Радиорелелік және спутниктік байланыс жүйелерінің антенналық толқын беру жүйесі



Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Радиорелелік және спутниктік байланыс жүйелерінің антенналық толқын беру жүйесі

Орындаған: 11 522 тобының студенті Қадыров Б.
Тексерген: Қайыржанова Д.Х.

Орал, 2014ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Спутниктік байланыс жүйесінің антенналық толқын беру жүйелері
1.1 Спутниктік байланыс жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 VSAT-спутниктік байланыс станциясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 6

2. Радиорелелік байланыс жүйелерінің антенналық толқын беру жүйелері
2.1 Радиорелелік байланыс жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.2 Антенналық толқын беру жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Кіріспе
Қазіргі заманғы ұйымдар өздері арқылы күн сайын өтіп отыратын әртүрлі, негізінен алғанда электроеды және телекоммуникациялық ақпараттың үлкен көлемімен сипатталады. Сондықтан да барлық маңызды коммуникациялық тораптарға шығуды қамтамасыз ететін, коммутациялық тораптарға жоғары сапалы шығар жерге ие болған маңызды. Елді мекендердің арасындағы қашықтықтар орасан зор, ал жер бетіндегі желілердің сапасы сын көтермей отырған Қазақстанда осы мәселенің оңтайлы шешімі спутниктік байланыс жүйелеріболып табылады. Бүгінгі таңда әртүрлі спутниктік жүйелерге, әртүрлі принциптерге негізделген және әртүрлі қолданысқа арналған спутниктік байланыс жүйелерінің саны көп.
Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары: бағыттық әсер коэффициенті, бағытталу диаграммасы, қамтитын тиімді ауданы (бірден бірнеше мың м2-ге дейін жетеді), таратудағы кедергісі (көбінесе 100 Ом шамасы), толқынның полярлану түрі (сызықтық, шеңберлік, эллипстік), т.б. Антеннаның толқын тарату бағыттылығы толқынның таралу бағытындағы толқын өрісі кернеуін жоғарылатады. Сөйтіп, таралған толқынның қуатына шамалас толқын қуаты пайда болады. Тарату қуатындағы эквиваленттік ұтымдылықты санмен бағалау үшін бағыттылық әсер коэффициенті (БӘК) енгізілген.
Радиорелелік байланыс желісі - қабылдау-тарату радиостанцияларының тізбегімен қалыптасқан радиобайланыстардың түрлерінің бірі. Радиорелелік байланыс желілері деректер мен дыбыстық ақпаратты сымсыз байланыс арналары бойынша 60 шақырым қашықтығында тарата алады
Спутниктік байланыс -- радио байланысының Жердің жасанды серіктерін ррлар ретінде пайдалануға негізделген түрлерінің бірі. Спутниктік байланыс стационарлы да, қозғалмалы да болуы мүмкін жер станциялары арасында іске асырылады.

1. Спутниктік байланыс жүйесінің антенналық толқын
беру жүйелері
1.1 Спутниктік байланыс жүйелері
Спутниктік байланыс -- радио байланысының Жердің жасанды серіктерін ррлар ретінде пайдалануға негізделген түрлерінің бірі. Спутниктік байланыс стационарлы да, қозғалмалы да болуы мүмкін жер станциялары арасында іске асырылады.

1-сурет. Спутниктік байланыс
Спутниктік байланыс жүйелері баяғыдан белгілі және әртүрлі сигналдарды ұзақ қашықтықтарға беру үшін қолданылады. Өзінің пайда болған сәтінен бастап спутниктік байланыс қарқынды дамып отырды және, тәжірибенің жинақталуына, аппаратураның жетілдірілуіне, сигналдарды беру әдістерінің дамуына қарай, спутниктік байланыстың жекелеген желілерінен жергілікті және жаһандық жүйелерге көшу жүрді. Спутниктік байланыс жүйелерінің дамуының мұндай қарқындары олар ие болып отырған бірқатар қасиеттермен түсіндіріледі. Жекелей алғанда, оларға байланыс арналарының үлкен өткізгіштік қабілеті, қамтитын шексіз кеңістіктері, жоғары сапасы және сенімділігі жатады. Спутниктік байланыстың кең мүмкіндіктерін анықтайтын бұл қасиеттер оны бірегей және тиімді байланыс құралы етіп отыр.
Спутниктік байланыстың кең мүмкіндіктерін анықтап отырған бұл қасиеттер оны бірегей және тиімді байланыс құралы етіп отыр. Қазіргі уақытта спутниктік байланыс үлкен және орта қашықтықтарға халықаралық және ұлттық байланыстың негізгі түрі болып табылады. Байланысты ұйымдастыру үшін Жердің жасанды серіктерін пайдалану байланыстың қазірде бар желілерінің дамуына қарай кеңеюін жалғастыруда. Көптеген елдер өздерінің ұлттық спутниктік байланыс желілерін жасауда. Барлық жүйелерді екі түрдегі:геостационарлы емес және геостационарлы орбиталардағы спутниктер арқылы жұмыс істейтін жүйелерге бөлуімізге болады.
Спутниктік байланыс жүйелері сонымен қатар берілетін сигналдың осы сандық немесе аналогтық болуы мүмкін типімен де ерекшеленуі мүмкін. Ақпаратты сандық түрде беру ақпарат берудің басқа әдістерімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие болып келеді. Осы артықшылықтарға:
oo көптеген тәуелсіз сигналдарды біріктірудің және сандық хабарламаларды коммутацияның ыңғайлы болуы үшін пакеттерге түрлендірудің қарапайымдығы және тиімділігі;
oo аналогтық сигналды берумен салыстырғанда, қуаттың аз шығындалуы;
oo сандық арналардың, әдетте аналогық байланыс жүйелерінде елеулі проблема болып келетін, ретрансляциялар кезінде бұрмаланулардың жинақталу әсеріне салыстырмалы түрде сезімтал еместігі;
oo қателерді табу және түзету арқылы, беру қателіктерінің өте аз ықтималдықтарын алудың және берілген мәліметтердің жаңғыртылуының жоғары дәлдігіне, растығына қол жеткізудің потенциалды мүмкіндігі;
oo байланыстың конфиденциалдығы;
oo микропроцессорларды, сандық коммутацияны пайдалануға және компоненттерінің интеграциясының көбірек дәрежесі бар микросхемаларды қолдануға жол беретін, сандық аппаратураның іске асуының икемділігі.

1.2 VSAT-спутниктік байланыс станциясы
VSAT1-станция - шамамен 1.8 ... 2.4 м болатын шағын диаметрлі антеннасы бар спутниктік байланыс станциясы. VSAT-станцияжер бетіндегі бекеттер арасында, сондай-ақ мәліметтерді жинау және бөлу жүйелерінде ақпарат алмасу үшін қолданылады. VSAT типті Жердегі станцияларның желісі бар спутниктік байланыс жүйелері айтылған сөзді сандық жолмен беретін телефон байланысын, сондай-ақ сандық ақпаратты беруді қамтамасыз етіп отырады.
VSAT типті спутниктік байланыс станцияларына №№ 725-729 ММКР ұсыныстарында сипатталған белгілі бір сипаттамаларға ие болып келетін спутниктік байланыс станциялары жатады. .
Телефон трафигін берген кезде спутниктік жүйелер топтық тракттар (топтық сигналдың өтуін қамтамасыз етіп отыратын техникалық құралдардың жиынтығы, яғни бірнеше телефон арнашықтары бір спутниктік арнаға біріктіріледі) және беру арналарын (сигналдардың бір нүктеден екінші нүктеге дейін беруді қамтамасыз ететін құралдардың жиынтығы) құрайды. Спутниктік байланыс жүйелерінің арналары және топтық тракттары магистральды және аймақ ішіндегі телефон желілерінің учаскелерінде, бірқатар жағдайларда жергіліті байланыс желілерінде кеңінен қолданылып отыр, Спутниктік байланыс желілері: Жердің жасанды серігі қызмет көрсететін аймақта кез келген байланыс бекеттері арасында тікелей бекітілген арналарды және тракттарды ұйымдастыруға, сондай-ақ бұл режимнік кезінде спутник арналары мен тракттары желідегі трафиктің қажеттіліктері өзгерген кезде бір бағыттардан екінші бағыттарға шұғыл ауыстырыла алатын, сондай-ақ толық қол жетімді шоқтармен ең тиімді пайдаланыла алатын, бекітілмеген арналар режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде VSAT пайдаланатын бірнеше спутниктік байланыс жүйелері жасалған. Осындай түрдегі типтік жүйелердің бірі болып геостационарлы спутниктердің негізінде ұйымдастырылған жүйе табылады. Аталған жүйенің құрамында жұмыс істейтін VSAT бірқатар елдерде, оның ішінде Қазақстанда да орнатылған.
VSAT станциясының тартымды ерекшелігі болып оларды пайдаланушыларға тікелей жақын жерге орналастыру мүмкіндігі табылады, осының арқасында пайдаланушылар жер бетіндегі байланыс желілерінсіз де күн көре алады. Жалпы алғанда VSAT станциялары деп 725-729 ММКР ұсыныстарында сипатталған белгілі бір сипаттамаларға ие болып отыратын станциялар аталады.
Ақпаратты жоғары жылдамдықтарда (10 кбитсек және одан көп) тұрақты беріп отырған кезде тиімді болып келетін, бекітілген арнасы бар жүйелерден өзге, арнаның көптеген абоненттік Жердегі станциялар арасында уақыттық, жиіліктік, кодтық немесе құрама бөлінуін пайдаланатын жүйелер де бар. Спутниктік байланыс жүйелерін классификациялауға мүмкіндік беретін тағы бір параметр болып хаттаманы пайдалану табылады. Алғашқы спутниктік жүйелер хаттамасыз болған және пайдаланушыға ашық арнаны ұсынатын еді.
Қазіргі таңда Қазақстанда оларды қатаң осылайша түсінгендегі VSAT типті желілер мен Жердегі станциялар әзірге аз, бірақ олардың саны өсетін болады, өйткені біздің еліміз, ұлан-байтақ жерімен қатар, әсіресе шеткері жатқан өңірлерде, байланыстың нашар дамыған инфрақұрылымына да ие.
Осындай күрделі аппаратураны таңдап алған кезде көптеген факторларға назар аудару қажет, аса маңыздыларының бірі аталған типтегі аппаратураның әлемде қаншалықты таралғандығы, осындай техниканы жасап шығарумен айналысып отырған фирманың нарықта қаншама жыл жұмыс істеп келе жатқандығы болып табылады. Бұл жүйенің жұмысының сенімділігіне кепілдік беруге, басқа жүйелермен байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2. Радиорелелік байланыс жүйелерінің антенналық толқын
беру жүйелері
2.1 Радиорелелік байланыс жүйелері
Радиорелелік байланыс -- радиорелелік желілерді қолдану арқылы жүргізілетінрадиобайланыс. Радиорелелік байланыстың мәні -- алыс қашықтықтарға сымсыз хабар жеткізуге мүмкіндігі бар, көп арналы, дуплексті телефон-телеграф байланысын қамтамасыз ету. Радиорелелік байланыс метрлік, дециметрлік және сантиметрлік диапазондағы радиотолқындарда жүргізіледі. Ол радиорелелік желі арқылы бір мегзілде 100 телефонды радиохабар бағдарламаларын таратуға мүмкіндік бере алады. Радиорелелік байланыс әскердің ұрыс әрекетінің барлық түрінде дербес түрде де, сондай-ақ радио және сымды байланыстарды қосу арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиорелелік байланыс жүйелері
Сантиметрлік радиотолқындардың радиорелелік және спутниктік байланыс желілерінде таралуы
Спутниктік байланыс
РРЛ аралықтарының профильдерін есептеу және құру
Тропосфералық радиорелейлік байланыс
Радиорелелік желі трассасы
Қарапайым вибрациялық антенналар
Электротехника бойынша сұрақтар
Мәліметтерді тарату арналары
Сымсыз байланыс технологиялары
Пәндер