Өндірістің ішкі және сыртқы ортадағы қызметтері
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
МЕББМ Жоғарғы Техникалық Мектебі
Курстық жоба қорғауға
жіберілді
____________________
Жетекші Тастемиров А.Г.
Өндірістік экономика және өндірісті ұйымдастыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Өндірістің ішкі және сыртқы ортадағы қызметтері
Жобаны орындаған студент:
Қуатов Д.Н.
Мамандығы, шифр:____________
______________________________
Курстық жұмыс ______________
бағамен қаралды
Жетекші: Тастемиров А.Г.
_____________________
Аты жөні, қолы
Орал 2013
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1-бөлім. Өндіріс теориясын талдау
1.1 Өндірісті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Өндірістің ішкі және сыртқы ортасының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Өндірістік орта түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2-бөлім. Өндірістің ішкі және сыртқы ортадағы қызметі
2.1 Өндірістің ішкі ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Өндірістің сыртқы ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.3 Өндірістің ішкі және сыртқы ортасын талдау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Кіріспе
Өндіріс - өзінің өміріне қажетті маиериалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.
Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек: сол өнімді дайындайтын табиғи зат өнімді жайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы.
Өндірістің тиімділігі - қажетті түпкілікті нәтижеге қол жеткізу жолында адамның өндірістік‚ шаруашылық қызметінің жұмсалған ресурстарға (еңбекке‚ материалдарға‚ қаржыға) қатынасы, яғни өндіріс нәтижесінің пайдаланылған ресурстарға қатынасынан көрініс табатын нәтижелілік. Нәтиже экономикалық (өнімнің‚ пайданың өсуі‚ т.б.) және әлеуметтік (еңбек жағдайының жақсаруы‚ қоршаған орта мен адам денсаулығының сақталуы‚ т.б.) сипатта болатындықтан‚ өндірістің тиімділігі экономикалық тиімділік және әлеуметтік тиімділік түрлеріне бөлінеді. Өндірістің экономикалық тиімділігінің нәтижелілік көрсеткіштері: шығарылған өнімнің көлемі немесе пайда, немесе пайда, ресурстар тиімділігінің нәтижелілігі - еңбек пен өндіріс құрал-жабдығының (өндірістік қорлардың) жиынтық шығыны. Экономикалық тиімділік көрсеткіштері алуан түрлі. Мысалы‚ ұлттық табыс‚ өнім шығару немесе пайда көлемі өсуінің осы өсуді туғызған күрделі жұмсалымға қатынасы экономикалық тиімділік көрсеткіштері болуы мүмкін. Еңбек өнімділігі‚ өнім сапасы‚ оның материал сыйымдылығы‚ қор сыйымдылығы Өндірістің тиімділігінің қосынды көрсеткіштері болып табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: шаруашылықты жүргізудің қазіргі жағдайындағы өндірістің түпкілікті нәтижелерінің әлеуметтік тиімділігі еңбек жағдайларының нашарлауы‚ қоршаған ортаға зиян келтірілуі‚ адамның тіршілік әрекетінің басқа да көрсеткіштерінің төмендеуі есебінен өнім өндіру көлемін ұлғайтуға немесе пайда алуға жол беруге болмайды деген мағынаны білдіреді. Экономикалық тиімділіктің артуы жоғары әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізу үшін негіз болып табылады‚ ал олар өз кезегінде экономикалық нәтижеге барған сайын күшті ықпал етеді. Сондықтан Өндірістің тиімділігінде экономикалық және әлеуметтік көзқарастың бірлігі мен өзара байланысы - шаруашылықты жүргізудің аса маңызды қағидатының бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: өндірістік оқытудың теориялық негіздерін бере отырып, оны ұйымдастыру әдістемесінің жалпы педагогикалық негізімен таныстыру.
Курстық жұмыстың міндеттері: Аталған мақсатқа байланысты курстық жұмыстың міндеті өндірістің ішкі және сыртқы ортасын оқыту, таңдалған тақырыппен жалпы және педагогикалық білім беруді байланыстыру мен біріктіру негізінде жүзеге асатын белгілі бір еңбек өнімділігіне жалпы және арнайы дайындық.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде тақырыптың өзектілігі мен мақсаты және міндеттері жазылды. Бірінші бөлімде Өндіріс теориясына түсінік берілді. Өндірісті ұйымдастыру және өндірістің ішкі және сыртқы ортасының мәні туралы мағлұмат берілді. Екінші бөлімде өндірістің ішкі және сыртқы ортадағы қызметі туралы және өндірістің ішкі және сыртқы ортасын талдау әдістері берілді.
1-бөлім. Өндіріс теориясын талдау
1.1 Өндірісті ұйымдастыру
Өндіріс - қоғамдық өмір сүруі мен дамуы үшін қажетті материалды өнімдер мен көрсетілетін кызметтердің өндіруісіне адамдардың әсер ету процесі.
Өнімді дайындау әдеттегідей мақсатты бағытталған процесс және нарықтағы коммерциялық жұмысқа сәйкес ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Өндірістік процесс өзінің кұрамына дайын өнім өндіру үшін шикізаттар мен материалдардың формасын, қасиетін, параметрлерін және тағы басқа сипатын өзгерту мақсатында технологиялық операциялардан тұрады. Өндірістік процесс бұйымның мәндік сипатына және оны өндіру технологиясына байланысты болады. Соңғысы сәйкес өндірістік элементтер жиынын білдіреді (негізгі және қосымша өндіріс, оған қызмет көрсету және басқару). Олардың әртүрлі комбинациясы өнімнің қозғалысын анықтайтын кәсіпорынды құрудың өндірістік құрылымын білдіреді.
Өндірістік кұрылымның әрекет етуі өзара ұйымдастыруды жетілдіру дәрежесімен және онымен әртүрлі элементтерді координациялаумен анықталады. Басқаша айтқанда, ол кәсіпорынды ұйымдастырудың ішкі логикасын анықтайды немесе оны ұйымдық құрылым деп те атайды. Ұйымдық құрылым кәсіпорындағы өнімді өндіру мен өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыратын өндірістік қызметтер қандай субординация және координацияда болуы керек екенін көрсетеді.
Өндірістік кәсіпорынның барлық іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру жүйесін негізгі өндіріс процесін ұйымдастырумен, оған қызмет көрсету және басқарумен байланысты шартты түрде келесі шағын жүйелерге бөлуге болады:
− негізгі өндіріс процесін ұйымдастыру;
− өндірісті технологиялық дайындау;
− сапаны техникалық бақылау.
Негізгі процеске қызмет көрсетуде келесі қосалқы жүйелер ерекшеленеді:
− материалдық шаруашылықты жабдықтау;
− инструменталды;
− жөндеу және энергетикалық шаруашылық;
− дайын өнімді сақтау.
Өндіріс процесінде 3 жақты жағдай қарастырылады:
- еңбек заттары;
- еңбек құралдары;
- еңбек жағдайы [3, 25б].
Өндірістік бөлімнің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым-қатынастарын және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың санын, кәсіпорынның жалпы құрылымын білдіреді. Бұл құрылым еңбек өнімінің деңгейін, өндіріс шығынын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған жай өндіріс процесінде белгілі жұмыс түрін атқаратын буын. Цехтар жалпы 3 түрге бөлінеді.
1. Негізгі цех -- сатуға әзірленетін дайын өнім жасалады.
2. Көмекші цех (құрал-жабдық жөндейтін, көлік және энергетикалық цех жатады).
3. Қосалқы цех - қайта өндеу цехтары жатады. Олар өнімге қораптар жасаумен, орау, жіктеу, тасымалдау және түсіру жұмыстарын атқарады.
Өндірістік кәсіпорын өнімдерінің құрылымының 3 типі бар.
1. Заттай - қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен учаскелері белгілі бір өнімді не болмаса, белгілі бір бөлшекті өндіруге мамандандырылады.
2. Технологиялық - қолданған жұмыс техникалық процестің ретіне байланысты болады. Цехтар мен учаскелерде басқару оңайлатылады және өндірістің бір наменклатуралы өнім шығаруы, келесі номенклатуралы өнім шығаруға ықпал етеді. Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым-қатынастың күрделенуі жоғары сапалы өнімді құрал-жабдықтармен құралдар құрудың мүмкіншілігінің жоқтығы.
3. Аралас - оған заттай және технологиялық құрылымның ең тиімді элементтерін кіргізеді. Басты артықшылығы: цехаралық тасымалдаудың азаюына, өнім өндірудің өндірістік цикілінің қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және өзіндік құнды қысқартуға өз әсерін тигізеді [4, 36б].
Өндірісті ұйымдастырудың түрі - өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастыру ерекшеліктерімен, техника жағдайының жалпы сипаттамасын беру. Оған келесі факторлар әсер етеді:
1. мамамдандыру деңгейі
2. өндіріс көлемі
3. шығарылатын өнім наменклатурасының күрделілігі мен төзімділігіне байланысты. Өндірістің негізгі үш түрі болады.
Жеке-дара өндіріс ол алуан түрлі және тұрақты емес наменклатуралы өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі (кеме, металлургиялық, кен жабдықтары), сонымен қатар жеке тапсырыс бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелі зауыттар, кәсіпорындар жеке-дара өндіріске жатады. Оның ерекшеліктері:
1.Әртүрлі наменклатуралы өнімдердің шығарылуы;
2. Жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдастыру;
2. Әмбебап құрал-жабдықтар, технологияны қолдану;
3. Қолмен жинау жұмыстарының көлемінің үлкендігі;
4. Жоғары білікті әмбебап жұмыстар санының көп болуы;
5. Өндіріс циклының ұзақтығы;
6. Аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.
Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы біртектес өнімді бір уақытта, сериямен шығаруды көздейді. Оның негізгі ерекшеліктері:
1. біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақты шоғырланып тұруы;
2. жұмыс орнының бірнеше операцияларды орындауға мамандануы;
3. бөлшектер мен өнімдерді партиямен шығару;
4. маманданған кұралдар мен технологиялық жабдықтарды көп колданылуы;
5. қолмен жинау еңбегінің аз болуы;
6. орташа білікті жұмысшылар санының көп болуы;
7. өндірістік циклдың қысқаруы.
8. өнім сапасын бақылау процесінің автоматтандырылуы [5, 132б].
Жаппай өндіріс -- бұл өндірісті мамандандырудың ең жоғарғы сатысы болып табылады. Мұнда әртүрлі өнімдер бір уақытта үзіліссіз шығарылып отырады. Мысалы: (автомобиль, трактор зауыты). Ерекшеліктері:
1. тек қана аз номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемде шығару;
2. жұмыс орнының тек қана бір операцияны орындауға мамандандырылуы;
3. жұмыс орны атқарылатын операция ретіне қарай орналасады;
4. арнайы және мамандандырылған техникалық кұрал-жабдықтардың үлкен көлемі;
5. механикаландырылған, автоматтандырылған техникалық процестерді көп қолдану;
6. операцияларды дайындау және аяқтау уақытының аздығы қолмен жинау жұмыстарының көлемінің аздығы;
8. төменгі білікті жұмысшылар еңбегін қолдану;
9. өңдіріс процесінің қысқаруы;
10. өндірісті басқаруды және жоспарлауды шоғырландырумен автоматтандыруды енгізу.
Өндірістік құрылымға әсер ететін факторлар:
1. Кәсіпорының халық шаруашылығының қай саласына жататындығына байланысты;
2. Шығарылатын өнім номенклатурасы мен конструкциялық ерекшелігі;
3. Қолданылатын материалдар мен шикізаттар және оларды өңдеу түрлері;
4. Өнімнің конструкциялық қарапайымдылығы мен технологиялық төзімділігі;
5. Өнім сапасына қойылатын талаптар;
6. Өндірісте қолданылатын техникалық құралдар мен жабдықтардың құрамы;
7. Жаңа өнім шығаруға бейімделу қабілеті;
8. Өндіріс процесінің негізгі, көмекші және қосалқы цехтарындағы ерекшеліктері.
Өндіріс құрылымын әрі қарай дамыту жолдарына мыналар жатады:
1. Кәсіпорын мен цехтарды ірілендіру;
2. Негізгі көмекші және қосалқы цехтар арасындағы тиімді байланысты сақтау;
3. Кәсіпорынды жоспарлау тиімділігін арттыру жолында тұрақты жұмыс жүргізу;
4. Өндірісті ірілендіру арқылы қуатты ғылыми-техникалық өндірістік ұйымдарды құру;
5. Техника мен жоғары сапалы технологияны тұрақты түрде дамыту және өндірісті ұйымдаструды жетілдіру;
6. Өңдірістің тиімділігін арттыру, яғни кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру арқылы жаңа жоғарғы өнімді техниканы кең көлемде енгізуге жағдай туғызады. Технологияны дамыту - өндірісті ұйымдастыруды жақсартады.
Сонымен өндіріс құрылымын жетілдіру өндірістік процесті тиімді жүзеге асырып, өндіріс шығындарын төмендетіп, пайда мөлшерін арттырады.
1.2 Өндірістің ішкі және сыртқы ортасының мәні
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің негізгі түрлері тауарларды экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының еліне жөнелту арқылы шетелдік сатып алушыға салу; импорттау - тауарды сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу. Сыртқы экономикалық мәміле контрактімен рәсімделеді, онда олардың құқы, міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі.
Инкотермстің барлық термині төрт базалық ктегорияға топтастрылған:
Топ
Жабдықтаудың
шартты белгілері
Франкировка жағдайы
(тасымалдау шарттары)
Е
EXW
Завод франкосы
F
FCA
FAS
F-B
Еркін тасымалдаушы
Еркін кеме бортының жағасына дейін әкелу
Еркін бортқа әкелу
C
CFR
CIF
CPT
CIP
Құны және фрахтысы
Құны,сақтандыру және фрахтысы
Тасымалдауға дейін төленген...
Тасымалдау мен сақтандыру төлемі жүкті тасымалдауға дейін төленген
D
DAF
DES
DE-
DDU
DDP
Шекараға деәін жеткізілген
Кемеден жеткізілген
Кеме тоқтайтын жерге дейін, яғни айлаққа
Дейін өткізілген (баж салығы қосылған)
Баж салығын төлемей жеткізілген
Баж салығын төлеп жеткізген
Е тобының шарты бойынша сатып алушы сатушының қоймасынан жөнелтуге дайын тұрған тауарды алады. Ғ тобының шарты бойынша, сатып алушы көрсетсен транспорттық құралына дейін тауарды сатушының өзі жеткізіп беруге міндеттенген.
С тобының шарты бойынша сатушы тасымалдаушылармен шартқа отырады, бірақ жүкті жөнелткеннен кейін пайда болатын шығыстарға және тауардың бұзылуына (жоғалуына) жауап бермейді. Д тобының шарты бойынша сатушы барлық тәуекелділіктерді және жүкті белгіленген жеріне дейін жеткізіп берумен байланысты шығындарды өзіне алады.
СІҒ тауарды жеткізіп беру кезіндегі жағдайында сатушы жүктің әрбір тоннасын сақтандырады, фрахтысын анықтайды, жүкті жөнелтетін портқа жеткізіп, оны өз есебінен мерзіміне сәйес порт кемесіне тийеді және сатып алушыға құжаттарын қоса береді. Сатушының міндетіне тауардың транспорттық тәуекелділігі де кіреді.
Сөйтіп, CIF шарты кезінде сатып алушының жабдықтаушыға төлейтін бағасының ішіне тауарджың құны, фрахтысы және сақтандырулар кіреді.
DAF жағдайында экспорт үшін рұқсат етілген белгіленген орнына дейін тауарды жеткізіп беру бойынша жауапкершілікті сатушы алады, ал сатып алушы көрсетілген орында және көрсетілген уақытында тауарды қабылдап алуға міндетті.
FAS - жабдықтау шартына сәйкес сатушы кеме бортына дейін тауарды өз есебінен жеткізіп беруді мойнына алады, ал содан кейінгі шығыстарды (арту, фрахт) сатып алушы алады. Транспорт құралына дейінгі тауардың бұзылуын және басқа да шығыстарын сатушы өз мойнына алады.
ҒОВ - сату жағдайына сәйкес жабдықтаушының бағасына тауардың құнын, кеме бортына арту және оған дейін жеткізу шығыстар, т.б. кіреді
Инкотермс ұсыныстық сипатта болады және оның белгілі бір бөлігін немесе толық көлемін пайдаланылуы тараптардың келісіміне байланысты болып келеді [6, 63б].
Қазақстан Республикасы аймағына әкелінетін және оның шекарасынан шығарылатын барлық тауралардың кедендік бақылаудан өтетіндігін көрсетеді. Бұл кезде заңда қаралған кедендік төлемдер экспорттауға да, импорттауға да салынады, оның құрамына мыналар кіреді:
oo кедендік баж салығы;
oo кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар;
oo таурады сақтауға алынатын кедендік алымдар;
oo шығарып салғаны үшін кедендік алымдар;
Қазақстан Республикасының кедендік органына лицензия брегені үшін алынатын алым;
oo кеден ісін рәсімдеу бойынша машықтанған мамандық аттестатын бергені үшін алым;
oo алдын ала қабыладанатын шешімдер үшін төлем.
Бұл төлемдердің көбісінің мөлшерін кедендік тауар құнына тәуелді болып келеді, олардың құрамына шет елдік валютамен есептелген тауардың нақты құны және шетелдік төленеген үстеме шығысы кіреді.
Кедендік төлемді есептеудің негізін тауардың кедендік құны құрайды, тек кейбір арнайы кедендік төлемдерін, яғни, тауар бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелетіндерін қоспағанда.
Едендік төлем мөлшерлері мынадай түрлерге бөлінеді:
Адволарлық - салық мөлшері салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептеледі;
Ерекше - салық мөлшері салынатын тауарлар бірлігінің белгіленген мөлшерімен есептелінеді;
Аралас - салық мөлшері жоғарыда аталған кедендік салық түрлерінің екеуінеде үйлестіріледі.
Сыртқы экономикалық қызметте қолданатын негізгі құжаттар болып :
oo Техникалық құжаттаулар - техникалық төлқұжаты (паспорты), сызбасы, жинау бойынша нұсқауы, монтаждау, басқару және жөндеуі, техниалық жағдайын сипаттайтын құжат (спецификациясы) және т.б.
oo Тауарлы-ілеспе құжаттаулар ы- тауар сапасының сертификаты, буып-түю парағы; құрастырушы тізімдемесі (ведомосы) т.б.;
oo Транспорттық, экспедиорлық және сақтандыру құжаттаулары - теміржол наклоднойы және оның көшірмесі (жүк түбіршегі, коносамент, автотранспорттық наклоднойы т.б.), сақтандыру полисі немесе сертификаты;
oo Қойма құжаттары - экспорттау тауарына портта берілген қабылдау актісі, тауардың сақтауға алынғаны туралы қойманың қолхаты, басқа да кепілдік куәлігі т.б;
oo Есеп айырысу құжаттаулары - шот-фактурасы, аударм векселі (тратты);
oo Банкі құжаттаулары - валютаны аудару өтініші, инкассо тапсырмалары, акредетив ашу туралы тапсырмалар, чектер, Қазақстан Республикасының кеден депозитіне қаражатты аудару туралы тапсырмалары, есеп айырысу және валюталық шоттар бойынша жасалған операциялардың көшірмесі;
oo Кедендік құжаттаулар - кедендік жүк декларациясы (КЖД), тауардың шығуы (немесе шығарылған жері) туралы сертификаты, баж салығын төлегені туралы анықтама, акциздер, алымдар;
oo Талап (шағым) құжаттаулары - шағымдық хат, сотқа немесе арбитражға қойған талап арыз;
oo Бұзылған немесе кем шыққан жөнінде жасалған құжаттар - кем шыққанға жасалған коммерциялық актілер, авария сертификаты.
Сыртқы экономикалық қызмет бойынша есеп айырысу шетелдік валюта бойынша жүреді. Нақты мысалдарды қарастырмастан бұрын шетелдік валюта бойынша жасалатын операцияларына тоқталамыз.
1.3 Өндірістік орта түсінігі
Алдыңғы тақырыптарда біз тұтынушы мінез-құлқын нарықтық қатынастар субъектісі ретінде талдадық. Енді олардың басқа қатысушысы - өндірушінің мінез-құлқын талдауына кірісейік. Осыған арналған микроэкономика теориясы өндіріс теориясы деген атау алды (фирма теориясы). Өндіріс теориясы методология жағынан тұтыну теориясымен бірдей, бірақ оның айырмашылығы - зерттелетін категориялардың табиғаты субъективтік - психологиялық емес, объективтік.
Сонымен, Өндірістік орта теориясында зерделенетін субъекті - өндіруші. Өндіруші ретінде (рөлінде) кез келген жеке тұлға болуы мүмкін, бірақ микроэкономикада өндіруші ретінде әдетте фирма болады.
Фирма (итал. Firma - қойылған қол) - санасыз нарық аясында адамдардың саналы ұйымдасу орындары. Фирма - пайда алу мақсатымен сауда қызметін жүзеге асыратын ұйым. Заң тұрғысынан алғанда, фирма - жеке мүлік және мүліктік құқықтары бар шаруашылық бірлік. Фирманың анықтаулары көп. Ол бірнеше адамнан ғана тұратын ұсақ кәсіпорын немесе дүние жүзінде филиалдары бар көпмиллионды бірлестік болуы мүмкін. Қазір дүние жүзінде 40 млн аса фирмалар бар, олардың көбі шағын және орташа бизнес аясына жатады. Фирма қызметінің негізі - өндіріс үдерісі [7, 74б].
Өндіріс - қорларды экономикалық игіліктерге айналдыру үдерісі. Ол игіліктер тура немесе жанама түрде қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Өндірістік ортаға кіретін қорлар өндіріс факторлары болып келеді. Неоклассиктер оларды 4 негізгі топқа бөледі:
1. Жер - табиғи ресурстары
2. Еңбек - өнідіріс үдерісіне кіретін адамдардың ақыл-ой және дене қабілеттілігі
3. Капитал - құнды құруда тікелей қатысатын өндіріс құралдары
4. Кәсіпкерлік қабілеттілік (қызмет) пайда табу мақсатымен өндірістің басқа факторларын шоғырландыруы бойынша қызмет.
Q = f(L,K),мұнда
L - еңбек
К - капитал
Өндірістің әр нақты үдерісі (процесі) технологиясымен - факторлардың белгіленген тұрақты қисынымен сипатталады. Ескеретін жәйт: кейде өндірістің 1 процесі (үдерісі) әр түрлі технологиялардың көмегімен іске асырылады. Өндіріс технологиясы (оның жетілдіруі) қорлардың нәтижелі пайдалануын қамтамасыз ететін негізгі факторы болып табылады. Нәтижелілік категориясын анықтауында 2 амалды айырады: экономикалық және технологиялық нәтижелілік. Факторлардың аз санын пайдалана (тарта) отырып, тапсырылған шығару көлеміне жеткен өндіріс тәсілі технологиялық нәтижелі деп саналады. Жұмсалған қорлар көлемі мен осы технология шеңберінде шығарылған өнім көлемі араларындағы тәуелділікті өндірістік функция көрсетеді. Оның жалпы түрі келесі: Q = f(Х1, Х2, Х3,...Хn)
Онда Q - шығару көлемі
Х1, Х2, Х3,...Хn - өндіріс факторлары
Барлық өндірістік функциялар жалпы қасиеттерге ие:
1. Әр қайсысы нақты өндірістік процесті (үдерісті) баяндайды, технологияның өзгеруі өндірістік функцияның түрін өзгертеді.
2. Функцияның ішіндегі өндіріс факторлары өзара ауыстыралады - бұл неоклассикалық экономика теориясының негізгі қағидаларының бірі.
3. Өндірістік функция факторлардың тек қана технологиялық нәтижелі қисындарын баяндайды.
4. Өндірістік функция шығарудың тек қана ең жоғары мүмкін болатын мағыналарын көрсетеді. Өндірістік теориясында әдетте 2 факторлы өндірістік функциясы (Кобба - Дуглас функциясы) пайдаланады, онда өндірістің 2 факторын - еңбек пен капиталды тарту есебінде шығару іске асырылады.
Экономикалық нәтижелілік - кеңдеу ұғым. Тартылған өндіріс факторларының баламалы құны ең аз болған технологиялық нәтижелі өндіріс экономикалық нәтижелі деп саналады.

2.1 Өндірістің ішкі ортасы
Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылган өнімді ішіп-жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін ңалайды.
Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:
- ұйымдық бірлік: кәсіпорын - бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және басқару жөнімен ұйымдасқан ұйым;
- белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық ресурстарды біріктіреді;
- мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір мақсатқа жеке пайдаланады;
- мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
- кәсіпорындара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілдік формасына негізделеді;
- шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;
- оперативті-шаруашылық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі түрлі мәмілелерді және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі алады немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жаіт&йын және өндірісті одан әрі дамытуын жақсартады [8, 37б].
Өндіріс жоспарлы немесе әкімшіл-әміршілдік экономика жағдайында мына тәсілмен жұмыс істейді:
Ресурстар
Өндіру
Өткізілім
Бұл тәсілде ең негіздісі - ресурстар, атап айтқанда, олар шектеулі өнім шығарылымының көлемі болып саналады. Сонымен, жоспарлы экономика жағдайында кәсіпорындарда өнім шығарылымының көлемі мемлекеттің оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншілігіне байланысты болады.
Қазақстан кәсіпорындарының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бұл жөніндегі жағдай түбірінен өзгерді. Кәсіпорындар бүгінде бүтіндей қарама-қарсы басқа тәсілде жұмыс істеуге мәжбүр болды:
Өткізілім
Өндіру
Ресурстар
Бұл тәсілде негіздісі - сатып алушылардың сұраны-сьт, яғни өзінің өнімдерін өткізу. Ол үшін нарық жағ-даятын, сатып алушылардың сұрау салуларын, нарың сиымдылыгын, әлуетті бәсекелес өнімдері сапалылыгының және т.б. нарыңтық экономика үшін сипатталатын сұрақтарын үйрену қажет.
Жасыратыны жоң, көптеген отандық кәсіпорындар түрлі себептермен аталған тәсілмен жұмыс істеуге ңа-білетсіздігін көрсетті және де дайын емес еді, олардың ішінде кәсіпорындардың басшылары жаңа тәсілге, ал кей-біреулері өтіп жатңан қайта ңұру реформасының ма-ңыздылығына түсінбеді, қайтадан жоспарлы экономика дәуіріне қайтып келуіне үміттенді және күтті де.
- КСРО-ның ыдырауы өндірістік және кооперативтік байланыстардың бүзылуына әкеліп содтырды;
- нарықтың қатынастарга өту инфляцияға және шектен тыс инфляцияға жалғасып, кәсіпорынның түраңты жүмыс істеуіне, әсіресе оларды айналым қаражаттарымен қамтамасыз етуге айтарлықтай жағдай жасалынбады;
- көптеген отандық кәсіпорындардың өнімдері бәсе-кеге жарамсыз болды;
- көптеген кәсіпорындар әлі де болса нарықтық қа-тынастарга бейімделе алмады;
- Қазақстанның нарығындағы импорттық тауарлар-дың молықтырылуы аз болды;
- өтпелі кезеңде мемлекет Қазакстандағы өркениетті нарықтың жұмыс істеуіяе қажетті жагдай жасай алмады.
Міне, осы және басқа да себептер ақырьшда көптеген кәсіпорындардың қаржы жагдайын нашарлатуга және елімізде экономикалық дағдарысты ұзартуға әкеліп соңтырды.
Өтпелі кезең біздің республика үшін тек жағымсыз салдармен гана емес, сонымен қатар кейбір мезеттермен сипатталады. Атап айтқанда:
- кәсіпорындар бірте-бірте нарыққа бейімделіп, шы-нында сатып алушылардың мұқтажын қанағаттандыра алатын өнімдерді өндіре бастады;
- көптеген кәсіиорындар инфляцияның құлдырауы жағдайында өндіріс шығындарын азайту, өнімдерді өткізу, оның сапасын жақсарту -- ңаржылың оәт-тілікті дұрыс шешудің бірден-бір жолы екенін түсіне бастады;
- нарықтар тауарлармен толыңтырылып, кейбір эконо-микалың салаларда кінәратсыз бәсеке пайда болды [9, 52б].
Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтыд эконо-миканың даму дэрежесіне сәйкес болуға тиіс. Олардың өзгерусіз, бір орында қатып қалуларына болмайды. Кә-сіпорынды басқару икемді, әрқашан басты маңсатқа же-туге және сонымен бірге әрбір наңты кезеңнің ерек-шеліктерін ескеріп отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең зерттеудің негі-зінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын аныңтап, бүл дамуды шагішаңдату үшін өндіріске әсер етудің сол кезең үшін аса маңызды экономикалың тұтңаларын пай-далану болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдагы ең маңызды мақсаты - өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес.
Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне жататындар:
- жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
- өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;
- кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
- ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
- өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
- кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
- баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.
Осы кезеңдегі киындық жағдай Қазақстан экономикасы үшін жақын арада бастан өтеді, кәсіпорындар бірте-бірте қалыпты жұмыс істейді, нарықтық экономикаға тән алға қойылған міндеттер шешіліп, мақсаттарға жетеді, үдемелі қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формаларын, атап айтқанда, кәсіпорындарында шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және құрамдастыру жұмыстары іске асады деп үміттенуге болады.
Кәсіпорынды дамытудағы стратегиялық басқару
Стратегиялық басқару процесі
Мақсатты анықтау
Статегияны таңдау
Ортаны таңдау
Статегияны орындауды бақылау
Статегияның орындалуы
Кәсіпорындарда жүзеге асырылатын процестер
ғылыми зерттеулер, тасу, жобалау, құрастыру, кәдеге жарату, дайындау, қалыпқа келтіру, жөндеу және жаңғырту, уақытша тоқтатып қою және бумалау, бақылау және жарамсыздықтан сақтандыру, тазалау және зарарсыздандыру, қызмет көрсету, қауіпсіздікті алдын алу, сақтау, басқару
Біздің республикада жеке меншік секторы мына төмендегі бөлімшелерден тұрады:
- жеке кәсіпкерлік;
- толық серіктестік;
- коммандиттік (сенімгерлік) серіктестік;
- жауапкершілігі шектеулі қоғам;
- қосымша жауапкершілік жүктелген қоғам;
- ашық акционерлік қоғам;
- жабық акционерлік қоғам;
- өндірістік кооперативтер.
Жеке кәсіпкерлік - бұл жеке кәсіпкерліктің ең жай нысаны, мұнымен айналысуға әрекетті әрбір азаматтың құқығы бар.
Толық серіктестік - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz