Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік

Орындаған:
Тексерген:

Орал - 2017 ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсерінің теориялық негіздері
1.1 Педагогикалық шеберлік психологиялық-педагогикалық проблема ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Қазіргі білім жүйесі жағдайындағы мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы және оның педагогикалық шеберлік тәуелділігі ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті және ұстаздық шеберлігі
2.1 Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті оған қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Мұғалім тұлғасына заман талабына сай қойылатын талаптар ... ... ... ... ...15
2.3 Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мекемелер мұғалімдерінің пән мұғаліміне қойылатын бірыңғай талапты орындау жағдайын реттейтін құжаттың болмауына байланысты қала көлемінде оқушының ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларына, журналдың толтырылуына, оқушылардың жұмыстарына және білім, білік, дағдыларын бағалауға қойылатын бірыңғай талаптар топтамасын әзірлеу қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан, мектептің дамуының қазіргі деңгейінде қала мектептерінің математика және физика пәнінің мұғалімдері пәнді оқытуға қойылатын төмендегі бірыңғай талаптарды басшылыққа алулары тиіс.
Мұғалім - оқушы атаулыға үлгі болатын өмірдің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, оқушыны адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сиқты ізгі қасиеттерге баулитын жан. Мұғалімдік қызметтің өзіндік ерекшеліктерін әңгімелегенде әрбір мамандық иесінің сөйлеу шеберлігі мен тіл мәдениеті туралы айтпай кетуге болмайды.
Мәдениеттілік, ой-өрістің кеңдігі адамның сөз саптауынан жақсы байқалады. Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше, ақыл- ой мәдениетіне жету қиын. Егер мұғалім бірнеше тілді меңгерген болса, тіпті, жақсы, көп тілділік адамның сөйлеу мәдениетіне де, сөз қорынының мол болуына да қолайлы әсер етеді. Оқушының ана тілінде сөйлеуін дамытуда ықпалы мол мұғалімнің сөйлеу тілінің кейбір ерекшеліктері туралы сөз етсек дейміз. Әрбір есейген азаматтың есінде қалған сүйікті ұстазының барлық жақсы қасиеттері үлгі болатыны. Мүмкін жақсы дегн жекелген ұстаздардың есімізде қалуы олардың сөйлеу мәдениетінің де жоғары болғандығынан шығар. Мұғалім оқушымен сөйлескенде қазақ тілінің мол байлығын орынды да шебер пайдаланып, нәрлі сөздерді қолдана білсе, біріншіден, баланың жүрегіне жол табады, екіншіден, сөйлеу мәдениетін байқаған оқушының ұстазына деген сезімі молаяды, үшіншіден, ұстазына еліктеген оқушының да ана тілінде шебер сөйлей білуге ынта- ықыласы артады.
Тіл арқылы қарым-қатынас жасау өте күрделі процесс.Сондықтан мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылар талап та биік. Ұстазының сөзі шәкіртіне әсер етуі жағынан екіге бөлінеді екен. Бірінші түрі- көбіне ақыл айту, кеңес беру ретінде болса, екіншісі - алғашқы сөзі өтпегеннен кейін қолданылатын талап қою, бұйрық беру.
Зерттеудің обьектісі: Мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсері.
Зерттеудің пәні: жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбиелік процесі.
Зерттеудің мақсаты: мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсерін зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
+ Теориялық деректерді талдау және педагогикалық шеберлік, педагогикалық қарым-қатынас ұғымдарының мәнін анықтау.
+ Ұстаздың тәрбиеленушiлермен қарым-қатынасы тиiмдi болуы үшiн, оның қажеттi шарттарын анықтау.
+ Тиімді қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін педагогикалық шеберліктің жоғарлату әдістерін талдау.
Зерттеудің болжамы : егер мұғалімдерге педагогикалық шеберлік туралы теориялық және практикалық бiлiмдерді меңгеру жағдайы туғызылса, және кәсiби қызметтерде оларды қолдана алатын болса, онда оқу-тәрбиелiк процесінің барлық кезеңдерiнде тәрбиеленушiлермен олардың қарым-қатынасқа түсу тиiмдiлiгі жоғарлайды.
Зерттеудің әдістері: ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау, педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау, бақылау, тест жүргізу, әңгімелесу.
Зерттеу жұмысы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсерінің теориялық негіздері
1.1 Педагогикалық шеберлік психологиялық-педагогикалық проблема ретінде
Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді.
Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан- жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес.
"Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!"- деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі- адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, қазір жаңалықтар легімен енген соны технология, технологиялық дәуір. осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлік демекпін.
Абай атамыздың: Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өтуге жөн көрдік:
- сабаққа педагогикалық - психологиялық талдау жасау;
- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;
- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық - психологиялық негіздері;
- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс - тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы - деп бекер айтпаған.
Біліктілік деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.
Білім сапасының арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты роль атқармақ. Егер педагог мамандардың біліктілігін жүйелі арттырса, онда үлкен жетістікке қол жеткізуге болары анық. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:
1.Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.
2. Білім беру асында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.
Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады:
1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).
2. Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу).
3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу. )
Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі.
Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады.
Мұғалім-өзі де оқуы керек. . . - деп П. Ф. Каптеров айтқан еді.
Мұғалімнің өздігінен білім алуына нақты көмек көрсету үшін, тұлғаның кәсіптік қызмет саласындағы қажеттіліктерін, сұраныстарын, мүдделерін білуі қажет. Арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімнің жеке қажеттіліктерін ескеріп құрылуы тиіс. Мұндай жағдайда мұғалім біліктілікті арттырудың ұжымдық нормаларына қатыса отырып, өзін қызықтыратын мәселелерге жауап табатын болады.
Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету - мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан - жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.
Мұғалімнің творчестволық қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі, физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік біліммен сәйкестенеді.
Жаңашылдық творчестволық қуат шексіз, әрі үздіксіз қозғалыста дамиды. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы, өзара дамуда, ынтымақтастықтан теңгермешілікке, дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні зор.
Біздің ойымызша, педагогикалық шеберлік - бұл мұғалімнің кіріктірілген қасиеті, өйткені ол өзінін кұрамына өзара тәуелді, тыгыз байланысты бірліктерді, яғни білім, іскерлік, қабілет пен қасиеттерді камтиды. Әрине, педагогикалық шеберлік күрделі кұрылым болғандыктан, онын мәнін ашуды, оны түсінуге деген әр түрлі көзқарас тұрғылары қалыптасқан. Қазіргі заман сұранысына орай, біз педагогикалық шеберліктің негізі инновациялык іс-әрекет деп тұжырымдаймыз. Тек жанашылдыкка деген талпыныс, үздіксіз ізденіс мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді. Осы тұжырымды өлкеміздің мандай алды азаматтары, оз ісінін шеберлері К. Нургалиев, К. Бітібаева, Ж. Шайжунусов, еліміздін бір туар тұлғалары Р. Нуртазина, А. Ысқақов, Е. Очкур сынды ұстаздар қызметі негізінде жасадық. Олар өз педагогикалық іс-әрекет шыңына жаңашылдыққа ұмтылыс негізінде жетті. Бірак, инновациялық іс-әрекет, кәсіптік білім мен іскерліктерсіз және тұлғалык қасиеттерсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі таңда мұғалім шеберлікке қол жеткізу үшін өзін-өзі басқара алуы керек, бойында оптимизм, лидерлік қасиет, тәуекелге бел буа білу, қуаттылык, төзімділік сияқты тұлғалык касиеттері болуы тиіс. Аталған қасиеттер мұғалімді жанашылдыкка жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады.
1.2 Қазіргі білім жүйесі жағдайындағы мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы және оның педагогикалық шеберлік тәуелділігі
Білім мен тәрбе берудің ең басты міндеті - мектептің іс-әрекетіне психологиялық тұрғыда ықпал ету. Мұның дәлелі - қазіргі кезде мектепте жүргізіліп жатқан психологиялық-педагогикалық жұмыстар. Психологияда алға қойылған мақсат әр оқушының жеке адамдық қасиеттерін жан-жақты жүйелі зерттей отырып, оларды дамуына қолайлы жағдай туғызу. Бұған тек психологтар ғана емес, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің және ата-аналарды ықпалы зор. Жеткінектерді жай-күйін, ынтасын, ықыласын, қызығушылығын есерсек олар жалаң теориямен оқуға ынталы емес. Сол себепті олардың білім алуға белсенділігі мұғалімнің талабына, оқушымен қарым-қатынас орната алу шеберлігіне байланысты. Бұл үшін мұғалім психолог болу қажет.
Шығармашылық адамын тәрбелеу мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бұл процесті жаңа технологиямен ұйымдастырудың маңызы зор. Оқушы ұстаз жетекшілігімен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Сол себепті қабілетті дер езінде байқап, оның дамуына түрткі бола білу керек.
Оқушыны жалықтырып алмаудан сақтанып, төмендегі тәсілдерді тиімді пайдалану қажет:
1. бала ойын ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;
2. білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;
3. жақсы сөздермен сені қолыңнан келеді, сенің болашағың зор-деп, үнемі шабыттандыру.
Демек, әр ұстаздың алдындағы сәулелі мұрат шәкіртіне білім беріп қана қоймай , әр баланың менін ашу. Сол менді шығармашылық тұлғаға жетелеу. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам.
Жоғарғы дегейдегі білім мен адамгершілікке баланы баулитын ұстаздың бойында адам баласына тән барлық қасиеттер табылуы тиіс, себебі мұғалім бала қарап тзелер айна іспетті. Бала қабілетінің ашылуы үшін мұғалім назарында мынадай бағыттар болу керек:
Оқу мен тәрбе егіз екенін бір сәт те естен шығармаған жөн, соның нәтжесінде ғана сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады. Ол жайлы Әл-Фараби: Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың жауы, ол келешекте оны барлық өміріне апат әеледі деген.
Педагогика ғылымы - тәрбиелеу, оқыту, білім беру, даму туралы заңдылықтарды айқындап, негіздерін ашып, оның принциптерін белгілеп береді. Педагогикалық заңдылық іс-әрекет, үрдіс туралы білім негіздерімен қаруландырса, ол педагогикалық принцип іс-әрекеттің бағдарын, үрдісті қалай кұру жөніндегі білімдік ұстанымды ұғындырады. Педагогикалық үрдістегі заңдылық педагогикалық іс-әрекетпен құбылыстағы тұрақты байланыс, қайталанып тұратын қозғалысқа тән бірлестікті танып түсінуге жол ашады. Таным түсінікті білудегі сырткы байланыспен ішкі байланысты білу үрдістің жүзеге асуындағы ортақ мән мазмұнды меңгертеді.
Айталық, әлеуметтік жағдайға байланысты сыртқы әсерлердің ықпалы ішкі құбылыстарды өзгертсе, оның нәтижесі белгілі бір заңдылықты айқындайды. Педагогикалық үрдістегі заңдылықтардың бастары мынау:
1. Тәрбие-әлеуметтік жағдаймен байланысты зандылық болғандықтан ол нақты тарихи кезеңдегі тәрбиенің сипатын, қоғамдағы кажеттілікті айқындайды, сондай-ақ әкономиядағы, ұлттық мәдениеттегі ерекшеліктерге тән мәнді білгізеді.
2. Оқыту мен тәрбиеге қатысты зандылық бұл құбылыстардың өзара бірлігі мен тұтастығын, өзара байланыстылығын сипаттайды. Бір-біріне қабыса келген тұтастық тұлғанын болмысын айқындайды.
3. Тәрбиенің іс-әрекетпен байланысындағы зандылық педагогикадағы басты мәселе. Өйткені баланы әр түрлі іс-әрекетке қосып, түрлі жұмыстарды атқаруға машықтандыру барысындағы дағдыға бейімдейді.

4. Тәрбие және тұлғаның белсенділігіне байланысты зандылықтардың педагогикадағы орны ерекше. Мұғалім кейде оқушыға кейде объекті тұрғысында қарағанымен де ол субъекті. Сондықтан әр бір оқушының еркі мен зейініне, дербестігіне мән беріп, іс-әрекеттегі құлқы мен белсенділігін ескеру үлкен табыска жеткізетіндігін естен шығармаған абзал.
4. Тәрбиенің қарым қатынастағы зандылықтарының да орны зор. Тәлім тәрбиедегі мақсат мұғаліммен оқушының қарым қатынасы барысында орындалып жүзеге асатын құбылыс. Баланың қалыптасуына ықпал ететін өзара қарым қатынастың әсері екендігін назарда ұстау керек.
6. Басқа да зандылықтардың педагогикалық үрдістен туындағандығы оқыту мен тәрбие талаптарына байланысты кеңестер мен ережелерде тиісті нұсқаулар бөлімінде ескертілген.

2.Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті және ұстаздық шеберлігі
2.1 Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті оған қойылатын талаптар
Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі - еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі. Қазақтың аса көрнекті қоғам қайраткері, ақын, аудармашы ғалымы Ахмет Байтұрсынов Ең әуелі мектепке керегі - білімді, әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім деген болатын.
Мұғалім - оқушы атаулыға үлгі болатын өмірдің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт бағдар беріп, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан. Мұғалімдік қызметтің өзіндік ерекшеліктерін әңгімелегенде оның мәдениетін айтпай кетуге болмайды. Адамдардың жан-жақты жетілулері адамның шығармашылық белсенділіктері мен мүмкіндіктерін дамыту мәдениеттіліктерін көрсете білудің нәтижесі.
Мәдениеттілік, ой-өрістің кеңдігі адамның сөз саптауынан жақсы байқалады. Алдымен мәдениет деген түсінікке тоқталатын болсақ, мәдениет - деген ұғымға беті-қолын жуғаннан бастап, адамзат ақыл-ойының қазіргі жеткен ең соңғы биігіне дейінгі барлық ұғым енеді. Мәдениет туралы түсінікке әр ғалым әр түрлі анықтама береді.
Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер т.б. рухани өмір табыстарының жиынтығы, - дейді тілші-ғалым М.Балақаев. Мәдениеттің өзі екіге бөлінеді: материалдық және рухани. Соның ішінде рухани мәдениетке жатады:
а) ойлай білу мәдениеті - өмірге талдау жасап қиындықтардан арылу жолын таба білу, ақылға салу, жасампаздыққа жеткізу;
ә) педагогикалық мәдениет - ұзақ жылдар бойына жинақталған ең озық іс-әрекет, білім, үйрену нәтижесі;
б) тіл мәдениеті - коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану;
в) сөйлеу мәдениеті - тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сөйлеу мәдениеті - үлкен қасиет, мазмұны жағынан терең, ұтымды, әділетті, көркем, ғылыми, бай, халық тілі.
Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі - тіл тазалығы. Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше, ақыл-ой мәдениетіне жету қиын. Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен байқалады. Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал, - деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретін түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген. Сөйлеу - ұстаздың тіл амалдарын пайдалануарқылы пікірін, ойын білдіруі.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлділігі, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы маңызды. Сондықтан мұғалімнің сөзі айқын анықтылығымен, ақылға қонымды, дәйекті дәлділігімен, тыңдаушыларды баурап алып кететіндігімен үлгі болуы тиіс.
Ұстаз сөзі оқушыларға өтімді болып, жақсы әсер беру үшін дауыс ырғағының, сөйлеу сазының зор мәні бар. Халқымыз жақсы сөйлей білетін адамдарды сөзі мірдің оғындай екен дейді. Ұстаздықдыбыс сазына, үніне кең, толық, таза, айқын сүйкімді дауыс беру үшін жағымды саз беруге дағдылану, жаттығу керек. Бұл туралы А.С. Макаренко Дауысты үйлестірудің қандай ұлы іс екенін ұғындым. Жүре беруіңе болады деген қарапайым үш ауыз сөзді 50 түрлі әдіспен айтуға болады.Бері кел деуді 20 түрлі әдіспен айтуды, бет-бейнемді, даусымды 20 түрлі құбылтуды үйрендім, - деген екен.
Мұғалімнің мінезі жайдарлы, кең пейілді, сабырлы, ашу шақырмайтын, сөзі өте сыпайы болуы керек. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Бірінші қыры - мұғалімнің өз пәнін меңгеруі; екінші қыры - оны үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі; үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі, сөйлеу шеберлігі; төртінші қыры - байқағыштық сезімі - көрегендігі; бесінші қыры - жасампаздығы; алтыншы қыры - жан-жақты дарындылығы; жетінші қыры - үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы; сегізінші қыры - үлгі-өнегесі немесе педагогикалық әдеп- этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті, сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандыққа тән қасиет.
Сөз өнері - халықтың ішінен орақ тілді, от ауызды небір шешендерді шығарған. Олардың айтқан сөздері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ғасырлар бойы жасап келеді. Сухомлинский Тәрбие өнері дегеніміз - ең алдымен, сөйлей білу, адам жүрегіне жол таба білу өнері. Мұғалім сөзі - шәкірт жүрегіне жол табуда теңдесі жоқ құрал деген болатын. Бұл сөзде шын мәнісінде үлкен шындық жатыр. Себебі, сабақ мұғалімнің сәлемдесуімен басталып, қоштасуымен аяқталады. Негізгі тұлға - сыныптағы мұғалім. Сондықтан да сыныпта шәкірттің сөйлеу тілін қадағалаумен бірге, мұғалім өзінің тіліне де айрықша мән беруі керек. А.С.Макаренко да мұғалімнің осы қасиетіне ерекше мән берген. Оқушылар - деп, жазды ол, - сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек.
Мұғалімнің дауыс ырғағы оқушыларға түрліше әсер етеді. Сондықтан мұғалім сөзін оқушыларды қуантатын жерде қуантып, қолайсыз көріністерге реніш туғызатындай етіп құруы тиіс. Өз сабағына жан-тәнімен берілген мұғалім шын жүректен оқушыларды еліктіре баурап әкетеді. Сабақ бергенде мұғалімнің даусы оқушылардың бас миына жеткілікті қозу аймағын туғыза алатындай көтеріңкі ашық шығуы керек.

2.2 Мұғалім тұлғасына заман талабына сай қойылатын талаптар
Халықтың бай тарихын, мәдени құбылыстарының сан қилы ерекшеліктерін білмей, бүгінгі тәрбие жүйесін қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан болашақ мамандарды кәсіби даярлауда жоғарғы оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне тарихи-педагогикалық және мәдени мұраларды пайдалану барынша қажет болып отыр. Себебі, ол болашақ мамандардың рухани дүниесіне белсенді ықпал етіп, олардың эстетикалық талғамы мен адамгершілік, тұлғалық және сапалық қасиеттерінің қалыптасып дамуына игі әсер етеді. Олай болса, бүгінгі білім жүйесіндегі өнердің басты мақсаты - адам баласының барлық іс-әрекетіндегі сергек сезімталдықты, әдемілік пен әсемдікті тәрбиелеу.
Мемлекетіміздің мәдениет мәелелері мен тарихи өткенін жаңғырту және бағалау мәселелеріне деген көзқарасына 2004-2006 жылдарға арналған Мәдени мұра бағдарламасының қабылдануы дәлел бола алады. Бұл бағдарламаның жасалуы мәдени мұралар саласындағы қалыптасқан жағдайға барынша белсенді түрде әсер етудің қажеттілігімен байланысты болып отыр.
Бұл мәселені зертеудің қажеттілігі мынадай нақты қарама-қайшылықтан туындап отыр. Біріншіден, қоғамның халықтың мәдени мұрасын қайта жаңғыртуына деген қажеттілігінің өсуі, өскелең ұрпақтың бойында өз халқының мәдени және рухани мұрасына деген жағымды білім, тәрбие және ағарту ісінде қалыптастыруды өзектеумен байланысты.
Бұл мәселелердің көкейтестілігі қазіргі кезеңде білім беру мен тәрбиенің аймақтық ерекшелігін зерттеумен байланысты ғылыми еңбектердің жоқтығында жатыр. Қазіргі уақытта жастарлың өз халқының тарихына, өз өлкесінің тарихына деген қызығушылығы өсіп отырғаны байқалады. Еліміздің аймақтарындағы тарихи-педагогикалық жұмыстар - отандық ғылым мен интеллегенция өкілдерінің көңілін аударып, қызығушылық тудырып отырғанын айтуға болады.
Ұлттық, дәстүрлі мәдениеттің эстетикалық тәрбие мазмұнына қосқан үлесі отандық педагогиканың, ғылымның дамуына мүмкіндік туғызды. Дегенмен, өнердің көпқырлылығы, ол өнердің әртүрлі саласын ықпалдастырып қана қоймайды, әрі бүкіл адамзаттық мәдениетті де қамтиды. әлеуметтік саланы дамыту барысында қоғамды ізгілендіру көрінісінің бірі - рухани жағынан бай тұлғаны тәрбиелеу. Бұл бүгінгі күнгі білім беру жүйесінің негізгі мақсаты болып табылады. Демек, өскелең ұрпақтың рухани мәдениетін қалыптастыру - қоғамның мәдениетін жан-жақты дамыту жұмысының маңызды бөлігі.
Кең мағанадағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас
Педагог мамандығы
Педагогикалық әдептіліктің көрсеткіштері
Педагогтық әдеп және оны меңгеру жолдары
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Педагогикалық шеберлік бойынша дәрістер
Ұстаздық шеберлік
Педагогикалық әдептің негіздері
Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы
Пәндер