Сөйлеудің коммуникативтік қызметі



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Сөйлеу тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.2 Сөйлеу стилі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

Кіріспе
Жалпы тілдік қатынасты ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс. Ғылым саласындағы қарым-қатынастың неғұрлым өзіндік үлгілерін анықтауда қарым-қатынас тақырыбы, тілдік құралдардың жұмсалу тәртібі, әлеуметтік ұстаным т.б. факторлар ерекше орын алады.
Қазақ тіл білімінде З.Ш. Ерназарова ауызша ғылыми тілді жалпы сөйлеу тілінің құрамында қарастыра отырып, ғылыми сөздің прагматикалық бағытын мынадай түрлерге бөледі:
1) сөйлеуші өз ойын дәлелдеп, жеткізуді мақсат етеді;
2) сөйлеуші белгілі бір ғылыми бағытты, тақырыпты жақтап, қолдап сөйлеуді мақсат етеді;
3) пікірді, ғылыми тұжырымды сынау, қарсы шығу мақсаты көзделеді,
4) ескерту, ұсыныс айту мақсаты көзделеді. Автор осылай бөле отырып, одан әрі былай деп жазады: Сөйлеуші мақсатының әр түрлі болуы түзілетін мәтіннің құрылымы мен мазмұнына әсер етеді. Бірақ кез келген ғылыми сөзде дәлелдеу, ойды нақты, тартымды етіп жеткізу, жаңа мәлімет беру сияқты қосымша мәліметтері бар. Адам өмірінің барлық мазмұны тілде көрініс табады. Қоршаған орта туралы ой-түсінік, шындық өмірдегі категориялар мен байланыстар т.т. ойлау арқылы қорытылып және талданып тілде бейнеленген немесе ұлттық тілдік санамен қабылданған. Адам белгілі бір оқиға және деректер туралы немесе оларға қатысын, сезімі мен талап-тілегін тіл арқылы жеткізеді, сөйлеу арқылы ұғым, ой мен ой қорыту қалыптастырады. Адамдар сөйлеу арқылы бірін-бірі іс-әрекетке шақырады, яғни коммуникативтік қарым-қатынасқа түседі.

2.1 Сөйлеу тілі
Сөйлеу тілі -- күнделікті қарым-қатынаста пайдаланатын әдеби тілдің бір түрі. Сөйлеу тілі белгілі бір жағдайда ауызба-ауыз тікелей жалғанатын қатынас тілі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты болады. Ал ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді, яғни үйреншікті жағдайда адамдар емін-еркін сөйлейді. Сондықтан онда сөйлеу тақырыбына сай күнделікті тұрмыста жиі жұмсалатын дағдылы сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Сонымен бірге сөйлеу тілі жазбаша түрде де қолданылады деген пікір бар (жекелеген адамдардың хат жазысу, күнделік жүргізу т. б.). Сөйлеу тілі мен кітаби тіл арасындағы айырмашылықтар көптеген экстралингвистикалық факторлар (бейресми жағдайда, дайындықсыз өтуі, сөйлеуші және тыңдаушы жақтардың болуы т. б.) әсерінен туындайды. Өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен пайдаланылады, бірақ қарым-қатынас жағдаятына байланысты оның атқаратын қызметі және тілдік құралдардың пайдаланылуы біртекті болып келмейді. Сондықтан сөйлеу мәнері де түрліше болады. Сонымен бірге сөйлеу тілінде интонация, сөз екпіні, ым, дене қимылы үлкен қызмет атқарады. Ым мен дене қимылы сөйлеу үстінде белгілі бір нәрсенің көлемін, түрін т. б. бейнелеуді (мысалы, ұзындығы мынандай -- дене қимылы -- сала құлаш жылан көрдім), құптау, мақұлдауды (бас изеу), шақыруды (қол бұлғау), қорқытуды (қолын аузына апару) т. б. білдіре алады. Кітаби тіл секілді, сөйлеу тілінің қалыптасқан нормалары бар. Оның өзіндік ерекшеліктері тілдің барлық деңгейінде көрінеді. Дыбыс жүйесінде, мысалы, бір дыбыстың орнына басқа бір дыбыстың айтылуы (анаң қара), дыбыстарды түсіріп айту, (кеп-келіп, босын-болсын), дыбыстың созыңқылығы (ке-ре-мет!) т. б., морфологияда кейбір морфемалардың түсіріліп айтылуы (барам-барамын, барад- барады), синтаксисте сөздердің орын тәртібінің еркін болатындығы (Іштеме шығар ма екен осы көптен! Ғ. М.) т. б. Сөйлеу тіліне тән белгілерді кездестіруге болады.
Сөйлеу( орыс. речь, говорение) -- адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент.
Адам баласының сана-ссзімінің дамуьшда дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялык өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатьн қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан куаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.
Тіл -- адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде туып, заңды түрде дамыған семантикалық жүйе. Оның ең басты қызметі ақпарат хабарлардың жасалу, сақталуымен және оларды таратумен байланысты. Тіл адамды қоршаған шындық өмір туралы білімді сақтаумен бірге, жаңа білімді қабылдайтын, сөйтіп, адамның ойлау процесін жетілдіріп қамтамасыз ететін қоғамдық сипаты бар құбылыс. Тіл адамзат қоғамының негізгі қатысым (коммуникативтік) құралы. Тілдің дыбыстық табиғаты оның заттық көрінісі (материалы) болып табылады.

Тіл үш түрлі қызмет атқарады:
* Сөйлеудің коммуникативтік қызметі - тілдік
* қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бірбірімен түсініседі;
* Сөйлеудің сигнификативтік қызметі - адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады;
* Сөйлеудің экспрессивтік қызметі - әр алуан хабарлар мен жай-жапсарлардың мәнерлі сөзбен, құлаққа жағымды үнмен, дауыс ырғағымен адамның жан дүниесін тебірентіп, өзгелерге жеткізілу тәсілі.
Қарым-қатынас - адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен,әжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады.

Негізгі қызметі:
1) ақпараттық коммуникативтік(ақпара т алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші коммуникативтік(адамда рдың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективтік коммуникативтік(адамн ың эмоционалдық аясымен байланысты.
2.2 Сөйлеу стилі
Сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті қатынасында пайдаланылады. Сондықтан, онда тілдің коммуникативтік функ-циясы баса сезіледі.
Сөйлеу стилі белгілі бір жағдайда тікелей жасалатын қатынас стилі болғандықтан, ол сөйлеудщ ауызша формасымен тығыз бай-ланысты. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді. Яғни үйреншікті жағдайда адамдар қысылмай еркін сөйлейді. Өйткені онда күнделікті өмірге байланысты мәселе сөз болады. Сондықтан сөй-леу тақырыбына сай түрмыста көп жүмсалатын үйреншікті сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Бұл сөйлеу -- тіліне тұрмыстық сипат беріп, оны қарапайымдандырады1. Мысалы:
-- Денсаулық қалай, мықты ма?
-- - Жаман емес.
-- - Қайда дем аласың жазда?
-- Үйде.
(Сөйлеу тілінен).

Мылжыңдап барасың ант ұрған.
Құдай ақы, рас. Біздің қатыннан құрт сұрап әкетті
(Ғ, Мұстафин).

Жоғарыдағы мысалдардың тақырыбы да, сөйлеу жағдайы да әр басқа. Соған орай, олардың лексикалық құрамы да өзгеше болып сұрыпталған (қарапайым және тұрпайы сөздер). Тек лексикасы ғана емес, сонымен бірге, ол сөз үлгілерінің сөйлем құрылысына, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлға психологиясы
Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
Тiл қатынасы
Сөйлеуге тән қасиеттер мен сапалықтар
Тілдесу психологиясы
Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Тілдік бірліктер және сөйлеу мәселесі
Сөйлеу және оның мектеп жасына дейінгі балаларда дамуы
Қарым-қатынас жасау ақпарат алмасу әрекеті
Пәндер