Тіл нормалары



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

ІІ. Тіл нормалары
2.1 Тілдік норма және дағды ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.2 Тілдік жүйе мен дағдының өз араүйлесімі мен
қайшылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

Кіріспе
Тілдік норма дегеніміз - тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру. Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, олар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Ол тәртіпті орнататын да, оның иінін қандыратын да әдеби тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы - бәрі қалыптасқан заңды ерекшеліктерге негізделеді. Халық тілінің сан қабат байлығы басы бір жерге қосылмайтын бытыраңқы құбылыс емес. Олардың бәрінде әдеби тілге негіз боларлықтай заңдылықтар бар. Қазақ әдеби тілі халық тілінен өзіне керегін таңдап-талғап, сұрыптап алып, оларды жалпы жұртқа ортақ етіп, халықтың тіл мәдениеті дәрежесі жоғары болу үшін оларды бірізге түсіреді.
Тілдік норма әдеби тілдің нормасы арқылы реттеліп отырады. Әдеби тіл нормасы өзгермейтін, сірескен қатаң қағидаларға құрылған жүйеге ғана емес, динамикалық қасиетке ие дағдыға да сүйенеді. Мәселен, тілдік жүйе бойынша тізгінде, шылбырла, бұзаула, ботала, т.б. қолданылатын сөздер қатары ара-тұра ауытқуға жол береді. Салыстырыңыз: ат тұсады дегенді ат тұсаулады, қой қоздады дегенді қой қозылады деу тілдік жүйеге кереғар болмағанымен, бірақ дағдыға айналып, дәстүрге енген құбылыс емес. Кейбір сөздерді қолдануда тілдік жүйе мен тілдік дағды қайшы келіп жатады. Қозыла деп қолдану тілдік жүйенің қысымы, әсер-ықпалы екенін байқау қиын емес. Ат ертте дегендегі ерттедіні ерле деп қолдану да соған ұқсас: Көкем атты ерледі, ерлеп жүріп терледі (Манашыұлы Тұяқбай). Тілдік жүйе бойынша ерле болуға тиіс (салыстырыңыз: шідер-ле, жыр-ла, түр-ле (текеметке түр басу, т.б.). Кей жағдайда тілдік жүйе мен тілдік дағды айнымас бірлікте болса, кейде өзара қайшылықта болып күреске түседі. Тілдік жүйе бойынша ерле болуға тиіс сөздің ертте болуы жүйеге қарағанда дағдының басым түсуінен деп түсіну керек.

2.1 Тілдік норма және дағды
Тілдік норма мен дағдының өзара қатынасы. Әдеби тіл тілдің құралдары тырналып, сұрыпталған, қоғам мүшелеріне ортақ кодификациялық нормасы бекітілген, стильдері қалыптасқан тіл. Әдеби тіл функционалды қарым-қатынас жасаудың ауызша және жазбаша формаларында қолданылады. Қоғамдық өмір қалыптастырған түрлі сала қажеттігін өтеп, тілдік ұжым мен мүшелерінің мүдделерін орындайды.
Қазақ әдеби тілі - жоғарыда көрсетілген әдеби тіл белгілеріне ие сан ғасырлық тарихы бар, тілдік элементтері бірізді жүйеге түсірілген, тілдік ұжымның бар саладағы қажетін өтеудегі мүмкіндігі жететін жол. Кемелденген қазақ тілінің сөздік байлығы фукционалды қарым-қатынастың қай саласына да талабына жауап бере алады.
Күнделікті тіршіліктегі қарым-қатынасты жүзеге асырушы сөйлеу тілі мен жазба тіл арқылы кітабилық сипатқа ие болған фукционалды стильдер әдеби тіліміздің негізгі бөлінісіне жатады.
Осы салалардағы қарым-қатынас әдеби тілдің бес түрлі стильді тармақтапры арқылы жүзеге асады:
oo ғылым, білім, оқу ағарту саласы - ғылыми стиль;
oo құқықтық сала, заңнама - ресми стиль;
oo қоғамдық-саяси сала-публицистикалық сала;
oo көркем шығармалар тілі - көркем әдебиет стилі;
oo тұрмыстық қатынас саласы - сөйлеу тілі стилі.
Қазіргі қазақ әдеби тілі қоғамдық өмірдегі осы аталған бес салада қызмет етуге бейімделген, яғни аталған бес саланың қалыптасқан арнаулы атаулары, сөз құрылымдары, сөйлеу дағдылары, мәтін түзу ережелері бар.
Қарым-қатынастың ресмилік және бейресмилік сипатына қарай жоғарыда көрсетілген бес стильдік тармақ екі салаға бөлінеді:
а) қарым-қатынастың ресми түрі - кітаби тіл.
ә) қарым-қатынастың бейресми түрі - сөйлеу тілі.
Әдеби тілдің заңдастырылған нормасы - сөзді дұрыс қолданудың, грамматикалық амал-тәсілдерді дұрыс пайдаланудың көпшілік таныған, тіл тәжірибесінде сыннан өткен қағидалары. Тіл мәдениеті әдеби тілдің нормасы туралы білім саласы ретінде пайда болғаны мәлім. Тілдік норма - әдеби тіл туралы ұғымның ең бір өзекті элементі. Сөйлеуде, жазуда тіл амалдарын дұрыс қолдана білу әдеби тіл нормасын сақтау дегенге саяды. Тілдік норма алдымен тілдік жүйемен (системамен) салыстырыла қарастырылады. Мен оқыдым, сен жаздың, ол үйге барды тәрізді құрылымдардың жақтық мағыналарын өзгеше қиыстырып айтуға болмайды. Затты тәуелдеп айтып көріңіз: менің кітабым, сенің кітабың, оның кітабы. Қазақ тілінде сөйлеушілердің бәріне ортақ септеудің де жүйесі бар. Міне, осыған қарағанда, тілдік жүйе мен тілдік норма тепе-тең құбылыс тәрізді көрінеді. Бұл тілдік жүйе мен тілдік норманың бірлігін көрсетеді. Сондықтан тілдік норманың арқауы тілдік жүйе болып табылады. Бірақ тілдік жүйе мен тілдік норма тепе-тнң құбылыс емес.
Тіл - жүйелі құбылыс. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде - ла, -ле, (-да, -де, -та, -те) сияқты аса құнарлы қосымшалар есім сөзден етістік тудырады: аяқ-та, бас-та, көз-де, су-ла, ау-ла, шөл-де т.б. Сөз тудырудың дәл осы жүйесі бойынша кез келген зат есімге - ла, -ле, (-да, -де...) қосымшасын жалғауға болатын сияқты. Бірақ жүйе бойынша баула, жүкте, сыйла деп айтқанымызбен, кірпікте, соғымда, кітапта деп айтуға болмайтыны белгілі. Неге? Себебі бұлай деу жүйеге (системаға) қайшы болғанымен, дағдыда жоқ. Міне, осыған байланысты белгілі бір тілдік қолданысты норма деп тану үшін оның тілдік жүйеде болуы немесе норманың тілдік жүйемен жарыспалы болуы жеткіліксіз. Бұған қоса ондай қолданыс тілдік дағдыда болуы, сондай-ақ дәстүрге айналуы қажет.
Орфография (грек. Orfhos - дұрыс, gropho - жазамын) - жазудың бірізді тәсілдерін белгілейтін ережелер жиынтығы. Дыбыстардың таңбалануын, олардың бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазылу тәртібін, сондай-ақ бас әріптердің қолданысын, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін анықтау да кіреді.
Көптеген тілдердің емле заңдарына фонематикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүрлік, т.б. қағидаттар негіз болады.
Фонематикалық қағидатқа дыбыстардың бір сөз ішіндегі немесе сөз аралықтарындағы бір-біріне тигізетін әсерлері ескерілмей, негізгі фонематикалық түрлері сақталып жазылады.
Фонетикалық қағидат бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы есепке алынып, айтылуынша (естілуінше) жазылады.
Морфологиялық қағидат бойынша сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары сақталып жазылады.
Тарихи-дәстүрлік қағидат бойынша сөз бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де, айтылу ережесіне де сай келмей, сөздердің бір кездегі қалыптасқан жазу түрі алынады. Қазақ орфографиясы морфологиялық- фонетикалық принциптерге сүйенеді.
Бұдан басқа дыбыстық құрылымы ұқсас сөздерді шартты түрде ажыратуда қолданылатын айырым қағидаты да бар.
Дұрыс жазу емлесіне байланысты төмендегі жайттарды айтуға болады:
1) қазақ сөздері мен бөлшектерінің негізінен түпкі тұлғасын сақтап, фонетикалық қағидат бойынша жазылатыны. Фонема - сөз мағынасын ажыратуға қабілетті ең кіші тілдік элемент екені белгілі. Мәселен, қас - қаш сөздерінің мағынасы с және ш фонемалары арқылы ажыратылып тұр. Мұндай түбір сөздерге түрлі қосымшалар жалғанғанда, жазуда олардың бастапқы формасы сақталып қалады: қашса. Айтылуы (қашша) формасында болғанымен, жазуда ескерілмейді.
2) қазақ орфографиясында фонематикалық және морфологиялық қағидаттардың кейде тоғысып кететіні. Айталық, біріккен және қос сөздердің әр компонентінің тұлғасы негізінен бастапқы формасында жазылады, олардың арасындағы дыбыстардың айтылуы бір-біріне тигізетін әсері ескерілмейді: шек+рар, қиян+кескі, жар+қабақ, қара+күйе, т.б.
3) қазақ орфографиясында фонетикалық қағидат та кеңінен қолданылатыны:
а) қосымшалар түбірге соңғы буынның лингвалдық (жуандық-жіңішкелік) белгісіне және соңғы дыбысына қарай түрліше жалғанады: қазақ+тар, қалам+ның, бала+мын, әже+м, т.б.
ә) қатаң п, қ, к дыбыстарына аяқталған сөздерге дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда, қатаң дыбыстар ұяңданады: талабың, қайығым, жүрегі.
б) п дыбысына аяқталған етістіктерге көсемшенің - ып, -іп жұрнақтары жалғанғанда п дыбыстары қатар айтылмай, түбірдегі п дыбысы үнді у дыбысына айналады: кеп+іп - кеуіп, қап+ып қауып, жап+ып жауып т.б.
в) кейбір біріккен сөздердің бөлшектері түбір тұлғасын сақтамай, естілуінше жазылады: қолғап, екіншігәрі, белбеу.
г) орыс тілінен бұрынырақта енген бірқатар сөздер фонетикалық қағидат бойынша дыбысталуымен жазылады: болыс (волость, волостной управитель), кереует (кровать), самаурын (самовар) т.б.
д) араб-парсы тілдерінен енген сөздер қазақ тілінің айтылу заңдылығына бағына қолданылады: әділ (адл), ақпар (әхбар), дүние (дүнйа), мазақ (мәзх) т.б.
4) тарихи-дәстүрлік қағидат бойынша орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздердің қазақша айтылуынша емес, орыс орфографиясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Онлайн жарнаманың тілі
ӘДЕБИ СӨЙЛЕУ НОРМАЛАРЫ
Тілдік норма және тіл мәдениеті
Қазақ әдеби тілі туралы
АУДАРМА ІСІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ
Әдеби тіл және оның қалыптануы (кодификациясы)
Орфографиялық норма мәселелері
Ауызша сөз нормаларын оқытудың психолингвистикалық негізі
Абай поэзиясының тілі
Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
Пәндер