Мұғалімнің құзыреттілігі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Мұғалімнің құзыреттілігі

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру - бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы
1.1 Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі - нәтижелі білім берудің негізі ... ... ...11
2. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру
2.1 Жаңа формация маманы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың
ғылыми - педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3 Құзыреттілікті дамытуда мұғалімнің шығармашлық жұмысынның маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Жастардың ақыл-ой әлеуметін барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы жоғары болмақ. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің реформалаудың бастапқы кезеңі аяқталды. Бүгінгі күні білім беру саласының тиісті заңды базасы жасалды.
Елбасы Н.Назарбаев өзінің Қазақстан - 2030 жолдауында: оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек дегені мәлім. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар - әрине, жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім мен салауатты тәрбие беру қажет. Ол, Мағжан айтқандай, мектеп пен ұстаздарға байланысты.
Еліміздің дамуының алғы шарты білім дедік, яғни Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ? деген сұрақ туындайды. Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру түптеп келгенде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты. Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады.
Құзыреттілікті қалыптастыру - білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама - қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.
Құзіреттілік тәсіл идеясы - қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады деген сұраққа жауап береді. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру - бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.
Мұғалімнің басты рөлі - тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.
Зерттеу жұмысының мәселесі. Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі мазмұнды ығыстыра отырып,елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің (Жапония, Германия, Голландия) тәжірибесіне назар аударсақ,түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осы мақсатқа орай, бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық біліктерді шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, тірек сигналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модульдік технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы мұғалім.
Қазір санның заманы өтіп, сапаның дәуірі туып отыр. Жас ұрпаққа жан-жақты білім беруде сапа категориясын бірінші орында қойып отырған мектеп ұжымында Озат тәжірибе мектебі, Жас маман мектебі, Шығармашылық топ және пән бірлестіктері аталған мәселелерді талқылап, зерттеп, шешу жолдарын анықтауда ұйымшылдықпен табысты еңбек етуде. Бәрінің алдына қойған өзекті мәселесі:Оқу-тәрбие үрдісінде эстетикалық тәрбие беру арқылы қоғам талабына сай шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты - мұғалімдердің педагогикалық шеберлігімен қатар, оны басқару ісін тиімді ұйымдастыру, дұрыс бағыт-бағдар берілетін әдістемелік жұмыстарды жүргізу, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында мектеп ұжымының ықпалы.
2. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру - бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы ретінде.
3. Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру.
4. Қазіргі заманғы мектептегі білім сапасын жетілдіру білім үрдісінің субъектілерін дамыту шарты ретінде.
Зерттеу пәні: мұғалімнің құзыреттілігі.
Зерттеу объектісі: қазіргі таңдағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру - бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы
1.1 Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру
Адам кәсібилігінің қажетті құрамдас бөлігі кәсіби құзыреттілік болып табылады. Кәсіби құзыреттілік мәселесі отандық және шетел ғалымдарының жұмыстарында қарастырылады. Кәсіби құзыреттіліктің заманауи бағыттары және түсіндірмелері тіптен әртүрлі. Қазіргі кезде шетел әдебиеттерінде бар кәсіби құзыреттілік анықтамалары, яғни терең білім, тапсырманы адекватты орындау күйі, қызметті актуальды орындау қабілеттері және басқалары бұл ұғымның мазмұнын толық нақты түсіндіре алмайды. Және де отандық ғалымдармен кәсіби құзыреттілік мәселесі белсенді зерттелуде. Көп жағдайда бұл ұғым біліктіліктің жоғары деңгейін және кәсібилікті айқындау үшін ішкі оймен пайдаланылады. Кәсіби құзыреттілік маманның дайындық сапасының сипаттамасы, еңбек қызметінің тиімділік әлеуеті ретінде қарастырылады. Педагогикада бұл категория жалпы мәдени құзыреттіліктен туындаған өнімді компонент ретінде немесе маманның білімділік деңгейі ретінде қарастырылады. Егер кәсіби шеберлік деңгейлер жүйесінде құзыреттілік орнын анықтайтын болсақ, онда ол орындаушылық пен кемелдену арасында орналасқан. Төменде біз педагогикалық зерттеулерде педагогтің кәсіби құзыреттіліктің тұлғалық қасиеттерге, кәсіби іс-әрекеттің мазмұндық және процессуалдық компоненттерден тұратынын айқындайды.
Кәсібилік дегенде біздер әр түрлі жағдайларда күрделі қызметті адамдардың жүйелі, тиімді және сенімді орындауының ерекше өзгешелігі деп түсінеміз. Кәсібилік ұғымында қоғамда бар стандарттар мен объективті талаптарға сәйкес кәсіби қызметте адамның психологиялық құрылымын игеру деңгейі бейнеленеді. Кәсібилікті игеру үшін сәйкес келетін қабілеттер, ниет және мінездеме, үнемі оқуға және өз шеберлігін жетілдіруге дайын болуы керек. Кәсібилік ұғымы жоғары білікті еңбек сипаттамасымен шектелмейді, бұл және адамның ерекше дүниетанымы.
Кәсібилікті маманның дамуының әртүрлі бағыттарымен қатыстырып, кәсіби құзыреттіліктің төрт түрі анықталады: арнайы, әлеуметтік, жеке, дара.
1. Арнайы, немесе қызметтік кәсіби құзыреттілік жоғары кәсіби деңгейде қызметті меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп қоймай, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдануды білумен сипатталады.
2. Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет және серіктестік әдістерін игерумен сипатталады.
3. Жеке кәсіби құзыреттілік өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін, кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгерумен сипатталады. Және осыған маманның өз кәсіби қызметін жоспарлауды, өз бетімен шешім қабылдауды, проблеманы көруді енгізеді.
4. Дара (индивидуальды) кәсіби құзыреттілік өз-өзін басқара білу тәсілдерін, кәсіби өсуге дайындық, кәсіби қартаюға берілмеу, кәсіби мотивацияның табанды болуы қасиеттерін меңгерумен сипатталады.
Кәсіби құзыреттіліктің бір маңызды құрамдас бөлігі ретінде өз бетімен жаңа білім, білікті игеру және де оны тәжірибелік қызметте пайдалану қабілетін атайды. Кәсіби құзыреттіліктің келтірілген түрлерін педагогтың кәсібилігін бағалау міндеттеріне пайдалануға болады деп есептейміз.
Педагогикалық құзыреттіліктің иерархиялық моделі қызығушылық туындатып отыр, онда әр келесі блок келесі компоненттердің өсуіне арналған платформа құра отырып, алдыңғысына сүйенеді. Блоктың құрамдас моделі педагогикалық құзыреттіліктің алты түрін ұсынады: білімдік, қызметтік, қарым-қатынастық, эмоционалдық, жеке, шығармашылық. Педагогты оқыту процесінде оның құзыреттілігінің қалыптасуына тікелей қатысы бар бірізділік ұстанымының ерекше мәні атап көрсетіледі. Мәтіннен алынған бөлек бір блок педагогқа қажетті кәсіби құзыреттілікті қамтамасыз етпейді. Кәсіби құзыреттілік мәселесі бойынша зерттеулерді талдауды ескере отырып, педагогикалық бейіндегі мамандарға қатысты қарастырылатын ұғымды нақтылаймыз. Жоғарыда айтылғандарға сай педагогтың кәсіби құзыреттілігі маманның тұлғалық сапалы сипаттамасын ұсынады, оған пәндік сала және педагогика психология саласы бойынша да ғылыми-теориялық білім жүйесі енгізіледі.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі - бұл өзіне мұғалімнің теориялық білім жүйесін және нақты педагогикалық жағдаяттарда оны қолдану әдістерін, педагогтың құндылық бағдарын, және де оның мәдениетінің аралас көрсеткіштерін (сөйлеу, қарым-қатынас стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас білім салаларына және т.б. қарым-қатынасын) енгізген көп факторлы құбылыс.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің келесі компоненттерін бөлеміз: мотивациялық-еріктік, функционалдық, қарым-қатынастық және рефлексиялық.
Мотивациялық-еріктік (мотивация - себептер жүйесі) компонентке мотивтер (себептер, дәлелдер), мақсаттар, қажеттіліктер, құнды тіректер енеді, мамандықта тұлғаның шығармашылық көрінуіне ықпал етеді, кәсіби қызметке қызығушылықтың болуын білдіреді.
Функционалдық (лат. functio - орындау) қандай да бір педагогикалық технологияны жобалап жүзеге асыру үшін мұғалімге қажетті, жалпы жағдайда педагогикалық қызмет әдістері туралы білім түрінде көрінетін компонент.
Қарым-қатынастық (коммуникативтік) (лат. communico - байланыстырамын, қарым-қатынас жасаймын) құзыреттілік компонентіне ойын анық, нақты жеткізе білу, көз жеткізе білу, дәлелдеу, дәлел құра білу, талдау, ойын айта білу, рационалды және эмоционалды ақпаратты жеткізе білуі, өзара қарым-қатынас орната білуі, әріптестер әрекеттерімен өз әрекетін келістіруі, әртүрлі іскерлік жағдаяттарда қарым-қатынастың озық стилін таңдау, диалог ұйымдастыру және қолдау көрсету енгізіледі.
Рефлексиялық (лат. reflexio - артына назар аудару) компоненті өз қызметінің және өз дамуының, жеке жетістіктерінің деңгейінің нәтижесін саналы бақылай білумен; креативтілік, алға ұмтылушылық, серіктестікке бағытталу, шығармашылық, өзіндік талдауға бейімділік сияқты қасиеттер мен ерекшеліктерді қалыптастырумен анықталады. Рефлексиялық компонент жеке жетістіктердің бағыттаушысы, адамдармен қарым-қатынаста жеке мағынаны іздеу, өз-өзін басқару, және де өз-өзін тануды, кәсіби өсуді, шеберлікті жетілдіруді, мағыналы шығармашылықты қызметті оятушы және жұмыстың дара стилін қалыптастыру болып табылады[70; 28-29бб].
Құзыретті педагог қалыптастырудың педагогикалық міндетінің таралу деңгейіне қарамастан оның шешімінің аяқталу айналымы ойлау - әрекет жасау - ойлау үштігіне тоқталады және педагогикалық қызметтің компоненттерімен және соларға сай білімдермен сәйкес келеді. Нәтижесінде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің моделі оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігі ретінде орындалады. Бұл жерде педагогикалық біліктер төрт топқа біріктірілген.
1. Тәрбиенің объективті процесінің мазмұнын нақты педагогикалық міндеттерге аудара білуі: жеке тұлғаны және ұжымды олардың жаңа білімді белсенді игеруге дайындығының деңгейін анықтау үшін зерттеу және осы негізде ұжымның және жеке оқушылардың дамуын жобалау; білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттері кешендерін анықтау, оларды нақтылау және басым міндеттерді анықтау.
2. Логикалық аяқталған педагогикалық жүйені құра білу және қозғалысқа келтіру: білім-тәрбие міндеттерін кешенді жоспарлау; білім процесі мазмұнының негізделген таңдауы; оны ұйымдастыру түрі, әдістері және құралдарының дұрыс таңдауы.
3. Тәрбие компоненттері мен факторлары арасында өзара байланыстарды анықтай білу және орнату, оларды әрекетке келтіру: қажетті жағдайларды тудыру (материалдық, моральдық-психологиялық, ұйымдастырушылық, гигиеналық және т.б.); оқушы тұлғасын белсендендіру, оны объектіден тәрбие субъектісіне айналдыратын іс-әрекетін дамыту; біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру және дамыту; мектептің ортамен байланысын қамтамасыз ету, бағдарлауға келмейтін сыртқы әсерлерді жүйеге келтіру.
4. Педагогикалық қызметтің нәтижесін есепке ала білу және бағалау: мұғалім қызметінің нәтижесін және білім процесін талдау және өзін-өзі талдау, басым және бағынышты педагогикалық міндеттердің жаңа кешенін анықтау.
Қорыта келе, жоғарыда келтірілген кәсіби құзыреттіліктер құрылымдық компоненттерін жоғары деңгейде қалыптасуы үшін білім беру ортасы және қызмет мазмұны мен бағыты оның дамуын қамтамасыз ету керек, сонымен бірге әр педагог өз әрекеті мен кәсіби жетілуін саралап, бағалау керек.
1.2 Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі - нәтижелі білім берудің негізі
Ұлы Абайдың: Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, - деген сөздері ұстаздық мамандықтың болмысын ашатын сөздер емес пе?
Сондықтан кәсіби шеберлігі шыңдалған, құзырлығы жоғары, өз ісінің технологы болу ұстаздан нені талап етеді десек, ол мұғалімнің шығармашылық іс - әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден тұрады. Нәтижеге бағытталған білімдендірудің жаңа жүйесіне көшу мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда да жаңа көзқарасты қалыптастыруды, құзырлықтарын үнемі дамытуды талап етеді.Жоғары мәдениетті адам ғана осы қажеттіліктерді шешудің жолдарын іздейді, табады.
Ойы жүйрік, ақылы терең, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, шығармашылығы биік, кәсіби шеберлігі жетілген, ізденуші, зерттеуші, жасампаз жаңашыл ұстаз - бүгінгі қоғамның тапсырысы.
Әр сабағына өздігінен білім меңгерудің, ізденіс пен жемісті еңбектің қайнар көзіне айналдырғанда ғана, талапқа сай мұғалім болу мәселесі шешіледі. Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер, - дейді Жүсіпбек Аймауытов.
Құзыр- бұл адамның бойындағы бар білік пен білім және қабілеттері. Құзырет - қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс әрекетке дайындық, Ал, құзыреттілікдегеніміз - бұл адамға берілген немесе жүктеген істі нәтижелі түрде орындауын бағалау мінездемесі. Бұл адамның бойында өзіндік, жауапкершілік, коммуникабельдік, жаңалықты жоғары қабылдайтын, мәселені шеше алатын, адамгершілігі мол, білімі жоғары, жаңа технологияларды меңгере алатын, ұжымда жұмыс жүргізе алатын, белсенділік қасиет - қабілеттерінің болуы.
Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы.Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың , интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:
+ бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);
+ мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
+ оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
+ коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
+ ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
+ әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
+ тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.
Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг, К.Ушинский, А.Макаренко, В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы , адамның жан дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.
Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары еңбек көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.
Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби - педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады.Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.
Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.
Ең бірінші кезекте мұғалімнің өзіндік жаңалығы болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім - оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.
Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.

2. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру
2.1 Жаңа формация маманы
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын арттыруды талап етіп отыр. Нәтижеге бағдарланған білім беру сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған Жаңа формация маманы болу - білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Білім беруді түрлендіруде, білім процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіндегі педагогтің кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізін айқындап алу үшін, терминнің дербес анықтамасына тоқталсақ. Психологиялық- педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзыреттілік және құзырет ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі, С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, "қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік", ал екіншісі, " қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс - әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері". Методикалық терминдер сөздігінде" "Құзыреттілік - қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі", - делінген. Дұрыс ұйымдастырылған әдістемелік пен оның кәсіби дамуға бағытталған жұмыстары ғана жаңашылдық кепілі болады. Сол себепті, мұғалімдерді кәсіби біліктілігін арттыруда педагогтардың өздеріне бағытталған іс - әрекеттерін жаңаша ұйымдастыру өте маңызды.
Кәсіби құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой тұжырымдарын терең талдай отырып, нәтижеге бағытталған білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің құзыреттілігін үш аспектімен сипаттауға болады.
Мәндік аспект, яғни ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым - қатынас, бұл жағдайда нәтижеге бағытталған білім беру маңызы, теориялық негізі жатады;
Проблемалық - практикалық аспект, бұл - бастауыш сынып мұғалімінің алдына мақсат, міндет нормаларын қойып және оны орындау жолдарын сын сипаттайды;
Коммуникативтік аспект, бұл - педагогтің осы үрдіске, ахуал қатынасын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді.
Құзыреттілік - оқу нәтижесінде меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Нәтижеге бағытталған сапалы білім беруде бастауыш сынып мұғалімінің құзыреттілігі:

Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет. Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытуды іске асыруда түрлі инновациялық технологиялардың әдіс - тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Сонымен қатар психологиялық - педагогикалық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін өз ісінде шебер сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.
Әлеуметтік құзыреттілік - бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті, ұжыммен, топпен қызмет ету, кәсіби қарым - қатынас тәсілдерін қолдана білу. Яғни, мұғалім оқушылармен қарым - қатынаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек.
Пәндік құзыреттілік - білім беру қызметінде белгілі бір пәндер шеңберіне қатынасты білім, біліктілігі және дағдысы мен іс - әрекетінің сапалар жиынтығы. Педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі.
Ақпараттық құзыреттілік - айрықша назар аударуды қажет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Құзыреттілік теориясы
Кәсіби құзыреттілік ұғымының мазмұны
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
12 жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі
ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы педагогикалық мәселелері
Мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі
Болашақ педагог-психологтың менеджерлік құзіреттілігін қалыптастыру
Колледж білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру ерекшелігі
Пәндер