ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ҚЫЗМЕТІНІҢ САТЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
ҚЫЗМЕТІНІҢ САТЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
БОЛЖАУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ
жоспары:
1. Эконмикалық болжаудың мәні, мағынасы және ғылыми-
методологиялық негізі.
2. Мемлекеттің ұлттық бағдарламасы экономиканың басыңқы
бағыттарымен дамуының мемлекеттік стратегиясын іске асыру
негізі мен халық шаруашылығы жоспарының құрамды бөлігі
ретінде.
3. Стратегиялық жоспарлау методологиясы ұғымы және страте-
гияның түрлері

методологиялық негізі
Экономиканы болжау мен жоспарлау экономиканы мемле-
кеттік реттеудің негізгі механизмі және олардың экономиканы
басқаруда алатын орны зор.
Мемлекет тиімді реттеуді атқаруы үшін жоғары деңгейде
сапалы болжау жасауы қажет. Экономикалық болжаудың мақсаты -
тұрақты экономикалық өсуді, толық жұмыспен қамтыуды қамта-
масыз ету, инфляцияна бәсеңдету және т.б. болып табылады.
Болжауды жасауда екі әдіс қолданылады. Біріншісі микро-
экономикалық - бұл талдауға және жеке жоспарлар мен фирманың
болжауына негізделетін әдіс. Бұл әдіс бойынша, жиналған мәлі-
меттер қорытындыланады және мемлекеттік сектор бойынша
есептеулермен бірге экономика дамуының басты бағдарламаларын
жасауға негіз бола алады. Сонымен қатар мемлекеттік және жеке
инвестициялық бағдарламалар да жасалады. Екіншісі макроэко-
номикалық талдауға негізделген және жалпы мақсаттарды айқын-
дауға бағытталып, оған жету міндеттілігіне негізделген әдіс.
Кез-келген қоғам, өзінің болашақтағы даму перспективасын
анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалық болжамдар
- қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті эконо-
микалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік
жоспарлаудың тиімді жоспары мен бағыттарын анықтау үшін
қажет. Қоғамның даму үрдістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары
болса, экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады.
Болжам дегеніміз - белгілі бір объектінің болашақтағы жай-
күйі, даму жолдары туралы ғылыми дәлелді пікір. Болжамдарды
зерттеп, дайындау процесі болжау деп аталады. Болжау - қоғам
өмірінің барлық саласында теория мен практиканы байланыстырып
тұратын маңызды түйін болып табылады.
Қоғам дамуын болжаудың негізгі бағыттарының бірі - эконо-
микалық болжау болып табылады. Экономикалық болжау - бұл
экономикалық болжамның барлық әдіс-тәсілдерін, құралдарын
қолдануға және экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми
әдістеріне негізделген экономикалық болжамдар жасау үрдісі.
Экономикалық болжау объектісі - қоғамдық ұдайы өндіріс
үрдісі, ал зерттеу субъектісіне - экономикалық объектлердің даму
заңдылықтары, болашақ жай-күйі және экономикалық болжам
жасау әдістері жатады.
Экономикалық болжаудың үш негізгі формасы бар. Олар:
гипотеза (жалпы ғаламдық болжау), болжам және жоспар.
Гипотеза - жалпы теория деңгейіндегі ғылыми болжамды
бейнелейді. Болжам гипотезамен салыстырғанда әлдеқайда нақты
сипаттама береді, өйткені ол сапалық қана емес, сандық өлшем-
дерге негізделген. Жоспар - алға белгілі-бір мақсат қойып, соған
жетудің нақты жолдарын белгілеу.
Экономикалық болжаулар әр түрлі белгілеріне қарай бірнеше
топқа жіктеледі:
1) болжау кеңістігіне қарай: макроэкономикалық (халық шару-
ашылықтық); құрылымдық (салааралық және аймақ аралық);
экономикалық кешендер (отын-энергетикалық, агроөннеркәсіптік,
инвестициялық); салалық және аймақтық болжамдар.
2) болжау мерзіміне қарай: оперативті (1 айға дейін); қысқа
мерзімдік (1 айдан 1 жылға дейін); орта мерзімдік (1 жылдан 5
жылға дейін); ұзақ мерзімдік (5 жылдан 15, 20 жылға дейін); алыс
мерзімдік (20 жылдан артық мерзімге) болжамдар.
3) зерттеу объектсіне қарай: өндірістік қатынастардың даму
болжамы; ғылыми-техникалық прогресстің даму болжамы; халық
шаруашылығы дамуының динамикасы; еңбек ресурстарының даму
болжамы; табиғи ресурстарды пайдалану болжамы.
4) функционалды белгісі бойынша: барлау болжамдары; норма-
тивтік болжамдар.
Бүгінгі таңда экономикалық болжам жасаудың 150-ге жуық
әдістері бар. Іс жүзінде соның 15-20 шақтысы ғана ең тиімді әдістер
ретінде қолданылады.
Сыртқы белгісіне сәйкес болжау әдістері интуициялық әдістер
(эксперттік баға беру) және математикалық әдістер болып екі
топқа бөлінеді.
Интуициялық әдістер ішінен дербес эксперттік баға беру және
коллективтік эксперттік баға беру әдістері болып екіге бөлінеді.
Бірінші топқа: сұхбат (интервью) жүргізу; логикалық талдау жасау;
сценари құру әдістері жатады. Ал, екінші топқа комиссия құру;
коллективтік идея жинақтау әдістері жатады.
Математикалық әдістер де экстрополяциялық және модельдер
құру әдістері болып екі топқа бөлінеді. Экстрополяциялық әдіс-
терге - ең кіші квадраттар; экспоненциялық түзету; тұрақсыз
орташа көрсеткіштер жатады. Моделдер құру әдісіне: құрылымдық
модельдер және матрицалық модельдер әдістері жатады.
2. Мемлекеттің ұлттық бағдарламасы - экономика дамуының
мемлекеттік стратегиясын іске асыру негізі мен халық
шаруашылығы жоспарының құрамды бөлігі ретінде
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты мақсаты - қолда-
ныстағы әлеуметтік-экономикалық құрылысты нығайту және жетіл-
діру болып табылады.
Бірінші мақсат қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық және қор-
шаған ортаны қорғау.
Ал, екінші мақсат экономикалық циклды теңестіру және
экономика құрылымын жетілдіру.
Осы аталған мақсаттар басты мақсатпен бірге экономикалық
жүйенің мақсаттар терегін құрайды. Мақсаттар терегі - бұл
әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсаттық орналасуының жүйе-
лендірілген жиынтығы.
Бағдарлама - бұл мемлекеттің алдына қойған мақсаты, оған
жету үшін орындаушылар, ең басты мәселелер бойынша әдістер
мен құралдардың көмегімен жоспарлы құжат құрастырады.
Экономикалық бағдарламалар индикативтік және ұсынушылық
түрде болады. Бағдарламалар әр түрлі белгілеріне қарай мынадай
түрлерге бөлінеді:
* мазмұны бойынша:
- экономикалық;
- әлеуметтік;
- инновациялық;
- ғылыми-техникалық;
- қорғау және т.б.
* құрастыру деңгейі бойынша:
- жалпы мемлекеттік;
- аймақтық.
* игеру масштабы бойынша:
- салалық;
- аймақтық;
- жалпы ұлттық бағдарламалар.
Жалпы ұлттық бағдарламалар - бұл ұйымдастырушылық,
әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, ғылыми зерттеу, және басқа
шараларды орындаушылардың ресурстары бойынша өзара байла-
нысқан кешені.
Нарықтық экономикада бағдарламаны - экономиканы тікелей
мемлекеттік реттеудің негізгі құралы ретінде пайдаланады. Бұл
әдістер жүйелік көзқарасты пайдаланумен, бағдарламада мақсат-
тарды ресурстармен үйлестіруден көрінеді. Мұндай жағдайда қатаң
түрдегі бағдарламалар, қызметтік бағдарламалар және субсидиялық
бағдарламалар пайдаланылады.
Қатаң түрдегі бағдарламаны орындаудың міндетті және
ведомстволық сипаты болады. Қызметтік бағдарламалар арнайы
қызығушылығы бар қатысушылардың қаржылық, материалдық
ресурстарын тарта отырып, коммерциялық емес негізде әрекет
етеді. Онда ассоциация, қорлар, консорциум және басқа да икемді
басқару формалары қолданылады.
Субсидиялық бағдарламалар құрастырылған шараларды мем-
лекеттік қаржыландыруға негізделеді. Соңғы жылдары математи-
калық бағдарламалау әдістеріне негізделген тиімді экономикалық
бағдарламалар кең қолданылуда. Мемлекеттік деңгейдегі бағдар-
ламалардың белсенді пайдаланылуы ХХ ғ. басындағы яғни Ресей-
дегі электрлендірудің мемлекеттік жоспарын құрастыру және
АҚШ-та 1929-1933 жылдар аралығындағы Ұлы тоқыраумен
байланысты.
Мемлекеттік бағдарламалар 40-шы жылдары атомдық қару-
ларды құрастыру үшін, ал 50-60 жылдары - космосты игеру мен
ракетамен қарулану жүйесін құрастыру үшін пайдаланылған. Көп
жағдайда осы мәселені шешудің оң тәжірибесі, халықшаруа-
шылғындағы міндеттерді шешуде бағдарламалы - мақсатты басқару
әдістерін қолдану мүмкіндігіне әкелді. Бірақ, әміршіл-әкімшіл
жүйеде мемлекеттік экономикалық бағдарламалаудың бірқатар
маңызды көрсеткіштері болды. Олар:
- елдің бюджеттік мүмкіншіліктерімен сәйкестіктің болмауы;
- натуралды көрсеткіштермен шектелу;
- бағдарламалық шаралардың артық бөлшектенуі.
Дамыған елдерде бағдарламаны құрудың негізгі міндеті -
мемлекеттің болашақ мақсаты мен міндеттерін, оның ағымдағы
бюджеттік саясатымен байланыстыру жоспарлаудың басты құрам-
дас жүйесі ретінде қарастырылады. Бұл бағыт аяқталған соң
бірінші рет АҚШ қорғаныс министрлігінде құрастырылған жоспар-
лау - бағдарламалау - бюджеттендіру (ЖББ) жүйесінде жүзеге асы-
рылды. ЖББ жүйесі нақты бюджеттік мүмкіншіліктерді, яғни оның
қаржылық қамтамасыз етілуін есепке алып, ұлттық дамудың басты
бағыттарын құруға көмектеседі.
Кеңейтілген бағдарламалы - мақсаттық басқару (БМБ) -
бұл жүйелік талдау әдістерінің негізінде өндірісті басқару субъек-
тісінің басқару нысанына әсер етуі. Сонымен бірге, бағдарламалы-
мақсаттық басқару, қабылданған басқарушылық шешімде іске
асырады. Яғни, бағдарламалы-мақсаттық басқару - бұл әртүрлі
нақты бағдарламаны құрастыру мен іске асыру.
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің әр түрлі типтері үшін
бағдарламалы-мақсаттық басқаруды қолданудың өзіндік ерекшелігі
бар. Мысалы, жоспарлы экономикада БМБ-ға ресурстарды тиімді
орналастыру, ұйымдастыру нәтижесінде жете алады.
Нарықтық экономика жағдайында мұндай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz