ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕМЛЕКТТІҢ РӨЛІ



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ
БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕМЛЕКТТІҢ РӨЛІ

жоспары:
1. Мемлекеттің ғылыми-техникалық және инновациялық сая-
саттарын қалыптастырудың факторлары, қағидалары мен ұйымдас-
тырушылық негіздері.
2. ҒТП-ті жеделдету мен оның тиімділігін арттыру мақсатында
жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі.
3. Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асрыу шарала-
рының мақсаты.
1. Мемлекеттің ғылыми-техникалық және инновациялық
саясаттарын қалыптастырудың факторлары, қағидалары мен
ұйымдастырушылық негіздері
Мемлекеттің ғылыми-техникалық және инновациялық саяса-
тын жетілдіріп, дамыту үшін ғылыми-техникалық прогресс, ғылы-
ми-техникалық революция, ғылыми-техникалық кешен, ғылыми-
техникалық потенциал, инновация, инновациялық инфрақұрылым,
технология, технопарк, технополис сияқты ұғымдардың маңызы
зор.
Ғылыми-техникалық прогресс - идеялардың пайда болуынан
бастап, олардың коммерциялық негізінде жүзеге асырылуына
дейін, жаңалықтар енгізу мақсатымен адамдармен саналы түрде
қолданып жандандырылатын инновациялық үдеріс.
Ғылыми-техникалық революция - ғылымның қоғамдық
өндірісті дамытудың басты факторына айналуына негізделген
өндіргіш күштердің түбегейлі өзгеруі.
Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат - мемлекеттің
ғылыми және ғылыми-техникалық қызметке қатысын сипаттайтын
әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі. Ол мемлекет-
тік билік органдарының ғылым мен техника салаларындағы мақ-
саттарын, қызметтерін анықтап, ғылым мен техниканың жетіс-
тіктерін іске асыруға ықпал етеді.
Ғылыми-техникалық кешен - ғылыми, ғылыми-техникалық
қызмет көрсетумен ғылыми мамандарды дайындаумен айналыс-
атын әртүрлі ұйымдастыру құқықтық меншік түрлері бар ұйымдар
жиынтығы.
Ғылыми-техникалық потенциал - алға қойылған әлеуметтік
және экономикалық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған
мемлекет, аймақ, ұйымның ресурстары мен мүмкіндіктерінің бай-
ланысқан жиынтығы.
Инновация (жаңалықтарды енгізу) - жаңа технологиялық
үрдісті өндіріске енгізу арқылы пайда болған инновациялық қыз-
меттің түпкі нәтижесі.
Инновациялық инфрақұрылым - инновациялық субъекті-
лерге қызмет көрсететін ұйымдар.
Технопарк - ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлікті дамыту-
ға арналған ұйым.
Технополис - ғылыми-техникалық қызметті ғылыми негіздел-
ген өндіріспен байланыстыратын мамандандырылған аймақтық
ғылыми-өндірістік кешен.
Бүгінгі таңда ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми-
техникалық прогресс шешуші ықпал етеді. Қазіргі кезде ғылым мен
техниканың дамуының негізгі бағыты экономиканы қайта индус-
трияландыру болып табылады. Ал ол қоғамдық өндірістің интен-
сивтілігін арттыруда келесі мәселелерді қарастырады:
- ресурстар мен энергияны үнемдеу мен экологиялық тұрғыдан
таза технология негізінде өндірісті түбегейлі қайта құру;
- өндірілген өнімдер мен өндірістің техника-экономикалық
параметрлерінің сапасын жақсарту;
- өнеркәсіптің ғылымды көп қажет ететін салаларын одан әрі
дамыту және олардың жалпы ұлттық өнімдегі үлесін көтеру;
- ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу жолымен
өндірістік емес саланы индустрияландыру.
Ғылыми-техникалық прогрестің кешенді бағдарламасы -
бұл мемлекет экономикасының және әлеуметтік сферасының даму
болашағын айқындайтын құжаттар жүйесінің құрамдас бөлігі. Ол
мемлекеттің біртұтас ғылыми-техникалық саясатының бағыттарын
анықтайды.
Ғылыми-техникалық прогрестің кешенді бағдарламасы-
ның мақсаттары:
- ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын болжау
және олардың әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау;
- халық шаруашылығы салаларында және технологияның жеке
бағыттарының ерекшеліктерін анықтау;
- маңызды ғылыми-техникалық бағдарламалардың қажеттілігін
және жүзеге асырылуы керектігін қадағалау болып табылады.
Ал, ғылыми-техникалық прогрестің кешенді бағдарлама-
сын құрастыру тәртібі:
- ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамудың
бағыттарына болжам жасау;
- ғылымды, техниканы және технологияны болашақта дамыту
бағыттары мен мәселелерін айқындайтын біртұтас құжаттар құрас-
тыру;
- Президент және үкіметтің негізгі ұстанымдарын ескере оты-
рып, ғылыми-техникалық прогресс бағдарламасына өзгерістер
енгізіп, құқықтық және орындаушы билік органдарына қарауға
ұсыну.
Ғылыми-техникалық прогрестің кешенді бағдарламасы
мынадай бөлімдерден тұрады:
* жалпы бөлім, мұнда ғылыми прогресс, техника және өндіріс
технологиясының негізгі бағыттары көрсетіледі;
* әр түлі салалар бойынша ғылыми прогресс, техника және
өндіріс технологиясының дамуы көрсетілетін тарау;
* ғылыми - техникалық прогресстің мемлекеттің әлеуметтік -
экономикалық дамуына әсері көрсетілетін тарау;
* мемлекет аймақтары бойынша ғылыми-техникалық прогрес-
тің дамуын көрсететін тарау.
Ғылыми-техникалық прогрестің болжамы ірі салааралық
кешендерде ғылым және техниканың бағыттары бойынша
жасалады. Олар:
- машина жасау;
- отын-энергетика кешені;
- қара және түсті металургия;
- орман шаруашылығы;
- құрылыс материалдары;
- аграрлық - өнеркәсіптік кешен;
- АӨК тыс халықтың тұтыну тауарлары;
- өндірістік инфрақұрылым (көлік, байланыс, басқару құрал-
дары).

2. ҒТП-ті жеделдету мен оның тиімділігін арттыру мақсатында
жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары басталған ғылыми саланы
реформалау, нарықтық экономикаға өтудегі күрделі әлеуметтік-
экономикалық кезеңге тап болды. Нарыққа мемлекет тарапынан
қолданылған шаралар нәтижесінде ғылымға аса көңіл бөлінбеді.
Соның себебінен ғылымды қаржыландыру мөлшері едәуір азайып,
мемлекеттің ғылыми-техникалық потенциалының сақталмау қаупі
төнді.
Мемлекетте 80-90 ж.ж. жасалған өзгерістер ғылыми-техни-
калық кешеннің ресурстық, кадрлық, рухани, психологиялық
потенциалын едәуір кемітті. Мемлекеттің даму мақсаттарын шешу-
де ғылыми-техникалық потенциал мүлде қолданылмады.
Мемлекетті тығырықтан шығаруда ғылым мен оның жетістік-
терін тәжірибе жүзінде қолдануда қарама-қайшылық пайда болды.
1990-2000 ж.ж. аралығында ғылымды қаржыландыру 20 есе кеміп,
ғылымның кадрлық құрамы 2 есе азайды және ғылым саласында
жалақы мөлшері өте төмен болды.
Жоғарыда айтылған жағдайлар соңғы жылдары ғылымға деген
мемлекеттік көзқарастың өзгеруіне әкелді. Мемлекет ғылыми
потенциалды сақтау және ғылыми мекемелерді бюджеттен қайта
қаржыландыруды негізгі мақсаттар ретінде қарастырды.
Ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттарын
қолдау әдістері:
- салық төлеу мерзімдерін жылжыту, қарыздың бөлігін өніммен
өтеу арқылы іске асырылады;
- маңызды технологияларды және бағыттарды дамыту үшін
шетелдерден импорттық жабдықтар сатып алуда теңгенің шетел
валютасына қарағанда жеңілдетілген инвестициялық бағамын
енгізу;
- мемлекеттік мұқтаж отандық өнімді сатып алуда бірлесіп
қызмет көрсететін салаларды және кәсіпорындарды бюджеттік
несиелеу және орталықтан қаржыландыру;
- орталықталған валюталық қор есебінен сатып алынатын
жабдықтардың кедендік төлемдеріне және қосымша құн салық-
тарына жеңілдік беру.
Ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жеделдету
мақсатында Қазақстан Республикасының үкіметі Қазақстан Респуб-
ликасының Индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясын қабылдап, жүзеге
асыруды.
Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік
стратегиясы мемлекеттің экономикалық саясатын сипаттайды және
экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық
бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге
бағытталған.
ҚР Индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жыл-
дарға арналған мемлекеттік стратегиясының негізгі міндеттері:
- өңдеуші өнеркәсіп саласының жылдық өсу қарқынын 8-8,4%
мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015
жылы еңбек өнімділігін 3 есе арттыру;
- өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арт-
тыру;
- кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке
секторды ынталандыратын және бәсекелестікті жетілдіретін қоғам-
дық институттарды қамту;
- ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық
экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;
- елдің экспорттық әлеуетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика туралы
Ұлттық экономика туралы
Қазіргі қоғам адамының өміріндегі діннің маңызы бар ма
Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе-теңдік теориясы
Мемлекет шығыстар
Экономикалық өсу, оның типтері және факторлары
Экономика пәнінен дәрістер
Психология пәні туралы
Мемлекет түсінігі, функциясы
Мемлекет функциясының ішкі функциясы
Пәндер