XVII – XVIII ғасырлардағы демократиялық педагогиканың дамуы



1. Ян Амос Коменский . Еуропа педагогикасының негізін салушы.

2. Жан Жак Руссоның педагогикалық теориясы.

3. Иоганн Генрих Песталоццидің педагогикалық ой пікірлері.

4. Клод Адрина Гельвецидің педагогикалық ой пікірлері.

5. Адольф Дистервергтің тәрбие туралы ойлары.


6. Орыс ұлы педагогы Константин Дмитриевич Ушинский

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: XVII – XVIII ғасырлардағы демократиялық педагогиканың дамуы

Қабылдаған: Аширбекова Г.Е.
Орындаған: Джолдинова А.К.

Қарағанды қ.
2011ж.

Мазмұны

1. Ян Амос Коменский – Еуропа педагогикасының негізін салушы.

2. Жан Жак Руссоның педагогикалық теориясы.

3. Иоганн Генрих Песталоццидің педагогикалық ой пікірлері.

4. Клод Адрина Гельвецидің педагогикалық ой пікірлері.

5. Адольф Дистервергтің тәрбие туралы ойлары.

6. Орыс ұлы педагогы Константин Дмитриевич Ушинский

Қолданылған әдебиеттер

1. Ян Амос Коменский – Еуропа педагогикасының негізін салушы.

Ян Амос Коменский 28-наурызда, 1592 жылы Морави қаласында
дүниеге келді. Германияда білім алып, 24 жасында ол туыстар
общинасының дін қызметшісі міндетін атқарды. 1618 жылы Коменский 240
километрге орналасқан Праганың шығысындағы Фульнекеге келді. Сол
жылдары Еуропада протестантизмге қарсы күш - католиктік
конитрреформация құрылды. 10 жылдық соғыстан кейін Римдік католиктік
дін Моравияда заңды түрде жеңіп билік алды. Жоғары сославия өкілдері
Коменскийге соған мүше болып кіру немесе отанын тастап кету
ұйғарылған. Коменский соның әсерінен жер аударылып, семьясымен бірге
Лешноға келді. Бұл Поль-шаның белгілі Общиналық орталығы болатын.
Осыдан бастап, ол қуғын көріп 42 жыл бойы айдауда жүрді. Отанына
қайтып орала алмады. 1656 жылы Лешнода оның қолжазбаларын өртеді. Бұл
жылдары ол бала-шағасынан айырылды. өмірінің соңғы кезін ол
Амстердамда өткізді. Голландия да ол өзінің көптеген еңбектерін
шығаруға мүмкіндік алды. 1657 жылы латын тілінде ''Ұлы дидактика''
басылды. Я. А. Коменский өмірінің соңғы төрт жылы ішінде -''Адам ісін
түзетудің бүкіл-жалпылық Кеңесі'' атты еңбегін жариялады.
XVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып бөлініп
шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогі Я. А. Коменскийдің (1592-1670)
беделі және еңбектерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап
Коменский-дің теориялық ой-пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні
бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол
дүниежүзілік аренаға шығып педагогикаға әлем жұртшылығының назарын
аударды, қолдау тапты. Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық
формацияның үстемдік етіп тұрған кезі болатын, ол соған соқтығысып
өзінің философ-гуманист, қоғам-қайраткері, аса көрнекті педагог екенін
таныта білді.
XVII ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы
түсінген Коменский Еуропадағы оқу-ағарту ісін мүлде қайта құрумен
айналыса бастады. Ол оқудың жаңа әдістері мен әдістемелігінің
қажеттілігін айтып, білім беру жүйесінің, оқудың прогрессивтік жүйесін -
оның барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті болуын, өзіне мақсат
етіп қойды. Оның дәлелдеуінше - ''Балаларды оқыту қажет, біртіндеп
қарапайым, элементарлық ұғымдардан күрделіге көшіп отыру педагогикалық
талаптардың негізі деп көрсетті. Коменский бастауыш оқуды ана тілінде
(тек латын тілінде емес) жүргізуді ұсынды.
Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту
оқудың ең басты міндеті - деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған
педагог ''Адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады'', ''Адам болу үшін ол
білім алуы тиіс'', ''Білімділер нағыз адам'' - деді. "!лім -нравтылықтың
спутнигі'' - деді педагог. Оның жүйесінің негізі - ақыл-ой, нравтық,
діни тәрбиені жүзеге асыру. Оның айтуынша, ақыл-ой тәрбиесі ақылды
еңбектің жемісі. Коменский білім алу тек жастардың ғана міндеті емес,
барлық адам оқуы, үйренуі қажет - деді.
Коменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты
балаларға өмірдің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны
бүкіл Еуропаға және жер жүзіне танытты. Ол іс жүзінде оқуды ғылымға
айнал-дырды. Оның педагогикалық әдістері революциялық маңыз алды. Оқуды
түбегейлі өзгертті. Коменский педагогика тарихында аса көрнекті орын
алды. Оны ғылыми, теория-лық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның принциптері,
әдістері мен әдістемеліктері, оқыту формалары, мысалы, сынып-сабақ
жүйесі - педагогиканың теориялық негізі болып сақталып қалды.
Оқытудың жаңа әдісінің қажеттілігі. Коменский дәуірінде мектепте
білім беру жүйесі бытыраңқылық күйде болды. Мысалы, ер балалар ғана
білім алуға құқықты болды. Алайда кедей отбасының балалары мектепке
қабылданбады. Сабақтарда латын әрпімен балалардың басын қатырды. Орта
ғасырда көптеген мектептер Католиктік шіркеудің бақы-лауында болды.
Шіркеудің қызметі латын тілінде жүргізілді. Мақсат мектепті латын
тілінде оқытып дін иелерінің орнын толтыру еді. Педагогтар оқыту мақсаты
мен міндетін ешбір ойламады. Жайдан күрделіге көшу ешкім-нің есіне
келмеді. Тәртіп қатаң болды. Мектептердегі нравтық климат - ұрып, соғу
мақсатын көздеді.
Бұл дәуірдегі мектепті Шотландия ағартушысы Саймон Лори - ''Ешбір
ойластырылмаған'', ''Ешбір қызықтырмайтын" деп атады. Ал, Коменский
оданда ауыр етіп ''Ақыл соғысы'' - деп атады. Англияда Фрэнсис Бэкон
латын оқуын айыптады, қайтадан жаратылыс пәнін үйретуді ұсынды.
Вольфганг Ратке, Иоганн Валентин Андреэ - Германияда т. б. оқу жүйесін
өзгергуге өз беттерінше жұмыс істей бастады. Демек, XVII ғасыр азабы -
оқуды өзгерту туралы олардың ешқайсы-ның оқу туралы ойларын, ұсыныстарын
қабылдамады.
Коменскийдің педагогика туралы алғашқы еңбегі 1630 жылы отбасында
тәрбиелейтін аналар мен бала күтетін адамдарға арналды. 1631 жылы
''Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі'' атты еңбегі жарық көрді.
Бұл латын тіліндегі оқуға революциялық дәстүрде соққы берген еңбек
болды. Кітапта екі колоннаға бөлінген - Чех тілі мен латын тілін
салыстыра оқытудың мән-жайы түсіндірілді. Еңбекте латынша оқытудың
кемшіліктерін баса көрсетті. Бұл кітаптың құндылығы сонда, ол 16 елдің
тіліне аударылды.
Коменскийдің көпке, оқушылар қауымына таныс жұмыстарының бірі -
''Картинада бейнеленген әлем заттарының көрінісі'' атты еңбегі. Бұл
жасөспірімдерге арналған еді. ХХ ғасырда педагогика профессоры Элвуд
Кабберли былай деді. ''Бұл кітап Еуропада бастауыш оқуда 150 жыл орнына
200 жыл пайдаланылды, бұған теңдес кітаптың болмағанының куәсі'' -деп,
жазды. Қазіргі кітаптар мен оқулықтар Коменский еңбектері негізінде
иллюстрация-ланып жарық көруде. 1657 жылы Коменский латын тілінде ''Ұлы
дидактика'' атты еңбегін жариялады. Бұл кітап, оны дүние жүзіне танытты.
Кітап Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде
баяндаған шығарма болды
Я. А. Коменскийдің кейбір педагогикалық принциптері:
Мұғалім материалының көлемі. ''Мұғалім материалды қанша, білгенінше
үйретуі қажет емес, оны оқушылардың меңгергенінше үйретуі тиіс'' - деп
көрсетті.

2. Жан Жак Руссоның педагогикалық теориясы.

Жан - Жак Руссо (1712-1778) 'Болжамалы, болжам! Мен қайталап айта
бергім келеді, ешқашан тоқталмаспын, біз сөздің маңызына ерекше, артық
тоқталып жүрміз. Біздің бос сөзділігіміз, құрғақ жаттауымыз, мылжың
сөздігіміз, тәрбиеміз - тек мылжыңдар тәрбиелеуге жарап жүр''. (Ж. Ж.
Руссо).
Педагогикадағы догматизммен, схоластикамен, бос сөзділікпен - XVII
ғасырда француз материалистері және ағартушылар Д. Дидро (1713-84), К.
Гелвеций (1715-1771), Л. Гольбах (1723-1789), әсіресе Ж. Ж. Руссо (1712-
1778), қажымай күрес жүргізді.
Ж. Ж. Руссо баланың табиғатпен байланыста жетілетінін жақтады. Оның
пікірінше тәрбие, ''Баланың табиғи ерекшелігіне араласпай, оның өсуіне
ерік беруі қажет'' деді. Оның айнала қызығушылығын, еліктеушілігін,
дарындылығын табиғи тұрғыда зерттеуді ұйғарды. Руссо тәрбиедегі қаталдықты
(ұрып соғу, зомбылық), сүйіспеншілікпен ұштас-тыруды ұйғарды. Тәрбиедегі
жоғары идеалдықты жақтады. Тәрбиешінің қолы, қолөнершінің қолындай, ол
оның басының жұмыс істеуі - (ақылы, дарыны, ой-өрісі) сол дәуірдегі
философтардан бір кем болмауын уағыздады. Оның теориясы - оқу тәрбие
туралы өзінен бұрынғы ілімге негізделіп жасалды. Ең бастысы ол баланың
айнала ортаға, өмірге ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қазақстан
«Педагогика тарихы» курсынан дәрістер жинағы
Еуропа елдеріндегі гуманистік тәрбие идеяларының қалыптасуы
Педагогика тарихы пәнінен лекция тезистері
Оқыту теориясы туралы
Ежелгі славяндардың мәдениеті
XVII-XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ӨМІРІ
Қазақ ұлттық педагогикасының даму кезеңдері
Қазақ хандығындағы заңдар жинағын оны қазіргі заманғы билік жүйесіне сай үйлестіру
Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)
Пәндер