Нәрестенің психологиялық даму ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Нәрестенің психологиялық даму ерекшеліктері
Орындаған:
Тексерген:
Орал - 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Нәрестелік кезеңдегі баланың психикалық дамуы
1.1 Нәрестелік кезеңдегі баланың психикалық дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..5
1.2 Нәрестенің қабылдауы, ойлауы, есі мен зейінінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Мектеп жасына дейінгілердің психикалық даму ерекшеліктері ... ... ... ... 12
2.Нәрестелік кезеңдегі бала психикасына даму ерекшеліктері
2.1 Нәрестенің қимыл-әрекеттері мен эмоциялық сезімі ... ... ... ... ... ... ... . ... .17
2.2 Нәрестелік кезеңдегі бала дамуына психологиялық сипаттама ... ... ... ... .21
2.3 Нәрестелік кезеңнің соңында жаңадан пайда болатын әрекеттер ... ... ... ..28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды дайындау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда.
Қоғамдақ жаңару кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да өз жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті - бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде.
Баланың нәресте нәресте кезеңі - жас дамуы кезеңдерінің ішінде өзіндік орны бар, мазмұны бар, мағынасы бар кезең. Жас нәресте кезеңін анықтау теорияларын зерттеуде атақты психологтар - Э.Эриксонның, Ф.Пиазженің, Б.Г.Ананьевтің, А.В.Дмитриевтің, Фрейдтің, Л.Выготскийдің В.Т.Лисаковскийдің және т.б.еңбектері бар.
Фрейдтің идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздесі толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еқбектеріне әсер етті.
Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан элеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез келген жағдайда көзге көрінсе де, керінбесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.
Зерттеу мәселесі. Нәрестелік шақ бала психологиясының даму ерекшеліктеріе қарастыру маңызды рөл атқарады. Өйткені нәрестелік шақ психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстын пайда болуын оның жақын арадағы даму аймяғына қатысгы қасиеттерді өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады. Біз іс жүзіндегі тиісті материалдарды талдаудан бастауымыз керек, мұндай материалдарды түсіктіруде ұсынылған теорияға сүйену қажет. Бұл мәселенін түйінді жері бяланың үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға байланысты болады және оның қалыпты жағдайдан ауытқуына әсер етуші фактор қандай? деген мәселенің мәнін айқындап көрсетуді талап етеді. Осы мәселенің мәнін ашып көрсетуде біріншіден, дағдарыс баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Нәрестенің жағымсыз қылықтары ересектердіц қойған талаптары мен айткандарының бәріне қарсы шығады. Алайда баланың бір нәрсені істеуге зауқы болмаса мұның бәрі жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы, ол ойнап жүргеңде оған жатып ұйықта десе, ол бірден тесегіне жатып ұйықтамайды), мұның бәрін дағдарыс кезенінің көріністері деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі келеді. Бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бәрін қисық-қынырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осыкдай жағдайда баланың ересектер талабына қарсы әрекеті оның өзі ұнатқан іспен шғылданғысы келетінін көрсетеді. Осы орада нәрестенің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз. нәресте бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүрш кететін нәрестені мұқият зертгеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр нәресте жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Нәресте тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды. Нәрестенің бойындары мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.
Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым-қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады
Зерттеу жұмысының міндеттері.
+ нәресте нәресте кезіндегі бала психологиясын зерттеу;
+ нәресте балалардың жас ерекшелігіне қарай іс-әрекетіне, қимылына назар аудару;
+ нәресте нәрестенің үлкен адамдармен қарым - қатынасындағы ерекшеліктерін анықтау;
+ нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктеріне назар аудару т.б.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеуге берілген Нәресте нәресте кезіндегі бала психологиясы атты курстық жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1.1 Нәрестелік кезеңдегі баланың психикалық дамуы
Өмірге келген нәресте өзінің анасынан оқшауланады. Ол бөтен жағдайға тап болады: суық, күшті жарық, ауа ортасы, көректену типін өзгерту қажеттілігі т.б. Бұл жаңа, бөтен ортаға бейімделуге балаға тұқымқуалаушылық арқылы бекітілген механизмдер - шартсыз рефлекстер көмектеседі. Бұл ең алдымен тамақтану рефлекстерінің жүйесі. Сонымен бірге шартсыз рефлекстер қатарына қорғану және бағытталу рефлекстері жатады. Есту анализаторлары 2-3 аптада пайда болады. Қатты дыбыс, мысалы, есіктің жабылуы бала қимылының тоқтауына әкеледі, бала қимылдамайды және үндемейді. Кейінен, 3-4 аптада мұндай реакция адам дауысына пайда болады. Бұл уақытта бала дауыс шыққан жаққа басын бұрады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, алғашқы эмоцияның пайда болуы айғайлау, тырысу, қызару, әртүрлі қимылдардан байқалады. 2-ші айда бала адам бетіне көз тоқтатып, күлімсірейді, қол-аяқ қимылдарын жасайды, дауыс реакциялары пайда болады. Бұл реакцияны жандану комплексі деп аталады.
Нағыз адамзат ерекшелігінен тұратын жандану комплексі күлу, алғашқа әлеуметтік қажеттілік-қарым-қатынасқа қажеттліктің туғандығын айқындайды.Ал баланың қарым - қатынасқа қажеттілігінің қалыптасуы, ол өзінің психикалық дамуында жаңа кезеңге өткендігін білдіреді. Нәрестелік кезең аяқталып нәрестелік кезең басталады.
Бала өмірінің 2-ші жылының даму жетістігі- жүру. Бұл баланы дербестікке жетелейді және кеңістікті әрі қарай меңгеруге жағдай жасайды. Өмірінің 2-ші жылының соңында балаларда қимыл координациялары жақсарады, олар күрделі әрекет комплекстерін меңгере бастайды.
Бұл жастағы балалардың затты меңгеруі алғашқы ойлау формаларының дамуына шешуші әсер етеді.Бұл жастағы баланың ойлауы көрнекі - әрекеттік сипатта болады. Заттық әрекетті жетілдіру бала тілінің дамуына әсер етеді. Бала сөйлеуі диалогты сипатта болады, сұрақ және үлкендердің жауап мазмұндарынан құралады. 2 жылдың аяғында бала өз тілінде екі сөзден тұратын сөйлемді пайдаланады. Сөйлеуді баланың қарқынды меңгеруі фактісі ретінде баланың бір сөзді бірнеше рет қайталауды ұнатуы. Осының қортындысында бала сөзді дұрыс түсінеді және сөзді дұрыс айтады, сөйлем құрады. Бұл кезең баланың қоршағандардың тілін жоғары қабылдауы. Сондықтан, бұл кезеңді бала тілінің дамуының сензитивті (жағымды) кезеңі деп атайды. Бұл кезеңдегі тілдің қалыптасуы психикалық дамудың негізі болады.
Нәрестелік жаста адамгершілік сезімнің белгілері қалыптаса бастайды. Бұл тек үлкендер балаларды басқалармен санасуға үйреткенде болады. Өмірінің 2-ші жылында балада бірге ойнайтын жолдастарына жағымды сезім пайда болады.Симпатияны көрсету формасы әртүрлі. Бұл күлу, жылы сөздер, жанашырлық, басқа адаммен қуанышты бөлісуге ұмтылу.
Үлкендермен қарым-қатынаста бала өмірінің 2-ші жылында мадақтауға жағымды эмоционалды реакция қалыптасады. Бұл өзін-өзі сүю, өзін-өзі бағалаудың дамуына ішкі жағдай жасайды. Нәрестелік кезеңде баланың еркінің алғышарттарының іргетасы қаланады. Бұл алғышарттар даму үшін бала өмірінің жағдайын, қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас сипатын өзгерту қажет болады.
1.2 Нәрестенің қабылдауы, ойлауы, есі мен зейінінің дамуы
Екі жастың қабылдауында мынандай бес түрлі ерекшеліктер болады:
1.Заттың суретін немесе адамның бейнесін бейнесін фоттографиядан көрген кезде ерекше белгілерін есте сақтау арқылы қабылдайды.
2. Екі жастағы бала затты түстеріне байланысты ажыратып, қабылдай алмайды.
3.Екі жарым, үш жастағы баланың көру арқылы қабылдауы жақсы дамиды.
4. Үш жасқа келгенде 5-6 геометриялық форманы, 8 түсті ажыратады.
5. Тілдің дамуына байланысты қабылдау қабілеті артады. Өйткені үлкендермен тіл арқылы қарым-қатынас жасау нәтижесінде көріп, естіп белгілі бір ерекшелікке байланысты қабылдайтын сипап сезу қабілеті дамиды. Нәрестелік кезеңдегі негізгі әрекеттің барлығы тіл арқылы жүзеге асатын болғандықтан , бала екі жастың өзінде өзінің ана тіліндегі барлық жоғарғы және төменгі тембрдегі дыбыстарды ажыратуға мүмкіндігі болады. Сол сияқты нәрестелік кезеңнің өзінде кеңістікті уақытты ажырату қабілеті арта бастайды.
Туйсіну, қабылдау (ұғу) дегеніміз - айналадағы заттардың, құбылыстардың сезім мүшелері аркылы мида бейнеленуі. Бұл зейін арқылы байқалады. Зейін белгілі бір жағдайдың адам психологиясында шоғырлануы, жинакталуы. Зейін қойып қабылданған көрініс, оқиға және т. б. ұзақ уақыт есте сақталады.
Ойлау. Ойлау аркылы нәрестенің қалыптасып келе жатқан заттарға, құбылыстарға тән қасиеттерді, олардың байланысын біртіндеп есіне түсіру ерекшелігі. Ойлау кезінде кажетті жағдайлар жан-жақты талданады, толықтырылады, есте бар деректермен салыстырылады. Ойлау мидың күрделі кызметі арқылы жүзеге асады. Ойға алган нәрселер қайталануы бірімен-бірінің қатынасы арқылы орындалады. Нәрестенің ойлау кабілеті ойнау барысында калыптасады. Ол айналадағы болып жатқан жағдайларды бейнелеу, ойға берілу аркылы көрініс табады. Ойлау қабілетінің 2 түрі бар. Біріншісі, сөзбен қисынды ойлаудың жалпы заңдылықтары нәтижесінде дәлелдеуге мүмкіндік туады. Екіншісі, көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттар және т. б. олардың салыстырмалы бейнесі көз алдымызға келеді.
Сенсорлық даму ақыл-ой тәрбиесінің негізі-сенсорлық тәрбие арқылы жузеге асады.Ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді,заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады.
1 жастан 3 жасқа дейінгі сенсорлық тәрбие балалардың әр түрлі сенсорлық әсерлерін байытуға бағытталған.Ол баланың жалпы ақыл-ой дамуының негізін құрайды, сенсорлық этолондар мен қарапайым рәміздік нысандарды меңгеруге негізделеді және кейінгі танымдық, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерді дамытудың алғы шарты болып табылады. Сенсорлық тәрбие жалпы сенсорлық қабілеттерді қалыптастыруды және балалардың бойында аналитикалық қабылдауда, түстердің үйлесімін заттардың пішіндерін тани білуді, шаманың жекелеген өлшемдерін ажыратуды көздейді.
Бала тілінің дамуы. Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бүлшық еттерінің күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін, басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. Жаңа туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығара алады. 2-ші айдан бастап дауыстай алады, ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды, 3-ші айға жеткенде гу-гулейді, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу-гулеу мен былдырақтау оның дыбыс аппаратын дамытып, сөйлеуге дайындайды.
5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды. 6-7 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ Бұл кезде, әсіресе жарты жарқа дейін, балаларда 1-ші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан создің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала создің нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді. Ал жарты жастан аса создің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды.
1,5 жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында нервтік байланыс пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, 2-3 сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады. Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың бір жасында 6-10, екі жасында 250-300, үш жаста 1500, төрт жаста 4000, бес-алты жаста 4-5 мыңдай сөз қоры жиналады. Баланың тәрбиесіне, жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әртүрлі.
Бала сөзінің алғашқы қалыптасуы - баланың сөйлеуге қажетті мидағы орталығы ана құрсағында жатқанда-ақ қалыптаса бастайды. Ол анасының сөйлеу реакцияларын есту анализаторлары арқылы қабылдайды да жарық дүниеге келгеннен кейін бұл реакциялар алғашқы үн - іңгәлаумен жалғасады. Бұл жерде ата-анасының ана тілінде, не басқа тілде сөйлеуінің үлкен маңызы бар. Олар қай тілде сөйлесе баланың алғашқы үні де, іңгәсі де, 2-3 айдан кейін пайда болатын былдырлауы да, ата-анасының сөз сараптауларына тікелей тәуелді. Яғни, нәрестелік, бөбектік кезеңдерде бала сөз реакцияларын, айналасындағылардың қимыл-қозғалыстарына, ым-ишараларына еліктеу арқылы өзіне ұялатады. Мектепке дейінгі балалық шақ - баланың сөйлеуінің және психикалық қалыптасуындағы маңызды кезең.
Балалар адамдардың сөздерін, құстар мен жануарлардың дыбыстарын, музыка әуенін, ағаштардың жапырағының сыбдырын туу сәтінен бастап түрлі дыбыстар жиындарына бөленеді. Бiрақ жалғыз ғана маңызды, тек қана баланың қарым-қатынасының мақсаттарына ересек қызмет көрсететiн сөйлеу дыбыстары, мәлiметтiң тапсыру құралымен және нақтылы әсерлерге түрткi болып табылады. Балдырған сөздердiң мағынасын түсiне де алмайды, сөзде айта алмайды, бiрақ ол интонацияны сезiнедi және мағына бойынша сөз танып бiледi.
Бала бiртiндеп бiз айтатын сөздерге құлақ салады, дыбыстарды қайталауға тырысады, естiп танып бiледi. Бала сөйлей бастайды, бiрақ барлық дыбыстарды дұрыс айтуда, буын құрылымын әрдайым айқын сақтай алмайды. Балалардың тілінің дамуы әртүрлi деңгейде болады. Кейбір балалар күрделi буын құрылымы бар сөзді және сөздерді таза және дұрыс айтады. Ал, кейбіреулері жас шамасы келсе де, сөзді әлi айқын жеткiлiктi айта алмайды, жеке дыбыстарды терiс айтады. Мұндай балалар көп. Бала тілін жан-жақты дамыту үшiн, балабақшада алған білімдерін үйде қайталауымыз керек. Мектепке дейінгі балалардың тілге үйрету, үйрену үрдісін үзiлiссiз жүргізгеніміз абзал. Ата-ана баласының тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету барысында негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады:
1. Заттарды бақылатып, көрсету арқылы;
2. Баланың түсінігін байқау, яғни сұрақтар қою, жауап алу;
3. Сол бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тиянақтап отыру.
Мысалы, балаға үй жануарларын бақылатса, олардың төлдері жайлы, ұқсастығы, келтірер пайдасы, бір-бірінен айырмашылығы туралы айтуды сұрау немесе баланың назарын ас әзірлеу үрдісіне аудару ( тазалаймыз, қайнатамыз, қуырамыз, дәмін татамыз) т. б. сол сияқты.
1.3 Мектеп жасына дейінгілердің психикалық даму ерекшеліктері
Мектепке дейінгілердің психикасының дамуының қозғаушы күштері қарамақайшылықтар, яғни олар баланың қажеттіліктерінің дамуына байланысты болады. Олардың маңыздылары: қарым-қатынасқа қажеттілік, сыртқы әсерлерге қажеттілік, қимыл қозғалысқа қажеттілік т.б.
Үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынасқа деген қажеттілік баланың жеке басының дамуын анықтайды. Бұл жастағылардың қарым-қатынасының негізгі құралы- сөйлеу. Кіші мектеп жастағылар 1000 сұрақтар қояды. Мысалы: жұлдыздар неден жасалған, сиыр неге мөңірейді, ит неге үреді т.б.Берілген жауаптарды тыңдай отырып, бала үлкендердің онымен жолдас, әріптес ретінде санасуын талап етеді. Балалардың үлкендермен мұндай ынтымақтастығын танымдық қарым-қатынас деп атайды.
Баланың жеке басының қалыптасуында маңызды рольді баланың құрбыларымен қарым-қатынасы алады. Балалардың арасында өзара қарым-қатынасының әртүрлі формалары пайда болады, кездеседі.
3 жастағылардың өзара қарым-қатынасы ойыншықтармен, заттармен әрекет негізінде қалып тасады.Балалары өзара іс-әрекет процесіңде басқа балаларға жетекшелік, бағыну тәжірибелерің менгереді .
Қарым-қатынастың генетикалық алғашқы формасы болып еліктеу алынады. А.В.Запорожец көрсеткендей , баланың ырықты еліктеуі оның қуғандық тәжірибені меңгеруінің алғашқы жолы.
Баланың іс әрекетінің әр түрлерін меңгеру деңгейінде мәнді рольді оның өмір жағдайы мен тәрбиесі алады мектепке дейінгілердің іс-әрекеті әртүрлі ойын, сурет салу, құрастыру,еңбекпен оқыту элементтері, яғни бала белсенділіғінің көрінуі.
Мектеп жасына дейінгілердің жетекші әрекеті - ойын. Ойынның жетекші әрекет ретіндегі мәні - ойында бала өмірінің әртүрлі жақтары бейнеленеді, іс-әрекет ерекшеліктері және үлкендердің өзара қарым-қатынасын, қоршаған шындық туралы білімді алады және бекітеді, өзі тәуелді іс-әрекет субъектісінің позициясын меңгереді.
Ойын іс -әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі.Зейінді жинақтау, есте сақрау және еске түсіру,яғни саналы мақсат балаға ойын үстінде ертерек және оңай ажыратылады.Қарым-қатынас жасауға, эмоциялық мадақтауға деген қажеттілік балаларды мақсатты түрде зейінді жинақтауға және есте сақтауға мәжбүр етеді.
Тілдің дамуына ойын үлкен әсерін тигізеді. Ойын жағдайы оған енген әр баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын барысына қатысты өз тілектерін түсінікті етіп айта алмаса, еге ойын үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, онда құрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына себепкер болады.
Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды үйренеді. Рольдік ойында ой жүзінде іс-әрекетжасау қабілеті дами бастайды. Алғашқыда, әрине, ойша әрекет жасау нақты заттарға сүйене отырып жүзеге асады.
Рольдік ойынның психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшінде үлкен маңызы бар.
Ойынмен қатар мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі рольді сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру алады. Оның әрқайсысы белгілі берілген сапалары бар нәтиже алуға бағытталуымен сипатталады. Нәтиже алуға бағыттылық іс-әрекетті игеру барысында біртіндеп қалыптасады. Міне, осы бағыттылықтың қалыптасуына қарай бала қажетті сыртқы, практикалық және ішкі әрекеттер түрлерін меңгереді, онда эстетикалық тебіреністер мен шығармашылық қабілеттер қалыптасады.
Мектепке дейінгі шақ - баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қияддың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамалары қалыптасу кезеңі болып саналады.
Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың дамуы үшін А.В. Запорожец пен оның қызметкелерінің еңбектерінде көрсетілгендей, балалардың сенсорлық эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы бар. Сенсорлық эталондар балалар қабылдау әрекеттерін орындағанда қолданылып, тексерілуге тиісті заттардың ерекшеліктерін анықтауға мүикіндік беретін өлшем қызметін атқарады. Қабылдауды дамыту әсіресе арнайы ұйымдастырылған сенсорлық тәрбие болған жағдайда тиімді өтеді. Сурет салуға,үйреткенде, музыка сабақтарында, дидактикалық ойындар процесінде мектепке дейінгі балаларды сенсорлық эталондар жүйелері мен жоспарлы түрде таныстырады, заттарды тексеру тәсілдеріне, олардың қасиеттерін игерілген эталондармен салыстыруға үйретеді. Бұл бала қабылдауының толық, дәл және бөлшектенген болуына жетелейді.
Қабылдаудың жетіле түсуімен байланысты баланың ойлауы да дамып отырады. Егер нәрестелік шақта ойлау заттық іс - әрекет процесінде жүзеге асса, мектеп жасына дейінгі балада ол практикалық әрекеттің алдын алады.Ойлауды қалыптастыруда шешуші рольді оқыту алады. Оқытудың тиісті формаларында балалар ойлаулың толық түсініктері мен тәсілдерін игереді.
Мектеп жасына дейінгі баланы бақылау оның қиялының бай екенін көрсетеді. Баланың қиял бейнелері айқын, көрнекі, эмоциялық жағынан бай , бірақ басқарылуы жағынан әлсіз болып келеді. Қиялды дамытудың негізгі бағыты - оны біртіндеп саналы ниетке бағындырып, белгілі түпкі ойларды жүзеге асырудың құралына айналдыру.
Мектепке дейінгі шақта ырықсыз зейін мен естің басым болатын шағы. Бала өзі үшін тікелей қызықты саналып, эмоциялар қоздыратын нәрсеге зейінді келеді және назарын аударып есінде сақтайды.Сөздік пікірлерден гөрі көрнекі бейнелер оңай есінде сақтақталады. Есті дамытудағы үлкен өзгеріс - бала алдына есте қалдыру мақсатын қойып, тиісті тәсілдерді қолдануды бастайтын арнайы мнемикалық іс - әрекеттің пайда болуы. Балалардың мінез-құлық нормалары мен ережелерін шын мәнінде игеруі педегогтың олардың орындалуын тексерудің жақсы жетілген әдістер мен тәсілдер жүйесінің бар екендігін білдіреді. Осы нормалар мен ережелерді айқын тұжырымдау, орындаушылықты міндетті түрде мадақтау, ұқыпсыздық пен тәртіпсіздікке тиісті шараларды қолдану - кіші мектеп оқушыларының тәртіптілігі мен ұйымшылдығын тәрбиелеудің маңызды шарттары. Балада осы жаста қалыптасқан осындай моральдық қасиеттер жеке адамның ішкі табиғи жетістігі болады.
Біріккен оқу процесінде балалардың жаңа өзара қарым-қатынастары қалыптасады. Мектепте өткен бірнеше аптадан соң 1-ші класс оқушыларының көпшілігінің ұялшақтығы мен абыржуы жойылады. Балалар бір партада отыратын көршілерінің мінез-құлқына байыппен қарайды, өзін ұнататын немесе мүдделері сәйкес келетін балалармен қарым-қатынас жасайды.
Бастауыш мектеп оқушыларының санасы әзірше құрдастарының пікірі өзін-өзі шын бағалаудың критерийі болатындай деңгейге жетпейді. Әрине 9 - 10 жастағы балалар оларға бірге оқитын балалар ептілігі, зеректілігі, батылдығы үшін берген бағаға өте ынталы және егер бұл баға өз қалағанынан басқаша болса, қатты қынжылады. Бірақ мұндай қынжылыстар ұзаққа бармайды, және бастысы оларды мұғалімнің немесе басқа үлкендердің тарапынан берілген бағалаумен алмастыру оңай. Бастауыш мектеп оқушысы үшін мұғалімнің пікірі мейлінше елеулі және үзілді-кесілді болып табылады. Бастауыш мектеп оқушылары мұғалімнің беделін сөзсіз мойындайды. Олар мұғалімдермен әр түрлі кездейсоқ та қарапайымынан бастап өте маңызды да дара себептермен сөйлеседі. Балалар өздерінің қам-қарекетін, қынжылыстарын, үйдегі оқиғаларымен мұғаліммен ашық сөйлеседі, бөліседі. Ренжіген жағдайда кіші мектеп оқушысы мұғалімге айтады, өйткені мұғалім барлығының адамгершілік төрешісі ретінде көрінеді.
Баланың ойлауы педагогикалық процесте қалыптасуы және баланың жетілуі адаптацияларында емес индиуалды түрде өмір сүру жағдайларына бейімделуі, ал баланың танымдылық әрекеттері мен практикалық әдісте активті түрде үйренуі пайда болуында әлеуметтік бар жағдайлар жатады. А.В. Запорожец айтуы бойынша мұндай әдістерді үйрену абстрактілі, сөз логикалық ой ойлаудың күрделі түрлерінің қалыптасуында ғана емес сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балаларға тән қарапайым бейнелік ойлауда қалыптастыруда маңызы зор. А.В. Запорожец балақы ойлаудың формалары (қарапйымдық әрекеттік, қарапайым бейнелік, сөз логикалық) оның жастық даму сатсына қатысы жоқ. Бұл әрекеттің кейбір мазмұндары мен кейбір жақтарының үйрену сатысы. Сондықтан да олар толығымен анықталған жас мөлшер топтарына жағымды және қарапайым әрекеттік ойлау ерте танылғанымен, қарапайым бейнелікке қарағанда, бұл формалар жас мөлшермен қатысты емес. Қарапайым әрекеттіктен қарапайым бейнелікке және сөздік ойлауға өту А.В. Запорожецтің, Н.Н. Поддьякованың, Л.А. Венгераның және тағы басқа эксперименталдық зерттеулерде көрсетілгендей орентациялы зерттеушілік әрекет сипатының негізінде бағытталған қозғалысты танып қателесу негізіндегі арентировканы айырбастау және көруді, сонымен қатар ойлау арентировкасын айырбастау негізінде болады. Айта келе мұны кейінірек Н.Н. Поддьяков балалық экспеементация деп атап кетті. Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауының жетілуінде сол немесе басқа құбылыстарды қарапайым модельдеу әдістерін үйрене алады (Л.В. Венгер, О.Н. Дьяченко) т.б.

2.1 Нәрестенің қимыл-әрекеттері мен эмоциялық сезімі
Бала қимыл әрекетері өте күрделі. Осы кезеңде қол қимылдарының дамуы аса маңызды. Белгілі бір затқа бағытталған нәресте қолының қимылдары шамамен өмірінің төртінші айында қалыптаса бастайды. 5-6 айында бала затты қатты ұстап алады, бұл көру қабілеті мен қозғалыс әрекеттерін күрделі түрде үйлестіруді қажет етеді. Осы сәттің әрі қарай дамуы үшін маңызы зор: ұстау - баланың алғашқы мақсатқа бағыттылған әрекеті, заттармен әр түрлі әрекет жасауды меңгеруінің негізі болп табылады.
Екінші жарты жылдықты қол қимылдарына байланысты әрекеттер қарқынд түрде дамиды. Бала ұстаған затын сілкілейді, тарсылдатады лақтырып қайта алады, тістейді, қолдан-қолға ауыстырады және Жан Пиаже айналма реакция деп атаған біріңғай қайталанушы әрекеттер тізбегі дамиды. 7 айдан кейін өзара сәйкес әрекеттер кездеседі: бала үлкен заттарға кішкентай заттарды салады, қораптарды ашып, жабатын болады. 10 айдан кейін алғашқы жүйелі әрекеттер, яғни үлкендердің әрекеттеріне еліктей отырып, заттарды қажеттілігіне байланысты дұрыс қолдану әрекеттері қалыптаса бастайды. Бала машинасын сүйрейді, барабандарды соғады, ауызына суы бар ыдысты жақындатады.
Қызығы, бұл жүйелі әрекеттер әрі заттық әрекетке айнала алмайды. Бұл үлкен адамның балаға көрсеткен объектілерімен байланысты, мысалы, қуыршақты қалай тербету керектігі, т.б. Басқа заттарға әрекет жасау бұл кезеңде әлі байқалмайды.
Сондықтан бала бастапқы кезде өзі анасымен бірге ойнаған қуыршақты тербетеді, ал оған ұқсас басқа ойыншықтармен мұндай қимыл әрекет жасай алмайды. Соған қарамастан жыл соңында бала адамзаттың заттар әлемін тани бастайды. Әректердің әр түрлілігі оны қоршаған объектілердің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға бейімделгенде ол мынау не? деп қана қоймай, мұнымен не істеуге болады?деген қызығушылықтар таныта бастайды.
Қабылдау және әрекет нәрестелік кезеңдегі көрнекі амалдық ойлауды алғашқы негізін қалаушы баспалдақ. 1 жылдың ішінде бала шеше алатын танымдық әрекеттер, бастапқыда қабылдау содан соң белсенді әрекет күрделене түседі. Жетістіктерге жету үшін бала көру және қателесу әдісімен әрекет етеді. Айтар болсақ, жастық астына қойылған ойыншықты іздеу кезінде, ол алдымен көзіне түскен жастықтың барлығын аудыры бастайды.
Бірінші жылдың соңында бала күрделі ойын әркетіне ене бастайды. Бұл кейбір психологтарға шартты түрде болса нәресетелік кезеңде зат туралы ұғымның қалыптаса бастағандығы жөнінде айтуларына мұмкідік береді.
Бала туғаннан бастап бірден зейіні реакциядан көрінеді. Ол әсіресе бірден шыққан дыбысқа, тым ашық түстен қашады. 1 айлық балада бұл не? рефлексі пайда болады. Егер бұндай рефлекс жануарда болса, тек биологиялық функция түрінде болады. Бұл рефлекс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz