Саулық қойларға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Саулық қойларға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
І. Кіріспе бөлім
Басты мақсат - мал шаруашылығында жануарларды ветеринариялық санитариялық тұрғыдан қорғап ауру тудырмау, оның алдын алу. Бұл бағытта жалпы гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық шараларды мал шаруашылықтарында мүлтіксіз жүргізудің мәні орасан зор. Әсіресе дезинфекция, дезинсекция, дератизация және дезодарация, өлексені дер кезінде утильдеу шараларын жүргізіп отыру-малды инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғаудың кепілі. Санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтаудың маңызы бұл тарауда кеңінен қамтылған.
Ветеринариялық гигиенаның негізгі міндеттері:
- қоршаған ортаның мал организміне және денсаулығына тигізетін әсерінің заңдылықтарын зерттеу;
- қоршаған ортаның мал организміне қолайлы параметрлерін ғылыми-практикалық тұрғыдан негіздеу, зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық нормативтер, нормалар мен ережелерді жасау және ұйымдастыру;
- мал қораларының жобалық тапсырмасын жасау, мал тіршілігін қамтамасыз ететін жүйелерді жасайтын санитариялық құрал-жабдықтарды іріктеу;
- табиғи ортаның бірқалыпты сақталуын қамтамасыз ету, зоогигиеналық нормативтер мен ветеринариялық-санитариялық ережелерді енгізу есебінен экологияны сақтау.
1.1. Әдебиетке шолу
Омарқажанұлы М.Н. айтуынша жылқының басқа малдан басты айырмашылығы бұлшық еттерінің жұмысы болып табылады. Ол қасиеті ас қорытыу және зат алмасуының ерекшеліктерін анықтайды. Жылқылар көмірсулы қосылыстарды- углеводты әрбір 3 сағат сайын жұмыстан кейін шығындап отырады. Сондықтан жұмыс кезінде жылқыларды үстеме қоректендіру өте маңызды. Жылқылардың қарны бір камералы, күйңс қайыратын малдардан салыстырғанда ірі азықтарды онша қорытып сіңірмейді. Жылқы асқазанға қажетті қоректік заттардың пайдалы жұмысқа аз ғана мөлшері шығындалады. Қоректік заттардың қалған бөлігі (30 %- жуығы) басқа қажеттілікпен меншікті қозғалысының қажетіне шығындалады. Жылқының тілі жақсы дамыған. Сондықтан қатты заттарды бөлшектеп уатады. Мүйізді ірі қара қарнына қарағанда жылқының қарны 7- 8 есе кіші, ішектері қысқа жемді, концентратты жақсы қорытады. Жылқы азықты баппен өте ұқыпты, мұқият шайнайды. Бір жұтқанда 15- 20 грамм сабан, топан, сұлы, арпа, кебек және т.б. жұта алады [7].
Дәрібаев пен Әтекешовтың пікірлерінше, Қора жай қабырғалары қабырғалардың жылу және дымқыл өткізбеуін қамтамасыз ету үшін олардың қалыңдығы ескеріледі, немесе аз күш жұмсай отырып жылу жібермейтін материалдар пайдаланылады. Гигиеналық жағынан келгенде қабырғалар жылу жібермейтін материалдардан соғылған жөн. Сондықтан қабырғалардың жылу қорғайтын қасиеті жеткілікті әрі жылуды аз өткізетін термикалық қарсылық коэффициенті жоғары болуға тиіс. Жылуға берік және ауаны орташа деңгейде өткізіп тұратын болғаны жөн.
Төбе жапқыштар. Континенталдық климат жағдайында олар қора - жайды сыртқы әуе кеңістігінің құбылыстарынан сақтайды, қыста да, жазда да, жылу сақтауды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Төбе жапқыштар берік, барынша жеңіл, жылуды аз жіберетін, құрғақ, теп - тегіс, су өткізбейтін, қатты, ұзаққа шыдайтын болуға тиіс.
Едендер. Едендер құс қора - жайларының қорғаушы элементтері ретінде қызмет етеді. Еденнің конструкциясы мен материалдары оның ішіндегі микроклиматқа, санитариялық - гигиеналық жағдайларға, жануарлардың денсаулығы мен тазалығына, өнім сапасына және өнімділік көрсеткіштеріне айтарлықтай деңгейде әсерін тигізеді. Құс фабрикаларының едендері мынадай талаптарға сай келуі керек: жылуды аз өткізетін, берік, қажалмайтын, жанбайтын, тегіс, тұтас, су өткізбейтін, адамдар мен жануарлардың денсаулығына зиянсыз, тазартып - жинауға қолайлы, құстың әр түрлі әрекеттеріне төзімді берік болуы тиіс [8].
Демеуғалиевтың айтуынша таңдап алған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын не нөсерлі жаңбырдан соң, су баспайтын болуға тиіс. Ол жер аймағына күн сәулесі мол түсіп тұруға және желдетіліп тұратын, сондай - ақ, осындай орында қатты желден, құм дауылынан және қарлы бораннан қорғанған болуы керек. Ол үшін орман - тоғай маңына салынғаны немесе айналаға ағаш отырғызған жөн. Осы аймақта құрылыс салуға қосымша күш жұмсауды қажет ететін жер бедерінің кедергісі болмау тиіс. Топырағы құрылыс салуға қолайлы болғаны қора - жайдың орналасуына жағдай жасайды. Жер қыртысының құрамы су және ауа өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, өсімдіктерді отырғызуға жарамды болса тіптен жақсы.
Таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кемінде 5 м тереңдікте болғаны жөн. Сонымен қатар жер санитариялық - гигиеналық талаптарға сай кемінде 5 м, ал су қысымымен шығатын қабаты 12 метрден артық тереңдікте орналасқан және ауыз суы жеткілікті болуы керек.
Мал шаруашылығы қора - жайларын салу үшін жер таңдаған кезде оның табиғи ауа райына да назар аудару керек. Жер көлемін айқындау құс фабрикаларының кеңейтілуін және оны азықпен қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Жер көлемі 300 мыңнан астам құсы бар шаруашылықтарда - 0,4 - 0,5 м2 болуға тиісті.
Құсты бағып - күтетін қора - жайлар тұрғын үйлерден төменгі жақта және олардың ық жағында орналасады [9].
Байжұманов А.Б. (1987) пікірінше, жануарлардың жұмыс өнімділігі оның тарту күшімен, қуаттылығы және төзімділігімен, атқарылған жұмыс көлемімен оны атқарудағы қозғалыс жылдамдығымен және атқару жағдаймен сипатталады. Тарту күшін серіппелі таразы тәріздес тартылатын жүкке ілінген күш өлшеуіш динамометр немесе динамограммамен өлшейді. Динамограмма серіппесін 1 мм-ге қысу не созу үшін белгілі күш көлемі қажет. Сол жұмсалған күштің әсерінен серіппенің созылып қысылғанын оған жалғанған тілі арқылы мм қағазға динамограмма ретінде автоматты түрде түсіріледі[10].
Б.Р.Әкімбековттың (1989ж) мағлұматы бойынша қандайда бір шаруашылықтың обьектілері елді мекен жерлерден белгілі бір қашықтықта орналасуы қажет. Бұл арақашықтық санитарлық - қорғау аймағы деп аталады. Санитарлық - қорғау аймағы (СҚА) мал қораларының қабырғасымен немесе олардың ауласымен елді мекеннің арасындағы территориялары қамтиды. Бұл аймақтың негізгі міндеті - ферманы елді мекенде болатын жұқпалы аурулардан сақтау әрі құс фабрикасындағы кейбір зиянды факторлардан (жағымсыз иістер, шаң - тозаң, микроорганизмдер және т.б.) елді мекенді сақтау болып табылады. Мал шаруашылығының қора - жайлары негізінде елді мекендерден кемінде 3 км, қалалардан - 5 км, өзендер мен су қоймаларынан кемінде 2 км қашықтықта болу керек. Таңдалған жер сонымен бірге, басқа фабрикалар мен кешендерден бөлек белгілі бір зооветеринариялық ара қашықтықта болуы керек. Зооветеринариялық ара қашықтық - ол әр түрлі мал шаруашылығы қора - жайларының өзара ең аз ара қашықтығы. Оның ең негізгі мкқсаты - әр кәсіпорындарда байқалатын жарамсыз зиянды әсерлерін бір - біріне таратпау (шаң - тозаңды, микробтарды, газдарды және т.б.) Жеке жәнебіріктірілген шаруашылықтарында бір жерге 10 мың құсты ұстауға болады[11].
Т.У.Өмірзақовтың айтуы бойынша жануарлардың қандай да бір тұқымын жетілдіру барысында бір жетістікке жетумен қатар жаңа қиындықтар пайда болуын, сонымен қатар іріктеу мен жұптаудың әдістерін жетілдіру және тереңдету қажеттілігін селекцияның алдында тұрған үлкен сұраныс нұсқайды [12].
Е.М.Админ және басқалары (1970ж) былай деп көрсетеді, көпшілік жағдайда малдың ауруға шалдығуы мен өлім-жетімге ұшырауы, оны дұрыс азықтандырып, күтіп бақпаудың салдарынан болады. Малға құнарлы азық беріп, қора-жайын зоогигиеналық талапқа сай таза ұстау, әрі күнделікті жұмыс тәртібін бұлжытпай орындап отыру оның ауруға шамдықтауының және өнімін мол беруінің негізгі кепілі [13].
Қораны үнемі желдетіп, мал ауруында жүргенде ішін кептіріп отыру. Оның ішкі ауасының таза болуына жағдай жасайды. Бірақ қорада ызғырың болмауы тиіс. Сондай-ақ қораның терезелерін қоршауға және көлеңкелеуге болмайды. Қораның ішіне күн сәулесі өтуі үшін керегі әйнектерін үнемі сүртіп тұрған жөн. Төсеніш қорадағы малдың санитарлық - гигиеналық талаптарын жақсартуға, олардың жақсы жайғасуына, ауыз тиюден әртүрлі тері ауруларынан, жарақаттанудан қорғауға арналған. Төсеніш жақсы ылғал тартып көмір қышқылын, аммиакты, күкіртті су тегін және басқа да зиянды газдарды сіңіретін малдың терісі мен түгін ластамайтын, жұмсақ әрі серпімді, улы және тікенекті шөптерден таза болуы тиіс.
А.П.Онеговтың (1972) зерттеуінше қорада бордақыланатын малға белгілі микроклимат жағдайын жасайды. Ол мал шаруашылығын, соның ішінде ірі қара шаруашылығын шоғырландыру, интенсивтендендірудеге байланысты қорадағы қолайлы микро климаттың маңызын арттырады. Ал еденге қойылатын санитарлық - гигиеналық талаптардың мәнісі мынада: олар аздаған жылу өткізгіш, жылу сыйымды құрғақ, түзу, су сормайтын, тазалауға пайдалануға сенімді, желі жөндеуге қажет етпейтіндей болуы керек [14].
Бозымов Қ.Қ., Бисенов Х.С. (1993) пікілері бойынша жануарларға өсіруде вет - санитарлық нысандарға қойылатын өлексені өтелдейтін орын және т.б. олардың санитарлық беріктігін сақтайтын шараларды белгілеу. Мысалы мал өлгенннен кейін оларды жинап алып өртеп жіберуі керек. Олардан аққан слекей т.б. ларлың болмауын қадағалау, орнын дизенфекциялау. Егер орнын дұрыс залалсыздандырмаса түрлі шыбын - шіркей арқылы жұқпалы аурулар тарауы мүмкін. Тасыған машина, орнын бәрін залалсыздандыру.
Әр алуан мал шаруашылығының нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық санитарлық-гигиеналық жұмыстарын уақыты жүргізіп тұруымыз керек. Профилактикалық дезинфекцияны қораға басқа жақтан таралған індетті ауру қоздырғыштарды, сонымен қоса шартты ауру қоздырғыш микробтарды да жою мақсатымен жүргізіледі. Жылқы шаруашылықтары айнала қоршалып жел өтіне қарсы ағаштар егілгені дұрыс.
Сонымен қатар құлын өсіретін қора және оның ішіндегі жабдықтар технологиялық жобалау нормасына сәйкес болуы тиіс. Ат қора тік бұрышты, Г бейнелі (кескінді) және П кескінді формада салынады. Ат қорада мал орны және әжіре екі қатар орналасады; қораның орталығында жем-шөп тарататын және қи шығаратын ені 2,6-3 м жол өткелі болуы тиіс. Жылқы зауыттарында бие үшін әжірелер кораның ортасында орналасады (әжіре саны әр қатарда 12 пайыздан көп болмау керек), ал қабырғаның екі шетінен ені 2 м жүретін жол қалдырады [15].
II.Негізгі бөлім
2.1.Жануарларға қойылатын гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптар.
Мал фермаларының санитариялық - гигиеналық ережелерге сай келмейтін жағдайларына төмендегілер жатады: олардың бактериялармен ластануы, шаңдануы, оң иондардың пайда болуы, температура мен біршама ылғалдылық, аммиактың, күкірттісутегінің, көмірқышқыл газының жинақталуы, индол, скатол және басқадай зиянды иісті газдардың пайда болуы.
Обьектінің жоғары санитариялық мәдениеті, жақсы санитариялық және техникалық жағдайлары, ауаны кезінде дұрыс тазартып отыру - осының бәрі мал қораларында қалыпты температуралық - ылғалдылық режімін және ауаның тұрақты құрамын сақтап отыруға, қора ішіндегі ауадан микроорганизмдер мен шаңды аластатуға, өкпеде теріс иондардың жинақталуына жәрдемдеседі.
Мал шаруашылықтарында жануарларға қойылатын барлық шараларды алдын ала ескеру қажет, яғни малдың індет және құрт ауруларын болдырмау және оның таралмау жолын қарастырған жөн. Адамды малдан жұғатын әртүрлі аурулардан сақтау және малдан алынатын өнімнің сапасы жоғары болуы қамтамасыз етілуі тиіс. Міндетті түрде мал шаруашылықтарында санитариялық мәдениетті көтеру қажет, яғни мал қораларында ветеринариялық - санитариялық ережені бұлжытпай орындау, сондай-ақ олар іске берілген кезде, техникалық құралдарды пайдалған кезде де, сауу аппаратын, ыдыстарды және транспортты қолданған кезде де барлық санитариялық ережені қадағалау керек. Мал қорасын салғанда, жобалағанда және жаңалағанда гигиеналық, ветеринариялық - санитариялық ереже бұзылса тек шаруашылыққа ғана өз зиянын тигізіп қоймай, жалпы сол жердің мал шаруашылығының індеттік жағдайына да әсерін тигізеді. Сонымен қатар, мал шаруашылығы айтарлықтай экономикалық зардапқа ұшырап қана қоймай, мал өнімділігі төмендейді, ауруға ұшырайды, шығынға жол беріледі.
Мал шаруашылықтарында, құс фабрикаларында әртүрлі індетті, инвазиялық аурулардан сақ болу үшін, біршама ұйымдастыру - шаруашылық, гигиеналық, ветеринариялық - санитариялық шараларды орындау керек. Ондай шараларға жататындар:
:: шаруашылыққа жаңа әкелген малды карантиннен өткізу кезінде барлық ветеринариялық - санитариялық шаралар қатал сақталу керек;
:: мал басын топтастыру кезінде, малды сатып алған шаруашылық барлық індетті аурулардан сау болуы тиіс немесе өзіне асыл тұқымды малды індетті ауруы жоқ шаруашылықтардан алуы;
:: көлік немесе фермада жқмыс істейтін жұмысшылар арқылы малға ауру тарату жолын болдырмау, сол үшін фермаға кірер алдында дезөткел және ветсанөткізу жолы, арнайы киімдерді зарасыздандыру, т.б. шаралар сақталуы тиіс;
:: арнайы қоршау арқылы тарайтын әртүрлі індетті ауруларға қарсы күрес жүргізу;
:: малшылардың арасында туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез және басқа індетті аурулардың тарамауы үшін оларға дер кезінде медициналық тексерілу жұмысы жүргізілуі тиіс;
Әрбір өндіріс кешеніндегі мал басына арнап бөлек малшылар тобын құрады, олар малды күтіп бағады, азықтандырады, ауру малға алғашқы шұғыл көмек көрсетеді және барлық ветеринариялық - санитариялық шараларды орындайды. Осы малшылар арнайы киімдермен, аяқ киімдерімен қамтамасыз етіледі. Ферма территориясына бөтен адам тек мал дәрігерінің рұқсаты бойынша кіре алады.
