Ресми стильдегі дәлдік және тілдік стандарты
Жоспар
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Ресми стильдегі дәлдік және тілдік стандарты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .4
2.2 Сөз сапасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Кіріспе
Сөз (орыс. слово, ағылш. word) - зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік.
Сөз байлығы - оралымды тілге қойылар талаптың бірі. Айтушының сөзі тыңдарман қауымға тартымды болуы үшін сөз байлығы жақсы, сөздік қоры мол болуы тиіс.
Сөз мағынасы -- шындықтың (заттың, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың) белгілі бір құбылысының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасының грамматикалық және лексикалық түрлері болады.
Ресми стильдің белгілі бір деңгейде қалыптасқан тәртіптерінің сақталуы қызметтік құжаттардың мазмұны мен ресімделуінде қатаң талап етілсе, ауызша сөзде де әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларының сақталуы талап етіледі. Сонымен бірге бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білу қажеттілігі көзделеді. Бұл мәселені жан-жақты зерттеген С. И. Ожегов: Сөз мәдениеті - бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы - бұл коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу - деп тұжырымдайды .
Сөз сапасы дегеніміз - сөзді грамматикалық тұлғаларды, сөз тіркестері мен сөйлемді тілдегі мағынасына, айтатын ойына сай қолдану.
Сөз сапасы тілдік және тілдік емес (экстралингвистикалық) факторлар болып бөлінеді.
Сөз сапасының тілдік емес факторы жұртты аузына қарата білетін шешен, әрине, сенімді, жаңа деректерге, логикалылыққа сүйенеді
2.1 Ресми стильдегі дәлдік және тілдік стандарты

Ресми-іскерлік қатынас деп адамдардың кәсібі, мамандығымен байланысты қызмет орындарында, мәдени-көпшілік мекемелерде жүзеге асатын қарым-қатынастың түрін айтамыз. Мұндай орындардағы қарым-қатынастың түрі ресми сипатта болады. Мемлекеттік қызметшілердің сөз қолданысы ресми-іскерлік қарым-қатынасқа жатады.
Іскерлік және қызметтік құжаттарды әзірлеуші оның мазмұны мен ресімделуінің түсініктілігі және дәлдігі - негізгі талап екендігін үнемі есінде сақтауы керек. Ресми-іскерлік жазылымның түсініктілік пен дәлдік талаптары тілдік бірізділік пен қызметтік құжаттардың стандарттылығына әкеледі. Тілдің дәлдігі, ең алдымен, құрылған мәтін мазмұнының бір мағыналық түсінік беруінде. Мемлекеттік қызметтің барлық кезеңінде іскерлік қарым-қатынас үшін мәтін авторы және оның адресатының қабылдау адекваттылығы өте маңызды. Француз философы М. Монтень Сөздің жартысы сөйлеп тұрған адамдікі, ал екінші жартысы тыңдап тұрғандікі - дейді. Бұл айтылғанды біз өзіміздің ситуацияға сәйкес: сөздің жартысы қызметтік мәтінді жазған адамдікі, ал екінші жартысы қабылдап алушынікі, яғни қабылдап алушы мәтін мазмұнынан оны жазған адамның не айтқысы келгенін нақты түсінуі қажет, - деп өзімізге бейімдеп өзгертіп айтуымызға болады.
Берілген мазмұнның мағынасы анағұрлым дәл және түсінікті болу үшін қандай тілдік құралдар себепші бола алады? Ресми-іскерлік сөз іріктелген, тексерілген, көп жылдан бері көптеген айналымға енген терминдер мен қалыптасқан сөз орамдарын жинақтады. Ресми-іскерлік айналымға енген, қалыптасқан дайын сөз орамдарын стандарттық ситуацияларда пайдалану ресми жазылымдарды құрастыру кезінде уақыт кетірмейді.
Бұған мемлекеттік қызметшілердің барлығына таныс көптеген кеңселік штамптарды мысалға келтіруге болады. Мысалы, ресми құжатта лауазымдық жалақы белгіленедітағайындалады деп жазылу керек, беріледі деп жазылмайды; қызметтік хат әзірленеді, оны бағытталады, жазылды, жолданды деп қолданбайды, т.б. Тілдік штамптар ауызша сөзде де кеңінен қолданылады. Бұл ең алдымен, қарым-қатынас этикасының формулалары: сәлемдесу, қоштасу, алғыс айту, көңіл айту, құттықтау сияқты басқа да стандартты этикетті формулалар стандартты ситуацияларда қолданылады.
Ресми-іскерлік қатынастың жазбаша және ауызша түрлері болады.
Ресми-іскерлік қатынастың жазбаша үлгілеріне жеке адамдардың құжаттары, түрлі мекемелердің іс қағаздарынан бастап мемлекеттік мәндегі заң актілері, ережелер, мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік тұжырымдамалар, Конституция, т.б. қоғамдық-кұқықтық мәні аса зор құжаттар жатады.
Ресми-іскерлік қатынаста қолданылатын жеке басқа тән іс қағаздары күнделікті өмірде жиі кездеседі. Ресми-іскерлік қатынастағы жеке бастық құжаттардың а) тілдік емес, ә) тілдік, б) сөз әдебіне (этикетке) қатысты жақтары бар.
а) Тілдік емес жақтары. Анықтама, мәлімхат, бұйрық, жолдаухат, акт, түсініктеме, т.б. құжаттар стандартқа (үлгіге) сай әзірленеді. Тиісті мәліметтер, деректер толық түрде беріледі. Мысалы, өтініш жазған адам адресаттың (мекеменің, мекеме басшысының) аты-жөндерін және өзінің аты-жөнін, қызметін толық көрсетуге тиіс және қағазды (а-4 формат) оң жағын жоғарылау тұсқа жазуы керек. Мекеменің, жеке адамның іс кағаздары қалыптасқан стандарт, үлгі бойынша жазылады. Әсіресе іс қағаздары мәтінін құрастыруда еркіндік бола бермейді, аса қажетті дерек, мәліметпен шектеліп отыруға тура келеді.
ә) Тілдік жақтары. Іскерлік қатынастың тілдік құралдары, негізінен, бейтарап немесе ресми болады. Сезім күйге байланысты сөз, тұрмыстық мазмұндағы сөздің қолданылмайды. Көбінесе күн тәртібінде, шешім қабылдансын, қамтамасыз етілсін, алғыс жариялансын, сөгіс берілсін, ескерту жасалсын, өзгеріс енгізілсін,орындау міндеттелсін, мекемеге тапсырылсын, жүзеге асырылсын, ұйымдастыру қолға алынсын, баса көңіл бөлінсін, ескеріп отыратын болсын және т.б. дайын үлгідегі сөздер, әкімшілік терминдер жиі қолданылады. Ойдың логикалық жүйелілігі мен бірізділік қатаң сақталады. Сөз, сөз тіркестері тілдегі өз мағынасына сай қолданылады. Мысалы, ресми стильде жазушыны сөз зергері, қаламгер демей, жазушы деп атайды.
б) Сөз әдебіне (этикетке) қатысты жақтары. Ресми іс қағаздары мәтінінде марапат, кемсіту, қорлау, т.б. мазмұндағы сөздердің қолданылуы тым шектеулі болады.
Егер адресаттың құрметті атақтары мен дәрежелері болса, оларды атап көрсету іскерлік қатынастағы этикеттік нормаға сай келеді: Қазақстан Республикасының ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор т.б.
Бетпе-бет отырған бір адамға қарата айтылған сөзден бастап, сөйлеушінің көпшілік қауымға қарата айтқан сөзі ресми-іскерлік қатынас тілінің ауызша түрінежатады.
Мемлекет, қоғам, өнер, ғылым қайраткерлерінің, саяси партияпар жетекшілерінің жұртшылық алдында сөйлеген сөздері немесе бұқаралық ақпарат арналары арқылы қоғамдық-әлеуметтік мазмұнда сөйлеген сөздері, жоғары мектеп оқытушыларының студенттерге оқыған дәрістері, мектеп мұғалімдерінің оқушыларға сабақ түсіндіруі, сот процесінде адвокаттың сөзі, дін басыларының діни мазмұндағы сөздері, т.б. ресми-іскерлік тілдің ауызша түріне жатады.
Мемлекеттік қызмет сөз қолданысының жауапкершілігі жоғары саласы болғандықтан, мемлекеттік қызметшілерге қазіргі әдеби тіл нормаларын қатаң сақтауды міндеттейді, яғни инвективтібейинвективті лексиканы қолдануда аса мұқият болуды талап етеді. Осыған байланысты сөз мәдениеті ғылымының негізін қалаушылардың бірі, академик М. Балақаев: Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Егер әрбір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, дәл, орынды әрі тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезіледі. Ал мұндай шеберлік тек сөз мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт, - деп тұжырымдайды.
Әріптестердің жұмыс, қызмет бабымен телефон арқылы сөйлесуі де ресми-іскерлік қатынастың түріне жатады. Іскерлік қатынаста телефонмен сөйлесудің де сөз мәдениетіне қатысты жағы бар. Әдетте, телефон тұтқасын көтерген адам мен тыңдап тұрмын демейді. Алдымен өзінің аты-жөнін, одан кейін лауазымын айтады. Кейде телефон соғушы тұтқаның аржағындағы адамға бұл кім? бұл кім екен өзі? деу іскерлік қатынастағы сөз әдебін бұзу болып табылады. Телефон соғушы адам алдымен аты-жөнін, лауазымын айтып таныстырады, содан кейін сұрағын, іздеген адамының аты-жөнін айтады. Тиісті жерінде кешіріңіз, өтінеміндегендерді қосып айту сөзге сыпайылық береді. Әрі қарайғы байланыстың үзілмеуін қамтамасыз етеді.
Қоғамдық өмірдің әр саласында қызмет етіп жүрген адамдардың еңбегіне лайық әр түрлі атақ дәрежелері болады. Мәдениетті елдің дәстүрінде ондай атақ, дәрежелерді кісі фамилиясымен қоса атайды.
Сөйлеу мәдениеті адамның ойлау мәдениетінің жоғары болуына ықпал етеді. Ана тілін ардақтау, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz