Оқушылардың графикалық білімін, дағдысын қалыптастырудағы психология шеберлігі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Оқушылардың графикалық білімін, дағдысын қалыптастырудағы психология шеберлігі

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мектепте сызу пәнін оқыту
1.1 Сызуды оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мектеп оқушыларына графикалық білімдер беріп олардың графикалық сызба дағдыларын қалыптастыруда сызудан сыныптан
тыс жұмыстарды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2. Оқушылардың графикалық білімін, дағдысын қалыпстыру
2.1 Сызба дағдыларын қалыптастырудағы оқушылардың психологиялық шеберлігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Практиқалық жұмыс. Корсетілген нәрсенің коріністерін нұсқаларды пайдаланбай проекциялық байланыста сызу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...14
2.3 Сызбаның масштабтары мен сызық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Сызуды оқыту сапасын арттыру. Мектеп реформасы қойған тапсырмалар комплексіне барлық сабақтарда политехпикалық, бағытта дамыту керек екендігін айтып кеткен. Бұл тапсырмалар, әрине, толық түрде сызу пәніне де байланысты. Оқушылар мектептен тек орта білім ғана емес, сонымен катар мамандапдырылған білім алып шығуы керек екені белгілі. Ал алдынғы қатарлы басқа өндірістерде сызуды өте көп қолданатынын ескерсек, онда оқушылар графикалық сауатты болуы міндетті. 1969 жылы шыққан сызу оқулығы 14 басылымнан басылып шықты. Кезінде бүл оқулықты мұгалімдер өте жақсы деп бағалаған, бірақ казір жарамсыз болы и калған. Оның себебіде түсінікті ғылми-техникалық прогресс бойынша ондірісте барлық салалар жылдан жылға өсіп келеді. Әрине сонымен, бірге сызуларда күрделеніп, өзгерістер болып жатыр. Мектеп реформасының тағы да бір талабы, оқыту әдістері дамыту, оны жетілдіріп отыру керек.
Сызу оқу пәні бойынша негізгі жалпы білім беретін бағдарламаның стандарты оқушылардың графикалық дайындығының міндетті деңгейін тағайындайды. Мектептің негізгі сатысында Сызу оқу пәнінің базалық білім мазмұнын меңгеру бойынша оқушыларға қойылатын талаптар білім, білік, дағдылар кешені түрінде көрініс табады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: оқушылардың логикалық талдауы мен шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, сызбаны рәсімдеудің жалпы ережелерімен таныстыру және оларды сызу аспаптары мен құралдарын тиімді пайдалануға дағдыландыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- аксонометриялық кескіндер және өзара перпендикуляр жазықтықтардағы тік бұрышты проекциялар туралы тұрақты білім қалыптастыру
- оқушыларға нәрсе пішінін талдау және кеңістік бейнесін оның кескініне қарап анықтау туралы білім беру;
- оқушыларды сызбаны орындау барысында қолданылатын шарттылықтармен және ықшамдаулармен таныстыру;
- оқушыларды тиянақтылыққа, ынталылыққа, ұқыптылыққа және дербестікке тәрбиелеу;
Сызу оқу пәні негізгі пәндерінің бірі ретінде Математика білім беру саласына кіреді.Бұл пәннің жалпы орта білім беру жүйесіндегі рөлі адам өміріндегі графикалық ақпараттың мәнділігімен, графикалық кескіндерді салуға және оларды оқуға қажет білім, білік, дағдыларды игерудің мұқтаждығымен, байқағыштық, ұқыптылық , оқуға деген төзімділік, эстетикалық талғам тәрізді жеке-дара қасиеттерді дамыту маңыздылығымен анықталады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспелен, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Мектепте сызу пәнін оқыту
1.1 Сызуды оқыту әдістемесі
Сызуды оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы. Ол сызуды оқыту мақсаттарына сай сызуды оқытудың дидактикалық мәселелерін зерттейді. Әдістеме терминінің төркіні методика, метод, әдіс, жол деген грек сөзінен шыққан. Сызуды оқыту әдістемесін басқаша сызу педагогикасы, сызу дидактикасы деп те атайды. Бұлардың мағынасы бір біріне өте жақын, сондықтанда оларды біз бір мағынада қолданамыз. Сызуды оқыту әдістемесі ең алдымен мектептегі сызу пәнімен тікелей байланысты дамиды. Сызуды оқыту әдістемесі бір қырынан алып қарағанда педагогика ғылымының бір саласы болса, екінші бір қырынан қарағанда болашақ сызу пәнінің мұғалімдерін педагогикалық қызметке әдістемелік тұрғыдан дайындайтын оқу пәні ретінде танылады.
Мектептегі сызу пәнінің білімдері мен дағдылары молайып, мазмұны тереңдеп, ауқымы кеңейген сайын, оны үйретудің мәселелері де өзгеріп, күрделене береді, осыған сай жаңа тәсілдер пайда болып отырады. Жаңадан қосылған тәсілдер жинақтала келе жаңа әдістеме құралады. Сызуды оқыту әдістемесі сызуды оқытудың бірнеше әдістерінен құралады. Сызуды оқыту әдістері сызуды оқытудың бірнеше тәсілдерін біріктіреді. Сызуды оқыту әдістемесі сызуды оқытудың дәстүрлі әдістемесі және сызудың жаңа оқыту әдістемесі болып бөлінеді. Сызуды оқытудың дәстүрлі әдістемесі бұрыннан қолданыста келе жатқан сызуды оқыту әдістерінен құралатын болса, сызудың оқытудың жаңа әдістемесі оқыту проблемаларын шешудің жаңадан ендірілген әдіс тәсілдерінен құралады.
Сызуды оқыту әдістемесі өзара тығыз байланысты үш сауалға жауап беруге тиіс: бірінші, сызуды не үшін оқыту қажет? екінші, нені оқыту керек? және қандай тәртіппен, ретпен оқыту керек ? үшіншіден сызуды қалай оқыту керек?
Сызу пәні бойынша мектепте қандай материал қандай ретпен өтілуі тиіс екендігі мектеп сызу пәні бойынша бағдарламалар мен оқулақтарда көрсетілген. Сызуды қалай оқыту керек? деген мәселе сызуды оқыту әдістемесі пәнінің еншісіне тиеді.
Сызуды мектепте оқыту әдістемесі пәнінің алғашқы дәрісбаяны мектептегі сызу пәнін оқытудың мақсат міндеттері, тақырыптары, әдістері мен әдістемесі туралы студенттерге түсініктер беруден басталады.
Мектептегі сызу пәнін оқытудың мазмұны сызуды мектепте оқытудың мақсат міндеттеріне байланысты анықталады. Сызуды мектепте оқытудың мақсаты оқушыларға машина құрылысы сызбаларын, машина құрылысы бөлшектерін, сәулет құрылыс сызбаларын таныстырып, мектептерде сызуға арналған оқулықтар мен бағдарламалар туралы түсініктер беріп, сызбалар туралы оқушыларға қарапайым түсініктерді меңгертіп, оқушыларға сызудың ептейліктері мен дағдыларын қалыптастыру міндеттері қойылады.
Сызуды мектепте оқытудың негізгі тақырыптары сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеу, проекциялау, проекция түрлері, кескінді екі немесе үш жазықтыққа проекциялау әдістері, белгісіз проекцияны табу, аксонаметриялық проекциялар, техникалық сурет және эскиздер сызбалары, қима мен тілік сызбалары, аксонометриялық қиылысу сызбалары, стандарттармен танысу, сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеу бағыттарын қарастырылады. Сонымен қатар оқушылар аксонаметриялық проекциялар, техникалық сурет және эскиздер, сызбаны оқу, қима мен тілік, аксонометриялық қиылысу, шрифт тақырыптары бойынша практикалық сабақтарда түрлі сызба жаттығуларын орындайды.
Сызуды мектепте оқытудың негізгі тақырыптарына байланысты сызуды оқыту әдістері таңдап алынады. Олар сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеуді үйрету әдістері, проекциялау, проекция түрлері, екі үш жазықтыққа проекциялау түрлерін оқыту әдістері, проекцияны шешу жолдарын оқытып үйрету әдістері болып бөлінеді. Сонымен қатар болашақ мұғалімер жоғары оқу орынында сызуды оқыту әдістемесі пәнінің дәрісбаян сабақтарында аксонаметриялық проекциялар тақырыбын оқыту әдістері, техникалық сурет және эскиздер тақырыбын оқыту әдістері, сызбаны оқыту сабағы және оның әдістері, қима мен тілік сабағын жүргізу әдістері, аксонометриялық қиылысуды оқыту әдістері стандарттармен таныстыру әдістері, жалпы орта білім беру мектептерінде сызуға арналған оқулықтар мен бағдарламаларды талдау әдістері, сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеу әдістері, проекция түрлері, екі үш жазықтықтағы проекциялау түрлері, проекцияны шешу жолдары тақырыптарын оқытып үйрету әдістерімен таныстырылады.
Сонымен қатар студенттер сызуды оқыту әдістемесі пәнінің практикалық сабақтарында аксонаметриялық проекциялар тақырыбын оқыту әдістері, техникалық сурет және эскиздер тақырыбын оқыту әдістері, сызбаны оқыту сабағы және оның әдістері, қима мен тілік сабағын ұйымдастыру әдістері, аксонометриялық қиылысуды оқыту әдістері тақырыптары бойынша мұғалімнің практикалық жұмысына қажетті педагогикалық іс әрекеттерге бағытталған жаттығуларды орындайды.
Сызуды оқытудағы маңызды оқу мәселесінің бірі оқушыларды сызбаны безендірудің негізгі ережелерімен таныстыру. Мектептегі сызу сабағын оқыту ең басты екі бағытты қамтиды. Оның біріншісі оқушыларға сызудың негізін құрайтын ұғымдарды, теориялық қағидаларды, терминдер мен анықтамаларды меңгерту болса, оның екіншісі, проекциялау әдісін оқушыларға үйрету және қарапайым сызудың ептейліктері мен дағдыларын меңгерту болып табылады.
Сызу пәнінің алғашқы сабақтарының маңызды міндетіне оқушыларды адамдардың іс жүзіндегі қызметіндегі сызудың маңызымен мақсатымен, міндетімен, таныстыру көзделеді. Мысалдыр келтіру арқылы сызуды білгеннің қандай мамандық иесі болмасын пайдалы екендігі туралы айтылады. Сызудың даму тарихымен оқушыларды таныстыру үшін алдымен оқушыларға ежелгі кемелердің көне машиналардың бөлшектерінің суреттерін көрнекті етіп салып оны қарап шығу ұсынылады, оған практикалық тұрғыда талдау жасалады. Ол суреттің ХVII ғасырға жататыны туралы айтылады. Ондағы кескіндер қолдан салынғандығына, сызбаның мөлшері берілмегендігіне, онда сызбаны безендіру туралы түсінік беру жазулары жазылмағандығына, бұлар ерте кездердегі сызудың өзіндік ерекшеліктері мен даму деңгейінен хабар беретіндігіне назар аударылады.
Мұнан ары қарай оқушыларға оқулықтағы суреттердегі кескіндерді қарап шығу ұсынылады. Бұл суреттегі көпірдің бейнеленуіне назар аударылады. Сызбада көпірдің жоспарының қарауыл мұнарасының фасадымен бірге көрсетілген. Сызбаларды мұндай бейнелеу әдістері сол кездегі Ресейде кеңінен қолданылған сызба әдістерінің бірі екендігіне мән беріп қарау керектігі ескертіледі.
Ресей ХVII ғасыр мен кеңес дәуірінде графикалық бейнелеу тәсілдерін жетілдіруден көптеген елдерді басып озғандығы сөз болады. Бұған мысал ретінде ХVII ғасырға жататын құралдың сызбасын алуға болады. Бұл құралдың сызбасында проекциялық байланыстар берілгендігіне назар аударылады. Дегенмен бұл сызбада заттың сыртқы түрін көрсетумен қатар оның ішкі құрылымын да бейнелеуге әрекет жасалғанына оқушылардың назары аударылады.
Мектеп оқулығындағы осы және басқа да мысалдарды пайдалана отырып, сызбаның бүкіл даму тарихын қысқаша шолу жасап, көрнекті ғалым-графиктердің аттары аталады. Әңгімені қорытындылай келе, қазіргі заманғы кескіндері, мәтіндері, мөлшері, негізгі жазулары бар сызбаның үлгісі көрсетіледі, бұрынғы мен жаңа сызбалардың айырмаларына көңіл аударылады.
Қазіргі кезде, жаңа заманғы, жаңа аппаратуралар мен техниканың бөлшектерін сызбасыз жасау мүмкін емес. Сызбалар дегеніміз машина бөлшектерін немесе құрылыс бөліктерін жасау жолдарын, олардың ішкі және сыртқы формаларының сипатын көрсететін құжат болып табылады. Сабақта мұғалім сонымен қатар сызбалар ғылыми-техникалық прогрестің дамуының ажырамас бөлігі ретінде оның сипатын білдіретін өзіндік ерекшелігі бар құжат болып табылатындығына назар аударады.
1.2 Мектеп оқушыларына графикалық білімдер беріп олардың графикалық сызба дағдыларын қалыптастыруда сызудан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Сызудан сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырудың басты мақсаты оқушылардың сабақта алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын онан әрі жетілдірі дамыту бағытын көздейді. Сызудан сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар қатарына сыныптан тыс сызу туралы әңгіме, оқушылардың сызба жұмыстарының көрмесі, инженер, конструктор, сәулетші, дизайнер мамандақ иелерімен кездесу, сызу апталығы, сынып, мектеп, аудан, облыс көлеміндегі сызудан олимпияда, заводтағы конструкторлық бюро, құрылыс архитектуралық институттардағы архитектуралық бюроларға, музейлерге экскурсия ұйымдастыру,қабырға газетін шығару, реферат немесе шығарма жазу, сызуға арналған кеш ұйымдастыру жұмыстары жатады.
Сыныптан тыс сызу туралы әңгімені мұғалім белгілі бір тақырыпты тереңірек білуге деген оқшылардың қызығушылығы туындаған жағдайда ғана ұйымдастырады. Сыныптан тыс оқушылардың сызба жұмыстарының көрмесі оқушылардың жарты жылдық немесе жылдық оқулық сызба жұмыстарының немесе сызу үйірмесінің бір жылдық жұмыстарының қорытындысы бойынша ұйымдастырылады.Көрмеге оқушылардың оқулық сызба жұмыстарымен қатар өздерінің сызған сәулет құрылыстарының фасады немесе ойдан салынған машина, тұрмыс бұйымдарының техникалық суреттері, дизайнерлік жобалары қойылады. Бұлар макет немесе сызба түрінде болуы да мүмкүн. Сыныптан тыс сызудан ұйымдастырылатын жұмыстардың қатарына заводтағы конструкторлық бюро, құрылыс архитектуралық институттардағы архитектуралық бюроларға, музейлерге экскурсия ұйымдастыру болып табылады.
Мұндай экскурсия алдында мұғалім экскурсия жоспарын жасап, онда белгілі іс шаралар жоспарланады.Олардың қатарына сәулетшілермен, конструкторлармен, дизайнерлермен кездесу, мұрағаттарды көрсету, шығармашылық мамандық иелерінің жқмыстарымен танысу, ұнаған заттарының эскиздерін жасау сияқты іс шаралар жоспарланады.
Сыныптан тыс сызудан ұйымдастырылатын жұмыстардың қатарына жататындардың бірі сызу апталығын өткізу болып табылады.Апталықтың жоспары бойынша аптаның әрбір күні бойынша белгілі бір іс шара ұйымдастыру көзделеді.
Мектеп оқушыларына графикалық білімдер беріп олардың графикалық сызба дағдыларын қалыптастыруда сызудан сыныптан мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы ерекше.
Мектепте сызудан үйірме жұмыстарын ұйымдастырудың басты мақсаты оқушылардың сызу пәніне деген қызығушылығын арттыру, сызу пәніне деген қызығушылығы бар оқушыларға пәнді тереңдете оқыту, оларға сызудың белгілі бір кәсіби қызмет аясында қажеттігі мен қолданысы туралы мәліметтер беру болып табылады. Сызудан үйірме жұмыстарын ұйымдастыруға аптасына екі сағат беріледі. Ол төрт тоқсанға жоспарланады.
Сызу үйірмесінің жоспарында сызудың шығу тарихы, сызбалардың түрлері, проекциялар, аксонаометриялық проекция, техникалық сурет, қима, тілік, шеңберлер мен овалдарды сызу, сызықтардың түрлері, шрифтер т.б. тақырыптарды оқу жоспарланады.Үйірме сабақтарында сызудың теориялық материалдарымен қатар практикалық жаттығулар орындау жұмыстары қарастырылады.Үйірме жұмысындағы негізгі буын оқушылардың сызбаларды сызу икемділіктері мен дағдыларын арттыруға бағытталады.Үйірме мүшелері әр түрлі сынып оқушыларынан құралады. Үйірме жұмысына оқушылар өз белсенділіктерімен немесе мұғалімнің ұсынысы бойынша тартылады.Үйірме жұмысы негізінен сызу кабинетінде өткізіледі.
Мектеп оқушыларына графикалық білімдер беріп олардың графикалық сызба дағдыларын қалыптастыруда сызудан сыныптан мектептен тыс факультатив сабақтарын ұйымдастырудың маңызы ерекше.
Мектепте сызудан факультатив сабақтарын ұйымдастырудың басты мақсаты оқушылардың сызу пәніне деген қызығушылығын арттыру, сызу пәніне деген қызығушылығы бар оқушыларды тереңдете оқыту, оларға инженерлік кәсіби қызметке қажетті сызба жұмыстарына керекті икемділіктер мен дағдыларды меңгеруге баулу болып табылады.
Оқушылардың таңдауына лайықты етіп, сызудан факультатив сабақтарын сызба геометрияның элементтері, машинақұрылысы сызуы, құрылыс және топографиялық сызу тақырыптары бойынша ұйымдастыру ұсынылады. Осы аталған әрбір факультативтік курс аптасына екі сағаттан, 70 сағатқа лайықтандырылған.
Сызудан факультативтік сабақтар ұйымдастыруға аптасына екі сағат беріледі. Ол сегіз тоқсанға, екі оқу жылына жоспарланады. Сызудан факультетивтік сабақтар жоспарында сызудың шығу тарихы, сызбалардың түрлері, проекциялар, проекциялау түрлері, аксонаометриялық проекция, машина құрылысы сызбалары, сәулет құрылысы сызбалары, техникалық сурет, қима, тілік, шеңберлер мен овалдарды сызу, сызықтардың түрлері, шрифтер т.б. тақырыптарды оқу жоспарланады. Факультатив сабақтары белгілі бір кәсіби бағытқа оқушыларды баулу мақсатын көздейді.Сызу пәнінен сабақтар мен сыныптан мектептен тыс оқу мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру сызуды оқытудың педагогикалық технологиясын дұрыс таңдап алумен тығыз байланысты.

2. Оқушылардың графикалық білімін, дағдысын қалыпстыру
2.1 Сызба дағдыларын қалыптастырудағы оқушылардың психологиялық шеберлігі
Қазір сызу сабағы адам өмірінде басты орын алады. Сызу- дегеніміз бұл бөлшектер, ғимараттар, электр сызбаларын сызу тәсілдері және т.б.Олар көптеген кәсіпорындарда бұйымдарды құрастыру үшін пайдаланылады. Бұл пәнге оқытудың әліппесі мектептен басталады. Одан әрі профильдік институттарда жалғасады. Институттарда сызудың әр түрлі тәсілдерін оқытады.
Мектепте сызу әдетте сурет сабағынан басталады. Балалар қоршаған ортадағы нәрселерді бақылауды балалық шағынан бастап үйренеді. Сол себепті жас өскен сайын сурет сабағының тапсырмалары қиында,қызықты болады.Тапсырмалардың қиындай түсуіне қарайпедагогтар оларды сызу сабағына дайындайды.
9 сыныпқа келгенде балалар біледі, бұл сабақтың өмірде пайдасы бар екенін сол себепті олар оны оқып, үйреніп жақсы нәтиже көрсетеді. Мектептегі сызу сабағы кіріспе,өте қарапайым курс.Бұл сабақты оқығанда балалар түсінеді бөлшектерді,пішіндерді, түзулерді қарындашпен сызғыштың көмегімен сызуда бірінші рет барлығында да ойдағыдай бола қоймайды. Сол сияқты оқушылар мектепте шеңберді, диаметрді циркульмен сызуды, керекті құралдарды қолдануды сызу сабағында үйренеді. Қорыта келгенде оқушылар сызу сабағындағы базалық курсті өткеннен кейін А4 форматында қарапайым сызу сыза алады.
Осы курсты өткен оқушылар орта және арнайы оқу орындарына келесі мамандықтар бойынша құрлысшы, ішкі көрініс дизайн, архитектор, киім дизайн сияқты оқуларға тседі. Бұл мамандықтар да сызу ең басты пән болып табылады. Курстық жұмыстардың көбі осы сызулардан тұрады. Бірінші курста инженерлік графика пәні оқытылады. Көптеген оқушыларға бірінші курста ең қиыны осы пәнсияқты болып көрінеді, бірақ қиындықсыз оңай нәрсе болмайды.Бұл сабақ сызудың негізін береді, осыдан кейін студенттер өз істерінің жоғары сапалы маманы болады.
Табандылықпен оқыған кез келген студентке сызу сабағының әдістері жақсы беріледі. Егер студент техникалық институтта оқыған кезінде өз ісіне жауапкершілікпен қарап жақсы оқыса, онда оны кез келген өнеркәсіп мекемесіне қызметке алып, жақсы төлемақы төлейді.Олар әрдайым жаңа бұыймдардың үлгісін шығарып отырады ,олардың бәрі осы сызумен байланысты.Бұл жерде жұмыстың дамуы әр адамның өзіне байланысты. Егер мектепте,института жақсы оқып,сызуды өте жақсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп алды даярлықта жазу дағдыларына машықтанудың кезеңдері
Педагогикалық психология
Пәнді оқытуда жаңа педагогикалық,ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктері
Іскер әйелдер мен жастарға иек артады
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқушылар бойында шығармашылық әрекет тәжірибесін қалыптастыру қажеттігі туралы
Бірінші сынып оқушыларының математикалық білім, білік, дағдыдыларын қалыптастыру жолдары
Бастауыш сыныпта қазақ тілінен жүргізілетін қазіргі сабақ түрлерінде оқушылардың тілін дамыту
Пәндер