Арнайы мал шаруашылық зонасында жеке меншік және шаруашылық малдарын эпизоотияға қарсы барлық шараларды қолдана отырып малды өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Аталмыш фермада ит, басқа мал, құс ұстауға болмайды.
Мал арасында ауру шықпас үшін, малды күтіп баққанда барлық зоогигиеналық режимді технологиялық норма бойынша сақтау керек. Сондай-ақ мал қорада тиісті микроклимат болуы тиіс және таза болғаны жөн. Әрқашан мал азығының сапасын тексеріп тұру және азықтандыру жүйесін де бақылап тұрған жөн.
Ферма территориясын, қора ішін таза ұстау және санитариялық тұрғыдан тәртіп болу ретінде айына бір рет санитариялық күн белгіленген жөн. Осы күні қора ішін және территорияны мұқият тазалайды, жем-шөптің, қидың қалдықтарын алып тастайды; ақырды тазалайды, ақтайды, су құбырларын сырлайды, еден қабырғаларына жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Әсіресе, мал сауатын залға аса көңіл бөлінеді, сүт бөлмесін өте таза ұстау керек. Жаздыкүні мал қораға дезинфекция, дератизация жүргізеді. Мал қорадан тарайтын иісті, микробты, шаң-тозаңды жою мақсатында, сондай-ақ, ауа бассейнінің таза болу ретінде қора айналасына ағаш, көп жылдық шөп отырғызу керек. Осы ағаштар, ауадағы газды сіңіреді, шаң-тозаңға тосқауыл болады, яғни биологиялық фильтр есебінде өте маңызды роль атқарады. Сонымен қатар осы көк шөп, ағаштың арқасында ферма территориясының санитариялық-гигиеналық жағдайы жақсарады.
2.2. Мал қоралары мен шаруашылық аумағын ветеринариялық-санитариялық ережеге сай тәртіпке келтіру.
Мал және құс кешендері мен фермалары ауылдық жерлердегі ауаның, топырақтың, су қоймаларының ластануына себеп болатын аса ірі қайнар көзі болып есептеледі. Ал оның қуаты мен ауқымы жағынан оларды ірі өндіріс орындары - зауыт, комбинаттармен салыстыруға болады.
Санитариялық - гигиеналық жағдайларды жақсартып, мал кешендері мен құс фабрикаларын оқшаулап және қорғау үшін оларды салу кезінде елді мекендердің, ветеринариялық объектілер мен жолдардың ара қашықтықтарын ескерген жөн.
Мал шаруашылығы объектілерінің ауаға тарататын зиянды қалдықтары, өсімдіктер дүниесінің шартты түрде немесе тым асқынған зиянды әсерлерін ауа арқылы жайып жіберуі, жұқпалы ауруларды бір нысандардан екіншісіне тарату қаупін туғызуы мүмкін және жағымысз әр түрлі иістің таралуына жол бермеу де маңызды роль атқарады.
Мал қора-жайларында, сол сияқты фермалар мен кешендер аймағында да ауаның тазалығын қорғау шараларын тұрақты жүргізу аса қажет. Бұл тұрғыда, әсіресе, мал шаруашылығын жүргізу мәдениетін сақтау және ветеринариялық-санитариялық және жануарларды ұстау мен азықтандыру жөніндегі гигиеналық ережелерді сақтау өте маңызды. Әрбір мал қораларында микроклиматты сақтау үшін тыңғылықты да ұдайы жұмыс жасап отыру, мал қиларын уақтылы шығарып тұру, қора ішін тазалап және сақтық шараларын жасап отыру керек.
Фермалар аумағындағы ауаның шаңданып, ластануынан және микробтардан, жағымсыз иістерден сақтау мақсатында мал қоралары аралығына, аймақтар арасында ағаштар өсіріледі. Олар елді тұрғын мекендерден оқшауланып тұруға тиіс.
Ауаны механикалық әдіспен тазартып тұру микроклиматтың параметріне айтарлықтай әсер етеді. Бұл жағдайда қора-жайлар шаң мен микроорганизмнен тазартылып, ауа оттегімен байытыла түседі. Ауаны шаң мен тозаңнан тазарту үшін сүзбелер мен сүзбелі қондырғылар жасалған.
Мал қораларындағы ауаны тазарту аэрозоль шашырату арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде сүт қышқылы, резорцин, сутегі пероксидін, натрий гипохлориді мен гексилрезорцинды қолдану пайдалы.
Ауаны тазарту үшін қысқа толқынды ультракүлгін сәулелер ұсынылады. Қазіргі кезде ол үшін БУВ-15, БУВ-30, БУВ-60П, ДБ-60 және т.б. аз қысымды шамдар пайдаланылып жүр.
2.3. Мал кәсіпорындарындағы ветеринариялық және ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын гигиеналық талаптар
Ветеринариялық нысандардың негізгі міндеті - аурулардың алдын алу шараларын, ветеринариялық-санитариялық және емдеу жұмыстарын жүргізу және қадағалау әрі диагностикалық зерттеулерді жүргізу болып табылады.
Ветеринариялық нысандарға жататындар: ветеринариялық емхана, ветеринариялық пункт, ветеринариялық лаборатория және изолятор т.б.
Ветеринариялық емхана - бұл цикл аяқталғанша қызмет ететін малдәрігерлік үлкен мекеме. Ол ауру малға амбулаториялық және тұрақты (стационарлық) емдеу, диагностикалық зерттеу, сондай-ақ, шаруашылықтарда профилактикалық, ветеринариялық-санитариялық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Емхана - амбулаторлық және стационарлық бөлімдерден тұрады.
Ветеринариялық орын (пункт) - әртүрлі мал шаруашылықтарына қызмет етуге арналған. Пункт ауру малға амбулаториялық және тұрақты көмек көрсетеді, сондай-ақ профилактикалық және ветеринариялық - санитариялық жұмыстар жүргізеді.
Ветеринариялық лаборатория - шошқа фермасы, құс фабрикасы және асыл тұқымды мал шаруашылығында орналасып, соларға қызмет етеді. Лаборатория-диагностикалық зерттеулер, азықтың сапасын зерттеу, профилактикалық, емдік және ветеринариялық-санитариялық шаралар жұмысын жүргізеді.
Изолятор - барлық мал шаруашылықтарында орналасқан. Изоляторға ауру малды індет ауруына күдіктенгенде бөлек күтіп-бағады. Изолятор - бөлек, қоршаған, кіріп-шығатын жерінде дезинфекциялық өткел болуы тиіс.
Ветеринариялық - санитариялық нысандарға жататындар: сойыс-санитариялық пункті, карантиндік орын, дезөткел, дезтөсеніш, санөткел.
Сойыс-санитариялық орны (пункті) - малды еріксіз союға тура келгенде, малды сойып тексеру үшін, өлексені толық құртып утильдеп, өңдеуге арналған. Пункттің екі бөлімі болады: малды соятын және өлексені утильдейтін.
Карантиндік орын - мұндай қораға шаруашылыққа басқа жақтан келген малды күтіп ұстайды, оларға клиникалық, диагностикалық зерттеу жүргізеді және ветеринариялық - санитариялық тексеруден өткізеді. Карантинде малды ең кем дегенде 30 тәулік ұстайды.
Фермаға кірер алдындағы дезөткел - ол көліктің дөңгелегін дезинфекциялау үшін керек. Дезөткелді шаруашылық территориясы кірер алдында орналастырады.
Дезтөсеніш - мұны қораға кірер алдында аяқ киімді дезинфекциялау үшін төсеп қояды және әрбір қора алдына (бұзау қора, мал туатын орын және т.б.) орналастырады.
Санөткел - бұл малшыларға арналған санитариялық - тұрмыстық бөлме. Бұны шаруашылық территориясына кірер алдына орналастырады, осы жерден барлық шаруашылық қызметкерлері, фермаға келген адамдар да ветеринариялық - санитариялық режимді сақтау үшін өтеді.
Барлық ветеринариялық объектілер суық және ыстық сумен қамтамасыз етіліп қоршалады.
2.4. Дезинфекция, дератизация, дезинсекция, дезодарация.
Мал шаруашылықтарының және құс фабрикаларының ветеринариялық жағынан қауіпсіздігі көбінесе, тұрған жеріне дер кезінде және мұқият санитариялық-гигиеналық шараларды жүзеге асыруға байланысты. Осы ветеринариялық - санитариялық шаралардың ішінде малдың арасында індет ауруларын болдырмауда және оларға қарсы күрес жүргізуде дезинфекция аса маңызды орын алады.
Дезинфекция - (франц.des - жоямын, лат. Infectio - жұқтыру) - зардапты және шартты зардапты микроорганизмдерді жоюға, малдың арасында індет ауруларын болдырмау шараларына бағытталған іс-әрекеттердің бірлестігі деп түсінуге болады. Осы дезинфекциялық шаралар зардапты және шартты зардапты микробтарды зарарсыздандыруға және жоюға бағытталған.
Мал шаруашылығында профилактикалық (сақтық) дезинфекциясының басты міндеті - ол малдан алынатын өнімнің айналымын орындауды қамтамасыз ету.
Мал қорасын дезинфекциялау екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші - қораны тазалау, екінші дезинфекциялық ерітіндіні шашу. Объектілерді тазалау әртүрлі механикалық құралдарды (күрек, тырма, сыпырғыщ) қолдану және кешендегі гидротазалағыш технологиясы арқылы жүргізіледі. Осы механикалық тазалау ауру қоздырғыш микробтардың денесіне химиялық заттардың тез енуіне жағдай жасайды.
Дезинфекция жүргізуге жататын нысандар: мал және құс қорасы, құралдар, жабдықтар және малды күтуге арналған заттар, қора ауасы, ферма территориясы (серуен алаңы), малды көлікке тиеу және түсіру алаңы, ветеринариялық-санитариялық нысандар, көлік, малды сауу қондырғысы, сүт ыдыстары, арнайы киімдер, қи, садыра және лас су. Тазалау кезінде, әсіресе ақырға, суарғыштарға, қаьырғаның төменгі жағына, қабырға ортасындағы қалқандарға, еденнің ашық саңылауына және қи тазалайтын каналға аса көңіл бөлінуі тиіс. Қазіргі кездегі мал қорасының бөлшектерінің үстіңгі қабаттарының ерекшеліктерін ескерген жөн. Себебі оларда кездесетін кішкентай саңылаулар, құрылыс материалдарының ылғал өткізгіштігінің төмендегі, темір-бетонды конструкцияны кең түрде қолдану, беткі қабаты жылтыр материалдар, шыны, тағы басқа материалдар өзінің тегіс тайғанақ бетіне дезинфекиялық ерітінділерді көп мезгілге ұстап тұра алмайды.
Егер объект нашар тазаланса онда химиялық дезинфекциялық ертінділер, нысанның бетіндегі жабысып қалған органикалық заттармен бірігіп олармен адсорбцияға (сіңіріледі) түседі, осының салдарынан ауру қоздырғыш микробтарға өз әсерін толық тигізе алмайды немесе оған тән бактерицидтік қасиеті едәуір төмендейді.
Дезинфекция жүргізер алдында міндетті түрде дезинфекцияға жататын заттардың бетін жақсылап тазалайды, қорадағы барлық жабдықтарды сыртқа шығарады немесе олар полиэтилен қапшығымен жабылуы тиіс, су жиналатын еден астындағы шұңқырдың қақпағын ашып қойған жөн. Осы істерді атқарып болған соң, тырма арқылы немесе судың қысымы арқылы дезинфекциялайтын беттерді қидан, жем-шөптің қалдығынан және басқа да заттардан тазалайды. Ал енді өте қатты ластанған жерді ыстық 2 пайызды натрий гидроокись ерітіндісімен (700С) немесе 3-5 пайызды ыстық сода ерітіндісімен жібітеді.
Дезинфекциялық жұмысты жүргізу ретіне қарай, олар профилактикалық (сақтық) және лажсыз (ағымды және қорытынды) дезинфекция деп екіге бөлінеді.
Профилактикалық дезинфекцияны қораға басқа жақтан таралған індетті ауру қоздырғыштарды, сонымен қоса шартты ауру қоздырғыш микробтарды да жою мақсатымен жүргізіледі. Мұндай дезинфекция малды қораға түскен зардапты микробтан, сондай-ақ көлік, малшылардың сыртқы және аяқ киімі, құрал-жабдықтар және басқа да жолдармен түсетін қауіпті микробтардан сақтандыруға арналған. Сонымен қатар мұндай дезинфекцияны ферманы, кешенді немесе кейбір ғимаратты іске қосып малды кіргізу алдында жүргізеді.
Профилактикалық дезинфекцияны - мал қораға жылына 2 рет жүргізеді: көктемде - жайылуға шығарғанда және күзде - малды қораға кіргізер алдында. Малды бордақылайтын қорада және құс қорада дезинфекция жұмысын оларды ет комбинатына өткізгеннен соң немесе семірту малын жаңадан топтау алдында жүргізеді. Барлық қосалқы, мысалы, мал туатын бөлімше, профилактория және бұзаухананы әрбір тобынан босаған кезде немесе жаңа топпен толтырар алдында міндетті түрде дезинфекция жұмысын іске асырады.
Тура осындай жұмыс шошқа шаруашылығында да жүргізіледі. Мысалы, шошқаны жазғы лагерьде баққан кезде оларды қысқы қораға ауыстыру алдында қораға сақтық дезинфекция жұмысын жүргізеді, ал одан әрі қарай мұндай жұмысты жаңа топ малды жайғастыру алдында жүргізіп отырады.
Жоспар бойынша қораға дезинфекция жүргізу алдында, әр ай сайын санитариялық күн өткізілуі тиіс, осы күні барлық мал қоралар, құрал-жабдықтар және шаруашылық территориясы тазаланады. Лас жерлерді ыстық сумен жуады. 1,5-2 пайызды кальцийлік сода ерітіндісі арқылы дезинфекция жүргізеді және қора ішін әктейді. Егер қорадан малды шығаруға мүмкіндік болмаса, қора ішіндегі секцияны немесе әрбір орынды малға өз әсерін тигізбейтін ерітінділермен дезинфекциялауға болады. Ондай ертіндіге жататындар: натрий гидроокисі, кальцийленген сода, гипохлор, хлорамин, және т.б.
Аэрозольдық дезинфекция кезінде қора жақсылап саңылаусыз жабылуы тиіс, қора ішіндегі ауаның температурасы 150С төмен болмаған жөн, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 пайыздан кем болмауы тиіс. Осы аэрозольдық дезинфекция кезінде қора ең кем дегенде 3 сағат және одан көп уақыт жабылып тұруы тиіс.
Дезинфекция жүргізіліп болған соң барлық заттың сыртқы бетін сумен жуады, қораның есік-терезесін ашып желдетеді. Ал, қабырғаны, төбені, қалқандарды әкпен ақтау өте тиімді. Аэрозоль дезинфекциясын жүргізу үшін 40 пайызды - формальдегид, бір хлорлы иодты формальдегидпен бірге (1:3) және басқаларын қолдануға болады. Аэрозоль түтінін тудыру үшін ПВАН, ТАН және т.б. аэрозольдық генераторларды қолдануға болады.
Ағымды дезинфекция. Шаруашылықта жұқпалы ауру пайда болған күннен бастап ұдайы жүргізіліп отырылады. Бұл ауруға қарсы тиімді биопрепарат табылмаған жағдайда және ауру қоздырғыштарды жою үшін қолданылатын ең керекті жұмыс болып табылады. Ол үшін ауру мал тұрған жерді, оның денесі тиген барлық құрал-жабдықтарды, қорадан шыққан барлық қоқыстарды, төсеніш, қи, аяқ киім және малшылардың барлық арнайы киімдерін дезинфекциялайды.
Қорытынды дезинфекция - ол шаруашылықтағы малды індет ауруынан сақтаудағы ең соңғы күрес жүргізудегі кезең. Бұл жұмысты шаруашылықтағы малды індет ауруынан тазартылғаннан кейін карантинді алу алдында жүргізеді. Қорытынды дезинфекция кезінде ауру қоздырғыш микробтарды толық жою мақсатымен ағаш еденді дезинфекциялық заттың сәл әлсіздеу ертіндісімен жуып-шаяды немесе жылы сумен жуады, еденді мұқият қидан тазалайды, осыдан кейін дезинфекциялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz