Халық музыкасы
Кіріспе
1. Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері
2. Қазақ музыкасының ерекшелігі
3. Қазақ музыкалық өнерінің дамуы
4. Ұлттық аспап .Домбыра
Қолданылған әдебиеттер

Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе
(Қ. Аманжолов)
Жалпы музыкалық білім беру жүйесі жас ұрпақты музыка өнеріне баулып, олардың жан жақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты болып өсуі үшін, ең жоғары мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұтады. Еліміз егемендік алып, өз шаңырағымызды тіктеген тұста ұлттық өнерімізді, мәдениетімізді, білімімізді жаңғыртып, ұрпақтан –ұрпаққа жеткізу міндеті қойылды.
Бүгінде білім саласына көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп, авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіспен дамып келеді. Музыка саласында да дәстүрлі халық музыка байлығын, Қазақстан сазгерлері шығармаларын насихаттау жаңа қырынан алға қойылып, жаңартылған музыка бағдарламалары жасалуда.
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қанағаттандыра отырып, олардың музыка өнері жөніндегі түсінігін кеңейтуде, ой -өрісін дамытуда заман талабына сай құрылған музыка сабағының маңызы зор.
Мектептегі музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани ләззат, әсер алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат мақсаттарға жетелеп, өнегелі істерге баулыйды. Осы маңызды міндеттерді орындау үшін баланың бойындағы қабілетті дамыту керек. Ал жалпы музыкалық қабілетті дамыту үшін музыка пәнінің мұғалімі « сегіз қырлы бір сырлы» болуы тиіс. Ол- әнші, музыкант, актер, әдебиетші, тарихшы – қысқасы, ғылымның әр саласынан хабардар болғанда ғана, бүгінгі күн талабына сай ұстаз бола алады.
Жалпы білім беретін мектептің музыка сабақтары білім берудің, тәрбие берудің маңызды саласы болып табылады. Музыка пәнінің мақсаты – қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық ( ұлттық) музыкаға баулу. Сол арқылы өз халқына деген патриоттық сезімін ояту, ұлттық тәлім –тәрбие беру.
Музыка – құдіретті күш, жан дүниені ерекше әсерге бөлеп, адамды сәулелі өмірге жетелейтін сиқырлы өнер. Музыка тағдыры, жалпы музыка мәселесі тек сазгерлер мен музыканттардың, әншілер мен орындаушылардың, музыка зерттеушілері мен өнер қайраткерлерінің ғана жанашырлығын қажет етпейді.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. – Астана, Күлтегін баспасы, 2002.
2. Күзембаева С, Егінбаева Т. Қазақ музыкасы тарихынан лекциялар. –Алматы, «Таймас» баспа үйі, 2005.
3. Сарыбаев Б. Қазақтың халық аспаптары. –Алматы, Өнер, 1998.
4. Сүлейменова Р.Ә., Жұмалиева Г.Ғ. –Музыка пәнін оқыту әдістемесі.( бастауыш сыныптарға арналған). Астана : Фолиант 2008.
1. Т. Жұмағалиева, Д. Ахметбекова, Б. Ысқақов, Ә. Қарамендина, З. Қоспақов «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» Алматы 2005

ҚАЗІРГІ ЗАМАН ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы: Халық
музыкасы
Қабылдаған:
Жуманбаева К.Р.
Орындаған: Джолдинова А.К.
Қарағанды қ.
2011ж.
Мазмұны
Кіріспе
1. Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері
2. Қазақ музыкасының ерекшелігі
3. Қазақ музыкалық өнерінің дамуы
4. Ұлттық аспап -Домбыра
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе
(Қ. Аманжолов)
Жалпы музыкалық білім беру жүйесі жас ұрпақты музыка өнеріне
баулып, олардың жан жақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты болып
өсуі үшін, ең жоғары мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұтады. Еліміз
егемендік алып, өз шаңырағымызды тіктеген тұста ұлттық өнерімізді,
мәдениетімізді, білімімізді жаңғыртып, ұрпақтан –ұрпаққа жеткізу міндеті
қойылды.
Бүгінде білім саласына көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп,
авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіспен дамып
келеді. Музыка саласында да дәстүрлі халық музыка байлығын, Қазақстан
сазгерлері шығармаларын насихаттау жаңа қырынан алға қойылып, жаңартылған
музыка бағдарламалары жасалуда.
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қанағаттандыра
отырып, олардың музыка өнері жөніндегі түсінігін кеңейтуде, ой -өрісін
дамытуда заман талабына сай құрылған музыка сабағының маңызы зор.
Мектептегі музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып
сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани
ләззат, әсер алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат мақсаттарға
жетелеп, өнегелі істерге баулыйды. Осы маңызды міндеттерді орындау үшін
баланың бойындағы қабілетті дамыту керек. Ал жалпы музыкалық қабілетті
дамыту үшін музыка пәнінің мұғалімі сегіз қырлы бір сырлы болуы тиіс. Ол-
әнші, музыкант, актер, әдебиетші, тарихшы – қысқасы, ғылымның әр саласынан
хабардар болғанда ғана, бүгінгі күн талабына сай ұстаз бола алады.
Жалпы білім беретін мектептің музыка сабақтары білім берудің, тәрбие
берудің маңызды саласы болып табылады. Музыка пәнінің мақсаты – қоғамның
әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық ( ұлттық)
музыкаға баулу. Сол арқылы өз халқына деген патриоттық сезімін ояту, ұлттық
тәлім –тәрбие беру.
Музыка – құдіретті күш, жан дүниені ерекше әсерге бөлеп, адамды сәулелі
өмірге жетелейтін сиқырлы өнер. Музыка тағдыры, жалпы музыка мәселесі тек
сазгерлер мен музыканттардың, әншілер мен орындаушылардың, музыка
зерттеушілері мен өнер қайраткерлерінің ғана жанашырлығын қажет етпейді.

Төл музыка дәстүр тереңінен тамыр тартып, біліктілік пен кәсіпқойлық
деңгейде шыңдалса ғана өрге шабады. Қазақтың дәстүрлі музыкасын жоғары
кәсіптік деңгейде өркендету мәселесіне түбегейлі бет бұрылып, ұлттық ділге,
мемлекеттік тілге деген көзқарас оңғарыла бастаған сыңайлы. Бұл нышан
таяуда Алматыда Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 60
жылдығына арналып өткізілген Музыкалық білім және музыкалық ғылымның
өзекті мәселелері атты ғылыми-тәжірибелік мәслихат барысында айқын
танылды. Әрі бұл мәслихаттың осыған дейін өткізілген шаралардан өзгешелігі
айтарлықтай болды. Мұнда 120-дан астам баяндама тыңдалып, алысты-жақынды
шет елдің музыкалық жоғары оқу орындарынан келген 170-тен астам өкіл,
ұстаздар қазақтың дәстүрлі музыкасының жанрлық және салалық тұрғыдан
өркендеп, классикалық өнермен қатар дами бастағандығына көз жеткізді.
Бұл жиынның бір ерекшелігі консерватория тарихында тіл мен өнердің
бірлігі, музыкалық оқу орындарындағы мемлекеттік тілді қолдану мәселесі
тұңғыш рет ауқымды деңгейде қозғалып, мәслихат аясында қазақ тіліне қатысты
мәжіліс тұңғыш рет өз алдына дербес өткізілді.
Профессор, даңғайыр күйші Қаршыға Ахмедияровтың Тіл мен музыканың
бірлігі баяндамасында да нақ осы мәселе әңгімеге арқау болды. Ол музыканың
тілді дамытудағы рөлі туралы айта келіп, нарды тіл емес, күй иіткені рас,
дегенмен, өнер алды – қызыл тіл, ал сол тілді үйретудің барлық әдіс-
мүмкіндіктерін жеткілікті қолдана алып жүрміз бе? Жоқ! Неге? Өйткені,
бүгінгі күнге дейін таза жеткен тілдің бірден-бір қолдаушысы ән, саз, әуез,
ырғақ, мақам екендігін ескермей отырмыз! Әрі, табиғатынан сазды, үнді қазақ
тілінің мәйегі, мақамы жойылып, теледидар мен радио арналарындағы сөйлеу
мәдениетінен жұрдай жүргізушілер мен жекелеген журналистер қазақ тілінің
қадірін әбден түсірді деп қынжылды. Оның пікірінше, көпшіліктің қазақ
тіліне деген ықыласын арттырудың бір жолы ретінде консерваторияның
ұстаздары музыканттарымен және орындаушылармен бірігіп жұмыс жүргізуі
керек.
Осы мәслихатта қазақтың дәстүрлі музыкасын жетілдірудің жолдары мен
бағыты қайта пысықталып, ән мен күй орындаудың шеберлігін кәсіптік деңгейде
дамыту турасында келелі мәселелер қозғалды.
Бұрын-соңды Мәскеу белгілеп берген оқу бағдарламасынан артық бағыт-
бағдар, жоспар жоқтай сезілген оқу әдістемесінің де барынша ұлттық сипатта
жүргізіле бастағаны музыкалық білім беру мәселелеріне арналған талқылаулар
барысында анық танылды. Ахмет Жұбанов, Бекен Жылысбаев, Мағауия Хамзин,
Жүсіпбек Елебеков, Әйткеш Толғанбаев секілді тұлғалардың шығармашылығына
талдау жасалып, өнегесі насихатталды. Қазақтың төл музыкасын салалық-
кәсіптік деңгейде дамыту мәселесі басты тақырыптардың біріне айналды. Халық
орындаушыларын республика жоғары оқу орындарында кәсіби маман есебінде
дайындаудың өзекті мәселелері айтылып, Дәстүрлі өнер - жыр, Дәстүрлі
өнер - ән, Дәстүрлі өнер - күй мамандықтары қатарына болашақта Дәстүрлі
өнер - би мамандығы қосылу керектігіне назар аударылды. Ұлттық
классикалық өнеріміздің негізіне айналған хореографиялық би қойылымдарды
жоққа шығармаймыз. Дегенмен, ежелден қазақтың халықтық би өнері өте жоғары
деңгейде дамығандығын ескере отырып, консерваторияда танымал биші Шұғыла
Сапарғалиқызы бастап қазақтың дәстүрлі бишілік мамандығына баулитын шағы
жетті деген Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
профессоры, жырау Алмас Алматовтың пікірін тірілткен Құрманғазы атындағы
қазақ ұлттық консерваториясының халық әндері кафедрасының аға оқытушысы
Қанат Құлымжанов дәстүрлі әншілердің даусын шыңдау ерекшеліктеріне
тоқталды. Мәслихатта қазақ тілінде жасалған Қайдасың сен, қоңыр үн?,
Қазақ халқының мәдени мұрасын сақтаудың негізгі тұтқасы, Күй – өткен
тарихымыздың тілсіз шежіресі, Күй өнеріндегі стильдік ерекшеліктер,
Көкіл күйінің шығу тарихы, Домбыра өнері және эстетикалық тәрбие
баяндамаларының тақырыбы, ақиқатын айтқанда, кешегі КСРО кезіндегі
кеңестерде сен тимесең, мен тимен, бадыраң көз кейіпте, үнсіз, тілсіз,
амалсыз тұмшаланумен келген.
Балалар мен жасөспірімдерге музыкалық фольклор негізінде музыкалық-
эстетикалық тәрбие беру, Қазақстандағы баян мектебін Құрманғазы атындағы
қазақ ұлттық консерваториясының үлгісі негізінде дамыту, қазақтың дәстүрлі
мәдениетіндегі музыкалық дидактика, музыкалық-көркем құбылыстық таным
әдістемесі, Шығыс халықтарындағы музыкалық терапия тарихы, қазақтың домбыра
өнері мен қобыз тарихы, жетіген, шертер аспаптарын жетілдіру, Қорқыт ата
және түркі әлемі, түркі халықтары музыкасындағы ерекшелік және қазақтың
халық әндерінің философиялық мәні жайындағы пікірлер ден қойып тыңдалды.
Парижден, Бейжіңнен, Сеулден, Мәскеу мен Ресейдің Воронеж, Новосібір
секілді бірқатар аймақтарынан, сондай-ақ қырғыз бен өзбектен келген
бірқатар мамандар қазақ консерваториясының қадамы қарыштап дамығандығын
танытып, өз еліміздің түкпір-түкпіріндегі музыка мамандары көптен көкейінде
жүрген ой-пікірлерін ортаға салып, әрқилы ұсыныстар бойынша ортақ пәтуаға
келісті. Дөңгелек үстелдер мен семинарлар және дербес талқылаулар барысында
тіл табысып, мәдениет пен өнерді әр қырынан, әрі ұлттық ерекшеліктерге сай
өркендетудің тетігін бірігіп тапқандай болды. Мәслихат аясында өткен
Бабалардан жеткен саз, Көнеден көшкен керуен сазы және дәстүрлі
музыкалық аспапта орындаушылардың Асыл мұра екінші байқауы, халықаралық
ІІ халықаралық пианистер байқауы, күй өнерінің айрықша үрдісі Күй тартыс
жарысын тамашалып, ұлттық өнеріміздің барлық саласынна хабардар болды.
Үлкен орган залы ашылып, қазақ өнерпаздарының тек қана өз елінің ұлтық
аспабы ғаан емес, әлемдік музыка мұрасына да сақ екендігімізді танытты.
Алматы жүздесуі тәжірибе алмасулар мен пікірлер мінберіне айналды.
Біздің Құрманғазы консерваториясының ұстаздары мен қызметкерлерін
іргеміздегі Өзбекстанның мемлекеттік консерваториясында музыкалық сын және
журналистика кафедрасының жұмыс істейтіндігі тәнті етті. Күйші Қаршыға
Ахмедияров Шіркін, бізде де осындай, БАҚ өкілдерімен жұмыс істейтін
арнаулы қызмет болса, еліміздің төрт құбыласындағы музыкалық
мәдениетіміздің өзара қабысып жатқандығын, батыс пен шығыстың, оңтүстік пен
солтүстіктің, Арқа мен Жетісудың ән мен күй өнері кейбіреулер айтып
жүргендей, бәсекелес, бақталас емес, керісінше, өзара сабақтас екендігін,
өнердің қадірін білген ата-бабамыз бірінде жоқ мұраны екіншісінен тауып,
толықтырып отыру үшін ерекшелеп кеткендігін музыкалық танымды журналистер
мен жанашыр баспасөз арқылы қалың жұрттың көзін жеткізер едік деді
қызығып. Осынау үлгінің оң екендігіне көзі жеткен Құрманғазы
консерваториясының басшылығы ойланатын, тіпті көп кешіктірмей қолға
алынатын мәселе екендігіне осы мәслихат барысында уәде етті. Ал өзбек
ағайындар қазақ музыка өнерінде ән мен күйдің жеке жанрлық сала ретінде
нығайып дамығандығын, бұл жөнінен қазақ бауырлар алда деп мойындады.
Өзбекте аталмыш өнер саласы бір жанр аясында қарастырылып келеді. Және
қазақтың музыка өнерінде тақырыптық сипат қалыптасқандығы, ал мұндай
жетістік батыс классиктерінің туындыларына тән екендігі жайлы П. Чайковский
атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры Валентина
Холопова арнайы тоқталып өтті.
2. Қазақ музыкасының ерекшеліктері
Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің
ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің
қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл
өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп,
сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып,
қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра
ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ
арасында кемде-кем болған. Осы орайда халық арасында сұрақтар пайда болуы
мүмкін. Осы домбыра, күй сөздері қайдан шыққан? Нені білдіреді? Ол қай
кезден бар? Неге домбыра қазақ арасында соншама кең таралған? Осындай
сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше домбыра сөзі дөпбұра,
дәлбұра, дембұра деген сөздердің тізбегі арқалы жасалған. Бұл белгілі
бір логикаға бағындырылған қызғылықты жорамал. Тағы бір болжамды этнограф
Ерік Көкеев еңбектерінен табуға болады. Ғалымның пікірінше том деп түюлі
жұдырық немесе қолдың саласы айтылады. Кейіннен бұл түбір ұяңданып домға
айналған, быра тіркесі бір нәрсені шерту, тарту, дыбыс шығару деген
мағына береді-мыс. Яғни домбыра сөзі қолдың саласымен немесе бес саусақпен
шекті шерту деген мағына береді.
Кейбір деректерде домбыра сөзі арабтың дунбаһи бурра тіркесінен,
яғни қозы құйрық деген сөзінен қалыптасқан деген долбар әңгіме бар. Бұлай
дегенде шамасы домбыраның шанағының сүйірленіп барып, қозы құйыршықтанып
бітетіндігін негізге алған болуы керек.
Құдайберген Жұбановтың еңбегінде күй сөзіне мынадай пікірін білдіреді:
Қазақта күй түрінде айтылатын шағатай, ұйғыр тілдерінде, анатоль түрік
тілінде көк болып айтылуы тиіс. Қазақтың и дыбысының бір қатары шағатай
тілінде, ескі ұйғыр тілінде, түркімен, әзірбайжан, анатоль түріктерінің
тілінде к, г-ге айналады. Қазақша байламақ деген сөз оларша бағламақ
болады; қазақша тимек деген сөз оларша текмек болады ... сондықтан
күй деген сөз оларда көк болуы табиғи нәрсе, - дейді. Сондай-ақ
Ақселеу Сейдімбек те осы пікір жайлы Күй деп басталатын қай сөздің де
сезіммен астасып жатыр. Сол сөз көшпенділердің ең киелі сезімі – тәңірлік
наным сеніммен ұштасып жатады. Демек, күй деген сөз әу баста Тәңірлік
құбылысты білдірген. Тәңірдің дыбысы деген сенімдегі мағынамен шендес
болғаны аңғарылады, - деп Құдайберген Жұбановтың пікіріне қосылған.
Күй сөзі түрік тілдерінің деректерінде XI ғасырдан бері белгілі.Махмұд
Қашқаридің әйгілі еңбегі Дивани лұғат ит түрік атты сөздігіндегі көк
(қазақта күй болып айтылады) деген атау аспапты музыканы да , әнді де
білдіреді. Осы күнгі татар тілінде де күй сөзі аспапты музыка мен
вокалдық музыкаға ортақ қолданылады. XVI ғасырдан бермен қарай күй сөзі
тек аспапты музыканы ғана білдіретін мағынаға ие болады.
Ен далада күн кешкен елдің аузынан шыққан күй деген сөздің аспаптық
музыкаға тән атау екені, оның түп-тамыры одан да арғы замандарда жатқаны он
төртінші ғасырдан бері белгілі. Осыған дәлел байырғы заманда 600 жыл бұрын
тасқа салынған суреттін табылуы. Сондай ақ күй сөзінің көнелігін
білдіретін тағы бір дерек қазақта Ақсақ құлан атты күй болуы. Туу тарихы
жағынан бұл күй Шыңғыс хан жорықтарымен тұстасады. Қазақ халқының басына
қара заман боп орнаған ХІІІ-ХІV ғасырдың тарихи оқиғаларын баяндайтын
шығармаларды алсақ , олардағы музыкалық тілдің тереңдігі, асқан шеберлікті
керек ететін ойнау әдіс-амалының молдығы, аңыз хикаяларды суреттеудегі
бағдарламалық жүйесі Қазақстан жерінде аспаптық музыка мәдениеті аса
жоғарғы дәрежеде ертеде-ақ дамығанына бірден бір айғақ. Қазақ халқының
тұрмыс-харекетімен, өмір-тіршілігімен әрқашанда тығыз байланыста болатын
күй – жүздеген жылдардан бері қанат жайып, өркендеп келе жатқан жанр.
Халқымыздың музыкалық қазынасында сары алтындай сандалкер күйлер жүздеп
саналады. Оларды хатқа түсіретін нота мәдениеті жоқ болса да, сыры мен
сымбатын жоғалтпай, қайта ажарлана, әрлене түсіп, ауыздан ауызға көшіп,
атадан балаға мирас боп қала берді. Әлбетте, құм басқан қалалардай, бізге
жетпей, уақыт шыңының астына көміліп қалған күйлер де есепсіз екені және
даусыз.
Көпке белгілі, қазақтың халық арасында ең кең тараған музыкалық аспабы –
домбыра. Оның әлденеше себептері бар. Біріншіден – домбыраны жасау аса
қиынға соқпайды, қолы ұсынақты адам көрінген ағаш затынан жасап ала береді.
Екіншіден – домбырада тарту, үйрену, басқа аспаптарға қарағанда аса
қиынға соқпайды. Домбыраның пернелері барлық дыбыстарды скрипка сияқты
мойын бойлап іздетпей, дәл үстіне түсіреді. Қай пернеде қандай дыбыс бар
екенін баста біліп алса, ұмытпау дәрежесі айта қалғандай болса, орындаушы
кейін де сол пернені оңай тауып алады.
Үшіншіден- домбырада түрлі жағдайда тартуға бола береді, үйде отырып та,
түрегеліп тұрып та, шалқадан жатып та, ат үстінде де. Бұл айтылғандар,
халық аралап жүрген домбырашылар үшін аса керекті жағдай. Халық
күйшілерінің ат үстінде тұрып тартуларыда, шалқасынан жатып тартулары
жайында ел аузында әңгімелер көп. Бірнеше күн бұрын кетіп қалып, екі-үш
күннен кейін қайтып келіп, үйдің үстінде қалықтап жүрген Топан атты
бүркітін түндіктің ашық жерінен көрген Дәулеткерейдің жақсы көрген қыранына
арнап шалқасынан жатып тартып шығарған Топан күйі немесе Тәттімбетпен күй
тартысқан Абайдың анасы Ұлжанның сіңлісі Тайғараның(Малғара) кей кездерде
орнынан түрегеліп кетіп домбыраны емшектің үстіне қойып тарту – оның адам
ыңғайына келе беретіндігін дәлелдейді.
Төртіншіден – домбыра сүйемелге де ыңғайлы. Мұнда шалқайыңқырап отырып
әндетуге де болады. Әншінің даусына кесел келтірмейді. Сондықтан домбыра,
бір жағынан әншінің жыршының ақынның да қолқанаты.
Әрине, домбыра бәрінен бұрын күйдін аспабы. Қазақ күйлерінің көпшілігі
домбыраға арналып шығарылған.
Академик Әлкей Марғұлан қазақ эпостарының бес кезеңге бөлген. Қазақ
эпостарын тектегенде саралаған тарихи кезеңдер күй аңыздары үшін де ұрымтал
кілт бола алатынына күмән жоқ. Ол кезеңдер:
1. Ең байырғы заман;
2. Оғыз Қыпшақ заманы;
3. Тарихи дәуірлер (XIII-XIV), яғни қазақ даласына Жошы ұлысының ірге
тебуі;
4. Жоңғар арасындағы екі ғасырға созылған күрес кезеңі;
5. Феодалдық қайшылықтарға қарсы күрес кезеңі;
Бірінші кезеңнің күй аңыздары (яғни күйлері де) жаңаша жыл санауға
дейінгі VIII-V ғасырлар мен жаңа заманның VI ғасырдағы аралықты қамиды.
Бұған Еуразияның Ұлы даласындағы көшпелілер арасына ислам діні тарағанға
дейінгі қиял ғажайып тақырыптарға арналған күйлер, жорық сарындары,
жаугершілік кезеңдерде ел есінде қалған айтулы батырлар, ақылды арулар,
ерге серік болғандай қанатты пырақтар, киелі жануарлар туралы күйлер мен
олардың аңыздары жатады. Мәселен, Қос мүйізді Ескендір, Көк төбет, Көк
бөрі, Аққу, Сарын, Өгіз өлген, Тарғыл бұқа сияқты күйлер мен күй
аңыздарын айтуға болады.
Екінші, оғыз қыпшақ кезеңінің (VI-XII ғғ) күй аңыздары. Бұған Қорқыт ата
аңыздары, Абыз толғауы, Саймақтың сары өзені, Балжыңгер сияқты
күйлердің аңыздары жатады. Осы заман Қорқыт заманынан деседі. Қорқыт IХ-
ғасырда өмір сүрген аңыз кейіпкер. Ол Шыңғыс Уалиханов айтқандай:
Қорқыт алғаш қобыз тартып, сарын айтуды үйреткен ең бірінші бақсы.
Бақсылық дәстүрді ұстай отырып, қазақ музыкасының негізін қалыптастырды
десе болады. 1975 жылы фольклоршы Мардан Байділдаев және қобызшы Мұсабек
Жарқынбеков қызылордалық қобызшы Ысмайыл Шәменұлынан Қорқыттан қалған 10
шақты күйін жазып алды.
Қорқыттан соң үшінші ноғайлы кезеңінің (XIII - XVI ) күйлері. Оғыз
қыпшақ кезеңінің аласапыранынан кейін көшпелілердің рулық тайпалық
тұтастануы, Алтын орда сияқты айтулы мемлекеттің бой көтеруі осы заманға
сәйкес келеді. Тек ол ғана емес, ілгері ғасырлар талқысында тарихи тағдырын
ортақтастырған даналық ру тайпалардың саяси одақ құрып, бір бірімен біте
қайнасып қазақ деген кең мағыналы этникалық атаумен тарих сахнасына шыға
бастаған кезеңі осы тұс. Сондықтан да елдің өзін-өзі тұтастыққа тану сапасы
мейлінше шыңдалғанын, бір рудың қырбайлығы тұтас елдің қабырғасын
қайыстыратын, ел шетінен найзаның ұшы көрінсе тұтас ел болып
ереуілдейтінін, әсіресе, фольклорлық туындылардан айқын аңғаруға болады.
Ер Төстік, Жиренше шешен, Алдар көсе сияқты циклданған ертегі-
аңыздар, Алпамыс, Қобыланды батыр, Қамбар батыр, Едіге, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz