Тәрбиешілердің балаларды өсімдіктермен таныстыру үрдісіндегі жұмыстары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Тәрбиешілердің балаларды өсімдіктермен таныстыру үрдісіндегі жұмыстары

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды өсімдіктермен таныстыру
1.1 Мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Тәрбиешілердің балаларды өсімдіктермен таныстыру үрдісіндегі жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2. Өсімдіктермен таныстыру жұмыстарын ұйымдастыру
2.1 5-6 жасар балаларды өсімдіктер әлемімен таныстыру арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Өсімдіктердің қасиеттері мен құрлысымен таныстыру тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Балаларға жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыруды айқын, анық, қисынды, нақты құрылған жоспар бойынша жүргізу керек. Мұндай ауқымды педагогикалық мүмкіндік тек балабақша маңындағы оқу-тәжірибе учаскесінде іске асырылады.
Балабақша жанындағы учаскедегі жұмыстардың балалар үшін тәрбиелік маңызы зор. Өсімдіктерді күтіп баптау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде балалар бойында қоршаған тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, еңбекке деген дағды қалыптасады. Олар әдемілікті бағалап, түсіне білуді үйренеді. Сонымен қоса балалар кейбір мамандықтар туралы практикалық түсінік алады. Балалардың ұйымдасып еңбек етуі, олардың ортақ іске деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге көмектеседі. Балабақша маңындағы учаскеде жұмыс істеу процесінде биология ғылымының тәжірибемен байланысы айқындалып. Таза ауада жұмыс істеу балалардың денесін шынықтырады
Бұл оқу құралында өсімдіктерді сипаттаумен қатар гүлзарлар, газондар, рабаткілер, бардюрлердің құрылым-схемалары, әр түрлі көгалдандыру типіне қатысты өсімдіктер тізімі, тағы сол сиякты анықтағыш материалдар косымша беріліп отыр.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған басты міндеттер: халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азык-түлікпен, өнеркәсіпті шикізат қорымен қамтамасыз ету, мал шаруашылығына тиісті жем-шөп қорын жасау болып табылады. Оқу құралында негізгі дақылдардың биологиялық, морфологиядлық ерешеліктері, айрықша белгілері бойынша ажырату кілті, өсіру технологиясы туралы мағлұмат береді..
Тұрғылықты жердің, саябақтардың, балабақша маңайындағы учаскелердің жасыл желегін ағаштекті өсімдіктер құрайды. Осы ағаштекті өсімдіктерді әсем мүсіндерге келтіріп сәндеу бөлімдеріндегі жұмыстардың оқушылар үшін тәрбиелік маңызы зор. Өсімдіктерді күтіп баптау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде оқушылар бойында қоршаған тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, еңбекке деген дағды қалыптасады. Олар әдемілікті бағалап, түсіне білуді үйренеді.
Бұл ұсынылып отырған құралда ағаштардың табиғи сәнділігін, олардың крона құрылыстары, жапырақтардың әртүрлілігі, гүлдер мен жемістердің түрлі түстілігі көрсетілген. Сондай-ақ бұл жұмыста жасанды түрде де өзгерту және өсімдіктерді мүсіндік мақсатта пайдалану да көрсетілген.
Тұрылықты жердің, балабақша маңындағы учаскелердің жасыл желегін көп жылдық ағаштар құрайды, олар ауаның шаңдануы және ластануына төзімді. Сондықтан оларды саябақтар мен орман-бауларын жасауда көп пайдалану керек.
Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінін саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Зерттеудің мақсаты: Балабақша жасына дейінгі балалаға өсімдік әлемімен таныстыру
Зерттеудің нысаны: Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбие беру мәселесі.
Зерттеу пәні: Қоршаған ортамен таныстыру және экология
Зерттеудің болжамы: Табиғаттың ғажайып өсімдіктерімен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.
Зерттеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі мекеменің тәрбие үрдісі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін нақты айқындап алу;
- мақсатына жетудегі қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді алдын- ала анықтау;
- балалардың дербес, еркін, шығармашылықпен әрекет етуіне толық жағдай жасау;
- әрбір тәрбие ісінің баланың жағымды мінез - құлқын, адамдық қасиеттерін қалаптастыратындай ықпалды болуын кадағалау;
- тақырыпқа сәйкес мазмұнды ашып, жаңа білім дағдыларын меңгерту;
- жаңа материалдар негізгі аса көңіл бөлінетін тәрбие саласына байланысты беріліп, басқа тәрбие жұмыстарын бекіту, толықтыру, қайталау, еске түсіру мақсатында қолдану;
- әр түрлі іс- әрекеттер барысында тәрбиешінің басшылығы баланың ойлауына, қабілетіне, дербестігіне, шығармашылықпен әрекет етуіне толық мүмкіндік жасау;
- апта бойындағы тәрбие жұмысының нәтижесі жинақталып, халық педагогикасы негізінде әрбір жұма күндері түрлі жолдармен қорытындыланып отыруы қажет.
- тәрбие жұмысының мазмұны күнделікті іс- әрекет барысында серуенде, күннің екінші жартысындағы жұмыстарда және кешкі жұмыстарда жалғастырылып, тиянақталады (шағып топпен, дарынды балалармен жұмыс ескеріледі).
Зерттеу көздері: Балаларды өсімдіктерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Зерттеудің міндеті: Зерттеудің теориялық негізі ретінде мектеп жасына дейінгі балалаға өсімдік әлемімен таныстыру
Зерттеудің практикалық мәні: Осы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу тақырыбы болашақта менің тәрбиеші ретіндегі жұмысыма зор көмегі бар
Зерттеудің базасы: Зеленов ауданы, Озерное ауылы, Киров орта білім мектебіндегі Балбөбек шағын орталығы.
Зерттеудің құрылымы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды өсімдіктермен таныстыру
1.1 Мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізу, оқытудың негізгі формалары бақылау қызықтау, серуен. Тәрбиешінің табиғи нысандары мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыруы, балаларды табиғатпен таныстыру дың негізгі мәселесі болып есептеледі. Қызықтау кезінде балаларды таза ауада, көз тартар әдемі гүлдер мен ағаштар арасында болуы көтеріңкі көңіл-күймен қатар, табиғат сұлулығын сезіне білуіне әсеретеді. Ал серуен кезінде, тәрбиеші балаларды табиғатпен таныстырып, өсімдіктерге су құю, қураған жапырақтарды бірге жинау, ағаш түптерін тазалау т.б сияқты қарапайымең бектүрлеріне қатыстырады. Мұндай еңбек түрлерін орындау, балалардың еңбекке деген жауапкершілік сезімдерін дамытып, ынтасынарттырады. Экология тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиенің негізгі салалары болып табылатын адамгершілік, эстетикалық еңбек, имандылық тәрбиелері-мен сабақтастыра жүргізу басшылыққа алынады. Бағдарлама мазмұнында көрсетілгендей өлі және тірі табиғатпен одан әрі таныстырып, табиғат құбылыстары жайындағы бастапқы жалпылама ұғымдардын ақты түрде меңгерту ұсынылады. Жыл мезгілінің ерекшелігіне орай күзгі табиғат құбылысы (жаңбырдың жаууы, адамдардың пайдалы іс әрекеті, ауладағы жапырақтарды жинау,жылы жаққа ұшатын құстарды бақылау т.б). Қыстап қалған құстарға қамқорлық, табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен құстарды күту, балыққа жем беру. Ерте көктемде ұшып келетін құстарға үлкендер көмегімен дайындаған ұяларға жем шашу, ауладағы гүл, көкөніс өсімдіктерін өсіруге жәрдем беру. Бүршік жарған ағаш бұтақтарын (бұтақ, бүршік, өсімдік т.б) мағынасына сай түсіндіру. Наурыз мерекесінің қарсаңында жасшыбықтар отырғызып, оны күтуді күнделікті әдет-дағдыға айналдыру. Көктемнің әдемі келбетін жырлайтын өлең жолдарын әңге қосу, сөз жұмбақтар шешу, дидактикалық, қимылды ойын түрлерін пайдалану, өз ойларынан табиғат көрінісінің суретін салып, әңгімелеп айтып беру. Жаз кезінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен өзен-көл жағасына, баққа, үлалаңына барған кезде айналаның тазалығына мән беру. Бұл әр баланың жауапкершілік дағдысын, ұжымдық бірлігі нарттыруда, балалардың ойлау тұтастығын, яғни табиғатты қорғау көз қарасын дамыту үшін, жыл мезгіліне сай жүйелі мақсат-міндетті айқындалған экологиялық тәрбие жұмысы оқу жылының өн бойында жүргізіліп отыра-ды. Экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында азаматтың барын, ғылыми, білім, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады. Бұл қоршаған орта менқарым-қатынаста тәртіптілік, ұқыптылық ережелерін орындау, табиғатты аялап, оған қамқорлық таныту қабілетін дамыту данегізделеді. Балаларды мектепке дайындауда экологиялық тәрбие жұмысы мынадай міндеттердің негізінде жүзеге асырылады.
- Балаларды өсімдіктер мен жануардык үтіп баптауға баулу, олардың бойында қабілет пен икемділікті орнықтыру. - Табиғаттың сан-алуансырларымен байлықтары жөнінде эстетикалық және ұлт жандылық сезімдерін дамыту. - Табиғатта барлық нәрсенің бір-бірімен өз ара байланыста болатынын түсіндіру және осы байланысты күнделікті өмірде ескеру қажеттігін үйретіп отыру. - Балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді меңгерту. Балабақша өміріндегі экологиялық тәрбиені отбасында қалыптасқан дәстүрлі тағылымдарды басшылыққа ала жүргізу. Міне, осы міндеттердің барысында балалардың экологиялық таным-түсінігін тереңдетіп, олардың табиғатқа деген жаңа мәдени қарым-қатынасын бекіту. Мұндай жұмыс түрі балалардың физиологиялық даму, психологиялық жас ерекшеліктерін ескеріп, әдіс-тәсілдерді шебер пайдаланып, шығармашылықпен жұмыс істейтін тәрбиеші басшылығымен жүргізіледі. Оқу жоспарында экологиялық тәрбие жұмысын аптасына бір рет, айналамен таныстыруды бір рет өткізілу көзделген. Экологиялық тәрбиенің психологиялықа спектілеріне орай бала табиғатқа жанашырлық, қамқорлық және еңбекқорлық, белсенділік, ұқыптылық сияқты дағдыны меңгереді. Экологиялық тәрбие тақырыбына сай іріктеліп, бала жасына лайық тапалунуы тиіс, мұндай шығармаларды тәрбиешінің қарапайым тілмен жеткізе білуі баланың табиғатқа деген жауапкершілік қарым-қатынасын арттырып, әрекет түрлерін меңгеруге мүмкіндік береді. Тәрбие жұмысы кезінде ұлттық ерекшелікті сақтай білу, ертегіні кейіпкерлендіру, қызықты сәттер, проблемалық жағдайлар, ойын түрлерін, ырым-тыйым сөздерді пайдалану, баланың обал-сауаптуралы түсінігін кеңейтіп, өзбетін шедер бесшешім қабылдай білуіне баулиды. Жер, су, ауа, Жапырағына қарай анықта, Кім жылдам?, табиғат құбылыстарына байланысты сөз жұмбақтарды шешу т.б йын түрлері арқылы бала қоршаған туралы түсінік алады, дүние сырларын түсініп, аңғарабастайды. Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, талбесігі, өсіп-өнермекені, яғни табиғатты қорғау-экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастыру мен табылады.
1.2 Тәрбиешілердің балаларды өсімдіктермен
таныстыру үрдісіндегі жұмыстары
Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақ-сат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе бі-летін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, руха-ни ойлау жағынан жан-жақты, өз-өзіне басшы, кез-келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс. Оған "Еліміздің білім беру жүйесінің Қазақстанның бәсе-кеге нақты қабілеттілігіне қол жеткізудегі негізгі міндет-тері - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назар-баевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлем-дегі бәсекеге қабілеттілігі 50 елдің қатарына кіру стра-тегиясы" атты Қазақстан халқына жолдауы" негіз болады.
Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет етеді. Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді.
Мектепке дейінгі шақта бала бойына білім мен білік-тілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екенін мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы - денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.
Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мнандай мақсат тұрады: балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту, өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.
2. Мектепке дейінгілердің экологиялық көз қарастарын кеңейту және жүйелеу.
3. Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету.
4. Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.
Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өне-тін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі. Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы сұрақ-тарға жауаптар іздейді.
Сайф Сарай: - "Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа..." - деген екен. Жас бала тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге, айналадағы әсемдікке қызығады, содан әсерленеді, көркемдікті түсініп, оның мәнін түсі-неді, әсемдікті танып, талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды гүлдермен таныстыру кезінде, олар олардың түрлерімен, пайдасымен тапсырмалар арқылы танысып, хош иісімен далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғылары келмейді. Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады.

Жоспарлы - прогностикалық оқыту үрдісінің біріккен сұлбасы

Өлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушы-лық өте ерте жастан қалыптаса бастайды. Балалар бәрін байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл құмырсқалар илеуін қалың шөптегі кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы ұяларды т.б.
Балалардың көңілін табиғаттағы маусымдық өзгерістер, түстердің ашықтығы, әр түрлі дыбыстар, иістер тартады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: барлығын қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге тырысады.
Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылығын ескере отырып, экологияға деген сүйіспеншілік, қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Ең маңыздысы біздің табиғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз, біз та-биғатсыз өмір сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру. Қазіргі таңда балалардың дамуында экологиялық біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Әсемдіктен сусындау, оны қабылдау, түсіне және сезіне білу адамгершілік негіздерді қалыптастыруға көмектеседі. Оның міндеттері күрделі де сан алуан. Экологиялық тәрбие балалардың сезімдері мен санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанымдардың орнығуына жәр-демдесе отырып, оның дүниетанымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы адамдар еңбегінің маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, мақсатты серуендер мен саяхаттарда ойындарды қолдану көп жетістіктерге жеткізді. Ойын тәр-биешілер мен мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы десек те болады. Экологиялық дамытудың түпкі мақсаты оның сапалы болуы.
Экологиялық біліктілік арқылы ұжымдық, топтық, жеке қабілеттерді ашуға болады. Жалпы экология барлық оқыту - тәрбиелеу үрдісімен байланысты.

Осы оқу іс-әрекеттерді тиімді дұрыс пайдалануы мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамыта отырып, білімді игеруге қызығушылықтарын тудырады. Балалар оқу іс-әрекетінде алған білімдерін іс-жүзінде тәжірибелерде өздері жасап, нәтижесін көреді. Мысалы: өсімдікке ауа қалай енетінін анықтауды қызыға орындайды.
Мектепке дейінгі экологиялық оқыту, тәрбиелеу үрдісін ойын арқылы дамыту
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамытушы ойындар мен сөздік ойындардың маңызы өте зор. Олар байланыстырып сөйлеу мен есте сақтауды, ойлауды дамытады. К.Ушинский бұл жөнінде былай деген: "Егерде педагог бір нәрсені баланың есінде қалдыруды көздейтін болса, ол сабақта көзбен көру, дыбыс органы-мен айту, қолымен ұстау және сезім мүшелерін қолдануы керек".
Балаларды үй жануарлары, құстар, балықтар, гүлдер, аңдар, жәндіктер, жеміс - көкөністермен таныстырып болған соң, "Қайсысы артық, неге?", "Не өзгерді?", "Дәмінен айыр?", "Даусынан айыр" т. б. ойындар ойналады. "Егерде мен үлкен болсам" ойыны балаларды шығармашылдыққа, жауаптылыққа үйретеді, табиғатты қорғауға тәрбиелейді.
Сонымен қатар экологиялық сәттер оқып беру арқылы балалардың адамгершілік, танымдық қабілетін дамыта-мыз. Ойын барлық сабақпен тығыз байланысты, ойынсыз сабақ өтпейді десем жаңылмаймын. Ойын баланы жан-жақты дамытып, оқыту мен тәрбиелеуде өз септігін молынан тигізеді. Жиі сұрақ қойылады: тәрбиеші ойынға қатыса алама және қатысуға тиісті ме? Әрине құқық қа біз иеміз, егер бұл ойынға қажетті бағыт берсе. Бірақ үлкендердің ойынға араласуы тек оны бала қалап, сенім білдіріп, сыйласа, егер ол ойынды қызғылықты өтіп, ережесін бұзбай ойнай алса ғана іске асады.
Көркем шығармаларды сахналауды балалар өте қызығушылықпен ойнайды. Мысалы: "Аңшы мен бала", "Гүлдер туралы аңыз" бойынша сахналауда олар жағым-ды және жағымсыз кейіпкерлерді тауып, шығарманың мазмұнын талдағанда табиғаттың қорғаушысы болған ба-лаларға ұқсағысы келетіндері байқалды.
Қызықты тәжірибелерге қатысуда балалардың өз жұмысының қорытындысын көруге деген ынта пайда бола-ды. Оларды ауа мен судың қасиеттерімен таныстыруда түрлі ойындар мен тәжірибелер жасалады. Мысалы: "Кім тез үреді?", "Толқын". Көптеген ойындар таза ауада ойналады, балалардың қимылдауына, ойлауына септігін тигізеді. Жылдың әр мезгілінде әр түрлі ойындар ойнауға болады. Мақсатты серуендерде ағаштарды бақы-лау, өзгерісті айту, құстарға қамқорлық жасау, гүлдерді суару т.б арқылы балаларды еңбек сүйгіштікке, сұлулық-ты көруге, сезінуге тәрбиелейміз.
Ойын алаңында қимылды ойындарда ұйымдастырылады "Аю мен түлкілер", "Қасқыр мен қояндар" т.б ойындарда балалар жануарлардың мінез-құлқын, жүрісін, даусын сала-ды. Ойын арқылы олардың шығармашылық қиялдауы да-мыды. Олар ойындарда бірнеше құбылысты біріктіреді, жаңасын қосады, кейде өмірден, ертегіден қосып алады. Мысалы: Орманшы, зообақтағы аңдар т.б олар өз ой-ындарына қосып біреуі орманшы болып, қалғандарына өз ақылын айтады, оған қаладан зообаққа аң қоюға адам келеді.
Экологиялық шығармашылықты ойын арқылы дамытуда бала белсенділігі мен қабілеттілігінің маңызы зор.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар
Ата-ана баланың бірінші ұстазы және тәрбиешісі. Жаңа қалыптасатын жеке тұлғаны тәрбиелеуде оның ықпал күші айырықша зор. Ата-ананың балаға әсерінің негізі олардың қалтықсыз сүйіспеншілігі, қамқорлығы болып табылады.
Ата-аналар А.С.Макаренконың "Балаларды тәрбиелеу - біздің өміріміздегі ең жауапты сала. Дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің бақытты қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл біздің көз жа-сымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы, бүкіл ел алдындағы айыбымыз" - деген пікірінің мағынасын түсінуі тиіс.

Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмыстарым балалардың бойында дұрыс мінез-құлық қалыптасуын қамтамасыз етті, дағдыларды, білімдерді, іскерліктерді меңгеру үрдісін тездетті.
Мұндай бірліктің негізі ата-аналардың педагогикалық білімділігі, олардың мектепке дейінгі ұйым жұмысымен хабардар болып табылды. "Баланың экологиялық мәдениеттілігі", "Отбасындағы бала тәрбиесі" т.б кеңестер дайындайға болады. Ата-аналарға арналған кештер: "Кітап бала өмірінде", "Бала және табиғат", "Әжелер мектебі", "Әкелер мектебі" т.б. өте қызықты өткізіп, нәтежеде бала тәрбиесіне үлкен көмегін тигізеді.
Сонымен қатар ата-аналармен бірігіп экология мұражайларына, саябақтарға, әр түрлі мезгілде орманға мақсатты серуендер мен саяхаттар өз өлкеміздің табиғатын балаларға таныстыруға бағытталу қажет. Табиғатта қызықты ойындар ойналып, бақылаулар жүргізіліп, таза ауаның жанға берер рахатын бірлесе түсіндіру, экологиялық тиым сөздермен таныстыруға болады.

2. Өсімдіктермен таныстыру жұмыстарын ұйымдастыру
2.1 5-6 жасар балаларды өсімдіктер әлемімен таныстыру арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру
Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара тығыз байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсаты да етеледі.
Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-күтіп жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді, сондай-ақ бала бойында біртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді.
К. Д. Ушинский баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалык ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.
5-6 жастағы балалар табиғат және ондағы көптеген заттар, құбылыстар жайлы мағлүматтардан хабардар болады. Жыл мезгілдеріне сәйкес күз, қыс, көктем, жаз күзде жапырақтар сарғаятыны, құстардың жылы жаққа ұшатыны, тұманды, жаңбырлы күндердің көп болатыны т.б. бала түйсігінде із қалдырмай қоймайды. Күз дегенде жапырақтар сарғайып түседі -- деген ойдың пайда болуы оларды күнделікті өмірмен тығыз байланыстырады. Себебі, күзде баланың таза ауада жапырақтармен ойнайтын кезі аз емес.
Бес жастағы бала жылдың төрт мезгілін бір-бірінен ерекшеленетінін толық айтып бере ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы
Тәрбиешілердің балаларды өсімдіктермен таныстыру үрдісіндегі жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жолдары
Ересектер тобында топсаяхаттарды ұйымдастыру
Балалардың әрекеті
Мектеп жасына дейінгі балаларды туған жердің табиғатын сүйюге және қорғауға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың әдістері
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі
Пәндер