Мысал жанрының ерекшелігі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мысал жанрының тарихы
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. МЫСАЛ ЖАНРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ
1.1 Мысал − көне халық ауыз әдебиетінің жанры ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..5
1.2 Мысал жанры және Ахмет Байтұрсынов ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2. Мысал жанрының ерекшелігі, тілі
2.1 Мысал жанрының ерекшелігі, мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Абайдың мысал өлеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.3 Мысал. Ахмет Байтұрсынұлы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді. Қазақ ауыз әдебиетінің зерттелуі А.Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедовтан бастау алары сөзсіз. Аталмыш ғалымдардың ауыз әдебиеті жайлы алғашқы пікір-пайымдаулары кейінгі фольклорист-зерттеушілерге сара жол салды. Осы орайда аталған ғалымдардың назарынан тыс қалмаған мысал жанры да ауыз әдебиетінен бастау алғандығына көз жеткізуге болады.
Әрине, фольклорды зерттеп, жанрлық жағы сараланған еңбектерде көбінесе мысал жанры қалыс қалып жатады, дегенмен мысал жеке түр ретінде қарастырылмаса да, ол жайында азды-көпті пікірлер бар. Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма [1, 36] деген анықтамаға ие мысалдың түп төркіні хайуанаттар туралы тұспалды мағынасы бар ертегі, қысқа әңгімелер нұсқаларымен жалғасып жатыр. Бұның қаншалықты дәлелді екенін қазақ ғалымдарының осы жанрға байланысты ой-пікірлерімен нақтылай түсейік.
Мысал жанры қоғамдағы немесе жеке адамның бойындағы кейбір жағымсыз жәйт, кемшілік,дерт,ұнамсыз мінез-қылықты ашық,тура санамай,аллегориялап сынап-мінейді. Аллегория - грекше астарлап айту,басқаша айту деген сөз. Яғни мысал-аллегория әлгідей кемшілік дертті көбінесе адамның емес,басқа бір хайуанаттың,құстың немесе бір заттың басында болған оқиға етіп суреттейді.Өзінің айтар идея,ой-пікірін жасырып,жұмбақтап айтады[4,54].Әңгіме бір жәндік,бір зат туралы болғанмен,оның ар жағында адам бейнесі,адам ісі,адам характері тұрады.
Қазақ әдебиетінің көшбасшысы, ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов қазақ фольклорын сұрыптап, саралауда мысал жанрын назардан тыс қалдырмай, біраз ой толғап, анықтама береді.
Ғалым жалпы ауыз әдебиетін жұмсалуына қарай екіге бөледі:
+ сауықтама;
+ сарындама.
Сарындаманы үшке бөледі:
+ салт сөзі;
+ ғұрып сөзі;
+ қалып сөзі:
Курстық жұмыстың мақсаты - мысал жанрын теориялық тұрғыдан зерттеу және мысал жанрының дамуы тарихына шолу жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Мысал жанры туралы түсінік беру.
2. Мысал жанрының даму тарихына тоқталу.
3. Мысалдарды қазақтың әдеби мұрасы ретінде қарастыру.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Мысал − көне халық ауыз әдебиетінің жанры
Эпостың шағын өткір жанры мысалдың қазақ әдебиетінде жедел дамып,әдеби процессте ықпалды маңызға ие болған кезеңі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басына дәл келеді.
Рухани серпіліс кезінде, Абай дәстүрін жалғастыра мысалды әдебиетімізде жаңа биікке көтерген - Ахмет Байтұрсынұлы. Ахмет Байтұрсынұлы мысалдары сол кездің өзінде қазақ әдебиетіндегі өзгеше құбылыс ретінде танылды. Репрессия құрбандарының бірі болған Ахмет Байтұрсынұлының артына қалдырған мол мұрасы халыққа қайта оралды. Қазіргі кезде,осыған орай Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығының арналы саласы-мысалдарын зерттеу,сол арқылы қазақ мысал жанрының күрт өрлеу кезеңінің табиғатын тану әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Кейде мысал бір адамның басында болған хикая деп те жазыла береді.Бірақ мұндай адам туралы жазғанымыз мысал болу үшін оны екінші мағынасы астарлы пікірі болу керек.Мысалшы әлгі адамның теріс әрекет-қылығын көрсету арқылы басқа біреулердің басындағы,немесе соған табына,әлеуметтік тобына тән жөн-жозықсыздықты сынап-мінеуге тиісті.
Ұлы адамдардың ойы бір жерден шығып отырды. Қазақ халқы қашан да астарлы сөзді,тұспалды мысалды іліп-қағып айтуды ұнатады және оның астарын жақсы түсінеді. Ояна бастаған қазақ елінің жетесіне жеткізіп айтатын оңтайлы тәсілі де осы мысал еді. Крыловтың неліктен ұлы аталғаны,қай қасиетімен классик дәрежесіне көтерілгені әдебиетші қауымға мәлім. Бұл тұста біз үшін маңыздысы-АхметБайтұрсынов Крыловтың қай қырына қызықты,оны өзіндік ақындық мұратына қалай жаратып,қалай пайдаланды ,сол арқылы айтар сөзін халқына қалай жеткізді?Ал, Крыловты аудару арқылы Ахаңның ойлаған мақсатына жете алғанын,атқан оғы нысанасына дәл тигізбегенін біз білеміз.Оны кезінде Мұхтар Әуезов жеткізе айтқан, Қырық мысалды ол қалың қазақ жұртының алғашқы естіген төңкеріс рухындағы сөзі деп бағалаған.
Қаракетшіл тіршіліктен мүлде хабарсыз, марғау жатқан халықты ең әуелі нысаналы,нәтижелі өмірге көтеру үшін Ахмет Байтұрсыновқа бағдар етерлік осындай пайымды практикалық мән қажет еді.Оны ол Крыловтан тапты.Ендігі мәселе соны жеткізе білуде еді. Осы тұста Белинскийге тағы да жүгінуге тура келеді. Біздің заманымызда мысал ақылгөйлікке салынатын болса,поэзияның жалған түріне айналып кетеді де,балалардан басқа ешкімге керек болмай қалады.Ал енді ащы әжуа (сатира) түріндегі мысал - бұл поэзияның нағыз тұнған жері,-дейді Белинский. [6,42].
Мысал арқауы-хикая, көздейтін нысанасы-соның ішіндегі мәні, ал қолданатын қаруы-әжуа мен мысқыл. Крылов өзінің суреткерлік түйсігімен мысалдық эстетикалық заңдарын тап басып игерген.Орыс мысалының атануы да сондықтан. Ахмет те жаңағы пайымды практикалық рухты дарыту үшін мысалдың мазмұнын Крыловтан алады да ,ал жаңағыдай уыттай қарауды өз халқының даналығынан ,ана тілінің ішкі мүмкіндігінен іздестіріді және ол да . Крыловша дәл басып табады.Ал,Абай аудармалары еркін аударылғанның өзінде аударманың классикалық үлгісі болып қала бермек. Крылов мысалдары тілі, стилі, формасы, ұйқасы, ырғақ-бунақтары жағынан өте күрделі. Дегенмен Крылов мысалдарын әрі классикалық формасымен де, терең идеялық мазмұнымен де қазақ оқырмандарына аударып, толық түрде ұсынатын кез жеткен секілді. Осы ретте ұсынылып отырған бұл аударма ақын мысалдарының түпнұқасын, формасын, ұйқасын, бунақ-тармағы мен ырғағын барынша сақтауға тырысқан бірден-бір толық түрі болып саналады. Әрине, мұның бәрі аудармашыға көп күшке түскені әрі көркемдік сапасына да әсерін тигізбей қоймағаны анық. Аудармашы-автордың мақсаты бүгінгі қоғамда да маңызын жоя қоймаған. [7,13].
Ахмет Байтұрсынов поэзиясының үлкен бір арнасы-оның аудармашылық өнері.Тіпті,анықтаңқырақ айтсақ, Ахмет Байтұрсынов ақын ретінде ең әуелі аударма арқылы танылды.Оның жұртшылыққа баспа бетінде алдымен ұсынған еңбегі - И.А.Крыловтан аударған Қырық мысал болатын. Масажинағына да сол Крыловтан үш-төрт мысал,Пушкиннің Алтын балықжәне Алтын әтеш жайындағы ертегілері мен бірділі-екілі өлеңдері,тағы басқа орыс, Европа ақындарының шығармалары енгізілген. Абай мен Ахмет мысалдары аудармадан гөрі қазақтың өз топырағында жаратылған шығарма кейпінде ортақтасқан үні мен өзіндік стилі мен иірімдерді бірлесе тоғытқан үндестігі кейпінде көрінеді Қазақ әдебиетіндегі көркем аударма тарихы бай екендігі мәлім.А.Байтұрсынов аудармамен шұғылданған тұста, яғни XX ғасырдың бас кезінде аудармада, әсіресе, орыстың классикалық әдебиеті үлгілерін қазақ тіліне аудару ісінде едәуір тәжірибе жинақталған еді.
Ахмет Байтұрсыновтың Қырық мысал жинағы қазақ әдебиетін жаңа тақырыптар мен идеялармен,ойлармен,өрнектермен байытты.Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты,заман талабына сай жігерлі поэзия туды. Абайға дейінгілермен бірлесе Дулат ,Шортанбайлар, Майлықожа Сұлтанқожаұлы,Молда Мұса, С .Көбеевтер, Ы. Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынов, С.Торайғыров, С.Дөнентаев,Т.Ізтілеуовтер жалғастырды.
Ахмет Байтұрсыновтың сүйікті жанры-мысал. Грек мысалшы Эзоп,француз Лафонтен, орыс Крыловтың өткен замандардың қалдықтары мен керітартпалықтарын,өз табы ішіндегі басқа да топтардың кемшіліктерін сынау үшін мысалды құрал еткені сияқты,Байтұрсынов та бүйе,тағы да сол сияқты бейнелерге орыс патшасы чиновниктерінің зорлықтарына және феодализмнің қалдықтарына өз табы тұрғысынанқарсы шығады.
Ахмет Байтұрсынов мысалдарының тіліндегі ұлттық бейнелік ерекшеліктері, сипат-белгілері мысалдарының төлтума сипатын айқындауға айрықша мән беріліп, мысалдарының Абай ,Крылов мысалдарымен үндестігі және өзгешілігі салыстырыла қаралады. Ахмет Байтұрсынов Қырық мысал атты кітабындағы мысал өлеңдер осы жанр саласындағы қазақ әдебиетінде стильдік биіктен көрінген көркем туындылар екені даусыз.Бұл мәселенің ғылыми-теориялық және практикалық мәні зор.
Өзінің Қазақтың бас ақыны деген мақаласымен Абайды жұртшылыққа танытқан, өзіне рухани ұстаз ретінде таныған Абайдың жолын жалғастырған, халқымыздың рухани көсемі, әрі ұстазы Ахмет мысалдары ұлы Абайдың ойымен, шығармаларымен үндесіп жатқан, қазақтың төл әдебиетінің биік шығармалары дейтін болсақ ,әділет,шындық алдында да, аруағы алдында да азаматтық парызымыз өтелгені дер едік.
Мысалдарды ғалым салт жолымен айтылатын сөздер тобына жатқыза отырып, мынадай анықтама келтіреді: Адамның ғамалын, мінезін, құлқын жанды, жансыз нәрселер арқылы салт-санасына сәйкес көрсетіп өнегелеу мысалдау болады [1, 37]. Сонымен қатар ғалымның біз үшін маңызды ескертуі де бар: мысалдар көбінесе хайуандар шыққан ертегілерден алынады. Ондай ертегілерде хайуандарға адамша тіл бітіріп, адамша мінездеп, іс еткізіп, түрлі өнеге боларлық сипаттанған. Одан әрі ғалым пікірі келесідей: Мысалда аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап, әжуә күлкі етеді... Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді [1, 37], - деп түйіндей түседі.
Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский бұл жанрды: Сатираға суғарылған поэзияның нағыз ерекше жанры десе [2, 300], академик З.Қабдолов Мысал адамгершілік мұқтаждығын өтеу мақсатында жанр ретінде әдебиет арнасына тоғысты,- дейді [3, 300].
С.И. Радцигтың Көне грек әдебиетінің тарихы атты оқулығында мысалға мынадай түсініктеме берілген: Мысал − көне халық ауыз әдебиетінің жанры болып есептеледі. Себебі, мысалдардың мазмұнында хайуанаттар эпосының сарқыны сақталып қалған. Дегенмен тарихи тұрғыдан алғанда мысал жанры күнделікті өмірдегі келеңсіз жағдайлар мен адамгершілік, ізгілік мәселесін насихаттауға арналған [4, 300].
Ал, академик Зейнолла Қабдолов мысал жанры турасында мынандай пікір ұстанған: Мысал- эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатты, көбіне аң, хайуанат, кейде зат түрлері жазылады да сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік, күлкіге, келекейге, мазаққа айналдырып, сықақпен саналады. Мазмұны бүкпелі болғанымен, идеясыз, астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді. Ежелгі Грециядағы аты шулы Эзоп (б.э.б. VІғ.) шығармаларын өз алдына қойғанда, мысал көне дүниеден күні бүгінге дейін көбіне өлеңмен жазылып келеді: Италияда Федр, Францияда Лафонтен, Германияда Геллерт, Англияда Мур, Россияда Крылов, қазақта Абай - бәрі солай жазған. Біздің тұсымыздағы мысалшылардан Сергей Михалков пен Асқар Тоқмағамбетовты бөліп айтуға болады,-дейді [3, 312].
Кейіннен жарық көрген доцент М.М. Иманғазиновтың Антика әдебиеті атты еңбегінде автор: Мысал - әріден келе жатқан, эпостың шағын да өткір жанры. Мысал жанры көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі әлемнің іргелі ақын жазушыларының назарында болған, қызықты форма, ұғымды идея, халық тұрмысына ет жақын суреттеулерге толы әдеби жанр [5, 251] деген тұжырымдама ұсынады.
Десек те, ауыз әдебиетін оқытуда мысал жанры қарастырылмай келеді. Бұл жөнінде Ш.Ыбыраев былайша жазады: Шынын айту керек, қазақ ауыз әдебиетіне арналған зерттеулер мен оқулықтарда айтыс пен шешендік сөздерден басқа аты аталып, ел танығаны жеті сегіз жанрлар болса, ол Еуропа халықтарының фольклорында кездесетіндері. Ал мұның сыртында аты аталмай, аталса да қатарға кірмей, күні бүгінге дейін халық жадында сақталып келген ондаған жанрлар мен жанрлық түрлердің не зерттеушілер, не жинаушылар тарапынан ілтипат көрмей келгенін немен түсіндіруге болады? [5, 424].
Фольклортанушы осылай дей келе, ауыз әдебиетіндегі зерттелмей келе жатқан жанрдың бірі мысал екендігін атап көрсетеді де, қазақ ауыз әдебиетін жіктеудің жаңа түрлерін ұсынады:
салтқа қатысты фольклор;
салтқа қатыссыз фольклор.
Салтқа қатыссыз фольклорды әрі қарай рим цифрларымен атап көрсетеді.
ІІ. Эпикалық прозалық жанрлар;
ІІІ. Эпикалық жанрлар;
ІҮ. Кіші жанрлар;
Ү. Шешендік сөздер;
ҮІ Мысал.
Ғалым Ш.Ыбыраев осылайша мысал жанрын ауыз әдебиетінің өзге де түрлерімен қатар қойып, бөлек топтайды. Сонымен қатар ол мысалды бұрын соңды кездеспеген жаңаша түрде жіктеуді ұсынады:
А. Мысал (мысал өлеңдер, мысал сөз, мысал айтыс)
Ә. Апалог
Б. Тәмсіл [5, 424].
Ғалымның бұл дәлелді тұжырымдары мысал жайындағы ұғымымызды кеңейте түседі. Міне, осы бағытта мысалдың түрлерін анықтап, оларды жинастырып, топтастыру, жанрлық ерекшеліктерін айқындау шын мәнінде зерделі зерттеуді күтетіні анық.
Жоғарыдағы қос ғалымның ауыз әдебиетін жіктеуі бір-бірімен бағыттас, үндес келеді. Тек басты айырмашылық жанрлық атауларда сияқты. Ахмет Байтұрсынұлының сауықтама (барша сауық үшін айтылатын сөздер) деп отырғаны Ш.Ыбыраев еңбегінде салтқа қатысты фольклор деп аталса, сарындама салтқа қатыссыз фольклор, яғни жұртта келе жатқан салт сарынмен айтылатын сөздер. Екі ғалым да мысал жанрын соңғы топқа жатқызады.
1.2 Мысал жанры және Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынов сөз дұрыстығына,тіл анықтылығына,тіл тазалығына,тіл дәлдігіне,тіл көрнекілігіне зор талғаммен қарауға шақырған ғалым және өзі асқан талғампаздық танытқан ақын.Стиль сипаты алдымен шығарманың тілінен танылатыны анық.
Ахмет Байтұрсынов мысалға шығармашылық даралығымен келген жаңашыл суреткер болды.Ақын мысалдарының өзіндік бір ерекшелігі-уақиғаға құрылуы эпостық сарыны.Мысалы Аңдарға келген індет атты драмалық тартысқа құрылған мысалдың көтерген жүгі қайсібір шұбалаңқы поэмалардың сюжетінен салмақтырақ. [5,56]. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарыңның эпостық тынысты жазылуы жанр табиғатын түсінбей шашыраңқылыққа ұрыну емес,қайта әлемдік белгілі сюжет мазмұнын терендете мысалды драмалық сипатты шығарма деңгейіне көтеруінде.
Ахмет Байтұрсынов мысалдары тапқырлық жағынан сан-салалы. Дегенмен,ойшыл ақынның халық тағдырын ойлаған елшілік ұраны(М.Әуезов.) көтерген мысалдарына жаңа идеялық сипат дарытады.
Ахмет Байтұрсынов -- жанр табиғатын терең таныған адам.Ол өз мысалдарында фольклорық,жанрлық және көркемдік дәстүрді үйлесімді берген.Мысалдың сюжеттік ортақтығы сияқты фольклорық дәстүрмен бірге,жанрлық дәстүрді,әртүрлі көркемдік тәсілдері (пернелеу,ғибрат,персонаж,әңгімелеу ,сатира,драмалық тартыс,сентенция) ұтымды пайдалана білген.Стиль қалыптастыруда жанрдың өзіндік өзгешілігінің мәні зор.Соколовтың тілімен айтқанда, стильдің жанрға тәуелділігі мысалда анық байқалады.Әрине,қандай стильдік көшенденуі,жарқырап көрінуі көркемдік шеберлікке байланысты.
Мысал жайында сөз қозғау барысында жанрдың шығу тегі қандай?, қалай қалыптасқан?, қайдан бастау алады? деген сұрақтар туады.
Ахмет Байтұрсыновтың бұл орайда: Арнайы әдебиеттегі мысалдар былай шыққан: ...алғашқы адамдар басқа мақұлықтардан ұзап жарымаған. Олар түрлі табиғат, түрлі тәсілмен тіршілік ететіндерін көріп, олар да адамша ойлайды, сөйлеседі, кеңеседі, бірін бірі аңдиды, арбайды деп білген... Сондықтан адамның ісін әңгіме қылған сияқты, олардың да істерін әңгіме қылған. Одан хайуандар турасындағы ертегілер шыққан. Онан бері келе, хайуандар тіршілік еткенмен нақ адамша ойласып, сөйлесіп, кеңес етпейтіндігіне көз жеткендігінен кейін мақұлықтар турасындағы ертегілер өтірікке саналып, бірте бірте жоғалып, тек мысалдар қалған [1, 40], - деген тұжырымын негізге аламыз.
Мәселен, Сырттандар ертегісінде адамға жерік болған жалмауыз қасқыр біреудің жалғыз баласын аңдиды. Баланың әке шешесі, ауыл аймағы қатты сасады. Сол кезде бала өзімен бір күнде туған тұлпарына мініп, қасқырдан қаша жөнеледі. Құтқарам деп тұлпар тартады: Қайтсе де жеймін, деп жалмауыз қасқыр қуады. Осы тұста адамның досы тұлпар мен қасқырдың сырттаны жарысқа түседі. Сол жерде иттің сырттандары қасқырға қарсы ұмтылады, қасқырды өлтіреді [6, 26].. Мұнда жалмауыз қасқыр адам баласына қастық ойлаушы мол жауыздықтың бейнесінде алынса, ит пен жылқы жақсы жақтарынан дәріптеледі.
Бергі заманда шығарылған халық ертегілерінде хайуанаттар бұрынғы керемет бейнесінде алынбай, жаңа кейіпте, реалистік болмысқа байланысты алынады. Осы ретте хайуанаттар жайы екі түрде алынып, қазақ ертегілеріне қосылады. Онда хайуанаттардың бір тобы (төрт түлік мал, үй хайуанаттары) шаруашылыққа келтіретін пайдасы, атқаратын қызметімен суреттеледі. Хайуанаттардың екінші тобы (жыртқыш аңдар) адам баласына жасаған жауыздығы, қаскүнемдігімен бейнеленеді. Бұл соңғысы уақыт өте келе халықтық сатираға айналып, сол арқылы қоғамдық жайлар, үстемдік еткен қауымның жағымсыз қылықтары әңгімеленеді; бұлар халықтың ащы мысқылы, келеке-күлкісі түрінде келеді; таптық тартыс, күрес жайы сөз болады. Мұны біз Алтын сақа, Тепең көк, Бозінген, Жақсылық пен жамандық т.б. ертегілерден көре аламыз. Сонымен қатар, Қотыр торғай ертегісінде кекшілдікті, бірбеткейлікті, араға іріткі салуды меңзесе, Мақта қыз бен мысық ертегісінің жасөспірімдерге беретін тағылымы мол.
Халық ертегісінде жыртқыш аңдардың әрқайсысына лайықты мінездеме береді. Арыстан - асқан күштің, зорлықтың, қасқыр - қомағайлық пен қорқаулықтың иесі болып кейіптеледі. Ал түлкі - айла мен аярлықтың, бірді бірге соғып, пайдасын тауып жүрген қу, өзінен басқаға дұшпандық жасаушы, сырттай дос, іштей қас болып келеді. Айналасындағы аң атаулыны алдаушы да, өсек таратып күндеуші де, жоқ жерде пәле бастаушы да - түлкі. Бұлармен қатар, қазақ ертегілерінде ожарлық, аңқаулық кескінімен аю жүреді. Жұрттың бәріне мазақ, күлкі ретінде маймыл қатысады. Мәселен, Маймыл мен түлкі, Түлкі мен бөдене, Түлкі, тасбақа, кене, Түлкі, аю, қойшы т.б. ертегілер.
Өзімізге таныс қазақ мысалдарында да түлкі - қулық, айлакерліктің, қасқыр - қатыгез, қарақшылықтың, мысық - жалқаулықтың, есек - ақымақтықтың т.б. қызметін атқарады.
Шынында да, мысал жанры қазақ халқының ойлау өрісінің дамуымен, сана эволюциясымен тығыз байланысты, айналадағы тіршілік иелерін танып білумен қатар, олардың айрықша қасиеттерін айқындап, адамды бейнелеудегі олардың түрлі мінезін әрқилы іс-қылықтарын тұспалдап көрсетуде шебер пайдалана білген. Әрқашан сөзге ұста қазақ халқы осы мәндегі астарлы әңгіме туғызып оған мысал деп айдар таққан.
Осындай арғы тегі хайуанаттар жайлы ертегіден өрбіп, өріс алған мысал жанры көбінесе, нақтылай айтсақ, оның бір тармағы мысал ертегілер апалог деп зерттеушілер тарапынан анықтамаға ие болып жүр. ХІХ ғасырға дейін апалог және мысал бір-біріне синоним ретінде қолданылған. Апалог көбінесе қара сөзбен жазылады. Ішінара өлең сөздері кездескенімен, өлең түріндегі апалогтар біздің әдебиетімізде тек жазбаша түрде кең дамыған. Ал өлең үріндегі апалогтың жеке жанр ретінде толық қалыптасуын ғалым С.Қасқабасов ХІХ-ХХ ғасыр әдебиетінің жедел дамуы мысал жанрын әдеби арнаға бағыттады деп түсіндіреді.
2. Мысал жанрының ерекшелігі, тілі
2.1 Мысал жанрының ерекшелігі, мақсаты
Мысал - тұспалмен, ишарамен айтылатын жанр. Мұндағы ой астармен, жұмбақпен беріледі. Мысалдың басқа жанрлардан, мысалы ертегіден ерекшелігі оған адам қатыспайды. Мысал жанрына аң, құс, өсімдік бейнесі алынады. Әдебиетті оқу бағдарламасында мысал жанрын оқыту көбіне бастауыш буындарында беріледі.
Мысал жанры сонау Эзоп заманынан бастау ала отырып, қазақ топырағында да дамыған. Жазба әдебиетінен бұрын қазақ ауыз әдебиетінде де осы жанрдың элементтері кездесіп отырған. Ақын‑жыршылардан бастап, мысал жанрына ықылас білдірген әдебиет өкілдері мол болған. Мәселен, Абай, Ыбырай, Дулат, А.Байтұрсынов, С.Дөнентаев, С.Көбеев секілді қаламгерлер өздерінің төл шығармалары мен аударма мұраларында мысал жанрына ерекше көңіл бөлген. Зерттеуші М.Әуезов: "Тегінде, қазақ әдебиеті тарихына Крылов мысалдары жалғыз Абайдың аудармасынан емес, одан бұрын да кіре бастаған. Бұл және де бір Крылов емес, орыс көркем әдебиетінің өлең сөз, қара сөздегі әр алуан үлгісін өз жазған оқу кітабына кіргізіп, алғаш аударған Ыбырай Алтынсарин болатын. Абай Алтынсариннің еңбегін жақсы білген де, зор бағалаған", ‑ дейді. Зерттеуші Абайдың Крылов мысалдарынан оның заманындағы әлеуметтік, саясаттық ерекшеліктерінен туған әжуа, сатира жақтарын көп алмай, оның орнына өз оқушысына оңай, ұғымды боларлық мысалдарды алғанын айтады. Мәселен, "Есек пен бұлбұл" мысалында Крылов бір ауыз сөзбен ғибрат айтса, оны Абай төрт жол өлеңмен береді.
Мысалдың басты мақсаты - адам баласының бойына жақсы, ізгілікті қасиеттерді сіңіру, терең ғибрат пен тәлім‑өнеге беру. Мәселен, ақын, сатирик Асқар Тоқмағамбетовтың "Бидай мен қаңбақ" мысалын алып көрейік. Мысалдың мәні - адам бойындағы міншіл, күншіл қасиеттерді болдырмау, еңбекке жақын болып, қоғамға пайдалы болуды насихаттау. Осы ретте, мысал кейіпкерлері бидай мен қаңбақтың диалогы беріліп, екеуінің өздерінің қасиеттерін санамалап, кімнің мағыналы өмір кешіп жатқаны сарапқа салынады. Қаңбақ:
Ашып айтсақ дұрысын,
Осы қай тұрысың ?
Жүрмейсің, көрмейсің, кезбейсің,
Не бар, не жоқты да сезбейсің,
Көктемде шығып,
Күз болса бұғып,
Бастарың салбырап,
Тұрғандарың маужырап,‑деген күншіл қаңбақ бидайды сөгіп, өзінің таяз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz