Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын ерекшеліктерімен таныстыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бекітемін Пәні: «Тіл дамыту әдістемесі»

Бөлім меңгерушісі

А. У. Кидришева

Бақылау жұмысы

Тақырыбы:

«Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын ерекшеліктерімен таныстыру»

Орындаған: Құспанғалиева Р. Б.

сырттай оқу бөлімінің 3 А КДО топ студенті

Тексерген: Сарсенгалиева А. Б.

Орал, 2012 ж


Мазмұны

Кіріспе

  1. Баланың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі.
  2. Дидактикалық ойындар
  3. Ойын ерекшеліктері мен түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Мектеп жасына дейінгі баланы дамыту үшін жас баланың психологиялық ерекшелігін жақсы білуі керек. Өйткені бала психологиясын білмей, баламен жұмыс жасап, одан нәтиже шығару мүмкін емес.

Сондықтан «баланың бойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді?»-дегенді анықтау әлдеқайда маңызды. Баланың дамуы үлкендерді үнемі таңдандырады, әрі қуанышқа бөлейді. Ол бүгін кешегісіне, ал ертең бүгінгісіне ұқсамайды. Алғашқыда басын жерден шаққа көтеретін, ол екі айдан кейін отырып, шылдырмақтармен ойнайды, ал тағы бірнеше уақыттан соң тәй-тәй басып, алғашқы қадамдарын жасайды. Бұл қадам әлі сенімсіз, тәлтірек болғанымен, ең маңыздысы оның басталуында. Енді оның алдынан жаңа кең байтақ дүние - бұрын ол ағаш бесіктің тал қоршауының ішінде отырған кезде ойына кіріп те шықпаған жаңа дүние есігін ашады. Тағы бірсыпыра күндерден кейін ата-анасының ет-бауырын елжіретіп «ма-ма-ма», «ба-ба-ба» дегенді айтады. Содан соң сәби «мама» деп те, «папа» деп те, «бер», «ал» деп те айта бастайды. Әлі де сөз қоры аз болғанымен, бұл жердегі ең бастысы оның сөйлеуді бастағаны, оның адамзат тілінің бай қазынасына жол ашқаны. Баланың үнемі ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында, іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы қарапайындылықтан неғұрлым күрделі, ойланып атқарылатын қимылға ауысуы, сөйлеуді игеруі, дербестілігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы, міне, осылардың бәрі сәбидің дамуын сипаттайтын фактілер.

Жеке балалардың дамуындағы өзгешеліктерге, олардың өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, бүкіл сәбилердің бәріне ортақ қасиеттер болады. Олардың барлығы да дамудың бір кезеңдерінен, сатыларынан өтеді.


  1. Баланың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі.

Баланың бойында адамгершілік қасиеттердің негізі отбасында қалыптасады. Ата-ананың аялы алақаны туған үйдің жылуы оның көкірегінде өмір бойы сақталып мәңгі есінде қалады. Отбасындағы адамдармен қарым -қатынаста бала мәдениетті үйренеді, жеке адамға тән ар-ұят, ақыл -ой адамгершілік қасиеттерде қалыптасады. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығының бірі - дүниеге перзент әкелген соң оның болашағын ойлау, яғни қандай тағдыры бар, кім болар екен деп, сол жолда ата-аналық борышын атқарады.

Осыған орай кез келген бүлдіршін үшін бала бақша тәрбиесі ата-анадан тәлім -тәрбиені одан әрі жалғастырып, жандандырары сөзсіз. Дер кезінде алынған мектепке дейінгі білімнің әр бүлдіршін үшін маңызы зор. Бала бақшаның ең басты мақсаты мемлекеттік білім беру бағдарламасына сай мектеп жасына дейінгі бүлдіршіннің жан-жақты эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Кішкентай бүлдіршіндердің алғашқы даму кезеңінде білім мен тәрбие беру жұмысы жан-жақты болуы заман талабы.

Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағымыз - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» - деп атап өткен. Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни балабақшадан бастаған дұрыс.

Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті.

Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен білім беруді ұйымдастыруда ұстанатын принциптер:

Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, қызығушылығына сүйену.

Тәрбие мен оқыту міндеттерін бірлікте шешу.

Баланың еркін де дербес дамуын қамтамасыз ететін табиғи, емін еркін жағдай туғызу.

Әрекет етуге үйрету, үйренгенін бойына дағды қылып сіңіру.

Педогогикалық процесс белгілі бір құралдар мен әдістер көмегімен жүзеге асырылады. Балабақшадағы тәрбие -қазақы ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір-қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады.

Ойнау, еңбек ету және оқу барысында ақыл -ой адамгершілік физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет-дағдыларын игеруге бейімделеді.

Іс-әрекеттің осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Осы аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән үлесін қосады. Бала өзін-өзі көрсетсе ойын, оқуда адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз. Осылар арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыда ықпал жасай аламыз. Біз іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Осыларды негізге ала отырып ата-аналар мен тәрбиешілер баланы тәрбиелеуде ертегілер мен қойылымдардың және сахналаудың ролінің айрықша екенін ұмытпау керек.

  1. Дидактикалық ойындар

Е. И. Тихиева сезім органдарын жетілдіру жұмысын бала тілінің дамуымен, қоршаған заттар дүниесімен таныстырумен байланыстырды. Ол жасаған дидактикалық материалдар, ойындар да түсті, көлемді, пішінді ажырата білуге бағытталған, балаларды заттардың қасиетімен, сапасымен таныстыру ойын әрекеті үстінде жүргізіледі, оның өзі білім мен ұғымды жақсы игеруге көмектеседі. Ойын-балалар үшін оқу да, еңбек те. В. Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ол дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын-ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар отыр+»1- деген ой айтқан.

Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтер, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иохан Хейзингтің «Ойыншыл адам», Д. Б. Элькониннің «Ойын психологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А. В. Вербицкий, Т. В. Кудрявцев, И. П. Пидкасистый, қазақстандық ғалымдар: Н. К. Ахметов, Ж. С. Хайдаров т. б.

Ойын кезінде жан-жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезінде ойын әрекетінің психологиялық негізінде құрастырған жағдайда ғана табысты іске

асырылады. Бұл ойынның дамуы баланың психикасын үдемелі өзгертумен және ең алдымен бала тұлғасының барлық жағынан дамудың фундаменті болып табылатын оның интеллектуалдық ортасына байланысты

Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді

Мазмұнды - бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық пен шығармашылық сипатта болады.

Құрылыс материалдарымен ойын кезінде пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, белсенділік көрсетеді.

Дидактикалық ойындар барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтармен, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді.

Мемлекеттік білім беру стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру әрбір педагогқа оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді. Ол үшін әрбір педагог өзінің инновациялық даярлығын қалыптастыруы қажет.

Адам ойынының жалпы құрылымдары түрінде ұйымдастырылған педагогтың белсенді бірлескен оқу және оқыту әрекеті - оқытудың ойын формасы деп аталады.

Оқытудың ойын формасын (ООФ) қолдануда екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, баланың ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттігі. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді. Баланың психологиясында сапалы өзгерістер туғызады. «Ой-ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығуын, белсенділігін арттыру үшін, тәрбиешілердің, жалпы ұстаздардың қолданатын басты әдісі ойын болуы керек. Ойынның сабақтағы орны бірнеше факторларға байланысты: баланың дайындығына, меңгерілетін материалға, сабақтың мақсатына. Ойынның нәтижесіне жету тәрбиешіге байланысты.

  1. Ойын ерекшеліктері мен түрлері

«Мен сияқты жаса» ойынын ойнатудағы негізгі мақсатым: Құрылыс материалдарын көлемдері мен пішіндері бойынша орналастыру.

Жүру барысы:Ойын балаларға арналған құрылыс жинағының негізгі детальдарымен ойналады. Алдымен, екі-үш пішінді ойыншықтардан шағын құрылыс тұрғызамыз. Бала тәрбиешімен бірге сол түсті пішіндерді тауып құрастыруы керек. Ойынның күрделі нұсқасы «жасырылған құрылыс» болады. Мұнда бала көзін жұмып отырады, қалай құрастырып жатқанын көрмейді. Көзін ашып құрылысты жасауы керек.

Нәтиже: Балалар зейінін тәрбиешінің іс-әрекетіне аудару арқылы құрылыс материалдарын көлемі, түсі, пішіні бойынша салыстыра отырып, дәл тәрбиеші жасағандай құрылыс құрастырады.

Балада есте сақтау белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есте сақтайды. Мысалы: «Қуыршаққа арналған сыйлықтар» ойынында

шығармашылық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып түстері бойынша заттарды топтастыра білуге үйрету.

Жүру барысы:Бұл ойынға балалар екі топқа бөлініп қатысады. Қуыршақтың туған күніне келген балалардың бірінші тобы әр түрлі түстегі пішінді ұсынса, қарсы топтағы балалар сол түске сәйкес, үстел үстіндегі затты қуыршаққа сыйлайды. Мысалы: қызыл түсті дөңгелекті ұсынса, екінші топ оған қызыл не түс бар, яғни алманы ұсынады. Алманы қуыршақ не істейді? деген сұраққа жауап алынады. Ойын нәтижесінде балалар пішіннің дөңгелек, түсі қызыл екенін атайды да, қызыл түсті дөңгелекті алма бейнесінде қабылдайды, яғни салыстыру, топтастыру және тілдері дамиды. Сәбилік шақта баланың ойлауын дамытудың негізі қаланады. Балалар сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің көмегімен заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен қатынастар орнатуды талап ететін мәселелерді шешуден бейнелерді пайдалана отырып, қарапайым ойлау іс-әрекеттерінің көмегімен ойша шешуге көшеді.

«Кімнің киімі» ойыны.

Мақсаты: Ұл бала мен қыз бала киімдерін танып білу, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз киімдерін ажыратуға үйрету.

Жүру барысы: Ұл бала мен қыз бала киімдерін үстел үстіне тастап, тәрбиеші көрсеткен қуыршаққа өз киімін тауып беру. Бұл ойынға балалар түгел қатысуға болады. Мысалы: тәрбиеші қыз қуыршақты көрсетсе, оған қандай киім кигізетінін бала тауып беруі керек.

Ойын нәтижесінде балалар ойлау арқылы ұл және қыз бала киімдерін ажыратып, киім аттарын дұрыс айтуға және түстерін атауды үйренеді.

Бала сәбилік шақта-ақ заттардың кеңістікте орналасуын, көру іскерлігін меңгереді. Кеңістіктің бастапқы бағыттары туралы үшке қараған баланың ұғымы оның өз денесімен байланысты. Өз денесі оған центр, «есепті бастау» нүктесі болады, бала бағытты тек осыған байланысты анықтайды.

«Кішкентай көңілділер» ойыны.

Мақсаты: Сұлбалы суретті көріп қабылдау арқылы қолдануды үйрету.

Жүру барысы: Бұл ойын барысында бала сұлбалы суретті қолдануды үйренеді, әрқайсысында адамның сұлбалы суреті бейнеленген бірнеше карта дайындаймыз. Әр сызбадағы адам белгілі бір жаттығу жасап жатыр. Ойынды бастар алдында балаға сызбалардың бірін көрсетіп, түсінбей тұрғанын сұрау, сызбада көрсетілген жаттығуды дұрыс жасап жатыр ма? Осылайша барлық сызбаларды көрсетіп, балалармен бірге жасаймыз.

Ойын нәтижесі: Балалар суреттегі сызбаларға қарап, өз дене мүшелерін кеңістік бағыттары бойынша қозғалысқа келтіруді суретті сызба арқылы қабылдау нәтижесінде сенсорлық дамуы мен қимыл-қозғалыстары қатар дамиды.

«Әр түрлі етіп көрсет» ойыны

Мақсаты: Балаларға биік-аласа, жылдам-баяу, ауыр-жеңіл ұғымдарын меңгерту.

Жүру барысы: Биік-аласа. Бұл ойынға топпен қатысуға болады. Балалар шеңбердің бойымен жүреді. Тәрбиеші былай дейді: «Қазір сендер қақпа арқылы өтесіңдер, егер мен қақпа биік десем, осы қалыптарыңмен жүресіңдер, ал егер аласа десем еңкейесіңдер». Балалардың барлығын қатыстырып әрі қарай жылдам - баяу, ауыр-жеңіл сияқты қарама-қарсы сөздерді қолдана отырып, жалғастыруға болады.

Ойын нәтижесінде балалар затты балама түрде қабылдап қимыл-қозғалыс жасау арқылы көлем туралы ұғымдарды ойын арқылы меңгереді.

Ойынның айқын біртіндеп дамитын жүйесін пайдалана отырып, тәрбиеші балалардың дене құрылысы дамуының тиімділігін арттырады. Ол ойында балалардың шат, сергек көңіл күйін туғызады, ал эмоциялық ахуалдың дұрыс болуы баланың дене құрылысы мен нерв-психика жағынан толыса дамуының кепілі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заттың пішінін анықтау
«БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ» БАҒДАРЛАМАCЫ
Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «біз мектепке барамыз» бағдарламасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдауы
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың 9 тіршілік әрекетін ұйымдастыр
Балалардың табиғатпен таныстыру туралы түсінік қалыптастыру және олардың маңызы
Ересек балаларды геометриялық пішінмен таныстыру әдістемесі
«Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері.»
Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
Балаларды геометриялық пішіндермен таныстыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz