Мектептегі білім беру мазмұны мен оқыту әдістері
Білім беру мазмұны,
2. Оқу жоспары,
3. Оқу бағдарламалары,
4. Оқулықтар,
5. Оқу, əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні,
6. Оқу əдістерін топтастыру,
7. Оқу құрал.жабдықтары,
8. Оқу əдістері мен құралдарын іріктеу.
Қолданылған әдебиеттер

ҚАЗІРГІ ЗАМАН ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы: Мектептегі білім беру мазмұны мен оқыту әдістері
Қабылдаған: Аширбекова Г.Е.
Орындаған: Джолдинова А.К.
Қарағанды қ.
2011ж.
МАЗМҰНЫ:
1. Білім беру мазмұны,
2. Оқу жоспары,
3. Оқу бағдарламалары,
4. Оқулықтар,
5. Оқу, əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні,
6. Оқу əдістерін топтастыру,
7. Оқу құрал-жабдықтары,
8. Оқу əдістері мен құралдарын іріктеу.
Қолданылған әдебиеттер
Білім беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық
қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте
оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде ''нені оқыту керек''
сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат
жинақтаған білім-дер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек.
Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ
мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен бірге, оқу мазмұны жеке адамдардың
да мақсат-тарын ескереді. Айта кететін жайт, оқу мазмұны әрқашан саяси,
идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз
ықпалын таратуға тырысады.
Оқу мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық
қажеттіліктеріне сай қалып-тасады. Еліміздің тәуелсіздігі,
Республикамыздағы әлеумет-тік-экономикалық және саяси өзгерістер мектеп
түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап
етеді.
Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетіс-тіктер деңгейі де өз әсерін
тигізеді. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның мектепте
оқытылуы арасындағы уақыт қысқарып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40
жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе, заманауи компьютерлік
бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда.
Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндік-теріне де байланысты.
Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну
үшін өмірлік тәжірибе керек.
Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байла-нысты да оқу мазмұнында
ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны
адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне
негізделеді.
Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде
қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Бастауыш сыныптарда барлық
пәндерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе, орта сыныптарда жүйелі
білім беріледі.
Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу
бағдарламаларында және оқулықтарда, электрондық оқу құралдарында
нақтыланады.
Оқу жоспары оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін,
оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы сыныптар бойынша
оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын
әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат.
Типтік оқу жоспары оқу министрлігінде жасалынып барлық орта
мектептерге ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай
да жасалынады. Шағын комплектті, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар
өзінше құрылады.
Оқу жоспары қоғамның мектеп алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты.
Оқу жоспарында жеке пәндер педагогикалық заңдылықтарға, бірізділік және
жүйелілік принциптеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне,
санитарлық-гигиеналық талаптарға сай орналасады. Жеке пәндердің белгілі бір
реттілікпен оқу жоспарында берілуі олардың өзара логикалық байланыс-
тылығына тәуелді. Оқу пәндері міндетті және таңдаулы деп бөлінеді.
Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастырылады. Оқу
бағдарламасының құрамы:
- аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, біліктер
мен дағдыларына қойы-латын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын,
оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты
ерекшеліктері мен айырмашылық-тарын анықтайтын түсінік хат;
пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;
негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;
әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері;
пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;
әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;
- ұсынылған әдебиет.
Сонымен, оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама
құрылады. Ол түсінік хат, негізгі бөлім және әдістемелік аппаратынан
тұрады.
Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалық-тардың өсуіне байланысты оқу
бағдарламалары қайта қаралады. 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде.
1999 жылы қабылданған ''Білім туралы'' заңға байланысты білім беру саласын
демократияландыру, гуманитарландыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құнды-
лықтарды меңгеруге сай білім беру саласының құрылымына, мазмұнына, сипаты
мен оқу жоспарына, оқу бағдарламасы мен оқулықтарға өзгерістер енгізілді.
Бағдарлама жасауда кейбір кемшіліктерді атап өткен жөн болар:
- оқушылардың түсінігіне қиын оқу материалын енгізу;
- курс аралық байланысты ұмыту;
Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне
оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары,
атластар, карталар, жұмыс дәптерлері жатады. Солардың ішінде басты назар
оқулыққа арналады. Жақсы оқулық оқушыны нәтижелі оқуға жетелейді.
Оқулық - оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде
баяндайтын кітап.
Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар:
- оқу бағдарламасына сәйкес болу;
- оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болу;
- көрнекіліктермен жақсы жабдықталу;
- тілі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;
- тексеру, өзін-өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған сұрақтар
мен жаттығулардың болуы.
Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін
қамтамасыз етуі керек. Оқулыққа қойылатын талаптар күрделі болғандық-тан
соңғы кезде әрбір пәннен бірнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары жарыққа
шығуда. Дәстүрлі кітаптармен қатар аудио-, видеокассеталар және
компактдисктерге жазылған оқулықтар пайдаланып жүр.
Оқу əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні
Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу əдістеріне
тəуелді.
Оқу əдісі – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен
оқушының бірлікті іс -əрекеттік қимыл - тəсілдері. Оқу мақсаты жолындағы
ұстаздың оқыту жұмысы мен шəкірттің оқып- үйрену əрекеттерінің өзара
байланыстылығы жəне анайылығы осы оқу əдісінен көрінеді. Дидактикада кең
қолданым тауып жүрген жəне бір түсініктер легі –бұл “оқу тəсілі” жəне “оқу
ережелері”. Оқу тəсілдері- оқу əдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры,
яғни жалпы “əдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі ұғымды өз
алдына шектеп болмайды, олардың ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей
жағдайларда əдіс педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы есептелсе жəне
бір ықшам оқу-тəрбие мəселесіне орай- тəсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер
мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша əдіспен (түсіндіру, əңгімелеу,
сұхбат) ұсыну барысында көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік
–тəсіл ретінде қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім игертудің негізгі
құралы болып, солар негізінде оқушылар жаңа білім ақпараттарын қабылдаса,
онда көрнекілік - əдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-əрекеттерінің бəрі
тəсіл болып есептеледі. Сонымен, əдіс көптеген тəсілдерден құралады, бірақ
олардың жəй жиынтығын білдірмейді. Тəсілдер арқылы оқытушы мен оқушының оқу
жұмыстарын орындаудағы өзіндік ерекшелігі көрініп, оқу субъекттері іс-
əрекеттеріне даралық сипат береді.
Оқу ережелері (дидиактикалық ережелер) – оқу процесінің қалыпты
педагогикалық жағдайларында қандай жəне қайтіп əрекет жасау қажеттігін
көрсететін нақты ұсыныс.
Ереже əрқандай тəсілдің сипаттамасы, норматив моделі есебінде қолданылады.
Нақты міндет шешіміне пайдаланатын ережелер жүйесі - əдістің норматив-
сипаттама моделін құрайды.
Оқу əдістері – тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен
өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына,
мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу
əдістері де өзгеріске келеді.
Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде өскелең əулетке тəжірибе өткізу
ересектер мен балалардың бірлікті іс-əркеттік процесінде орындалып жатты.
Бұл дəуірлердегі басты оқу əдісі еліктіру, еліктеу жолымен іске асты.
Ересектер қалай əрекетке келсе, балалар соны қайталап, қорек табу, от жағу,
киім-кешек дайындау ж.т.б. үйренді. Негізгі оқуды өзгертпей, қайта жасау
(репроедуктив), (“мендей етіп істе”) əдісі алынды. Кейінгі замандардағы
барша əдістер осы қайталай жасау əдісінен өз бастауларын алды.
Мектептердің ресми формаларының ұйымдастырылуы заманынан оқудың сөздік
(ауызша) əдістері пайда болды. Мұғалім дайын ақпаратты сөзбен жеткізіп
отырды, оқушылар оны есіте отырып, игерумен болады. Қоғамға жазудың келуі,
кітап баспасының өркендеуі, білімді жария етуде, жинақтауда жəне əулеттен
əулетке жеткізуде (код) таңбаны пайдалануға мүмкіндік берді. Енді сөз
негізгі ақпарат ұсыну құралына айналып, ал кітап бойынша оқыту мұғалім мен
оқушының ең көп тараған өзара ықпал жасау əдісі болды.
Кітап əрқилы қолданылды. Ортағасыр мектебінде оқушылар негізінен діни
мазмұндағы мəтіндерді қарадүрсін жаттаумен шектелді. Осыдан жалаң, жаттанды
оқу (догматикалық) əдісі үрдіске айналды. Бұл əдістің сəл жетілген түрі
сұрақ қою, дайын жауаптар берумен (софистика) байланыстырылды. Ұлы
жаңалықтар ашу жəне ойлап табу дəуірінде бұрын оқытудың жалғыз- ақ жолы
болған сөздік əдіс өз маңызын жоғалта бастады. Өркендеудегі қоғам қажетіне
орай оқу процесіне бақылау, эксперимент, өзіндік жұмыс, жаттығу, яғни
оқушыда белсенділік, саналылық, ынталылық оятуға бағытталған əдістер ене
бастады. Көрнекі оқу əдісі де кең тарады. XІХ-ХХ ғ.ғ. шектерінде сөздік
əдіске балама ретінде бала қажеттері мен қызығуларын біршама толық
ескеретін, оның өзіндік əрекеттерінің дамуына жол ашатын эвристикалық
(шығармашылдық) əдіс маңызды орын иелей бастады. “Кітаби” əдістердің орнына
“табиғи ” əдістер келді. Яғни оқу шынайы болмыс, қоршаған дүниемен
байланыстырылатын болды. Ұстаз бен оқушыны енді оқудың практикалық
əдістерін қажет ететін “іс-əрекет арқылы оқып- үйрену” əдісі қызықтыра
бастады. Мұндай оқуда қол еңбегіне, еңбекпен байланысты іс-əрекеттерге,
сонымен бірге оқушылардың кітаппен жұмыс істеуіне көп мəн беріліп,
балалардың өз тəжірибесі негізінде дербестік қабілетін дамыту басты назарға
алынды. Шамалап ізденіс, зерттеу əдістері қалыптасты.
Дегенмен, білім дамуының əр кезеңдерінде қолданымға келген əдістердің қай-
қайсысы да өз бетінше жеке қажетті педагогикалық нəтижені қамтамасыз ете
алмайды. Оқу əдістерінің əрбірі өз алдына əмбебап қызмет атқармайды. Оқу
барысында əрқилы əдістерді өзара байланыстыра қолдану, пайдалану ғана
тиімді өнімін береді.
Оқу əдістерін топтастыру
Осы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын əдістер саны, түрі
орасан көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі туындайды. Бұл оқу
əдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мəнділік пен кездейсоқтықты анықтауға
жəрдемдеседі, оларды мақсатқа орай əрі тиімді пайдалануға себін тигізеді.
Қазіргі күнде педагогикада əдістерді топтастырудың үш жолы кең танылған.
1.Оқу əдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру.
Мұндай топтастыруға байланысты əдістерді бөлу ең алдымен оқу мақсатын
назарға алады. Бұл жағдайда оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған мұғалім
əрекетіне көп көңіл бөлінеді. Мақсатты көздеген əдістер тобына енетіндер:
- білім жинақтау əдісі;
- ептілік жəне дағды қалыптастыру əдісі;
- білімді қолдану, пайдалану əдісі;
- білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) əдістері.
2. Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастыру.
Тəжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрнекілік, іс-
əрекеттік (практика). Осыған орай ажырататынымыз: сөздік əдістер (білім
көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі əдістер (білім көзі-
бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) жəне іс-əрекеттік
əдістер (білім жəне ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер
процесінде қалыптасады).
Оқу əдістері жүйесінде басты орын сөздік əдістерге беріледі. Олар-
əңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дəрісбаян (лекция),
кітаппен жұмыс.
Əңгімелеу – оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян формасында
монологты, бірізді сөйлеп жеткізу.
Түсіндіру – бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар заңдылықтары
мен мəнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz