Мұнайдың физика-химиялық қасиеттері



Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Мұнайдың физика-химиялық қасиеттері

Орындаған: Қуанышбай Қымбат
Тексерген:

Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мұнайдың физика-химиялық қасиеттері
1.1 Мұнайдың химиялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Мұнай физикалық қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.Мұнайдың экожүйеге әсері
2.1 Топырақтың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Мұнай және мұнай өнімдерінің топырақта таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақтың биодинамикасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.42.4 Топырақтағы мұнай және мұнай өнімдерінің мөлшерін анықтау гравиметриялық әдіспен анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасының Батыс өлкесінде мұнай өндіру жылдан жылға артып келеді. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығына жарамды жерлер мұнай және мұнай өнімдерімен ластануда. Сонымен қатар мұнай және газ өндіру нәтижесінде топырақтың беткі құнарлы қабаты бүлініп, ауыр техника және көліктің салмағымен тапталып, бұзылып, мұнай қалдықтарымен ластануда. Топырақ қабаты болып жатқан процестер мен өзгерістер туралы ақпаратты жинап, қоршаған ортаның өзіндік индикаторы болып табылады. Агроэкологиялық мониторинг кезінде қарастырылатын негізгі көрсеткіштер болып: қышқылдық гумус қабатының жойылуы, тұздану және мұнаймен ластану табылады. Топырақтың антропогендік деградациялануы негізінен мұнай өндіретін, тасымалдайтын және өңдейтін аймақтардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануымен байланысты. Мұнай және мұнай өнімдері биосфераны ластайтын заттар ішіндегі негізгілерінің бірі болып табылады.
Мұнай және мұнай өнімдерімен ластану жаңа экологиялық жағдай тудырады, табиғи биоценоздың терең өзгерісіне және толық трансформациясына әкеледі. Ластанған топырақ жалы ерекшелігі: топырақ мезо және микрофаунасының түрлік және сандық шектелуі.
Мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, өңдеу және тасымалдау жердің топырақ қабатының құнарлығына кері әсерін тигізеді. Құнарлы топырақ мол өнім екені белгілі. Сонымен бірге біздің планетамызда топырақ маңызды басқа да роль атқарады. Жердің топырақ жамылғысында және оның гумустық қабатында тірі организмдердің және олардың биогенді энергиясының негізгі бөлігі орналасқан. Осыдан топырақ-организмдер экологиялық жүйесі биосфераның қалыптасуының, тұрақтылығының және өнімділігінің бас механизмінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының энергетикалық жоспары алдағы ұзақ уақытта қара алтынды өндіру көлемін жоғарылатуды көздейтіні белгілі. Бұл мұнай құбырларының кеңеюі мен мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мөлшерінің көбеюіне әкеледі.
Сондықтан, жаңа апаттар мен мұнай және мұнай өнімдерінің төгілу қауіптілігін жоққа шығаруға болмайды.
Топырақ кез келген топырақтық экожүйенің маңызды ажырамас бөлігі болып табылады. Биосфераның тұрақтылығын сақтауда үлкен роль атқарады. Оның бақылаусыз қолдануы топырақ қабатының бұзылуына әкеледі. Топырақтың деградациялануы ғаламдық сипатқа ие және экологиялық құлдыраудың негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақтың өзіндік тазару және қайта қалпына келу процестері өте ұзақ. Сондықтан бұл проблемаға байланысты жүргізілген бірнеше зерттеулерге қарамастан, аймақтың табиғи жағдайларының ерекшеліктерін есепке ала отырып тазарту әдістерінің тиімді түрін қажет етеді.
Жұмыстың мақсаты: мұнайдың физика-химиялық қасиеттеріне сипаттама беріп, экожүйеге әсерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері
Топырақ беткі қабатының ұңғыма радиусынан алшақтаған сайын мұнай және мұнай өнімдерімен ластану дәрежесін анықтау.
Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақтағы азоторганикалық заттардың алмасу процесіне қатысатын ферменттер жағдайын зерттеу. Ластанған топырақтағы тотығу-тотықсыздану процестерін оксидоредутазалар белсенділігіне қарап бағалау.
Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақ құрамындағы микроорганизмдік көрсеткішті зерттеу.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Мұнайдың физика-химиялық қасиеттері
1.1 Мұнайдың химиялық құрамы
Экологиялық-геохимиялық сипаттама бойынша мұнайдың негізгі құрамы жеңіл фракциядан (қайнау температурасы 2000С), метандық көмірсутектер (қатты парафиндерді қосқанда), циклдық көмірсутектер, шайыр, асфальтендерден және күкірттік қосылыстардан тұрады деп белгіленген 5.
Мұнайдың жеңіл фракциясы ең көп қозғалмалы төмен молекулалы метандық (алкандар), нафтендік (циклопарафиндер) және ароматикалық көмірсутектерден тұрады.
Жеңіл фракцияның ең көп бөлігі метандық көмірсутектер (алкандар, С5-С11) тұрады. Топырақ, су ортасына түскен метандық көмірсутектер тірі организмдерге токсикалық және наркотикалық әсер тигізеді. Соның ішінде қысқа тізбекті н-алкандар тез әсер етеді. Себебі, олар суда жақсы еріп, организмдердің жасушаларының мембраналарына оңай кіріп, цитоплазмалық мембраналардың жұмысын тоқтатады. Алкандардың ұшқыштығына және ерігіштігіне байланысты олардың әсері ұзаққа созылмайды. Тұзды суда қысқа тізбекті н-алкандар оңай әрі тез еріп, улылығы арта түседі. Көп зерттеулер жеңіл фракцияның микроб қоғамдастықтарына, топырақтық жануарларға токсикалық әсері өте жоғары екенін айтады. Жеңіл фракция топырақ қабатының көлденеңінен және сулы горизонтынан оңай орын ауыстырады. Мұнайдағы жеңіл фракция мөлшері аз болған сайын мұнай улылығы да азаяды, бірақ қатысты мөлшері көбейген ароматикалық қосылыстардың улылығы артады. Топырақтан ұшу процесі арқылы 20 дан 40% дейін жеңіл фракция жойылады 6, 10.
Метандық көмірсутектер.Қайнау температурасы 2000С жоғары метандық көмірсутектер суда ерімейді. Олардың улылығы төмен молекулалық құрылысты көмірсутектерге қарағанда біршама төмен.
Топырақтың мұнаймен ластану кезінде мұнай құрамындағы қатты метандық көмірсутектер (парафиндер) мөлшері ластанудың негізгі сипаттамаларының бірі болып табылады. Парафиндер тірі организмдер үшін улылық қаупін тудырмайды, және жердің беткі қабатында қатты күйге ауысып, мұнайдың қозғалысын төмендетеді 7, 10. Алкандар көптеген микроорганизмдермен (саңырауқұлақтар,бактериялар) ассимиляцияланады.
Қатты парафин қиын ыдырайды, ауада қиын тотығады. Ол топырақ қабатының кеуектерін ұзаққа дейін бітеп, топырақтың оңай ылғал алмасуы мен дем алуына кедергі келтіреді. Ол ең бірінші биоценоздың толық деградациясына әкеледі.
Циклды көмірсутектер. Бұл топқа мұнайдағы нафтендік және ароматикалық көмірсутектер жатады. Нафтендік көмірсутектер 35 до 60 % құрайды. Нафтендердің топыраққа улылық әсері туралы еш ақпарат жоқ. Бірақ нафтендердің тірі организмдерге оң әсері туралы (емдік мұнай, Әзірбайжандағы Нафталан мұнай кен орны) мысалдар келтіруге болады. Бұл мұнайдың биологиялық белсенділік факторы - полициклды нафтендік құрылым. Нафтендік құрлымның негізгі тотығу өнімі - көмірсутек қышқылдары мен оксиқышқылдар.
Мұнай құрамында ароматикалық көмірсутектер 5-15 %, көбінесе 20-40%. Ароматикалық көмірсутектер мұнай құрамындағы ең улы заттар. Судағы оның 1 % концентрациясы барлық су өсімдіктерінің тіршілігін жояды. Құрамында 30-40 % ароматикалық қосылыстары бар мұнай жоғары өсімдіктер өсу процесін біршама тежейді. Моноядролық көмірсутектер - бензол және оның гомологтары полициклды ароматикалық көмірсутектерге қарағанда улылық қасиеті тез әсер етеді. Себебі, полициклды ароматикалық көмірсутектер организм жасушаларының мембраналарына баяу кіреді. Бірақ олардың улылық әсер ету уақыты ұзаққа созылады.
Шайырлар мен асфальтендер Ароматикалық көмірсутектердің ыдырау процесі қиын жүреді. Топырақта бұл процесс оның беткі қабатында
Шайырлар - тұтқыр, май сияқты заттар, асфальтендер - қатты, жеңіл молекулалық көмірсутектерде ерімейді.
Шайырлар мен асфальтендер құрамына мұнайдағы негізгі микроэлементтердің көп бөлігі кіреді, соның ішінде барлық металдар. Улы емес және улылығы төмен металдар қатарына: Si, Fe, Al, Mn, Ca, Mg, P жатқызуға болады. Басқа микроэлементтер: V, Ni, Co, Pb, Cu, U, As, Hg, Mo концентрациясы көбейген кезде биоценозға улы әсерін тигізу мүмкін.
Шайырлы-асфальтенді компоненттердің топырақ экожүйесіне кері әсері оның химиялық улылығында емес, топырақтың сулы физикалық қасиетінің өзгерісінде. Егер мұнай топырақтың беткі қабатына төгілген болса, онда шайырлы-асфальтенді компоненттер топырақтың беткі гумус қабатына сорбцияланып, кейде қатты цемент пленкасын түзеді. Бұл топырақтың кеуектік кеңістігін кішірейтеді.
Мұнай химиялық құрамы жағынан органикалық қосылыстардан тұрады, яғни оның негізі - С,Н. Мұнай құрамында көмірсутектерден басқа да аз мөлшерде органикалық қосылыстар болады.Ол қосылыстардың құрамына О,S,N және металдар кіреді. Шайыр және асфальт заттары сияқты үлкен молекулалы қосылыстар да бар. Мұнайдың құрамы бірдей емес. Бірақ олардың бәрінде де көмірсутектердің үш түрі - парафиндер, циклопарафиндер, аромат қосылыстар болады, бұл аталған көмірсутектердің барлығының мөлшері әр мұнай кенінде әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, Маңғыстау мұнайы қаныққан көмірсутектерге, Баку аймағындағы мұнай циклопарафиндерге бай келеді.
Мұнай - ең маңызды сұйық пайдалы қазба. Бірақ оны дұрыс пайдалана білмесе, тіршілік атаулына зардабын тигізеді. Жыл сайын дүниежүзілік мұхитқа 10 млн тоннадай мұнай өнімдері төгіледі. Жердің жасанды серіктерінен түсірілген фотосуреттер, мұхиттар мен теңіздерде тікелей жүргізілген бақылау нәтижелері мұхит бетінің шамамен 13 мұнай кілегейі жапқанын көрсетеді. Бұл бүкіл әлем бойынша үлкен зардап келтіреді.
Мұнай мұхиттағы ірі сүтқоректілер: китке, дельфинге, итбалыққа және құстарға зиян келтіреді. Егер итбалық су бетіне мұнай жайылған жерден шығып, терісіне дақ түсірсек ондай тері жылытудан қалады. Сол сияқты мамығы бөлінген құс та суықты көтере алмайды. Онымен қоймай құстұмсығымен қауырсынын тазалаймын дегенде мұнай тамшыларын жұтып, уланады. Мұнаймен уланса кит те өледі. Сөйтіп, мұнайдан теңіз әр түрлі жолдармен ластанады. Мұнайдың суға төгілуі көбінесе теңіздің таяз жеріндегі мұнай таситын кемелер апатқа ұшырағанда жиі кездесетін жағдай. Сонымен бірге теңізге құятын ластанған өзендер де өз үлесін қосады [2].
Мұнай түзілу - өте күрделі, көп сатылы және көп уақыт жүретін химиялық процесс, оның тетігінің кейбір сәттері әлі белгісіз. Себебі бастапқы органикалық материалдар шашыранды түрінде, оның мұнай мен газға айналу өнімдері де, әуелгі кезде мұнай аналық көбінесе балшық қабатында кездесуі әбден ықтимал.
Мұнайдың жер бетіне шығуын Каспий теңізінің жағалауында 500 жыл бұрын, ал газдың жер бетіне шығуын Кавказда және Орталық Азияда біздің заманнан 6 жыл бұрын ғалымдар байқаған. Мұнай өндірістік мәнге ХІІІ ғ бастап ие бола бастады. Мұнай жердің қалдық қабатына көп тараған сұйық, жанғыш минерал. Мұнай және одан жер бетіне бөлінетін табиғи өнімдер - асфальтендар және битумдар адам баласына көптен белгілі. ХІІІ ғ соңынан бастап мұнай өңдеудің өнімі - керосинді үйлерді және кұжарықтандыруда пайдалана бастады, ал ХІХ ғ бастап ішкі жану двигательдері ойлап табумен байланысты мұнай өнімдері әр түрлі жол көліктерінде негізгі отын болды.
Мұнайдың түзілуін анықтау қазіргі ғылымның ең күрделі проблемасы болып табылады. Мұнайдың анорганикалық түзілу теориясын алғашқылардың бірі болып Менделеев 1877 жылы ұсынды. Оның жорамалы бойынша мұнай көмірсутектері жер астында металл карбидтерінің сумен әрекеттесуінің нәтижесінде түзіледі. Бірақ мұнай құрамындағы көптеген әр түрлі құрылымды көмірсутектердің пайда болуына карбид теориясымен түсіндіру мүмкін емес.

1.2 Мұнай физикалық қасиеттері
Мұнайдың және мұнай өнімдерінің тауар ретіндегі сапасы әртүрлі технологиялық параметрлермен сипатталады және бұл көрсеткіштер өте алуан. Фракциялық және химиялық құрамынан басқа негізгі көрсеткіштері:
1) Тығыздығы;
2) Молекулалық массасы
3) Тұтқырлығы
4) Температуралық сипаттамалары (тұтану, лаулау, өздігінен лаулау, қату температурасы және басқалары)
Көптеген сипаттамалары зертханалық бақылау және технологиялық процестерді реттеу үшін қолданылады, сонымен бірге мұнай көрсеткіштерінің мәндері мұнай зауыттарындағы аппараттарды есептеу үшін қажет. Тығыздығы. Мұнай өнімдерін тиеу, тасымалдау, сақтау және тұтыну процестеріне әсер ететін негізгі сипаттамаларының бірі. Тығыздық мәні бойынша оның сапасын және бағасын айтуға болады. Әдетте мұнайдың экологиялық жасы үлкен болса, оның орналасу терендігі үлкен, тығыздығы аз болады. Құрамында арендер көп болатын мұнай фракциясына қарағанда парафинді мұнайдан алынған фракцияның тығыздығы аз болады. Мұнайдың қайнау температурасы жоғарлаған сайын және онда ароматты көмірсутектер қатарының болуымен тығыздығы жоғарлайды. Мұнайдың тығыздығы оның химиялық құрамына тәуелді. Берілген температурада тығыздықты анықтау - мұнай құрамын анықтау процесіндегі кең таралған әдістердің бірі. Көптеген мұнай үшін тығыздық 0,80-нен 0,90-ға дейін болады. Тұтқырлығы жоғары шайырлы мұнайдың тығыздығы бірге жуық. Мұнай өңдеуге мұнай өнімдерінің физика химиялық қасиеттерін анықтауда салыстырмалы немесе меншікті тығыздық қолданылады. Меншікті тығыздық t1 температурада дене массасының t2 температурада судың сол көлемінің массасына қатынасы тең. Салыстырмалы тығыздық 200С-да алынған мұнай өнімдерінің тығыздығының 40С-тағы судың тығыздығына қатынасымен анықталады. Себебі 1 см3 су 40С-та 1,0г тең, сонда . Алайда тығыздықты керек температурада өлшеуге болады. Онда салыстырмалы тығыздықты мына формуламен есептейді: (1), мұндағы - 200С-тағы мұнай өнімінің салыстырмалы тығыздығы, - берілген t температурадағы мұнай өнімінің салыстырмалы тығыздығы; -температура 1С0-қа өзгергендегі тығыздықтың өзгеруін түзету шамасы. Кейбір есептеулерде тығыздықтың мәнін қолданады. ны -ке қайта есептеу үшін мына формуланы қолдануға болады: . Мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтаудың бірнеше әдістері бар. Тығыздықты ареометрмен, Мор Вестораль гидростатикалық таразысымен немесе дәлірек пикнометрлік әдіспен анықтайды. Молекулалық массаны эксперимент жүзінде анықтағанда криоскопиялық және эбулиоскопиялық әдістерді пайдаланамыз. Еріген заттың молекулалық массаны анықтаудың крископиялық әдісі ерітіндінің қату температурасының төмендеуін таза еріткіштің қату температурасымен салыстыруға негізделген. Таза еріткіш ретінде бензолды қолданамыз. Еріген заттың молекулалық массаны анықтаудың эбулиоскопиялық әдісі таза еріткіштің қайнау нүктесі температурасымен салыстырғанда ерітіндінің қайнау нүктесі температурасының артуына негізделген.3. қату, лайлану, кристалдану температуралары. Суыту кезінде құрылым түзілуі, тұнба түсуі жағымсыз процесс. Себебі, мұнай құбырлары бітеледі, автодвигатель бұзылады. Кристалдану көптеген кристалдық орталар түзілуінен басталады. Молекулалық масса және қайнау температуралары артқан сайын көмірсутектердің кристалдану температуралары да артады. Симметриялы көмірсутектердің кристалдану температуралары жоғары болады. Тармақталған көмірсутектер кристалданбай аморфты күйге көшеді. Кристалдану кезінде мұнай өнімдері лайланады. Ұсақ кристалдың бұлттар түзілуі лайлану мезгілі деп аталады. Ал температура лайлану температурасы деп аталады. Қату температура - пробиркада суытылатын мұнай өнімін 45 -қа бұрғанда деңгейі өзгермейтін температура. Ұшқындану, тұтану және өздігінен тұтану температуралары. Ұшқындану температурасы мұнай өнімі мен ауа қоспасын сырттан тұтану көзін енгізгенде (ұшқын, жалын) ұшқындану пайда болатын минимальді температура. Ұшқындану әлсіз қопарылыс. Тұтану температурасы мұнай өнімінің буына сырттан тұтану көзін енгізгенде тұрақты өшпейтін жалын түзілетін минимальді температура. Ол ұшқындану температурасынан бірнеше оңдыққа артық болады. Өздігінен тұтану температурасы мұнай өнімінің буы ауамен сыртқы тұтану көзінсіз өзінен өзі тұтанатын минимальді температура. Бұл ұшқындану температурасынан бірнеше 100 жоғары болады. Ұшқындану температура қайнау температурасына тәуелді: (9), k=0,736. Бұл формула жеке көмірсутектерге арналған.
4. Тұтқырлық қозғалтқыштар, машиналар мен механизмдерді пайдаланған жағдайда мұнай өнімдерінің қозғалғыштығын анықтайды, тасымалдағанда, сүзгілегенде, араластырғанда энергия шығынына елеулі әсер етеді. Динамикалық, кинематикалық және шартты (ВУ) тұтқырлыққа бөлінеді.Шартты тұтқырлық дегеніміз вискозиметрден сынақ температурасында 200 мл сыналатын мұнай өнімінің ағып өту уақытының 20 С-да 200 мл дистилденген судың ағып шығу уақытына қатынасын айтады. Шартты тұтқырлық - бұл салыстырмалы, өлшемсіз шама және шартты градуспен өрнектеледі.Динамикалық тұтқырлық сұйықтықтың физикалық қасиеттеріне тәуелді
Қарапайым нафтендер - циклопропан, циклобутан және олардың гомологтары мұнайларда байқалмаған. Әсіресе мұнайдың бензиндік және керосиндік фракцияларында метилмен алмасқан циклопентандар мен циклогександар мөлшері жоғары. Полициклді конденсацияланған қосылыс-тар мұнайдың қайнауы жоғары фракцияларында кездеседі. Нафтенді көмірсутектерді мұнайдың фракцияларына тарату әртүрлі. Әдетте олардың мөлшері фракция ауырлаған сайын артады, және тек қайнауы жоғары май фракцияларында ғана төмендейді. Кейбір мұнайларда нафтендер фракцияларда біртегіс дерлік таралған. Физикалық қасиеттері жағынан нафтендер парафинді және ароматты көмірсутектер арасында аралық орынды иемденеді. Химиялық қасиеттері жағынан олар парафиндерге ұқсас, мұны олардың молекулалық құрылысымен түсіндіруге болады. Нафтендер майлы дистилляттардың технологиялық қасиеттеріне жағымды әсер етеді, өйткені жоғары қату температурасына ие және іс жүзінде температураға қатысты тұтқырлығын өзгертпейді. Ароматты көмірсутектер. Арендер (құрамында бір немесе бірнеше соның ішінде конденсацияланған бензол сақиналары бар ароматты көмірсутектер) мұнайда келесі қатарда келтірілген:
- бензол және оның гомологтары, СnH2n-6;
- нафталин және оның гомологтары, CnH2n-12;
- 3, 4 және 5 конденсацияланған ядролардан тұратын күрделі конденсацияланған жүйелер.
- Нафтенді және ароматты үзіктерден тұратын гибридті немесе аралас көмірсутектер.
Мұнай және газ кенорнының кәсіптік өндірісіне жіберіледі; Егер: мұнай кенорындарын барлаудың жұмыстары орындалған, қажет болған жағдайда шоғыр игерімін сынамалау жүргізілген немесе көрсетілген учаскелік кенорындардың тәжірибелі кәсіптік өндіруі, ал газдық кенорын бойынша - кенорынның тәжірибелі кәсіптік игерімі; мұнай, газ, конденсат және оған кіретін компаненттер қорларының мемелекеттік экспертизасы, жерлік және таулық қалдықтардың болуы; жер қойнауымен қолданушылар мұнай алуға және оған байланысты лицензиялар алынған: кәсіптік игеруге арналған жобалық технологиялық құжат (технологиялық сұлба, игеру жобасы) Компетенттік мемелекет органы мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы кенорын игерудегі келісім шарт болған жағдайда. Кенорынның игерілуін енгізгеннен кейін, яғни барлау игерімін бастағаннан кейін кенорынның игерілуі тоқталмайды. Кенорынның жасырын емес бөліктерінің қиылысын дамыту тудырады. Кенорындарды көпқабатты игеруге дайындағанда ең басты шарт болып өнімді бөліктердің қимасынан игерімдік обьект және этаждық игерудің бөлініп шығуы болып табылады. Пайдалану обьектісі деп - бұл бір немесе бірнеше өнімді қабаттар, яғни бір уақытта ұңғымаларды бір тормен игереді. Кенорын қимасындағы көмірсутек игерімдік обьекттің бөлініп шығуы - игеру жобасындағы бірінші этап, геолого-физикалық, техникалық, экологиялық және экономикалық факторлар оптимизация шарты түрінде шығады. Қорытындысында бір, екі және одан да көп обьекттер бөлініп шығуы мүмкін. Жарылым бұзылыстарының ,өнімді қабаттың экрандалушы бөлектелгенблоктың болуы өндіру сұлбасын арнайы жоспарлауға және игерім ауданының қабаттарының араласуын шектейді. Қабаттың әртүрлі өткізгіштігі ,коллекторлардың әр түрлілігі (кеуекті және жарықшақты) сол аудандағы мұнай қорын есептегенге кедергі келтіреді. Әр түрлі мұнайлы қабатты сонымен қатар жоғарғы дебитті қабатпен төмендебитті қабатты игерім ауданында мүлдм араластырып ,қосуға болмайды Қаншалықты игерім ауданы аз болса ,соншалықты бұрғылау ұңғымасын қазуымыз керек,әр игерім ауданына жеке-жеке өндіру жүйесі жоболанады.Бірақ,аудандағы қабаттар саны өскен кезінде қабар қорын тиімді етіп ,өңдеу мүмкіндігі азаяды.Бір ұңғымадан белгіленген қор өседі,Ішкі ауданнан мұнай мен газдың диференцияция шарты көбейеді және дер қойнауындағы мұнай мен газдың қорын жоғалту қауіпі туады. Ірі игеру ауданын бөлу керекті дебиттің өсуіне ,белгіленген өнімді қабатқа қарғанда аудан өнімділігі күрт төмендеп кетуі мүмкін және барлық қабаттардықадағалау мүмкіндігінен айыруға әкеліп соқтырады.

2.Мұнайдың экожүйеге әсері
2.1 Топырақтың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы
Мұнай және мұнай өнімдерімен ластану жаңа экологиялық жағдай тудырады, табиғи биоценоздың терең өзгерісіне және толық трансформациясына әкеледі. Әртүрлі ластанған топырақтың кері жауап реакциялары да әртүрлі.
Топырақтық мезофаунаның жаппай жойылуы: апаттан соң үш күн аралығында топырақ жануарларының көп түрлері өліп, немесе ластанбаған топырақпен салыстырғанда 1% ғана құрайды. Оларға ең улы әсерді мұнайдың жеңіл фракциясы тигізеді.
Аз уақыт ингибирленгеннен соң ластану әсеріне жауап ретінде топырақтың микроорганизмдер кешенінің тез көбеюі мен белсенділігінің артуы байқалады. Ең алғаш көмірсутекті тотықтырғыш бактериялар саны ластанбаған топыраққа қарағанда тез көбейеді. Көмірсутектерді залалсыздандыру процесіне қатысатын арнайы топтар пайда болады.
Микроорганизмдердің максимум мәні ферменттер санымен байланысты. Микроорганизмдердің ең көп мәнге жетуі негізінен мұнайдың табиғи деградациялануының екінші сатысында байқалады.
Топырақта мұнай және мұнай өнімдерінің ыдырау барысында микроорганизмдер саны ластанбаған топырақтағы микроорганизмдер санына жақындайды. Бірақ көмірсутек тотықтырғыш бактериялар саны көпке дейін үлкен мән көрсетеді.
Экологиялық жағдайдың өзгерісі өсімдік организмдерінің фотосинтездеу белсенділігін тежейді. Ең бірінші топырақ балдырларының өсуіне әсерін тигізеді. Сондай тежегіштердің бірі болып шикі мұнай және минералды сулар болып табылады.
Жоғары өсімдіктердің фотосинтездеу функциясының өзгерісі, соның ішінде дәнді-дақылдар. Зерттеу жұмыстары оңтүстік тайгада жоғары ластану кезінде бір жыл өткен соң да өсімдіктер бастапқы қалпына келмегенін көрсетті.
Топырақтың дем алуы да мұнай және мұнай өнімдерімен ластануға тез әсер етеді. Микроорганизмдер саны көбейген сайын дем алу қарқындылығы жоғарылайды 10.
Сонымен, ластанған территорияда биоценоздың қайта қалпына келуі өте жай жүреді.
Мұнай және мұнай өнімдерінің топыраққа енуі. Мұнай және оның компоненттері топыраққа түскен кезде геохимиялық қасиеттер мен топырақ режимінің өзгерістерінің ерекшеліктерін анықтау топырақ қабатын тазарту және сақтау жұмыстарын бағыттауға ғылыми тұрғыдан кең жол ашады.
Мұнай және оның компоненттерінің топырақ қабатына ену тереңдігі келесі факторларға тәуелді: топырақтың гранулометриялық құрамына, ластану кезінде жер асты сулары деңгейіне, ластау көлеміне, төгілу қарқындылығына және жиналмаған мұнай мөлшеріне, мезгілге, төгілу уақытының ұзақтығына, аумақтың жатықтығына, микрорельефтің сипаттамасына, мұнайды жинау шараларының эффективтілігіне және т.б. байланысты.
Жеңіл топырақтар мұнайды оңай және терең сіңіреді. Арнайы 10 және 20 лм2 мөлшерде мұнайды топыраққа енгізу барысында ену тереңдігі -- 10 және 13 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзен жетібай
Ұңғымалардың құрылысы
«Мұнайдың химиялық анализі» бағдарлы элективті курсын оқыту әдістемесі
Мұнайдың физика-химиялық қасиеттері жайлы
Мұнай өңдеу технологиясы
Сусыздандыру технологиясы және мұнайдағы су мөлшерін анықтау
Мұнай туралы
Сурьманың қосылыстары улы заттар
Маңғышлақ мұнай-газ аймағы
Газдан тазартылған мұнайдың қасиеті
Пәндер