ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ МЕН ОНЫҢ ОБЪЕКТІСІ


ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ МЕН ОНЫҢ ОБЪЕКТІСІ
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) объективті қаж-
еттілігі.
2. Қоғамдық-экономикалық жүйенің типологиясы мен шаруа-
шылық жүргізудің негізгі үлгілері.
3. Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері.
Экономика - бұл халықтың өспелі қажеттіліктерін қанағаттан-
дыру мақсатындағы өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану
жүйесі.
Экономиканың біртұтас жүйе ретінде күрделілігі мұндағы
бірқатар дербес элементтердің болуымен және әр элементтің және
жалпы жүйені дамытудың мақсаттық шарттарының бір мағыналы
болмауымен және жүйені құрушы элементтердің арасындағы
байланыстың күрделілігімен айқындалады.
Бұл факторларды әлеуметтік-экономикалық дамуды реттеуде
ескеру, тиісті деңгейдегі дайындықты талап етеді.
Нарықтық шаруашылық жағдайында экономиканы мем-
лекеттік реттеу - бұл ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жүйенің
қоғамдағы өзгерістерге бейімделуін, экономиканың тұрақтылығы
мен дамуын қамтамасыз ету мақсатындағы заң шығарушылық,
орындаушылық және бақылаушылық сипаттағы мемлекеттік құқық
қорғаушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен жүзеге асыры-
латын мемлекеттік шаралар жүйесі болып табылады.
Мемлекеттің экономикалық үрдіске араласуының объективті
қажеттілігі келесі факторлармен анықталады:
- қоғамдық ұдайы өндірісті ұлғайтылған ауқымда қамтамасыз
етудің қажеттілігімен;
- халық мүддесінің ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етумен;
- халықтың әр түрлі топтарының әлеуметтік-экономикалық
мүддесін тепе-теңдікте ұстаумен;
- елдің аймақтық кеңістігінің тұтастығы мен бірлігін қамта-
масыз етумен.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері - экономи-
калық қатынастарды реттеу барысында билік органдарының алды-
на қойылатын мақсаттық шарттар жиынтығы. Олар келесі құрамдас
бөліктерден тұрады:
- экономикалық өсу және экономикалық даму;
- толық және тиімді жұмыспен қамту;
- экономикалық тиімділікке жетуге бейімделу;
- бағаның тұрақтылығы;
- экономикалық еркіндік;
- шығындардың әділетті бөлінуі;
- елдің сыртқы экономикалық тепе-теңдігін сақтау.
Тиімді экономикалық жағдайда мемлекеттік реттеудің міндет-
терін біртұтастыққа, мысалы «мақсаттар көпбұрышы» түріне келті-
ру қажет.
Мемлекеттік реттеудің мақсаттар көпбұрышы - әлеуметтік-
экономикалық дамудың маңызды мақсаттық міндеттерінің өзара
байланысты жиынтығы. Ең кең тарағаны «сиқырлы көпбұрыш»
деп аталатын, орындалуына мемлекет жауап беретін, өзара байла-
нысты төрт мақсат. Олар:
- экономикалық өсу;
- жұмыспен қамтудың жоғарғы деңгейі;
- бағаның немесе ақшаның тұрақтылығы;
- сыртқы экономикалық тепе-теңдік.
«Сиқырлы төртбұрыш» аталуы оның бір мақсатының екінші
мақсатын жоққа шығаратынында жатыр. Мысалы, қосымша мемле-
кеттік шығындар көмегімен халықты жұмыспен қамтуды ынталан-
дыру - бюджеттік тапшылықтың өсуіне, ал соңында инфляцияға
алып келеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты мақсаты - экономи-
калық және әлеуметтік тұрақтылыққа жету, ағымдағы қоғамда
қалыптасқан қатынастарды жетілдіру және нығайту, қоғамдағы
өзгерістерге бейімдеу болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың және мемлекеттік реттеу-
дің мақсаттық шарттарының көп қырлылығы - бүгінгі таңдағы
экономикалық жүйенің негізгі қасиеті. Әлемнің көптеген дамыған
елдері үшін экономикалық өмірдің әртүрлі сфераларына мемле-
кеттің кең түрде араласуы тән. Айырмашылығы тек оның араласу
деңгейінде. Нарықтық экономиканың қызмет етуіне мемлекеттің
араласуының қажеттілігі төмендегі жағдайлармен байланысты:
- нарықтық шаруашылықтың қызмет ету механизмінде келең-
сіздіктің болуы;
- қоғамдық игіліктерге деген қажеттіліктерді қанағаттанды-
рудың неғұрлым тиімді нұсқаларын (нарықтан басқа) іздеудің
қажеттілігі;
- нарықтық шаруашылықтың белгілі бір жағдайларда экономи-
каны және оның құрамдас бөліктерін дамыту мәселелерін шеше
алмайтындығымен байланысты сыртқы нәтижемен теңестірудің
қажеттілігі.
Нарықтық экономикада мемлекеттің араласатын экономикалық
сфераларына (немесе аудандарына) жататындар:
- бәсекелестік нарықтық орта;
- экономикалық циклдер;
- макроэкономикалық деңгейдегі дағдарыстар;
- халықтың төмен табысты және әлеуметтік қорғалмаған топ-
тары.
2. Қоғамдық-экономикалық жүйенің типологиясы мен
шаруашылық жүргізудің негізгі үлгілері
Кез-келген қоғамның экономикалық даму сипатын анықтау
үшін «экономикалық жүйе» түсінігі қолданылады.
Экономикалық жүйе (грекше, systema-тұтас) - өзара байланыс-
қан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген
экономика элементтері жиынтығынан тұрады және экономиканы
ұйымдастырудың нысаны болып табылады.
Басты міндеті - шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді
пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Экономикалық жүйе
өміршеңдігінің басты себебі - ресурстардың салыстырмалы түрде
шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді
шаруашылық жүргізудің әдіс-тәсілдеріне негізделген экономика-
8
лық жүйе арқылы өз шешімін табады. Экономикалық жүйенің
тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады.
Экономикалық жүйенің мақсаты - халықтың әл-ауқатын арт-
тыру, оларды материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлттық және басқа
да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу.
Сондықтан, экономиканың тиімділігін арттыру үшін экономикалық
жүйе бір тұрпаттан (типтен) екінші тұрпатқа өзгереді.
Экономиканың жүйелі сипатын ғылыми-теориялық тұрғыда
қарастырған ағылшындық классикалық саясиэкономияның негізін
салушы - А. Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері
туралы» (1776ж. ) басты ғылыми еңбегінде ең алғаш рет осы
тақырыпқа ашық талдау жасады. Одан кейінгі экономикалық жүйе
туралы ғылыми көзқарастар Д. Рикардо, Ф. Лист, К. Маркс,
К. Менгер, А. Маршалл, Дж. М. Кейнс, П. Самуэлсон еңбектерінде
орын алды.
Экономикалық жүйеде қызмет ететін шаруашылық субъектісі
өз таңдауын жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарға ие болуы тиіс
және не өндіру? қалай өндіру? кім үшін өндіру? керек деген
экономиканың үш негізгі міндеттерін шешуге ұмтылады. Шаруа-
шылық өмірдің бұл міндеттерін шешу тәсілін кез-келген қоғамға
тән ақпараттық жүйе анықтайды.
Экономикалық жүйелер әртүрлі белгілеріне қарай бірнеше
түрге жіктеледі:
Меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдар-
лау тәсіліне қарай:
- дәстүрлі экономикалық жүйе;
- орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе
(әміршіл-әкімшіл немесе тоталитарлық) ;
- нарықтық (нарықтық) экономикалық жүйе;
- аралас экономикалық жүйе.
Өркениет типтерінің даму нәтижелеріне қарай экономикалық
жүйе:
- дәстүрлі - қоғамдағы экономикалық қатынастар әдет-ғұрып-
тарға негізделеді;
- либералды - қоғамның дамуы үшін тиімділікке жетуге ұмты-
лыс басым және жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай
кедергілер жоқ (қазіргі индустриалды қоғам) ;
9
- аралас - бірінші және екінші типтердің элементтерінен
құралады.
• Сыртқы экономикалық байланыстардың сипатына қарай:
- жабық экономикалық жүйе - шаруашылық іс-әрекеттер белгі-
лі бір шеңбер көлемінде, тұйықталған күйде жүзеге асырылады
(натуралды шаруашылық) ;
- ашық экономикалық жүйе - басқа елдердің өндірістік бірлес-
тіктерімен экономикалық байланыстар үнемі ұлғайып отырады
(нарықтық шаруашылық) .
1. Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық
жүйе - мемлекеттік меншік үстемдік ететін жағдайда қызмет етеді
және жеке меншік болмайды.
Бұл жүйеге тән негізгі белгілер:
- елдің материалдық байлығының 90%-ға жуығы қоғамның
(мемлекеттің) меншігі болып табылады;
- қоғамның барлық салалары орталықтан жоспарлау арқылы
реттеледі;
- өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау орталықтанды-
рылған. Барлық ресурстар өндірушілерге бір орталықтан жоспар
бойынша қатаң бөлініп беріледі (ресурстар қажет-қажет емес болса
да) ;
- экономикалық ынталандыру тек жалақы мен сый-ақы жүйесі
арқылы ғана жүзеге асырылады, бірақ оның өзі қатаң бақыланады.
Еңбек ақы деңгейінде алшақтық жоқ және еңбек етуге мәжбүрлеу
басым;
- экономикалық тепе-тендік қатаң экономикалық-құқықтық
және заңдарды қабылдау негізінде қамтамасыз етіледі;
- экономикада тауарлардың тапшылығы орын алады;
- қаржы-несие тетіктері (баға, пайыз, ақша массасы, несие)
жаппай жоспардың орындалуына қызмет етеді;
- сыртқы саудада мемлекеттің ғана монополиялық билігі
болады. Валютаны еркін айырбастауға тыйым салынады және
валюта бағамын мемлекет бекітеді;
- шектеулердің көптігіне байланысты жүйеде көлеңкелі эконо-
миканың үлесі жоғары;
- коммунистік идеологияның үстемдік етуі;
- әлеуметтік мәселелерді (жұмыссыздық, үймен қамтамасыз
ету, көп балалы отбасыларға көмек беру және т. б. ) шешуге үлкен
10
көңіл бөлінеді.
2. Нарық қағидаларына негізделген экономикалық жүйе -
жеке меншіктің классикалық жаңартылған нысандарына негізде-
леді. Мұнда нақты экономикалық мүдделері бар өндірушілердің іс-
әрекеттері мен еркін таңдауларына басты мән беріледі.
Нарықтық экономиканың ерекше белгілері:
- инвестициялық ресурстарға жеке меншік;
- макроэкономикалық қызметті нарықтық механизм арқылы
реттеу;
- еркін бәсеке;
- көптеген сатушылар мен сатып алушылардың болуы;
- экономикаға мемлекеттің араласуы шектеулі;
- еркін кәсіпкерліктің дамуы.
Бұл экрномикалық жүйедегі экономикалық дамудың іргелі
міндеттері баға және нарық арқылы шешіледі.
3. Аралас экономика туралы 100 жылдай бұрын А. Шефле, А.
Вагнер сияқты ғалымдар өз еңбектерінде жазған болатын. Олардың
пікірінше аралас экономиканың қалыптасуына, жеке кәсіпкерліктің
дамуына мемлекеттің араласуы негіз болған. Батыс экономистері
аралас экономикаға «мемлекет пен жеке сектордың есепке негіздел-
ген некеге отыруы» деп анықтама берген.
Аралас экономикалық жүйе нарық пен жоспарлаудың артық-
шылықтарын үйлестіру негізінде қалыптасқан. Мұндай экономи-
каның тұрпаты мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуын
шектейді, бәсекелік ортаны ынталандырады, монополияны реттейді
және әлеуметтік қорғау механизмдерінің жүзеге асуына жағдай
жасайды.
Аралас экономиканың сипатты белгілері:
- мемлекеттік меншіктің болуы. Ол экономиканың дамуында
тұрақтандырушы рөл атқарады. Жеке сектор жүзеге асыра алмай-
тын салаларда (темір жол, космосты игеру, атом энергетикасы және
т. б. ) қызмет етеді;
- меншіктің көптүрлілігі және оның бәсекелік ортаның күше-
юіне әсері;
- экономика нарықтык және жоспарлы тетіктер арқылы ретте-
леді;
- макро-микроэкономикалық денгейде экономикалық үдерістер-
дің ұйымдастырушылық және басқарушылық рөлі басым;
11
- жеке кәсіпорындардың ірі әртараптандырылған фирмаларға
өзгеруі;
- мемлекеттік реттеу және түзету рөлі белсенді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында нарықтық эконо-
мика жүйесі жедел дамуда. Осыған байланысты дамыған елдерде
қолданылатын моделдердің ерекшеліктері мен тиімді жақтарын
зерттеу маңызды. Кез-келген экономикалық жүйе мен оның даму
бағыттары төмендегі жағдайларға тәуелді:
- географиялық;
- табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуіне;
- тарихи даму шарттарына;
- елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүріне;
- өндіргіш күштердің дамуына;
- қоғамның әлеуметтік ортасына.
Барлық нарықтық модельдерге тән ортақ белгілер:
- меншік нысандарының көптеген түрлерінің болуы;
- бағаның еркін қалыптасуы;
- еркін бәсекенің дамыған жүйесі;
- дамыған кәсіпкерлік қызмет;
- экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің болуы.
Қазіргі әлемдік экономикада нарықтық экономиканың 7 моде-
лін ерекше бөліп қарастырады.
1. Американдық немесе либералды модель. Оның ерекшелік-
тері:
- мемлекеттік меншіктің үлесі аз;
- экономикадағы мемлекеттің реттеуші рөлі төмен;
- ірі бизнестің жан-жақты дамуы;
- бай мен кедей адамдардың өмір сүру деңгейіндегі үлкен
алшақтық;
- жалақы мөлшеріндегі үлкен алшақтық;
- кедей халық топтарының өмір сүру жағдайларының орташа
болуы.
2. Жапондық модель. Жапондық модельдін ерекшеліктері:
- ұлттық экономиканың негізгі даму бағыттарына мемлекеттік
араласудың деңгейі жоғары;
- экономиканы тұрақтандыру мен тиімділігін жоғарылату үшін
30 жылға арналған стратегиялық жоспар, қорғаныс күштерін дамы-
ту және күшейту үшін 5 жылдық жоспар қолданылады;
12
- ортақ мүдделерге сай бірігу, басқару мен шешім қабылдауға
жұмысшыларды қатыстыру механизмдері іске қосылған;
- фирмаларда өмір бойы жұмысқа қабылдау кеңінен тараған;
- жалақы деңгейіндегі айырмашылық шамалы;
- модель әлеуметтік бағдарланған. Мемлекет әлеуметтік теңсіз-
дікпен күрес жүргізеді, жұмыссыздардың, зейнеткерлердің, еңбекке
жарамсыз азаматтардың әлеуметтік құқықтарының қорғалуын
қадағалайды;
- жұмысшылардың әлеуметтік мәселелерін шешу міндеті кор-
порациялар мен бірлестіктерге де жүктелген.
3. Неміс моделі. Ол өзінің әлеуметтік-экономикалық мазмұны
бойынша жапон моделіне жақын. Неміс моделінін ерекшеліктері:
- мемлекеттің экономикаға әсері үлкен, әсіресе әлеуметтік
мәселелерді шешуде оның орны ерекше. Германиядағы әлеуметтік
міндеттемелердің елеулі бөлігін мемлекет өз мойнына алады: тегін
медицина, білім беру және т. б. ;
- XX ғасырдың 70 жылдары Германия ең алғашқылардың бірі
болып, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді таргеттеу (жос-
парлау) қағидасын енгізді. Әлеуметтік әріптестік қағидасы жүзеге
асырылды. Осы бойынша кәсіпорын жұмысшылары мен меншік
иесі тең құқықты әріптес болып табылады.
4. Швед моделі. Швед моделін социализмнің екінші үлгісі деп
те атайды. Швед елі өмір сүру деңгейі мен азаматтардың құқық-
тарын қамтамасыз етудің жоғары денгейімен ерекшеленеді. Мем-
лекет экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен табыс-
тарды қайта бөлуде белсенді қызмет етеді. Бұл модельдің
ерекшеліктері:
- әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика;
- мүлік теңсіздігі өте төмен;
- халықтың қорғансыз топтарына көмек жоғары.
5. Француз моделі. Модель американдық және неміс экономи-
касының ерекшеліктерін қамтиды. Мұнда, мемлекеттің реттеуші
рөлі жоғары. Францияда 1947 жылдан бастап 5 жылдық индика-
тивті жоспарлау жүзеге аса бастады. Мемлекеттік жоспарлаудың
ерекше үлгісі ретінде франциялық жүйе нәтижелі болып табылады.
Модельдің өзіне тән ерекшелігі:
- халық шаруашылығында мемлекеттік кәсіпкерліктің үлесі
ауқымды;
13
- капиталдың қорлану үдерісіне мемлекеттің кеңінен араласуы.
6. Оңтүстік Кореялық модель. Оңтүстік Корея өз экономика-
сын дамыту үдерісінде осы модельді колдану арқылы қысқа мерзім
ішінде экономикасы нашар елден индустриалды дамыған елге
айналды. Модельдің ерекшелігі - мұнда мемлекеттің экономиканы
реттеудегі рөлі басым. Ол келесі тетіктер арқылы жүзеге асыры-
лады:
- экономикалық дамуды жоспарлау. Бес жылдық жоспарларды
қабылдау, ірі нвестициялық жобаларды қолдау, оларды мемлекеттік
бюджет арқылы қаржыландыру;
- ұзақ уақыт бойы қаржы-несиелік сферада мемлекеттің моно-
полиялық үстемдігі. 80 жылдардан кейін ғана жеке банктік-
несиелік институттар пайда болды. Мұндай саясат қаржы-валюта
ресурстарын бір орталыққа шоғырландырып, оларды басым сала-
ларға тиімді жұмсауға мүмкіндік берді;
- отандық өндірушілерді қолдау мақсатында экспорттық опера-
цияларды ынталандыру, импортты шектеу. Бағаны тұрақтандыру
қорлары құрылып, жаңа жұмыс орындары ашылды.
7. Қытай моделі. Қытай экономикасын реформалау ауыл
шаруашылығынан басталды. Шаруашылық жүргізу жүйесін өзгерту
үшін шаруа қожалықтары отбасы деңгейінде құрылды. Жер 15-30
жылға жалға берілді. Шаруа қожалықтары өндірген өнімнің бір
бөлігі салыққа, екінші бөлігі жергілікті билік органдарының қорына
берілді, қалғаны мемлекетке жоғары бағамен немесе нарықта
сатылды.
Шағын шаруашылықтың қаржылық, техникалық, технология-
лық мүмкіншіліктері төмен болғандықтан, шаруа қожалықтарын
кооперациялардың әртүрлі нысандарына біріктіру жүзеге асыр-
ылды.
Қытай елі экономиканы дамытудың моделін таңдауда Венгрия
мен Чехословакияда қолданылған «аралас моделді» қолданды.
Модель бойынша нарықтық механизм мемлекеттік реттеу арқылы
қызмет етеді. Мемлекеттік реттеу экономиканы жоспарлы басқа-
руға, мемлекет, кәсіпорын, жұмысшы арасындағы үш жақты
мүдделердің үйлесімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Орта-
лықтандырылған жоспарлы экономикадан «Жоспарланған социа-
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz