Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Орал гуманитарлық колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Отбасы тәрбиесінің педагогикалық аспектілері
1.1 Отбасы тәрбиесі түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2 Отбасы тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесі
2.1 Балаға ата ана үлгі өнегесінің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Ата-ананың міндеті мен жауапкершілігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі, - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Ата мен ана - бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата-асқар тау,
Ана - бауырдағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ - деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.
Отбасы - адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
2006 жыл - Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөздерін келтіруге болады.
Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі зор.
- бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;
- өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;
- отбасы - болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек - арқауы;
- отбасы - жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;
- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;
- отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;
- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. Ел болам десең, бесігіңді түзе - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
Отбасы - шағын мемлекет, Мен - президент, сен - премьер, дегені бар. Шынында, отбасы - ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. Отан отбасынан басталады деген сөздің мәнісі де осында.
Зерттеу жұмысының мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесі
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:
- Отбасы тәрбиесінің педагогикалық аспектілерін зерттеу;
- Отбасы тәрбиесі түсінігін ашу;
- Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін көрсету;
- Отбасы тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесіне талдау жасау;
- Балаға ата ана үлгі өнегесінің ролін анықтау.
Зерттеу объектісі: отбасы тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесі
Зерттеу әдістері: педагогикалық процесстерді талдау, жүйелеу, ғылымилылық негіз.
Зерттеу болжамы: тәрбие процессі біртұтас педагогикалық процесс ретінде бірнеше бағыттардың жиынтығы ретінде танылады, сол сияқты отбасы тәрбиесі жалпы тәрбие процессінің маңызды құрамдас бөлігі болғандықтан оны зерттеусіз тәрбие процессі нәтижесіз ссипатта болады, тек отбасында ата ананың қолайлы үлгі өнегесін игерген бала жан жақты дамыған жақсы тәрбие алған тұлғаға айналады.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Отбасы тәрбиесінің педагогикалық аспектілері
1.1 Отбасы тәрбиесі түсінігі
Жас баланы отбасында тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім - тәрбиелердің, төлтума халық педагогикасының орны зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана сезім, қадір-қасиет, ар-ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық және т.б. жататыны, олардың өмірдегі мән-маңызы сараланады. Жанұяда жас баланы ерлікке, жігерлікке, батылдық пен батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің орны ерекше.
Отбасында, әсіресе, ата-ананың, туған-туыстың айтқан сөздері, қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар, саяси-әлеуметтік өмірдегі өзгерістер жөнінде оларға айтқан пікірлерді, қабылданып жатқан шешімдерге берген бағаларды т.с.с жас бала арнайы тыңдап, мән бермегенімен, ойын арасында естігенін біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Жанұяда негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналуы мүмкін. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны "Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын", "Балақан өсіру - Балапан ұшыру емес" деген мақал - мәтелдерден көруге болады. Ал, "Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер", "Үлың өссе - ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе - қызы жақсымен ауылдас бол", "Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" -мақалдары халықтың бала тәрбиесіне, оның қалай өсіп-өнуіне, болашағына үлкен көңіл бөлгендігі байқалады. Яғни, бала ата-анаға, өскен ортаға қарап өседі, үлкендердің үлгі өнегесіне қарап тәлім алады. "Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы".Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт,10 жасқа дейін құлдай жұмса,15 жастан асқан соң-досыңдай сырлас-деп халық текке айтпаған. Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы,киім киюі,мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі өйткені, "қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі", "Әкеден - ақыл, анадан - мейір алады", "Әке - асқар тау болса, ана бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ"халықтың даналық сөздері еске түседі. Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағанына іспеттес.
Тәрбиеге арнайы бөлінген уақыт жоғы белгілі. Ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, жақсы қасиеттері арқылы қадірлі ғұмыр кешіп, ұрпағына мирас ете білсе, өзінен күш -қуат кетіп, бағу-қағу сияқты күтім қажет кезінде кімді тәрбиелеп, кімді өсіргенімен бағалы болады.
Отбасы тәрбиесінде ата-аналардың ез мінез-құлқы шешуші фактор болып табылады. А. С. Макаренко лекцияларында: Сіз өз балаларыңыздың, тәрбиесін баста-мастан бүрын, өзіңіздің жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе... Ата-аналардың өздеріне талап қоюы ата-аналардың өз семьясын қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы -- тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі.
В.А. Сухомлинский: Отбасы тәрбиесінің басты мақсаты - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесіндегі басты мектеп ол ата- ананың қарым-қатынасы-деген.
Отбасының құрылымында оның әрбір мүшесі белгілі әлеуметтік рөлдерді атқарады: күйеу, әйел, әке , ана, ұл, қыз, аға, қарындас, ата, әже деген. В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша адамның бақытты болуы оның өзіне қатысты рөлдерді адал, шын ниетте орындауына байланысты деген.
Рөл-жеке тұлғаның әлеуметтік функциясының орындалуы, қоғамда қалыптасқан нормаларға, адамның тәртібінің, оның қоғамдағы статусына, тұлғааралық қатынас жүйесіне сай болуы. (Психологиялық сөздік).
Отбасындағы баланың дамуына қолайлы жағдайдың бастысы ол балаға деген махаббат.
Сүйіспеншілігі мол отбасы - ол баланы түсінетін,баламен үйлесімді қарым қатынас жасап үлкен қуаныш әкелетін,балаға сенім білдіріп, қолдау көрсетіп отыратын баланы ақылмен сұйе білетін отбасы.
Ата-ананың балаға деген махаббаты-әрбір азаматтың Отанға, досқа, туыстарға, сүйген жарға деген махаббатының жетекшісі, көш басы деп түсінуге болады. Өмірдегі небір сырлы махаббаттар ата-ананың балаға деген мейірім махаббатынан тараған. Сол ата-ананың өзі еккен махаббаты қартайғанша тозбай, ондай ата-ана өткен өміріне өкінбей, еңбегінің жанғанына риза болады. Балаға деген соқыр махаббат баланың тәрбиесінде түрлі қателіктердің орын алуына әкеледі.
Ана тәрбиесі - кешенді тәрбие, жинақталған аса тағылымды мектеп.
Ананың, тәрбиешінің, ұстаздың шеберлігіне қарай бала бойында ұстамдылық, ұқыптылық, нәзіктік, кішіпейілдік қасиеттер қалыптасса, әке арқылы еңбекқорлық, батылдық, адамгершілік, азаматтық, табандылық мінезге ие болады. Сондықтан да, ата-анаға, ұстазға өз жүрегінің тебіренісін жай-күйін бала сезіміне әсер ететіндей жеткізе білуге тырысқан жөн.
Әке - балаға сыншы. Ол бала бойындағы әрбір жақсы ісіне сүйсініп, теріс әрекетіне күйінеді. Әке тәрбиесі - асауды ауыздықтандыратын, тентекті тұзақтайтын, елдікті сақтайтын, ерлікті жақтайтын, шаңырақтың шаттығын шалқытатын ұлы мектеп.
Тәрбиенің үлкен құралы - шындық. Егер баланы жастайынан шындыққа тәрбиелесек, барлық адамгершілік қасиет соның маңайынан табылады.
Бала - адамның бауыр еті, баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік деп Абай атамыз айтқандай, бала жақсы болса, жаның тояды, жаман мінезін не іс - әрекетін естігенде бір жасқа қартаясың. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қазір қоғам жан - жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы, заман талабы, өйткені әр адам өз заманының баласы. Сол себептен адамды заман билейді, заманына сай заң туындайды.
Баланың адам ретіндегі қалыптасуында тәрбиенің негізі ата-анадан деп есептегенімен, жүрген ортаның, ағайын-туыстың, жора-жолдастың, отбасының, ең әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас. Бұлардың бәрін, ер жетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласаң, көгеріп, көркейіп өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын діңгегі - әке-шешесі.
Тіршіліктегі барлық нәрсенің бір-бірімен сабақтас болғаны сияқты, баланың бойындағы, әдетіндегі небір жақсы, жаман қасиеттің көздері осыларда.
Отбасы үлкен және жауапты іс, осы істі ата-аналар басқарады және оған қоғам алдында жауап береді, -- деді А. С. Макаренко. Оның айтуы бойынша әрбір ата-ана өзінің міндетін адал және түсініп орындауы қажет.
Кейбір отбасыларда жиі кездесетін кемшіліктердің бірі әке мен ана өздерінің мінез-құлықтарындағы кемшіліктермен күреспейді. Олар өз балаларынан әдептілікті, ұстамдылықты, тағы да осы сияқты жағымды қасиеттерді талап етеді. Бірақ ата-аналардың өздері бұл талаптарын естен шығарып, балалары және ересек адамдармен дөрекі тілде сөйлеседі. Балалардың өтірігін бетіне баса отырып, өздері де бетпақтықпен өтірікті жиі айтады. Олардың әділетсіздігін, екіжүзділігін, тәртіпсіздігін байқағыш, сезімтал балалар тез көреді. Ата-аналарының мінез-құлқындағы мұндай өнеге оларды да тәртіпсіздікке итермелейді. Балалармен бірге азғындыққа түспеу үшін өзіңнің күш қабілетіңді барынша пайдаланып, оларға мейірімді өнегемен әсер ету керек екені жайлы ұлы жазушы Л. Н. Толстой кеңес берген болатын.
Отбасы тәрбиесіндегі қателіктердің, бірі -- бұл кейбір ата-аналар балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударады, жылы жүзбен қарап қамқорлық жасамайды. Ал тату тәтті өмір сүріп отырған семья әрдайым балалардың тәрбиесіне зер салады, олардың күнделікті өмірі мен іс-әрекеттеріне басшылық жасайды.
Баланың ішкі дүниесін білу үшін оның әрбір жағдайдағы (ситуация) қылықтары мен іс-әрекеттерін де білу керек. Кейбір ата-ана баласының дұрыс істемеген іс-әрекетін түсіндіруге тырысады, бірақ оның мінез-құлқындағы қалыптасқан әдеттердің себептерін білуге көп көңіл бөлмейді.
Кейде қыңырлық шаруашылықтың салдарынан, я кейбір сыртқы факторлардың әсерінен баланың бір нәрсеге еліктеп қайғыруынан болады. Мұндай жағдайда баладан тапсырылған жұмысты орындауды талап етудің кейді тиімділігі аз болады.
Қыңырлықтың тағы да бір себебі балаға семьяда дұрыс тәрбие бермегендіктен туады. Семьяда баланың талаптары мен қажеттілігінің бәрі сөзсіз орындалады, жұмақ өмірде тәрбиеленіп өседі. Мұндай семьяда баланың өз бетімен әрекет жасауына, өздігімен ынталы активті болуына жағдай жасалынбаған. Сондықтан бала семья коллективінде өз орнын таба білмегендіктен қарсыласу жолын іздейді. Баланың мінезін жақсы түсіну үшін, ең алдымен, оның дамуына және оған не нәрсе қажет екенін білу керек.
Отбасылық оқудың міндеттері ата-аналар өз балаларының оқуды қажет ететіндігін білуі керек, оларды кітаппен жұмыс істей білуге үйрету, оқуға әдеби талғамын дамыту және балаларды оқиғалы, тарихи әдебиеттерді оқуға үйретіп қана қоймай, моральдық және әлеуметтік бағдарын қалыптастырған жөн. Түпнұсқадан оқу -- ол оқыған кітабының мазмұнын терең түсінуіне қоршаған орта, өзі туралы, өзінің тағдыры мен болашағы туралы ойлануына жәрдемдеседі.
Сонымен бірге мұндай семьяларда балалардың мінезінде патологиялық, яғни қалыптан тыс ауытқу, олардың дамуында нақты өзгерістер байқалады: мінезі қатты, ұстамсыз болады, жалған сөздер айтады, ата-аналарына және айналадағы адамдарға агрессивті болады. Мүндай тәрбие біздің өмірімізге сыйыспайды, балалардың келешек бақытына нұқсан келтіретін ата-аналарды ерекше бақылауға алып, семья климатын жақсарту үшінолармеғі сақтандыру жұмыстарын жүргізіп отыру керек.
Бұл балалар мектепте нашар оқып, жеңіл өмір стиліне еліктеп, сабаққа дұрыс қатыспады. Уақытты бұлай өткізуге ақшаның қажет болуы, право тәртібін бұзушылыққа әкелді. Ата-аналары дер кезінде тиісті шара қолданбады. Соның нәтижесінде балалар правоны бұзуы қылмысты жауапқа тартылды.
Мұндай фактылар бірлі-жарым емес. Балалардың тағдырына әке мен ананың мейірімсіз болуы -- олардың еліміздің болашақ азаматы болуына зиянын тигізеді.
Әрбір әке, әрбір ана семья тәрбиесінде өзінің жетекшілік орнын табуы қажет, өзінің балаларына сергек және рухани тәрбиеші болуы тиіс. Өйткені, барлық баланы бір рецептімен тәрбиелеуге болмайды, әр баланы дербес мұқият зерттеу арқылы жан-жақты білу керек.
Демек, "алмақтың да салмағы бар" дегендей, әрбір жас, ең алдымен, өзін дүниеге әкелген ата-анаға, түрлі қамқорлық жасап отырған Отанға, білім берген ұстаздарға, рухани азық, үлес қосқан адамдарға қарыздар. Оны өтеуі - азаматтың жан-жақты білімді, мәдениетті, еңбекшіл мейірімді адам болып қалыптасуы, өмірден өзіне лайықты орын табуы, Отан мен ананың игілігін арттыруға үлес қосуы деп түсінгеніміз жөн.
Ата-ана балаға өз басының жақсы қасиеттерімен, спорт жүлдегерлерінің, жақсы көршілердің, тәрбиелі жандардың да жетістіктерін дер кезінде айтып, соған қызықтыра білгені де дұрыс. Бұл әдіс арқылы баланың ойына тек жақсылықты уағыздап, соған талпындырады.
Отбасы тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы.
Отбасында балалардың тәрбие барысында табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мына мәселелер жатады:
1.Отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық, толық емес жанұя, бір балалы, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық жанұя.
2.Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: жанұя мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектану, кәсіпшілік құрамы, бюджеті, жалпы материалды әл-ауқаты, ауылдық және қалалық жанұя.
3.Отбасының тәрбие потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн режимі, демалыс және оның нысаналары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналасуы, отбасының дәстүрлік мерекелері т.б.
4.Отбасының ішкі қатынастары: жанұя микроклиматының сипаттамасы, отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, оның мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы, жауапкершілігі.
5.Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысты.
6. Отбасының тәрбиелік жағдайы: жанұя тәрбиесінде қолданылған әдістер ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі т.с.с.
Қорыта келе, жанұя тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір белігі, ата-ана борышы. Отбасының жоғарыда көрсетіліп отырған белгілерінің тәрбиелік ықпалы ете күшті, оларға тәрбие барысында ерекше көңіл бөліп, ескеру қажет.
Белгілі кеңес педагогы А.Макаренко ата - аналарға бір сөзінде былайдеген екен. "Сіз қалай киінесіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қарым - қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз міне, барлығының да балаға әсері мол.

1.2 Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері
Әрбір дәуір кезеңінде ата-аналар балаға тәлім-тәрбие берумен бірге олардың бойында ақыл-қайрат, білім-тағылым алу қасиеттерін дамытуға үнемі көңіл аударып, жете мән беріп отырған.
Атадан - ұлағат, анадан -- ғибрат. Ата-ана отбасылық тәрбиесіндегі басты тұлға. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, олардың өмірлік көзқарастарының бірлігі, ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің жоғары болуы -- бала тәрбиесіндегі жетістіктің маңызды шарты.
Жүсіпбек Аймауытұлының көзқарасында бала психологиясының, жан-дүниесінің қалыптасуына әсіресе, өмірінің алғашқы жылдарындағы ата -- ананың тәрбиелік ролі ерекше маңызды екендігі туралы пікір басым. Ол баланы іспен емес -- сөзбен, үлгімен емес-ақылмен үйреткен адам сорлы -- дейді. Баланы болашақта бұзуға немесе дамытуға себеп болатын басты шарт-оның жас күніндегі көрген үлгі -- өнегесі болуы тиіс дегені Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің -- дегені еді.
Халықта Тәрбие табалдырықтан басталады -- деген нақыл сөз бар. Асыл сөздің мәні неде? Яғни, әр отбасындағы ата-аналардың алдында тұрған басты міндет -- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеуде дей отырып, адам ұрпағымен мың жасайды -- деген тұжырымды үлгі тұту. Мәңгі жасағысы келетін халық атадан балаға қалатын қара шаңырағын қорғап, өркендеп өсуін үнемі қадағалап отырады.
Ұзақ жылдар бойы ата-баба жолын, халықтық мұра, мақал-мәтелдер, шешендік сөз бен жыр маржанын ескіліктің қалдығы, өзімнен кейін дүниені топан су қаптаса демей, өскелең ұрпақтың тәлім тәрбиесіне баса назар аудару-ата-ананың борышы. Онсыз елде болашақ жоқ.
Бала тәрбиесіндегі ең алдымен отбасындағы ата-ананың ықпалымен жүзеге асып,қоғамдық тәрбиемен ұштасып жатады. Қазақта бесік деген киелі ұғым. Халықта Бесік жырын естімегеннен не адамшылық күтесің, Бесіксіз үйде береке жоқ деп тегін айтылмаған
Атаның батасы, әженің әңгімесі, әкенің өнегесі, шешенің тәрбиесі халықтық мұра.
Әл-Фараби бабамыз тіл тағылымына айрықша мән беріп халқымыздың болашақ ұрпағы тәлім-тәрбие,білім алып,дүниетанудың сырына қанығуды ойластырды. Тәуелсіз еліміздің, ұлтымыздың төл бесігінің бірі-ана тіліміз болып отырғанда, адамзаттық адамгершілігі мол, еліне, жеріне деген сезімі жоғары жастарды тәрбиелеп, олардың сана-сезімін ояту ең алдымен ата-ананың әрбір отбасының басты міндеті. Қазақша сөйлеп, қазақша ойлап, қазақша өмір сүру ғанибет қана емес, ол сән мен сымбат, салтанат пен парасат.
Қандай да бір ұлттық тілі жоғалған кезде толыққанды ұят болуды қалады.Жаны таза,жүрегі пәк сәбидің тілі шыға бастағанда-ақ оның сүттен біткен мінез-құлқының сүйекпен кеткенін есте ұстағанымыз абзал.
Бала отбасы мүшелері арасындағы ең жарасты,ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болып,үлгі-өнеге алады.
Отбасында баланың жауапкершілігі мен өзгелерге достық, ар -- намыс сезімдерінің оянуы ата-ана тәрбиесінің ықпалы. Ата-ана және басқа ересектер өскелең буынға тек жеке бастарының өнегесімен, іс-әрекеттерінің үлгісімен ықпал жасайды. Ата-аналар ұнамсыз жайларға тіпті уақытша болса да бой алдыруына жол бермеуі тиіс. Өйткені күйкі көріністің ықпалы лезде тамыр жайып, баланың бойына мінез болып қалыптасуы ықтимал.
Ата -- бабаларымыз ұрпағының ер-жігітке кедергі болатын жалқаулық, аңқаулық, жасқаншақтық, өтірік-өсек айтып, алдап-арбау сияқты жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиеленген. Сонымен қатар олар жан-тәнімен, қанымен қорғаған жерімізді, елімізді, Отанымызды, тілімізді сақтай отырып өскелең ұрпақты адамгершілік қасиеттерге баулуды мақсат тұтқан.
Қазақ отбасындағы қыз балаға тәрбие берудің тарихи даму барысында-ғы педагогикалық-психологиялық негіздерін талдап, оны қазіргі тәрбие беру ісіндегі орнымен пайдалана білу жолдарын нақты анықтау -- арнаулы зерттеуді қажет ететін мәселе деп есептеуге негіз бар.
Қазақ отбасында қыз балаға тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тыныс-тіршілігімен, тұрмыс-салтымен және мәдениетімен тығыз байланысты.
Қазақ даласының зор көлеміне, рулық-жүздік бөлінулеріне, сондай-ақ көршілес халықтардың ықпалына қарамай, түрлі аймақтардағы педагогикалық көзқарастағы айырмашылық шамалы. Демек, қазақ халық педагогикасындағы қыз балаға тәрбие беру біртұтас жүйе болып қалыптасқан. Қазақ ұғымындағы отбасы-өмірдің тұтқасы. Отбасында көрген жақсы -- жаман қылықтардың бәрі бала сезіміне әсер етеді.
Халқымыз қыз бала тәрбиелеуді үлкендердің ата-анасының, елге белгілі кісілердің жақсы істерін үлгі ету тәрбиеге ұят, намыс, ар ұғымдарын кең пайдалана отырып, сендіру, үйрету, жаттықтыру, көтермелеу, мадақтау, мақұлдау, жазалау, тиым салу, талап қою әдістері арқылы жүзеге асырып отырған.

Қазақ отбасының күнделікті тіршілігіне қыз бала тәрбиелеуде педагогикалық ықпал етудің түрлі тәсілдері баласының адамгершілік, имандылық сезімдерін ояту мақсатында олармен қайырымды,ілтипатты, қамқарлық қатынас жасау, тұлғалық қалыптасуына ықпал ету мақсатында жанама ықпал ету, моральдық қолдау, сенім арту,өзіне деген сенімін иығайту, жауапкершілік жүктеу, қызықты іс-әрекетке тарту;әдептен асудың алдын алу мақсатында еркелете кінә арту, жалған енжарлық білдіру, ашулану, айыптау, бұйыру т.б.қазір де өз мағынасын жойған жоқ.
Қазақ халқының қыздарға педагогикалық ықпал етудегі ең кең тараған тәсілі-тұспалдап айту. Онда өтірік сөз, юмор пайдаланылған. Қыз балаға арналып айтылған тұспал сөздер бейнелі -- абтрактылы ойдың дамуына әсер етеді. Той-думан,ойын-кештерде, ақындар айтысында, күнделікті қарым-қатынас кезінде әзіл-қалжың, жұмбақ ретінде, астарлы сөзді жиі пайдаланған. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда, Ымды түсінбеген, дымды түсінбейді, Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді деген халық нақылдары осының кепілі. Бала өмірлік Ғибратты өзі туған отбасы, одан әрі өскен ауылының тұрғындарының үлгі-өнегесі арқылы бойына сіңірген. Олар бала кезінен сән-салтанатты саулық сайрандардың үнсіз куәгері бола отырып, көріп, біліп, есте сақтап, өздері үйренген тұспал сөздерді құрбы-құрдастарының арасында пайдалануға алғашқы қадам жасайды. Осылайша зеректікке, тапқырлыққа жаттыға отырып, кейін келе өз өнерін ұштауда орнымен пайдаланған. Отбасында қыз баласына тәрбие беруді мына талаптың тәсілдері пайдаланылған:
oo астарлап сөйлеп,тұспалдай отырып талап ету;
oo әзіл,ойын,күлкісі аралас түріндегі талап;
oo шарт қоя отырып талап ету;
oo сес көрсете талап ету;
oo қағытып,кекету түріндегі талап;
oo ишара,ым ретінде талап ету;
oo кеңес түріндегі талап;
oo сенімсіздік білдіріп,күдік көрсете отырып талап ету;
oo нақты талап ету.
Қазақта қаталдықпен талап етушілік -- халық педагогикасының негізі. Біріншіден, мейірімділік, сонан соң барып белгілі бір дәрежеде дейтін себебіміз, тәрбие беру барысында айқын өктемдік аса қажет емес. Ата -- ананы, үлкенді, туыстық байланыстарды терең құрметтейтін ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер үлкендердің беделін онсыз да қамтамасыз етеді.
Қазақ қауымында ұрпақ тәрбиесі,оның ішінде қыз баланы тәрбиелеуде, ер баланы тәрбиелеу де,негізінен отбасында жүзеге асырылған.
Ұрпағын мол таратқан отбасы -- Қарашаңырақ, ұрпақтар өрбіген ұя саналады.
Кең мағынада бүкіл ұлт тұтас ірге жайған жерде Қарашаңырақ. Сондықтан да қазақ баласы Қарашаңырақтың иесі -- Қазақ атасының үйін ардақтайды.
2 Отбасы тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесі
2.1 Балаға ата ана үлгі өнегесінің ролі
Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - тұған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: Баланың бас ұстазы - ата-ана, Балапан ұяда не көрсе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақша мен отбасы қарым-қатынас ынтымақтастығы
Балабақша мен отбасы арасындағы байланыс
Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Ұлттық тәрбие берудегі отбасының маңызы
Отбасы тәрбиесінің мазмұны
Бала тәрбиесі және отбасы
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Болашақ мұғалімдердің қыз баласын тәрбиелеуде даярлау мәселесі
Пәндер