Орта кезеңде ағылшын тілін грамматикалық аспектісін оқытудағы ережелердің рөлі



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Шетел тілдері кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Орта кезеңде ағылшын тілін грамматикалық аспектісін оқытудағы ережелердің рөлі

Орындаған:

Тексерген:

Орал - 2017 ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Ағылшын тілі сабақтарында грамматиканы оқыту тәсілдері
1.1 Ағылшын тілі сабағында оқытудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Ағылшын тілін үйретуде грамматикалық дағдыны қалыптастыру ... ... ... 10
2. Ағылшын тілі сабақтарында грамматиканы оқытудағы
ережелердің рөлі
2.1. Орта кезеңде ағылшын тілі грамматикалық дағдылардың қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Ағылшын тілінде грамматикалық аспектілерін оқыту ережелері ... ... ... ..18
2.3 Ағылшын тілін ана тілі негізінде салыстыра оқытудың маңызы ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Кіріспе
Қоғамның дамуының қазіргі кезеңі, елімізде болып жатқан түрлі өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруды талап етеді. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі - білім беру жүйесінде оқыту үдерісін технологияландыру. Осыған орай педагогикалық үдеріске қатысты әртүрлі технологиялар жасалып білім беру жүйесінің құрылымдарына кеңінен енуде.
Зерттеу өзектілігі. Шетел тілдерін оқу пәні ретінде оқыту кеңестік кезеңнен бастап алғанымен негізінен орта мектепте жүзеге асырылған. Осы бағытта көптеген педагог- ғалымдардың еңбектері (Пассов Е.И., Старков А.П., Комков И.В., Гез Н.И., Рогова Г.В., Рахманов И.В., Маркова Т.В. т.б.) жарық көрді. Олардың негізгі мазмұны мектепте шетел тілдерін оқытудың мазмұнын анықтау, оқытудың әдістемесін нақтылау, оқытуды жетілдіру, т.б. бағыттарды жүзеге асырды.
Біздің зерттеу жұмысымыз үшін болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерін даярлау мәселесін басқа да бірқатар пән мұғалімдерін даярлаудың жалпы педагогикалық мәселелерінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Сондықтан, біз зерттеу мәселеміздің өзектілігін анықтауда С.И.Архангельский, О.А.Абдуллина, Ф.Н.Гоноболин, Э.А.Гришин, Т.А.Ильина, Н.В.Кузьмина, И.Т.Огородников, В.А.Сластенин, Н.Д.Хмель, А.И.Щербаков және т.б. ізденіс нәтижелерінің үлкен маңызы бар. Болашақ мұғалімдерді даярлаудың сала бойынша мәселесімен көптеген ғалымдар (Г.К.Ахметова, Б.А.Әлмуханбетов, У.Н.Нишаналиев, В.И.Гусев, т.б.) шұғылданған.
Тілдің грамматикалық жүйесін оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, сабақ барысында таным процесінің белгілі әдістерін (даралау жинақтау, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бару, салыстыру) міндетті түрде есте сақтау қажет. Яғни балалардың таным процесі ең алдымен жеке фактілерді жинақтауға, содан соң жинақталған мағүлматта пайдаланып тілдік фактілерді даралауға қарай бағытталады екен. Бұдан шығатын қорытынды: жаңа грамматикалық ұғым туралы түсінік берген кезде мұғалім балалар танымының жалқыдан жалпыға қарай бару қызметіне сүйеніп, тілдік фактілерді байқату және бір-бірімен салықтыру арқылы әлгі белігелерді жинақтауға ұмтылады. Ал грамматикалық ұғымды тиісті дәрежеде түсініп болған соң, олардың ой қабілетінің жалпыдан жалқыға қарай бару қызметіне сүйеніп, қабілданған мағлұматты тілдің, сөздердің жеке белгілерін ажырату мақсатында пайдалана білуге үйрету қажет. Бастауыш класс оқушыларының ойлау қызметінің осындай психо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Курс жұмысының мақсаты - орта кезеңде ағылшын тілінің грамматикалық аспектілерін оқытудағы ережелердің рөлін анықтау, ағылшын тілі сабақтарында грамматиканы оқытудың теориялық мәселелерін зерттеу.
Курс жұмысының міндеттері:
-Ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктеріне;
- Ағылшын тілінде тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістеріне сипаттам беру;
- орта кезеңде ағылшын тілінің грамматикалық аспектілерін оқытудағы ережелерге сипаттама беру;
-Грамматикалық материалды ағылшын тілі сабағы барысында түсіндіру барысына сипаттама жасау.
Курс жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Ағылшын тілі сабақтарында грамматиканы оқыту тәсілдері
1.1 Ағылшын тілі сабағында оқытудың тиімді жолдары
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде.
Инновациялық технологиялардың көптігіне, олардың түрі мен әдістерінің сан - салалағына қарамастан, әр технологияның элементтері өзара бір - бірімен байланысып кірігеді.
Ағылшын тілі сабақтарында компьютермен жұмыс істеу де ерекше орын алады. Қазіргі таңдағы техникалық оқыту құралдары - телефон, телевизор, магнитофон, мультимедиялық кабинет арқылы оқыту тілдерді меңгерту қызметіне жаңаша қарауды, бұл бағытта қол жеткізген табыстарымызды сын көзбен қарап, саралап ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізуді қажет етеді.
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім - жолы қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігімен қабілеттілігінің бірлігі.
Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін- деді.
Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Ағылшын тілі н үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту ағылшын тілі н үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Ағылшын тілі н оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Ағылшын тілі н оқытудағы білімділік мақсаты - ағылшын тілі нде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.
Ұстаз шеберлігінің өзегі - тіл байлығымызды дәлірек айтсақ, ойды жүйелеуге қажет сөздік қорының деңгейімен және сөйлеу мәдениетіміз бен сабақтас екендігін байқар едік. Ол үшін ұстаз біріншіден, өзі еркін білетін тілде дәріс беру шарт. Екінші шарт - шәкірт түсінікті тілде сабақ алуы қажет. Демек түсінікті тілде білім беру кәсіби біліктілікті қалыптастырудың қағидалық аксиомасы екендігін әр кез басшылыққа алуға тиістіміз. Шетел тілдері сөздерінің мағынасын түсіндіру мәселесі туралы ғалымдар пікірі 2 топқа бөлінеді.
Бірі ана тілін мүлде қолданбау керек(И. Е. Аничков), олар ағылшын тілі н оқытуды ана тіліне сүйеніп, ағылшын тілі нде сөйлеу дағдыларына нұқсан келтіреді десе, енді біреулері (Л. В. Щерба, Т. Ф. Лапангова) керісінше ана тілінің интерференциясын азайтуға болатынын дәлелдеген. Ағылшын тілі н меңгеру дағдысын қалыптастыруда ана тілін мүлде аластау арқылы емес, ана тілінің интервенциялық ықпалы арнайы әдіс - тәсілдердің көмегі мен жеңген дұрыс, деген пікір айтады. Ағылшын тілін үйрету мынадай тіл дамыту жұмыстары бойынша жүзеге асады. 1. Лексикалық жұмыс.
2. Граматикалық жұмыс.
3. Фонеткалық жұмыс.
Тілді меңгеруде ең маңыздысы - лексика. Басқа білім салаларының ішінде лексиканың бірінші орын алу себебі мынада кейбір сөйлеушінің сөзінде граматикалық қателер кездескенімен адамдар арасында қатынас болуы мүмкін. Айтушының не айтқысы келгенін тыңдаушы түсінеді. Лексиканы меңгеру үшін түрлі әдіс - тәсілдер пайдаланылады. Нақты мағыналы сөздерді суреттер, зат, макет арқылы түсіндірген жөн. Абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіру үшін аударманы қолдану және тіл көрнекілігі арқылы түсіндіру қажет. Ал тіл көрнекілігі дегеніміз - сөздің мағынасын контекст арқылы, синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас бөліктерін талдау арқылы түсіндіру. Контексттерде грамматикалық құрылым, ондағы жаңа сөзбен басқа сөздердің барлығы оқушыларға бұрыннан таныс болуы қажет. Сонда оқушының назары жаңа сөздерге аударылады.
Яғни граматикалық материалды түсіндіруде қазақша мысал келтіріп, берілген мысалды ағылшынға аударып, екі тілдегі ұқсастық пен айырмашылықтарға тоқталамын. Содан кейін ағылшын тілінде жасалу жолын(ерекшелігін түсіндіріп өтетін граматикалық материалды бекіту үшін, практикалық жаттығулар көп жасалу керек, мүмкін болса, көбіне оқушылардың өз өміріне байланысты мысалдар келтірген жөн. Оқушыларды міндетті түрде сұрақ қоюға, сұраққа жауап беруге үйрету керек, бірақ ол жаттанды түрде болмауы тиіс. Әсіресе, төменгі сынып оқушыларына сұрақ қою кезінде өзімнің қолданатын әдісіме тоқтала кетейін:
Who? What do(ing)? Where? When?
Мысал: The children are playing in the yard now. - деген сөйлемді алатын болсақ, сөйлемдегі әр сөзге қойылатын арнаулы сұрақтарын анықтап алған жөн. Сонда оқушылар сөйлемдегі артикльдің, жалғаудың көмекші етістіктің орнын ауыстырып алмайды. Қысқасы, грамматикалық материалды өткенде, негізінен, ана тілімен салыстыра түсіндірген тиімді, оның ана тіліндегі біліміне сүйенген жөн. Оқушы бұл тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жете білгенде ғана, ол тілді дұрыс та, тез игере алады. Демек ағылшын тілі н оқыту барысында оқушыларды тілдік материалмен таныстырып қана қою жеткіліксіз, оларға оның қалай қолданылатынын көрсетіп, дұрыс айтуға, жазуға, оқуға дағдыландырып төселдіру керек. Ол үшін мен оқушыларға фонетикалық жаттығулар жасатамын. Фонетикалық материалды меңгерту үшін, фонетикалық дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру үшін жаңылтпаштар, тақпақтар, өлеңдер жаттатамын. Алғашқы кезде кейбір ұқсастау дыбыстардың айтылуына мән беремін Мысалы, know - білу. now - қазір mouth - ауыз. mouse - тышқан. Т. б
Қазақстан Республикасының Білім туралызаңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттемелері атап көрсетілген. Соның бірі - білім беру жүйесіне оқытудың жаңа технологиясын енгізу. Осы бағытта оқушылардың ой - өрісі мен дүние танымын кеңейтіп, білім аясының мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқытудың ықпалы зор. Мен өз тәжірибем арқылы сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қарай топтап оқытудың нәтижелі болатындығына, балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетініне анық көзім жетіп келеді. Ол үшін сыныптағы оқушыларды білім дәрежесіне қарай 3 топқа бөлемін. Яғни білім толық беске оқитындар - үздік топ, екінші топ - төрттіктер, үшінші топ - үштіктер.
Топқа бөлмес бұрын оқушылардың білім дәрежесі қалай бағалануы керек екендігін түсіндіремін. Яғни 5бағасын алатын оқушылар өз бетінше ізденіп, оқулық пен қатар қосымша әдебиеттер мен жұмыс істеуі керек, ал төрттіктер газет, журнал материалдары мен өз білімін ұштастыра отырып оқулықпен сабақтастыруы шарт, ал оқулық материалын толық меңгеріп, ойын толық жеткізуге шамасы келмесе, қосымша материалдармен ұштастыра алмаса, онда ол оқушы үштіктер тобына кіреді.
Мұндай саралап оқытудың көп пайдасы бар. Әр бала қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді. Әрбір топтағы бала білуге құмарта түседі, төменгі топтар жоғары топқа өтуге, жоғарғы топ төменгі топқа түсіп қалмауға талпынады. Топқа бөлу кезінде менің оқушыларым алғашқыда өз еркімен бөлінді. Сонан соң оларға білім дәрежесін тексертетін сайыс ұйымдастырдым. Ең жоғары балл алғандар - І, онан төмен жинағандар ІІ және ІІІ топқа кіргізілді. Әр топтың өз басшысы болады, олардың қолында баға қойылатын өз журналы да болады. Ол әр топтағы оқушының білім дәрежесін, әр сабаққа дайындығын көрсететін айна іспетті. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттеріне қызметтеріне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне дарындылық қасиеттерінің ашылуына толық жағдай жасалады. Әр оқушы ұстаздың басқаруы мен дұрыс тапсырмаларды + белгісімен өзі белгілеп отырады. Оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды. Оларды толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшеді. Бұл оқушылар арасында белсенділік туғызады және оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді.

1.2 Ағылшын тілін үйретуде грамматикалық дағдыны қалыптастыру
Ағылшын тілін толық меңгеру үшін алдымен ағылшын тілінің грамматикасын білу қажет.Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер , олардың барлығының жиынтығы -- лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі -- фонетика саласында, сөздердің формалары- морфология, ал сөз тіркестерімен сөйлем - синтаксис саласында қарастырылады.
Грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі.
Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі.
Сөздердің грамматикалық мағынасымeн грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста,бірлікте болады.Мысалы,Beautiful, good,bad деген сөздер заттың сапасын,соған тән бөлігін білдіреді.Грамматикалық жағынан қарағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдары білдіреді де,сын есімге жатады.Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарын арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып,бір-бірін нақтылай,саралап айқындай түсетіндей әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматиканың методикасы белгілейді. Мұнда грамматиканың методикасы психология ғылымының деректеріне сүйенеді.
Дидактика талабының бірі оқытудың саналығы, яғни оқушылардың сабаққа саналы түрде қарауы, материалды саналы меңгеруі болып табылады. Бұл үшін мұғалім балаларды қызықтырып, өзіне тартып, өз ойының барасын байқауға, бақылауға, салыстыруға, бірі мен екіншісінің арасындағы ұқсастықтар мне айырмашылықтарды табуға, қорытынды жасауға ,жалпылауға үйретуі тиіс.
Оқытудың міндеті жаңа тақырыпты түсіндіруді қамтамассыз етіп қою ғана емес, сонымен қатар негізгі фактлерді, анықтамаларды, ережелерді балалардың есінде берік сақтап, тұрақтандыру дағдыларын қалыптастыру болып саналады Түсінбей, ұғынбай, құр механикалық жаттап алған нәрсе ұзақ сақталмайды және оны практикада қолдана алмайды. Ендеше ол іске аспайтын құрғақ пайдасы шамалы білім болып қалады.
Дидактиканың күрделі бір шарты мектептегі оқытудың жүйелілігі мен сабақтастығы. Заттар мен құбылыстарды анық түсіну үшін оны басқа заттармен байланыстырып қарау керек, яғни бөліп алып қарамай, басқа заттар мен құбылыстардың системасында қарастырған жөн.
Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан- жақты жетілдіру және тәрбиелеу, шеберлік және дағдымен қаруландыра түсу болып саналады.
Дағды мен шеберлік әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балалардың алдарына белгілі бір мақсат қойып, соған жету жолдарын қарастырады; күрделі жүмыстарды бөлшектей отырып, қандай да болмасын бір әрекетті орындаудың тәселдерін көрсетеді.балалар мұғалімнің тапсырмасын орындау барасында оның айтқан, көрсеткен тәсілдерін шеберлікпен қолдануға үйренеді, дағдылана түседі.
Материалды түсіндіруде мұғалім өтіліп отырған құбылысты мәнді белгілері анық, жүйелі ашып, көрсетуге тырысады. Дайын материалдар (мысалы, жеке сөздер: table, zoo, door, blackboard) беріліп бақылау әріптеріне басшылық ете отырып,бірте-бірте қорытындыны балалардың өздері шығаруына жағдай жасайды.Мұнда мұғалім бұрыннан алған білімдерді қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды т.с.с.тәсілдер арқылы балаларды жаңа материялға белсенді араластырып отырыды.
Өздігінен жұмыс істеу тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де қолданылады. Мысылы, мұғалім оқулықтан тиісті материалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытылуға болатынын ойлануды тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады. Негізінде ағылшын тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығыда оқушыларға өздігінен жұмыс жасатуды көздейді.
Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға оқушылардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік және дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде (индуктивтік жағдайда) тіл құбылыстарын жеке-жеке тусіндіріп, соған жалпы қорытынды шығартады;бұл жолдан қолданылған әдісиндуктивтік деп аталады. Ал екінші жағдайда (дедуктивтік әдісте) анықтаманы не ережені хабарлап, сонан соң оны нақты материялға қолдану (берілген сөздерді, сөйлемдерді немесе тексті талдауды) ұсынады, өздеріне мысал келтіртеді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмсыта қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс диазретімен өтіледі.
Ағылшын тілі сабағының қай -- қайсысында бомасын үй тапсырмасын тексеру, бұрын оқылған материалды қайталау, жаңа сабақтың тақырыбымен мақсатын айту және жаңа материалды түсіндіру, алуан түрлі жаттығу жұмыстарын, оқушышардың өз беттерімен орындайтын жаттығулары, үйге тапсырма беру, сабақты қорыту сияқты жұмыстар іске асырылады. Сабақтың мұндай түрі біріккен сабақ деп аталады. Сабақтың кең тараған түрі осы біріккен сабақ болғаннықтан тоқталып өтелік.
Біріккен сабақтың әр бөлігі өзара жымдасып, қабысып, жүиелі бір тұтас сабақ болып өтеді.Мұғлім сабақтың тақырыбы мен мақсатын анық түсіндіреді,сабаққа қажетті материал алдын -ала іріктеліп жан-жақты толық дайыдалады,сабақтың жоспары да алдын ала дайындалады.
Жаңа материал мұғалімнің түсіндіру әдісі арқылыда, әңгіме әдісі арқылы да өткізіле береді. әңгімелесу барысында сұрақ -- жауап қолданылады.
Жаңа материал оқушылардың санасына байқау, түсіндіру, грамматикалық талдау, кітапты пайдалану, әңгіме т.с.с әдістер арқылы жеткізіледі. Бұл әдістердің қашан қолданылатыны материалдың ерекшелігіне, көлеміне және сабақтың мақсатына байланысты. Жаңа материалды түсіндіру сабағында оны бекітуге арнайы уақыт бөлінбейді.
Кейбір жағдайларда, әсіресе белгілі бір үлкен тақырыпты аяқтаған кездерде оқушылардың өтілген материалдардан алған білімі мен дағдысын есепке алу сабағы жүргізіледі. Бұл сабақтар, бір жағынан оқушылардың білімін тексеруді көздесе, екінші жағынан, өтілген материалды қайталау, қорытындылау мақсатында ұйымдастырылады. Мұнда оқушылардың алған білімі мен дағдысы және шеберлігі ауызша да, жазбаша да тексеріледі. Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгенмен, жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын жүргізу арқылы олардың дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына тасымалдай алатын жаттығу әдістерін білуге тиіс Грамматикалық жаттығулар фонетикалық, морфологиялық, синтаксистық және лексикалық болып бөлінеді.
Фонетикалық жаттығулардың міндеті -- балалардың айтылған буындар мен дыбыстардыжақсы айыра алуын және оларды балалар дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.
Морфологиялық жаттығулардың мақсаты -тілдің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады:
1) сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар
2) сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.
Синтаксистік жаттығуларға әдетте пукнтуациалық жаттығулар да қосылады:текстегі қойылған тыныс белгілерін қою,өздері қарастырған сөйлемдер мен текстерге қажетті тыныс белгілерін қойып, түсіндіру.
Лексикалық жаттығулармен жұмыс істеген кезде балалар әдетте сөздіктерді пайдаланады. Олар көптеген текстерді аударады және де басқа жаттығулар орындайды.
Грамматикалық дағдыны қалыптастыруда көрнекі құралдардың алатын орны зор. Мұғалімнің оқыту процесіндегі міндеті -- балалардың анық есітіп, қабылдауы мен сөйлеу қабілетін дамыту. Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді, жолдастарының сөйлгенін есітіп, қабылдайды.
Ендеше көрнекілік деген ұғым сөздерді анық айтуды да, мәнерлеп оқуды да, мысалдар іріктеуді де, тақтадағы, таблицалардағы, дәптерлердегі жазуды қамтиды.
Әдетте көрнекілік деп графикалық немесе көзге көрінетін құралдарды қолдануды түсінеді. Мұнда қажетті әріптер немесе тұлғалар, сөздер, сөйлемдер басқа түспен жазылады,асты сызылады. Кейде тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазылғандар да бөліп көрсетіледі. Кейбір сөздердің айтылуы бірдей ал аудармасы және жазылуы әр түрлі болады. Оқушылар таблицаға қарап, соған ұқсас және ұқсас емес құбылыстарды салыстырып, олардың ара қатынастарын анықтай алатындай болуға тиіс, өздерінің бақылағандарынан қорытынды шығарып, белгілі бір ереже жөнінде ұғым алулары қажет.
Көрнекі құрал ретінде қандай да болмасын грамматикалық және орфографиялық құбылыстарды көрсететін схемалар да қолданылады. Мысалы:
full
Use less
еd
Мұнда оқушылар жұрнақтардың:
1) алуан түрлі болатындығы,
2) түбірден кейін тұратындығымен,
3) жаңа сөз жасайтын қасиетімен танысады.
Мұғалімдер көрнекі құралдарды өздері жасағанда мынандай талаптарды ескеруге тиіс:
1) таблицаларда грамматикалық материал шамадан тыс көп берілмеуі керек.
2) оқулықтарда бар ережелер мен анықтамаларды, сондай-ақ текстерді таблицаларда берудің қажеті жоқ.
3) таблицаларда қажетті тұлғада берілген сөздерден басқа, іріктеп алынған мысалдар беруге болады.
4) таблицаның көмегімен үйретілетін сөз, буын, әріп таблицада бөлініп, ұқсастықтары немесе ерекшеліктері басқа бір элементпен салыстырыла, көрсетілуге тиіс.
5) оқылып отырған грамматикалық немесе орфографиялық құбылыс таблица мазмұнында тасада қалып қоймауы жағына мұқият назар аударған жөн.
6) әріптерді, буындарды, морфемалар мен сөздерді графикалық жағынан бөліп көрсетудің көптеген тәсілдерін қолдана беруге болады. Мысалы, сөз құрамын дефиспен бөлу, астын сызу, басқа түспен, басқа шрифтімен көрсету.
Сабақтың әр минутын үнемдеп пайдалану қажет. Ол үшін сабаққа алдын ала жүйелі жоспар жасалады, түрлі керекті жабдықтар дайындалады.

2. Ағылшын тілі сабақтарында грамматиканы оқытудағы
ережелердің рөлі
2.1. Орта кезеңде ағылшын тілі грамматикалық дағдылардың қалыптасуы
Грамматика жағынан жаттығуларды ұйымдастыру барысында мұғалімнің материалға, оның қиыншылықтарына қарай, әртүрлі жағдайда қараған жөн. Жаттығу кәдімгі қайта өңдеуден бастау алады. Қайта өңдеу тілдік бірліктің хор ретінде айтылуы негізінде жүзеге асады. Хормен 2-3 рет қайталап айтуға болады, одан кейін жеке-жеке қайталау жүреді. Мысалы, мұғалім I live in Astana сөйлем үлгісін айтады, оқушылар хормен оны 1-2 рет қайталайды. Кейін жақсы оқитын оқушыға қарап, тағы қайталайды: I live in Astana. And you,Ainur? Аталған оқушы үлгіні айтады. Басқа оқушыға қарап, And you, Dina? Оқушы жауап беруге қиналса, мұғалім үлгіні қайталау арқылы оған көмектеседі. I live in Astana. And you, Dina? Грамматикалық қайта өңдеуден кейін, грамматикалық ауыстыру жүреді. Грамматикалық ауыстыру кезінде оқушы үлгінің грамматикалық құрылымын есте сақтап, оны қай элементке ауыстыру керек екенін ескеріп, мұғалімнің айтқан сөзін есіне сақтай отырып, жаңа мазмұндағы үлгіні айтады. Жаттықтыру кезінде үлгі сөздердің орнына суреттерді де қолдануға болады. Мысалы, мұғалім балаларға армандауды ұсынадыда, тақтаға иттің суретін іліп, This is for you , Fariza, - дейді.Өз кезегінде Фариза : I have a dog, деп сыныпқа хабарлайды. Осылай әрі қарай қайталана береді. Сондай-ақ грамматикалық ауыстыру жаттығулары грамматикалық кеңейту жаттығуларымен үйлеседі. Грамматикалық кеңейту оқушыларға көп айтуға мүмкіндік береді. Мысалы, I like to read books. I like to read interesting books . I like to read books in our school library. Сөйлеу үшін трансформация немесе ауысу өте қиын әрі өте маңызды болып табылады. Трансформация жаттығулары грамматикалық дағдыларды қалыптастыруда жақсы көмектеседі. Трансформация интеллектуалдық белсенділікті қажет етеді. Мысалы, мұғалім үстелге бір кітап қояды да, There is a book on the desk дейді. Кейін тағы да екі-үш кітап қойып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға ағылшын тілін оқытудың маңызы
Шет тілін оқытуда жекелендірілген тәсілдің теориялық негіздері
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ
Шет тілін үйретудегі мотивацияның атқаратын ролі
Шет тілін оқыту теориялық негіздері
Өзге тілді мәдениетті оқыту барысындағы лингвоелтаным аспектісінің ролі
Ағылшын тілі мектепте
Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда шетел тілінің интегративті тәсілдерін пайдалану
Табиғи әдіс негізінде пайда болған шет тілдерін оқыту әдісі
Шетел тілі фонетикасының ерекшеліктері
Пәндер