, ол рулық-тайпалық институттардан жоғары тұрады. Ұлыс ұғымы ол кезде халық" дегендi бiлдiрген. Ұлыс құрамында қандас туысқан адамдардың болуы мiндеттi емес едi. Әрбiр ұлыс белгiлi бiр аумақты иелендi.
1185 жылы Шыңғыс хан меркiт ұлысын талқандаған соң, кейін керейiттерде оған бағынады.
1190 -- 1206 жылдары Орта Азиядағы соғыстар нәтижесiнде найман, керейiт, меркiттердiң бiр бөлiгi елімізге қоныс аударған.
Моңғолдардың шапқыншылығынан кейін найман мен керейiт топтары, жалайырлар қазақ хандығының негізін құраған алғашқы руларға айналады.
Сырдарияға жеткен наймандар, Едiлдегі керейiттердiң бiр бөлiгi өзбек, қырғыз құрамына, ал шағын тобы қазақтар құрамына кiрдi. 1Екінші бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалып, керей (ашамайлы керей, абақ керей) деген атпен Орта жүз қазақтарына қосылды. Үшеуі-де әлеуметтік-саяси дамудың бiр-деңгейiнде тұрды. Бұл мемлекеттерде iс жүргiзу кең таралған. Құжаттар мөр басу арқылы бекiтiлген. Алым-салық жинау, адамдарды қызметке тағайындау құжаттарына мөр басылған. Ұлыстарда хан қосынының (ордасының) басқару органдары, әскерi және жасауылы бар басқару аппараты жұмыс iстегені бүгінгі таңда бізге белгілі болып отыр.
2.1 Керей тайпасы
Керей (карайлар) -- қазақ құрамындағы көне тайпалардың бірі - Керей елінің де тарих көшінде белгілі бола бастаған кездеріндегі ғұмыр кешкен ата жұрты - сонау замандарда бірсыпыра түрік халықтарының қасиетті қонысы атанып, ғажайып ата жазу мұрағаттарымыз мәңгілікке қашалып, жазылып қалған, қазіргі моңғол даласы және оған іргелес жатқан байтақ аймақты қамтитын құтты мекеннің бір тұсы - Орхон, Оңғын, Керулен, Селеңге, Арғұн өзендерінің құйқалы алқабы еді.
Керей атауының шығуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Бірақ солардың арасында Орхон-енесай жазуларының білгір зерттеушісі, жазушы Қаржаубай Сартқожаұлының апталығымызға ұсынған қолжазбасындағы Керлін (Керулен) өзені және ол өз басын алатын Кентау тауына қатысты пікір көңілге қонымды көрінеді. Онда қазақ ғалымы көне түрік жазуларында (Мойыншор ескерткіші, VIII ғ) бұл қоныс жер аты Кейре түрінде көрініс бергендігін айтады. Ал Керлін алқабы ежелден керейлердің түп-тегі Тоғыз байырқулар қоныстанып келе жатқан төл мекен. Олар бірде тоғыз байырқу, бірде тоғыз оғұз, бірде тоғыз керейлік деп атала жүріп, ғасырлар өте келе керейлер боп өзгерген секілді. Бұл бағамдау Керей шежіресінде бұрыннан айтылып жүретін өзен атына қатысты әңгіме сарынын да пысықтағандай болады.
Қытайда тұратын қазақ оқымыстыларының кейінгі кездерде бірсыпыра көне қытай жазбаларын қазақша сөйлете бастауы халқымыздың тарихына қатысты көптеген құнды деректерге жолықтырғанын бұрын да айтқан едік. Сол жазбаларда керей атауына да қатысты сәттер кездеседі. Мәселен, Сүй патшалығының тарихында Шеп тайпасының көсемі Керін Еркіннің Шығыс Түрік қағандығының үстемдігіне қарсы шыққаны туралы дерек бар. Таң патшалығының көне тарихы жазбасында сол Керіннің баласы Хылейдің де қаған болғандығы айтылады. Яғни осылардағы Керін мен Хылей Керей деген атау болуы да мүмкін деген топшылау ортаға тартылады. Аудармашылар бұл жазбалардан Шеп тайпасымен бірге Сеп, Байлау, Қойлау секілді тайпалар атауының да ізін бағамдағандай болды. Бір қызығы, Алтай аймағыгда ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен керей Мәмидің шежіресінде де осыған үндесетін тұстар бар. Ол шежіреде Керей ұлысының арғы тегі Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады делінеді. Бұлардың Шеп, Септен басқасының бәрі қазір Керей-Уақ шежіресінде кездесетін ата-тектер...
Академик Ә.Марғұлан керейлер мен үңгіттердің (уақтардың, онгуд) моңғол дәуіріне дейін мәдениеті жоғары болғаны, көне түрк жазуларын пайдаланғандығы жөнінде өзінің Таңбалы тас жазуы еңбегінде былай дейді: Алтай, Жоңғар даласында, Енесайда орхон жазуы бар құлпытастар жиі кездеседі. Олардың көбін жазған керей мен үңгіттер.
Моңғол дәуіріне дейін бұлар және наймандар тегіс несториан дінін қабыл еткен елдер. Бұл әсіресе олардың крест таңбасынан ашық көрінеді... бұл таңба қазақ керейлерінде осы күнге дейін сақталған. Мұндай крест таңбасы бар құлпытастар (орхон жазулы) Енесай даласында көп... Шыңғыс хан заманы туралы теңдесі жоқ жылнама түзіп кеткен Рәшид-әд-Дин еңбегінен сол кезеңдерде Керей мемлекетінің құрамында Керейт, Қырқын, Қоңқайт (Тоңқат), Сақайт, Тобаут, Албат, Қарақин секілді тайпалар болғанын білеміз. Бұлардағы сөз соңындағы т әрпі әдетте көптік жалғауды білдіреді.
М.Тынышбайұлы осындағы Сақайттан бүгінгі сақаларды (якуттарды), тубауттардан туба жұрттарының атауын көріп, оларды бір кездегі ірі Керей мемлекетінен бөлшектенген елдер болуы кәміл деген болжамды ортаға тартады. Бұл пікірді профессор С.Аманжоловтың Тоңқатты тубалардың құрамындағы Тоңқат, Орхон-Енесай жазбаларында Құрыққан түрінде кездесетін Қарақинді якуттың қазіргі Құрыққан тайпасымен байланыстыруы одан әрі дамытады.
Ал Керей мемлекетінің кезінде ірі де айбынды ел болғанына тарихта дәлел жеткілікті. Кей мемлекеттер бойынша Х ғасырда керейлер 200 мыңға жуық болған. Моңғол билігіне дейін Керейді Марғұзған, Құршақұз, Бұйрық, Гөрхан, Уаң хан сияқты хандар билеген. Уаңның өз аты Торы (Тұғырыл). Ол өз кезінде Қытайдың Алтан ұлысына татар тайпаларын жеңуге көмектескені үшін қытай әміршісінен Уаң хан (бір елдің ханы) лауазымын алған.
Уаң ханның (Он ханның) осы есімі кезінде керейлердің несториан дінін ұстағанына қатысты Еуропаға керейлердің королі Иоан поп деген атаумен де жеткен екен. Шыңғыс хан моңғол жұрттарының басын құрап, жас мемлекетінің шаңырағын алғаш көтерген кезде, ол өз әкесінің анда-досы Уаң ханның көмегіне арқа сүйеді. Онымен бірге наймандарға қарсы соғысқа қатысты. Алайда кейіннен екеуінің арасында алауыздық туып, оның ақыры Шыңғыс ханның Керей мемлекетін жойып жіберуіне әкеліп соқты. Осы аласапыраннан кейін керейлердің бір бөлігі қонсылас наймандарға ығысып, Батыс Алтай мен Зайсан, Ертіс алқабына ауды.
Атажұртта қалған бөлігі Шыңғыс хан қарауына өтіп, кейін жаулап алынған найман, меркіттермен бірге оның жорығына қатысып, Шыңғыс ханның жер қайысқан қолының басты күштерінің біріне айналды.
Тарихшылар бүгінде Қазақстанның теріскейін жайлаған керейлер сол Керей мемлекеті күйрегеннен кейін Ертісті бойлап солтүстікке қарай ығысқан бөліктен тараған ұрпақтар екенін айтады. Олар туралы Сібір жылнамаларында бірқыдыру деректер бар. Ол бойынша Уаң ханның Тайбұға деген тұқымы Шыңғыстың әмірімен Ертіс, Өб бойындағы жұрттарды бағындырған әскерге басшы болып, кейіннен сол жерлерді Моңғол империясы ханының рұқсатымен өз иелігіне алған. Бұл жерде Шыңғыс ханның байтақ империясының теріскей шетіне әуелден аралас-құралас, құдандалы хан ордасының мұрагерін қою арқылы, олармен қайтадан дұрыс қарым-қатынас орнатуға құлықты болғанын көреміз. Әрі оның бұл орайда Уаң хан ұрпағының өз атамекендерінен жырақтай бергенін де мақұл көргені анық.
Тайбұға Ібір-Сібір аймағын өз иелігіне алғаннан кейін Тобылдың бір сағасы Тұра өзеніне Төмен өзені құяр тұсқа Шыңғы (Шымға) деген қала салады (ол қазіргі Төмен қаласының іргесі). Тайбұға тұқымы бұл өңірде 15-ғасырдың соңғы ширегіне дейін билік жүргізді. Шайбан әулетінен шыққан Махмұд ханның баласы, Қажы Мұхаммед ханның немересі, Дешті Қыпшақ даоласын қазақ хандары билеуіне байланысты шеттетіліп қалғасын Ібір-Сібірге жеткен Ибақ хан (Абақ хан) сол кезде Сібір бегі болып отырған Марды екі ұлымен қоса өлтіріп, тағына отырды. Арада көп ұзаммай Тайбұға ұрпағы оны өлтіріп, билікті өз қолдарына қайта алады. Алайда тағы жетпіс жылдай уақыт өткенде, бұл кезде Сібір хандығы аталған мемлекет басына Ибақ ханның немересі Көшім хан келеді. Ол бүкіл Тайбұға әулетін қылыш астынан өткізіп қырғынға ұшыратты. Дегенмен, сол қасаптан Сейтек деген бір бала аман қалып, ол 16-ғасырдың соңғы ширегінде Сібір хандығының билігіне қайта оралғанымен, бектің ғұмыры қысқа болады. Жошы әулетінің бір ұрпағы Ораз-Мұхаммед сұлтан, Қадырғали би Жалаиримен бірге саясатта жүргенде, оларды Сібірді дендеп жаулай бастаған орыс әскері опасыздықпен алдап тұтқынға түсіріп, Мәскеуге жөнелтті... XVII ғасырда Ресейдің ашкөз отаршылдығының күшейе түсуі Тобыл, Тұра, Өб бойын жайлаған керейлердің Солтүстік Қазақстан өңіріне қарай қоныс аударуына мәжбүр етті. М.Тынышбайұлы керейлердің Шыңғыс ханға мойынсұнбаған бір бөлігі меркіттермен бірге Торғай даласына дейін ығысқан еді, бүгіндері Кіші жүздің Жетіруы құрамында Керейт тайпасы сол босқындардың ұрпағы болуы кәміл дегенді айтады. Ақсақ Темір жорықтары туралы жазбалардан сол кезде Керейлердің Қара Ертістен Алакөлге дейінгі аймақты мекендегенін де көреміз. Тарихтан жоңғарлардың XV ғасырдың басынан қуатты күшке айнала бастағаны белгілі. Осы шамада олар Балқаш, Алакөл аймағындағы керейлерді қатты бір соққыға душар етіп, жан-жаққа тағы ыдыратып жібергенге ұқсайды.
Керейлердің бір тобы XV ғасырдың аяғы мен 16-ғасырдың басында Жошы тұқымы - Мауереннахр мен Хорасанда билік жүргізген Мұхаммед Шайбани ханның жорықтарына да қатысқан. Өз тарихында қилы-қилы дәуірлер мен аласапыран замандарды бастан өткерген көне Керей елі кейіннен қазақ халқын құрауға атсалысқан белді тайпалардың біріне айналды. Керейлер сондай-ақ өзбек халқының құрамында да бар. Кенегес тайпасының екі рулы Абақлы мен Ашамайлы деп аталады. Ол Қарақалпақтың Қоңырат деген үлкен арысына енетін рулардың да бірінің аты. Керей рулары тубалардың, Қырым татарларының, башқұрттардың да құрамында кездеседі. Дені қазақ ішінде қалған Керей елі қария сөздер бойынша Абақ және Ашамайлы болып екіге бөлінеді. Қазақ шежіресіндегі бұл ру аттарының шығу тегін тергеген тұстарына үңілсек, Абақты Керейдің Ақылбай атты ұрпағының бәйбішесінің аты еді деген түсіндірмеге жолығамыз. Оның есімі әуелі Аппақ екен, келе-келе Абаққа айналған. Қазір 12 ата Абақ деп жүрген бірлестік әу баста сол Абақ бәйбішенің өзі тәрбиелеген он екі немересінен өрбіген делінеді. Ал Ашамайлының әуелгі аты Ғали екен (енді бір шежіреде Ақберді), әкесі ашамайға мінгізіп барып келіншек алып бергендіктен Ашамайлы атаныпты делінеді. Шежіреде Абақты Ашаммайлыдан әкеліп тарқататын нұсқалар да бар. Зерттеушілер бұл ру аттарын олардың таңбаларына қатысты өрбіген атау болуы керек деген пікірге ден қояды. Ашамай - қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бойынша балаға арналып, екі қасының жоғарғы ұшы айқастырылып жасалған ер. Ру таңбасындағы Х әрпіне ұқсас белгі соны көрсетеді. Ал абақ - қасқыр, түлкі секілді аңдарды ұстауға арналған көне құралдың аты. Ол аң сиятындай екі бөліктен тұрады. Аң ішкі бөлікте жатқан етке ұмтылып кірген кезде, жоғары қарай көтеріліп тұрған сырғыма есік сарт етіп төмен түсіп жабылып қалады (Қ.Салғарұлы). осы абақ сөзінен түрме мағынасын білдіретін абақты сөзі шыққан. Сондай-ақ ғалымдар арасында ашамай таңбаны керейлердің баяғыдан несториан дінін ұстанған кезінен қалған бір белгі деп - крест таңбасынан, ал абақ сөзін түрк-моңғол тілдеріндегі қандас туыстар одағы деген мағынаны білдіретін - обақ, обох сөздерінен тарқататын топшылаулар да бар. Керей еліне қатысты ата-тек мәліметтерінің бірсыпырасы Сегіз сері Баһрамұлының шежіресінде жинақталған. Бүгіндері Қазақстан Республикасы ғылым академиясының қолжазба қорында сақталған бұл шежірені әу баста XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басында ғұмыр кешкен көшебе Дәулен батыр Таузарұлы жинастырған екен. Одан кейін оны баласы Толыбай, немере туысы Шәукер мырза, ұрпақтары Шақшақ би сияқты біраз сауатты кісілер толықтырған. Олардан Сегіз сері жазып алып, кейінгі ізбасарларының дамытуымен бізге жеткен Абақ керейдің қоныстанған мекен тұрағы Алтай айналасы, Моңғолияда Қобда өлкесі, Баян-Өлке аймағы, Қытайда Қаба өзені, Қара Ертістің басы, Сауыр тауының күңгейі, Үліңгір көлі маңайы. Олардың қалың ұйысқан жерлері шетте болғандықтан, біз Абақ керей туралы толық шежірелік мәліметтерде ілкіде мұқтаждық көріп отырған едік. Алайда Моңғолияда тұратын авторымыз Қ.Сартқожаұлы Баян-Өлкеде 1991 жылы басылып шыққан Абақ керей шежіресін ала келіп, біраз жыртығымызды жамап кетті. Бүгінгі тізбе-кесте де Р.Шынай деген азамат құрастырған осы жинақтағы және бұрыннан да қолда бар моңғолиялық қазақ ғалымы И.Қабышұлының Керейлер керуені атты кітабындағы мәліметтер негізінде жасалды. Абақ шежіресін кестеге түсіру үстінде біз Шәкерім қажаның он екі ата Абақты - Жәнтекей, Жәдік, Жастабан, Шұбарайғыр, Шеруші, Ителі, Итемген, Молқы, Меркіт, Сарбас, Қарақас, Көнсадақ деп бөлгені дұрыс болуы керек деген ойға келдік. Біраз мәліметтерде он екі атаның бірі - Шимойын руы деп аталып жатады. Алайда тізбелеу үстінде біз Шимойын Абақтан емес, Ашамайлының Сибанынан тарайтын деп айтуының да бекер еместігіне ден қойған едік. Сегіз сеті шежіресі оны Балғанның Сибаына жатқызады. Осы соңғы шежіреде 19-ғасырдың басында Керей, Уақтың басым көпшілігі орыстан үркіп Алтай, Шәуешекке көшкенде, Шимойын керейлердің едәуір бөлігі солармен бірге өткені айтылады. Демек, Шимойынның Абаққа, Ашамайлыға да қатысы бар болуының бір төркіні осында. Қалың Абақтың арасында тұрғаннан кейін ол бірте-бірте сол қауымдастықтың бір баласы секілді болып кеткен. Алайда ата-текті тарқатқан шежіре желісіне сыналап кіре алмаған. Абақ керейдің қрамындағы Меркіт руы - ілгерідегі көне Меркіт тайпасынан жеткен бір сынық. Меркіт елі туралы алғашқы мәліметтер Қытайды билеген Лияу әулетінің жазба жылнамаларында бар. Рәшид-әд-Дин жылнамасынан оның ұдайы моңғол жұртымен, әсіресе Шыңғыс ханмен көп жауласқан тайпа болғанын көреміз. Олар бірде жас Темүжинді тұтқынға алса, енді бірде бәйбішесі Бөртені тартып алып кетеді. Темүжин араға керейдің Уаң ханын салып жүріп, бәйбішесін әзер қайтарып алады. Сол жолы Бөрте үйіне қайтып келе жатқанда, жолшыбай тұңғышы Жошыны босанады. Ол кезе меркіттердің көсемі Тоқтабек деген адам екен. Оның алты ұлы болыпты. Жылнамада сол алтауының тұңғышы Тоғыздың керейлермен соғыс кезінде, қалғандарының Шыңғыс ханмен өткен әлденеше шайқастарда көз жұмғаны айтылады. Жауынгер, бүлікшіл меркіт жұрты Шыңғыс ханға әлденеше рет қарсы көтерілген алайда бұның түбі олардың түгел дерлік қрып кетуіне де әкеп соққан еді. Шыңғыс хан меркіттердің арба дөңгелегінен бойы асқандарының бәрін қыруға жарлық берген екен деген деректер де бар. Меркіттердің аман қалған аз тобы керейлерге қосылып, кейін олардың бір атасы ретінде сіңісіп кетті.
2.2 Найман тайпасы
Наймандар - қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі.
Қытай тарихында сақталынған 9-12-ғасырлардағы Қидан деректері (ляушы, 辽史) мен Алтын патшалығының деректерінде (жиншы, 金史) наймандардың бұрынғы аты жанбон, жанбақ, жәнбагі, жанбағ (қытайша: 粘拔恩 немесе 粘八噶) деп жазылған. Найман атауын қидандар Алтай тауларындағы сегіз өзенді айнала орналасқан тайпаларға берген, кейін осы атпен Найман аталып кетті. Наймандар тайпасының тегі туралы мәселе ертеден-ақ тарихшылардың пікірталасын тудырып келді. Бірқатар зерттеушілер (И.Я. Шмидт, А.М. Позднева, Д.Оссон, В.В. Бартольд, В.П. Васильев, т.б.) Наймандардарды моңғол, басқалары (Рашид әд-Дин, Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников, Г.Е. Грумм-Гржимайло, Н.А. Аристов, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан) түркі тегіне жатқызды. Қазіргі уақытта олардың түркі тектес екендігі толық дәлелденген. Көптеген зерттеушілердің пікірінше "найман" атауы моңғолша "сегіз" деген сөзді білдіреді. "Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі тілдес халық болды. Олар 8 ғ-дан бастап "сегіз оғыздар", кейінірек "цзбу-бу" одағын құрап келді. "Найман" сөзі оларға көрші халықтардың берген атауы" деп жазды Л.Л. Викторова. Әбілғазының пікірінше: "наймандар - көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық". "Селенга тас жазуы" деп аталатын 750 ж. тұрғызылған ұйғыр ескерткішінде, "Ляо ши" жазбаларында (8 ғ.) сегіз-оғыздар туралы мәліметтер кездеседі. Сегіз оғыз жұртын әуелі "найман аймақ" ("сегіз тайпа") деп 10 ғ-да қидандар атай бастаған деген топшылау бар. Кейіннен моңғол империясының дәуірлеуі бұл сөздің негізгі атау орнына қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған. Зерттеушілер бұл тайпа 10 ғ-дан "найман" деп атала бастаса да, 13 ғ-ға дейін бұрынғы "сегіз" аты қосарлана айтылып келгенін алға тартады.
Наймандар өзге мемлекетер құрамында.
Сегіз оғыздар қағандығының шығыс бөлігінде орналасты. Шығыс Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін олар біраз уақыт Ұйғыр қағандығының, кейіннен Солтүстік Қытайдан ауып келген қидандардың (Ляо әулеті) қол астына қарады. Осы кезде сегіз оғыз атауының орнына наймандар сөзі орнықты. 12 ғ-дың бас кезінде қидандар Цзинь әулетінен (шүршіттер) жеңіліп, Жетісуға ауған кезде наймандар жеке ұлыс болып қалыптасуға мүмкіндік алды. 12 ғ-дың 2-жартысында олар Орт. Азиядағы ең күшті, жетекші мемл. бірлестіктердің біріне айналып, алыс-жақын елдермен дипломат. қарым-қатынас орнатты (қ Найман мемлекеті). Осы кезеңдегі жазба деректерінде наймандар батысында қаңлы, қыпшақ, шығысында керей, меркіт, теріскейінде қырғыз, оңт-нде ұйғыр, таңғұттармен шекаралас, қоңсылас болғаны айтылады. Найман мемлекеті құлап, халқы Шыңғыс хан империясына бағынған соң, олардың біраз бөлігі байырғы қоныстарына жақын Ертіс, Алтай алқабында орнығып, Үгедей ханның ұлысына қарады. Шапқыншылықтан ығысқандары Балқаш төңірегіне, Алакөл маңына, Сыр, Ырғыз алқабына дейін орналасты. 15 ғ-да едәуір бөлігі Әбілхайыр ханның, кейіннен Мұхаммед Шайбани ханның ықпалында болды. Қалған бөлігі Қазақ хандығын құраған негізгі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz