Жергілікті өлкенің географиялық ерешеліктері


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

«Табиғаттану» пәнінен

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:

«Жергілікті өлкенің географиялық ерешеліктері»

Орындаған: Салимгереева Г. А.

Тексерген: Л. А. Жайманова

Орал, 2015ж.

Жоспары

Кіріспе

1. Өлкеміздің табиғат жағдайлары

2. Табиғи қорлар және өндіріс

3. Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері

4. Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Қазақстан Республикасы жеке мемлекет болып тәуелсіздік алуы, жерді, жер қойнауын, суды, орманды және басқа табиғи ресурстарды пайдалана білу құқын иемденуі республикамызда георгафия білімін тереңірек оқытуды қажет етіп отыр. Бұл жағдайлар география курсының құрылымына да, мазмұнына да әсер етіп қоймайды. Мемлекеттік масштабтағы саяси және әлеумттік жағдайларды шешу барысында нақты жеке территориялардың алуан түрлі табиғат жағдайын біліп, оны ескеру өлкенің географиясын оқып үйренуге септігін тигізеді. Қазіргі кезеңде география үлкен маңызды күрделі мәселелерді шешуге - әр түрлі территориялардың ресурсын зерттеп оқып, сол жердің табиғи ресурсын тиімді пайдалануға, құрылыс, зауыт, қала, жол салуға ең қолайлы жерлерді анықтауға көмектеседі. Өзінің туған өлкесін - географиялық тұрғыдан жан-жақты білу - әрбір баланың парызы. Өйткені ол ертең мектеппен қоштасқаннан кейін, кең байтақ республикамыздың кез-келген жерінде, әр түрлі ортада жұмыс істеуіне тура келеді.

Табиғаттану балаларға білім берумен бірге оларды тәрбиелеу, дамыту бағытында үлкен роль аткарады. Балалар алғашқы географиялық ұғымдарды, туған жер табиғаты ерекшелігін, ашылу тарихын, зерттеу тарихын, зерттеушілер еңбектерімен, жер бедері, пайдалы казбалары, ауа-райы, топырағы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі туралы оқып үйренеді. Туған жер табиғатына топ серуенге шығып, өсімдіктер гербариін, тау жыныстары коллекциясын жинатуға, ауа-райына бақылау жұмыстарын жүргізуге үйретеді.

1. Өлкеміздің табиғат жағдайлары

Ботаникалық зерттеу мәліметтері бойынша Ұлытауда 970 өсімдіктің түрі есепке алынған. Оның 92 пайызы шөптесінді, 7 пайызы бұталы, қалған 1 пайызы ағаштар болып келеді. Бетпақдалада 306 түрлі өсімдік өседі.

Ұлытаудың байтақ даласында жазық пен шөл өсімдіктерінің араласуынан шөлейтке бейімделген өсімдік түрлері көбірек таралған. Далалықтарда өсімдік жамылғысы сирек, маусымдық өзгерістер анық байқалады. Ерте көктемде, топырақта ылғал мол, жауын-шашынды кезде өсімдіктер барлық жерлерде қаулап өседі де, жаз шыға жылдам қурайды. Күзде салқын түсіп, жаңбыр көбейген кезде көптеген өсімдіктер қайта көгереді.

Бұл өңірде көпжылдық өсімдіктерден тырсық, боз бетеге, тарақ бидайығы, сирек бас жусан, кара жусан, сүр жусан, көкпек, тұзды жерлерде сораңның көптеген түрлері және өзен алқаптары мен көлдердің жағалауларында бидайық, акмамықтың бірнеше түрі, ши мен су оты өседі.

Өлкенің оңтүстік-батыс бетіндегі шөлдерге қарағанда құмдарда өсімдік түрлері көп. Оларда ағаштар мен бұталар да, шөп түрлері де өседі. Ақ сексеуіл, құм қарағаны, жүзген, жыңғыл, жиде, тал секілді ағаштар мен бұталар, қияқ, өлең, құрақ, еркек сияқты көпжылдық шөптер - осы құмды өңірге тән осімдіктер.

Өсімдік жамылғысының ендік бағыт бойымен географиялық таралуы шөптесінді өсімдік түрлерінен айқын байқалады. Солтүстік беттегі Терісақкан өзен мен оның салалары алаптарында құрғақ далаға тән өсімдіктер түрлері көбірек таралған. Осы астық тұқымдастар мен жусанның бірнеше түрлері құрғақшылыққа төзімді келеді. Бұл алаптарда астық тұқымдастардың селеу, боз, кәдімгі бетеге, жуашақты қоңырбас, қылтықсыз қызылот, сабалақ төскей сияқты түрлері оседі. Жусан түрлерін бетеге, шренк жусаны, майқара, тамыржусан кұрайды. Шоқылар арасындағы шатқалдар мен жазықтарда, ойпаңдарда қараған мен тобылғы аралас қатар өседі.

Изен Жусан Бетеге Ебелек

Сазды, кебірлі шөлдерде, сұр және қара жусанның көптеген түрлері өседі. Сортаң алаптарға, сор жағалауларына бұйырған, көкпек, сарсазан, ақсораң, бұзаубас сораң секілді өсімдіктер шығады.

Ірі өзендердің аңғарлары бойында өте сирек тоғайлар сақталған. Оларда итмүрын, тал, жиде, қараған, тобылғы, долана, жабайы қарақат өседі. Ұлытау, Кішітау тауларының беткейлеріне арша, бөктерлеріне шоғыр-шоғыр қайың-терек шығады. Тоғайлы, көлеңкелі жерлерге дала қоңырбасы, қандыгүл, жалаң сабак көкнәр, бұдыр масақ сияқты шөптесінді өсімдіктер қаулап өседі.

2. Табиғи қорлар және өндіріс

Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын - табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары - басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану.

Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы - заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.

Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т. б. қорлар жөнінен көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:

1. Отын-энергетикалық қорлар. Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары - Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы - Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақстанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.

2. Минералдық қорлар. Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік шоғырланған. Мұнда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда, Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.

Қазақстан полиметалл кендеріне де бай. Оның негізгі қорлары Кенді Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан. Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың, құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі. Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып отыр.

3. Климаттық қорлар. Қазақстанның географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық қорлары мол. Өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы, күн сәулесінің мол түсуі Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді (жүгері, күріш, мақта және т. б. ) өсіруге мүмкіндік береді. Қазақстанда күн қуаты тұрғын үйлерді, жылыжайларды жылытуға жұмсалады. Республика жел қуатына бай.

Желді аудандарда (Шар, Жалғызтөбе, Жетіс қақпасы, Іле аңғары және т. б. ) жел қуатын механикалық және электр қуатына айналдыруға болады.

4. Су қорлары. Қазақстанның су қорларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздықтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.

Жалпы Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су қорларының маңызы арта түседі. Себебі қуаң климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе суармалы егістерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады. Бұған қоса қалалар мен өнеркәсіп орындарының өсуі, республикадағы су қорларының жетіспеушілік жағдайына әкеп соғады. Еліміздің трансшекаралық өзендері Ертіс пен Ілені ұтымды пайдаланумен бірге экологиясының қауіпті жағын да ескерген жөн. Олардың бастауы біздің мемлекеттік шекарадан тыс жатқандықтан трансшекаралық өзендердің проблемасы сан қырлы. Олардың шаруашылық және экологиялық сипатымен қатар саяси, тарихи, экономикалық және табиғатын қорғау мәселелері тұр. Көршілес, туыстас мемлекеттермен ортақ өзендердің (Сырдария, Талас, Шу) тағдырына қатысты да дәл осындай проблемалар туындайды. Трансшекаралық өзендер мен көлдерді (Каспий және Арал) қорғау мен тиімді пайдалану ережелері 1992 жылы БҰҰ Хельсинки конференциясында бекітілген.

Су қорларын пайдаланудың жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор. Өзендерге гидротехникалық қондырғылар салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.

5. Топырақ-өсімдік қорлары. Республикадағы топырақ, өсімдік қорлары аумағының ауқымды болуына байланысты әркелкі таралған. Бұл қор түрлерінің ерекшелігі - олардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы, осыған байланысты адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне көп ұшыраған.

Қазақстан құнарлы топырақ түрлеріне онша бай емес. Бірқатар аймақтарда топырақтың, ылғалдың, қоректік элементтердің жетіспеуінен немесе сортаңдану әсерінен ауыл шаруашылығында пайдаланылмайды. Сондықтан жарамсыз жерлерді өңдеуден өткізу немесе мелиорациялау арқылы шаруашылыққа пайдалану - алдағы міндет.

Өсімдік қорларын бірнеше топтарға бөлуге болады: орман қорлары, дәрілік өсімдіктер, мал азықтық өсімдіктер. Ормандар негізінен таулы аймақтарда шоғырланған. Қазақстандағы орманды алқап 11 млн га-ды немесе 4%-ды құрайды.

Дәрілік өсімдіктердің республикада 250 түрі бар. Олар фармацевтік өндірісі үшін қымбат шикізат болып есептеледі. Республиканың оңтүстік аймақтарында дүние жүзінде теңдесі жоқ аса құнды дермене өседі.

Адамдардың денсаулығына зиян әкелетін, аллергия тудыратын химиялық жасанды дәрі-дәрмектердің орнына табиғи өсімдіктерден жасалатын дәрілерді пайдаланудың мүмкіндігі зор. 1997-2001 жылдарға ұсынылған мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстан ғалымдары 20-дан астам фитопрепараттар мен әр түрлі фармакологиялық дәрілер шығармақ. Табиғи емдік қасиеттері мол өсімдіктерден біздің елімізде жасалатын дәрі-дәрмектер экологиялық жағынан таза, ал экономикалық тұрғыдан арзан. Соның қатарында қарағандылық ғалымдар жасаған қатерлі ісікке қарсы «арглобин» дәрісін атауға болады. Қазір бұл дәрі емханаларда кеңінен пайдаланылуда. Қалақай мен сораң майларынан жасалған қабынуға қарсы «аллапинин» препаратының, сол сияқты шырғанақ жемісінен алынған майдың емдік қасиеті өте жоғары. Жалбыз, жолжелкен, түйетікен, сарғалдақ, қымыздық, жабайы сарымсақ сияқты өсімдіктердің түрлі емдік қасиеттері бар. Тобылғы мен аршаның кәсіптік маңызы зор. Тобылғыдан халқымыз ежелден-ақ бояу алған және қымыз ашытатын ыдыстарды (саба, күбі) ыстауға пайдаланған. Табиғи дәрілік өсімдіктер қазір адам әрекеті салдарынан сиреп, азаюда. Сондықтан дәрілік өсімдіктердің азайған түрін қалпына келтіре отырып, тиімді пайдаланып, оны қорғауға алу керек.

Шабындықтар мен жайылымдарда өсетін шөптесін өсімдіктер мал азығы ретінде пайдаланылады. Өсімдік қорлары халық шаруашылығының түрлі салалары үшін шикізат базасы болғандықтан табиғи өсімдік жамылғысын қорғаудың, әсіресе құрып бара жатқан өсімдік түрлерін сақтаудың маңызы зор.

6. Жануарлар дүниесінің қорлары. Республика аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі есепке алынған. Олардың ішінде сүтқоректілердің 178 түрі, құстардың 481, бауырымен жорғалаушылардың 48, балықтардың 150 түрі кездеседі. Омыртқасыз жәндіктердің бүгінгі күнге дейін анықталғаны ғана 80 мыңнан асады. Қазақстан аумағында, әсіресе таулы өлкелерде жабайы жануарлар көп ұшырасады. Мұнда терісі бағалы аңдар таралған. Шөлейттер мен шөлді өңірлерде түлкі, қарсақ, ақбөкен, киік, қарақұйрық кездеседі. Қорықтардың үйымдастырылуына байланысты олардың санын реттеу дұрыс жолға қойылған.

Республиканың өзендері мен табиғи және жасанды көлдері балық қорына бай. Каспий теңізінен бағалы балықтың көптеген түрлері ауланады. Мұнай өндірумен байланысты бұл аймақтың экологиялық жағдайы кейінгі кезде нашарлаған. Каспий теңізінің өзіне тән эндемигі итбалықтың жаппай қырылуы, уылдырық шашатын құнды балықтардың азаюы теңдесі жоқ тағамдық қара, қызыл уылдырық өндіретін шаруашылыққа қауіп келтіріп тұр. Елімізде ежелден мекен еткен жабайы жылқы (тарпаң), құлан, домбай, сусар, бұлғын, лашын, жолбарыс, дала сілеусіні, шақшақай, қоқиқаз, жұпар тышқан және т. б. жануарлар бүгінде жоқ немесе жоқтың қасы.

Осындай сирек кездесетін немесе жойылып кетуге таяу өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында 1962 жылы Халықаралық табиғат және табиғи байлықты қорғау одағы құрылды. 1966-1981 жылдары осы жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында «Қазақстанның Қызыл кітабы» шықты. Мұнда негізінен жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар тіркелген.

3. Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері

Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар.

Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтижесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды.

1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды, суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ, сирек ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер бар.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Жарлығы - 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды.

Осы жарлықта бүгінгі ғаламдық және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге елдің экологиялық дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешені айқындалады.

Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері «Қызыл кітаптан» алынған.

Табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың екі бағыты бар: мемлекеттік және жалпыхалықтық. Мемлекеттік бағыт тиісті заңдармен, әрі үкіметтің қарарларымен анықталса, ал жалпыхалықтық бағыт өзінің тікелей қатынасуымен және қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады.

Республика табиғатын қорғау ісіне барлық азаматтар ат салысуы тиіс. Табиғатты қорғау саласында арнайы құрылған ұйымдардың ішінде Қазақстанның Табиғат комитеті көрнекті орын алады. Бұл комитет табиғатты қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, бір мақсатқа бағыттап, республикадағы экологиялық дағдарысты шешуге жұртшылықты жұмылдырады. Елімізде Табиғат қорғау қоғамы жұмыс істейді.

4. Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары

Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.

Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңт-тегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 - 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы геогр. белдемдiлiк заңына байланысты. Мыс., Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солт-тен оңт-ке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңт., оңт. -шығыс таулы алқаптарында - тiк белдемдiк (биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады.

Жазық алқап топырағы. Ауд. 235 млн. га. Қазақстанның жазық аймақтарында солт-тен оңт-ке қарай мынадай топырақ белдемдерi кездеседi: 1) республиканың қиыр солт-н орманды дала белдемi алып жатыр. Негiзiнен бұл жерлер Батыс Сiбiр ойпатында орналасқандықтан жер бетi жазық, ойпатты, сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен шайылған сiлтiсiзденген қара топырағы тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы, негiзiнен жаздық бидай егiледi. Қалған жерлерiн орман, шабындық пен жайылымдар алып жатыр. Ауд. 400 мың га; 2) осы белдемнен оңт-ке қарай даланың қара топырақты белдемi (Жалпы Сырттан Ертiс өңiрi жазықтығына дейiн 2000 км-ге созылған) жалғасып жатыр. Аум. 25, 7 млн. га, оның 15 млн. га-сы жыртылған жерлер, негiзiнен астық дақылдары егiледi. Қара топырақты белдем солт-тен оңт-ке қарай 2 белдем аралығына бөлiнедi: кәдiмгi қара топырақты белдем аралығы Батыс Сiбiр ойпатының оңт-н Сарыарқа өңiрiнiң және Жайық биiк шығыс жазығының солт. бөлiктерiн қамтып (енi 100 - 140 км-дей), батыстан шығысқа созылып жатыр. Аум. 11, 8 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы, негiзiнен астық дақылдары егiлiп, еттi-сүттi мал өсiрiледi; оңтүстiктiк қара топырақты белдем аралығы - кәдiмгi қара топырақты белдем аралығының оңт-н бойлап батыстан шығысқа созылып жатыр, енi 50 - 125 км-дей, аум. 13, 9 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы. Бұл негiзiнен ылғалы жеткiлiктi, дәндi дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбiр 7 - 9 жылда бiр-екi рет қайталанады.

3) Республиканың оңт. бөлiгiндегi шөлдi белдемге дейiнгi орт. аймақты құрғақ-далалы және шөлдi-далалы қара-қоңыр топырақты белдем алып жатыр. Аум. 90, 5 млн. га, яғни республика жерiнiң 33, 2%-ы. Мұнда солт-тен оңт-ке қарай 3 белдем аралығына бөлiнедi: күңгiрт қара-қоңыр топырақты белдем аралығы - қоңыржай қуаң дала, мұнда жыл сайын егiннен тұрақты өнiм алынбайды. Топырақтағы қара шiрiк мөлш. 3 - 4%-дай. Аум. 27, 7 млн. га. Топырақ құнары жап-жақсы болғанымен құрғақшылық әрбiр 3 - 4 жылда бiр қайталанып болып тұрады. Соңғы 10 жылда бұл белдем аралығындағы жыртылған жер көлемi оларды пайдаланудың тиiмсiздiгiнен, бұрынғы 10 млн. га-дан 3 - 4 млн. га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр топырақ орын алған алқаптың аум. 24, 4 млн. га. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 2 - 3%. Құрғақшылық кейде жыл сайын, кейде 2 жылда бiр рет қайталанады, сондықтан суарылмайтын егiншiлiкпен айналысу тиiмсiз, ал суару үшiн тұрақты су көздерi жоқ. Тың игеру кезiндегi асыра сiлтеушiлiкпен бұл белдем аралығында астық үшiн игерiлген 4 - 5 млн. га жерге соңғы 10 - 12 жылда егiс егiлмейтiн болды, тек аз ғана малазықтық жем-шөп егiлетiн жерлер қалдырылды. Мұнда соңғы жылдары тек мал өсiрiледi; ашық қара-қоңыр топырақты белдем аралығы - өте қуаң шөл (шөлейт) дала, негiзiнен мал ш-на жарамды. Аум. 38, 4 млн. га.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антропогендік әсердің атмосферада біліну
Ұлттық парктерді туристік –экологиялық мақсатта зерттеудің теориялық және тәжірибелік негіздері
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Биология және экология пәндерін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану
Ересек тобындағы мектепке дейінгі тәрбиедегі балаларды учаскедегі өсімдіктермен таныстыру
Мінездің ұлттық ерекшеліктері
Өлкетану
Үй жануарларының атауларының тарихы
Өлкетану жұмыстарының география сабағында пайдаланудың тиімділігі
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz