ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ МЕН ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ШАРАЛАР



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ
ФАКТОРЛАРЫ МЕН ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ
МЕМЛЕКЕТТІК ШАРАЛАР
жоспары:
1. Мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыру және
өндіріс факторларын тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіштері
мен оны ынталандыру жүйесі.
2. Қоғамдық өндіріс: көрсеткіштері, өсу қарқыны және құры-
лымдары. Қоғамдық өндірісті мемлекеттік реттеудің негізгі міндет-
тері.
3. Экономикалық өсу: факторлары көрсеткіштері және оларды
анықтау әдістері.

1. Мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыру
негіздері және өндіріс факторларын тиімді пайдаланудың
негізгі көрсеткіштері мен оны ынталандыру жүйесі
Мемлекеттің экономикалық саясаты - экономикалық құрал-
дар арқылы жүзеге асырылатын, шаруашылық субъектлерінің іс-
әрекеттер нормасы мен ережелерін тәртіпке келтіру болып табы-
лады.
Мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі экономикалық
құралдарына жататындар:
1. Несие саясатынды:
- банк резервтерін нормалау;
- банк проценттерінің есепке алу ставкасын өзгерту;
- валюта нарығында операциялар жүргізу.
2. Бюджеттік саясатта.
- мемлекеттік шығындрды реттеу;
- мемлекеттік сатып алуды реттеу;
- мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау және оны тәртіпке келтіру.
54
3. Фискалдық саясатта:
- азаматтар мүлкіне салық салуды реттеу;
- муниципалдық салық енгізу.
4. Әлеуметтік саясатта:
- еңбек төлемінің минималды ставкасын реттеу;
- зейнетақының, жұмыссыздық жәрдемақысының және т.б.
көлемін белгілеу.
5. Сыртқы экономикалық саясатта:
- заң жүзінде баж салығының, валюталардың айырбас курс-
тарын белгілеу;
- шет ел қарыздарын, инвестицияларды және валюталық шек-
теулерді қолдану.
Экономикалық саясат - мемлекеттің экономикалық мәселе-
лерді шешудегі және оның механизмін әрекетке келтірудегі қыз-
меті. Экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында экономи-
калық теорияны жаңа сатыға көтеретіндей тұтас экономикалық
жүйе дамиды.
Экономикалық саясаттың негізгі міндеттері:
- экономикалық еркіндік - экономикалық субъектілерге шару-
ашылық практикасында іс-әрекет түрлерін таңдау мүмкіндігін беру;
- экономикалық өсу - барлық халықтың өмір сүру деңгейі мен
әл-ауқатын жақсарту;
- жұмыспен қамту және жұмыссыздық - жұмыссыздықты
табиғи деңгейде ұстап тұру;
- баға тұрақтылығы - инфляцияны азайту және қаржы
саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау - экономикалық даму талаптарын
және экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтау;
- әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер - әлеуметтік қорғал-
маған азаматтардың өмірлеріне қалыпты жағдай жасау;
- әділ салық салу - табысы төмен тұрғындар топтары үшін
салық жеңілдіктерін енгізу.

Өнеркәсәптік саясат - халық шаруашылығын дамытудың мем-
лекеттік стратегиясының, экономикалық және әлеуметтік тиімді
бағыттарды, нарықтық механизмдерді реттеудің құралы болып
табылады.
Өнеркәсіптік саясат ескірген өндірістік құрылымдарды жойып,
олардың жаңа түрлерінің қалыптасуына, ғылыми-техникалық және
басқару прогресін дамытуға, әлемдік экономиканың жаһандануға
бейімделуіне ықпал етеді.
Өнеркәсіптік саясат корпорациялардың және мемлекеттің
мақсаттарын біріктіруге бағытталған механизмдерге сүйенеді. Ол
құқықтық-ұйымдастыру формалары әр түрлі субъектілерге арнал-
ады. Оның қалыптасуы, жүзеге асуы заңдық және орындаушы
биліктің міндеті. Заңдық және орындаушы билік өнеркәсіп өнді-
рісін дамытудың нақты шараларын анықтайды.
Нарықтық экономиканың дамуының қазіргі кезеңінде, мемле-
кеттік өнеркәсіптік саясат төмендегідей мақсаттарға ұмтылады:
- отын-энергетикалық кешеннің басымдылығынан өңдеу өнер-
кәсібінің басымдылығына өтуге;
- өндірісті ұйымдастырудың ескі тәсілдерінен тиімді өндірістік
жүйелерге өтіп, өнімнің құрамын жаңартуға;
- адам денсаулығына қолайлы, экологиялық таза және қауіпсіз
өнеркәсіптік өндіріске көшуге;
- арнайы өндірістерді дамыту арқылы ішкі және әлемдік
нарықта бәсекелес өнімдерді өндіруе;
- ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін ескере отырып,
сала бойынша ғылымды қайта құруға.
Өндірістің материалдық факторларының мемлекет иелігінде
болуы мемлекеттің материалдық өндірісті реттеуімен бақылауына
негіз болып табылады.
Нарықтық экономиканы реттеудің маңызды құралдарының
бірі мемлекеттік тапсырыс. Мемлекет белгілі бір өнімнің, жұмыс-
тың және қызметтің ірі және тікелей тапсырыс берушісі болады.
Мемлекеттік тапсырыс өндірісті жандандырады. Әсіресе, ол отан-
дық тауар өндірушілерді қолдауда маңызды рөл атқарады.
Өнімге және қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырыс респуб-
ликалық және аймақтық деңгейде жүргізіледі.
Мемлекеттік тапсырыс берушілердің тізімін ҚР Үкіметі
бекі-теді. Оның құрамына республикалық билік орындаушы орга-
ны, республикалық қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме,
коммерциялық және коммерция емес ұйымдар және корпорациялар
кіреді.
Мемлекеттік тапсырыстар конкурстық негізде орналастыры-
лады. Ашық конкурста жеңген өнімді жеткізушімен немесе қыз-
метті орындаушы мен мемлекеттік тапсырыс беруші арасында
мемлекеттік контракт (шарт) жасалады.
Мемлекеттік контракт - дегеніміз мемлекеттік тапсырыс
беруші және мемлекеттік мұқтаж өнімді жеткізуші арасындағы,
олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын негізгі құжат.
Контракт негізінде, мемлекет үшін қажетті өнімді жеткізуші және
сатып алушы келісімшартқа қол қояды.
Қазіргі кезеңде мемлекеттік тапсырыстың мынадай түрлері
бар:
- мемлекеттік материалдық қорға өнімді жеткізуге;
- ғылыми зерттеулерге;
- ауылшаруашылық өнімдерін, шикізатты және азық-түлікті
республикалық қорға жеткізуге;
- келісімдік жұмыстарға.

2. Қоғамдық өндіріс: көрсеткіштері, өсу қарқыны және
құрылымдары. Қоғамдық өндірісті мемлекеттік
реттеудің негізгі міндеттері

Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның негізгі
мәселелерінің бірі болып табылады. Адамдар қоғамда тіршілік
ету үшін өндіріс үдерісі қажет. Ол материалдық игіліктерді өндіру
бөлу, айырбастау және тұтыну үдерістерін қамтиды. Яғни, өндіріс
дегеніміз - адам өміріне қажетті игіліктерді өндіру кезіндегі адам
мен табиғат арасындағы байланыс. Материалдық игіліктерді бөлу
тәсілі - өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың диалекти-
калық бірлігі болып табылады. Бұл кезде өндіргіш күштер өндіріс
тәсілінің материалдық - заттық мазмұнын, ал өндірістік қатынастар
- олардың өмір сүруі мен дамуының әлеуметтік-экономикалық
нысанын құрайды. Өндіргіш күштерге екі түрлі фактор кіреді.Олар:
* субъективті жеке факторлар немесе жұмыс күші;
* объективті заттық факторлар немесе өндіріс құрал-жабдық-
тары.
Жұмыс күші дегеніміз - адамның еңбекке деген қабілеттілігі.
Ол өндірісте пайдалынылатын ой және еңбек күштерінің бірлігі.
Жұмыс күші өндірістің жеке факторы ретінде орын алады.
Экономикалық игіліктерді өндіру үшін ресурстар, яғни мате-
риалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау үдерісінде
пайдалануы мүмкін түрлі өндіріс элементтері пайдаланылады.
Ресурстарды бес топқа жіктеуге болады:
- табиғи ресурстар - бұл адамның тіршілік етуінің табиғи
жағдайларының жиынтығы, яғни өндіріс үдерісінде пайдаланы-
латын қоршаған ортаның құрамдас бөліктері (су, топырақ, пайдалы
қазбалар);
- еңбек ресурстары - еңбекке жарамды жастағы, жұмыс күшіне
ие адамдар;
- өндіріс құралдары - жеке өндірістік үдеріс үшін бөлінетін
ақшалай қаражат түріндегі капитал;
- ақпаратық ресурстар - автоматтандырылған өндірістің
қызмет етуіне және оны компьютерлік техникамен басқару үшін
қажетті мәліметтер;
- кәсіпкерлік қызмет - барлық ресурстарды игіліктер мен
қызмет жасау мақсатында ұйымдастыру әрекеті кезінде көрінетін
адам капиталы. Ресурстар әрқашанда шектеулі болып келеді.
Өндіріс үрдісінде ресурстар өндіріс факторларына айналады.
Өндіріс факторлары адамзат қоғамының даму деңгейіне сәйкес
ұдайы дамып жетіліп отырады. Маржинализм теориясының өкіл-
дері өндіріс факторларын төрт топқа бөледі. Олар:
- жер - бұл табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар, орман,
жыртуға жарамды жер және т.б.;
- капитал - бұл машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрістер тезисі
Экономикалық өсудің факторлары, үлгілері және проблемалары
Экономика өсуінің үлгілері
Экономикалық өсу басты макроэкономикалық категориясы ретінде
Экономикалық өсу қарқынының тұрақты экономикалық өсу ауытқымалылығы тұрақсыз экономикалық өсу
Экономикалық қауіпсіздік
Экономикалық өсу туралы ақпарат
Экономика салаларындағы қауіпсіздік мәселелері
Экономикалық өсудің факторлары
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Пәндер