Бастауыш мектепте өзін-өзі тану пәнін оқыту



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І бөлім. Бастауыш мектепте өзін-өзі тану пәнін оқыту
1.1."Өзін-өзі тану" пәні - білім беруді мәдени-әлеуметтік жаңарту жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 1.2.Мектепте өзін-өзі тану сабағын жүргізудің тиімділігі ... ... ... 13
ІІ бөлім. Мектепте өзін-өзі тану пәнін оқыту ерекшеліктері
2.1. Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2.Өзін-өзі тану сабағында жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 23
2.3.Өзін-өзі танупәнінің әдістемелік тәсілдердің өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..35

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі.Ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп отырған Бөбек қорының президенті Сара Назарбаеваның авторлық бағдарламасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз. Бұл пәннің негізгі мақсаты, адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, баланың өзіндік менін қалыптастыру.
Бала - кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Мектеп-білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы, рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы Өзін-өзі пәні тану десек өте орынды.
Пәннің әр тарауы, әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.
Өзін-өзі тану сабақтарының өзіндік ерекшеліктерін байқататын Шаттық шеңбері, Армандайық, Өзіммен-өзім, Әңгімелесейік, сергіту сәті, сахналау, Ойын жаттығу-жүректен-жүрекке шеңбері балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді.
Өзін-өзі тану сабақтарында ұсынылып отырған ойындарының басым көпшілігі балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді көздейді, яғни сабақтардағы ойындардың өздері бала бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды сәңіруді көздейді.
Осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге болады. Болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы азаматтық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмьылуға, өз өмірін мәнмен өткізуге жетелейді.
Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік сабағы-сол көздеген нысанаға жетелейтін шамшырақ іспетті пән.
Зерттеудің мақсаты. Өзін-өзі тану сабағында оқытудың тәсілдері, түрлері және әдістемесін көрсету;
Өзін-өзі тану пәнінің балаларға берер тәрбиесінің маңызын анықтау.
Зерттеудің міндеті. Сабақтарда пәннің мақсатқа сәйкес оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруін, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Оқушылардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыру жолдарын қарастыру;
Оқытудың түрлері мен тәсілдеріне назар аудару;
Балалардың адам, өмір, отан, денсаулық, отбасы, табиғат, махаббат, достық, еңбек құндылықтары мен мейірімділік, сыйластық, махаббат, адалдық, патриоттық, еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту;
Табиғат пен қоғам байлықтарына жанашырлықпен қарау;
Өзара сыйластық қарым-қатынастарын күшейте түсу;
Ынтымаққа, достыққа, бірлікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Зерттеу объектісі. Өзін-өзі тану пәні бойынша оқытудың түрлері мен әдістемесі.
Обьектіден бөліп алынған шағын мәселе. Пәннің оқыту ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу болжамы, гипотеза. Егер бастауыш мектеп жасындағы балалармен сабақта оқытудың түрлерін қолданатын болсақ, онда, болашақта саналы, парасатты, әдепті, мейірімді азамат тәрбиелеп шығаруға болады.
Зерттеу пәні. Бастауыш мектепте өзін-өзі тану пәнін оқытудың әдіс- тәсілдерін, формаларын игеру.
Ғылымға пайдасы. Баланың жағымды қасиеттерін тәрбиелеу арқылы өмір сүру қабілетін қалыптастыру.
Практикаға пайдасы. Балалардың ұнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, практикалық бөлімнен тұрады. Жұмыс соңында қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

І бөлім. Өзін-өзі тану пәнін мектепте оқытудың тиімділігі
1.1."Өзін-өзі тану" пәні - білім беруді мәдени-әлеуметтік жаңарту жолы

Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде әрі кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр.
Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.
Болмыстың табиғи және жаратылыс аспектісі тұрғысынан қарастырылатын адам біртұтас үдеріс ретіндегі өзін-өзі танудың нысаны болып табылады. Адам болмысын күрделі жүйе болғандықтан, ол өзін жеке тұлға, сол сияқты іс-әрекет субъектісі және жеке дара субъект ретінде көрсетеді. Адамның осы қырларының біртұтас болуы оның өзін-өзі анықтау, өз маңыздылығын арттыру, өзін іс жүзінде көрсете білу және өзінөзі жетілдіру аспектілерінен тұратын үйлесімді дамуды қамтамасыз етеді.
Бұл нысан өзін өзі танудың пәндік саласын анықтайды, оқу пәнінің танымдық, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін айқындайды.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан дүниесін байыту және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді.
Өзін- өзі танупәні бүгінгі заманда өте қажет.
Мемлекет біздің экономикамызды сауықтыру мен адамдардың әл-ауқатын жақсарту туралы ғана емес, сонымен бірге қоғамның жоғары құндылығы адамдардың рухани әлемі туралы қамқорлық жасауы қажет. Біз ұлы өзгерістер және техникалық прогресс дәуірінде өмір сүріп отырмыз және бізге өзіміздің ішкі жан дүниемізге үңілуге, өзіміздің орнымызды анықтауды ойлауға уақыт жетпейді.
Ал Өзін-өзі тану пәні біздің балаларымызға осы мәселелерді түсінуге көмектеседі. Біздің барлық ауруларымыздың және проблемаларымыздың себебі жақсы емес ойлардан, тәккаппарлық, қызғаныш, жалқаулықтан. Тек қана біз біздің болмысымызға мейірімділік, шыдамдылық, қалтқысыз сүйіспеншілікті қайтарсақ, сонда әлем жарықтау және қайырымдылау болады. Қазіргі кезеңде мектепте балалардың жан дүниесін түсінуге көмектесетін және ойын жақсы арнаға бұратын пән "Өзін-өзі тану".
"Өзін-өзі тану" пәнінде балалар өз сырын ашады, неге өздерін өтірік пен алдаудың торы қоршайтынын түсінгісі келеді. Қарым-қатынас жасауда балаға жиі өзінің ренішін, өкпесі мен қорқынышын ақтаратын мейірімді нағыз достың ашық жүрегі жетпейді. Өмір жолында қауіп-қатер кездесетін ұзақ лабиринт және бала оны жеңу үшін басқалардың көмегін қалайды. Өзін-өзі тану сабағы балаларға өзінде, адамдарда, іс-әрекеттерінде, өмірде қателеспеуге көмектеседі. Өзін-өзі тану сабақтарында балалардан екінші күн бола алатын, қайырымдылық және үміт сәулесімен жылытатын, қуаныш пен тыныштық әлеміне енуге көмектесетін досы болғанын тілейтінін естиміз. Ықыласты әңгімеден кейін ғана балалардың көпшілігі өздерін басқаша сезініп, өз мүмкіндіктерін танудың қызықты жолдарын таба бастайды.
Өзін-өзі тану бағдарламасы қазіргі заманда өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын, адамгершілік қасиеттерін, экологиялық санасын, эстетикалық дамуын белсендіруіне өте қажет. Бұл бағдарлама адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге толықтай сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге айтарлықтай мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану пәні басқа пәндерден айырмашылығы, бала өзін осы пәнде еркін сезінеді, ойларын ашық айтады, қарым-қатынасқа белсене түсе алады. Қызықты жаттығулар арқылы білімдерін шыңдай түседі, барлық пәндерді осы кезде пайдалана алады. Өнерлерін де көрсете түседі. Бұл пәнге этика, психология, биология, валеология, экология, медицина қатысты болғандықтан, басқа пәндерден ерекшеленіп тұрады.
Біздің қоғамда әрбір адам өзі туғаннан берілген қабілетін толық іске асыра алатын және сол арқылы тек біздің мемлекетімізге емес, жер бетіндегі барлық адамдарға пайдасын тигізе алу үшін, атап айтқанда білім беру арқылы адамгершілік-рухани құндылықты жаңғырту
Бағдарламадағы оқыту кешенді сипатқа ие. Өзін- өзі тану пәні теориялық та, практикалық та пән. Бағдарламада жаңа әдістемелер қолданылады: пікір-сайыс, миға шабуыл, микротоптармен, рөлдік ойындар, жағдаяттарды шешу, әртүрлі шығармаларды оқу.
Өзін-өзі тану бағдарламасы адамгершілік, қайырымдылық пен зұлымдық, құндылық туралы діни емес түсініктерге сүйенеді. Алайда діни және діни емес нормалар мен қағидаларға ортақ аймақ, яғни қайырымдылық пен зұлымдық, құндылық туралы адамзаттық түсінушілік аймағы тән.
Өзін-өзі тану бағдарламасы дінге қарағанда кеңірек іс-әрекет бағдарланған. Ол өмірдің заманауи жағдайларына негізделеді, онда дербес, белсенді, әлеуметтік өзгерістер орталығында орналасқан, қиындықтарды жеңе алатын адам неғұрлым жетістікке жете алады.
Этнопедагогика өзінің ішкі құрылымымен сан-салалы ғылымның басын қосатын аса күрделі білім саласы. Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбие. Сондықтан екі пән бір-бірімен байланысты, ұқсастығы бар.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі болу оңай емес. Өзін қоршағандармен сүйіспеншілік, қайырымдылық, шыдамдылық, өзара түсіністік негізінде қарым-қатынас жасай білетін адамгершілігі мол жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік туғызу - Өзін-өзі тану пәнінің, білім беру философиясы мен құндылығын анықтайтын, үйлесімді адамды тәрбиелеуге бағытталған, жаңа педагогикалық парадигмада көрінетін пәнінің оқытушысының жоғары борышы.
Мұғалімнің Өзін-өзі тану сабақтарында инновациялық технология стратегиясын шебер жүйелі қолдануы оқушылардың жалпы адамзаттық рухани құндылықты жеткізуші адамдар туралы түсінігін кеңейтеді, оған қайырымдылық атмосферасында қарымқатынас жасауға және қоғамдағы қатынастарға дайындалуға мүмкіндік береді.
Бұл пәнді оқыту барысында педагогтің кәсіптік шеберлігіне талап қалыптасады, баланың және педагогтің өзінің жеке басы туралы түсініктерді қайта қарау қажеттігі пайда болады, өзара әрекеттің жаңа моделі жасалады.
Келесі схемаларға қарап, Өзіндік танымға көзқарасыңызды анықтап, қысқаша қорытынды жасаңыз.

№ 1 тапсырма:
:: өзін-өзі тану пән миссиясының картасын берілген таблица арқылы көрсетіңіз:
өзектілік құндылықтар
Қалыптастырылатын
Тұлғалық қасиеттер
Пәннің мақсаттары
Болжамды нәтижелер
Сезімталдық пен кішіпейілділік таныту.
Өмірдегі орнын түсіну.
Жақсылық пен сүйіспеншілік таныту. Жауапкершілік сезімдерін дарыту.
Тән және жан саулығын ың байланыстылығын түсіну. т.б
Махаббат, адамгершілік, жан тазалығы, өзін сыйлау, өзіне сенімділік, мақсаткерлік, көпшілдік, төзімділік, сыпаыйлық, білімге құштарлық, елжандылық, дәстүрді жалғастыру, болашаққа ұмтылу, зор жауапкершілік. Т.б.
Өзінің өмірлік айқындамасын анықтау, түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу. Қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау. Мейірімді, қамқор болу. Сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу. Азаматтылық және елжандылықты таныту. Қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Парыз, арман, ақиқат т.б. туралы терең білімге ие болады. Адами қарым-қатынастарды тани алады және оны бағалай біледі. Жағымды қарым-қатынас орнатады. Физикалық және психикалық жағдайын еркін басқарады. Өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізеді. Ұстанымдары мен сенімдерінде тұра алады. Ақпаратты және коммуникативтік технологияларды пайдалана алады. Т.б.

Сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Адам өзін- өзі қалай тану мүмкін?
Қоршаған ортаға , жанындағы достарына, тәрбие берген мұғаліміне қарап өзін тани алады.
Өзін-өзі тану - нағыз адам болудың сыры мен қырын үйрететін пән. Нағыз адам болу - Отан алдындағы борышыңды өтеу, адами қарым-қатынасың, қоршаған ортамен үйлесімділігің.
Э. Хемингуэй: Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамның өмірде өз міндеттері бар деп айтқандай, әрбір адам өмірге келгеннен кейін оны артында ізі қалардай мәнді өткізе білуі қажет. Сондықтан да адамның танымы неғұрлым биіктей берген сайын, дүниенің көкжиегі де соғұрлым кеңейе бермек.
Өзіңді-өзің тану деген - өзіңді қоғамдық, әдептілік тұлға ретінде қарастыру арқылы барлық адамдарға тән негізгі қасиеттер төңірегінде этикалық ұғымдар қалыптастыру. Өзіңді білу, бұл - өз тарихыңды, дәстүріңді, ата-бабаларыңның игі жақсылығын біліп, үйрену.
2.Жеке тұлғаның үйлесімді дамуына не себеп болу мүмкін?
Өзінің өмірлік айқындамасын анықтау.
Түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу.
Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау.
Адамдарға көмек көрсету, туыстарына және достарына мейірімді , қамқор болу.
Өзімен өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде щынайы болу.
Жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту.
Өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу
Қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
3.Адамзаттың рухани тәжірибесін қалай қолдануға болады?
Үлгілерді келтіріңіздер.
1 тапсырма аталған құзыреттілікті негізге алып, өзін - өзі тану мұғалімнің тұлғалық, мамандылық, адамгершілік қасиеттерін суреттеңіз. Кім өзін-өзі тану талаптары бойынша осы пәнді бере алатын мұғалім болалады.? Дәлелдеңіз. ЭССЕ жазыңыз.
Өзін-өзі тану пәнінің басты мақсаты - ұлттық тәрбиені дәріптеу, баланың бойына адамгершілік, отансүйгіштік, білімділік, біліктілік, адалдық парасаттылық міне осындай адамға қажетті ізгі қасиеттерді енгізу болып табылады. Сол себепті мұғалім балалардың бойыңа Мен адаммын, Қарым-қатынас қуанышы, Адамгершілік әліппесі, Мен және менің әлемім деген ұғымдарды туындату керек .
Мұғалім оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға және өмірден өз орнын таба білуге көмектеседі. Өзін-өзі танудағы адамның бойында өзін сыйлай білуін, ойын еркін жеткізуін, өмірдің қиын жағдайында дұрыс жол табуға, жеке шешім қабылдауға және өз тағдырына жауапкершілікпен қарауға үйрете білу керек.
Елді сүю, патриоттық сезімді дамыту, осылардың барлығы өзін-өзі тану, әлемді тану жүйесіне жататындығын ұғындыру мұғалім парызы.
1.2.Мектепте өзін-өзі тану сабағын жүргізудің тиімділігі

Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани - адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын Бөбек қорының президенті С. Назарбаеваның Өзін - өзі тану авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше. Себебі өзін - өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы - талдауына тәуелді болмауға, өзін - өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт - бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді. Сара Алпысқызының өскелең ұрпаққа рухани адамгершілік білім берудің маңыздылығын күшейтуге бағытталған. Өзін - өзі тану оқу орындарына пән ретінде кіргізілгеніне көп уақыт өте қойған жоқ. Өзін - өзі тану - даналықтың бірінші белгісі - деген екен. К. Маркс. Осы аз ғана уақыттың ішінде оқушылар бойына даналықтың бірінші белгісін ұялатуға алғашқы қадамдар жасалды. Өзін - өзі тану авторлық жобасы біздің мектеп - гимназияда да табысты іске асырылуда.
Әрбір жеке тұлға, өмірдің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Соған байланысты, жұмыс тәжірибемнен, бұл пәннің үш жақты, Бала - Ата - ана - Мұғалім үшін тиімділігін аңғардым. Өзін - өзі тану пәні сабақтарындағы Шаттық шеңбері кезеңі балалардың көңіл - күйлерін көтеріп, сабаққа қызықтыруға, зейінін аударуға ықпал етеді. Ал, Тыныштық сәті балаларға жағымды ойларға, сезімдерге берілуге мүмкіндік береді. Олардың ойларынан тіпті кейде ересек адам ойламайтын қызықты бейнелер елестейді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Тіпті күнделікті сабақтарда өзін ашық көрсете алмайтын тұйық балалар да өздерінің ойларын, көргендерін қызығушылықпен ортаға салады. Сондай - ақ, бала өзінің бастаған ісін соңына дейін сәтті және сапалы түрде орындауға тырысады. Ол аз жұмысының орындалу дәрежесіне сырт көзбен қарап үйренеді және өз жұмысын өзгелердің жасағандарымен іштей салыстырады. Әр жасаған сапалы жұмысының нәтижесінде баланың қызығушылығы артып, келесі тапсырманы, бұдан да жақсы жасасам деген ой туындап, әрбір сабақты қуанышпен күтеді Өзін - өзі тану сабақтары барысында ұсынылған ойындар да балаларды мейрімділікке, достыққа, сыйластыққа, сүйіспеншілікке баулиды.
Әрбір сабақта қойылған мақсатқа жету үшін өзімнің әрбір ойлаған ойымды алдын - ала дайындап, жұптап, бала бойына өмірдің бар асыл қасиеттерін құюға тырысамын. Бұл пәнді оқыта отырып, менің ұстанатын басты қағидам: Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек - деп Абай айтқандай, мұғалім жүрегінің жылуын, нұрлы ақылы мен білімін, бойындағы қайрат - күшін оқушыларға бере отырып, адамгершілікке, бақытқа жетелер арманға апарар қиын да қастерлі жолдарын нұсқап, еңбек етудің, білім алудың, өмір сүре білудің қыры мен сырын үйретеді. Пәннің ерекшелігі де осында

ІІ бөлім. Мектепте өзін-өзі тану пәнін оқыту ерекшеліктері
2.1. Өзін-өзі тану пәнін оқыту ерекшеліктері
Қазіргі педагогика ғылымы тәрбие саласындағы басым міндеттердің бірі ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақтаған халық даналығының жалпыадамзаттық құндылықтарын меңгерту негізіндегі тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып отыр.
Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызының басшылығымен қазақстандық ғалымдар әлемдік тәжірибеде сүйене отырып, Қазақстан ұрпағының ішкі жан дүниесінің бай, рухани мәдениетінің жоғары дамуына терең жол ашатын Өзін-өзі тану пәнінің тәжірибелік бағдарламасының негізін қалады. Пәннің негізгі мақсаты- оқушылардың жеке бас даму ерекшеліктерін адамгершілікке бағыттап, Өзін-өзі танып біліп, оқыту мен тәрбиелеу болып табылады. Бұл пәнді меңгертудің әр жас өзін сынай, бағалай білу арқылы айналасындағыларға мейірім шуағын шашып, адамгершілік қасиеттерді бойына дарытудың жөні бөлек екеніне көз жеткізеді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.
Осы орайда Өзін-өзі тану пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған. Бастауыш сыныпта адамгершілік, сенім, адамгершілік сананы, адамгершілік талаптарды білу, түсіну және соған сай қарым-қатынаста болуды үйрете бастайды.

Мектептің бастауыш сатысында Өзін-өзі тану пәнін оқытуды ұйымдастыруда мұғалім пәннің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, бастауыш мектептерге арналған Өзін-өзі тану бойынша оқу бағдарламасын, бастауыш сыныптарға арналған оқу-әдістемелік кешендерін негізге ала отырып, пәннің басты маөсат-міндеттерімен, осы міндеттерді жүзеге асыру мүмкіндіктерімен, оқу мазмұны және оның құрылымдық ерекшеліктерімен, қолданылатын әдіс-тәсілдері және технологиялармен, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылықтарын арттыратын ойындар мен жаттығулар жүйесімен, қосымша оқу материалдарымен таныс болуы тиіс. Оқыту үдерісі, әдетте сабақ арқылы жүзеге асырылады.
Өзін-өзі тану пәні балаға адамгершілік-рухани тәрбие беруді мақсат тұтқанымен, мұнда оның жан-жақты дамуына мүмкіндік ашылған. Осы пән сабақтарында халқымыздың мақал-мәтелдерін, ұлағатты сөздерінің бастауыш сынып балаларына берер тәлімі көп. Осының барлығы Өзін-өзі тану пәнінен табылуы бізді ерекше қуантады. Бұл пән баланың ішкі жан дүниесіне үңіліп, өз менін тануға жетелейді. Қазақ балаларының бойында тұйықтық бар, көбінесе өз қалауын айта алмайды, сырын жасырын ішінде ұстайды. Бұл жағынан да ашылып ой бөлісуге жетелейтін пәннің берері мол. Осы пәннің өзіндік ерекшелігі-балалардың тұлғалық дамуын, өзіндік дербестігін көрсету, шығармашылық және танымдық белсенділікті арттыру, балалар мен жастардың ізгілік сенімдер жүйесін және адамгершілік мінез-құлық тәжірибелерін қалыптастыру бойынша қазіргі білім беру міндеттерін іс жүзіне асыруға мүмкіндік берді.
Бастауыш мектепте жалпыадамзаттық құндылықтар тереңірек түсіндіріліп, кеңейтіледі, өмірдің жағымды жақтарын үйрене және түсіне білуге дағдыландырады. Сабақ барысында оқушылар өзіндік Мен дегеннің бар екендігін біледі, өзіне баға беріп, өзін басқа жақтан өзінің сыртқы тұрпатын, ерекшеліктерін және мінез-құлқының жеке бітістерін көруге үйренеді, жеткен жетістіктері мен табыстарын талдайды. Сабақтарда мейірімділік, өзара қызығушылық , шынайылылық, өзгенің ой-пікірін сыйлау, ынтымақтастық атмосферасы жайлайды. Өзін-өзі тану сабағы-бұл оқушылар мен ұстаздар арасындағы ашық диалог, мұнда әлеуметтік-рольдік ойындар және тренингтер арқылы адамдық өзара қарым-қатынастың әлемі зерттеледі, күйінішіне ортақтасу және рақымшылық сезімдері дамиды.
Сабақта қазақ халқының ұлттық болмысын жан-жақты түсіну, оны күнделікті өмірде дамыту оқушылар үшін кішкентай түсініктер беруден басталады. Мәселен, үлкендер алдындағы ізеттілік, кішіпейілділік туралы дәрісімізді балалардың үлкендер тұрған жеоде сәлемдесу, амандасу, рұқсат сұрау әрекеттерінен басталғаны дұрыс.
Өзін-өзі тану пәні бастауышта оқушыларды өздерін қоршаған ортаның бір бөлшегі ретінде сезіне білуәне және өз ұлтының рухани-адамгершілік құндылықтары негізінде өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың ұнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Дүниетануды оқытудың ерекшеліктері
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Сыныптарда информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негізі
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Оқушылардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыру жолдарын қарастыру
Еңбекке баулу пәнін оқыту барысындағы пәнаралық байланысты жүзеге асыру
«Көркем еңбек» пәнін 2- сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімді жолдарын теориялық тұрғыдан айқындау
12 жылдық білім беру жүйесінде мектепалды даярлау
Пәндер