Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы



1. Әль.Фараби . дүниежүзілік мәдениет пен ғылымның негізін салушы;

2. Махмұт Қашқари ілімінің тарихи маңызы;


3. Жүсіп Баласағұнидың « Құтты білік» дастанының тәрбиелік маңызы мен мәні;

4. Ибн Сина еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы;

5. Әбу.л. Қасым Фирдауси тәрбие туралы;

6. Мұхаммед Хайдар Дулати тәрбие және еңбек тәрбиесі туралы;

7. Қадырғали Жалайыридің еңбек пен тәрбие тағылымдары;

8. Омар Һайямның ағартушылық ой .пікірлері

9. Әлішер Науаидың тәрбие тағылымдары

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗІРГІ ЗАМАН
ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой пікірінің пайда болуы мен
қалыптасуы

Қабылдаған: Аширбекова Г.Е.
Орындаған: Джолдинова А.К.

Қарағанды қ.
2011ж.

Мазмұны

1. Әль-Фараби – дүниежүзілік мәдениет пен ғылымның негізін салушы;

2. Махмұт Қашқари ілімінің тарихи маңызы;

3. Жүсіп Баласағұнидың Құтты білік дастанының тәрбиелік маңызы мен
мәні;

4. Ибн Сина еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы;

5. Әбу-л- Қасым Фирдауси тәрбие туралы;

6. Мұхаммед Хайдар Дулати тәрбие және еңбек тәрбиесі туралы;

7. Қадырғали Жалайыридің еңбек пен тәрбие тағылымдары;

8. Омар Һайямның ағартушылық ой –пікірлері

9. Әлішер Науаидың тәрбие тағылымдары

Қолданылған әдебиеттер

1. Әль-Фараби – дүниежүзілік мәдениет пен ғылымның негізін салушы;

Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ( 870 – 950жж.) ойшыл,
философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист,
музыка зерттеушісі. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының жеріндегі көне
Фараб ( бертін замандағы Отырар) қаласында туған. 20 жасына дейін сонда
оқып тәрбиеленіп, кейін Самарқан, Бұқара, Хиуа қалаларын және мұсылман
елдерінің көп жерлерін аралаған. Ұзақ уақыт бойы Араб халифатының саяси,
мәдени орталығы – Бағдатта тұрған. Арабтың мәдениеті мен ғылымы дәуірлеген
шақта, сонда оқып білім алып, ғылыми жұмыстармен айналысқан. Өмірінің соңғы
жылдарын Каир, Алеппо, Дамаск ( Шам) шаһарларында өткізген.
Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын
алады. Оны Шығыстың Аристотелі деп атаған. Артында қалған ғыоыми мұрасы
өте мол: жүз алпысқа жуық трактат жазған. Олар ғылымның алуан түрлі саласын
– философия мен логиканы, математика мен физиканы, астрономия мен
ботаниканы, минерология мен лингвистиканы, медицина мен музыканы қамтиды.
Осынау мол еңбектерінің ішінде философия мен әлеуметтанудың, этика мен
эстетиканың проблемалары үлкен орын алады.
Фараби – шығыс перипатизмінің аса көрнекті өкілі, араб тілінде әлесге
тараған прогресшіл қоғамдық философияның негізін салушылардың бірі. Ол
философияның, логиканың, әлеуметтанудың, этика мен эстетиканың әр түрлі
саласына орасан зор үлес қосты.
Этика – Фараби мұрасының ішінде үлкен орын алады. Этиканы ол, ең
алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп
қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық,
мейірбандық категориясы басты орын алады. Жақсылық мазмұн мағынаның бір
бөлігі, сондықтан ол материяның өзінде бітіп қайнап жатыр.
Ал жамандық жақсылық сияқты емес, ол болмыс жоқ жерден пайда болған дейді.
Ұлы ғалымның осынау этикалық ойларынан терең гуманизмінің лебі еседі, ол
адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы,
сондықтанда оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Бірақ жамандықты
жақсылық жеңгенде ғана адам баласы ізгі мұратына жетеді деп қарайды.
Фарабидің бұл салада жасаған қорытынды түйіні: этика-білім, мейірбандық,
сұлулық үшеуінің бірлігі. Ол ақыл ой мен білімнің биік мәнін, халықтар
арасындағы туысқандық, достықтың принциптерін егіле жырлады, адамгершілік,
мораль мәселесін діни тұрғыдан берілетін негіздеу екенін көрсетті.
Риторика, поэтика, өнер, музыка, т.б. жөніндегі еңбектерінде айтылған
көркемдік –эстэтикалық көзқарастары әлі күнге мәнін жоймаған. Оның
принципті түрдегі аса маңызды эстэтикалық ой пікірлері ғасырлар белесінен
асып, біздің заманға жетті, олардың әлі де мәні зор.. Ұлы ойшылдың көз
тіккен эстетикалық проблемаларының ауқымы үлкен, шеңбері кең. Соны
зерттеу үстінде ол өзінен бұрынғы ұлы ойшылдардың прогресшіл дәстүрлерін
бойына сіңіріп, ілгері дамыта отырып, заман талабына нақтылы тарихи
жағдайға сай өзіндік жаңалықтарды қосты. Эстетика мәселесі жөнінде
айтқан соны пікір, тың идея, батыл тұжырымдар оның көптеген шығармаларында
кездеседі. Әйтседе, оның негізгі эстэтикалық теориялық ой пікірлерінің
негізгілері Риторика, Поэзия өнерінің кононы туралы тракт, поэзия
өнері туралы, т.б. еңбектерінде көрсетілген.
Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында өзін
танымақтың немесе жан қуаты туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып
білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс
алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы
қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми
жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы
жан қуаты немесе өзін танымақтық жайлы күрделі ой сарасына қазақ
топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған.
Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында жан
құмары, жанның жибили қуаты, жан қуаты, жанның азығы т. б. осы
іспеттес филос. сарындағы ойларын таратқанда: Жан қуаты деген қуат-бек көп
нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды – деп, айрықша ескертуінің
өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның өзін танымақтығы жөніндегі
ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең
түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты
жөнінде Фараби қолданған филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен жетінші, Он
жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздеріңде сол
түпнұсқадағы қапыңа немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі.
Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен Әуелде бір суық мұз ақыл
зерек..., Көзінен басқа ойы жоқ..., Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...,
Алла деген сөз жеңіл..., Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі асыл тас...
өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы
филос. мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектеріңде жатыр
Әбу Наср Әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан,
әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп
мұралар қалдырды. “Ғылымдар тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды
үлкен-үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика
және оның тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4) физика және оның
тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның
тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін
анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады. Әбу Наср Әл-Фараби математик ретінде
өзара тығыз байланысты үш салада еңбек еткен. Олар: 1) математиканың
методол. мәселелері (математикалық ғылымының пәні, негізгі ұғымдары мен
әдістерінің шығу тегі), 2) математикалық жаратылыстану, 3) математиканың
кейбір нақты тарауларын жасауға қатысуы. Әбу Наср Әл-Фараби математиканы
жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка,
статика, механика — әдіс айла жөніндегі ғылым). Ол — алгебраны
математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш
анықтаған оқымыстылардың бірі. Осыған байланысты Әбу Наср Әл-Фараби сан
ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды.
“Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен
себептерін ашуға тырысады. “Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының
кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме” деп аталатын еңбегінде матем-
ның методол. мәселелері жөнінде құнды-құнды пікірлер айтқан. Ол ұзақ уақыт
мінсіз, мүлтіксіз саналып келген Евклид “Негіздерін” сынауға, өңдеуге,
түзетуге болатынын іс жүзінде көрсетіп, математиктерге дұрыс жол сілтеген.
Әбу Наср Әл-Фараби математиканың философия ірге тасын қаласумен қатар, оны
табиғат құбылыстарын зерттеуге батыл қолданудың қажеттігін іс жүзінде
танытты. Әбу Наср Әл-Фараби пікірінше, математика анық,ақиқат білімді
береді және басқа ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды. “Астрологиялық
болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын еңбегінде ол ғылыми
астрологияны астрономиядан бөліп қарап, Аристотельдің логикалық
шығармаларында айтылған қағидалар мен жаратылыстану ғылымдарының
жетістіктеріне сүйене отырып, белгісіз, кездейсоқ құбылыстарды алдын ала
болжауға болатынын немесе болмайтынын ажыратуға тырысады.Әбу Наср Әл-
Фарабидің бұл пікірлерінің кейіннен ықтималдар теориясының философия,
логикалық негіздерін қалыптастыруда маңызы зор болды. Ол математикалық,
жаратылыстану саласында ірі еңбектер жазған. Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі
гректің ұлы математигі және астрономы Птоломейдің “Алмагесіне” көлемді
түсініктеме жазған. Бұл еңбек “Алмагеске түсініктеме” деген атаумен
белгілі. Астрономия және математикалық тарихында үлкен маңызы болған Әбу
Наср Әл-Фарабидың бұл трактаты тригонометрияны дамытуға да игі ықпал
жасады. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене
отырып, тригонометрия сызықтар жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі
бір жаңалық Әбу Наср Әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус, тангенс,
котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды.
Олардың арасындағы бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым
қасиеттерін айқындады. Ол тригонометрияның кестелер жасауда аса қажет болып
табылатын бір градус доғаның синусы мен косинусын анықтауда елеулі
табыстарға жеткен. Әбу Наср Әл-Фараби осы айтылған тригонометрия
мағлұматтарға және басқа да қосымша математика материалдарға сүйене отырып,
“Алмагесте” қарастырылған астрономия және география мәселелерін математика
жолмен шешудің ең жеңіл әдістерін ұсынады. “Геометриялық фигуралардың егжей-
тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабы” геометрия
салу есептерін сұрыптап, бір жүйеге келтірген. Жүзден аса есептің салу
әдістері көрсетілген. Бұлардың ішінде: парабола салу, бұрышты трисекциялау,
кубты екі еселеу, дұрыс көп бұрыштар салу, көп жақтар салу, жазық
фигураларды түрлендіру т.б. бар. Әбу Наср Әл-Фараби адымы тұрақты циркуль
мен бір жақты сызғыш жәрдемімен шешілетін есептерді мол қарастырды. Осы
еңбекте 3, 4, 5 т.б., яғни өлшемді куб салу есебін ойша қалай шешу идеясы
бар, оның “Болжамдағы геометрияға кіріспе” атты трактат жазғаны мәлім,
бірақ ол еңбегі бізге жетпеген. Осыған қарағанда Әбу Наср Әл-Фараби көп
өлшемді абстракция геометрияның идеясын алғаш айтушылардың бірі деп
жорамалдауға негіз бар. Әбу Наср Әл-Фарабидің трактатын математикалық
тарихшылары осы уақытқа дейін атақты Хорасан математигі Әбу-л-Уафаға теліп
келгені анықталды. Әбу Наср Әл-Фараби арифметикалық саласында “Теориялық
арифметикаға қысқаша кіріспе” деп аталатын еңбек жазған. Оның көптеген
логикалық еңбектерінде математикалық логиканың элементтері де кездеседі.
Әбу Наср Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу-л-Уафа, Әбу
Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс
ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа
ғалымдары да көп пайдаланған. Физика саласындағы Әбу Наср Әл-Фарабидің
көрнекті еңбегі “Вакуум туралы” деп аталады. Мұнда ол вакуум жоқ екенін
ежелгі гректерде сирек кездесетін тәжірибеге сүйенген логикалық
қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысқан.
Ол — шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған
ағартушы оқымысты. Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің
ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт: 1. Баланың ішкі ынта-ықыласы,
құмарлығы; 2. Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы; 3. Сабақ процесінің алатын
орны. Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның
бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді. Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің
“Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы
трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік,
сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың
негізін дәлелдеп берді. Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты
ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика
жөніндегі тұжрымыдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын
алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол [адам]
баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да
оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қортындының
басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің
гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін
дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол өмір
шындығының өзіне тән қасиеті, болмыстың, нақты құбылыстардың, әлеуметтік
өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын
көрсететін белгі деп санайды.
Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау
барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын
көреміз.

2. Махмұт Қашқари ілімінің тарихи маңызы.

Махмұд ибн әл-Хусейн ибн Мұхаммед Қашқари алғашқы білімді Қашқар
қаласында алады д, кейін Орта Азия мен Иранның біраз қалаларын
аралауға аттанады. Сапарының негізгі мақсаты-өзінің білімін
толықтырып, жетілдіру болады. Ол солзаманғы араб мәдениеті мен
ғылымының көрнекті орталығы болған Бағдат қаласында да біраз уақыт
тұрған. Махмұд Қашқари арабша жоғарғы білім алған өз заманының аса
көрнекті ғалымы болған. Араб филологиясын жетік білген және өз
білімін туған халқының тілі мен әдебиеті, тарихы мен этнографиясы,
географиясы жайында зерттеулер жүргізуге жұмсаған.
М.Қашқари еңбегі негізінен сол дәуірдегі түркі тайпаларының тілдік
құрылыстарын жүйе-жүйемен баяндауға арналған. Қашқари еңбегінің әдеби
маңызы жайлы неміс оқымыстысы М.Хартман: Диуани лұғат –ат-түрік -
халықтық әдетиеттің үлгісі, соның негізінде құрылған, дейді де, осыдан
екі-ақ жыл бұрын жазылған Құдадғу білігті ( Құтты білік) сарай
әдебиетінің нұсқасы деп табады.
Диуани лұғат –ат-түрік кітабы тілінің сөздік қорында болса да,
грамматикалық құрылысында болса да қазіргі қазақ тілі материалдарымен
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қолдауда XII ғасырда жазыжан
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой –пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы.Қазақстандағы педагогиканың ғылым ретінде дамуы
Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абайдың эстетикалық көзқарастары
КӨНЕ ГРЕК ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ТӘЛІМ – ТӘРБИЕЛІК ОЙ - ПІКІРЛЕРІ
Көне грек ойшылдарының тәлім –тәрбиелік ой- пікірлері жайлы
Әл-Фараби мұрасы: білім-ғылым, тәрбие берудегі өзекті мәселелер
Қазақстандағы социологиялық көзқарастардың қалыптасуы
Алғашқы қауымдағы тәрбие
Ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми ортасы (Әл-Фараби)
Орта мектепте химия пәнін оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдістемесі
Пәндер