Сыныптан тыс дене шынықтыру



1. Дене шынықтырудың негізі мен қызметтері

2. Дене шынықтырудың нақты мақсаты

3. Сыныптан тыс дене шынықтыру

4. Дене шынықтыру жөнінен мектептен тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері

Қолданылған әдебиеттер

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: Сыныптан тыс
дене шынықтыру

Қабылдаған: Жуманбаева К.Р.
Орындаған: Джолдинова А.К.

Қарағанды қ.
2011ж.

Мазмұны

1. Дене шынықтырудың негізі мен қызметтері

2. Дене шынықтырудың нақты мақсаты

3. Сыныптан тыс дене шынықтыру

4. Дене шынықтыру жөнінен мектептен тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері

Қолданылған әдебиеттер

1. Дене шынықтырудың негізі мен қызметтері:

Оқушылардың дене шынықтыруы – бүгінгі күннің мәселелерінің бірі. Себебі
дене шынықтыру денсаулықпен байланысты.
Ертеде қазақ халқы балаларының дені сау болуына көп көңіл бөлген.
Қазақтың ертедегі тұрмыс – салтының өзік дене шынықтыру. Баланы бесікке
салудан бастап, оны шомылдыру, маймен сылау, тұсау кесу рәсімі, атқа
мінгізу, ұлттық ойындарға араластыру, дене шынықтыру болып табылады. Ол
туралы қазақтың көптеген ғалымдары еңбек жазып жүр. Солардың бір і-Б.
Төтенаевтың 1994 жылы Алматыда жарық көрген қазақтың ұлттық ойындары
монографиясы. Осы кітапта дене шынықтыруға байланысты қазақ ойындары
берілген. Оларды бастауыш мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтарында,
сабақтан тыс ойын – кештерде пайдалануға болады.
Дене тәрбиесі – біртұтас оқу тәрбие процесінің құрамды бөлігі, дене
шынықтырудың негізі.
Дене шынықтыру – адамның күш жігер қабілетін дамыту және денсаулығын
жақсарту. Дене шынықтыруға дене тәрбиесі, арнаулы ғылыми білім, спорттағы
табыстар жүйесі енеді. Дене шынықтыру еңбек пен тұрмыс гигиенасын, демалыс
пен еңбектің дұрыс режимін, сондай –ақ денсаулықты нығайтып, шынықтыру үшін
күн мен ауаны, суды тиімді пайдалану тәсілдерін қамтиды. Дене шынықтырудың
мазмұны мен оны қолдану тәсілдері қоғамдық қатынастардың өзгеруіне тікелей
байланысты
Дене шынықтырудың негізі - адам баласының өмір сүріп отырған ортасымен
байланысты. Адам сол ортаға бейімделіп шынығады, арнайы жаттығулар жасайды,
спорттың түрімен шұғылданады. Дене шынықтыру тәрбиенің түрлі салаларымен (
еңбек, эстетика, отансүйгіштік) тығыз байланысты.
Дене шынықтыру қоғамдық өмірде үш функцияны атқарады:
- даму
- тәрбие
- гигиеналық білім

Дене шынықтырудың даму функциясы адамның дамуына тікелей әсер етеді.
Дене шынықтыру арқылы адамның күш жігерін дамытады, бұлшық еттері қатаяды,
жүйке жүйесі, психикасы бекиді, аяқ қолы күш алады, дене құрылысы икемді,
сымбатты болып қалыптасады, көзі көргіш, құлағы естігіш, өмірдің барлық
қиындығына төзімді және соны жеңе білетін азамат болады.
Дене шынықтырудың тәрбиелік функциясы – баланы жастан шынықтыру,
төзімділікке тәрбиелеу, моральдық рухын нығайту, темірдей тәртіпке көндіру,
ерікті, жігерді қатайту, қайырымдылыққа, әлсіздерге көмек көрсетуге үйрету,
күшті керек жерде ғана қолдану, нашақорлық, темекі шегу, ішімдіктен аулақ
болу, тәртіпсіздерді жөнге салу, еңбекшіл, еңбек пен демалысты дұрыс атқара
білетін адамды тәрбиелеу.
Дене шынықтырудың білімі – гигиеналық қызметі бүгінгі өмір талабына
байланысты. Көптеген адамжар дене еңбегімен шұғылданбайды. Олар ой
еңбегінң нәтижесінде аз қозғалыста болып аурушаң, әлжуаздыққа бейімделеді.
Сондықтан әрбір азамат, әрбір жас жеткіншек таңертеңгі жаттығулармен
шұғылданып, тоғайға, саябақта, көшеде, аулада серуендеп т.б. әрекеттер
арқылы денесін шынықтыруы қажет. Дене шынықтыру мен спорт – жалпы адам
баласының мәдениетінің бір саласы. Сол арқылы бос уақытты тиімді, қызықты,
пайдалы өткізіп адам өзін бір қалыпқа келтіреді.
Дене шынықтырудың өзіндік тарихы бар. Ол адам баласының дүниеге
келуінен басталған, яғни алғашқы қауымдастықтан бүгінгі күнге дейінгі
тарихы. Сондықтан дене шынықтыруға адам баласының санасы қалыптасады. Оны
біз дене шынықтыру санасыдейміз. Дене шынықтыру санасы – дене шынықтыру
қажет деп қалыптасады. Денсаулық зор байлық дейді аталарымыз. Сондықтан
еңбектенеміз, денемізді шынықтырамыз. Денеміз шыныққан болса жақсы
еңбектенеміз, ақыл ойымыз дамиды, жақсы өмір сүреміз, сұлулықты
қабылдаймыз.

2. Дене шынықтырудың нақты мақсаты

– адам баласының күнделікті тіршіліктегі қозғалысының пайдасын
айқындайды. Адамдар орта есеппен тәулігіне міндетті түрде 2 сағат
қозғалыста болуы қажет. Кезінде грек ойшылы Аристотель: жанды дене
қозғалмаса өледі деген. Және ол өзіне төмендегідей тәжірибе жасаған: күнде
белгілі бір уақыт аралығында бір қолымен батпан көтерген де, сол мезгілде
екінші қолын денесіне байлап қойған. Сонда бір жылда батпан көтерген қолы
қуаттанып жетілген де, жұмыс істемеген қолы солып қалған.
Сондықтанда дені сау, ағзасы дұрыс қалыптасу үшін бала 5 жасқа дейін
тәулігіне 6-8 сағат қозғалыста болуы керек. Одан ары 10 жасқа дейін 4-6
сағат, 10жастан 16 жасқа дейін 2-4 сағат қозғалыста болуы керек. Ал ересек
адам қай жаста болса да орта есеппен күніне 2 сағат қозғалыста болуы керек.
Адам өзінің денсаулығына бақылау жасай білу үшін алдымен ағзаның
құрылысын, қала берді жүйке, жүрек, бауыр, т.б. сияқты мүшелердің жұмыс
істеу әрекетінен хабардар болуы міндетті. Дене шынықтыру жаттығуларын
орындаған кезде ағзаға үнемі артық түсетін жүктеменің көлемін де білуі
керек. Ағзаға үнемі артық күш түсетін болса, онда денсаулыққа зияны тиюі
мүмкін.
Демек, міне, бүгінгі дене шынықтырудың ең негізгі нақтылы мақсаты
адамның күнделікті 2 сағат бойы қозғалыста болып, дененің, жалпы барлық
мүшесінің бірдей, бір қалыпты да дұрыс дамуына бақылау жасау. Бұл да әр
жеке бастың өзінің міндеті болып табылады. Сондықтан да, дене шынықтыру
жаттығуларымен шұғылдану деген сөз – күнделікті тұрақты түрде жалпы дамыту
жаттығуларымен шұғылдану деген сөз.

3. Сыныптан тыс дене шынықтыру

Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене
қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік
қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз
елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне
спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи
факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен
кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене
шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі
балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және
спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің
негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде
дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен
іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай
жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды.
Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі
денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады.
Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы
дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық
жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс
қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық
қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс
қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен
шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы
болып табылады.
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі -
гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі
гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі
жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты
қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ
өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына
байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту
жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз
орындалуы.
Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы
мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл
жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан,
қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ,
тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен -
жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Екіншісі - спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт
жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып
есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және
үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен
ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.
Спорттың акробатика - жұптасып және топтасып орындалатын
акробатикалық жаттығулар. Гимнастиканың бір түрі ретінде қаралатын аса
күрделі жаттығу.
Көркем гимнастикамен әйелдер шұғылданады. Жалпы көркем
гимнастикасының орындалуы би қозғалысына негізделген, қолда әр түрлі құрал-
жабдықтарды ұстап жүріп немесе лақтыра отырып, сол құралдың қозғалысымен
бірге билеп жүріп орындалады.
Ең әуелі гимнастика сабағы басталмас бұрын, сабақтың қауіпсіздік
ережесін үйрену керек. Мұғалімнің тұжырымдамасымен орындалады.
Гимнастикамен арнаулы шұғылданушы өзі сақтана жүріп, спортпен шұғылданудың
жалпы ережесін білуі керек. Содан кейін, әріптесін сақтандыра білуі керек.
Мұны орындау әр спортшының міндеті.
Жеңіл атлетика - бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние
жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары -
тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру,
ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.
Жүгіру - қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа
қашықтыққа - 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа
қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі
қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа - 5000, 10000, 20000, 42 шақырым
192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.
Жүру - 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру - диск, найза, граната,
балға, доп және ядро. Секіру - орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа
секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс - көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың
жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар - жүгіру, секіру, лақтыру және
кедергілерден өту.
Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі
және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре
жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре
жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін
студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан
оралмадық.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы - жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың
барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен
шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.
Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші - жүрудің спорттық
түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің
негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі
жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның
екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл
жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте
көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады.
Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп
кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін
жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін
меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге
айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде
аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен,
біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің
жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты.
Биіктікке секіру.
Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты
анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке
секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен
бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі,
спортшы секіруге дайындалады.
Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар.
Біріншісі - аттап секіру, екіншісі -алдыға қарай аунап секіру, үшіншісі
- шалқадан жатып өту. Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті
-шалқадан жатып өту әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын
секірудің ең қарапайым түрі аттап секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы
аттап секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең
әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты
кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ
нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат - итерілетін аяқтың
қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі
болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден
сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары
көтеріледі.
Дала жарысы.
Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы
жоқ жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы
өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі. Дала жарысы барлық оқу
орындарының дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.
Дала жарысы - кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі.
Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді,
секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске
құлдилайды. Аспалы көпірден өтеді, терең ордан секіреді, т.б. осындай жер
бедерінің кедергілері жалғаса береді.
Дала жарысының негізгі мақсаты - табиғи жағдайда кездесетін
кедергілерден өту. Мәселен, өзен арнасынан қалай өтуге болады? Егер де
секіріп өтуге болмаса, аттап өтуге келмесе, онда аяқ киімді шешіп өтуге
болады. Екінші бір жағдайда, бір-ақ адам аяқ киімін шешіп басқаларды
көтеріп өткізіп алуына болады.
Жарқабақ - өрден шыққанда, ең алдымен бір бала шығады. Оның шығуына
төмендегі тұрғандар көмектеседі. Енді жоғары шыққан оқушы басқаларға қолын
беріп көмектеседі.
Жарқабақтан төмен түсіп өту үшін секіріп түспей, жардан сырғанай түскен
абзал. Бірақ алғашқы түскен адам басқалардың жарақат алмай, құлап қалмай
дұрыс өтуін бақылайды.
Аспалы көпірден өткенде барлық оқушылар түгелдей көпірге шықпай бір-бірлеп
қана өтуге болады. Ол үшін оқушылардың біреуі көпірден өтіп екінші жағына
барып, көпірдің дұрыстығын білгеннен кейін ғана келесі оқушының өтуіне
болады.
Жалғыз бөренелі көпірден өту. Әрине, көпірдің дұрыс екендігін білгеннен
кейін ғана кезектесіп өте беруге болады.
Сазды, томарлы жерден өткенде тек бір ізбен ғана жүру керек. Алдыдағы жол
бастаушы, мұндай жердің бедерін жақсы білуі қажет. Себебі, сазды-томарлы
жер болғаннан кейін міндетті түрде бұл жер батпақты болып келеді.
Сондықтан, негізгі мақсат жүгіріп келе жатып томарға шалынбай, батпаққа
түсіп кетпей, бастаушының талабын мұқият орындау керек. Қалың қопалы жерден
өткенде де осы көрсетілген ереже орындалады. Тік беттен де саппен жүріп
түсуге болады. Өйткені біреуі тайғанап кетсе екіншісі ұстап қалады. Сазды,
шалшықты жерлерді айналып өту керек. Көлденең құлап жатқан үлкен бөренеден
секіріп өтетін мүмкіншілік болмаса, онда бір аяқты үстіне қойып барып
секіріп өтуге болады.
Жалпы дала жарысына жолға шықпас бұрын, мүмкіндік болғанша, дала жарысының
жолымен жай жүріп, танысып алу керек. Содан кейін ғана трассаның қай
кезеңінде жүгіріп өтуге, қай жерінде жай жүріп өтуге болатыны анық. Жаттығу
кезінде, мүмкіндік болғанша жүгіру мен жүруді алмастырып отыру абзал.
Дала жарысы сабағын өткізгенде 3 шақырымнан 5,8 шақырымға дейін жүгіріп
және жүріп өтуге болады. Дала жарысына киімді ауа райының ыңғайына қарай
кию керек. Саппен жүргенде бірінен-бірінің ұзап, қалуына болмайды.
Дала жарысының қауіпсіздік ережесі. Дала жарысы сабағына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстар
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік
Дене тәрбиесінің жалпы мақсаты мен міндеттілігі жайлы жалпы
Мектептегі жеңіл атлетика сабағының мазмұны және ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Дене тәрбиесін ұйымдастыру
Дәрігерлік бақылаудың сипаттамасы
Пәндер