Өнеркәсіп негізінде жүн мен қой етін өндіру
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті
Қой шаруашылығы пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Өнеркәсіп негізінде жүн мен қой етін өндіру
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
І. Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қойларды азықтандыру және бордақылау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2. Жүн шикізатының түрлері және қой жүнінің негізгі топтары ... ... ... ... ...11
2.3. Жүнді өнеркәсіптік өңдеудің негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.4. Қойды қырқудың технологиялық картасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.5. Қой жүнінің дайындау стандарттары және жүнді классқа бөлу ... ... ... ... 21
2.6. Қой еті және оны өндіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.7. Қозыларды жайып семірту, ет өнімділігі және сапасы ... ... ... ... ... ... ... . ..26
2.7. Жарамсыздыққа шығарылған саулықтарды бордақылау , ет өнімділігі және өндірілген қой етінің қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
І. Кіріспе бөлім
Қазіргі жағдай елімізде қой шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамытып, қой өнімдерін өңдеу технологиясын жетілдірудің мәні зор екенін дәлелдейді. Қой шаруашылығын нарық заманына экономикалық жағынан тиімді етіп өсірудің кілті, ғылым мен озық тәжірибенің берік бірлігінде. Соңғы жылдарда дүние жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарыда қой жөніндегі ғылым да сан алуан жаңалықтармен, жаңа технологиялармен, селекция әдістерімен байытылды. Соның ішінде қой шаруашылығының қазіргі таңдағы жетістіктерін әрі қарай жетілдіріу мақсатында жас мамандарға тәжірибелік жұмыстар жүргізіп өз білімдерін жетілдіру мәселесі алда тұр. Осыған байланысты бұл кітапта алға қойылған мақсат тәуелсіз мемлекетіміздің мал шаруашылығына маман дайындайтын оқу орындары мен факультеттерінің студенттеріне пән бойынша алған білімдерін тереңдетуге, зертханалық сабақтарды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ұштастыруға сонымен бірге сабақтан тыс уақытта өздігінен дайындалуға да арналған.
Қазақстан - қой шаруашылығы өркендеген мемлекет ТМД елдеріндегі бүкіл қой санының 28%-ті бізде шоғырланған, қой етінін төрттен бірі бізде өндіріледі, жүннің бестен бірі, барлық қаракөл елтірісінің үштен бірі Қазақстанда өндіріледі.
Қой басқа малға қарағанда шөл, шөлейт, құмайт, таулы-тасты жерлердің жайылымдарында жақсы жайылады. Ал Қазақстанда ондай жайылымдар көп.
Бірден-бір арзан және ең бағалы негізгі азықтың көзі жайылымдағы жасыл шөп болып табылады. Қысқы және жазғы жайылымдарды тиімді пайдалану, қойды қалыпты азықтандыруға мүмкіншілік туғызады.
Қой шаруашылығы - ата-бабамыз ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде ежелден дамыған мал шаруашылығының саласы. Ғасырлар бойы қой өсіріп, қоймен тіршілік еткендіктен, бұл саладан халқымыздың тұрмысына қажетті көптеген өнім өндіріледі. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім-кешекке, қиы отқа, түяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, құйрық майы емге, елтірісі жағаға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады.
Қойдың өте көп жерге тарап, кез келген халықтың өсіретіндігінде себеп-салдар жоқ емес, соның ең бастысы қойдың алуан-алуан табиғи жағдайларға төзімділігі, бейімділігі.
Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния ілімі мен технологиясын жақсы қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ, көп қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады.
Нарықтық экономика жағдайында, өндірістің экономикалық тиімділігі өнімнің бәсекелестігі, ең алдыңғы меже болып тұрғанда ғылыми дәйектелген жаңа алдыңғы дәрежелі технологияны жасау, ендіру, сала ісін жүргізуде қой етін және жүн өндіру үшін, қойдың толық биологиялық мүмкіндігін пайдалану кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан сапалы қозы және жас қой етін өндіру кезінде, қозылар мен еркек тоқтыларды олардың жас ағзасының өсу қуаттылығын толық пайдалануға негізделген, жайып семірту және бордақылаудың қарқындылығын арттырудың маңызы зор.
Азықтандырудың қолайлы жағдайын жасау және өсіру кезіндегі күтімі, жайып семіртумен, бордақылауға жұмсалатын азықты, жұмыс күшін, неғұр-лым үнемдеуді қамтамассыз етеді және өндірістің тиімділігін жоғарылатады. Қазақстан Республикасында оның кең байтақ жері мен табиғи климаттылық жағдайының алуан түрлілігі, экономикалық және басқа себептерге байланысты қарқынды технология жергілікті жағдайлары мен қорларды терең білуге құрылғаны жөн.
Курстық жұмыстың мақсаты - қойларды өнеркәсіптік негізде пайдалану, қой өнімдерінің, жүні мен етінің өнімділігімен танысу. Ауыл шаруашылық малдары пәнінен алынған білімді тереңдету.
Курстық жұмыстың міндеттері - қой өсіру ерекшеліктері, қой етін өндіру және ет сапасын жақсартудың, қой жүнін, терісін көбейтудің басты ерекшеліктерімен таныстыру.
