Паскаль тіліндегі сызықтық програма есептері


Экономикалық технологиялар колледжі

«Pascal тілінде есептер жинағы»

Орындаған:

Орал, 2017


Жоспары

Кіріспе

1. Паскаль бағдарламалау тілі

2. Паскаль тіліндегі сызықтық програма есептері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

ЭЕМ-дер пайда болғаннан кейiн оларға сәйкес келетiн бағдарлама керек болды. ЭЕМ әр түрлi жаңа есептердi шешуiне байланысты бағдарламалық қамсыздандыру да дами түстi.

Мәселенi компьютерде шешу үшiн оның алгоритмiн жасап, бұл алгоритмдердi компьютер түсiнетiн нұсқаулар және заң-ережелер негiзiнде жазуымыз керек болады. ЭЕМ-де есептердi шешу үшiн қарапайым бағдарламаларды құрып бiлудiң өзi компьютерлiк сауаттылықтың бiр бөлiгi болып саналады.

Бағдарлама дегенiмiз - бұл компьютер орындайтын командалар жиынтығы. Басқаша айтқанда, алгоритмдi машина түсiнетiн тiлде жазу. Барлық есептеу машиналарының негізгі ерекшелігі оның жұмысына басқарудың бағдарламалық принципі енгізілген. Бұл ЭЕМ нәтиже беру үшін жеңіл есептермен бірге күрделі есептерге де қолданушы орындалуын немесе бұйрықтар тізімін қолдану керек.

Сонымен ЭЕМ-де есептерді шешу үшін алдын-ала әрекеттерді анықтау (алгоритмдеу) керек. Алдын - ала анықталған мақсатқа жету үшін, есепті шешу үшін орындаушыға қажетті амалдардың тізбегін анық көрсететін ережелер жүйесін алгоритм деп атайды.

Алгоритм түсінігі есепті шешу әдісі түсінігімен тығыз байланысты. Әдіс деп қатаң негізделген есепті шешу тәсілі мен оны қолдануға болатын берілген мәліметтер бойынша есептер тобын анықтау мақсатында құрылған тәсілді зерттеуді айтады.

Ал, алгоритм есепті шешу мен тәжірибеде қолдану әдісін сипаттау болып табылады. Ол әдісті зерттеу нәтижесі бойынша құрылады.


1. Паскаль бағдарламалау тілі

1964 ж. ақпаратты өңдейтін халықаралық IFIP федерациясына Алгол-60 бағдарламалау тілінің жаңа нұсқасын шығаруға көптеген елдердің ғалымдары жиналды. Осы ғалымдардың ішінде Стэнфордтық университеттегі «Информатика» кафедрасының доценті швецариялық Никлаус Вирт та болды. Вирт Швецарияға қайтып оралғаннан кейін жаңа бағдарламалау тілін ойлап тапты. 1968 ж. Н. Вирт Георих қаласындағы технологиялық институтында Паскаль тілінің ең бірінші нұсқасын шығарды. 2 жыл өткеннен кейін осы тілдің бірінші компиляторы пайда болды. Жаңа тіл пайда болғаннан кейін оны тұтынушылар және тілге қызығушылар көбейді. 1974 ж. Паскаль тілінің жаңа нұсқасы пайда болды. Ал келесі тілдің стандарттық операторлары шықты.

Вирт Паскаль тілін шығаруда 2 ережеге сүйенді:

1) бағдарламаны оқуда тіл жүйелі болу керек;

2) тілді есептеуіш машинада пайдалануда қарапайым және тиімді болу керек.

Тілдің компиляторы кез келген алгоритмді бірнеше құрылымдық түрде көрсетуге болады.

1985 ж. ТурбоПаскаль тілінің үшінші нұсқасы пайда болды. Жалпы білім оырндарында 1-ші бағдарламалау тілі болып Паскаль тілі қолданылады. ТурбоПаскальдың төртінші нұсқасына бұрынғыларға қарағанда өзгерістер енді. ТурбоПаскальдың 4-нұсқасына Модуль-2 тілінен UNIT-концепциясы енгізілді. Бұл ТурбоПаскальда үлкен бағдарламаларды шешуге мүмкіндіктер берді.

ТурбоПаскальдың 5-нұсқасы пайда болғаннан кейін кәсіби тұтынушылардың мүмкіндіктері де көбейді. ТурбоПаскальдың осы нұсқасында графикалық мүмкіндіктер болды. Бұл мүмкіндікті ТурбоПаскаль пакетінде қамсыздандырылған VGA (VideoGraphicsArray) графикалық адаптермен қолданды.

ТурбоПаскальдың 6-нұсқасы объектілердің жиынтығын пайдаланып, тұтынушының қолданбалы есептерін, теориялық концепциясын бағдарламалауды ұсынды. Жаңа мүмкіндіктерді тәжірибелік мысалдарда қолдану негізінде мәтіндік редактор құрылды. ТурбоПаскальдың 6-нұсқасында тұтынушының жұмысын жеңілдету үшін мәтіндік редактор ғана емес, тышқанды да қолданды.

1992 ж. Borland International фирмасы ТурбоПаскальдың 7-нұсқасын ойлап шығарды. Бұрынғы нұсқаларға қарағанда 7-нұсқасына көптеген өзгерістер енді. Біріншіден, мәтінді түстерге бояуға (тәжірибесіз тұтынушылар мәтін енгізу кезінде қатені жөндеп отыруға), екіншіден, күнделікті есептер шешуге (массивтерді шешуге) мүмкіндік берді.


2. Паскаль тіліндегі сызықтық програма есептері

1. d айнымалысына:

а) x, y, z сандарының арифметикалық орта шамасын;

б) жазықтықтағы координаталары (х1, у1), (х2, у2) болатын нүктелердің арақашықтығын меншіктеу операторларын жазыңыз.

Шешуі:

a) d:=(x+y+z) /3;

б) d:=sqrt(sqr(x2-x1) +sqr(y2-y1) ) .

2. х және у айнымалыларының мәндерінің орнын ауыстыратын меншіктеу операторын жазыңыз.

а) қосымша айнымалыны пайдаланып;

б) қосымша айнымалыны пайдаланбай.

Шешуі:

a) a:=x; x:=y; y:=a;

б) x:=x+y; y:=x-y; x:=x-y.

3. x, y, z айнымалыларының мәндерін х айнымалысында у айнымалысының мәні, у-те z айнымалысының мәні, ал z-те x айнымалысының бұрынғы мәні болатындай етіп меншіктеу операторларын жазыңыз.

а) қосымша айнымалыны пайдаланып;

б) қосымша айнымалыны пайдаланбай.

Шешуі:

a) a:=x; x:=y; y:=z; z:=a;

б) x:=x+y; y:=x-y; x:=x-y; y:=y+z; z:=y-z; y:=y-z.

4. Берілген а үшін көбейтуден басқа амал қолданбай мыналарды алуға болатын меншіктеу операторын жазыңыз:

а) а 9 -ды 3 амал арқылы;

б) а 10 -ды 3 амал арқылы;

в) а 13 -ті 4 амал арқылы;

г) а 21 -ді 4 амал арқылы;

д) а 64 -ті 6 амал арқылы;

е) а 3 және а 10 -ды 4 амал арқылы;

ж) а 11 және а 20 -ны 5 амал арқылы;

з) а 5 және а 9 -ды 4 амал арқылы;

и) а 5 және а 13 -ті 4 амал арқылы;

к) а 2 , а 5 және а 17 -ні 3 амал арқылы;

л) а 4 , а 12 және а 28 -ді 4 амал арқылы.

Шешуі:

а) a 2 := а*а; a 4 := a 2 *a 2 ; a 9 :=a 4 *a 4 *a;

б) a 2 := а*а; a 4 := a 2 *a 2 ; a 10 :=a 4 *a 4 *a 2 ;

в) a 2 := а*а; a 4 := a 2 *a 2 ; a 12 :=a 4 *a 4 *a 4 ; a 13 := a 12 *a;

г) a 2 := а*а; a 4 := a 2 *a 2 ; a 10 :=a 4 *a 4 *a 2 ; a 21 := a 10 * a 10 *a;

д) a 2 := а*а; a 4 := a 2 *a 2 ; a 8 := a 4 *a 4 ; a 16 := a 8 * a 8 ; a 32 := a 16 * a 16 ;

a 64 :=a 32 * a 32 ;

е) a 2 := а*а; a 3 := a 2 *a; a 5 := a 3 * a 2 ; a 10 := a 5 * a 5 ;

ж) a 2 := а*а; a 3 := a 2 *a; a 5 := a 3 * a 2 ; a 11 := a 5 * a 3 * a 3 ; a 20 :=a 11 *a 5 *a 3 *a;

з) a 2 := а*а; a 3 := a 2 *a; a 5 := a 3 *a 2 ; a 9 := a 5 * a 3 *a;

и) a 2 := а*а; a 3 := a 2 *a; a 5 := a 3 *a 2 ; a 13 := a 5 * a 5 * a 3 ;

к) a 2 := а*а; a 5 := a 2 *a 2 *a; a 17 := a 5 * a 5 * a 5 * a 2 ;

л) a 2 := а*а; a 4 := a 2 *a 2 ; a 12 :=a 4 *a 4 *a 4 ; a 28 := a 12 * a 12 * a 4 .

5. Ұзындығы а, ені в-ға тең тіктөртбұрыш ауданын есептеңіз.

Program e-5; {тіктөртбұрыш ауданын есептеу}

Var a, b, s: real;

begin

writeln; write(‘ұзындығы-a мен ені-b-ға мән енгіз:’) ; read(a, b) ;

S:=a*b;

writeln; write(‘тіктөртбұрыш ауданы=’, s)

end.

Мыс: а=3м, b=4м, болғанда s=12м 2 .

6. Цилиндрдің көлемі - V, ал табан ауданы-S болсын. Цилиндрдің биіктігі қандай?

Program e-6; {цилиндрдің биіктігін табу}

Var v, s, h: real;

begin

writeln; write(‘v мен s-ке мән енгіз:’) ; read(v, s) ;

h:=v/s;

writeln; write(‘цилиндр биіктігі =’, h)

end.

Мыс: v=10м3, s=5м2 болғанда h=2м.

7. Куб қырының ұзындығы-а. Кубтың көлемі-V мен оның бүйір бетінің ауданы S-ті табыңыз.

program e-7; {кубтың көлемі мен бүйір бетінің ауданын табу}

var a, v, s: real;

begin

writeln; write(‘a-ға мән енгіз:’) ; read(a) ;

v:=a*a*a;

s:=4*a*a;

writeln;

write(‘куб көлемі=’, v) ;

write(‘куб бүйір бетінің ауданы=’, s) ; end.

Мыс: а=5 болғанда V=125, S=100.

8. Мөлшері а·b·с болатын бөлмедегі ауаның 21%-ы - оттегі. Бөлмедегі ауаның көлемі қанша?

program e-8; {Бөлмедегі ауаның көлемін табу}

var a, b, c, v: real;

begin

writeln; write(‘Бөлменің ұзындығы-а, ені-b, биіктігі-с-ға мән

енгіз:’) ; read(a, b, c) ;

v:=0. 21*a*b*c;

writeln; write(‘бөлмедегі ауа көлемі=’, v)

end.

Мыс: а=5, b=4, c=3 болғанда V=12, 6.

9. Табандары а және b, үлкен табанындағы бұрышы Х-ке тең теңбүйірлі трапецияның ауданын табыңыз.

program e-9; { трапецияның ауданын табу}

var a, b, x, h, s: real;

begin

writeln; write(‘a, b, x-ке мән енгіз:’) ; read(a, b, x) ;

x:=x*3. 1415/180; {градусты радианға айналдыру}

h:=sin(x) /cos(x) *(a-b) /2;

s:=(a+b) /2*h;

writeln; write(‘трапеция ауданы=’s, )

end.

Мыс: a=6, b=5, x=45° болғанда S=2, 75.

10. А(х, у) нүктесін координат басымен қосатын кесінді мен ОХ осі арасындағы бұрышты табыңыз(нүкте 1-ширекте жатыр) .

program e-10; {(x, y) векторы мен ОХ осі арасындағы бұрышты табу}

var х, у, а: real;

begin

writeln; write(‘х және у-ке мән енгіз:’) ; read(x, y) ;

a:=arctan(y/x) ;

writeln; write(‘бұрыш=’a, )

end.

Мыс: x=3, y=4 болғанда а=53, 13.

11. Тастың h биіктіктен жер бетіне құлау уақытын анықтаңыз.

program e-11; {тастың құлау уақытын есептеу }

var g, t, h: real;

begin

writeln; write(‘h-қа мән енгіз:’) ; read(h) ;

g:=9. 81; t:=sqrt(2*h/g) ;

writeln; write(‘құлау уақыты=’t, )

end.

Мыс: h=10м болғанда t=1, 4278 c.

12. Үш кедергі r1, r2, r3 параллель жалғанған. Жалғаудың кедергісін табыңыз.

program e-12; {Жалғаудың кедергісін есептеу}

var r1, r2, r3, r: real;

begin

writeln; write(‘кедергілер: r1, r2, r3-ке мән енгіз:’) ; read(r1, r2, r3) ;

r:=r1*r2*r3/(r1*r2+r1*r3+r2*r3) ;

writeln; write(‘параллель жалғау кедергісі:r =’, r)

end.

Мыс: r1=10, r2=15, r3=20 болғанда r =4, 62.

13. Төбелерінің координаттары бойынша берілген бесбұрыштың периметрі мен ауданын табыңыз.

program e-13; {Бесбұрыштың периметрі мен ауданын табу}

var x1, y1, x2, y2, x3, y3, x4, y4, x5, y5, a12, a23, a34, a45, a51, a13, a14, p, p1, p2, p3,

s1, s2, s3, s: real;

begin

writeln; write(‘x1, y1-ге мән енгіз:’) ; read(x1, y1) ;

writeln; write(‘x2, y2-ге мән енгіз:’) ; read(x2, y2) ;

writeln; write(‘x3, y3-ке мән енгіз:’) ; read(x3, y3) ;

writeln; write(‘x4, y4-ке мән енгіз:’) ; read(x4, y4) ;

writeln; write(‘x5, y5-ке мән енгіз:’) ; read(x5, y5) ;

a12:=sqrt(sqr(x2-x1) +sqr(y2-y1) ) ;

a23:=sqrt(sqr(x3-x2) +sqr(y3-y2) ) ;

a34:=sqrt(sqr(x4-x3) +sqr(y4-y3) ) ;

a45:=sqrt(sqr(x5-x4) +sqr(y5-y4) ) ;

a51:=sqrt(sqr(x5-x1) +sqr(y5-y1) ) ;

a13:=sqrt(sqr(x3-x1) +sqr(y3-y1) ) ;

a14:=sqrt(sqr(x4-x1) +sqr(y4-y1) ) ;

p:=a12+a23+a34+a45+a51;

p1:=(a12+a23+a13) /2;

s1:=sqrt(p1*(p1-a12) *(p1-a23) *(p1-a13) ) ;

p2:=(a13+a34+a14) /2;

s2:=sqrt(p2*(p2-a13) *(p2-a34) *(p2-a14) ) ;

p3:=(a14+a45+a51) /2;

s3:=sqrt(p3*(p3-a14) *(p3-a45) *(p3-a51) ) ;

s:=s1+s2+s3;

writeln;

write(‘бірінші үшбұрыш ауданы=’, s1) ;

write(‘екінші үшбұрыш ауданы=’, s2) ;

write(‘үшінші үшбұрыш ауданы=’, s3) ;

write(‘бесбұрыш периметрі=’, p) ;

write(‘бесбұрыш ауданы=’, s)

end.

x1=0, y1=0, x2=1, y2=2, x3=3, y3=3, x4=4, y4=3, x5=5, y5=1 болғанда

p=12, 808, s=9, 365.

14. Бүйірінен жатқан цилиндрлік цистернадағы сұйықтың биіктігі-h. Ұзындығы L-ге, табан радиусы r-ге тең цистернадағы сұйық көлемін(V) табыңыз.

Есептің шешуі:

Цистернадағы сұйықтың көлемін табу үшін дөңгелек сегментінің ауданын тауып, оны цистерна ұзындығына көбейту қажет. Ал дөңгелек сегмент ауданын екі тәсілмен табуға болады.

1) сектор ауданын қарастырып, одан үшбұрыш ауданын алып тастау(h>R, болса үшбұрыш ауданын қосу) арқылы. Бұл жағдайда әлі өтілмеген шартты операторды қолдану қажет.

2) Мына түрдегі формулаларды қолдану арқылы: s=h(6a-8b), мұнда a=2 2 h r h h \sqrt{2hr - hh} b= ( h h + ( a 2 ) ) \sqrt{(hh + (\frac{a}{2}) ) } a-сегменттің керуші хорда-сы, h-сегмент биіктігі, b-cәйкес хордалар.

program e-14; {Бүйірінен жатқан цистернадағы сұйық көлемі}

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Паскаль тілінде сызықтық бағдарлама құру
Паскаль-программалау тілі туралы ақпарат
Turbo pascal жайлы мәліметтер
Сызықтық бағдарламалаудың негізгі есептері
Алгоритмдерді құрылымын негізге ала отырып құрастыру
Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру
Turbo Pascal программасының негізгі түсініктері
Турбо паскальда екі өлшемді массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Паскаль тілінде мәтіннен ақпараттарды өңдеу
Паскаль құрылымы бойынша сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz