Стилистика ғылымы



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Стиль нормалары туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Ресми құжаттар және іс қағаздары стилі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..5
3. Ғылыми стиль туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
4. Публицистикалық шығарма тілінің стилдік бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ..7
5. Тіл және лебіз ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
6. А.Байтұрсыновтың "Тіл-құрал" еңбегі туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .9

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

Кіріспе
Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, стиль ұғымының күрделілігінен туындайды. Стиль - латынша stylos (қазақша - жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі жазу мәнері деген мағынада қолданылатын болған. Стилистика - ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады .
Дәстүрлі практикалық стилистикада стиль термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, жақсы стиль, жаман стиль). Стиль терминінің кең мағынасы - сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы - жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында стиль термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.
Барлық жағдайда да стиль термині тәлдәк қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік.
Ғылымда тіл стилі, сөйлеу стилі ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл - қатынас құралы, сөйлеу - сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді.
Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзеге асады.

1. Стиль нормалары туралы түсінік
Стиль нормалары тілдің әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс аясына қарай: ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі: публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стилі болып бөлінеді. Қолдану аясы - қоғамның әр түрлі саласында.
Ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі. Іс қағаздарының түрлері көбінесе белгілі бір жағдайда байланысты нақты бір тұлғаның атынан жазылатындықтан, ол сөздер сөйлемнің баяндауышы болып, жіктік форманың бірінші жақ, жекеше түрінің жалғауын қабылдайды. Ресми құжаттардың тілі мен іс қағаздарының тілі ресми іс қағаздары стилі болып табылады.
Ғылыми стиль туралы түсінік. Ғылыми стильге ғылымының әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектері кіреді. Логикалық жүйелі ой қорытындысы - ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми шағын стиль, ғылыми-оқулық шағын стиль, ғылыми көпшілік шаығын стиль. Ғылыми стильдің мазмұндық белгілері: нақтылық, объективтілік, қисыңдылық. Терминдер - ғылыми мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Терминдер салалық, сала аралық және жалпы ғылыми болып қарастырылады. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі - терминдер.
Публицистикалық стиль. Публицистикалық стильге радио-теледидарлар, газет-журналдар тілі жатады. Публицистикалық стильге қоғамдық саяси мәселе қарастырылады. Публицистикалық стильдің ауызша түрі - шешендік сөз.
Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилінің белгілері: жазушы әр сөзді саралып, стильдік мақсатта қолданылады. Көркемдік-бейнелегіш құралдар аса мол қолданылады. Тілдің лексикалық қабаттарының барлық түрі қолданылады. Көркем әдебиет стилінде функционалдық стилінің барлық түрлерінің де элементтері кездеседі.
Стильдік ұстамына қарай сөздер бірнеше топқа жіктеледі:
oo кәсіби лексика;
oo ресми лексика;
oo кітаби лексика;
oo сөз сөйлеу лексикасы;
oo жалпылама лексика;
oo архаизмдер мен тарихизмдер;
oo неологизмдер;
oo бейнелігіш сөздер;

2. Ресми құжаттар және іс қағаздары стилі
Ресми құжаттардың тілі мен іс қағаздарының тілі ресми іс қағаздары стилі болып табылады. Өздерінің аталуынан көрініп тұрғандай олардың қолданылу аясы мен практикалық қажеттілігі әр түрлі. Мысалы, іс қағаздары - басқару орындарындағы кеңселік құжаттар, ал ресми құжаттар басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар.
Кеңселік іс қағаздарына өтініш, өмірбаян, хабарландыру, хаттама, мәлімдеме, анықтама, жеке еңбек шарты, бұйрық, міндеттеме, жеке іс парағы жатады. Мұнан басқа азаматтық қатынастарды реттейтін сенім хат, қол хат, кепіл хат, келісім шарт, тапсырыс жатады. Кеңселік іс қағаздарының қалыптасып қалған белгілі бір сөздері, сөйлем үлгілері болады да, тұрақталып қалған үлгіге негізделіп жазылады. Дайын үлгіге негізделіп жазылатындықтан, мұндай қағаздарды жазу қиындық туғызбайды. Іс қағаздарында сұранамын, өтінемін, мәлімдеймін, куәландырамын, хабарлаймын деген сөздер тұрақты қолданыста болады.
Іс қағаздарының түрлері көбінесе белгілі бір жағдайға байланысты нақты бір тұлғаның атынан жазылатындықтан, ол сөздер сөйлемнің баяндауышы болып, жіктік форманың бірінші жақ, жекеше түрінің жалғауын қабылдайды.
Ресми іс қағаздарының тілі - бір қарағанда стандартты, қалыптасқан клише түріндегі тіл сияқты болғанымен, шын мәнінде қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сәйкес сұрыпталған, жіктелген лексикалық-грамматикалық жүйесі біртұтас құрылым. Дәлірек айтқанда, ресми тілдің кеңсе іс қағаздары сияқты түрлері де, заң құжаттары да, арнаулы бланкіге толтырылатындары да қазақ тілінің тілдік жүйесін, лексикалық-грамматикалық, орфографиялық нормаларын жетік меңгеруді қажет етеді.
Іс қағаздарының жазылу тәртібі және оған қойылатын талаптар:
- іс қағазының кімге кімнен жазылғаны, аты-жөні, лауазымы туралы толық мәліметпен қағаздың оң және жоғары жағында көрсетіледі;
- іс қағазының атауы (өтініш, мәлімдеме) жолдың ортасына жазылады;
- іс қағазының мазмұны анық, нақты, түсінікті, қысқа жазылуы тиіс;
- іс қағазында мерзім міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Іс қағаздарының мазмұнында грамматикалық формалардың жазылу ерекшеліктері болады. Мысалы, хаттаманың қаулысы ырықсыз етіс жұрнағы мен бұйрық райдың үшінші жақ формасы арқылы беріледі: жаса-л-сын, құр-ыл-сын, бекіт-іл-сін. Ал өтініш көбіне сұранамын, өтінемін деген формалармен аяқталады.

3. Ғылыми стиль туралы түсінік
Функциональдық стильдің бір түрі - ғылыми стиль. Ғылыми стильге ғылымның әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектер кіреді. Белгілі бір ғылыми еңбектің зерттеу нысаны болған зат немесе құбылыс ғылыми негізделіп, сипаттауды, дәлелдеуді қажет етеді. Ал негіздеу ғылыми сипаттау, ойлау арқылы жүзеге асады. Дұрыс ойлап, пікірдің дұрыстығын дәлелдеу, әрине, логикаға (қисын) тікелей байланысты. Логикалық жүйелі ой қорытындысы - ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми еңбек сол ғылым саласының белгілі бір заңдарына,қағидаларына бағынады, ал оған негізделген ой қорытындысы нақты, жүйелі әрі қисынды болады.
Жазба стильдің басқа түрлері сияқты ғылыми стиль де жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда, әрине, өзіндік ерекшеліктері бар. Ғылыми стиль өз ішінде шағын стильдерге бөлінеді. Бұл мәселе орыс тіл білімінде былай қарастырылады: " ...в научном стиле можно отнести следующие типы текстов: 1.Академические (собственно-научные) тексты представленные следующими жанрами: монография, статья, тезисы, диссертация, научно-технические отчеты, доклады, научные сообщения, выступление. 2. Информационно-реферативные (жанры: реферат, аннотация,); 3. Справочно-энциклопедические (жанры: словарь, справочник и т. д.); 4. Научно-оценочные (жанры: рецензия, отзыв, экспертное заключение, полемическое выступление); 5. Научно-учебные (жанры: учебник, учебные пособия, лекция); 6. Научно-инструктивные (инструкция, руководство, памятка, рекомендации); 7. Научно-деловые (жанры: патент, авторское свидетельство описание изобретения, заявка, акт, постаноление, решение, отчет)". Ал қазақ тілінде ғылыми стиль шартты түрде былай бөлінеді: таза ғылыми стиль, ғылыми-оқулық стиль, ғылыми-көпшілік стиль.

Ғылыми стильдің белгілері

Ғылыми стильге ғылымының әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектер кіреді. Логикалық жүйелі ой қорытындысы - ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми стиль, ғылыми-оқулық стилі, ғылыми көпшілік стиль. Ғылыми стильдің мазмұндық белгілері: нақтылық, объективтілік, қисындылық. Терминдер - ғылым мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Терминдер салалық, салааралық және жалпы ғылыми болып қарастырылады. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі - терминдер. Ғылыми стиль -- жазба стилінің бір түрі. Бұған казақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын -- зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшелігі болады.
Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Мысалы, тіл білімінде лингвистика, лексика, фразеология, семасиология т.б. физикада анод, вакуум, атом, атомдық салмақ, шама т. б. Сонымен бірге белгілі бір ғылымның саласында қолдану аясына байланысты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады.
Ғылым ылғи алга басып, дамып отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Оны белгілейтін жаңа сөз -- неологизмдер -- туады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стилистиканы оқыту әдістемесі
Синтаксистік құрылыс және стильдер жүйесі
Қазақ тілі стилистикасы пәнінен дәрістер
Синтаксистік стилистика
Стилистика және оның проблемасы
Стилистика
ЛЕКСИКАЛЫҚ СТИЛИСТИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
А.Байтұрсынұлы – әдебиет танытқыш кітабы
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы мәлімет
Ағылшын тіліндегі эпитеттердің стилистикада алатын орны
Пәндер