Описторхоз - балық ауруы
Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Описторхоз - балық ауруы
Орындаған:Орынғалиқызы Айкун
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Балық арқылы адамға жұғатын аурулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2. Описторхоз - ішек құрт ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.3. Описторхоздың алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.4. Описторхоз инвазиясын зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.5. Моллюскаларды паразитологиялық зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.6.Описторх мирацидияларын битинияға экспериментальды жұқтыру ... ... 23
2.7. Балықтың метацеркариймен зақымдалуын анықтау әдістері ... ... ... ... ... 25
2.8. Описторхозды алдын-алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
Кіріспе
Ихтиопатология (грекше ichthys - балық, pathos - ауру, logos - ілім, ғылым) - балықтардың ауруларын, олардың пайда болу себептері мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ихтиопатология ғылымына патологиялық анатомия жатады, ол мүшелер мен ұлпалардың қалыпты жағдайының бұзылуын және патологиялық физиология, ауру организмінің функциональдық өзгерісін зерттейді.
Аурудың пайда болу себептері мен шарттарын зерттейтін ихтиопатология бөлімі - этиология (грекше aitio - себеп), ал организмнің даму механизмін зерттейтін патология бөлімі - патогенез деп аталады.
Ихтиопатология жалпы және жеке болып бөлінеді.
Жалпы ихтиопатология - барлық патологиялық процестердің заңдылықтарын зерттейді, дамуы мен пайда болуын және таралуын қарастырады.
Жеке ихтиопатология ауруға ұшыраған әрбір мүшелердің және организм жүйелерінің функциясын зерттейді. Сонымен қатар, экспериментальдық ихтиопатологияда балықтарға жүргізілген тәжірбиенің нәтижесі қолданылады.
Балықтардың организмі суыққанды болғандықтан, жылы қандылардың организмінен өзгеше, сондықтан олардың зерттеу тәсілдері де өзгеше.
Балық - омыртқалы жануар. Балықтардың орталық жүйке жүйесі мидан және жұлыннан құралады. Ми-бас сүйектегі ми сауытында орналасады. Сондықтан балықтар жануарлардың бассүйектілер тип тармағына жатады.Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады.
Балықтар негізінде үлкен топқа бөлінеді. Оған шеміршекті балықтар класы, шеміршек - сүйектілер, сүйекті балықтар класы, саусақ қанатты балықтар класына бөлінеді.
Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Шапшаң жүзетін аккула, албырт, көксерке тәрізді балықтардың денесі ұршық-сопты жұмыр болса, баяу қозғалатын сазан, тобан, тұқы, мөңке тәрізділердің екі бүйірі қызыңқы, жоны көтеріңкі болады. Ал су түбінде тіршілік ететін балықтардың құрсағы арқасына қарай қабысып, денесі талпайып кетеді.
Тіршілік етуіне байланысты кейбір ерекшеліктері ғана болмаса, дене және мүшелер жүйесінің құрлысы шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтарда біріне-бірі ұқсас. Сүйекті балықтардың 2000-ға тарта түрі белгілі.
Бұл факторларға аурудың қоздырғыштары (вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, т.б.); өмір сүру шарттарының күрт өзгеруі, токсикалық (улы) заттардың әсері. Ауру организмнің барлық жеріне қатты әсер етеді.
Мысалы, желбезекке - бранхиомикоз, криптобиоз, көзге - диплостомоз, ішкі қуысқа - лигулез, қанға - снгвиниколез.
Ауру организмде үлкен өзгерістер болады: зат алмасуы бұзылады, өсу қабілеті төмендейді, балықтардың қозғалысы өзгереді. Балықтар қоректенбейді, бұл организмнің тозуы мен балықтың өлуіне әкеліп соғады.
Балықтардың ауруларының классификациясы этиологиялық негізіне яғни аурудың пайда болу себептеріне байланысты. Балықтардың аурулары екі топқа бөлінеді. Жұқпалы және жұқпалы емес.
Жұқпалы аурулар инфекциялық және инвазиялық немесе паразитарлық болады. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар. Инвазиялық аурулардың қоздырғыштары паразиттік тіршілік ететін жануарлар: қарапайымдылар, гельминттер, шаянтәрізділер және т.б. Соған байланысты мұндай ауруларды протозойлық (латынша - "протозоа"- қарапайым) гельминтозды ("гельминт" - паразиттік тіршілік ететін құрттар), крустацеозды (крустацеа - шаянтәрізділер). Әрбір аурулар сыртқы (клиникалық) әсерлерімен анықталады, ол өмір сүру барысында көрінеді.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Балық арқылы адамға жұғатын аурулар
Описторхозбен мысық, ит, түлкі, арыстан, шошқа мен қоян сияқты хайуандармен бірге адам да ауырады. Бұл ауру табиғи су көздерінің біразында орын алып келеді.
Қазақстан территориясында рописторхоз ауруының барлығын ғалымдар К.И.Скрябин мен Н.П.Попов басқарған гельминтологиялық экспедиция 1925 жылы анықтаған болатын. Олар бұл ауруды ит пен мысықтан тапты. Иттің описторхозы Павлодар мен Өскемен қаласынан байқалды. Осыған орай жергілікті халықты описторхозға тексеру жұмыстары мұнан кейінгі 15-30 жылдың ішінде жаппай жүргізілді.
Ертісті мекендейтін балықтардың ішінен оңғақ, шабақ, аққайран описторхоздан көп зақымдалды. 1962 жылы Ертістің арнасы жабылып, Бұқтарма су қоймасының салынуына байланысты өзен бойындағы жайылма сулар тартылып, олардың орны кеуіп қалды. Мұның өзі описторхоз ауруының азаюына үлкен себебін тигізеді. Атап айтқанда, жайылма судың тартылуына байланысты описторхоздың негізгі таратушыларының бірі - моллюскалар азайды. Соның нәтижесінде балықтың описторхозбен зақымдалуы да едәуір кеміді.
Ертіс өзенінен кейін описторхоз ауруы бар сулардың бірі - Нұра өзені. Қарағанды су қоймасының балықтары онымен де көбірек зақымдалған. Бетпақдаладағы Сарысу өзенін мекендейтін шабақтар, тыран сияқты балықтар описторхозбен зақымдалғанын 1960 жылы Е.Г.Сидоров басқарған экспедиция анықтады.
Описторхоз құрты адам мен жануарлардың өт жолдары және өт қалтасын, кейде ұйқы бездерін мекендейді. Ауру моллюска мен тұқы тұқымдас балықтар (оңғақ, шабақ, сазан, тыран, т.б.) арқылы жұғады. Өйткені олардың организмінде паразит личинкалары тіршілік етуге бейім.
Описторхоз құрты - описторхис - ұзынша келген сорғыш құрт. Ұзындығы 4-13 милиметрге дейін жетеді. Бірақ жануарлар мен адам организмдерін мекендейтін описторхистің үлкендігі әртүрлі болады.
Өршуі. Описторхис құрты өздерінің жұмыртқаларын өт жолына салады. Одан әрі өт арқылы ішекке барады. Онан кейін жануарлардың қиымен бірге далаға шығады. Жұмыртқадан мирацидий деп аталатын личинка пайда болады. Осындай жұмыртқа суға түседі де оны су ұлуы жұтып қояды. Мирацидий личинкасы ұлудың ішінде жұмыртқадан көп кешікпей шығады да алдымен спорциске, кейінірек редийге айналады. Редийден церкарий пайда болады. Екі ай өткен соң церкарий ұлудың шырынына араласып, суға шығады да су түбінде жүзіп жүреді. Ол балықтардың терісі арқылы еті мен дәнекер тканьдеріне еніп, әрі қарай өрши отырып, сыртын қалың қабық қаптап алады. Оны метацеркарий денесіне енген балықты шикі және жартылай шикі (қақтаған, тоңазытылған, шала қуырылған, ысталған, жаңадан тұздалған) күйінде қорек еткен жануарлар описторхоз ауруына шалдығады. Асқазанға барған метацеркарийдің сыртқы қабығы ериді, паразиттің өзі өт жолына барып кіреді. 3-4 жұмадан кейін метацеркарий үлкен құртқа айналып, жаңадан ұрық сала бастайды. Описторхис 4-5 айда өсіп жетіледі. Адамның организмінде описторхис 20 жылға дейін, ал мысықта - 3 жылға дейін тіршілік етеді.
Эпизоотологиясы. Описторхоз ауруының өріс алып, кең таралуы метацеркариймен зақымданған балықтың мөлшері мен сол балықтарды пайдалану жолдарына тікелей байланысты. Мысалы, ғалым И.И.Плотниковтың деректері бойынша, бір балықтың өзінен 1500 және одан да көп метацеркарий табылған.
Описторхистың метацеркарийімен балық кішкене шабақ кезінен бастап зақымданып, үлкейе келе ауру барған сайын күшейіп, асқына береді.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Описторхоз ауруында өт жолы кеңейеді, оның кенересі қалыңдайды, дәнекер тканьдері өсіп кетеді, бауырдың түрі өзгереді. Кейбір кездерде оның клеткаларында қоңыр пигмент пайда болады. Өт қалтасы үлкейеді, ол қатар жатқан органдарды қысады.
Диагнозы. Егер мұндай ауру кездесе қалған күнде, ауру адамның жағдайымен танысады. Ащы ішектен жиналған шырыш пен нәжістен копрологиялық әдісті пайдаланып, описторхис жұмыртқаларын іздейді. Аурудың клиникалық белгілеріне көңіл аударады. Аллергиялық әдісті де пайдаланады.
Емі. Бұл ауруды емдегенде хлоксил дәрісін пайдаланады.
Сақтық шаралары. Описторхозға қарсы күрес алдын ала сақтандыру жұмыстарын жүргізуден басталады. Ол үшін су көздерінің жануарлар нәжістерімен ластануына жол бермеу керек. Әсіресе, дәретханалардың шұңқырларын терең етіп, су жағасынан 200-300м қашықтықта қазады. Ит, мысық және шошқаға ауру балықты шикі күйінде беруге болмайды.
Описторхозбен жиі ауыратын тұқы тұқымдас балықтарды жаңа ауланған, тұзға піскен және тоңазытылған күйінде пайдалануға болмайды. Сонымен бірге жергілікті халық арасында описторхоз ауруына қарсы санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізіп, оның зияндығы туралы үнемі лекция ұйымдастырып тұруы керек.
Санитарлық баға. Описторхистің метауеркарийлерімен зақымдалған балықты суға салып, 30 минут қайнатып пісіргеннен кейін ғана пайдаланып, консерві дайындауға жібереді, не болмаса 15 градус суықта 14 тәулік бойына тоңазытады. Өте арық және паразиті көп балықтарды арнайы заводқа жібереді.
Клонорхоз ауруының қоздырғышы - клонорхис паразиті. Сақа паразиттер адам және ет қоректі жануарлардың организмінде тіршілік етуге тырысады. Оның аралық иелері - моллюска мен балықтар.
Ауру адамға және жануарларға зақымдалған (ауырған) әбден пісірілмеген балықтан жұғады. Клонорхис құрты ұзынша келген сарғыш құрт, ұзындығы 10-25мм.
Бұл паразиттің өршуі описторхис құртының өршуімен бірдей.
Аурудың белгілері. Ауру жұға қалған күнде адамның ас қорыту күйі нашарлайды. Адамның төс шеміршегінің астыңғы жағы және оң жақ қабырғасының төменгі жағы ауырады, іші қан аралас өтеді, сары ауруға шалдығады, арықтайды, қаны азаяды, мұрнынан қан кетеді, кейде бауыры қатаяды. Ауру жеңіл болса оның белгілері көп білінбейді. Клонорхис құрты өт жолдарын мекендейді. Міне, бұл аурудың адам үшін де қауіпті екенін естен шығармай, онан сақтану шараларын үнемі қолданып отыру қажет.
Диагнозы. Нәжісті тексеріп, клонорхоз құртының жұмыртқаларын іздеп табады. Зақымданған балықтың өтін микроскоп арқылы тексеріп, клонорхистың метацеркарийлерін табу әдісі, ауруға қарсы жүргізілетін алдын-ала сақтандыру шаралары және берілуге тиісті санитарлық баға описторхоз ауруындағымен бірдей. Ауырған ет қоректі хайуандардың әр килограмм салмағына 0,3грамм есебімен гексахлорпараксилол дәрісін береді.
Метагонимоз - ауруының қоздырғшы - метагонимус құрты. Ол адам мен ет қоректі жануарлар ішектерінің кілегей қабықтарында мекендейді.
Паразиттің өршуі басқа сорғыш құрттарға ұқсас келеді.
Сырты қалың қабықпен қапталған метагонимус құрттары балықтың сыртқы қабыршағы астында, жүзгіш қанаттарында және желбезек жапырақшаларында мекендейді. Осындай зақымдалған балықты шала пісірген күнде ауру адамға жұғады. Сондықтан да бұл жай әркімнің есінде болуы қажет.
Санитарлық баға. Балықтың терісін, жүзгіш қанаттары мен желбезектерін компрессорлық әдіспен тексергенде аурудың құрты табылса, ондай балықтарды суықтығы 8 градус жерде 7 тәулік бойы тоңазытқаннан кейін ғана пайдалануға болады.
Дифиллоботриоз ауруының қоздырғышы - дифилоботриум латум - деп аталатын таспа құрт. Бұл құрт сақа кезінде адамның және ти пен мысық сияқты ет қоректі жануарлардың ішегінде мекендейді. Құрттың бас жағында сорғыш органы бар.
Өршуі. Жануарлардың ішектерін мекендеген құрттар мыңдаған жұмыртқа салады. Ол жұмыртқалар жануар нәжісімен араласып сыртқа шығады. Паразиттің онан әрі өршуі үшін бұл жұмыртқалар суға түсуі шарт. Суда корацидий дейтін балапан құрт пайда болады. Оның формасы дөңгелек, сыртында түгі болады, осы түктің көмегімен суда жүзіп жүреді. Ондай балапан құрттар диоптомус деп аталатын су шаяндарының қорегіне айналады. Сөйтіп шаянның ішінде 2-3 аптада ұзынша келген процеркоиз құрттары өсіп-жетіледі. Ол шаяндарды балық жейді де паразит оның ішек, бауырына және етіне кіріп, плероцеркоидтқа айналады, сөйтіп әрі қарай тіршілігін жалғастыра береді.
Осы зақымдалған балықты тұздаған, шала піскен түрінде пайдаланс адамға ауру жұғады. Олардан 1-2 айда ұзындығы 10мм дейін жететін сақа паразит құрттары өсіп шығады.
Эпидемиологиясы. Дифиллобориоздың таспа құрты балықтың өтінен көп кездеседі. Сондықтан балықты сойғанд, оның етін, бауырын және жыныс бездерін өткір пышақпен кесіп, мұқият қарап шығу керек. Түсі ақ плероцеркоидтар мен бауырдағы паразиттер жай көзге де жақсы көрінеді. Сондай-ақ, балықтың осы айтылған органдарында дифиллоботриоздан басқа таспа құрттардың да ұсақ құртшалары кездеседі. Бұлар өзара ұқсас, сондықтан оларды тек микроскоп арқылы ажыратады. Лақа мен алабұғаның бауырында жиі кездесетін триенофорус деп аталатын таспа құрт дифиллоботриумға ұқсайды. Тек триенофорустың адамға зияны жоқ.
Патогенезі. Таспа құрт бірнеше жыл бойы ащы ішекті мекендейді. Аурудың көп тараған жерлерінде, адам ішіндегі құрттың саны көп болады. Адамның қаны заяды, арықтайды да ауру ұзаққа созылады.
Диагнозы. Дифиллоботриозды анықтау үшін ауырған жануарлардың қиларында құрттың сопақша келген жұмыртқасы бар-жоғын анықтайды. Оның ұзындығы 0,068-0,071мм, ені 0,045мм болады. Бір жағында ашылатын қалпақшасы бар.
Емі. Бұл ауруға қарсы асқабақтың дәні мен аталық қырыққұлақ шөбін береді. Ал ет қоекті хайуандардың ауырғанына қарсы ареколин мен филоксан дәрісін қолданады.
Сақтық шаралары. Ауруды зақымданған балықпен қатар мысық пен иттер де көп таратады. Сондықтан да оларға шикі, кепкен балықтарды бермеу керек. Бұл аурудың да адам денсаулығына да нұқсан келтіретіні жөнінде түсінік жұмыстарын үнемі жүргізу керек.
Санитарлық баға. Балықты 1-1,5 сағат қайнатқаннан кейін пайдалануға болады. Әдетте, мұндай құрт қайнатқан балық етінің қызуы 50-80 градусқа жеткенде өліп қалады. Жақсы тұздалған балық еті адамға онша қауіпті емес. Ал, нашар тұздалған балық еті адамға онша қауіпті емес. Ал, нашар тұздалған, шала піскен балық немесе шикі уылдырық адам үшін өте қауіпті екенін естен шығаруға болмайды. Сондықтан дифиллоботриозбен зақымдалған балықты суға салып, 30 минут бойына қайнатып пайдаланады немесе консерві жасайтын кәсіпорындарға жібереді, не болмаса ыстап кептіреді. Тоңазытқыштарда мұздатуға да болады, ол үшін зақымданған балықты салқындығы 8 градус жерде 7 тәулік, ал 12 градус жерде 3 тәулік ұстайды.
Диоктофимоз ауруын - диоктофима ренале деген жұмырт құрт қоздырады. Бұл құрт көбінесе бүйректе болады, кейде бауырдан да кездесіп қалады. Оған адам және ет қоректі жануарлар, ірі қара мен жылқы да шалдығады.
Диоктофима құртының ұзындығы 10 миллиметрден 400 миллиметрге дейін жетеді. Оның түсі қызыл, ауыз қуысында кішкене тіс сияқты бұдыры бар. Құрттың құйрық жағы жұмыр келеді және жыныс органдары да осы арада болады.
Өршуі. Паразиттің жұмыртқалары ауру жануарлардың несебімен сыртқа шығады да, суға түскен жағдайда онан әрі өршиді. Суға түскен жұмыртқаларды су құрты жұтып, оның ішінде балапан құрт өсіп шығады. Осындай құрттармен қоректенген балық ауыра бастайды. Егер аңдаусызда ондай балықты тағамға пайдаланған жағдайда паразиттің балапан құрттары ас қорыту жолымен қанға түседі де бүйрекке барып орналасады, бауырға да кіреді. Бүйрекке орналасқан паразит бірте-бірте семеді. Ақырында паразит бүйректі тесіп шығып, құрсақ қуысына түседі және кейде құрсақ қуысынан бүйрекке қайта кіреді.
Диагнозы. Жан-жануар несебімен паразит жұмыртқаларын анықтап алған соң онан нақты қорытынды жасайды.
Емі - хирургиялық операция жасау.
Санитарлық баға. Ауру балықты шикілей пайдалануға болмайды, суға салып бір сағат қайнату керек.
Гнасостоматоз. Гнасостоматидпен зақымданған балықты шикілей немесе шала піскен күйінде жеген адам ауруға шалдығады. Бұл ауру шошқаға да жұғуы мүмкін. Паразит адамның терісінің астында және көздің сыртқы мөлдір қабығында тіршілік етеді. Ауру қоздырғышы - ұзындығы 15 миллиметрден 160 миллиметрге дейін жететін жұмыр құрт.
2.2. Описторхоз - ішек құрт ауруы
Описторхоз (грек. opіsthen - артында, артқы және orchіs - аталық без, ен) - ішек құрт ауруы.[1] Аурудың қоздырғышы - ұзындығы 4 - 13 мм-дей жалпақ құрт описторхис. Денесінің алдыңғы бөлігінде екі сорғышы болады. Ересек құрт адамның, иттің, мысықтың, терісі бағалы аңдардың өт жолдарын, бауырын, ұйқы безін зақымдап, нәжіс арқылы сыртқы ортаға (суға) түскен құрт жұмыртқаларын моллюскалар жұтады. Олардың денесінде құйрықты дернәсілдер (церкариялар) дамиды. Моллюскалардан шыққан церкариялар балықтардың денесіне еніп, олардың тері астында не бұлшық ет қабаттарында тіршілік етеді. Адамдарға аз тұздалған, дұрыс ысталмаған не шикі балық етін жегенде жұғады. Аурудың жасырын кезеңі 2 - 4 аптаға созылады. Содан кейін жедел түріне өтеді. Бұл кезде науқастың температурасы көтеріліп, басы, бұлшық еттері ауырып, буыны сырқырайды, терісінде қышыма бөртпе пайда болады. Ауру асқынып, созылмалы түріне өткенде, науқастың оң жақ қабырғасының астында ауырсыну пайда болып, бауыр және өт қалтасы үлкейеді. Ас қорытуы бұзылып, лоқсиды. Егер дер кезінде ем қолданылмаса, әр түрлі асқынулар дамиды. Мысалы, іріңді холангит, перитонит, жедел панкреатит, т.б. Ауруға диагноз лабораторияда қойылады. Алдын ала жүргізілетін шаралар: балық етін дұрыс өңдеп, пісіру; эпидемия шыққан жерде дұрыс санпединстанциялық-ағарту жұмыстарын жүргізу. Емі: празиквантил препаратын қабылдау.
Балық көптеген минералды заттар мен витаминдері бай бағалы тағам өнімі екені бәрімізге белгілі. Бірақ сонымен қатар, балық арқылы адам денсаулығына қауіпті ауруларды да жұқтыруға болады. Балықты жеген кезде тағамнан уланудан басқа описторхоз бен дифиллоботриоз ауруын жұқтырып алу қаупі бар.
Описторхо́з (лат. opisthorchiasis) - Opisthorchis түрінің жалпақ құрттары қоздыратын ауру. Ауру бауыр мен асқазан асты бездерін зақымдаумен сипатталады.
Кейбір сорғыштардың еркін жүзетін церкарияларының тіршілік циклының мынадай ерекшеліктері болады. Сорғыштардың көпшілік түрінің церкариялары екінші аралық иесінің денесіне түсуі керек. Бұл көптеген жәндіктердің, мысалы, су насекомдарының, моллюскалардың, балықтардың, бақалардың личинкалары болуы мүмкін. Стилет арқылы церкария иесінің жамылғысын жаралап, сол жерге өткізгіш безінің секреттерін құяды. Церкария құйрығы мен стилетін тастап, жіңішке мөлдір қабатпен қапталады да циста түзейді. Сол күйі метацеркария деп аталады және дамудың бұл сатысы тыныштық сатысы. Егер екінші аралық иесін қандай да бір ірі омыртқалы жануар қорек етсе, метацеркарий оның ішегінде қабырғасынан босап, гермафродитті особъқа айналып, дамуын аяқтайды. Омыртқалы жануар соңғы иесі болып келеді.
Сонымен, сорғыштардың жоғарыда келтірілген даму циклдарында ұрпақтарын ауыстырып отыру жолдары байқалады, яғни бір ұрпақ ұрықтанған жұмыртқадан дамыса (мирацидиялар), келесі ұрпағы ұрықтанбаған жұмыртқадан (партеногенез жолымен) дамып, кезектесіп отырады. Осындай даму процесін - гетерогония деп атайды. Сорғыштардың дамуына гетерогония тән.
Трематодтардың физиологиясы. Трематодтардың тіршілік циклында тіршілік ету ортасы мен паразиттік және еркін жүзетін сатыларының алмасып отыруы байқалады. Мысалы, мирацидиялар - церкариялар суда жүзіп жүрсе, сонымен қатар спороциста, редия, мариталар паразиттік тіршілік етеді. Бұл ерекшеліктері олардың физиологиясына да әсер еткен. Трематодтардың әр түрлі ұрпақтарының қоректенуі де әртүрлі. Омыртқалы жануарлардың паразиттері - мариталар өз иесінің ішегіндегі заттарымен немесе иесінің қанымен қоректенеді. Қоректену қорыту процесінде - ішкі клеткалық қорыту маңызды орын алады. Моллюска бауырының паразиті - редиялар, олар бауыр тканімен қоректенеді. Моллюска бауырында тіршілік ететін спороцисталардың қоректену әдісі ерекше. Бұл паразиттердің ішегі болмағандықтан, иесінің бауыр тканьдерін ерітетін ас қорыту ферменттерін дене жамылғысы арқылы бөліп шығарады. Қорытылған асты құрт бүкіл денесі арқылы сорып алады. Бұл процестің ауқымын ұлғайтатын тегументтің көптеген цитоплазма өсінділері микроворсинкалар. Еркін мирацидия мен церкариялар тіршілік ететін личинкалар эмбриональдік даму кезінде жиналған қор затымен қоректенеді. Қор затының молдығы қанша болса, личинкалардың тіршілік ету ұзақтығы да сонша. Мысалы, сорғыштардың личинкасы - мирацидиц 48-60 сағат қана өмір сүреді. Осы уақытта ол өз аралық иесін - ұлуды тауып, оның денесіне енуі тиіс.
Трематодтардың тіршілік циклінің әр түрлі сатыларында зат алмасу да сан алуан. Еркін тіршілік ететін личинкалар суда еріген оттегіні бүкіл денесі арқылы сорып, тыныс алады. Трематодтардың паразиттік ұрпақтары мен ересек особьтарына иесінің ішкі мүшелерінде оттегі өте аз болғандықтан, көбіне тіршілік етуі қолайсыз болады. Бұл жағдайларда паразиттер анаэробты тыныс алу жолына көшеді. Энергия қызметін гликоген атқарады. Гликогеннің анаэробты ыдырауына байланысты күрделі биохимиялы айналымдар жүріп жатады. Бұл алмасу әдісі энергетикалық жағынан тиімсіз болғандықтан гликогенді көп қажет етеді. Соған қарамастан, паразиттер анаэробты процестер арқылы өмір сүре алады, себебі олар үшін иесінің организмі - гликогеннің таусылмас қоры.
Классификациясы. Сорғыштар класы екі класс тармағына бөлінеді.
Дигенетикалық сорғыштар немесе қосезулер класс тармағы - Digenea.
Бұлардың өкілдері екі сорғышымен, иелерін ауыстыруымен және ұрпақтары кезектесіп, күрделі дамуымен ерекше. Класс тармағы көлемінде өте көп түрлері дамуымен ерекше. Класс тармағы көлемінде өте көп түрлері балықтардың ішкі паразиттері. Олар Janguinicola, Diplostomum, Posthodiplostomum, Tetracotyle туысының өкілдері.
Балықтардан адамға, мысықтарға, иттерге описторхоз деген ауру жұғады.
Описторхоз табиғи ошақты ауру. Описторхоздың ең үлкен эндемиялық аумағы Батыс Сібірде орналасқан (Оба, Ертіс өзендерінің қоймасы).
Гельминттің ұялайтыны - тұқы тұқымдас балықтар: аққайран, шабақ, торта, қара балық, қызылқанат, сазан, табан, ақмарқа.
Ауру көзі науқас адам, сондай-ақ ит, мысық, түлкі, ақ түлкі, күзен және тағы басқа жыртқыш жануарлар болып табылады.
Жұқтыру механизмі - ауыз арқылы, адамдар дұрыс термиялық өңделмеген, зақымдалған балықты жегеннен кейін ауырады.
Қазақстанда описторхоз ошақтары өте кең, олардың көп бөлігінде қоздырғыштарды жабайы жануарлар таратады, адамға ауру ошағында болған кезде жұғады. Қазақстанда описторхоздың негізгі ошақтары келесі өзендер бойында орналасқан: Павлодар және Қарағанды облыстарындағы Шідертіде; Павлодар облысындағы Селетіде; Қарағанды және Ақмола облыстарында Нұра өзенінде. Описторхоздың үлкен ошағы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан (Ертіс өзені бассейнінде).
Астана қаласында соңғы 3 жыл ішінде аурудың төмендегені байқалады 2010 ж. - 211 жағдай; 2011 ж. - 187 жағдай; 2012 ж. - 105 жағдай.
Аурудың алдын-алу мақсатында тамаққа тек жақсылап пісірілген, қуырылған және тұздалған түрінде қолдану қажет. Балықтың тілімдерін 20 минуттан кем емес уақыт қайнатып, 15 -20 минуттай қуыру керек.
Паразиттің ары қарай таралуын болдырмау мақсатында су қоймалары мен қоқыс тастайтын жерлерге балық өнімдерінің қалдықтарын тастамауға, сонымен қатар жануарларға алдын-ала залалсыздандырып беру қажет.
Көктем мен жазда уылдырық шашатын кезде балық өнімдерін сату көбейеді. Бұл балық өнімдерін сақтау және сату үшін жағдайы жоқ апатты сату нүктелерінің пайда болуына әкеліп соғады, яғни сауда жасауға рұқсаты жоқ тұлғалар жүргізетіндіктен, описторхозды жұқтыру қаупі ұлғаяды.
2.3. Описторхоздың алдын алу
Описторхоз - бұл құрттардың ішінде биогелминтоз тобына жатады. Бірақ алдын ала қортынды жасауға асықпаңыз, өйткені бұл құрттан оңай құтылу мүмкін емес. Егер ауруды аяғына дейін емдемесе, асқынуға әкеп соқтырады.Адам ағзасында мысық қосмұрты деп аталатын құрттың ең сүйікті жері болып өт, бауыр жолдары, ұйқы безі саналады. Тіршілік қарекетінің өнімдері токсиндердің жиналуына әсер етеді, нәтижесінде теріде бөртпе және қышу түріндегі аллергиялық құбылыстар пайда болады. Құрттың орналасқан жерінде мүшелердің қысылуы, тіндердің қажалуы қатерлі ісіктің пайда болуына әкелуі мүмкін. Холецистит, панкреатиттің клиникалық белгілері - оң жақ бүйір, мүмкін сол жақ, немесе жауырынның ауыруы, жүрек айну, құсу, ал описторхоздың жіті кезеңінде бұлшық ет ауруы, аллергиялық құбылыстар түрінде білінеді. Описторхоздың нақты диагнозы нәжісте немесе өтте гелминт жұмыртқаларын табу арқылы расталады. Өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды, міндетті түрде ауруханада ем алған дұрыс.
Адам ауруды қалай жұқтырады! Құрт, дәрнәсілдер түрінде тұқы тұқымдас балықтар - аққайран, табан, қаракөз, қылышбалық, торта және басқаларында тіршілік етеді. Және де құрт балықтардың жыртқыш тұқымында болмайды ( шортан, көксерке). Дәрнәсілдері зиянсызданып үлгермеген, жеткіліксіз қуырылған немесе тұздалған балықты пайдалану арқылы тек қана адам ғана емес, тамақ рационында шикі балық бар жануарлар да - мысықтар, иттер, түлкілер және т.б. жұқтырады. Адам немесе жануарлар ағзасында дәрнәсілдер ұзындығы 0,5-1см дейін жыныстық жетіледі. Зақымдалған балықты қолданғаннан кейін 3-5 ай откен соң, ауру қоздырғыштары нәжіспен сыртқы қоршаған ортаға - тұщы сулы тоғандарға, яғни Жайық өзені мен оның тоғандарына түседі. Описторхоздың басты тасымалдаушысы болып науқас адам немесе жануарлар саналады. Сондықтан, описторхоздың ең басты алдын ала сақтандыру шаралары болып, тоғандарды фекалдық ластанудан сақтау, әсіресе, көктемгі су көтерілу кезінде, өзен жағасындағы қоқыстарды, әжетханаларды су шайған кезде. Өзендер тіпті қыста да, көп қар жауған кезде де ластанады, өйткені қалалық жаяусоқпақтарды тазартқан кезде қарды өзен қойнауларына лақтырады.
Описторхозды жұқтырмау үшін бірінші кезекте балық және балық өнімдерін өңдеуде асшеберлік ережелерді мұқият сақтау қажет. Балықты қатты тұздықта 2-3 апта бойына тұздау, балықты 20 минуттан кем емес қуыру, пісіру. Есте саңтаңыздар! Суық ыстау немесе қақтау дәрнәсілдерді өлтірмейді. Тек қана 70-80о ыстық қақтау, 2,5 сағат ішінде қауіпті дәрнәсілдері жоюды қамтамасыз етеді.
2.4. Описторхоз инвазиясын зерттеу әдістері
Қазіргі таңда Қазақстанның көптеген аймақтарында антропозоонозды гельминтті аурулардың таралуына байланысты олармен күресу шаралары Денсаулық сақтау және Ветеринария саласында маңызды орын алуда. Соңғы жылдардағы ғылыми еңбектер мен есептер, көптеген паразитарлық аурулар-дың эпизоотиялық және эпидемиялық жағдайлары, соның ішінде описторхоз, эхинококкоз, аскаридоз, токсакароз, трихинеллез және т.б. дәлелі бола алады.
Бұл гельминтоздар бүкіл адамзатқа елеулі шығын әкелуде. Оған тек адам денсаулығы мен жануарлар ағзасына тигізіп отырған зардаптың әсері ғана емес, сонымен қатар, әлемдік қауымдастықтың осы гельминтоздардан сауық-тыру мен сақтандыруға жұмсап отырған экономикалық шығындары да аз емес.
Адам мен жануарларға қауіпті болып табылатын көптеген гельминт-тердің негізгі иесі - ит, мысық, ал қосымша (аралық) иесі - тұқы тұқымдас балықтар болғандықтан, халық денсаулығына үлкен қауіп төнуде. Бұл қауіп бұралқы ит, мысықтардың көптігіне және адамдардың азықтану рационындағы балық пен балық өнімдеріне сұранысына, балық аулауға әуесқой адамдардың көбеюіне байланысты.
Елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, көпшіліктің гигиеналық тазалық сақтау мәдениеті, қоршаған ортаның жыл өткен сайын ластану салдарынан әртүрлі жұқпалы кеселдер бас көтеріп, жануарлардан жұғатын инфекциялық, паразитарлық аурулар халық арасында жиі кездесіп отырғаны мәлім. Мұндай паразитарлық аурулардың бірі - описторхоз.
Адамның қатерлі ауруы описторхоздың қоздырғышы - Opisthorсhis felineus-тің ареалы Қазақстан Республикасының шығыс шекарасынан батысына дейін үзіліссіз жалғасады, соның ішінде
Батыс Қазақстан облысын да қамтиды [5]. Opisthorсhis felineus-тің тұрақты (соңғы) иесі - ит, түлкі, көгілдір түлкі, бұлын, қара күзен, жабайы шошқа және адам, аралық иесі - тұщы суда ұлуы Codiella (Bithynia leachi) және қосымша (екінші аралық) иесі - тұқы тұқымдас балықтар (аққайран, таран, торта, табан, қияз, т.б.).
Қазіргі кезде описторхоздың ошақтарын, берілу жолдарын және тара-луын анықтау, эпидемиологиялық және эпизоотологиялық маңыздылығына баға беру, алдын алу шараларын жүргізу және диагностика үшін Opisthorсhis felineus-тің биологиясын, даму циклін зерттеу әдістерін білуді қажет етеді.
Зерттеу әдістемесі: гельминтоовоскопиялық (гельминт жұмыртқа-ларын жануар қиынан табу әдісі), гельминтокопрологиялық (жануар қиынан гельминт жұмыртқасын және дернәсілін табу арқылы балау), компрессорлық, описторхоз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz