Өнім өндіру шығындары, шығындарды азайту жолдары
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Өнім өндіру шығындары, шығындарды азайту жолдары
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж. Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Шығындарды талдамалық топтарда талдау
1.1. Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық шығындарды талдау ... ... ... ... ... 16
2. Өнім өндіру шығындары, шығындарды азайту жолдары
2.1 Өнім өндіруге жұмсалған шығын ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2 Шығындарды төмендету жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН АЗАЙТУ, КӘСІПОРЫН ПАЙДАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Өзіндік құнды азайту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.2 Шығындардың құрылымы мен кәсіпорын пайдасын көбейту ... ... ... ... ... 30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
Кіріспе
Шығындар - бұл фирма өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Фирма шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
-өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететі шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар.
-өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары.
-өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өздерiнiң қаржылық және салықтық мiндеттемелерi бойынша тапқан табыстарымен және ерекшеленгeн мүлiктерiмен жауап бередi. Салық салу жүйесiнiң тиicтi бөлiмiмен қамтылатын бүгiнгi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi 2001 жылғы маусымның 12-сiнде қабылданғaн ҚР Салық кодексiне дейiнгi, жалпыға бiрдей салық есебiне тұру және салық есебiн беру, салық төлеу жүйесiн пайдаланып келген болатын.
Шығындады жүйелі түрде төмендету - кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
-ғылыми-техникалық прогрестің жетітіктерін пайдалану;
-өндіріс және еңбек ұйымдастыруды жетілдіру;
-экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру - бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыу.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімі ету - аруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалан отырып, шикізаттардың әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттыру.

1.1. Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері
Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.
Шығындар - бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
oo өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сақтауға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
oo өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;
oo өндірістің әлеуметтік - мәдени тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.
Өндірістік шығындардың жіктелуі
Сыныптау белгілері
Шығындардың бөлшектенуі
1. Экономикалық элементтер
Шығындардың экономикалық элементтері
2. Өзіндік құнның статьялары
Өзіндік құнның калькуляция статьялары
3. Технологиялық процестерге қатыстылығы
Негізгі, қосымша
4. Құрамы
Бірэлементтік кешенділік
5. Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі
Тікелей, жанама
6. Өндірістік процестегі рөлі
Өндірістік, өндірістен тыс
7. Мақсатқа сәйкес жұмсау
Өндірістік, өндірістік емес
8. Жоспарға қатысу мүмкіншілігі
Жоспарлы, жоспарсыз
9. Өнімнің көлеміне қатысы
Тұрақты, ауыспалы
10. Шығу мерзімділігі
Күнделікті, бір жолғы
11.Дайын өнімге қатысы
Аяқталмаған өнімге кететін шығындар, дайын өнімнің шығындары
Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және тағы басқа.
Ауыспалы шығындар - бұл осы кезеңдегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және тағы басқа. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.
Мысалы:
Салыстырмалы бағада өндірілген өнім көлемі
Өн.өкң қазіргі уақыттағы және салыстырмалы бағаға кестеде көрсетілген бастапқы негізде кәсіпорындарда шығарылған өнім қазіргі және салыстырмалы бағаларының көлемін есептеу керек.
Негізгі мәліметтер
Есептің көрсеткіштері
№
І-гі өнім саны (1 кі тг)ағымдағы өнім саны (шб)т
Ағымдағы өнім саны (Ш.б) тг
сайы-н і-гі өнім саны (бсі тг)
Ағымдағы өндірілген өнім көлемінің бағасы. тг
Салыстырмалы бағадағы өндірілген өнім көлемі (ө.с) тг
1
2
3
4
5 2х3
6 2х4
1
2
3
6
3
2
1000
3000
1000
120
150
110
6000
9000
2000
720
450
220
Жиынтығы 17000 1390
Зиянсыз нүктені есептеу.
Смета бойынша белгілі өнім түрін өндірудегі өзгермелі шығыны 300,0 тұрақты шығын 200,0 тг құрды, егер өнімнің баға бірлігі 125,0 тг болса зиянсыз нүктені есептеу керек.
ӨС =(ӨШ + ШТШ) : ББ
ӨС =(300,0 + 200,0) : 125 =400 ДАНА
Мұндағы:
ӨШ - өзгермелі шығын
ШТШ - тұрақты шығын
ББ - өнім бірлігінің бағасы
өнім бағасының 125 тг
1.2 Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық шығындарды талдау
Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық шығындарды талдау, есепке алу және жоспарлау мақсатымен, сонымен қатар әртүрлі кәсіпорындарда өндірілетін өнімнің өзіндік құнын салыстыру үшін бірі - бірі толықтырушы екі жіктеу тәсілі қолданылады:
Элементтер және калькуляциялық баптары бойынша.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар өздерінің экономикалық мазмұны бойынша келесі элменттерге топтастырылады:
1. Негізгі шикізат және материалдар;
2. Көмекші материалдар;
3. Отын (сырттан әкелінетін);
4. Энергия (сырттан әкелінетін);
5. Өндірістік персонал жалақысының шығындары;
6. Әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар;
7. Амортизациялық аударымдар;
8. тағы басқа шығындар.
Материалдар (материалдық шығындар) элементінің құрамына құндар кіреді:
oo өндірілетін өнімнің құрамына жататын, оның негізін құрайтын шикізат пен материалдардың;
oo өндіріс үрдісінде қолданылатын, сатып алынған материалдардың;
oo қалыпты технологиялық үрдісті қамтамасыз ету үшін қажетті бұйымдардың;
oo материалдық ресурстарды жеткізумен байланысты шығындардың құны.
Материалдық шығындарға қайтатын қалдықтардың құны қосылмайды.
Қайтқан қалдықтар деп - өнімді өндіру үрдісінде қалыптасқан, бастапқы қасиеттерін толығымен немесе жарым-жартылай жоғалтқан және осыған байланысты жоғары шығынмен (өнім шығыны азайғанда) пайдаланылатын немесе өз орнында
Тіпті пайдаланылмайтын шикізат материалдар, жартылай фабрикаттар мен материалдық ресурстардың және тағы басқа түрлерінің қалдықтарын айтады.
Тағайындалған технологияға сәйкес басқа өнім түрлерін өндіру үшін толық бағалы материал ретінде өзге цехтарға жіберілетін, материалдық ресустардың қалдықтары өндірістік қалдықтарға жатпайды.
Жалақы шығындары элементінде негізгі өндірістік персоналдың жалақысы, оған қоса өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйақылар, ынталандырушы және орын толтырушы төлемдер, сонымен бірге негізгі қызметке қатысатын, кәсіпорынның штатында тіркелмеген жұмысшылардың жалақысының шығындары бейнеленеді.
Еңбекақы шығындарының құрамына мыналар кіреді:
- кәсіпорында қабылданған еңбекақы төлеу нышаны мен жүйелеріне сәйкес, кесімді бағалар, тарифтік ставкалар мен лауазымдық жалақы мөлшерлеріне қарай белгіленетін, орындалған жұмыс үшін жалақы төлемдері, жұмыскерлерге еңбектері үшін натуралды түрде берілетін өнімнің құны;
- ынталандырушы сипаттағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйақылар, кәсіптік шеберлігі және тағы басқа үшін тарифтік ставкалар мен жалақыға қосылатын үстемелер;
- жұмыс тәртібі және еңбек жағдайларымен байланысты орнын толтырушы сипаттағы төлемдер, соның ішінде түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімінен тыс, көп ауысымдық тәртіптегі жұмыстар, демалыс пен мереке күндеріндегі жұмыс, бірнеше жұмысты қатар атқарғаны үшін, ауыр, зиынды және ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін тарифтік ставкалар мен жалақыларға қосылатын үстемелер мен қосымша төлемдер;
- заңға сәйкес тегін көрсетілетін коммуналды қызметтер, тамақтандырудың және кәсіпорын жұмыскерлеріне берілетін тегін үй шығындарының құны;
Кезекті және қосымша демалыстар ақысы (пайдаланылмай қалған демалыстың), сонымен қатар мемлекеттік міндеттерді орындау мен медициналық байқаудан өтуге байланысты кеткен уақыттың ақысын төлеу;
Жеке иелікке тегін берілетін (арнайы киім, киім - кешекті қоса алғанда) заттардың құны;
- жұмыскерлер санының қысқаруымен байланысты төлемдер; көп жылғы еңбегі үшін берілетін біржолғы сыйақылар (кәсіпорында мамандығы бойынша жұмыс стажы үшін қосылатын үстемелер);
- басқа кәсіпорындардан ауысып келген жұмыскерлерге нақты бір мерзім ішінде лауазымдық жалақы мөлшерін сақтауға байланысты төленетін жалақы айырмасы.
Әлеуметтік мұқтаждықтарға, мысалы әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар белгілі бір мөлшерлер бойынша еңбекақы қорынан жүргізіледі. Бұл мөлшерлердің көлемі заң тәртібімен тағайындалады және қайта қаралуы мүмкін.
Негізгі қорлар амортизациясына барлық амортизациялық аударымдар жатады.
Бастапқы төрт элемент өзінің экономикалық мазмұны жағынан толығымен біртектес болып табылады. Шартты түрде тағы басқа шығындар деп аталатын соңғы топ өзінше ерекше. Бұл топқа шығындардың өзге элементтерінің қай қайсысына да қосуға болмайтын, өздерінің экономикалық құрамы жағынан әртүрлі шығындар кіреді. Бұл пайыз бойынша төлемдер, материалдық емес активтердің тозығы, іс-сапар шығындары, өкілдік шығындары, жарнама шығындары, кадрлар дайындау шығындары тағы басқа.
Шығындар элементтері бойынша есептелген өзіндік құн өнімнің қандай нақты түріне пайдаланылғанына байланыссыз өндірістік бағдарламаны орындау үшін тұтынылған ресустардың жалпы көлемінің құндық өлшемін бейнелеуге мүмкіндік береді.Экономикалық элементтер бойынша жіктеу, сонымен қатар, шығындардың қалыптасуы кезіндегі әр элементтің мәнін анықтауға және өзіндік құнды төмендетудің, айналым құралдарына қажеттіліктерін есептеуге және инвестициялар мен несиелерді экономикалық орналастыру үшін, яғни бизнес жоспар құру кезінде шығындар сметаларын есептеуге мүмкіндік береді.
Кесте 1
Тамақ өнеркәсібіндегі шығындар құрылымы
Шығындар баптары
Шығындардың үлес салмағы %
Материалдық шығындар
60-80
Еңбек шығындары
10-20
Амортизациялық аударымдар
5-10
Тағы басқа шығындар
5-10
Шығындарды қалыптасу орындары бойынша бақылау және нақты бір өнім бірлігіне кеткен шығындарды анықтау мақсатымен оларды калькуляциялық баптар бойынша жіктеу қолданылады. Аталуына байланысты жоспарлы, мөлшерлік және есептік калькуляция түрлері ажыратылады.
Жоспарлы калькуляция фирманың экономикалық бөлімінен белгілі бір мерзімге (жыл, тоқсан, ай) жасалынып, жұмыс уақыты, материалдар, электроэнергия және тағы басқа шығындар мөлшері негізінде құрастырылады. Жоспарлы калькуляция мынадай мақсатпен пайдаланылады:
oo өнімнің нақты түрлеріне шығару бағаларын белгілеу, фирманың материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына қажеттіліктерін анықтау үшін;
oo жоспарлы калькулцияның мәліметтерін салыстыру жолымен.
Мөлшерлік калькуляция фирманың қызмет ету жағдайында нақтылы қол жеткен анағұрлым үдемелі нормалары мен нормативтеріне қарай отырып есептеледі. Өндірісті басқару тәжірибесінде мөлшерлік калькуляция өзгеше эталон ретінде қолданылады, онымен мәліметтерді салыстыру арқылы өнімнің әр түрінің өзіндік құнын төмендету, шығындарды азайту жолдары мен пайданы көбейту көздерін табуға болады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті өнім шығаратын кәсіпорында (су, электр станциялары, кен, көмір, мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындар) пайдаланылады. Оларда, әдетте аяқталмаған өндіріс болмайды (егер де олар болса, онда оның клемі шамалы болады) және шалафабрикаттарды өзі өндіреді. Егер де кәсіпорын өзінің есептік саясатында қарастырса, онда бұл әдісті қолдануға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейін өндірістің натуралды көлеміне немесе шартты - натуралды көрсеткішіне жай бөлу арқылы табады. Кейбір салаларда шығындар (мысалға, көмір өндірісінде) әрбір технологиялық процесс бойынша есептелінуі мүмкін.
Сонымен, көмірде өндіру өнеркәсібі бірнеше кезеңнен тұрады: дайындық жұмыстары, көмірді алу, шахтыға дейін тасымалдау және сыртқы (жоғарыға) шығару, сорттау, өңдеу, вагонға тиеу. Міне сондықтан бұл жердегі шығындарды есептеу мен калькуляциялаудың жай әдіс, процесстік деп аталуы да осыдан шыққан. Мұнда кәсіпорын барлық шығындарды өндірілетін өнімнің бір түріне, ал аяқталмаған өндіріс болмаған жағдайда - шығарылған өнімге жатқызады, ал біртекті өнім шығарылатын жерде калькуляциялаудың барлық баптары бойынша өндірістегі шығындарды негізделген нормалау арқылы оңайлатады. Көптеген кәсіпорындар жұмыс практикасында өндірістің қарапайым әдісін дұрыстығын және прогресшілдігін (іргешілдігін) дәлелдеп берді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінің қарапайым төрт нұсқасы бар.
Бірінші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың белгіленген баптары бойынша есепке алынады. Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлумен айқындалады. Бұл өндірістерде (су электр станциялары, құм, сазбалшық дайындау) аяқталмаған өндіріс , шалафабрикаттар және өнімнің құрамдас бөліктері болмайды.
Екінші нұсқаны аяқталмаған өндірісі бар кәсіпорындар қолданады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында шығындарды бөлудың қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа 1 текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданылады. Аяқталмаған өндірісті, әдетте, инвентарлық әдісін пайдалана отырып, бағалайды.
Үшінші нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен жылу энергиясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай жағдайларда шығындар тұтас алған өндіріс бойынша, яғни қарапайым әдіспен есепке алынады, ал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады. Мұнай мен газ өндіру кезіндегі энергетикалық шығындар, амортизация, жер астындағы скважина жабдықтарын жөндеу, жер қыртысының қайтарымдылығын жақсартуға, мұнайды диэмульсация, мұнайды айдауға және сақтауға жұмсалатын шығындар тікелейи белгілері бойынша мұнайға, ал газ жинау және тасымалдау жөніндегі шығындар - газға жатқызылады. Қалған шығындар кәсіпорынның орташа келісімді бағасы бойынша бағаланады және мұнай мен газдың жалпы табылған (шығарылған) үлесіне тепе-тең мөлшерде мұнай мен газ арасында бөлінеді.
Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің өзіндік құнын анықтамай-ақ шығындар есебін бөлістік немесе процесстік бойынша жүргізетін кәсіпорындар пайдаланады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс материалдарын шығаратын өнеркәсіп қолданады. Бұл арада шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік әдістері үйлесімді пайдаланылады.
Кәсіпорынның әрбір өнім бірлігін өндіруге және сатуға жұмсалған шығындарын және өзіндік құнның қалыптасуын кестеден көреміз.
Кесте 2.
Өнім бірлігіне келетін шығындар
Көрсеткіштер
Өнімдер түрлері
1
2
3
Айнымалы шығындар
21,0
30,0
15,3
Тұрақты шығындар
7,9
11,3
5,7
Толық өзіндік құн
28,9
41,3
21,0
Баға
35,0
40,0
25,0
Пайда
+6,1
-1,3
+4,0
Кестеден екінші өнім түрінен алынатын пайда сомасының теріс мәнді екенін көреміз. Бұл өнім түрін өндіруді тоқтату немесе мүлде жабу жөнінде шешім қабылдау үшін кәсіпорында өндірілетін барлық өнімдерді сатудан алынған түсім сомасын жинақтау қажет. Және де алынған түсімнің жиынтық сомасы айнымалы шығындар сомасынан артық болуы қажет.
Қарастырылған мысал бойынша жиынтық түсім сомасы 120,500 теңге (35,000+48,000+37,500), ал шығындар жиыны 110,000 теңге (80,000+30,000), яғни кәсіпорын пайдасы 10,500 теңге (120,500-110,000). Егер кәсіпорын екінші өнім өндірісін тоқтататын болса, онда алынатын жиынтық түсім сомасы азаяды да 72,500 теңгені (120,500-48,000) құрайды, Сонымен қатар, кәсіпорын шығындары осы өнім өндірісіне қатысты айнымалы шығындар сомасы 36,000 теңгеге (1,200*30) азаяды. Тұрақты шығындар мөлшері өзгермейді. Екінші өнім өндірісін тоқтатқаннан кейін кәсіпорынның шығындары 74,000 теңге (110,000-36,000) болады. Бұл жағдайда кәсіпорын 1,500 теңге (72,500-74,000) зиян шегеді, ал жалпы зиян сомасы 12,000 теңге болады (10,500+1,500). Яғни, нәтижесінде мынадай қорытынды жасаймыз: Б өнімін кәсіпорын ассортиментінде қалдырған жөн, себебі екінші өнімнің бір данасын шығарудан бас тартқан жағдайда кәсіпорын 10 теңге маржиналды табыс сомасын жоғалтады. Ал 1,200 данасын шығармаса, онда 12,000 теңге (1,200*10) зиян шегеді.
Жоғарыда қаралған жағдайларға қатысты басқару есебінің қысқартылған шығындар әдісін қолданудың тиімділігі жөнінде қорытынды жасауға болады. Бұл әдіс төмендегідей шығындарды басқарудың маңызды міндеттерін шешуге көмектеседі:
- өнім немесе тапсырыс бағасының ең төменгі шегін анықтау;
- әртүрлі өнімдердің пайдалылығын салыстырмалы талдау;
- өнімдерді өндіру мен сатудың тиімді жолын анықтау;
- өнімдерді өзі өндіру мен сырттан сатып алу арасында таңдау жасау;
- өндірістің экономикалық тұрғыда тиімді технологиясын таңдау;
- тепе-теңдік нүктесін анықтау.
Сонымен қатар бұл әдістің бірқатар кемшіліктері де бар:
- өнімнің толық өзіндік құны анықталмайды;
- дайын өнімдер мен аяқталмаған өндіріс құны төмендетілген болады;
- тұрақты және айнымалы шығындарды бөлудің қиындығы.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда басқару есебі әдісін таңдап алу олардың спецификалық ерекшеліктеріне байланысты, яғни, олардағы өндіріс процестеріне, олардың ұйымдық құрылымына, қалыптасқан корпоративті мәдениетке және басқаларына тікелей байланысты.

2.1 Өнім өндіруге жұмсалған шығын
Қоғамдағы өндіріс шығындары деп - әдетте өнім өндіруге жұмсалған шығындарды айтады. Шығын - қоғамдық және өндіріс шығыны болып бөлінеді.
Қоғамдық шығынға өнім түріне немесе қоғам өндірісіндегі өнімге толық жұмсалған шығынды айтады. Оған: еңбекақы, түрлі төлемдер, материалды ресурстарды және қосымша өнімнің құны, білім беру, денсаулық,қорғаныс, ұлғаймалы ұдайы өндіріс тағы басқа қоғамдық мұқтаждарына жұмсалған шығындар жатады.
Өндіріс шығынына: еңбекақы, түрлі төлемдер, материалды ресурстар құны және жыл бойғы негізгі қорлардың тозуы, өнім өндіруге қатысқан техникалар, машиналар, құрал-жабдық, үйлер, ғимараттар тағы басқа материалдық ресурстар - айналым қоры (жағар жанар май, отын химикаттар тағы басқа құралдар құны) кіреді.
Барлық салаларда өнімнің өзіндік құны жанды еңбек, өткендегі не болмаса мүліктенген еңбек шығындары болып бөлінеді. Өткендегі мүліктенген еңбек шығындары дегеніміз өндіріс құралдарын жасауға кеткен еңбек шығындары. Жанды еңбек шығындары дегеніміз - жұмысшылардың белгілі бір өнімді өндіруге нақтылы жұмсаған шығындарын айтады. Мысалы, өнеркәсіпте керекті мүліктенген еңбек шығынына: түрлі станоктар, техникалар, машиналар, жағар-жанар май, химикаттар тағы басқа шығындар кірсе, жанды еңбек шығынына: әрбір технологиялық өндірістің жұмыстарына жататын, мысалы: шикізатты қабылдаудан бастап, өнім бұйымдарын шығаруға дейінгі шығындары кіреді.
Сонымен, мүліктенген және жанды өндірістік еңбек шығындарының біріккен жиынтығы - қоғамның өндіріс шығынын құрайды. Өз кезегімен өндірістің қоғамдық шығынын тауардың құнын құрайды.
Тауардың өзіндік құнын тауар құнының бір бөлігі деуге болады. Ол құн төмендегідей үш бөлімнен тұрады: баға =С+Y+М,
мұнда: С - өндірісте тұтынған, еңбек арқылы өндіріс факторларының өнімге айналған түрінің құны; Y - өнімнің қажетті еңбек арқылы келген бөлімнің құны.
Өнім өндіруге жұмсалған шығынды сол өнімнің әрбір бірлігіне бөлу арқылы өнімнің өзіндік құнын анықтайды. Өнеркәсіпте өзіндік құн динамикасы көп ретте өңделетін шикізаттың сапасына, өндіріс технологиясының қазіргі талапқа сай деңгейіне байланысты.
Әр жерден дайындалған тіпті бір типтес шикізаттарды, материалдарды өңдеуге бірдей шыққан шығынның өзінде де қорытындысы әр түрлі болуы мүмкін. Бұл жағдайда өзіндік құнның мөлшері де әр түрлі болады, яғни жұмсалған шығынға сәйкес келмейді. Ол өндіріс салаларының бағытына, өндірісті ұйымдастыруына, шикізат, материалдар сапасына, еңбек ресурстарын дұрыс басқару және мамандардың қабілетіне тікелей байланысты болып келеді.
Өнімнің өзіндік құнын есептеуді калькуляциялау дейді. Жоспарлы және нақты өзіндік құнды ажыратады. Өнімнің жоспарлы өзіндік құны мөлшерлі, есептеу және жоспарлы көрсеткіштердің негізінде анықталады. Ал нақты өзіндік құнды бухгалтерлік есеп беру мәліметтері бойынша нақты шығын арқылы анықтайды. Өнімге жұмсалған шығындардың қалыптасу кезеңдеріне байланысты өзіндік құнды үш түрге бөлуге болады:
oo технологиялық өзіндік құн;
oo өндірістік өзіндік құн;
oo коммерциялық өзіндік құн.
Технологиялық (цехтық шығындар) өзіндік құнға - өнімнің технологиялық үрдісінде пайда болған шығындар, сонымен бірге оның құрамына өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға кеткен шығындар кіреді.
Өндірістік (жалпы зауыттық шығындар) өзіндік құнға - өнім өндіруге байланысты жұмсалған барлық шығын және өнімді цехтар арасында тасымалдауға жұмсалған шығынның бәрі кіреді.
Коммерциялық (толық) өзіндік құнға өндірістік өзіндік құн, оған қосымша транспорт шығындары және өнімді сатуға байланысты басқа да шығындар кіреді.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық өндіріс шығындары өзінің әртүрлі белгісімен жіктеледі.
Негізгі белгісі бойынша жіктелу екіге ажыратылады:
а) шығынның бастапқы элементтері бойынша (экономикалық маңызда);
б) шығынның пайда болу түріне және мақсатына қарай (калькуляция баптары бойынша).
Өндіріс үрдісі негізгі және көмекші болып бөлінетіндіктен, көмекші өндіріс шығындары өздерінің негізгі өндірістегі алатын рөлі бойынша топтастырылады.
Өндірістің барлық шығындары өнімнің жеке түрлерінің (соның ішінде жеке тапсырыс бұйымдардың) немесе біртектес өнімдер топтарының өзіндік құнына жатқызу тәсілдеріне байланысты тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей шығындар деп -өндірістік өзіндік құнына тура және тікелей өз бетімен кіре алатын, өнімнің жеке түрлерінің өндірісімен байланысты (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттар, өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы және ьағы басқа) шығындарды айтады.
Жанама шығындар деп - өнімнің өзіндік құнына бөлінген соң кіретін, өнімнің бірнеше түрлерінің өндірісімен байланысты шығындарды (жабдықтарды дайындау және пайдалану шығындары, цезтік шығындар және тағы басқа) айтады.
Шығындарды калькуляция баптары бойынша топтастырған кезде тәртіп бойынша тікелей шығындар (мысалы материалдар) элементтер тұрғысынан есепке алынады, ал жанама шығындар (мысалы қосымша шығындар) кешенді баптарды құрайды, яғни өндіріс үрдісіндегі атқаратын рөлдері бойынша ажыратылатын бірнеше элементтерден тұратын шығындардан құралады.
Кәсіпорын шығындары өнімді дайындау үрдісіне қатысу сипатына байланысты негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Негізгі шығындар - өнімді дайындаудың технологиялық үрдісінің жүруімен тікелей байланысты. Оларға өнім дайындайтын шикізат пен материалдар шығындары, технологиялық үрдісте қолданылатын отын және энергия (ғимараттарды жылыту мен жарықтандыру шығындары емес) шығындары, негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы, жабдықтарды күту, ұстау, пайдалану шығындары кіреді.
Қосымша шығындар өнім өндірумен емес, өндірісті ұйымдастыру, басқару және пайдаланумен тікелей байланысты. Оларға әкімшілік - басқару персоналының жалақы шығындары, үй-жай, ғимарттарды жылыту мен жарық беру шығындары және олардың амортизациясы жатады.
Шығындар өндіріс көлеміне байланысты өзгермелі және шартты - тұрақты болып бөлінеді.
Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне байланысты пропорционалды түрде өсіп немесе кеміп отырады. Бұған шикізат пен материалдардың, технологиялық мақсаттағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz