Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Мемлекеттік Тіл . . . 4

2. 2 Қазақ тіл - қазақ халқының ұлттық тілі . . . 5

ІІІ. Қорытынды . . . 7

ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 8


Кіріспе

Ұлттық Тіл, ұлттык тіл орыс. национальный язык - ауызекі және жазба түрде ұлттык қарым-қатынас кұралы кызметін аткаратын тарихи-әлеуметтік категория. Ұлттық Тіл ұлтпен бірге калыптасады, әрі онын пайда болуының алғы шарты, әрі өзі де сол процестін нәтижесі болып табылады. Капитализм коғамы кезінде буржуазиялыкұлттардың калыптасуында тіл бірлігі экономикалык, территориялык, мәдени бірліктермен бірге аса кажетті негізгі шарттардың бірі болған. Әрбір Ұлттық Тіл өзіне тән дербес жолмен дамып калыптасады.

Тіл білімінде Ұлттық Тілдердін үш түрлі негізден туатыны көрсетілген:

  1. тілдік белгілері бірынғай, кұрылымында айырмашылык жоқ бір диалект негізінде;
  2. бірнеше диалектінін шоғырланып бірігуі негізінде;
  3. диалектілердің ауыса отырып, өзара шоғырлануы негізінде.

Қазақ Ұлттық Тілінің халықтық тегінде осы айтылғандардың екінші түрі, яғни қазақ жеріндегі өзара туыс бірнеше диалектінін шоғырланып бірігуі жаткан сияқты. Ұлттық Тілдің кұрылымдық негізі онын халық тілі болып калыптаскан дәуірінде салынады. Ұлттық Тіл өзінін ішкі кұрылымы жағынан халық тілінін мұрагері болып табылады. Бірак Ұлттық Тіл айтылуы, қолданылуы әбден тұрақталған сөздер мен формаларды халық тілінен дайын қалпында қабылдаған деңгейде калмайды. Ұлттық дәуір талабына сай Ұлттық Тіл деңгейі де онан әрі дамып жетіліп отырады.

Ұлттық Тіл өте кең ұғым, өзінің кұрамы жағынан бірынғай емес: оған бүкіл ұлтқа кызмет ететін баспасөз тілі - әдеби тіл де, ауызекі сөйлеу тілі де, жеке аймақтарға тән жергілікті диалектілер мен говорлар да, кәсіби мамандыққа тән сөздер де, жекелеген әлеуметтік топтарға тән жаргондар да кіреді.

2. 1 Мемлекеттік Тіл

Мемлекеттік Тіл, мәртебесі конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. Бірақ ұзақ уақыт отар болып, өз тілін ұмыта бастаған кейбір елдерде отарлаушы елдің тілі мемлекеттік тіл болып бекітілген.

Мысалы: Үндістанда мемлекеттік тіл ағылшын тілі болса, хинди тілі тек тұрмыстық тіл деңгейінде қалып қойған.

Марокконың, Алжирдің мемлекеттік тілі араб тіліболғанымен, ресми тіл ретінде француз тілі онымен бірдей дәрежеде қолданылады. 1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. 1995 жылы қабылданған Конституцияда да қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді, алайда сонымен қатар орыс тілі ресми түрде мемлекеттік тілмен қатар қолданылады. 1996 жылы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен “Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасы” мақұлданды. Қазір Қазақстан барлық ғылым-білім, мәдениет, техника салаларын мемлекеттік тілге көшіру кезеңін бастан өткеруде.

Мемлекеттік тіл - көпұлтты (көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөзбен байланыс (почта, телеграф т. б. ) орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл. Мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту және оның қолдану аясын (сфера) кеңейту үшін мемлекет тарапынан белгілі бір уақытқа жоспарланған жан-жақты бағдарламалар жасалады. Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады. Демократиялық қоғамды белгілі бір тілге мемлекеттік мәртебеге (статус) беру оның басқа тілдерге қысымшылық көрсету болып табылмайды. Бұл туралы Республикамыздың Тіл туралы Заңында (1997 ж. ) анық айтылған. Кеңес заманында КСРО-ның Конституциясында және басқа да мемлекеттік құжаттарда ашық айтылмаса да, орыс тілі іс жүзінде (де-факто) мемлекеттік тіл функцияларын орындады. Орыс тілінің осындай ерекше ролі геральдикалық әдіспен анықталады. Мысалы, КСРО-ның елтаңбасы мен ақша бірліктерінде орыс сөздер үлкен әріппен беріліп, басқа ұлттық тілдердегі лексемалар кіші әріппен берілгені дәлел бола алады. Кейбір көпұлтты (көптілді) мемлекеттерде тілге берілетін мәртебе басқаша аталуы мүмкін: ресми тіл, ресми түрде қолданылатын тіл, ұлттық, конституциялық және аймақтық тілдер. Осыған байланысты "көпұлтты" және "көптілді" деген терминдердің синоним сөздері ретінде қолданылуын сөйлеу тіліміздегі қателердің бірі деп қараған жөн. Кезінде КСРО (Югословия т. б. ) көпұлтты мемлекет болатын, себебі Одаққа өздерінің белгілі бір территориясы, шекарасы, басқару-әкімшілік органдары бар субъектілер енген болатын. Ал Қазақстан жайында ол басқаша, мұнда жоғарыда көрсетілген Одаққа тән ерекшеліктер болған жоқ, сол себептен де Республикамыз, әлеуметтік тіл білімі тұрғысынан қарағанда көпұлтты емес, көптілді елдер санатына жатады деу шындыққа сәйкес келеді. Көпұлтты елдердің қатарына жататын мемлекеттің субъектілері (ұлттық республика, облыс, аймақ т. б. ) өздерінің ұлттық тілдеріне мемлекеттік мәртебе беруге құқылы болса, көптілді елдерде мүндай еркіндік жоқ. Себебі көптілді елдің құрамына диаспора ретінде енген ұлт-ұлыстардың қалыптасуы солақай саясаттың, депортация т. б. нәтижелері болуы мүмкін, яғни бұл құбылыстардың тарихи мән-мазмұны жоқ. Сол себептен Қазақстанда мемлекеттік қостілділік қабылданбай, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, орыс тілі ресми түрде қолданылатын тіл болып жарияланды.

2. 2 Қазақ тіл - қазақ халқының ұлттық тілі

Тіл - ұлт байлығы. Әр ұлт өз тілін қадірлейді, сыйлайды және болашаққа, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл - ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Біздің отанымыздың тілі - қазақ тілі.

Қазір қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі - республикадан тыс елдерде тұрып жатқан қазақтардың тілі. Қазіргі таңда жер бетінде 13 миллионға жуық қазақтар өмір сүреді.

Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын алфавитін қолданған. Одан бері қарай орыс графикасын қолдануда.

1989 жылы “Тіл туралы заң” қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алды. Кейін 1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілді.

Мемлекеттік тіл - мемлекеттік рәміздердің бірі болып табылады. Мемлекеттік тіл - Қазақстан Республикасының әрбір азаматынан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жазуын талап етеді. Әрбір ұлттық мемлекетте мемлекеттік тіл - ол елдің мақтанышы. Өйткені мемлекеттік тілде мемлекеттік дәрежеде маңызы бар құжаттар жазылады.

Қазақстан - егеменді, тәуілсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашығымыз- бүгінгі жастар. Олардың міндетті - елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі.

Қазақ тілі- батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады, бұл тармаққа кіретін тілдер- қарақалпақ, ноғай, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарашай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл.

Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту -бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл- біздің ана тіліміз- Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады.

Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай мемлекеттік тіл болып- Қазақ тілі белгіленді.

Осы Заңның 4 бабында «Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданалатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Сонымен бірге, Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тілін сақтау мен дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті деп көрсетілген».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану (Ана тілін оқыту үдерісі негізінде)
Мемлекеттік тілдің білім саласында қолданылуы
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік
Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің рөлі атты қазақ тілінен ғылыми жоба
Тілдік жағдаяттың бірнеше типологиялық түрі
Қазақ тілінің кешегісі мен бүгінгісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz