Негізгі құралдар есебін инвентаризациялау
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Инженерлік-Технологиялық Университет колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Негізгі құралдар есебі
Орындаған: Жұбанов Н.
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Негізгі құралдардың есебі
1.1.Экономикалық мәні мен жіктемесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Негізгі құралдарды жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.4. Негізгі құралдарды жөндеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2. Түгендеу ұғымы
2.1. Негізгі құралдар есебін инвентаризациялау ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2. Кәсіпорында негізгі құралдарды түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3 Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуын есепке алу ... ... ... ... ... .22
2.4 Негізгі құралдардың ағымдағы жал бойынша операциялардың есебі ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Кіріспе
Нарықтық қатынастар Қазақстан экономикасына үлкен өзгерістер енгізді. Бұрынғы уақытта экономикалық қатынастар бірыңғай мемлекеттік меншіктің негізінде құралса, енді есеп айырысу, пайда, тиімділік негізінде құрыла бастады.
Қазіргі кезеңде біз экономикада бухгалтерлік есеп пәнінің ескі механизмін бұзып, жаңасын әлі толық құрып болғанымыз жоқ. Сондықтан бүгінгі күні төмендегі маңызды проблемалар бойынша пайда болған мәселелерді шешуді қажет етеді: 1. Бухгалтерлік есеп шоттарының Бас, одан соң Типтік, Жұмыс жоспарларын халықаралық стандарттар негізінде жетілдіру; 2. Қаржылық есеп беру мен салықтық есеп жүйесі бойынша жиынтық табысты анықтау және салыстыру; 3. Экономиканы мемлекет тарапынан реттеудің салықтық тәртібін енгізу;
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқаруда үлкен роль атқарады, өйткені оның қызметі, қаржылық жағдайы туралы толық ақпарат береді. Жалпы айтатын болсақ бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп бір - бірімен тығыз байланысты екі сала.
Қарастырылып отырған курстық жұмыс кәсіпорындағы негізгі құралдарды жіктеу, бағалау және түсулерінің есебі бойынша жиналған мәліметтерден тұрады.
Курстық жұмыстын мақсаты: негізгі құралдарға байланысты барлық мәліметтерді талдау және мәніне жету.
Кәсіпорындағы негізгі құралдарды жіктеу, бағалау және түсулерінің есебі Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.
Ал курстық жұмыстын негізгі бөлімін қарастыратын болсақ, бұл бөлімде негізгі құралдар туралы толық мәліметтер берілген. Негізгі құралдар бұл - материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді. Осы негізгі құралдарға: жер, үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар мен құрал - жабдықтар соның ішінде автоматты машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал - жабдық, көлік құралдары, құрал - сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар, шаруашылық мүлік, жұмысшы және өнім беретін мал, шыққан күрделі шығын басқа да негізгі құралдар жатады. Негізгі құралдардың есебі № 6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады.
Ал кәсіпорынның негізгі құралдар есебін қарастыратын болсақ, негізгі құралдардың аналитикалық есебі арнайы тізімде тіркеуге жататын инвентарлы карточкаларда әрбір инвентарь объектісі бойынша жүргізіледі. Объектілердің саны аз болған жағдайда есеп инвентарь кітабында жүргізіледі.
Қаржылық есепте негізгі құралдар бастапқы, қалпына келтіру және қалдық құн бойынша бейнеленеді. Бастапқы құн жеткізу және орнату шыңындары мен егер ол автокөлік болса, онда оның сатып алыну салығын қоса, объектінің құрылысы немесе сатып алуының нақты шығындарынан құралады.
Негізгі құралдардың синтетикалық есебі № 2410 Негізгі құралдар шоттарында, ал олардың тозуы № 2420 Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы шоттарында жүргізіледі.
Негізгі құралдардың тозуы объектінің бастапқы құны мен қызмет мерзімінен келіп шығады. Бұл кезде № 2420 шоттары кредиттеледі, ал № 8045 Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы шығындар шоты дебеттеледі.
Қайта бағалау мен негізгі құралдарды одан кейінгі индекстеу есебі үшін № 5320 Қайта бағалауға арналған резерв шоты қолданылады. Оның кредиті бойынша негізгі құралдардың бастапқы құнының көбеюі, ал дебеті бойынша индекстелген тозуы бейнеленеді.
Негізгі құралдардың жойылу немесе сатылу себебі бойынша оларды шығыс ету үшін шоттардың 2 түрі қолданылады: № 6210 Активтердің шығуынан түскен кірістер мен № 7410 Активтердің шығуынан алынатын шығыстар. Жылдың соңында бұл екі шот № 5410 Есепті жылдың пайдасы шотында жабылады. Табыстар жағы шығыстар жағынан артық болса бұл пайданы білдіреді. Кері жағдайда - жасалған операциядан болған залалды білдіреді.
Қазіргі уақытта кәсіпорын жұмысының тәжірибесінде негізгі құралдарды жалға алу кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы және кезең барысында негізгі құралдарды өтеп алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алум болып бөлінеді.
Егер біз қаржыланған жалға алу барысында негізгі құралдарды өтеп алу шешімін қабылдасақ, онда олардың құнын № 2410 Негізгі құралдар шотына № 3360 Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек шотымен корреспонденция жазамыз.
Негізгі құралдарды есептен шығарудың қабылданған тәртібін бұзған жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен қарау анықталса, онда оған кінәлі лауазымды адамдар белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады. Негізгі құрал - жабдықтарды бір кәсіпорыннан екінші бір кәсіпорынға беру кезінде екі дана етіп акт дайындалады. Акт негізінде мүлікті түгендеу карточкалары мен негізгі құрал - жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады.
1. Негізгі құралдардың есебі
1.1.Экономикалық мәні мен жіктемесі
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі 1996 жылғы № 3 ұлттық комиссиясы бекітіп 1997 жылы күшіне енді.
Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп стандарты бойынша реттеледі. Бұл стандарттың негізгі мақсаты кәсіпорын меншігіндегі немесе оның уақытша пайдаланудағы негізгі құралдар есебі методикасын анықтау, шаруашылық есебін жүргізу немесе жедел басқару болып табылады.
№ 6 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес негізгі құралдардың есебі негізгі сұрақтарын келесі көрсеткіштерді дұрыс анықтау болып табылады:
1. Мойындау кезеңі;
2. Қызмет ету мерзімі;
3. Амортизация есептеу әдісі;
4. Кезеңдегі күрделі салым;
5. Бағалау әдісі;
Өндіріс процессі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады. Олар: 1. Еңбек заттары; (шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар)
2. Еңбек құралдары; (станоктар, машиналар)
Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер, жер учаскілері, үйлер, ғимараттар, көп жылдық өсімдіктер және жермен тығыз байланысты көлік құралдары, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық құрал - саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, автомобиль жолдары және т.б.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру;
2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығаруын қозғалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету;
3. Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді қайта құруды және шығындарды жүргізумен байланысты есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру;
5. Моральді және физикалық ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау;
6. Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру;
Негізгі құралдардың топтары:
1. Күш беретін машиналар, жабдық - машиналар, жылу және электр қуатын өндіретін генгераторлар, яғни қозғалыс қуатына айналдыратын машина қозғалтқыштар;
2. Жұмысшы машиналар мен жабдықтар, бұл еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек заттарына механикалық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және жабдықтар, станоктар, насостар, электрлі маторлар;
3. Өлшеу және реттеу аспаптары, құрылғылар мен зерттеухана жабдықтары, бұл өндіріс процестерін өлшеу реттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар; (амперметр, микроскоп, водометр, монометр)
4. Есептеу техникасы, процесті жылдамдату автоматтандыруға арналған машиналар, құрылғылар мен аспаптар; (компьютерлер мен басқа да есептеу машиналары)
5. Өзге де машиналар мен жабдықтар; (телефон станциялары, радио желілерінің жабдықтары, өрт машиналары)
6. Көлік құралдары, адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс құралдары; (автомобильдер, теміржол, су көлігінің қозғалмалы құрамы)
7. Инвентарлық объект, барлық тиесілі керек жарақтармен және керек заттармен бірге жекелеген объект;
8. Темірді, ағашты өндеуге арналған құрал сайман, қол еңбегінің механикаланған және механикаланбаған құралы немесе машиналарға бекітілген заттар;
Кесетін, ұратын, қысатын, және тығыздайтын еңбек құралдары;
9. Инвестициялық объект, басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін заттар. Жұмыс үстелі, шкафтар, өндірістік операцияларды орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін заттар;
10 Шаруашылық инвентар, кеңсеге және шаруашылыққа қажетті заттар.
Үстелдер, шкафтар, кілемдер және т.б.;
11. Көп жылдық өсімдіктер жасына қарамастан қолдан егілетін көп
жылдық өсімдіктер; (жеміс - жидек, жузәмдіктер, көп жылдық гүл өсімдіктері, роза плантациялары, тірі қоршаулар, қорғаныш өсімдіктер)
12. Жерлерді жақсарту жөніндегі күрделі шығындар. Бұл, ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жерлерді үстіртін жақсарту шараларына арналған инвентарлық сипаты жоқ шығын. Жер учаскілерін жоспарлау, тамырлардан тазарту, егістікке жер бөлу, жерлерді тастардан тазарту;
13. Өзге де негізгі құралдар, бұл кітапхана қорлары, спорт жабдықтары, мұражай құндылықтары жатады.
1.2. Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. № 6 бухгалтерлік есеп стандарты бойынша бастапқы ағымдағы баланстық құндарды сату құнын және жою құнын ажыратуға болады. Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі, оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу шығындары соның ішінде:
1. Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар; (үйлер, жеңіл автомобильдер бойынша қосылған құн салығы және сатып алу шарты бойынша мемлекеттік баж)
2. Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар;
3. Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін пайыздар;
4. Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына мыналар кіреді: 1. Шотта көрсетілген сату бағасы; 2. Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялық сыйақы;
3. Сатып алу, сату құжаттарын ресімдеу бойынша заңгердің көрсеткен қызметін төлеу; 4. Салықтар мен алымдар; 5. Жерді мақсатты пайдалануға әзірлеу жөніндегі шығындар.
Сатып алынған жабдықтардың бастапқы құнына мыналар қосылады:
1. Сатып алу бағасы; 2. Тасымалдау шығындары; 3. Монтаждау;
4. Жабдықтың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында сынақтан өткізу.
Негізгі құралдардың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау - өткізу № 1 нысанындағы актілермен реттеледі.
Жас өсімдіктердің бастапқы құны егу, күту, суару, тазалау жөніндегі нақты шығындардан құралады.
Акт ресімделгеннен кейін осы объектіге ұатысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қояды және оны субъект басшысы немесе соған өкілетті адам бекітеді.
Негізгі құрал басқа объектіге сатылған кезде акт үш данадан жасалады. Оның екеуі өткізуші субъектіде қалады, үшіншісі негізгі құралдарды қабылдайтын тұлғаға беріледі.
1.3 Негізгі құралдарды жіктеу
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер, үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар және құрал - жабдықтар соның ішінде автоматты машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал - жабдық, көлік құралдары, құрал - сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар, шаруашылық мүлік, жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, шыққан күрделі шығын басқа да негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдардың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды. Түгендеу объектілері негізгі құралдардың есеп бірлігі болып табылады. Түгендеу объектісі күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады. Негізгі құралдарды қабылдау - тапсыру (орнын ауыстыру) акті негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал - жабдықтардың, бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан (қордан) пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай - ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.
Өндірістік процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал - жабдық, құрал - саймандар және тағы басқалар) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды.
Өндірістік емес кәсіпорынның жабдықтарын тұтынуға арналған құрал - жабдықтар. Олар ұжымның мәдени - тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын - үй, комуналдық шаруашылық, деңсаулық сақтау мүлкі тағы басқалар) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
1.4. Негізгі құралдарды жөндеу
Негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстау үшін оларды мерзім сайын жөндеу қажет. Мұның өзі машиналардың, жабдықтардың, үйлердің және негізгі құралдар басқа түрлерінің жекелеген бөлшектерінің тозуы біркелкі еместігіне байланысты болады. Бухгалтерлік есеп орындалған жөндеу жұмыстарының көлемі мен оның құны туралы ақпаратпен, сондай-ақ жөндеуге жұмсалатын қаражаттарға бақылау жасауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұйымдастыру - техникалық белгілері бойынша жөндеу:
а) күрделі жөндеу;
б) шағын (ағымдағы) жөндеу болып бөлінеді.
Күрделі жөндеу дегеніміз жалпы объектіні салыстырғанда тозу мерзімі аз негізгі құралдар жекелеген бөлшектерін қалпына келтіру.
Бір жылдан артық мерзім сайын жүргізілетін, нәтижесінде агрегат толықтай бөлшектелетін, алмастырылатын немесе тозған барлық тетіктері мен желілері қалпына келтірілетін, агрегат жинақталатын және сынақтан өтетін жөндеу машиналардың, жабдықтар мен көлік құралдарының күрделі жөндеуі болып саналады. Машинаның агрегаттарына (қозғалтқышқа, шестеріне, қозғалу қорабына) күрделі жөндеу машина маркасына байланысты белгіленген жүрістен кейін жүргізіледі. Үйлер мене ғимараттардың күрделі жөндеуі әдетте жөнделетін объектілерді шамалап қайта құрумен ұштасады, мұндай кезде тозған конструкциялар мен тетіктер алмастырылады. Шамалап қайта құру немесе жаңғырту негізгі құралдардың бастапқы құнын өсірмейді. №6 БЕС - ке сәйкес негізгі құралдар объектілерінің бастапқы құнын өсіру кейінгі күрделі салымдардың нәтижесінде объект күйі жақсартатын жағдайларда ғана жүргізіледі. Мұндай кезде оның бастапқы бағалаудың нормативтік көрсеткіштері: қызмет мерзімі, өндірістік қуаты артады. Объектінің техникалық күйін сақтау және ұстау мақсатында негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған шығындар бастапқы құнды өсірмейді, олар пайда болған сәтте ағымдағы шығындар ретінде танылады.
Мысал: автомашинаның бастапқы құны 1 500 000 теңге, ұтымды пайдалану мерзімі 8 жыл, ал 5 жылдан кейін автомашинаға құны 2 900 000 теңге болатын жаңа қозғалтқыш орнатылды, оң жақ қапталы 45 000 теңгеге алмастырылды. Қозғалтқышты алмастыру нәтижесінде қызмет мерзімі 2 жылға артады, сөйтіп 2 900 000 теңге сомасындағы шығындар бастапқы құнды өсірді, ал 45 000 сомадағы шығындар ретінде танылды.
Ағымдағы жөндеу негізгі құралдар жұмыс жағдайында ұстау үшін, оның тозған тетіктерін немесе түзетуден тұрады. Оны негізгі құралдарды пайдалану процесінде жүргізеді. Негізгі құралдарды сақтандыру мақсатымен белгіленген мерзімдерден ертерек жүзеге асырылатын жоспарлы - ескерту жөндеуінің маңызы зор болмақ.
Жөндеудің есебі барлық жұмыстардың құжатпен ресімделуін, жұмыстардың көлемі мен өзіндік құнын анықтауды, жөндеуге арналған қаражаттардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етуге тиісті. Жөндеуді үш әдіспен жүргізеді:
1. Мердігерлік. Бұл әдіс кезінде негізгі құралдарды арнайы субъектілер (автожөндеу, жөндеу-шаруашылық субъектілері) жөндейді.
2. Шаруашылық. Бұл әдіс кезінде жөндеу субъектінің өз күші және қаражаттарымен жүзеге асырылады.
3. Аралас. Аралас әдіс кезінде жөндеу жұмыстарының бір бөлігі өз күштерімен, екінші бөлігін арнайы ұйымдар жүзеге асырады.
Мердігерлік ұйымдармен шарт негізінде мердігерлік әдіспен орындалған негізгі құралдар күрделі және ағымдағы жөндеуі кезінде субъект жөнделетін жерге және кері қарай жеткізу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, объектіні жөндеу жөніндегі аяқталған жұмыстарды төлейді. Жабдықтар мен көлік құралдарын жөндегені үшін мердігерлермен есеп айырысуды жалпы объект бойынша аяқталған жұмыстар үшін толықтай жүргізеді. Негізгі құралдар күрделі жөндеуден, қайта құрудан және жаңғыртудан қабылдау-өткізу актісімен (НҚ) №2 нысанындағы Жөндеген, қайта құрылған және жаңғыртылған объектілерді қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді. Субъектінің негізгі құралдарын қабылдауға уәкілетті қызметкері мен жөндеуді жүргізген субъектінің өкілі қол қойған акт бухгалтерияға өткізіледі. Акт екі данада жасалып, бас бухгалтер қол қояды және объект басшысы бекітеді. Негізгі қорлардың жөнделген объектісінің техникалық паспортына күрделі жөндеуді, қайта құруды және жаңғыртуды жүргізуге байланысты объект сипатындағы қажетті өзгерістерді енгізу керек.
Жұмыстарды жүргізудің шаруашылық әдісі кезінде негізгі құралдар ақау ведомосі жасалады. Оның негізінде негізгі құралдарға жөндеу жүргізуге наряд-тапсырыс жасалады. Кәсіпорынның жөндеу цехтарына (ЖЦ, РММ, РСУ) әрбір жөнделетін объектіге көп бағандық карточкалар ашылып, онда жөндеудің шығындары жинақталады. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін (НҚ) №2 нысаны бойынша объектілер тапсырыс берушілерге табыс етіледі. Негізгі құрал объектілері жөндеуден мерзімінде алуды бақылау мақсатында (НҚ) №6 нысанындағы инвентарлық карточкаларды объектілерді жөндеу кезінде карточканың жөндеуде деген бөліміне орналастырылады. Жөндеу карточкаларын бұл бөлімнен негізгі құралдар топтары бойынша картотеканың тиісті бөлімдеріне көшіреді.
Өндірістік негізгі қорларды жөндеуге жұмсалатын шығындарды есепке алу үшін 8044-шот (негізгі құралдарды жөндеу) қолданылады. Әлеуметтік саланың негізгі құралдарды жөндеу шығындары 8044-шотта (негізгі құралдарды жөндеу) ескеріледі. Жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдарды жөндеу шығындары 7210-шотта (жалпы және әкімшілік шығындар), тауарларды сататын жерінде сақтауға арналған негізгі құралдарды жөндеу шығындары - 7210-шотта (тауарлар мен қызметтерді сату жөніндегі шығындар) көрсетіледі.
2. Түгендеу ұғымы
2.1. Негізгі құралдар есебін инвентаризациялау
Инвентарлау, инвентаризация (латын тілінен inventarium - шаруашылық заттар), түгендеме, түгендеу - қолда бар нақты мүліктің бухгалтерлік есеп деректеріне сай келуін несиегерлер алдындағы міндеттемелердің есептік құжаттарының толық не ішінара, жоспарлы түрде не кенеттен жасалуы мүмкін. Меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыс режиміне қарамастан барлық шаруашылық субъектілер түгендеуді жүргізеді. Құралдардың жағдайын жылдық есеп беруде (есепті жылдың 10 қазанынан кейін) объективті түрде көрсету үшін жылына кем дегенде бір рет жүргізеді. Түгендеу тексерудің көлеміне қарай жалпылама және талдамалы, уақытына қарай - уақытылы және аяқасты болып бөлінеді. Кәсіпорынның басшысы, оның орынбасары немесе бас бухгалтері түгендеуді ұйымдастырады және оның жүргізілуіне басшылық жасайды. Түгендеуді тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясы жүргізеді, оның құрамына әкімшіліктің, бухгалтерияның өкілдері, өндірістік қызметкерлер (инженерлер, техниктер тағы басқалар) кіреді. Мүлікті түгендеуге материалдық жауапты адам міндетті түрде қатысады.
Түгендеу Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы ережеге және негізгі құралдарды, тауарлы - материалдық қорларды, ақша қаражаттары мен есеп айырысуларды түгендеу жөніндегі негізгі ережелерге сәйкес жүргізіледі.
Осы құжаттарға сәйкес кәсіпорындар негізгі құралдарға, күрделі салымдарға, аяқталмаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz