Компьютерлерді программалық қамсыздандыру курсын оқыту әдістемесі



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Курстық жұмыс
Тақырыбы:

Мазмұны

КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Компьютерлерді программалық қамсыздандыру курсын оқыту әдістемесі
1.1 Жүйелік бағдарламалау курсын оқытудың теориялық негіздері ... ... ... ... .5
1.2 Қолданбалы программалық қамсыздандыру ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Сервистік программалық қамсыздандыру ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...10
2. Компьютердің бағдарламалық қамсыздандырылуы және жұмыс технологиясы тақырыбына ұйымдастырылған сабақ жоспарлары
2.1 Компьютердің программалық жабдықтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .14
2.2. Компьютерлерді бағдарламалық - дидактикалық қамсыздандыру ... ... ..18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

КIРIСПЕ
Тақырыпытң өзектілігі. Информатиканы оқыту әдiстемесiнде бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк педагогикалық бiлiмдер мен тәжiрибелер жиынтығынан компьютерлерді қамсыздандыру және жұмыс технологиясы курсы бөлiнiп шығады. Бұл оқу пәнiнiң мазмұнында информатиканы оқыту әдiстемесiнiң жалпы теориялық негiздерi, типтiк техникалық құралдар жиыны және сонымен бiрге мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдiстемесi қарастырылды.
Информатика мамандығының бағдарламалау курсы біраз программалық жабдықтарды қамтиды. Қазiргi кезде объекттіленген бағдарланған программалау орталарын көптеп дайындалуы және олардың түрлі нұсқаларының пайда болуы курс мазмұнының да, оны оқыту әдiстемесiнiң де өзгерiп отыруына әкелуде. Осының әсерiнен жүйелік бағдарламалау курсын оқытудың түрлi әдiстерi мен құралдары пайда болуда. Осындай әдiстердiң бiрi ретiнде, үйренушiнiң өз бетiмен жұмыс iстеуiне негiзделген компьютер көмегiмен оқыту әдiсiн алуға болады. Ал компьютерлiк оқыту жүйелерi компьютер көмегiмен оқытудың негiзгi құралы.
Уақыт өте келе бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiрудiң ойдағыдай жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетiп келедi. Бұл мәселенi: компьютер, оның программалық қаматамасыз етiлуiнiң бiртiндеп жүзеге асырылуы, мамандардың дайындалу қарқыны, информатика пәнiнiң оқыту әдiстемесiнiң, оның iшiнде нақты курстарды оқытудың әдiстемесiнiң қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады.
Қазіргі кезде жүйелік бағдарламалау курсының түрлi компьютерлiк оқыту программалары бар. Мұндай программаларда бiлiм берудiң курс мазмұнын игеруде дағды мен ебдейлiктi қалыптастыруға қажеттi тапсырмалар, бақылау сұрақтары мен олардың жауаптары, студенттiң бiлiмi деңгейiн бағалау, т.с.с. мақсаттар ескерiлмей қалуда. Себебi олардың көпшiлiгi тек курс мазмұнын берумен ғана шектеледi.
Әрине, бұл құралдардың барлығы бiрдей нашар деген пiкiрден аулақпыз. Дегенмен қазiргi кезде шығарылып жатқан компьютерлiк оқу құралдарының көпшiлiгi талаптарға сай келе бермейдi. Негiзiнде оқытудың компьютерлiк программалары дәстүрлi оқыту құралдарының тиiмдi жақтарын қамтып, оны жаңа сапалық көрсеткiштермен толықтыруы тиiс. Бұл компьютерлiк оқыту программаларын құруда ескерiлуi қажет негiзгi талаптардың бiрi. Сол себептi компьютерлiк оқыту жүйелерiн даярлау деңгейiн жетiлдiру қазiргi кездегi көкейкестi мәселелердiң бiрi болып алдыңғы кезекке шығады.
Жұмыстың мәселесi: компьютердің бағдарламалау курсын оқытуда болашақ информатик мамандарды стандарт талаптарын сай етiп дайындау мақсатында курсты компьютер көмегiмен оқыту әдiстемесiн жасау.
Қазiргi кездегi көптеген зерттеулерге талдау жасай отырып, жүйелік бағдарламалау курсын оқыту әдiстемесiнiң ғылыми-теориялық тұрғыда негiзделгендiгiне сүйене отырып және болашақ информатик мамандарды стандарт талаптарына сай етiп даярлау мақсатында курстық жұмыс тақырыбын Компьютердің бағдарламалық қамсыздандырылуы және жұмыс технологиясын оқыту әдістемесі деп таңдап алдым.
Зерттеудiң мақсаты: Информатика пәнiнiң жүйелік бағдарламалау курсын компьютерлiк технология негiзiнде оқыту әдiстемесiн ұсыну.
Зерттеу міндеттері:
oo Компьютердің бағдарламалық қамсыздандырылу курсын оқыту әдістемісі мен мазмұны және міндеттерін көрсету;
oo Компьютердің жұмыс технологиясын оқыту әдістемесімен таныстыру.
oo Компьютердің бағдарламалық қамсыздарылуы және жұмыс технологиясына арналған сабақ жоспарларын құру.
Зерттеудiң обьектiсi жүйелік бағдарламалау курсын оқыту процесi.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Компьютерлерді программалық қамсыздандыру курсын оқыту әдістемесі
1.1 Жүйелік бағдарламалау курсын оқытудың теориялық негіздері
Қазiргi әлемнiң ғылыми бейнесiнiң негiзгi сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информациялық процестер мен факторлардың фундаментальды ролiн мойындау болып табылады.
Бұл жағдай бiздiң ғасырдың басында әлемнiң бейнесiн жаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мұндағы негiзгi мәселе ұйымдастырушылық немесе қазiргi айтылып жүргенiндей информациялық факторларға байланысты. Дәлiрек айтсақ алдыңғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесу мәселесi қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым информатика деп аталды. Сонымен информатика - компьютердiң көмегiмен информацияны iздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудiң әдiсi, тәсiлдерi мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым.
Қазiргi кезде информатиканың ықпалына көп сүйенетiн саланың бiрi халық ағарту жүйесi. Ал, информатиканың проблемаларын қарастыратын сала кәсiби информатика деп аталады.
Кәсiби информатика информатика ғылымының бiр саласы ретiнде оқу орындарында оқу процесiнде пайдаланылатын компьютердi программалық, техникалық оқу-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз етудi зерттейтiн сала ретiнде анықталады.
Информатика программалық қамтамасыз ету оқу орындарының информациялық, басқару және оқыту жүйелерiн қамтиды, оның құрамында осы жүйелердi жобалауға арналған сериялық құралдар бар.
Информатика психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етiлуi тиiс. Ол өзiнiң маңыздылығы жағынан алғашқы орында қарастырылатын мәселеге жатады. Қазiргi компьютерлердiң оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесiне енгiзiлуi компьютерлендiрудiң барлық проблемаларын шеше алмайтыны анық. Компьютердi пайдалану жағдайында оқу процесiн тиiмдi және өз мақсатына жете алатындай етiп ұйымдастыру үшiн бiрқатар педагогикалық, психологиялық проблемаларды шешу қажет. Осыған байланысты педагогиканың, психологияның және дидактиканың дәстүрлi қағидалары қосымша зерттеудi талап етедi. Бұл жерде оқытуды компьютерлендiрудiң екi түрлi негiзгi бағыты бар екенiн ескеру қажет, олар компьютер оқу объектiсi және компьютер оқу құралы ретiнде.
Информатика курсының енгiзiлуiне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектiсi информатиканы оқыту әдiстемесi деп аталды.
Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңiне сай зерттеледi.

1.2 Қолданбалы программалық қамсыздандыру
Қолданбалы программалық қамсыздандыру - есептеуіш техникасын адам қызметінің әралуан салаларында пайдалануды қамтамасыз етуге арналған. ҚПҚ жіктемесі 1-ші суретте көрсетілген.

Қолданбалы ПҚ
Жалпы міндеттегі ПҚ
Арнайы міндеттегі
Кәсіптік деңгейдегі
мәтіндік редактор
баспалық жүйелері
графиктік жүйелер
ДҚБЖ
Біріктірілген жүйелер
авторлық жүйелер
эксперттік жүйелер
гипер мәтіндік жүйелер
мультимедиялық жүйелер
АЖО(автоматтандырылған жұмыс орны)
ЖАЖ(жобалауды автоматтандыру жүйелері)
БАЖ(басқаруды автоматтандыру жүйесі)
Педагогикалық кешендер
Телекоммуникация жүйелері
1-сурет. Қолданбалы программалық құралдар жіктемесі
Қолданбалы программалардың үлкен тобын мәтіндік редакторлар құрайды. Мәтіндік редакторларға қатысты ұғымдарды қарастырайық.
Гарнитура деп әртүрлі сызбадағы және кильдегі бір бейнелі қаріптер жиыны.
Басылым үшін тексті дайындау және жөндестіруде қаріптер (шрифт) ерекше маңыздылыққа ие. Қаріптер - басылымдық жүйелердің негізгі бейнелік құралы болып табылады, оның көмегімен текстің шығармашылық мәнеріне қол жеткізуге болады.
Қаріптерді гарнитурасы (суреті), сызылымы, өлшемі және міндеті бойынша ерекшелеуге болады.
Гарнитура деп барлық сызбадағы және кегльдегі бір бейнелі қаріптер жиынын айтады.
Әріптер базалық сызықта орналасады. Жолдар арасындағы аралықты интервал деп атайды. Қаріптер тік және көлбеу болады. Көлбеу қаріптерді курсив деп атайды.
Компьютердегі қаріп - қаріптің стильдік ерекшеліктерімен мәтінді баспаға шығаруды қамтамасыз ететін файл немесе файлдар топтары.
Біршама кең пайдаланылатын гарнитуралар:
1) Әдеби - әліппе, энциклопедия, кіші форматты, нормативы; периодикалық және әдеби-шығармашылық басылымнан басқа басылымдар түрлері үшін.
2) Жай жаңа - мектепке арналған оқулық, қалтаға арналған және нормативтік басылымнан басқа кітап-журнал түрлерінің барлық жиынтығы үшін;
3) Мектептік - орта және бастапқы мектеп оқулықтары үшін, балаларға арналған басымдар, әдеби және ғылыми -әйгілі әдебиет үшін;
4) Банниковская және Академиялық -әдеби шығармашылық (ғылыми, оқу және ғылыми -әйгілі басылымдар гуманитарлық бағыттағы ) үшін;
5) Балтика және Таймс -әдеби және ғылыми -әйгілі әдебиеттерді, жоғарғы оқу орны оқулықтарын теру үшін.
Мәтіндік редакторлар- программалар компьютерде мәтіндік материалдар даярлауға арналған.
Мәтіндік редакторларды мәтінді өңдеуге талап қою деңгейі бойынша жіктеуге болады.
1) Қарапайым мәтіндерді теру мен өңдеуге арналған: Lexіcon, Refic, Norton Editor, MultiEdit, Word 4.05.0
2) Күрделі мәтіндерді өңдеуге арналған программа:
ChiWriter
TechWord
Word 5.5, 6.0, 7.0, WordFor Windows 1.1 және 2.2
WordPerfect, Tex, LaTex және т.б.
3) Басылымдық жүйелер өз алдына компьютерлік теруге, мәтіндік және суреті бар материалдарды (верстка) түптеңге тағайындаған аппараттың және программалық комплексті білдіреді.
Басылымдық жүйелер үшін текстік материалдарды өңдейтін әралуан сервистік программалар бар. Солардың ішіндегі негізгі топтар:
oo расторлы графиканы векторлыққа түрлендіру;
oo сканерленген бейнелерді өңдеу;
oo шрифтерді өңдеу;
oo дұрыс жазылуын тексеру;
oo сканердің көмегімен текстерді оқу
oo программаны орысша қылу
oo аудармашы - программалар
Word басылым жүйесі
Word - мәтінді өңдеуге арналған копфукционалды программа. Page Maker - кәсіпкерлердің аса қуатты және әйгілі басылымдық жүйесі. Оның көмегімен үлкен кітаптың (қалың) (үлгі-макетін) түп- нұсқа макетін дайындауға болады. (суреттер, формулалар, кесте және т.б. күрделі элементтерден тұратын )
Wordтың міндеті:
-теру, жөндестіру, тексті және кестені верстка
-менюдің барлық пункттерін басқару;
-басылымға дайын құжатты дисплейде қарау;
-сурет және слайд қою.

1.3 Сервистік программалық қамсыздандыру
Файлдарды ұзақ сақтау үшін немесе компьютер желісі арқылы оңай әрі тез тасымалдау үшін файлдар арнайы файлдық менеджерлер және арнайы архивтеу бағдарламалары көмегімен архивтеледі (сығылады).
Архивтеу алгоритмдері мен әдістері. Мәліметтерді еш нұқсансыз (жоғалусыз) архивтейтін әртүрлі архивтеу алгоритмдері бар. Мәліметтерді қайтадан қалпына келтіргенде ол бастапқы күйге келеді. Мәліметтерді сығудың ең қарапайым алгоритмі (мәтінде бірдей символдар тізбегі, ал графикалық редакторда - бір түспен боялған облыс және т.б болуы мүмкін) қайталанатын биттерді алмастыруға негізделген. Мысалы, мәтінде 10 байт болатын 10 бос орын тізбегі қатар келеді, Архивтеу барысында ол 3 байтпен (бірінші байт - алмастырылатын символды кодтайды; екінші байт - архивтеу жалаушасын көрсететін арнайы байт, ол бірінші байттағы байттарды архивтен тізбек түрінде ашу кажеттілігін көрсетеді; үшінші байт -қайталанатын байттар санын көрсетеді) алмастырылады.
Файлдарды архивтеудің жоғарыда көрсетілген немесе баска да архивтеу алгоритмдерін колданатын әртүрлі (ZІР, RАR, АRJ және т.б.) әдістер бар. Архивтеу әдістері файлдарды сығу дәрежесімен, орындау жылдамдығымен және басқа да параметрлерімен ажыратылады. Мәтіндік және графикалық файлдар өте жақсы сығылады, ал архив файлдары іс жүзінде сығылмайды.
Архиваторлар. Файлдарды архивтейтін көптеген арнайы бағдарламалар -архиваторлар (WinZір, WinRAR, РоwегАrсhіvег және т.б.) бар.
Ең көп тараған архивтеу және оларды басқару құрылғыларының бірі -МS-DОS, \Windows, Lunix және т.б. жүйелерде жұмыс істей алатын, толық орысшаланған WinRAR архиваторы болып табылады.
WinRAR RAR және ZІР архивтерімен жұмыс істеуге, сонымен бірге мәліметтерді сығудың тиімді алгоритмдерін қолданып көпатомды және өзі ашылатын архивтер және сол сияқтыларды құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта компьютерлік вирустармен күресу тәжірибесі мол, антивирустық программалар өңделген, программалар мен мәліметтердің қорғау әдістері анық. Антивирустық программалардың құрылуы компьютерлер жұмысының аномалиясында табылады. Бұдан кейін вирус терең зерттеледі, оның сигнатурасы бөлінеді.
-байттардың жүйелілігі, вирус программаларының толық мінездемесін береді, вирус жұмысының механизмі анықталады, жұғу әдістері. Алынған ақпарат магнитті дискіде және компьтер жадысынан вирусты табу әдісін өңдеуге мүмкіндік береді, вирус алгоритмін зиянсыз ету. Антивирустық программаларды бірнеше типтерге бөлуге болады. Олар: детекторлар, докторлар, яғни ревизор, доктор-ревизорлары, фильтрлер және вакциналар (иммуникаторлар).
Детектор программалары- олар вирусты табу үшін ғана арналған. Вирустың детекторлары дискеттің жүктемелі секторын белгілі жүктемелі секторлармен салыстыруға болады, операциялық жүйенің әр нұсқаулардан құрастырылады. Белгілі вирустың сигнатурасын табу мақсаты мен жүктемелі вирусты табу мен магниттік дискіге сконерлеуді орындау. Мұндай программалар нақты түрде қазіргі кезде өте аз.
Докторлар (Фаги) - бұл программа вирусты табу ғана емес, сонымен қатар жою мүмкіндігі бар. Жұққан программалардан позын жою және де олардың жұмыс істеу қабілетін қолына келтіреді. (мүмкін болса). Ресейде белгілі фангболып Aidstest К. Лозинскийдің құрғаны. 1997 жылы қаңтар айында бұл программа 1600 шамамен вирусты тауып зиянсыз жасау мүмкіндігі болды. Апта сайын бұл программаның жаңа нұсқаулары пайда болды, он шақта жаңа вирустарды зиянсыздайтын. Даниловтың құрған өте қуатты және нәтижелі антивирустың құрал Doctor Web фагі болып табылады. Бұл фагтың детекторы белгілі бір вирус сигнатурасында файлдар көшіріп қана қоймайды. Doctor Web эвристикалық вирустарды іздеу әдісін таратады, оларды тауып және зиянсыз етеді, нақты анықталған сигнатурасы жоқ полиморфты вирустарды архивта бар файлдарды тексереді. Вирустардың табылуына Doctor Web процессордың прораммалық эмуляциясын қолданады, яғни ол микропроцессордың 1-8086 программалық моделінің көмегімен қалған файлдың құралуын орындайды, осыдан барып вирустардың көрінуіне және олардың көбеюі үшін орта құрады. Doctor Web программасы полиморфта вирустармен ғана күреспейді, сонымен қатар перспективада пайда болатын вирустармен де күреседі. Комплекста мамандар Ridstest және Doctor Web-ті қолдануды ұсынады.
Ревизорлар. Ревизор программасы вирус-программаның мүмкін болатын таралу жолдарын және компьютердің жұғуын бақылайды. Ревизорлар программасы файлдарды орналастыру кестесіне жатады (FAT- file allocation table) және кез келген файлдармен жұмыс жасау мүмкіндігін болдырмайды. Жүктемелі - файлдық вирустар жүктемелі және файлдық вирустар принципін қолданады және өте қаупті болып келеді.
Доктор- ревизор программасы файлдарға және иесінің жүйелікаймағындағы өзгерістерді тауып қана қоймайды, сонымен қатар өзгерген кезде олады автоматты түрде бастапқы қалпына келтіре алады. Мұндай программалар доктор-программаларына қарағанда көп жақты болып келеді. Оларды емдеу кезінде алдын ала сақталған диск аймағын және файлдың қалып күйін қолданады. Бұл файлдарды программа жазылған кезде құрылмаған вирустары емдеу мүмкіндігі бар. Бірақ олар барлық вирустарды емдемейді, тек программалар жазылған кезінде файлдың жұғу механизмі белгілі және стандартталарын ғана емдейді.
Фильтр- програмалары компьютерлік оперативті жадыдағы резидентті орналастырады және вирустың көбеюіне және зиян келтіруіне қолданылатын операциялық жүйеге үндеуін қамтиды және қолданушыға хабарлайды. Қолданушы сәйкес келетін операциялары орындауға рұқсат беруі және бермеуін де болады.
Кейбір фильтр-программалары кейбір күдікті іс әрекетті ұстамайды, тек вирустың бар болуына программаның орындалуына шақырылғаннын тексереді. Бұл компьютердің баяу орында луына әкеп соғады. Алайда фильтр-программалардың қолдану артықшылығы- вирус таралмай тұрып ерте кезеңдегі көптеген вирустарды табу мүмкіндігін береді. Осыдан барып вирустан алған шығынды минимумге қиылыстыруға болады.
Вакцина-программасы және имунизаторлар программалар жұмысында бейнеленбейтін дискілерді және программаларды жаңартады, вакцинация жүргізілген вирус бұл программаларды немесе дискілерді жұқтырылған деп санайды. Бұл программалар өте тиімді емес.

2. Компьютердің бағдарламалық қамсыздандырылуы және жұмыс технологиясы тақырыбына ұйымдастырылған сабақ жоспарлары
2.1 Компьютердің программалық жабдықтары
І. Сабақтың тақырыбы: Компьютердің программалық жабдықтары
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Информатиканы оқыту әдістемесі
Access мәліметтер қорын сақтау жүйесі тақырыбында электронды оқулық құрастыру
Қоғамды информатикаландыру және оның жалпы білім беру жүйесінде алатын орны мен ролі
Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ)
Жекелеме пәндерді оқытудағы ақпараттық технологиялар
Информация, информатика
Математиканы оқып үйренудегі компьютерді пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері
Информатика оқыту әдістемесі туралы қысқаша мәлімет
Пәндер