Музыкалық-эстетикалық бәләм мен тәрбие БҚ заманауи мектеп қиыншылықтары
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Мәдениет және өнер институты
факультеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Музыкалық-эстетикалық бәләм мен тәрбие БҚ заманауи мектеп қиыншылықтары
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Музыкалық-эстетикалық білім мен тәрбие негізі
1.1 Музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негізі ... ... ...5
1.2 Музыка сабағы арқылы берілетін эстетикалық тәрбие ... ... ... ... ... ... ... . ... 8
2.Батыс Қазақстандағы заманауи мектеп қиыншылықтары
2.1 Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Заманауи мектеп қиыншылықтары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Кіріспе
Ұлттық тәрбиені жолға қоюда басты құрал ретінде пайдаланатын ауқымды материалдарды біз өткен дәуірден келіп жеткен ғұлама-ғалымдардың еңбектерінен іздеп тауып, қазіргі заман талаптарына сай пайдалану жолдарын қарастыруымыз - бүгінгі күн талабы. Осыған орай, қазіргі кезде ұстанып жүрген Жоғары мектеп тұжырымдамасында: Әлемдік өркениет құндылықтарын қайта бағалау, сол негізде адамдарда мәдениетті тәрбиелеудің қажеттілігі кең ауқымды ойлайтын әлеуметтік прогреске араласатын, өзін өзгерте отырып ықпал ете алатын ұстаздар тәрбиелеу - делінген. Жас мамандарды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән беру туралы айта келіп Н.Назарбаев: Жастар тәрбиесі басты мақсат екенін көрсетіп, алдағы отыз жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта даму керек екендігін белгілеп берді. Осы міндетті болашаққа іске асырушылар - жастарымыз - деген еді. Бұдан басқа кейінгі кезде ұлттық құндылықтарды өмірге алып келу және оны халыққа тарату мақсатында қабылданған Ұлттық мәдениет туралы заңда: Қазақстан Республикасы халықтарының мәдениетін өркендетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдау керек - делінген.
Мектептегі эстетикалық тәрбие беру жұмыстары оқу - тәрбие үрдістерімен өте тығыз байланыста жүзеге асады. Оқушылардың оқу әрекетінде эстетикалық тәрбиеге қатысты теориялық білімдер беріліп, түрлі шығармашылық жұмыстар атқарылады. Ол мақсатты және жоспарлы түрде іске асады. Әрбір пәннің эстетикалық бағыты, оқу материалдарының мазмұны, сабақтар жүйесіндегі қолданылатын эстетикалық құралдар, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ізгі қарым - қатынастар - бәрі оқушылардың эстетикалық сезімі мен мұратын, талғамын, қабілет шыңдауда жүйелі түрде қызмет етеді.
Баланың эстетикалық сезімі ерте оянады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде ол сурет салуға, тақпақ оқуға, өлең айтуға құштар болады. Ендігі жерде мектептің алдында тұрған міндет, сол құштарлықты дамытып, эстетикалық тәрбие міндеттеріне сай әрбір оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, дамыту, өнерге қатысты дара қабілеттерін тәрбиелеу, оларға мүмкіншілік туғызу. Бұл бағыттағы оқу жүйесінде эстетикалық пәндер жоғары қызмет атқарады. Олардың қатарына бейнелеу өнері, музыка сабақтары жатады.
Әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезініп, одан рухани ләззат алуға бағытталған бейнелеу өнері "Сурет", "Кескіндеме", "Композиция", "Мүсіндеу", "Өнертану", "Көркем еңбек" салалары бойынша жүргізіледі. Бейнелеу өнерінің міндеті бізді қоршаған заттар мен құбылыстардың көрінісін, кескінін, түрін нақтылы суреттеуге, мүсіндеуге және композициясын құруды үйрету. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі оқушылардың көркемдік тұрғыда ойлауын, шығармашылық елесін, қиялын, есте сақтау қабілетін жетілдіруде ықпалы зор.
Қазіргі кезде жас ұрпаққа музыкалық - эстетикалық тәрбие беруде маңызды нәтижеге қол жеткізілді. Музыка пәні сабағында оқушыларға осы саладан теориялық білімдер беріледі, оның тарихымен таныстырады, музыканы тыңдау, ән салу өнеріне үлкен мән беріледі.

1.1 Музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негізі
Жалпы білім беретін қазақ мектептерінде оқушыларды халқымыздың рухани байлығымен, мәдениетімен , салт-дәстүрімен терең таныстырып, бүгінгі қоғам сұранысына сай тәрбиенің жаңарған жүйесін жасау бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Эстетикалық тәрбие де жалпы тәрбиелеу процесінің құрылымына сәйкес өзара тығыз байланысты элементтерден тұрады мақсаты, мазмұны, әдістері,құралдары және нәтижесі.Тәрбие көп жақты процесс болғандықтан ,оған табиғи орта , өмір дүниесі, отбасы, мектеп, өнер және ақпараттық жүйе сияқты түрлі жағдайлар әсер етеді . Эстетикалық тәрбие ұғымы- эстетикалық тәрбие теориясындағы ең жалпы ұғым. Ол өзіне тәуелді бірқатар ұғымдардың бірі - эмоциялық тәрбие. Ол балада эстетикалық қабылдаудың ,шығармашылықпен епестетудің , эмоциялық толқуларының, сондай-ақ рухани қажетсінулердің белсенділігін қамтамасыз ететін мәндік күштерді мақсатқа бағыттап қалыптастыру процесі. Балалардың эстетикалық тәрбие ленуі мен дамуы идеялық, психологиялық және педагогикалық жағынан негізделген бағдарламалық-әдістемелік құжаттардың негізінде идеялық-саяси, адамгершілікжәне еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста эстетикалық тәрбие жүйесі арқылы жүзеге асады. Өнер шындықтың мәні шоғырланып, мазмұнды, толық, көлемді бейнелеп және білдіре алатындықтан, ол адамның өмірге эстетикалық қатынасын қалыптастырудың өткір және әсерлі қаруы болып табылады.
Әдетте музыкалық материал әсерді қорытындылауға жәрдемдесетін жетекші тақырыптар негізінде беріледі. Мысалы, мектепте бұл балаларға музыканың өмірмен тығыз байланысын көрсетуге мүмкіндік береді.( Музыка не туралы айтады?, Музыка нені білдіреді?, Музыкадағы табиғат, қазақтың халық музыкасы. Қорытындылаушы тақырыптарды қамтитын музыкалық туындылар мұғалімге балалардың сүйемелдеуші музыкалық құралдарды ,әртүрлі аспсптарды және әншілік дауыстарды игеру жөніндегі жұмыстарға қайта орлуына мүмкіндік береді.
Музыкалық дамудың барлық кезеңдеріндеде хормен өлең айтуға, сондай-ақ музыкалық іс-әрекеттердің барлық түріндегі білімдерді жинақтауға баса көңіл аудару қажет .Музыка пәнінде музыкалық ұлттық мәдениеттің дамуына едәуір мән беріледі.
Оқушыларды музыкалық өнерге үйретуге сүйіспеншілікті үйретуге олардың арнаулы іскерліктері мен дағдыларын дамытуға(естуін,ән салуын, музыканы қабылдауын,орындаушылық шеберлігін ұштау және т. б дамыту) бағытталған музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің дәстүрлі міндеттерін музыкалық педагогиканың дамуының қазіргі кезеңдегі басты назар оқушылар тұлғасын қалыптастыру проблемасына аударылады.
Музыка оның жоғарғы дамуына жетудің құралы ретінде қарастырылады.
Музыка саласындағы музыкалық іс- әрекеттің сан алуан түрлерінен бүгінгі күні көбірек қатысатыны қабылдау, орындау және біршама аз мөлшерде- шығармашылық іс- әрекет пен музыкалық аспаптарда ойнау. Оқушыларда қабылдауды дамыту- музыка мұғалімнің маңызды міндеті.Өйткені оның негізінді іс-әректтің басқа түрлері жүзеге асады. Музыкалық тәрбиелеу практикасындағы оның әдістемесі мынадай: мұғалім әуен немесе шығарма туралы айтады, қабылдау үшін қажетті жағдай жасайды, содан кейін шығарма тыңдалады, ал одан соң мұғалім оқушылардың тыңдағандары туралы әңгімелесу өткізеді, қайталап тыңдайды. Осындай жұмыстың барысында мұғалім композитор туралы, ол өмір сүрген кезең туралы, шығарманың жасалутарихы туралы, ,оның замандастары қалайқабылдағаны туралы, онда қандай үйреншікті емес көркемдік артықшылықтардың бары туралы айтылады.
Белсенділікті қалыптастыру үшін мұғалім оқушылардың назарын беріпген музыкада қандай көңіл-күй білдіргенше, композитор өз музыкасын жасағанда оның негізгі ойы қандай болғанына , ол арқылы басқа адамдарға не айтқысы келгеніне аударылады. Берілген музыка талдайтын толқуларды бастан өткере отырып , адам қиалында қандай образдар пайда болуы керек? Асқақтаған толқулар әрқашан адам мен ол өмір сүретін қоғамның қайырымдылығымен ,өз халқының , өз Отанының және оның табиғатының тағдырына қатыстылығын түйсінуімен байланысты.
Оқушылардың назарын музыкалық шығармадағы мелодияның және гормонияның, ритмдер мен тембрлердің ойынының әсемдігіне аудара отырып , мұғалім оқушылардың музыкадан алатын эстетикалық ләзаттану дәрежесін тереңдетеді. Эстетикалық әсемдікке сезім арқылы жетуге болады дегенге сендіреді. Бүгінгі таңда оқушыларға эстетикалық тәрбие беру , халықтың мәдени мұрасы , соның ішінде халытық музыканы шығармалар арқылы дамыту жаңа қоғамның сұранысынан туындап отыр. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге терең талдау жасай отырып , эстетикалық іс-әрекет, эстетикалық тәрбие ұғымына берілген түсініктерді жүйеге келтіру үшін эстетикалық тәрбие түсінігі мазмұнын жан-жақты анықтап , оны әрі дамыта түстім. Зерттеу барысында эстетикалық тәрбие берудегі қазақ халқының ағартушылары, ойшылдары еңбегіне тарихи-танымдық талдау жасалып ,еңбектердің мәселені шешудегі ролі анықталып, ұсыныстар берудің маңыздылығы нақтылана түсті. Сыныптан тыс жұмыстар- оқушылардың қызығушылығына, эмоциясына, рухани қажеттілігіне қарай адамгершілік және этикалық, эстетикалық мәдениетіне ықпал ететін үрдіс ретінде қарастырылды.
1.2 Музыка сабағы арқылы берілетін эстетикалық тәрбие
Эстетика -- философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір көрініс табатын саласы өнер деп қарастырған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы -- адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі өнермен бірге жасасып келеді.
Өнер -- мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан болар, "өнер -- мәдениет айнасы" деген қанатты сөздің қалыптасқандығы... Өнердің шынайы мәнінің діңгегі -- сұлулық, әсемдік. Сұлулык, әсемдік -- адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты мақсаты -- қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын (идеалын) беру әрі соған адамды талпындыру, құштар ету.
Эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты -- адамдарда өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу, бағалай және қабылдай білу қабілетін арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді жаңартып, өзгертіп отыру [1, 10 б.].
Эстетикалық тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін қажетсінуін қалыптастыратын жалпы тәрбиелер саласының құрамдас бөлігі. Эстетика-өмірді сезім арқылы біліп танудың негізгі жолы [2, 12 б.].
Бүлдіршіндерге рухани - мәдени тәрбие берудегі эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде бала-бақшада, мектепте музыка пәнін оқыту барысында оқушы бойында ізгілік құндылықтарының қалыптасу белсенділігі күшейеді.
Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, оқыту, тәрбиелеу, арқылы әрбірінің жеке тұлғалық сапаларын жан-жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты деп танылды [3, 28 б.].
Бүлдіршіндердің эстетикалық талғамын қанағаттандыра отырып, олардың музыка өнері жөніндегі ой-өрісін дамытуда, түсінігін кеңейтуде заман талабына сай құрылған музыка сабағының алатын орны зор.
Эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде музыкалық тәрбие мектептің оқу жоспарында қарастырылады. Музыка пәнін оқыту дұрыс қойылған жағдайда балаларды музыкаға сүйіспеншілік пен музыкалық талғам қалыптасып, музыкалық сезім оянады, музыкалық есту мен музыкалық есте сақтау қабілеттері артады. Осы орайда музыкалық көркем туындыны толыққанды қабылдай алу, болжай білу әрекеттері музыкалық тәрбиенің алғышарты ретінде маңызды болады. Бұл ретте музыкалық қабылдау әрекеттерін арттыру өнердің басқа түрлерін кешенді үйлесімде қолдануды қажет етеді.
Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыка адам саласына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал ол дыбыстар - түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес, адам сезімін бейнелеуші, реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен өрнектері.
Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде-ақ назар аударған. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық қару ретінде қолдана білген.
Музыка - қоғамдық сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы. Музыкалық шығармаларды аспаптарда ойнап үйрену, орындау жеке тұлғаның эстетикалық, эмоционалды-сезімдік, құндылықты сана-сезімін дамытып, қалыптастырады, әсемдікті қабылдап, сезінуге талпындырады. Ол эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның эстетикалық талғамын, эстетикалық идеалын қалыптастырады, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы әсемдікті саналы түрде қабылдай білуге үйретеді және өзіндік шығарымпаздық қабілеттерін дамытады [4, 8 б.].
Бұқаралық ақпарат құралдарының кең тарауына, компьютер мен техниканың адам өмірінде шешуші қызмет атқарып отыруына байланысты жас ұрпақтың эстетикалық сауаттылығын, санасын, мәдениетін арттырудың, көкейкестілігі барған сайын күшейе түсуде. Оның өзі негізінде, өнер арқылы жүзеге асатындықтан, өнердің қоғамдық мән-мақсаты маңыздылыққа ие болуда. Ол ұрпақтардың өмірлік тәжірибесін жинақтап, қоғамдық сұраныстың жаңа қажеттіліктеріне жауап бере отырып, адамды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың ықпалды құралы қызметін атқарады.
Бала-бақшадағы және мектептегі музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани әсер алуға, өнегелі істерге баулиды. Осы маңызды міндеттерді орындау үшін баланың бойындағы қабілетті дамыту керек. Ал жалпы музыкалық қабілетті дамыту үшін музыка пәнінің мұғалімі сегіз қырлы-бір сырлы болуы қажет.
Музыка мұғалімінің алдында үлкен жауапкершілік тұратындықтан, ол әр сабақты асқан ұқыптылықпен, терең біліммен жан-жақты дайындықпен өткізуге міндетті. Оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігі, өмірге деген құштарлығы, еңбекке, іскерлікке деген ынтасы артып отыру үшін мұғалімнің әр сабақты сапалы да, жүйелі ұйымдастыруы қажет.
Дұрыс ұйымдастырылған музыка сабағы арқылы оқушылардың бойында адамгершіліктің, жоғары мәдениеттіліктің негізі қаланып, саналы, тәртіпті, ақылды болып өсуі қалыптасады.
Музыка сабағы бірнеше іс-әрекеттерден тұратындығы мәлім: ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты. Осы негізгі іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қосымша дауыс жаттықтыру, шығармашылық тапсырмалар, музыкалық ойындар қолданылады. Әр іс-әрекетті ұйымдастыру барысында кіріспе әңгімелер, талдау, жұмыстарын бір-бірімен тығыз байланыстыра отырып сабақтың негізгі тақырыбына сай біртұтас етіп өткізу керек.
Музыка сабағы басқа пәндердей емес көбінесе ауызша, практикалық түрде оқытушылардың есту, ойлау қабілетінің негізігінде өткізіледі. Сабақтың барысы көбіне тыңдау, айту, ойлау, әңгімелеу тәсілдері арқылы жүргізіледі.
Музыкалық тәрбие жұмысы, бала-бақшадағы мектептегі, оқу-тәрбие іс-әрекетінің табиғи жалғасы әрі маңызды элементтерінің бірі ретінде, музыка сабақтарында алған білім, іскерлік дағдыларын әрі қарай тереңдетіп жалғастырушы құралы.
Музыканы мәнерлеп орындауда музыкалық бейнелерді терең түсінгендік сезілуі тиіс. Осыған орай А.П.Чеховтың: Адам бойында бәрі де әдемі болуы керек: денесі де, киімі де, жаны да, ойлары да деген сөздерін еске сақтау абзал. Әлемді эстетика тұрғысынан танудың субъективті қыры ретінде эстетикалық сезімдер, әсемдікке деген көзқарас, бағалау, ой-толғаныстар, идеялар, яғни адамның эстетикалық саналылығы қарастырылады. Әр баланың өз қолымен әсемдікті тудыруға қатысуы осы музыка сабағы арқылы іске асады.
Музыка тілі - басқа өнер саласымен салыстырғанда күрделі тіл екендігі белгілі. Ол сезімге әсер ете отырып, адамның қиялы мен көңіл күйіне байланысты қабылданады. Музыкалық тәрбие беруде мұғалімнің алдына негізгі үш міндет қойылады. Бірінші міндет - әртүрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту, екінші - сезім арқылы музыканы саналы түсінуге баулу, үшіншісі - музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдысы мен шығармашылығын дамыту. Бұл міндеттер негізінен жалпы білім беретін мектептің музыка сабағы барысында іске асырылады. Ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаттылығымен танысу мен шығармашылық жұмыстар музыкаға тәрбиелеудің басты іс-әрекетері болып есептеледі. Оқушылардың жан-жақты дамуы баланың ішкі дүниесін байытады, саз өнерін терең және толық қабылдап қана қоймай, айналадағы дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді. Музыка сабағының басты іс-әрекеттері педагогтан алдын ала даярлықты, шығарманы таңдауды, оқушыларға үйретудің әдіс-тәсілдерін терең ойластыра отырып, аспапта орындалатын әнді еркін ойнауды талап етеді. Мұғалімнің сыныпқа қарап тұрып еркін ойнауы, дауыс ырғағы, бет пішіні оқушыларды баулып, әнді қызығушылықпен меңгеріп алуына көмектеседі.
Музыка өнері бойынша мұғалім әңгіме сабақтарда музыка өнер шеберлерінің өнерімен, шығармашылығымен және олардың тандаулы шығармаларымен таныстырады, туындыларының көркемдік ерекшелігін түсіне білуге үйретеді. Бұл оқушылардың білім дәрежесін көтеріп музыка өнері ұғымдарын арттыра түседі. Мұндайда музыка өнерінің түрлері мен жанрларының бір-бірімен айырмашылығын, өзара байланысын ұғындырудың өзіндік маңызы бар.
Сабақта музыка өнері өнердің қай саласына жататынын туындының қандай жанр бойынша орындалғандығы сөз етіледі. Музыка өнерінің түрлері мен жанрлары туралы нақты мысалдар келтіре отырып, музыка өнерінің негізгі ұғымдарын түсіндіру. Оқушылардың бойына музыка және оны түсіну дағдыларын қалыптастыру - сабақтың негізгі мақсаты болып табылады.

2.1 Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру
Тәрбие сонау алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, осы күнге дейін келе жатқан бір сәтте тоқтамаған үнемі даму үстінде болса да, әр заманда ол туралы қандай бір келелі пікірлер айтылса да, небір шаралар істелсе де, түйіні мен түйткілі көп үрдістердің бірі. Әр заман, әр дәуір өз проблемасын алып келіп, оның бұрыннан шешілмей келе жатқан мәселелері үсті-үстіне жамалып көбеймесе азайып отырған жоқ. Осындай түйткілді мәселелердің бірі - жастарға эстетикалық тәрбие беру. Болашақ педагог маман, бүгінгі студенттерге эстетикалық тәрбие беру мәселесі кейінгі кезде бәсеңдеп қалған жайы бар. Бұны қайтадан жандандырудың көп жолдарының бірі, халқымыздың көркемдік тәрбиеге байланысты ертеден келе жатқан ой-пікірлеріне сүйене отырып, солардың ішінен қазіргі заманғы эстетикалық тәрбие мәселелерін шешуге іргетас болатын ұрымтал ой-пікірлерді бүгінгі күн талаптарына сай пайдалану.
Ал эстетикалық ойлар болса, ерте заманнан бері қарай адамдардың санасында орын алғанын сол кезден бері қарай бізге жеткен туындылардан табамыз. Атап айтсақ, Күлтегін, Оғызнама жазба ескерткіштерінде бұл Отанға, халқына болған сүйіспеншілікпен күнделікті тұрмыс заттарындағы әшекей бұйымдар, әдемі бейнеленген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz