ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ ЖАЙЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ
МЕТОДОЛОГИЯСЫ ЖАЙЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Жоспары:
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдісі мен механизмдері.
2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу
3. ЭМР-дің құралдары мен принциптері және олардың ерек-
шелігі.
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдісі мен механизмдері
Кез-келген әлеуметтік ұйымның негізгі мәселесі - адамға
қажетті материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрле-
рін көрсету болып табылады. Бұл орайда мемлекеттік реттеудің
рөлі зор.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты міндеті - мемлекет
мүддесін сақтау, қоғамды және халықтың әлсіз топтарын әлеумет-
тік жағынан қорғау болып табылады. Экономиканы реттеудің
негізгі әдістері:
Бірінші, нарықтық, яғни тауар-ақша қатынастары мен баға
арқылы өндірістің өсіп дамуы төлем қаблеті бар сұранысқа
байланысты. Сонымен қатар нарықтық тетіктер экономиканың
дамуын сипаттап қана қоймайды, оның құлдырауын, дағдарысқа
ұшырауын да көрсетеді. Дағдарысты болдырмау мақсатында,
мемлекет алдын ала ұлттық экономиканың бағдарламасын
жасайды.
Екінші, әкімшілдік-әміршілдік, яғни бір орталықтан жоспарлау
арқылы кәсіпорындар өндірістің тұрақты өсуі үшін өзіндік мақсат
пен бағдар ұстайды.
Үшінші, тікелей мемлекеттік басқару - яғни жекелеген сала-
ларда объектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды,
экономика мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды,
мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді. Оған әскери қорғаныс,
энергетика, қорықтар, ұлттық маңызы бар мәдени-тарихи объек-
тілер, емдеу-сақтыру орындары, қазба байлықтар және т.б.
мемлекеттік маңызды объектілер жатады. Бұл объектілер әдетте
мемлекеттік немесе муниципалды меншікте болады. Мемлекеттік
реттеудің мынадай негізгі тәсілдері бар:
- салықтық реттеу - салық салу, оның түрлерін ставкаларын
белгілеу, салық жеңілдіктерін беру немесе салықтан босату;
- ақша-несие қатынастары арқылы реттеу - салық жүйесін
қоса алғанда, мұны мемлекеттің фискалдық саясаты деп атайды,
осы арқылы ақша айналысына ықпал етеді. Мемлекет орталық-
ұлттық банк арқылы ақша эмиссиясы мен жалпы ақша көлемін
реттейді, банктің қарыз пайызының ставкасын белгілейді, зайымдар
береді, облигациялар мен бағалы қағаздар шығарады;
- бюджеттік реттеу - мемлекеттік органдар мемлекеттік
бюджетті әртүрлі бағыттар бойынша жұмсайды. Сонымен қатар
мемлекет салық төлемдерінен тыс мемлекетке қосымша төлем
белгілей алады, сол арқылы ақша айналысы мен қор жинуады
реттейді;
- баға арқылы реттеу - нарықтық экономика жағдайында
мемлекет бағаны шектеп, одан артық қоюға тыйым салады;
- мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс
арқылы реттеу - мұнда мемлекеттік органдар бюджет қаража-
тының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі де, осы
арқылы концерндерге, фирмаларға, кәсіпорындарға, белгілі бір
өнім түрлерін өндіруге, әскери тапсырыстар мен қоғамдық көлікке
тапсырыс береді;
- сыртқы экономикалық қатынасты реттеу - сыртқы
экономика, сыртқы экономикалық байланыстар мемлекет тарапы-
нан реттеуді талап етеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық
қызметке араласуының негізгі мақсаты сол елдің экономикалық
және саяси мүддесін қорғау.
Егер орталықтандырлған жүйеде мемлекет кәсіпорындардың
барлық әрекеті мен шаруашылық байланысы тікелей және
әкімшілдік жолмен реттелсе, нарықтық жүйеде - мемлекет тек
макроэкономикалық және құқықтық реттеуді ғана көздейді, ал
кәсіпорын өміріне тікелей араласпайды.
Нарықтық экономиканы макрореттеу мемлекеттің белсенді
экономикалық және әлеуметтік экономикалық саясатын қарасты-
рады. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының басты
мақсаты экономикалық өсу, экономикалық тиімділік, экономика-
лық бостандық, жұмыспен толық қамту, бағаның бір қалыпты
деңгейі, сыртқы саудадағы тепе-теңдік және т.б.
Ал, басты бағыттары:
- қаржылық;
- ақша-несиелік;
- әлеуметтік саясат.
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері екі топқа жіктеледі.
Бірінші топқа: жалпы, жеке және арнайы әдістер жатады.
* Жалпы әдіске - диалектика, талдау, синтез, индукция,
дедукция сияқты танымдық әдістерінің жиынтығы жатқызылады.
* Әлеуметтік-экономикалық дамудың үрдістерін мемлекеттік
реттеуде жеке әдіс жиі қолданылады. Ол статистикалық және
экономикалық - математикалық әдістердің төмендегі түрлерін
қамтиды.
Экстраполияциялық әдіс - бұл әдіс алғашқы болжамдарды
жасауда және негізгі бағыттарды жобалауда қолдануға ыңғайлы.
Экономикалық топтастыру әдісі - бір немесе бірнеше ұқсас
белгілердің негізінде қалыптасқан құрылымдық, тізбектер жиын-
тығы.
Индекстік әдіс - бұл әдіс әлеуметтік-экономикалық дамудың
әртүрлі көрсеткіштерін салыстыруда пайдаланылады.
Бюджеттік әдіс - бұл әдіс әртүрлі топтағы халықтың өмір
сүру деңгейі туралы статистикалық ақпаратты алу мақсатында
қолданылады.
* Арнайы әдістерге - мемлекеттік реттеудің барлық үлгі-
сінде аса маңызды орын алатын - баланстық, мақсатты-бағдар-
ламалық және нормативтік әдістер жатады.
Баланстық әдіс - шаруашылықтың сала аралық қатынасын
дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
Мақсатты - бағдарламалық әдіс - экономиалық мәселелерді
шешуде кешенді тәсілдемені қолдану.
Нормативтік әдіс - болжамды үрдістердің оңтайлы көлемін
қамтиды және әртүрлі деңгейлердің арасындағы қарым-қатынасын
болжайды.
Нарықтық экономика жағдайында техникалық-экономикалық
нормалардан экономикалық, әлеуметтік, экологиялық норматив-
терді негіздеу жүйесіне ауысуға көп көңіл бөлінеді.
Нормативтердің мынадай түрлері болады:
* Техникалық-экономикалық норматив - бұл шикізаттар-
дың, отынның, электроэнергияның шығындарын анықтауға мүмкін-
дік береді.
* Экономикалық норматив - яғни, мемлекеттің экономика-
ны реттеуде қолданатын құралдары:
- мүлікке, табысқа, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын
салықтар;
- бюджетке аударылатын аударымдар мен трансферттер;
- міндетті резервтік аударымдардың нормалары, есептік став-
калар.
* Әлеуметтік норматив - тұтыну бюджетімен және күнде-
лікті өмір сүру деңгейі негізінде жасалынады, олар белгілі норма-
тивтік әдіспен анықталған ең төменгі тұтыну бюджетіне және
оңтайлы тұтыну бюджетіне сүйенеді.
* Экологиялық норматив - атмосфераға зиянды қалдықтар-
дың, судың ластануы деңгейін, жерді, суды пайдалану мөлшерлерін
көрсетеді. Бұл мөлшерлер табиғи жүйелердің сақталуына, жалпы
табиғатты ұтымды пайдалану мен табиғатты сақтау шараларының
тиімділігін дәл есептеу кепілдіктерін береді.
Мемлекеттік реттеудің әдістерінің екінші тобы әлеуметтік-
экономикалық үрдіске әртүрлі шаралардың әсер етуінен құралады.
Мұнда мемлекет келесі әдістерді қолданады.
1. Тікелей әсер ету - яғни, мемлекеттік меншік пен ресурс-
тарды тиімді пайдаланудан құралады. Оған кіретіндер:
- мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық операцияларын
олардың құрлымы мен шаруашылықтық мақсаттарына бағытта-
луын бақылау;
- мемлекеттік сектордағы кәсіпорындардың өндірістік тапсыр-
маларын, бағалар мен тарифтерді белгілеу;
- валюталық секторды бақылау;
- капиталды сыртқа шығаруды шектеу;
- ақша белгілерін эмиссиялау;
- кәсіпорындарға лицензиялар беру;
- шектеу, рұқсат ету, мәжбүрлеудің басқадай әкімшіліктік
шаралары.
2. Жанама әсер ету - мемлекеттік салық жүйесі, несие, кеден-
дік салымдар арқылы шаруашылық субъектілерінің іс-әрекетіне
әсер етеді.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық және жанама
әсер ету әдістері мемлекеттік реттеу негізін құрайды. Ал, өтпелі
және аралас экономикада - тікелей және жанама әдістер қатар
жүреді.
Қазіргі нарықтық экономикада тепе-теңдікті қамтамасыз ету,
сонымен қатар ресурстар мен қажеттіліктің теңесуі бірінші кезекте
болып табылады. Сондықтан баланстық әдісті қолданады.
Жоспарлы экономикада баланстық әдіс халық шаруашы-
лығының тепе-теңдігін анықтауда маңызды рөл атқарады.
Экономикадағы баланс - экономикалық ауыспалы байланыс-
тарды орнатудағы басты құрал. Олар кесте немесе теңсіздік түрінде
беріліп, экономиканың екі немесе бірнеше тепе-теңдігін сипат-
тайды. Баланстың түрлері өте көп: өндірістік ресурстардың
балансы, өнім балансы, әртүрлі қаржылық баланстар (мемлекеттік
бюджет, халықтың кірістері мен шығыстарының балансы, сыртқы
сауда балансы, төлем балансы) және басқалар.

2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу

Тиімді нарықтық экономика - бұл әрбір сатып алушы тауар
таңдауда, әрбір кәсіпкер өз капиталын қолданатын салаларды
таңдауға, ал қоғамның әрбір дербес әрекет ететін мүшесі өз еңбегін
ұсынуға ерікті және еркін кәсіпкерлік ұстанымдарында жұмыс
істейтін экономика. Бұл ең алдымен өз саласында тиімді меншік
иелерінің жиынтығы бар, сұранысты қанағаттандыруға бағытталған
жүйе.
Монополияға қарсы реттеудің басты міндеті - жекелеген
фирмалардың нарықты монополизациялауын болдырмау. Ол әкім-
шілік (заңдық) әдістер мен нормативтік бағдарланған әдістер арқы-
лы жүзеге асырылады.
Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты - бұл бәсекелес
нарықтың тиімді қызмет ету шарттарын қамтамасыз ету және
оның шектен тыс монополизациялануына жол бермеу мақсатында
мемлекет жүзеге асыратын экономикалық, әкімшілдік және заңдық
шаралар жиынтығы. Сондықтан, монополияға қарсы реттеу -
экономикалық жүйенің қалыпты, ұтымды дамуының міндетті шар-
ты, өркениетті нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі болып
табылады.
Экономикадағы монополизмнің негізі белгілері:
- бәсекелестікті шектеу;
- тұтынушыны кемсіту;
- бағаны жасанды көтеру;
- өнім шығарылымын азайту.
Бұл құралдар корпорация қызметі қоғамдық байлықтың
салыстырмалы қысқартылуына әкеле ме, жоқ па, бұл тұрғыда ол
тиімдіме, жоқ па дегенді анықтауға мүмкіндік береді.
Монополия және бәсекелестік ұғымдары өз ара тығыз байла-
нысты.
Бәсекелестік - бұл дербес қызметтері олардың әрқайсысының
тауар өндірісінің жалпы шарттары мен нарықтағы айналымына бір
жақты ықпал ететін мүкіндігін тиімді шектейтін шаруашылық
субъектілерінің өзара бәсекелесуі. Бәсекелестік - нарықтық эконо-
миканың қалыптасуының басты шарты болып табылады.
Бәсекелестікке қарсы ұғым - монополия. Тар мағынада
алсақ, монополия - бұл өнім бір ғана фирмада өндіріліп, бір
фирмадан ғана құрылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтың әлеуметтік – экономикалық мазмұны
Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру-құқықтық негіздері
Экономикалық мемлекеттік реттеу мақсаттары, қызметтері, құралдары
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ҚЫЗМЕТІНІҢ САТЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ
ЭМР - дің мақсаттары
Кешенді тәсіл
Әлемдегі нарық шаруашылығы және экономикасы
Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттер
Компанияның басқару жүйесінің тиімділігін көтеру бағыттары
Қазақстанның нарықтық экономикаға енуі
Пәндер