Одағай сөздер жайлы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Одағай сөздер»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Одағай сөздер туралы жалпы түсінік

1. 1 Одағай сөз табының зерттелуі . . . 5

1. 2. Сөз таптары жүйесіндегі одағай сөздер . . . 8

1. 3 Одағай сөздерінің қазіргі кездегі қолдану аясы . . . 11

2. Одағай сөздерді қазақ тіл білімінде оқытудың әдіс-тәсілдері

2. 1 Одағай сөздердің мағыналары және түрлері . . . 21

2. 2 Одағай сөздердегі транспозиция құбылысы . . . 22

2. 2 «Одағай» тақырыбындағы сабақ жоспарлары . . . 24

Қорытынды . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30


Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген тарихи белестерін жан-жақты айқындап, бүгінгі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету(негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенді безбендемей, алға басу жоқ. Морфологияның өзекті мәселесінің бірі - тілдегі сөздерді түрлі семантика-құрылымдық топтарға жіктеу теориясы да тіл білімі тарихын айқындауда өзіндік орны, салмағы бар мәселе екені анық. Бүгінгі таңда да жекелеген тіл білімдерінде (қазақ тіл білімінде) сөз таптастыру межелеуіштерінің (критерий) жетекшілік мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық ілімнің проблема ретінде қазақ тіл білімінде алғаш қойылып, пайда болуынан бастап, оның қалыптасу, даму процессін жан-жақты зерделеудің, осы даму барысындағы әр бағыт, әр кезеңнің өзіндік жетістік, кемшілігін нақты талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтады.

Тіліміздегі сөздердің лексикалық мағынасының бар-жоқ болу тұрғысынан топтап бөлу яғни толық лексикалық мағынасы бар дербес сөздер - атаушы сөздер және лексикалық мағыналары солғындалған я ада-күде жоғалған, мағыналық дербестігі жоқ, сөйлемде атаушы сөздердің жетегінде ғана жұмсалатын жәрдемші сөздер - көмекші сөздер.

Сондай-ақ ешбір ақиқат ұғымды білдіре алмай, сөйлемде жеке сөздермен грамматикалық байланысқа түспей тек адамның әр алуан көңіл-күйі мен әр түрлі сезім райларын білдіру үшін жұмсалатын одағай сөздер деп бөлу грамматикалық сипаттарының негізінде емес, лексикалық сипаттарының, семантикасының негізінде болатындықтан, бұл грамматикалық топтар - сөз таптары бола алмайды. Сондықтан бұларды атаушы сөз таптары, көмекші сөз таптары деп бөлуге болмайды, тек атаушы сөздер, көмекші сөздер деп атауға болады.

Одағай сөздер деп ешқандай да ақиқат ұғымдарды білдірмейтін, тек адамның әр алуан көңіл күйі мен әр қилы сезім райларын білдіру үшін қолданылатын (бірак олардың атаулары есебінде жұмсалмайтын) сөздерді айтамыз. Одағайлар шығу тегі мен қалыптасу табиғатының ерекшелігіне қарай, өзге сөздермен ешқандай да грамматикалық қарым-қатынасқа түспейді. Сол себептен одағайлар белгілі бір сөйлемдерге қабаттасып жұмсалатын жарыспа сөйлемдер ретінде жұмсалғандарымен, бірақ өздері сөйлем мүшесі бола алмайды.

Сөйтіп, қазіргі қазақ тіліндегі барлық сөздердi ең әуелі атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деген үш топқа бөлсе, ол топтар лексика-грамматикалық жақтарынан сараланып, ішінара тағы да топ-топтарға бөлінеді.

Әдетте, сөз табы деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз.

Зерттеу пәні: қазақ тіліндегі одағай сөздер.

Зерттеу обьектісі . Қазақ тіл біліміндегі одағай сөздер.

Зерттеу мақсаты. Тіл біліміндегі одағай сөздердің теориялық ілімнің пайда болу, даму, қалыптасу жолдарын айқындау.

Зерттеу міндеттері:

─ Қазақ тіл біліміндегі одағай сөздердің лексико-грамматикалық мағыналарын талдау;

─ одағай сөздерді зерттеген ғалымдар туралы және одағай сөздердің қолданылуы туралы мағлұмат беру.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы . Одағай сөздердің қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болу, даму, қалыптасу жолын саралау арқылы түрлі бағыт, ағымдар болғанын, олардың негізгі қағидаларын анықтау, одағай сөздердің бүгінгі күнгі жайын зерделеу арқылы түйіні шешілмеген ірілі-ұсақты проблемаларды бөліп шығару - қазақ тіл біліміндегі морфологияның бұл өзекті мәселесінің болашақ дамуына оң ықпал тигізетіні сөзсіз.

Жұмыс құрылымы: Жұмыс кіріспе мен қорытындыдан басқа екі тараудан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Одағай сөздер туралы жалпы түсінік

1. 1 Одағай сөз табының зерттелуі

Соңғы жылдары қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясына елеулі жаңалық енгізген ғалым С. Исаев болды. Ғалым қазақ тіл білімінде бұрын да термин ретінде жиі қолданылғанымен, мән-мағынасы күңгірт грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория секілді іргелі грамматикалық ұғымдарды қазіргі лингвистикалық даму дәрежесіне сай нақты анықтап, басын ашып беру арқылы сөз таптастыру мәселесінде де барынша айқындық енгізді. С. Исаев ең алдымен, сөздерді түрлі топқа жіктеу барысында бұрынғы еңбектерде жіберілген ең басты қателік-тілдің лексикалық қабаты деңгейіндегі құбылыстар мен грамматикалық қабаты деңгейіндегі құбылыстардың шатастырылып жүргендігіне байланысты орын алған қателікті түзеп, әрқайсысын орын-орнына қойып берді. Мысалы, бұрынғы зерттеулерде қазақ тілі сөздері алдымен атауыш сөздер, көмекші сөздер, кейде одағай қосылып, осылайша үшке бөлінуін ғалым Сол еңбектерде айтылатындай сөздердің семантикалық және морфологиялық (формальдық) белгілеріне қарай емес, таза лексикалық сипаты, белгілеріне қарай жіктелуі деп тілдің лексикалық деңгейіне жатқызады. Оның дәлелдеуінше, алдымен, сөздерді жоғарыдағыдай үш топқа бөлуде морфологиялық белгілердің еш қатысы жоқ, өйткені атауыш сөздердің түрленетіндері (зат есім, есімдіктің бірқатары, етістік) бар, түрленбейтіндері (сын есім, сан есім, есімдіктің кейбірі, үстеу) бар, сол сияқты бұл құбылыс көмекші сөздерге де тән, яғни көмекші есім, көмекші етістік түрленсе, шылау, еліктеуіш сөздер түрленбейді. Сондықтан морфологиялық белгілер тілдегі сөздерді атаушы, көмекші, одағай деп бөлуге негіз бола алмайды (12, 285) . С. Исаев лексикалық семантика мен грамматикалық семантиканы ажырату арқылы сөз таптарын «сөздердің грамматикалық (лексикалық емес) сипатына негізделген ортақ белгілері арқылы біріктірілетін грамматикалық топтары» ретінде таныса, жоғарыдағы үш сөз тобын (атаушы сөздер, көмекші сөздер, одағай) лексика-семантикалық сипаты, белгілері арқылы жіктелгендіктен, оларды тілдің лексикалық қабаты денгейіндегі құбылыс деп түсінеді. Көмекші есімдердің сөз табы ретінде зат есімнің, көмекші етістіктің лексикалық мағынасының бар-жоғына қарамастан етістіктің аясында қаралуы да ғалымның сөз таптарын грамматикалық сипаттағы топ, ал атаушы сөздер, көмекші сөздер, одағайлар деп бөлінген үш топты лексикалық сипаттары топ ретінде тануының тағы бір дәлелі бола алады.

А. Дискол синтаксис мәселелерін зерттейді. Дегенмен ежелгі Грецияда морфологияға қарағанда синтаксис аз зерттелген. Грецияны жаулап алған римдіктер тіл білімін дамытуға айтарлықтай үлес қоса алмады. Олар Александрия грамматистерінің ілімін өз тілдеріне сәйкестіндіріп қолданудан аса қойған жоқ. Рим грамматистерінің ішіндегі ең көрнектісі - Варрон (жыл санауымызға дейінгі І ғ. өмір сүрген), кейінірек Доната (ІV ғ. ) болды. Бұлар латын тілі грамматикасын жазғандар. Рим грамматистерінің жаңалығы өздерінен бұрын анықталған сөз таптарына одағайды қосуы болды. Сонымен қатар олар латын тілінде болмауына байланысты артикльді сөз табы қатарынан алып тастауы арқылы сегіз сөз табын анықтады: 1) Есім; 2) Етістік; 3) Есімше; 4) Есімдік; 5) Үстеу; 6) Шылау; 7) Предлог; 8) Одағай.

1897 жылы В. В. Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка, фонетика, этимология и синтаксис» деп аталатын еңбегінің этимология (морфология) деп аталатын бөлімі тоғыз тарауға бөлінген. Сөздерді тапқа бөлуде бұл еңбекте біраз өзгешелік бар. Мелиоранскийде одағай сөздер жеке сөз табы ретінде қаралмаса, мұнда қаралған, алдыңғы автор сын есімді зат есіммен бірге алса, соңғы автор оны дербес сөз табы ретінде қарайды. Соңғы авторда алдыңғыдай демеулікті жеке сөз табы ретінде қарау жоқ.

Мелиоранскиймен Катаринскийдікі сияқты қомақты да мазмұнды болмағандарымен, шағын көлемді, таяз мәнді очерктер де жазылды. 1800 жылы И. Лавтевтің «Краткий грамматическии очерк казахского языка», 1912 жылы И. Созановтың «Записки по грамматике киргизского языка» атты еңбектері жарияланды. Бұларда да соны пікірлер жоқ.

Қазақ тілінде сөз таптастыру проблемасының зерттеліп жарық көруі ХХ ғасырдың 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы - 1914 жылы «Тіл құралы» деген атпен Орынборда жарық көрген А. Байтұрсынов жазған оқулық. 1914 жылы жарық көріп, кейіннен бірнеше дүркін қайта басылған еңбекте автор сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер, одағайлар деп үш топқа бөледі де, бұлардың біріншісіне зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістікті; екіншісіне үстеу, демеу, жалғаулық деп аталатындарды жатқызады да, одағайды өз ішінен еліктеуіш, септеуіш одағайлары деп екіге бөледі. Осы еңбегінде айтылған пікірлерін «Тіл құралының» 1924 жылғы басылымында кеңейте, дәлдей түседі (8, 199) .

Бұған қарап, А. Байтұрсынов тіліміздегі сөздерді таптастыру ісінің берік іргетасын қалаушы деуімізге болады.

1930 жылдардан бастап морфологияның жеке мәселелеріне арналған шағын көлемді мақалалар мерзімді баспасөз беттерінде, әсіресе сол кездегі ғылыми-педагогикалық журналдар - «Төте оқу», «Ауыл мұғалімі», оның орнына келген «Халық мұғалімі» журналдары беттерінде жиі-жиі көріне бастайды. Осы он жылдықтың аяғына дейін жеке сөз таптарына, қосымшаларға арналған отызға тарта мақала жарияланыпты. Олардың көпшілігін Қ. Жұбанов, X. Басымов, Ш. X. Сарыбаев, Н. Сауранбаев, С. Жиенбаев, С. Аманжоловтар жазған.

30-жылдарға дейінгі жарық көрген еңбектерді қазақ тілінде пәлен сөз табы бар дегені болмаса, сөздерді түрлі топқа бөлудің принциптері жөнінде ештеме айтылмайтын. Н. Сауранбаевтың «Сөз таптары» атты мақаласында осы мәселе талданады.

Сонымен, терминдік, классификациялық ала-құлалықтарына қарамстан 40-шы жылдар ішінде қазақ тілі морфологиялық жүйесі А. Байтұрсынов қалыптастырған негізде ілгері дамыды. Бұған түркологияның 30-40 жылдар ішіндегі түркі тілдері грамматикалық құрылысын зерттеуде қол жеткен табыстарының да игілікті әсерi аз болмаса керек.

1950 жылдан бері қарайғы уақыт ішінде морфологияның жеке мәселелеріне қатысты жүзге тарта ғылыми мақала, жиырмаға тарта монографиялық зерттеулер мен кітапшалар жарық көрді. Олардың ішінде етістік категорияларын зерттеуге арналған Ы. Мамановтың, А. Қалыбаеваның, И. Ұйықбаевтың, осы жолдар авторының, Н. Оралбаеваның, Т. Ерғалиевтың еңбектерін, сын есім катергориясына арналған Ғ. Мұсабаев, Ж. Шәкенов, Ә. Төлеуов еңбектерін, сан есімге арналған Ә. Хасенов, одағай, еліктеуіш сөздерін зерттеген Ш. Сарыбаев, Катенбаева, үстеуді зерттеген А. Ысқақов, есімдіктерді зерттеген Ә. Ибатов, шылауларды зерттеген Р. Әміров, Т. Қордабаев, Ф. Кенжебаева т. б. еңбектерін атауға болады.

Морфологияға тән әртүрлі мәселелерді бөліп алып, жекелеп зерттеушілер қазақ тіл білімінде аз емес, бірақ солардың ішінде морфологияны, әсіресе оның есім саласын тұтас алып зерттеуші, оны өзінің ең негізгі ғылыми объектісі деп есептейтін ғалым - А. Ысқақов.

А. Ысқақовтың морфологияны ғылыми пән ретінде жоғарғы оқу орындарында оқытуы және оны зерттеуі 40 жылдар ішінен басталды. Содан бері қарай жүргізілген ғылыми зерттеулердің ең соңғы қорытындысы  «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» деген атпен 1964, 1974, 1991 жылы оқулық ретінде бiрнеше рет жарық көрген кітабы.

1. 2. Сөз таптары жүйесіндегі одағай сөздер

Одағай сөздердің мағыналық жағынан да, морфологиялық жағынан да, синтаксистік қызметі жағынан да өздеріне тән ерекшеліктері бар. Осымен байланысты одағайлардың жалпы сөз таптарының ішінде алатын орны ерекше.

Одағай сөздер мағына жағынан заттың (субстанцияның) өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жайы-күйі туралы да ұғым бермейді. Олай болса, одағайлар мағына жағынан зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу сияқтанған негізгі сөз таптарына тән сөздердің бірде-біреуіне ұқсамайды. Осындай ерекшеліктерімен байланысты, одағай сөздер сөйлемде не тұрлаулы, не тұрлаусыз мүшелердің қызметтерін атқармайды, сөйлемдегі басқа сөздермен тікелей синтаксистік қарым-қатынасқа түспейді.

Сонымен қатар, одағай сөздер түрлі шылау сөздерге де ұқсамайды, өйткені шылау сөздердің өздеріне тән лексикалық мағыналары болмағанымен, сөйлемдегі басқа мағыналы сөздермен селбесіп, оларды өз ара байланыстыратын грамматикалық дәнекер болып қызмет атқарса, одағайларда бұл қасиет те жоқ.

Одағайлар - өз алдына ерекшеліктері бар сөздер. Ал ол ерекшеліктері мыналар:

Біріншіден, одағай сөздердің мағыналары адамның, әр түрлі сезімімен байланысты шығатын дыбыстық ишараттарды білдіреді. Мысалы: Мұны бастап жүрген кім екен, ә? (Ә. Әбішев) ; Япырмау, жастық деген қандай қызық? (Ғ. Сланов) дегендердегі ә, япырмау деген сөздер - одағайлар. Алғашқы сейлемдегі ә күдіктенгендікті білдірсе, соңғы сөйлемдегі япырмау деген сүйсіну, шаттану жайын байқатады. Япырмау, қайда сол күндер! (Абай) дегендегі япырмау деген өкінгендікті, арманды білдіреді.

Екіншіден, адамның көңіл күйі құбылмалы болатындықтан, одағай сөздердің көпшілігінің мағыналары да құбылмалы, ауыспалы демек, көп мағыналы болып келеді. Одағай сөздің дәл мағынасы сөйлемде айтылатын ойдың жалпы сарынына байланысты болады. Өйткені одағай сөздер сөйлемде айтылатын оймен жарыса қабаттаса айтылатын сезімді білдіреді. Ендеше, сөйлемде айтылатын ойдың жалпы аңғарына қарай, демек, бірде сүйсіну, бірде кею (ренжу), бірде күдіктену, бірде өкіну сияқты алуан түрлі сезім құбылыстарына қарай, одағай сөздердің айтылу ырғақтары да (интонациясы) кұбылып отырады. Мысалы: Уай, жарандар, мен бір ақыл айтайын ба (Ә. Әбішев) ; Әй, кім барсың (бұ да) ; Уай, қой деймін, бала! (бұ да) деген сөйлемдердегі айтылған ойдың мағыналарына, аңғар-сарындарына қарай, одағай сөздер де, дауыс ырғағы арқылы, сөйлеуші адамның көңіл күйін жарыстыра, қабаттастыра білдіріп тұр.

Үшіншіден, одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық жағынан байланыспайды, олай болса, өзі жарыса айтылған сөйлемнің мүшесі болмайды. Одағайлар - өздері жарыса, қабаттаса айтылатын сөйлемнен дауыс ырғағы арқылы оқшауланып, бөлініп тұратын сөздер. Мысалы: Қап, барлық еңбектері далаға кетеді-ау! (Ғ. Мүсірепов) . Бәсе, соны айтыңызшы (Ғ. Сланов) ; Бәрекелді, жігіттер, осы беттеріңнен қайтпаңдар (Ғ. Мүсірепов) ; Паһ, мықты екен-ау мынау мұндар, (С. Мұқанов) дегендердегі қап, бәсе, бәрекелді, паһ деген одағайлар сөйлемдермен жарыса айтылып, олардағы негізгі мағыналарды үстей, толықтыра түсіп тұр. Бірақ бұл мысалдардағы одағайларды жеке алғанда сөйлем деп қарау қиын.

Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан турлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланылатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов) ; Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да) ; Түу, қандай тымырсық түн (бұ да) ; Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов) дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен.

Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.

Негізгі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, әй, ие, аһа, ау, беу дегендер жатады. Бұл одайлар қайталанып та қолданылады.

Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға . . . сияқтанғандар жатады. Бұлар әуелбастағы мағыналы сөздерден я сөз тіркестерінен бірігіп одағай сөздерге айналған. Мысалы: мәссаған деген одағайдың бастапкы төркіні - мә, саған; бәрекелді дегеннің төркіні - барақа аллаһу (алла саған бақыт берсін) ; жаракімалла дегеннің төркіні - я рақым (бер) алла; масқарай дегеннің түбірі - масқара-ай; о тоба дегеннің төркіні - иситиғфару . . аллаһу (алла кешірсін) ; япырай, ойпырмай, апырай дегендердің түбірлері - я, пірім-ай; ой, пірім-ай дегендерден шыққан. Ал әттегенай деген одағай әйт деген-ай - (айт дегенің -ой) дегеннен шыққан. Бірақ бұл сөздер өздерінің бастапқы ақиқаттық мағыналарынан тіпті алыстап, таң қалу, ұнату, мадақтау, өкіну шошыну сияқты көңіл күйлерін білдіретін одағайларға айналып кеткен.

Сол тәрізді, е, тәйір; тәйір-ай; уа, дүние; әттең; шіркін-ай; я сәт; аттан; алақай деген сияқты ескі ұғымдарды білдіретін сөздер көбінесе одағай ретінде әуелі ауызекі тілде қолданылып, біртіндеп әдеби тілге де еніп кетіп жүр.

Сөйтіп, одағайлар тек көңіл күйін білдіретін күрделі дыбыстардан ғана емес, бастапқы кезде ақиқаттық мағынасы бар сөздерден де шығады. Одағайлар тек ертеректегі дәуірлерде шыққан сөздер ғана емес, я олардың калдықтары ғана емес, кейінгі кездерде де, біздің заманымызда да шығып отыратын категория.

Одағайлардың дәлді мағынасы нақтылы сөйлеу жағдайларымен байланысты контексте айқындалады, өйткені бір одағай сөздің өзі, қолданылу ерекшелігіне қарай, әр сөйлемде әр түрлі мағына береді. Демек, бір одағайдың өзі бірде таңырқау, бірде сүйсіну, бірде налу, бірде аяу, бірде ызалану, бірде ұнату, бірде ұнатпау, бірде күдіктену, бірде мысқылдау, бірде назар аудартып қарату сияқты жай-күйлерді білдіріп ауысып отырады. Мысалы: Әй, сол ма, тәйірі! (Ғ. Сланов) ; әй, байғүсым-ай, басын бастаса, түсіне кетесің-ау! (С. Мұқанов) ; Әй, сен өзің әрі кетші! (С. Мұқанов) .

Сөйтіп, көңіл күйіне байланысты, жоғарыдағы сияқты, одағайлардың өздері әлденеше түрге бөлінеді. Бірақ мағыналарының соншалық ауысып отырғандығынан оларды жіктеу тіпті қиын. Егер топтасақ, көңіл күйінің алуан түрлі райын бас-басына атап санауға мәжбүр болатын сияқтымыз. Сондықтан жоғарыдағы сияқты одағайларды шартты түрде бір топқа жатқызып, көңіл күйі одағайлары деп атауға болады.

Бұлардан басқа тілімізде адамға арнай айтылатын: кәне, міне, әні, мә, жә, әйда, әй, тек, тәйт сияқты одағайлар да бар. Бұлардың мағыналары жоғарыдағы одағайлардан гөрі басқашалау. Демек, олардың кейбіреулері көрсету я нұсқау (кәні, міне, әні), кейбіреулері ұсыну (мә, айда), кейбіреулері тыю (жәй, тәй, тек, тәйт) мағыналарын береді; бұларды ишарат одағайлары деген дұрыс.

Одағайлар ойды көріктендіріп, ырғақпен (интонация) айтылатын сөйлем емес, бірақ сөйлемге балама ретінде қолданылатын сөздер. Бірақ олар - іштей мүшеленбейтін, синтаксистік жағынан басқа грамматикалық категориялардан оқшау тұратын, әлеуметтік қызметі мен мәні әбден түсінікті болып қалыптаскан сөздер. Осы ерекшеліктеріне қарай, одағайлар адамның көңіл күйлерімен байланысты алуан түрлі сезімдерді білдіретін лепті, сұраулы сөйлемдер ретінде қолданылады. Мысалы: қане! деген одағай келіңдер! іске кірістік я іске кірісіңдер! деген ишаратты білдірсе, міне! деген одағай көрдіңдер ме, айтқаным осы еді немесе осы сияқтанған басқа мағынада қолданыла береді. Ауызекі тілде қане! міне! дегендердің орнына сыпайырақ қанікиіңіз, мінікиіңіз деп, мә! жә! деудің орнына мәңіз! жеңіз! деп те айтады.

Одағайлар екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алады.

1) Одағайлар кейбір кемекші етістіктермен тіркесіп күрделі мүшенің құрамына кіреді. Мұндайда көмекші етістік одағайды басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіретін дәнекер болып қызмет атқарады. Мысалы: Әт-те-ге-не-ай - деді ол таңдайын қағып (С. Мұқанов) ; Құр - құр. . рр. Әй, әй!- десті үйдің ішінен екі дауыс (бұ да) ; Моһ! моһ!- деп кешкі тымық даланы басына көтерді (бұ да) дегендердегі одағайлар де етістігінің дәнекерленуімен, қайтті? не деді? қайтіп? не деп? деген сұрауларға жауап болып, сөйлемнің мүшесі бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туынды эмоционалды сөздер
Сөз таптарының қасиеттері
СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
Сөз таптарын оқыту негізінде оқушыда сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру жолдары
Сезім мен эмоцияны білдіретін тіл бірлігі
Қыстырма сөздер
Оқшау сөздер және оның сөйлемдегі қызметі
Сөз таптары жүйесіндегі одағай сөздер
Одағай
Одағай - сөз табы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz