ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ОНЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ОНЫҢ
ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

жоспары:
1. Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теори-
ялық негіздері.
2. Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің үдерісі және оны
ұйымдастыру.
3. Мемлекеттік кәсіпкерліктің мәні, жалпы белгілері, даму
тенденциясы және оның қоғамдық капиталдың және таза қоғамдық
тауарлардың ұдайы өндірістегі рөлі.
4. Қазақстан жағдайында ЭМР-дің шетелдік тәжірбиелерін
пайдаланудың мүмкіндіктері мен проблемалары.
1. Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың
теориялық негіздері
Мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңап
алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге,
сыртқы факторларға қарай әртүрлі дәрежеде экономикалық
қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық
қызметі мына функциялардан көрінеді:
1) экономиканың тұрақты дамуының құқықтық базаны
анықтау;
2) монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау;
3) табыстар мен байлықты қайта бөлу;
4) экономиканы тұрақтандыру;
5) ресурстарды қайта бөлу.
Аталған қызметтердің іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде
қаржы категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді.
Бұл байланыс мемлекеттің табыстар мен байлықты қайта бөлу,
экономиканы тұрақтандыру, ресурстарды қайта бөлу функцияла-
рында көрінеді:
Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлудегі
айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта
бөледі. Мемлекет азаматтардың үй шаруашылығының табыстарын
теңестіру үшін салық салудың, транферттердің, жалақыны реттеу-
дің, баға жүйелерін пайдаланады.
Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-әрекеті
экономикалық жағдайлардың ауытқулары туғызатын жұмыспен
қамтылуды және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ эконо-
микалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды қамтиды.
Экономикалық ресурстарды қайта бөлу екі жағдайда нарық-
тық жүйенің жетілмегендігінен барып туындайды:
1-бірқатар тауарларды өндірудің тепе-теңдік көлемінің олар-
дың оңтайлы көлемінен ауытқуы;
2-ресурстарды бөлуден нарықтың бас тартуы немесе қоғамдық
тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен
өндіру үшін оларды жеткілікті бөлмеу.
Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі ұзаққа созылатын
эволюциялық құбылыс, бұл істі жүзеге асыруда оны жүзеге асыру-
дың механизмдері өзгеріп отырады.
Кез-келген елдің экономикалық жүйесіндегі мемлекеттің рөлі
оның қызметтері арқылы байқалады. Экономикалық қызметтің
түрлері өте көп, сондықтан оны топтап, бірнеше блоктарға
біріктіруге болады.
Біріншіден, нарық жағдайында мемлекеттің атқаратын мына
қызметтері: стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техника-
лық, әлеуметтік, демографиялық болжау және жоспарлау сияқты
экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметтер.
Екіншіден, мемлекеттің қызметіне мемлекеттік кәсіпкерлік
қызмет жатады. Ол қоғамға қажетті мемлекеттік кәсіпорындар мен
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды. Олар: темір
жол мен жалпы ұлттық маңызды тас жолдар, көпір, каналдар, газ
және мұнай құбырлары, байланыс, ауырухана, мектеп және т.б.
нысандар.
Үшіншіден, нарықтық жүйенің қалыпты қызмет етуін қамта-
масыз ету. Яғни, тұтынушы мен кәсіпкер мүддесін қорғау, стандарт
жүйесін құру, өнім сапасы мен мөлшерін анықтау, бәсекені қолдай
отырып, нарықтық экономикада монополияға қарсы күрес жүргізу
және белгілі бір құқықтық база жасау.
Төртіншіден, мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жүргізу
қызметін бюджеттік саясаттың көмегімен ұлттық табысты үлестіру
арқылы жүргізеді. Яғни, тұрғындардың толық жұмыспен қамтама-
сыз етілуін қолдап, экономиканы тұрақтандыру қызметін жүзеге
асырады.
Бесіншіден, мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыс-
тарын жүргізеді, яғни, оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүге-
дектер мен көп балалы отбасын қорғау және өскелең ұрпақты
тәрбиелеу.

2. Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің үдерісі
және оны ұйымдастыру

Меншік - бұл адамдар арасындағы қатынас. Ол белгілі бір
материалдық игіліктерді, яғни өндіріс құралдары мен нәтижелерін
иемденуді сипаттайды.
Қоғамдық қатынастарда меншіктің маңызы мен орны төмен-
дегілермен айқындалады:
- ол, қоғамдық қатынастардың іргетасы;
- ол, қоғамдық әлеуметтік топтардың жағдайын анықтайды;
- ол, тарихи дамудың нәтижесі болып табылады.
ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес меншік формалары мына-
дай түрлерге бөлінеді:
- жеке меншік: азаматтардың, заңды тұлғалардың меншігі;
- мемлекеттік: республикалық, облыстық, муниципалдық мен-
шік;
- жалпы: біріккен, үлестік.
Меншік тұлғалары: жеке азаматтар, ұжымдар, мемлекет және
т.б.
Меншік нысандары: өндірілген өнім, жұмыс күші, жер, табиғи
ресурстар, тұрғын және өнеркәсіптік ғимараттар, құнды қағаздар
және т.б. Бұлар меншік тұлғаларының белгілі бір затты пайда-
лануға, иемденуге ерекше құқығы барын сипаттайды. Нарыққа
өтудегі негізгі мақсат - ол меншікті мемлекет иелігінен алу және
жекешелендіру болып табылады.
Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алуда меншік сипаты
өзгермейді, тек шаруашылықты тікелей басқаруда мемлекеттің
қызметі жойылып, бұл қызмет кәсіпорын деңгейіне беріледі.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру меншікті сату немесе
белгілі бір шарттар арқылы басқа экономикалық тұлғаларға беру
арқылы жүзеге асырылады. Бұл экономикалық тұлғалар енді мен-
шік иесі болып табылып, оны шаруашылық қызметіне пайдаланады
және нәтижесінде толық мүліктік жауапты болады. Жекешелендіру
экономикалық мақсаттардан туындайды.
Қазақстанда меншікті жекешелендірудің негізгі тәсілдері
мыналар:
- жекешелендіру чектерін беру арқылы жаппай жекешелендіру.
Бұл тәсіл мемлекеттік меншікті көптеген азаматтарға үлестіруді
жылдамдатады;
- кәсіпорындардың мемлекеттік активтерін жеңілдікпен сату
немесе басқаға беру. Бұл тәсіл әлеуметтік тиімді және мемлекттік
меншікті алдын ала беруге қолайлы;
- мемлекеттік активтерді ашық сату тәсілі. Бұл тәсілдің артық-
шылығы бюджетке кіріс кіргізуде және кәсіпорынға инвестиция
тарту мүмкіндігіне ие болады.
Сонымен қатар Қазақстанда жекешелендірудің мынадай
формалары да қолданылады:
* аукцион арқылы сату - бұл ашық сауда жүргізу. Аукционда
жекешелендірілетін объектіге қатысты сатып алушыға ешқандай
шарт қойылмайды;
* комерциялық конкурс - ашық аукциондық сауда немесе
жабық тендер өткізу. Иемдену құқығы - ең көп баға берген сатып
алушыға беріледі;
* инвестициялық конкурс - (инвестициялық сауда) - сатып
алушы инвестициялық жобаларды ұсынғанда өткізілетін мемле-
кеттік меншікті сату. Иемдену құқығы - ең көп инвестиция көле-
мін ұсынған сатып алушыға беріледі;
* акциялау - мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорын-
дарды акцияларды сату арқылы ашық немесе жабық акционерлік
қоғамдарға айналдыру.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру шаралары арқылы мен-
шік қатынастары өзгерді. Бұл жағдай негізінен төмендегілермен
сипатталады:
- меншік түрлерінің көптігімен;
- жеке меншіктің меншік формаларының негізгісіне айналу-
ымен;
- халық шаруашылығы салаларында мемлекеттік меншік моно-
полиясының пайда болуымен;
- экономикалық қызметті ұйымдастырудың жаңа формала-
рының нығаюымен (акционерлік қоғам, серіктестіктер);
- жаңа меншік формаларына қызмет ететін нарық механи-
змдерінің және инфрақұрылымының қалыптасуымен;
- нарықтық экономиканың қалыптасуының негізінде жеке
меншіктің құрылуы және оның дамуы нәтижесінде ұжымдық,
топтық, акционерлік меншік түрлерінің пайда болуымен;
- жеке меншікпен қатарлас мемлекттік меншіктің де дамуы-
мен;
- аралас меншік түрлерінің оларды ішінде белсенді - акцио-
нерлік меншіктің кең тарауымен.
Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі ерекшеліктері:
- жеке меншік - иемденудің негізгі формасына айналды. Оның
себебі жекешелендірудің саяси мақсаттарының экономикалық
мақсаттан басымдылығында;
- күштеп - міндеттеу сипаты. Яғни, әр аймақтағы жекеше-
лендірілетін кәсіпорындарды тек Мемлекеттік мүлік Комитеті
қарастырды;
- капиталдың шектелген адамдар тобының қолында шоғыр-
лануы және халықтың басым бөлігін меншіктен айыру;
- қаржы нарығының қалыптасуы мемлекеттік кәсіпорындарды
акционерлік қоғамдарға айналдыру қаржы нарығының қалыпта-
суына ықпал етті.

3. Мемлекеттік кәсіпкерліктің мәні, жалпы белгілері, даму
тенденциясы және оның қоғамдық капиталдың және таза
қоғамдық тауарлардың ұдайы өндірісіндегі рөлі

Алғаш рет кәсіпкерлік және кәсіпкер терминін XVII ғасырдың
аяғы XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кан-
тильон (1650-1734 ж.ж.) енгізді. Ол кәсіпкер деп тәуекел негізінде
пайда табу мақсатында өндірісті ұйымдастыратын адамды айтты.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде берілген
анықтама бойынша, кәсіпкерлік - бұл меншік түріне қарамастан,
азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке)
сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға
бағытталған және жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемле-
кеттік кәсіпорындардың шаруашылық басқару құқығына (мемле-
кеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызмет.
Кәсіпкерлік дамыған нарықтық экономикада кәсіпорын ұйым-
дарының, жеке кәсіпкерлердің жиынтығы ретінде бірнеше қызмет-
терді атқарады: жалпы экономикалық, шығармашылық ізденіс
(инновациялық), ресурстық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық.
* Жалпы экономикалық қызмет - бұл кәсіпкерлік ұйымдар
мен жеке кәсіпкерлердің нарық субьектісі ретіндегі рөліне негіз-
деледі. Бұл қызмет тауар (қызмет көрсету, жұмыстарды орындау)
өндіруге және оны нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталады.
* Ресурстық қызмет - бұл қызмет кәсіпкерліктің дамуы үшін
ресурстардың барлық түрін тиімді пайдалануды талап етеді.
Кәсіпкер өз ісіне ғылыми-техникалық идеяларды, жаңалықтарды
енгізіп, біліктілігі жоғары жұмыс күшін, ресурстарды тиімді пайда-
лана білсе жоғары табысқа қол жеткізеді.
* Шығармашылық ізденіс - мұнда кәсіпкер қызметінде
жаңа идеяларды қолданып қана қоймай, алға қойған мақсатына
жету үшін жаңа құралдар мен факторларды жасауы қажет.
* Әлеуметтік қызмет - бұл қызмет адамдардың жаңа
топтарының дербес шаруашылық-экономикалық қызмет атқаруға
тырысатын, өз ісін ұйымдастырып, алға қойған мақсатына жете
алатын адамдардың қалыптасуынан көрініс табады.
* Ұйымдастырушылық қызмет - бұл қызметке кәсіпкерлер-
дің өз ісін ұйымдастыруда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экономикасын реттеуге шетел инвестицияларын тарту
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Экономиканы мемлекеттік реттеу жолдары
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Экономиканы мемлекеттIк реттеудIң шетелдIк тәжIрибесI
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибелері
Қазақстан жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі: мүмкіндіктері мен тиімділігі
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері. ҚР мемлекеттiк реттеудiң жетілдіру жолдары
Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң шетелдiк тәжiрибесi туралы
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі жайында
Пәндер