1.1. Әдебиетке шолу
Арзуманян Е. А., Бегучев А. И., Ссловьев А. А.,ФандееваБ.В. (1984) деректерінде етті-жүнді бағыттағы биязы жүнді оңтүстік-қазақ мериносы тұқымына жататын қойлар өсірілетін Оңтүстік Қазақстан обылысының тау бөктері және таулы аймақтары, ауаны ластайтын ауыр металл тұздарын бөлетін өнеркәсіп орындарының жоқтығымен және ауа райының экологиялық тұрғыдан қарағанда тіршілікке қолайлылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар тау етегіндегі және таудағы жайылымдар шамадан тыс қолданғанда жерді ластайтын, гербидцидтермен және азотты заттармен өңделмеген.
Васильев Н.А., Цемотин В.К. (1990) деректерінде құйрықты қой тұқымдарынан түсетін өнімдердің халық мұқтажына пайдалануда маңызы ерекше зор екені барлық деректерде толық келтірілген. Әсіресе, құйрықты қойдан алынатын ет өнімі, оның сапасы, қой дың бордақылау немесе жайылымда семірту кезіндегі биологиялық ерекшеліктері жайлы еңбектерінен жан-жақты мағлұматтар алуға болады.
Зарпуллаев Ш.Н., Егемкулов Н., Хожамжаров О. (2006) зерттеулеріне қарағанда Кейбір биязы қой тұқымдарын өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтарда ең бірінші ұрықтандыруды 2,5 жаста жүргізуді ұсынады. Мұндай жаста алғаш ұрықтандырылғандарды тұсақ (переярка) деп атайды. 2,5 жаста алғаш ұрықтандыруға барған малдар тек өмірінің бірінші жылында дұрыс азықтанбағаннан немесе ауырғаннан дұрыс өспей қалу жағдайына байланысты болады. Ал барлық басқа жағдайларда жыныстық-жастық топқа тұсақтар тиімсіз. Барлық тұқымдар үшін ұрғашы тоқтыларды алғаш ұрықтандыруға 12-18 айлық жаста жіберу ұсынылады.Және олардың тірі салмағы ересек саулық салмағының 70-80 %-ын құрауы тиіс. Шағылыстырудың еркін, үйірлі, кластық, қолдан және жасанды түрлері қолданылады. Еркін шағылыстыруда саулықтар мен қошқарларды жалпы табында 1,5-2 ай ұстайды. Күйге келген саулықтар шағылысу кезеңінің кез келген уақытында адамның бақылауынсыз шағылыса береді. Еркін шағылысу кезінде асыл тұқымдық уақыттың аздығына байланысты аталықтар тез шаршайды. Әрбір 100 саулыққа 3-4 аталық қажет. Егер саулықтар табынына бірнеше аталықты жіберсе, онда оларды екі топқа бөліп, оларды саулықтарға күнара кезекпен жіберу қажет. Сонымен қатар қошқарларды түнде саулықтарға қосып, күндіз бөліп алып, азықтандырып отыруға болады, ал егер саулықтар жайылымда бағып күтілсе, онда қошқарларды табынға күндіз жіберіп, түнде азықтандырады.
Кусаинов А.К., Нуров И.А (1992) зерттеулерінде бір ай жайып семірткеннен кейін қозылар ең соңғы бордақылауға қойылды. Сонымен қозылар екі топқа бөлінді. Бақылау тобындағы қозылардың жем-шөп мөлшерінде алғашқы кезеңде (30 күнде) 0,9 кг жоңышқа, 0,1 кг сабан, 0,65 кг құнарлы жем, (60% бидай дәні қалдығы + 40% арпа дәні), ал сонан кейін мәрелі кезеңде (30 күн) - 1,0 кг жоңышқа, 0,2 кг сабан және 0,75 кг құнарлы жем берілді. Тәжірибе тобындағығылардың азық құрамының тәуліктік үлесінен жоңышқаны 300 г азайтып (30%), ал оның орнына ұрығын жинап алынғаннан кейінгі қалған мақсары қалдығы берілді. Мәрелі кездегі азық құрамының қоректілігінің құндылығы бақылау тобындағыларда 1,15, ал тәжірибе тобында-ғылардікі 1,17 азықтық өлшемді құрады.
Медеубеков К.У. (1990) зерттеулерінде қой етінің өнімділігі көктемгі жайып семірту кезінде тоқтылар ұшасының өсуі, негізінен сүйек бұлшық еттерінің (3,19 кг), майдың шырлануы (0,89 кг) және аз мөлшерде ұшаның қаңқа сүйектерінің өсуі (0,47 кг) есебінен жүрді. Бұл уақыттарда ұшаның еттілігін қалыптастыратын ұлпалардың өсу қарқынымен жиілігі біркелкі болмайды. 54-күндік жайып семірту кезінде майдың шырлануымен сүйек бұлшық етерінің өсу коэффициенті тиісінше 2,85 және 1,40 болса, ұшаның сүйек қаңқасындағысы тек қана 1,18 құрады, осыған байланысты еттілік, бұлшық ет-сүйектерінің ара қатынасы коэффициенті тиісінше 3,19 және 3,01 бірліктен 4,01 және 3,58 бірлікке дейін жоғарылады.
Мырзабеков С. Ш., Ерохин А. (2005) ет өнімділігінің өзгерістерінің ерекшеліктерін зерттеу мақсатында, қырқымнан кейін оңтүстік қазақ мериносы тұқымының биязы жүнді тоқтылардан тәжірибе тобы жасақталды, оларды бақылауға қойылғандағы тірілей салмағы 36,8+-0,55 кг, ал қырқылған кездегі жүннің орташа салмағы 3,4+-0,06 кг болды. Тоқтыларды қырқа салысымен салмағын анықтап, 22- мамырдан бастап олардың денесінің өсуіне бақылау жүргізді. Тоқтыларды суару таңертең және түс ауа тау өзенінде жүргізілді. Жас қойлардың жазғы күннің ыстығына шыдамайтындығы ескеріліп таңертеңгі сағат 600-700- де жайылымға шығарылды. Күндізгі сағат 1130 жайылым тоқтатылып малдар сағат1500 дейін жел тиетін дөңестеу жерде демалыста болды. Сағат 1500 кейін малдар жайылымға шығарылып онда сағат 21-2200 дейін жайылды.
Николаев А. И., Ерохин А. И. (1987) зерттеулерінде Қой тұқымдарының көбі көбеюге жыл мезгілінің белгілі бір мерзімінде - әдетте күз айларында (қыркүйек- қараша). Жыныстық күйге келеді. Қойлардың жыныстық күйлеуінің қайталану кезеңі- жыныстық циклы - орта есеппен 16-17 тәулік. Саулықтардың буаздығының ұзақтығы + орташа 5 ай, сүт ему кезеңі - 3-4 ай, саулықтары ұдайы өсіруге немесе саууға пайдаланғанда бұл мерзім 45-60 күнге қысқарады. Қойлардың желіні жақсы дамыған, әдетте екі емшектегі болып келеді, бірақ кейде, көп емшектілері де кездеседі, мұндай саулықтар сүтті болып келетіні анықталған. Қой малдарын басқа үй жануарларымен ұстауға болатындығы жайылым, азық және қора жайды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қойдан - ет, май, сүт, жүн, тондық- мехтың қой терісін, елтірі сияқты әр түрлі өнімдер өндіріледі.
Рахимжанов Ж.А., Сабденов К.С., Кусайнов А.К. (1997) зерттеулерінде азықтандыру - қойдың ет өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалады.
Сабденов К.С, Абдуллаев М.А., Шауенов С.К. (1991) мағлұматтары бойынша азықтағы қоректік заттар мал организмінің тіршілігіне қажет энергия мен құрылымдық қосындылар жеткізуші көзі болып табылады. Демек олар тірі организмнің қоршаған орта жағдайына бейімделіп өсіп өніп ұрықтанып көбейіп, өнім өндіруінің негізгі факторлары ретінде қызмет атқарады. Жоғарыда айтылғандай, азықтағы қоректік заттар энергетикалық және құрылымдық қосындыларға бөлінуіне шартты түрде қарау керек, өйткені олар негізгі функциясымен қатар тіршілік кажеттілігіне байланысты басқа да қызметке жұмсалады. Қоректік заттардың маңызы мен атқаратын қызметі мал мен кұс түріне байланысты да өзгереді. Айталық, карапайым қарынды мал түзуге тек белок азотын қосындыларды пайдалана алатын болса, күрделі қарынды күйіс қайыратын мал алдыңғы қарын микроорганизмдерінің көмегімен басқа да азотты заттар аммиагін игереді. Сол микроорганизмдер қатысуымен олар басқа мал мен құс қорыта алмайтын азық жасунығын жақсы қорытып, өсімдік көмірсуларының энергетикалық қуаттылығын толығырақ пайдаланады.
Садыкулов Т. С., Ким Г. Л. т.б. (1999) деректерінде тек жоңышқа шөбін бергенде қой 100 кг тірілей салмағына 2,1 кг-дай құрғақ зат қабылдайды, ал әр түрлі азық бергенде (астық тұқымдастар мен бұршақ тұқымдастар шөбі, дән мен қызылша) рациондағы құрғақ заттың желінуі мөлшері артып, 2,3-2,7, кейде тіпті 3 кг-ға дейін жетеді. Ал енді қой организміне түсетін қоректік заттардың мөлшерін арттыру үшін, азықтың желіну пайызын көбейтуге тырыспай, қорытылу коэффициентін жоғарылатуға ұмтылу керек; ол үшін рационға құнарлы, сапалы азық енгізу қажет.
Садықұлов Т. С., Бексеитов Т. К.(2009) мағлұматтарына сәйкес буаз және сүтті саулықтардың рационында жеңіл еритін углеводтардың жеткіліксіз болуы эндогендік авитаминоздың өршуіне себепкер болатындығы, минерал заттарының сіңімділігін төмендететіндігі, белоктың пайдалануын кемітетіндігі туралы болжам айтты. Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы П.Н.Коршаковтың (1983)зерттеулері, жүннің беріктігі, созылғыштығы, серпімділігі сияқты қасиеттері осы микроэлементке тікелей байланысты екенін дәлелдеді. Мал азығында кобальт жеткілікті болса, малдың асқазан, ішек-қарын жолындағы бактерияның мөлшері бір жарым-екі есе көбейеді, ал мұның өзі мал организміндегі клеккалардың пайда болып, жетіле беруіне көмектеседі. Сөйтіп кобальт әсерімен организмдегі белоктың синтезі күшейіп, жүн неғұрлым жедел өсетін болады.
Целютин В. Н., Деревянко О. Ф. (1990) деректерінде электоральді меринос жүні өте жоғары бағаланды, бірақ жүні өте жіңішкелігінің бір жақты ұлғаюы конституциялық әлсіреуіне, қойдың нәзіктелуіне, сүттілгі мен иөлдегіштігінің төмендеуіне әкеледі. Олар кез - келген ауруға шалдыққан күйге ұшырамай бастады. Бүкіл қой табыны трабер ауруымен құрыды. Осының бәрі қойлардың, осы типтегі едәуір мықты әрі өнімді негретти және инфолтада, мериностары мен ауысына әкеледі. Осындай жағдайға ХІХ ғасырдың ортасында Ресейдің оңтүстік аймағында қой мамандары ағаынды Мазаевтар шығарған. Мазаев қой тұқым ұшырады. Бұл мериностарды шығарғанда көп көңіл тек жүн ұзындығы мен жіңішкелігіне аударылды,нәтижесінде, бұл белгі бойынша бір жақты сұрыптау Мазаев қойларының жоғары бағаланатын ірі, ұзын меринос жүні өндірілді, бірақ, артынша, сүйектің күрт жіңішкеруі, конституциясының әлсіреуі көрініс тауып, қойлар жаппай трабер ауруына ұшырады, соңында көптеген мазаев қой тұқымы табындары өлді. Мазаев қой тұқымы конституциясын бекіту үшін П.Н. кулешов мықты және тіпті сөлекет конституциялы (бальдебуковск типі) рамбулье қойларымен будандастыруды ұсынды.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қойларды азықтандыру және бордақылау
Қойды бордақылау, әсіресе жас еркек тоқтылармен қозыларды бордақылау қой етінің сапасын жақсартудың, өндірісін жоғарылатудың мол қоры болып табылады.
Бір ай жайып семірткеннен кейін қозылар ең соңғы бордақылауға қойылды. Сонымен қозылар екі топқа бөлінді. Бақылау тобындағы қозылардың жем-шөп мөлшерінде алғашқы кезеңде (30 күнде) 0,9 кг жоңышқа, 0,1 кг сабан, 0,65 кг құнарлы жем, (60% бидай дәні қалдығы + 40% арпа дәні), ал сонан кейін мәрелі кезеңде (30 күн) - 1,0 кг жоңышқа, 0,2 кг сабан және 0,75 кг құнарлы жем берілді. Тәжірибе тобындағығылардың азық құрамының тәуліктік үлесінен жоңышқаны 300 г азайтып (30%), ал оның орнына ұрығын жинап алынғаннан кейінгі қалған мақсары қалдығы берілді. Мәрелі кездегі азық құрамының қоректілігінің құндылығы бақылау тобындағыларда 1,15, ал тәжірибе тобында-ғылардікі 1,17 азықтық өлшемді құрады.
60 күндік бордақылау кезінде бақылау және тәжірибе тобындағы қозылардың тірілей салмағы тиісінше 24,9 және 25 кг- нан 33,7 және 34,7 кг- ға жоғарылады, болмаса 8,8 және 9,7 кг-ға артты. Бұл уақытта тәжірибе тобындағы қозылардың салмағының өсуі бақылау тобына қарағанда жоғары болды және орташа тәуліктік өсімі салмағы тиісінше 162 және 147 граммды құрады. 1кг тірі салмақ өсіміне 7,2-7,8 азықтық өлшем жұмсалды. Тәжірибе тобындағы қозылардың 1 кг тірілей салмақ өсіміне 7,2 азықтық өлшем жұмсалды, бұл бақылау тобындағы қозыларға жұмсалған азықтық өлшемге қарағанда 0,6 азықтық өлшемге аз, болмаса 7,8% пайызға кем. Бордақылау кезінде тәжірибе тобындағы қозылардың салмағының өсімі жедел түрде жүрді және олардың орташа тәуліктік өсімі 162 г жетті, бұл бақылау тобындағы тұрғыластарынан 15 г артық болмаса, 10% пайызға жоғары.
60 күндік бордақылау кезінде қозылардың ұшасының салмағы 10,2 кг-нан 14,8-15,2 кг-ға дейін болмаса 1,45-1,49 есеге өсті. Ұшаның шығымы 41 пайыздан 43,7-43,9 пайызға жоғарылап, жоғарғы қоңдылықтағы қойларға қойылатын талап мөлшерінен едәуір артық болды. Қозылардың ағзасында іш майдың шырлануы біршама жедел түрде жүрді (3,5-3,6 есе), сондықтан сойыс шығымы айтарлықтай 41,9 дан 46,2% пайызға өсті.
Дененің таза салмағына шаққанда тәжірибе тобындағы қозылардың ұшасы-ның шығымы мен сойыс шығымы 52,8 және 55,6%, бақылау тобындағы тұрғыластарына қарағанда едәуір жоғары (50,1 және 53,9 %) болды.
Бордақылау барысында бұлшық еттердің жеделдете өсуі, әсіресе майдың шырлануы (1,40-1,42 және 3,25-3,3 есе), ұшаның қаңқа сүйектеріне қарағанда (1,21-1,23 есе) жоғары болды. Осыған байланысты еттілік коэффициенті, бұлшық ет-сүйек ара қатынасы көрсеткіші 3,64 және 3,19 бірліктерден 4,9-4,93 және 3,70 бірліктерге дейін күрт жоғарылады.
Бордақылау барысында жұмсақ еттегі судың құрамы әжептеуір 68,5 пайыздан 56,1-56,8 пайызға дейін кемиді, ал майдың үлестік салмағы керісінше 13,5 пайыздан 28-28,5% пайызға дейін едәуір ұлғайды.
Майдың жедел шырлануына байланысты ұшаның 1 кг жұмсақ етіндегі қуаттың құндылығы 9,3 мегаджоулдан 14,5-15 мегаджоулге дейін едәуір жоғарылады.
Бақылау тобы мен тәжірибе тобындағы қозылардың ұшасы және ұшаның жұмсақ еті химиялық және морфологиялық құрамы жөнінен айтарлықтай өзгеріске ұшырамады.
Қазіргі уақытта экологиялық таза өнім өндіру күрделі мәселе болып отыр, сондықтан мал ағзасына зиянды қоспалардың, ауа болмаса, азық арқылы түспеуін болдырмаудың және өндірілген етте осы заттардың болуын анықтау маңызды мәселе болып тұр.
Қойды жасына қарай бордақылайды. Бордақылаудағы отарларды ертеңгі салқынмен сағат 5-тен 10-11ге дейін жайып, суарып, 11 -- 12-ден бастагг 16 -- 17-ге дейін желдетілетін биіктеу жерде, мүмкіншілігінше көлеңкеде күйістетіп, кешкі салқынмен 16 -- 17-ден 21 -- 22-ге дейін суарып жаяды. Олардың күнделікті азықтандыру деңгейі орташа тәуліктік салмақ косуына сәйкес келеді (1-кесте). Бордақылау үшін құрамы 75 -- 80% ірі азықтардан, оның 40 -- 45% сабаннан, 20 -- 25% құнарлы жемнен тұратын түйіршіктерді қолдануға болады. Олардың азықтандыру нормасы кестеде көрсетілген.
1-кесте. Сақа қойларды бордақылау нормасы, (тәулігіне бір басқа)
Көрсеткіштер
Жүнді және жүнді етті тұқымдар
Етті-жүнді тұқымдар
Тірілей саламағы, кг
40
50
60
40
50
60
Орташа тәуліктік салмақ қосымы, г
150
160
170
170
180
190
Азық өлшемі
1,3
1,4
1,5
1,5
1,6
1,7
Алмасу энергиясы, МДж
14,8
15,9
17,1
16,5
17,6
18,7
Құрғақ заты, кг
1,6
2,0
2,4
1,9
2,2
2,4
Шикі протеин, г
182
195
210
200
210
225
Қорытылатын прот, г
117
125
135
130
135
145
Ас тұзы, г
15
16
17
16
17
18
Кальций, г
7,8
8,4
9,0
9,0
9,6
10,0
Фосфор, г
5,2
5,6
6,0
4,5
4,8
5,0
Магний, г
0,6
0,7
0,8
0,5
0,7
0,8
Күкірт, г
4,5
4,9
5,2
3,0
3,4
3,8
Каротин, мг
10
11
12
12
13
14
Д витамині, ХӨ
585
630
675
530
550
580
2.2. Жүн шикізатының түрлері және қой жүнінің негізгі топтары
Қойдың жүнің түрлі талшықтарының қатынасына байланысты біртекті (биязы және жартылай биязы жүнді) және әртекті (қылшық және жартылай қылшық жүнді) деп бөледі.
1- Сурет Биязы жүн 2 - Сурет Биязылау жүн
3- Сурет Жартылай қылшық жүн 4 - Сурет Қылшық жүн
Қой жүні сапасы жағынан бірқалыпты болып келмейді. Бұл айырмашылық жүн талшықтарының ұзындығына мен жіңішкелігіне, иректігі мен серпімділігіне, гистологиялық құрылысына т.б. мен мал денесінде орналасу ретіне байланысты. Осындай айырмашылықтарға сүйене отырып, ғылыми тұрғыдан жүн талшықтарының көптеген түрлері анықталған. Біз солардың көп тараған негізгі түрлеріне тоқталып, сипаттап өтейік.
Қой жүнінде негізінен төрт түрлі жүн талшықтары болады:
1) қылқан төріздес қысқа жүн талшықтары;
2) қылшық;
3) аралық қылшық;
4) түбіт.
Бір текті емес жүн үлгісіне жүн талшықтарының негізгі түрлерінің проценттік қатынасына талдау жасау техникасы. Салмағы 2-3 кг жүн үлгісін сабын-сода ерітіндісінде (1 литр суға 2 г кальцийленген сода және 3 г 72% шаруашылық сабыны) 45-50 градус температурада жуу қажет. Осы талдау жұмысын жүргізу үшін жүнді сабын-сода ерітіндісінде жуу, жүннен оған жабысып қалған түрлі қоспалардан тазалауды қамтамасыз етеді.
Әрбір үлгінің жүнін жуу үшін, оларды сабын-сода ерітіндісі бар стақандарға салады, шыны таяқшамен абайлап араластыра, жүн талшықтарының тығыздалып қалған түйіндерін, кірленген жерлерді ажыратады. Мұның өзіңде жүн талшықтарының шиеленісіп қалуына жол бермеу қажет. Содан кейін жүнді таяқшамен көтеріп, кір ерітіндіні стақаннан қақпақшалы банкаға салады. Сосын таза басқа стақанға таза ерітінді құяды және жүнді қайталап жуады.
Жуылған жүнді орамалға немесе сүзгіш қағаз парақтары арасынан жақсылап сығады, және кепкенге дейін 5-6 сағат бойы кептіргіш шкафта ұстайды.
Жүннің зерттелетін үлгісінен әрқайсысы 0,3-0,4 гр. орташа сынама алады. Тұлымша өлшеміне байланысты сынама салмағы да оданда көп болуы мүмкін. Сынамалардың бірі - негізгі, екіншісі - бақылау, үшіншісі - қосалқы болады.
Жүннің екі сынамасына ғана талдау жасаса жеткілікті. Әрбір сынаманы тұрақты құрғақ салмаққа дейін кептіру қажет. Ол үшін сынаманы құрғақ салмағы алдын-ала анықталған қақпағы бар стақанға салады. Стақан бетін қақпақпен емін-еркін жабуға болатындай етіп жүнді стақанға салады. Осыдан кейін жүні бар ашық стақанды қақпағымен бірге кептіргіш шкафқа немесе термостатқа салады және 105 градус температурада 1 сағат бойы, температурасын одан әрі жоғарлатпай-ақ кептіреді. Содан кейін стақанды кептіргіш шкафтан жылдам алып шығады да қақпағын жабады және өлшегенге дейін салқындату үшін 15-20 минутқа эксикаторға орналастырады. Стақанды ыстық күйінде өлшеуге болмайды. Жүн салынған стақан суығаннан кейін, оны өлшейді және сол температурада кептіргіш шкафқа салады және берілген тәсілмен кептіріп 0,01 г. дәлдіктегі тұрақты құрғақ салмаққа дейін өлшейді. Жүн сынамасының тұрақты құрғақ салмағы жүн салынған стақан салмағынан қақпағымен стақанның тұрақты құрғақ салмағынан алып тастау арқылы жабады.
Сынаманы өлшеп болған соң, жүнді талшықтарының негізгі түрлері бойынша көзбен шолып, қолмен (жекелеген талшықтарды алу үшін пинцентті қолданады) топтарға : қылшық, түбіт, аралас, өлі талшықтар деп бөледі. Талшықтардың осы аталған әрбір топтарын тұрақты құрғақ салмаққа дейін жеткізеді.
Жүн сынамасының тұрақты құрғақ салмағын сонымен қатар жүн талшықтарының негізгі түрлерінің топтарының тұрақты құрғақ салмағын кестеге жазады, сонымен бір уақытта осы талшықтардың салмағын жүн сынамасының тұрақты құрғақ жалпы салмағынан процентпен есептейді.
Аталған барлық операцияларды (жуу, тұрақты құрғақ салмаққа дейін кептіру, талшықтың негізгі түрлері бойынша бөлу және кестеге жазу) екі сынама - негізгі және бақылау сынамалары бойынша жүргізеді.
Егер негізгі және бақылау сынамаларында түбіт пен қылшық салмағының құрамы, жалпы алынған жүннің 3 абсолюттік проецентінен аспайтын проценттік көрсеткіші көрсетілгенде, талдау қорытындысы дұрыс деп есептелінеді.
Мысалы қылшықтың мөлшері негізгі сынақта 53%, ал бақылау сынамасында 56 % аспағанда, бірақ 50% кем болмаған жағдайда. Мұндай жағдайда талдаудың соңғы нәтижесін бекіту үшін, екі сынама бойынша, әр топ талшықтарының көрсеткіштерінен орташа арифметикалық көрсеткішті алады.
Әр топ талшықтар сынамаларының арасында көрсеткіштердің 3 абсолютті процент айырмашылығы болса, жүннің үшінші (қосалқы) сынамасы бойынша талдау жасау қажет болады.
Ашық түсті жүн сынамаларды талшықтар бойынша қара қағазда, ал қара түсті жүндерді ақ қағазда жіктеу қажет.
Егер жүнді талдау кезінде өсімдік қоспасы, қайызғақ, жүн үзінділері және т.б. түрінде қоқыс қалған жағдайда, оны мұқият жинап, өлшеп, алынған жүн сынамасы массасынан проценттік мөлшерін көрсету қажет. Қоқыс массасы жүнді дұрыс жуғанда және түрлі талшықтарын типтерін топтар бойынша мұқият жіктегенде, барлық сынама массасының 2 % аспауы керек.
Жүн сынамаларын талдауға қажетті уақытты қысқарту мақсатында, негізгі талшықтар типтеріне бөлмес бұрын өлшеудің алдында және содан кейін де үздіксіз құрғақ массаға жеткізбейді, ауалық - құрғақ жағдайдағы жүн сынамалары массаларын алумен шектеледі.
Осы мақсатта жүн сынамаларын басында 30-40 минут аралығында 100 - 1050 температурада кептіретін шкафта кептіреді, ал содан кейін талдау жүргізілетін бөлмеде 3-4 сағатқа қалдырады, содан кейін өлшейді.
Әдістеме оданда жеңілірек болуы мүмкін, бірақ онда талдау нәтижесінің нақтылығы төмендейді. Мұндай жағдайда жүн үлгілерін сабынды - содалы ерітіндіде немесе эфирде бірнеше рет жуады, содан кейін орамалда немесе фильтрлейтін қағаз беттерінің арасында сығады және жүн талдауы жүргізілетін бөлмеде немесе ауа ылғалдылығы ұқсас бөлмеде бірнеше сағат кептіреді.
Жуылған және ауалық-құрғақ жағдайға жеткізілген үлгілерді студенттерге үлгілерді іріктеуге, оларды жүн талшықтарының негізгі топтарына бөліп, өлшеу үшін таратады.
2.3. Жүнді өнеркәсіптік өңдеудің негізгі элементтері
Халық шаруашылығында алынатын барлық жүн тұтынушылар шаруашылық ұйымдары және өнеркәсіптік кәсіпорындар арқылы тура байланыс бойынша мемлекеттік сатып алулар түрінде өткізіледі.
Совхоздарда, колхоздарда және жеке меншік секторында дайындалған жүн, мақсатты тағайындалуына байланысты жүнді бастапқы өңдеу фабрикаларына немесе тарақжүн, шұғалық және киіз өңдеу комбинаттарына түседі. Бастапқы өңдеуден кейін жүн түрлі өндірістерге түседі.
Жүнді мата қылып өңдеу негізінен екі жүйе бойынша жүргізіледі - тарақтау (тарақжүн) және жабдықтық (шұғалық). Өңдеу жүйесін таңдауды анықтайтын негізгі көрсеткіш - жүннің табиғи ұзындығы. Штапель ұзындығы бойынша 5см-ден асатын жүн негізінен тарақтау жүйесі бойынша өңделеді. Екінші көрсеткіші - жүннің өсімдік қоспаларымен қоқыстануы, оларды карбонизациялау әдісімен - жүнді күкірт қышқылының ерітіндісімен өңдеумен жүргізіледі. Карбондалған жүнді тарақжүн өндірісінде сирек қолданады.
Таза талшық шығымы деп, ол алынған жуылмаған жүннің салмағына қалдық компоненттерді есепке ала отыра кондициялық ылғалдықтағы таза талшықтың салмағына проценттік қатынасты айтады.
Таза талшық деп, жүннің барлық түрлері үшін кондициондық ылғалдылығы 17%, жүн негіздемесі 97% және өсімдік қоқысы, минералдық қоспалар және жүн майы (әр қайсысы 1%) - 3% тұратын жуылған жүнді айтады.
Жуылған жүн шығымын зертханалық анықтау үшін үлгілерді таңдау, зерттеу мақсатына байланысты (жекелеген сортименттері бойынша шығымды анықтау, асыл тұқымды малдарға сипаттама беру үшін және т.б.) әр түрлі жүргізіледі.
Жекелеген сұрыптары бойынша жуылған жүн шығымын анықтау кезіңде (тапсырылатын жүн үшін есеп жүргізу үшін) үлгілерді жүннің түрін, тобын, жағдайын және басқадай сипаттамаларын есепке ала отыра әрбір отарды қырқу кезіңде алады.
Кездейсоқ таңдау әдісімен жүнді жіктеу кезіңде бастапқы үлгіні таңдау үшін, әрбір сұрыптың он бесінші немесе жиырмасыншы жүні бөлініп алынады. Егер жүн мөлшері аз болса, онда мөлшерлестік басқа болады, тексерілетін жүн салмағының 1% шамасындағы мөлшері бастапқы үлгі салмағы болуы керек, бірақ ол 10кг-нан артық емес және 2 кг-нан кем болмауы қажет.
Таңдап алынған жүнді бір тегіс қабатпен үстелге қырқылған бетін төмен қаратып, штапелдерін бір-біріне түйісетіндей етіп төсейді. Жүнді сілкілейді және дайындау стандарттарында қарастырылғандай ең төменгі сұрыптардан алады.
Жүннің шағын (салмағы 10-20 г) тұлымдарын бір тегіс алу үшін төселген жүннің бетіне фанерадан, темірден немесе қолайлы басқа материалдан жасалынған трафарет - тор көзді (көлемі 1,5-1,2м) салады. Онда екінші жағы бар немесе диаметрі 15 см төрт бұрышты немесе дөңгелек саңылауларды (тесіктер) жасайды, осы саңылаулардың орталығы 20 см қашықтықта болуы қажет. Трафаретті сыммен тартылған 20х20см төртбұрышты қалыптастыратын ағаш сырық ретінде де жасауға болады.
Жүннің кішірек тұлымдарын әр тесіктің ортасынан іріктейді. Штапелдердің минералды және өсімдік қоспаларын жоғалтып алудын алдын - алу үшін абайлап шығарады. Бұл үшін он қолдың үш саусағымен штапельді іліп алады және сол қолмен жүннің негізгі массасын ұстап тұру арқылы оны алып шығады.
Бір рунадағы үлгі массасы шамамен 100 г-ды құрау қажет.
Іктелген штапельдерді полиэтилен пленкадан немесе тығыз матадан жасалынған қапшықтарға сәйкес сұрыптау бойынша салады. Егер бір сұрыптау бойынша жүн массасы 1 т көп болса, онда екі бастапқы үлгіні іріктейді. Бастапқы үлгі қолмен араластыру немесе тұлмалаушы машинанын көмегімен орташаландырылады. Содан кейін оның барлық массасын тең қабаттап столдың үстіне жазады, трафарет - торшаны жабады және массасы 200 г орташа төрт үлгіні іріктейді: негізгі, параллельді және бақылаушы.
Негізгі және параллельді жууға жіберіледі, ал бақылаушы буып - түйіледі, паспортталып сақтауға тапсырылады. Бақылаушы үлгілер 2 ай аралығында сақталады. Олардың біреуін әдістемеге сәйкес қажет болу шамасына байланысты, ал екіншісін - мемлекеттік инспектор шешімімен жууға пайдаланады.
Жеке қандай да бір жануарлардың таза талшық шығуын анықтау үшін, үлгілер трафарет - торшаны пайдалану арқылы тек рунаны өлшегеннен кейін ғана іріктеледі.
Әрбір рунадан әрқайсысының салмағы 200 г болатын үш үлгі (негізгі, параллельді және бақылаушы) алынады. Үлгілерді нақ 0,1 г болатындай етіп өлшейді. Үлгі бар қапшыққа шаруашылық, жануар саны, тегі, жынысы, руно жүнді және төмен сұрыптағы массасы, іріктеу күні, үлгіні іріктеген тұлғаның қолы көрсетілген паспортты салады.
Іріктелген бір руноның үш үлгісінен зертхана жуғышына екеуі (негізгі және параллельді) түседі, үшіншісін егер алғашқы екі үлгіде таза талшық шығаруда 1 % айырмашылық болған жағдайда жуады.
Жүннің негізгі және параллельді үлгілері жууға бір уақытта түседі. Суға жібіту үшін салар алдында әр үлгіге шартты нөмірі бар жетон салады, оны журналда белгілейді және үлгімен бірге оның өндеу процессіндегі уақытта ұстайды.
Жүн үлгілерін жақсылап және тез жуу үшін, сонымен қатар жуғыш ерітіндіні аз ластау үшін, жуғышқа түскен жүннің барлық үлгілерін алдын - ала 2-3 сағаттай легендер мен шелектерде сулап жібітіп алады. Сулап жібіту үшін температурасы 25-300 С таза суды немесе қолданыста болған 2 және 3-ші бактағы сабынды - содалы ерітіндіні пайдаланады. Су немесе ерітіндінің мөлшері жүн үлгісі суға толығымен бататындай жеткілікті болу керек. Жүн қатты ластанғанда сулап жібіту аралығында ерітіндіні 2-3 рет ауыстыру қажет.
Үлгілерді кезектеп сыйымдылығы 30 л сабынды - содалы бес бөшкеден жуады. Бөшкеден бөшкеге оларды торшаларының диаметрі 3 - 4 мм болатын торлы себетпен ауыстырады. Себетті ерітіндіден алып шыққанда, үлгіні жақсылап сығады және содан кейін себетпен қоса келесі бөшкеге салады.
Жуғыш реагент концентрациясын қажеттілігіне байланысты жоғарлатуға (сабынды және соданы 0,4 % - ға) немесе төмендетуге (0,2 % - ға) рұқсат етіледі.
Сабынды - сулы ерітіндіні дайындауға кететін уақытты үнемдеу үшін, оны алдын - ала айтарлықтай қою қылып жасайды, ал одан жұмыс ерітінділерін дайындайды. Әдетте ерітінді концентрациясын 5 есе жоғарылатады, ол үшін 12 л ыстық суда 160 г сабынды, 160 г соданы ерітеді.
Жұмыс үшін қажетті ерітіндінің қажетті қоюлығын мынадай жолмен алады: бірінші бөшкеге 24 л ыстық су және 6 л концентрленген ерітіндіні құяды, ал ал екінші, үшінші бөшкелерге 12л ыстық су және 3 л қойылтылған ерітіндіні құяды.
Бөшкелерді бір рет толтырғанда массасы 200 г жүннің сегіз үлгісінен артығын жууға болмайды. Содан кейін ерітіндіні ауыстырады, соған қарамастан үшінші бөшкедегі ерітіндіні бірінші деп есептеп қайтадан пайдалануды ұсынады. Төртінші және бесінші бөшкедегі суды оның ластану шамасына байланысты немесе сегіз үлгіні шайғаннан кейін ауыстырады. Жүн үлгілерін жуып шаюды әр бөшкеде кезектеп 5-6 минут жүргізеді. Жуу процессі кезінде үлгіден өсімдік қоспаларын алып тастайды.
Жуу кезінде бірінші бөшкедегі температураны 40-500 С ұстап тұрады, төртінші бөшкеге 38-400 С температурадағы 30 л ыстық суды құяды. Бесінші бөшкеге де бөлме температурасындағы ыстық су құйылады (20 - 250 С).
Жүн үлгісін жуғаннан кейін ЦС - 53 құралмен тұрақты құрғақ массасын анықтауға көшеді. Бұл құралды пайдалану тұрақты құрғақ массасын салқындатқыш аппарат немесе құрғатқыш шкафта кептірудің ұзақ (2 - 2,5 сағ.аралығында) процессіне жүгінбеуге мүмкіндік береді. ЦС - 53 құралы көмегімен жүннің тұрақты құрғақ массасын анықтауға шамамен 5 минут қажет.
Қолмен жақсылап сығылған үлгіні құралдың гильзасына салады. Гильзада жүн поршеньмен жаншылып, тығыздалады, ал қалған су сығылады және ағызушы түтікпен ағып кетеді. Цилиндрдегі қысым 100 кгсм2 жетеді және автоматты түрде 2 минут аралығында сақталады. Содан кейін гильзаны ашып үлгіні алады.
2.4. Қойды қырқудың технологиялық картасы
Қой қырқу маңызды, әрі күрделі науқандық жұмыстардың бірі. Бір жылғы еңбектің қорытындысын шығаратын жауапты кезең. Сондықтан өсірілген жүнді ысырап етпей сапалы күйінде қырқып алып, өңдеп, сорттап әзірлеу мал мамандығының басты міндеті. Қой қырқу науқынына алдын ала дұрыс әзірліктер жасап ұйымдастыра білу керек.
Биязы және аралас жүнді қойларды, қойлар тоңазуға өте сезімтал болатындықтан бір рет көктемде күн жылынғаннан соң қырқады. Жүндері бір тектес емес қойларды жылына екі рет қырқады (көктемде және күзде), ал романдықтарды үш рет (көктемде, жазда және күзде). ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz