ТРАНЗИТТІК (ӨТПЕЛІ) ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ТРАНЗИТТІК (ӨТПЕЛІ) ЭКОНОМИКАНЫҢ
НЕГІЗГІ СИПАТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
жоспары:
1.Транзиттік (өтпелі) экономиканың мәні және негізі сипаттары.
2. Нарық құрылымы және инфрақұрылымы.
3. Өтпелі экономика кезіндегі макро экономикалық үдерісті
мемлекеттік реттеу мәселелері.
1.Транзиттік (өтпелі) экономиканың мәні
және негізі сипаттары

Қазіргі эканомикалық теорияда ең аз зеріттелген мәселе қоғам-
ның эканомикалық жүесінің бір типінен екіншіне көшу салдары
мен өтпелі эканомиканың мән жағдайы.
Өтпелі экономика типтерін, өту үрдістерінің сипаты мен ауқы-
мына қарай ғаламдық және локалды деп екіге бөледі. Ғаламдық
өтпелі экономика - адамзаттың бір дәуірден екінші дәуірге
өтуімен байланысты яғни, индустуриалдық дәуірге дейінгіден
индустриалдыққа өту немесе индустриалдықтан постиндустри-
алдыққа, екі өркениеттіліктен шығыс және батыс біркелкі әлемдік
өркениетке өту.
Жоғарыдағы дәуірлер шеңберінде локалдық өтпелі үрдістер
мысалы, дәстүрлі экономикадан әртүрлі үлгідегі нарықтық эконо-
микаға өту жүзеге асады. Өтпелі экономиканың локалды нышанына
тән мынадай негізгі белгілер бар:
а) инерциялы экономика - қоғам мен экономиканың қысқа
мерзімде өзінің сипатын, түрін және жағдайын өзгерте алмауы.
Қазақстан Республикасы нарыққа өтудің екінші бағдарламасынды
өтпелі кезеңдегі экономиканың инерциялығы ескеріліп, ескі әмір-
шілдік-әкімшілдік басқару элементін жаңа нарықтық қатнастарға
жайлап ауыстыруға бет-бұрыс жасады;
ә) өтпелі экономиканың тұрақсыздығы - бұл жағдайда кез-
келген ең жаңа экономикалық құбылыстар мен қатынастар тез
жойылады. Сондықтан тұрақты түрде ең толыққан, ең тиімді,
нарықтық қатнастардың динамикалық жаңа түрлерін іздестірген
дұрыс;
б) өтпелі экономикадағы ескі және жаңа экономикалық
элементтер, түрлер, бөлшектердің бір мезгілде болуы. Мұнда бір
мезгілде мемлекеттік меншікпен бірге жеке меншік пайда болып,
ол әр түрде байқалады, сөйтіп аралас меншік пайда болады.
Мысалы, мемлекеттік меншіктің жеке меншікпен араласқан түрде
болуы және т.б.;
в) өтпелі экономиканың тарихилығы - экономиканың белгілі
тарихы мерзімде жүзеге асуы және белгілі мемлекетте болуы.
Нақтыласақ, Қазақстан Республикасында өтпелі кезеңнің аяқталуы
шамамен XXI-ші ғасырдың басында белгіленуде.
г) өтпелі экономиканың өзіне тән арнайы құбылысы,
тіршілігі және ерекшелігі болады. Себебі, бұл кезеңде барлық
әлемдік қауымдастықтықтағы елдер әр түрлі даму баспалдағында
болып, экономикалық жүйенің біркелкі емес моделін қолданады.
Нарықтық жүйемен дамушы елдерді бір-бірінен - нарықтық
экономикадағы мемлекеттің рөлі бойынша, мемлекеттік меншіктің
жалпы құрлымдағы әр түрлі меншік түрлеріндегі үлесі бойынша,
монополиялық және олигополиялық нарықтар бойынша, еркін
нарықтық сектордың үлесі бойынша ажыратуға болады. Нарықтық
экономикадағы елдер дәстүрлі экономикадан нарықтық экономика-
ның қазіргі жаңа түріне - әлеуметтік бағытталған әрі басқарудың
аралас күйіне көшуде.
Бұрынғы социалистік елдердің нарыққа өтуі адамзат қоғамы
дамуындағы қайталанбас құбылыс. Олардың нарықтық экономи-
каға өтуінің өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл өту құблысы дәстүрлі
түрде емес, жоспарлы экономикамен дамушы мемлекеттердің өзіне
тән ерекшелігімен сипатталады.
Жоспарлы экономикадағы елдердің нарыққа өту мерзіміне әсер
ететін бірнеше айырмашылықтар болды. Мысалы, ТМД елдерінде
жеке меншік болған емес, ал меншіктің 90% жуығы мемлекеттік
меншік үлесіне тиесілі болды, сондықтан мемлекет иелігінен алу
мен жекешелендіру үдерісі ұзаққа созылды.
Өтпелі үдерістер өзінің сипаты жағынан табиғи-эволюциялық
және табиғи-реформаторлық болып келеді.
Қоғамның бір жүйеден екіншісіне яғни, табиғи-эволюциялық
үдеріске көшуі, әдетте ғаламдық эволюциялық процесс шеңберінде
байқалады. Алайда ғаламдық өзгерістер шеңберінде өтпелі үдеріс
табиғи-реформаторлық сипатқа ие болуы мүмкін. Өтпелі үдерістің
реформаторылық сипаты өтпелі экономиканың локалдық типінде
байқалуы мүмкін.
Мысал ретінде, реформаторлық сипаттағы локальды өтпелі
экономикаға 1971-жылдан кейінгі Ресейдегі социализм құрлысы
кезеңін айтуға болады. Осындай жағдай 1946-жылдан соң Шығыс
Еуропа мен Азия елдерінде болды. Реформаторлық сыйпаттағы
эволюциялық типке мысал ретінде, соғыстан кейінгі Германияның
тоталитарлық қазіргі типтегі нарықтық экономикаға өтуін айтуға
болады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағытталған аралас
нарықтық экономикаға өтуі ТМД елдеріндегі сияқты эволюциялық
- реформаторлық сипатта болды. Нарықтық экономикаға өтудегі
Қазақстан Республикасындың басты міндеттері мыналар болды:
1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу және жекешелендіру.
Мемлекетсіздендіру - мемлекеттің экономиканы тікелей басқару
қызметін алып тастауды айтамыз. Меншікті жеке меншікке айнал-
дыру мемлекеттің абсолюттік монополиялық меншіліктілігін жою-
ды білдіреді.
2. Қазақстандық кәсіркерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы
(еңбекке қабілетті тұрғындарының жалпы санының 10-15 % қамту).
3. Нарықтық инфрақұрлымның қалыптасуы, ең бастысы тауар
мен қор биржасы және басқа да әртүрлі нарықтың құрылуы;
4. Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен эконо-
миканы монополиясыздандыру;
5. Бағаны бейтараптандыру, сұраным мен ұсыным негізінде
нарықтық сипаттағы бағаға көшу;
6. Экономиканың қаржылық тұрақтануы;
7. Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін
қамтамасыз ету.
Өтпелі кезеңде орта және шағын бизнес мемлекеттік қолдауды
қажет етеді. Және ол ірі қаржылық және тұрғындардың өндірістік
ресурстарын жинақтайды, аралас экономикаға икемділік береді,
монополияға қарсы күшті және тұрғындардың өндірістік ресурста-
рын жинақтайды, құрылымдық қайта құрудың шынайы фактор-
ларына қызмет етеді, көп жағдайда жұмыспен қамтамасыз ету
мәселесін шешеді.

2. Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы

Нарықтық жүйе меншік үстемдігі, қоғамдық еңбек бөлінісі,
ақша арқылы жүзеге асырылатын айырбас қатынасының кеңінен
дамуымен сипатталады. Бұл жүйе аз шығын жұмсау арқылы
жоғары нәтижеге жетуге негізделеді. Нарықтық экономика -
өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы әрекет ететін шаруа-
шылықты ұйымдастыру нысаны.
Нарық - бұл өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну аясында сату
және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-эконо-
микалық қатынастар жүйесі.
Қазіргі таңда нарық, күрделі жүйені құрап, көптеген салалардан
тұратын және табиғаты әр түрлі функционалдық жүйелер тобынан
тұратын, өндіруші мен тұтынушы арасындағы шаруашылық байла-
ныстарын құрайды.
Нарықтың күрделі экономикалық жүйе ретінде өзіндік құрлы-
мы бар. Нарықтың құрлымы бұл - нарықтың жекелеген элемент-
терінің ішкі құрлымы. Нарықтың құрлымы әр түрлі белгілері
бойынша көптеген түрлерге бөлінеді. Олар:
* Экономикалық мүдделері бойынша - тауар мен қызмет
нарығы; өндіріс факторларының нарығы; қаржы нарығы.
* Географиялық орналасуы бойынша - жергілікті нарық;
ұлттық нарық; дүниежүзілік нарық.
* Бәсекенің шектелу деңгейі бойынша - монополиялық
нарық; олигополиялық нарық; жетілдірілген бәсеке нарығы; моно-
полиялық бәсеке нарығы.
* Сала бойынша - автомобиль нарығы; компьютерлік нарық,
т.б.
* Сатылу сипаты бойынша - көтерме сауда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркін сауда аймақтары
Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері
Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі - аралас экономика
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ СИПАТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аралас экономика: қалыптасу негіздері және қызмет ету заңдылықтары
Аралас экономика, оның мәні және ерекшеліктері
Қазақстан аралас экономика кезеңінде
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
Қазастандағы көлік жолдары
Дамыған елдердегi аралас экономика және сол туралы ғалымдарының iлiмдерi
Пәндер