Режиссерлік өнер


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

1. Режиссерлік өнер

Режиссерлік өнер, режиссура - белгілі бір көркем идеялық ойға қүрылған біртұтас ойын-сауық туындысын жасау енері. Режиссер өзінің ой-қиялымен пьесаны немесе сценарийді, опера не балетті таңдап түсіндіре отырып, бүтал ойын-сауыққа катысушылардың шығармашылық еңбегін эстетикалық түрғыдан біріктіреді. Сөйтіп ол спектакльдің идеялық мазмұны, оның жанры мен сыртқы пішінін ашумен бірге сахна кеңістігінің игеру жолдарын, ырғағы мен мизансценасын белгілейді. Бұған қоса қажетті жағдайда арена мен эстраданы пайдалану мүмкіншілігін, кейіпкердің мінез-кейіпін айкындайды, ал кинематография мен телевизияда кадрды, монтажды, т. б. кұрастыру жұмысын жүргізеді. Режиссер артистер шығармашылығын декорация, костюм, музыка, дыбыс пен жарық беру құрамаларын пайдалану, кинода оператор жұмысын, т. б. осы сияқты ойын-сауықтың барлық компоненттерін өзара кабыстыра отырып үйымдастырады. Режиссерлік өнердің элементтері ежелгі заманда да болған, яғни ол кезде ойын-сауықтың тұтас, жинақы болу жағын драматург не болмаса группадағы жетекші актер өз міндетіне алған. Режиссердің ойын-сауық қоюда басты тұлғаға ие болған жөне оның театр, кино туындысын жасаудағы авторлық функциясы танылған қазіргі ұғымдағы Режиссерлік өнер алғаш рет 19 ғасырдың 2-жартысындағы драматургия театрда пайда болды. Режиссерлік өнердің қалыптасу кезеңі спектакльге қатысушылардың күш-жігерін бір мақсатқа жұмылдыру, кейіпкерлер өмір сүрген орта мен тарихи жағдайды мүмкіндігінше дәл, шынайы бейнелеу, көпшілік көріністерді динамикалык әрі табиғи тұрғыда көрсету секілді тұңғыш рет ансамбль принңипін ұсынған немістің Мейнинген театры, Париждегі А. Антуан мен Берлиндегі О. Брамның Бостандық театры және Лондандағы "Тәуелсіздік театрының" қызметімен тығыз байланысты. Дегенмен аталмыш театрлардың Режиссерлік өнері натурализм тенденңияларынан да құр алақан болмады. Мәскеудің Көркем академиясы театрының негізін салушылар К. С. Станиславский мен В. И. Немирович-Данченко Режиссерлік өнердің жаңа реалистік принциптерін үсынумен қатар оны жүйелі түрде іске асырды. Мәскеу көркем театрының режиссурасы орыс және дүниежүзілік Режиссерлік өнердің дамуына зор ықпал жасады. Режиссерлер осы театрдың тәжірибесі негізінде туған Станиславский жүйесін шығармашылық жолмен пайдаланды. Мұның өзі кейіннен театр, кино және телевизиядағы Режиссерлік өнерде реализмнің зор қарқынмен жан-жақты өріс алып дамуына жол ашты. 20 ғасыр басындағы Режиссерлік өнерде Мәскеу Көркем театрының бағдарламасына қайшы келетін тенденциялар да бой көрсетті. Режиссураның осы уақыттағы өсу жолы Ресейде В. Э. Мейерхольдтың, Ұлыбританияда М. Рейнхардтың жаңашыл экспери-ментке толы ізденістерімен байланысты болды. 20 ғасырдың басында бой көрсеткен кино өнері режиссураның жаңадан перспективалық дамуына жол салды. Алғашқы ірі кинорежиссер Д. У. Гриффит (АҚШ) кең ауқымды тарихи полотнолар жасап коюда экран мүмкіншілігін пайдаланды. 20 ғасырдағы ТМД елдердегі Режиссерлік өнердің өркендеп өсуін Н. Р. Акимов, А. Ахметели, Е. Б. Вахтангов, батыс еуропа театрда А. Арто, Ж. Л. Барро, Б. Брехт, П. Брук, Ж. Вилар; қазақтеатр өнерінде Ж. Шанин, И. Г. Боров, Ш. Айманов, Ә. Мәмбетов, А. Тоқпанов, т. б. шығармашылығымен байланысты. ТМД елдерінің режиссерлері қойған спектакльдерде жаңа әлеуметтік мазмұны батыл әрі жарқын театр формасы арқылы өз шешімін тапты. 20 ғасырдың 2-жартысындағы театр мен кино режиссурасы өзінің реалистік бағытының үнемі нығайып, өсіп отыруымен, жаңашыл ізденістерімен ерекшеленеді. Көрнекті шет ел режиссерлері М. Антониони, И. Бергман, А. Вайда, В. де Сика, П. Джерми, Р. Клер, А. Куросава, т. б. кинематографияда Режиссерлік өнердің дамуына елеулі үлес қосты.

2. Комедиялық шығармаларды сахналаудағы

режиссерлік шешімдер

Қазақ халқының ұлы драматургі М. Әуезовтың халық жыры негізінде жазылған «Айман - Шолпан» комедиясы театр сахнасынан түспей қойылып келе жатқан ірі туынды.

Аталмыш комедия Қазақтың Мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасына Есмұқан Обаевтың режиссурасы мен қойылды. (2000ж) . Мұны ол Семей театрында бас режиссер қызметін атқарған уақытында да қойған болатын. 1985 жылы Алматыға гастрольдік сапармен келген ұжым алғашқы күнгі шымылдығын осы «Айман - Шолпан» спектаклімен ашады. Баспасөзде: «Режиссер Е. Обаевпен қойылымға қатысушылар пьесаның халықтық сипатына, оның фольклорлық негізіне көңіл аударған. Сахнаның көркемделуі де (суретші Д. Сүлеев) шартты түрде бейнеленген киіз үйдің ішкі сән-салтанатын елестеткендей әсер қалдырады.

Комедияның өзіндік көркемдік сипатын танытатын халық музыкасы молынан пайдаланылған. Әйгілі халық әні «Гүлдерайым» спектакльдің тұтас лейтмотивіне айналған. Ол жеке оқиғалар мен музыкалы құбылыстарды күшейтіп, кейде олардың логикалық алмасуын, енді бірдесахналық көріністердің басын біріктірді.

Қойылымның пантомимамен басталуынан кейін сахнадағы кейіпкерлердің ақжарқын кескін-келбеттері, көңілді хоры мен ойын-сауықтары Шөмекей елінде өтіп жатқан той думанның жалғасы іспеттес» [1], - деген ой айтылады сол жылдары. Бұдан Е. Обаевтың өзіне тән қолтаңбасын аңғару қиын емес.

Негізінен сахна төрінде небір спектакльдерді тудыратын- режиссер. Оның қиялы мен ұшқыр ойы сахнаға беріледі. Сол арқылы өнер туындайды. Көрерменнің талқысына салынар дүниені ойдағыдай етіп шығару оңай жұмыс емес әрине. Режиссер -театрда жасырын сиқыршы мен ойшыл. Ол көрерменге көрінбейді, спектакльде де жиі болмайды, бірақ театрдағы бүкіл шығармашылық ұжымның еркі режиссердің қолында. Е. Обаев осы принциптерді ұстана отырып, академиялық театр сахнасында жанр табиғатынан туындайтын драмалық әрекет пенмузыканың тұтастық табуына көп мән берді. Оркестрдің сүйемелдеуімен айтылатын жеке әндер мен хор, би көріністері шығарманың идеялық мазмұнының ашылуына мұрындық болды.

Ең бастысы, режиссер пьеса кейіпкерлерін сомдауға актерлерді дұрыс таңдап ала білді. Мұнда әншілік қабілетімен көзге түсіп жүрген бір топ жас актерлер өздеріне берілген рольдерін жетістікпен ойнап шықты. Олар драмалық әрекеттен әнге, одан хор мен биге еркін ауыса отырып жаңа қырларын танытты.

Шымылдық ашылған сәтте ақ үйге таласқан Маман бай - О. Қиқымов пен Көтібар - А. Бектеміров екеуінің болымсыз нәрсеге ұстасулары үлкен жауластыққа әкеп тірейді. Маман бай роліндегі актер өз кейіпкерінің даралық ерекшелігін дәл тапқан. Ол байлығына сеніп масаттанған адамның менмендігін, бірбеткей қырсықтығын дәл ашқан.

Ал, Көтібар роліндегі А. Бектеміров сахнаға шыққан сайын көрерменнің актердің қимыл-әрекетіне, сөз саптауына қолдау танытқаны аңғарылды. Актер күні өтіп бара жатқан батырдың жас қыздарға қырындаймын деп күлкілі жағдайларға тапболуын нанымды сомдайды. Оның қорбаңдаған жүрісі, қыздармен тілдесуге ниеттеніп барынша жақсы көрінуге тырысуы күлкі тудырып отырады. Өзінің батыр екенін мақтаныш тұтып, үнемі өктем сөйлеп үйренген Көтібардың Теңге алдында жуас бола қалуы да күні өткен батырдың кейпін елестетеді.

Айман роліндегі Д. Темірсұлтанова да жас арудың толғаныс сәттері мен ішкі көңіл-күйін жеткізе білді. Оның Айманы көркімен ғана емес, ақыл парасатымен, ізеттілігімен баурап алады. Бір ескерерлік жай -актриса көзін қайта-қайта төңкеріп, аруға жараспайтын басы артық әрекеттерге көп барады. Ал, Н. Жәкенованың Шолпанында ерке, әрі айтқанынан қайтпайтын бірбеткейлігі бар. Алайда жас орындаушының алдағы уақытта бай қызына тән қасиеттерді көбірек көрсетуге мән бергені жөн тәрізді.

Маман байдың қос қызына таласқан Әлібек - Е. Біләл мен Арыстан- Ғ. Құлжанов рольдері де сахнада нанымды бейнелеу тапты. Е. Біләл кейіпкер мінезін дәл тауып, шабытпен ойнады. Топ алдына жасындай жарқырап суырылып шыққан Әлібектің жалынды да, ақжарқын келбетінен өзіне деген сенімділік байқалады. Актер бай мырзаның маңғаз, сылқым серілігін әр қимылы арқылы таныта алған. Қыздармен кездесетін сахналарда Әлібектің сыпайылығы, жөн білетін тектілігі, парасаттылығы бірден көзге түседі. Ғ. Құлжанов ойнаған Арыстан батыр пішінді, ақылдан гөрі ашуға тез берілетін қызуқанды жігіт болып шыққан. Десе де Әлібекпен бәсекеде есесін жібергісі келмей тай-таласатын сахналарда актер ойыны үнемі Әлібектен кемшін түсіп жатты. Актердің дауысы көп тұстарда анық естілмейді. Бұл актердің рольмен аз жұмыс жасағанын айғақтап тұрған тәрізді.

Спектакль оқиғасының дамуына Б. Тұрыс сомдаған Жарас ролінің үлесі мол. Ол қай кейіпкермен сөйлессе де нақты әрі сенімді әрекеттер жасайды. Актердің Жарас ролін терең ұққаны соншалық, бүкіл тұла бойындағы дарынын сарқа төкті. Орындаушының бет-жүзіндегі құбылыстар сәт сайын өзгеріп, кейіпкер әрекетіне сай мыңқұбылады. Б. Тұрыстың пластикалық қозғалыстары мазмұнды, белгілі бір мақсатқа құрылған. Жарастың жарасымды әзілі, сынаптай сырғыған жеңіл жүрісі, қысылтаяң жерден жол тауып кететін ақылдылығы табиғи түрде туындап отырады.

Комедияда әлеуметтік орны бар келесі кейіпкер - Маман байдың жас тоқалы Теңге. Бұл рольде ойнаған Ғ. Әбдінәбиева сахнаға адымдай басып шыққан сәтінен бастап, ешкімге оңайлықпен беріспейтін ерке тоқалдың даралығын танытып үлгіреді. Ер адамның киімін киіп, Көтібарды жекпе-жекке шақыратын сахнасында адуындық басым. Оның ішкі ашу-ызасы жүзіне теуіп қана қоймай, дауысы да өзгерген. Бетіндегі пердесін жұлып тастап, күйеуінің алдына тұра қалған тұрысынан өзіне деген сенімі мол тоқалды көреміз.

Сонымен, режиссер тарихи шындық пен көркемдік шындық ара салмағын дұрыс сақтауға, кейіпкер характерінің де соған сай келуіне жете мән берген. Және дәуір тынысы, замана келбеті, ұлттық колорит сияқты ұғымдарды классикалық пьесалар негізінде қойылған спектакльдердің басты ерекшелігі деп білді. Перде ашылғаннан ешқандай сөздерді естімей сахнадағы кейіпкерлердің кім екенін білмей отырып, ең алдымен бізді суретшінің жұмысы еліктіріп алып кетеді. Спектакльді қисында әрлеуінің нәтижесінде біз оның талғамы мен темпераментін, стилін байқаймыз.

Спектакль кейіпкерлерінің киімдері ұлттық ерекшелікті айқын танытқан. Оларға қарап отырып, қазақ халқының киім үлгісінің сан алуандығына тәнті боласыз. Қойылымда өзара орынды қабысып жатқан халық ойындары, әдет-ғұрыптық элементтер де өте нанымды берілген. Жалпы М. Әуезов театрының қойылымы жаңа көзқарасымен, режиссерлік таным-түсініктің молдығы тұрғысынан, актерлік ансамбльдің тұтастығымен табысты қойылым ретінде танылды.

1934 жылы музыкалық драма театрының шымылдығын ашқан музыкалық комедия тарихы егемендік жылдармен бірге басталған Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының да іргесін көтерісті (1990) . Кереку сахнасындағы көңілді қойылым жарқын атмосферасымен, оптимистік сипатымен ерекшеленді. Тәжірибелі режиссер Ерсайын Тәпеновтың негізгі идеясы Жарас бейнесі арқылы еларалық тыныштықты сақтау, татулықты насихаттау болған. Алдыңғы планға шыққан осы кейіпкердің шығармадағы әлеуметтік орнын тап басқан режиссер Жарасты халықтық бейнеге айналдырыпты. Рольдегі Құрманғазы Айтмұрзаев сахнадағы жеңіл қозғалысымен кейіпкер әлемінің барлық болмысын ашып берді.

Павлодар театрында Әлібектің -М. Байжұманов өзінің байлығына деген сенімділігі мен мырзалығы, ақылдылығы мен аңқаулығы қатар суреттелсе, Арыстанның - Ж. Доспаев қ ызуқандылығы алға шыққан. Ал, ХІХ ғасырда өмір сүрген Маман байдың қыздары Айман мен Шолпанның тағдыры феодалдық жүйеде өріліп отырады. Е. Тәпеновтың режиссерлік жаңалығы - Айман мен Шолпанды екі бөлімде екі актрисаның орындауы болды. Рауза Тәжібаева мен Талжібек Атамбек (Айман), Баһаргүл Құрбанова мен Майра Дәулетбақованың (Шолпан) орындаушылық шеберлігі бірін-бірі толықтырып, лирика мен драманы қатар ұштастыруда көп ұтқан.

Спектакльдің атмосферасына шынайы ойындарымен көркемдік маңыздылық берген С. Бекболатов -шал, М. Манап -Көтібар, Г. Саймасаева -Теңге, Қ. Тұрманбаев -Балпық, А. Жукиндердің-Жантық ойындары облыстық сахнадағы комедияның идеясы мен мақсатына мағыналы үн қосқан.

Суретші Ермек Камкеновтың сахналық безендіруіндегі ақ отау, алтыбақан, сахна төріндегі табиғат и ллюстрациясы, т. б. актерлер ойынымен қисынды астасыпты. Бұл туралы облыстық театрларды зерттеп, ғылыми тақырыпқа айналдырған З. Исламбаева жан-жақты талдап жазған [2, 27б] . Театртанушының жазбасынан павлодарлық өнер ұжымының ұлттық классикаға үлкен дайындықпен келгендігін, әрбір кейіпкерге тән мінездердің орын алғандығын байқау қиын емес.

Аталған комедия Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық Семейдің қазақ музыкалық драма театрында 2009 жылы актер, режиссер Бауыржан Төлековтың режиссурасымен сахналанғаны белгілі. Қоюшы-режиссер күлкімен, әжуа мен мысқылмен бірге Айман мен Шолпанның басындағы драмалық ахуалды да нақты штрихтармен суреттеуді көздеген. Сахнаның екі жағына орналасқан екі отау айналасындағы кейіпкерлердің сахналық орны (мизансценасы) да ұтымды қарастырылыпты. Спектакльдегі той көріністері, айтыс өнерінің айшықты сарыны, күлкі тудыратын кейіпкерлер әрекеті барлығы үндескен. Мұны кейбір орындаушылардың әлсіз ойындары, ән айтудағы кемшіліктері болғанымен егемендік жылдарындағы жаңа тәсілдерімен ерекшеленген қойылым деп айта аламыз.

Егемендікпен үзеңгілес шымылдығын ашқан Қ. Қуанышбаев атындағы Астана театры да өзінің жиырма жылдан аса уақыт шығармашылық тарихында комедия жанрының көркемдік құндылығын, рухани мақсатын, мәдени мүддесін назардан тыс қалдырған жоқ. Репертуардағы М. Әуезовтың «Айман - Шолпан», Т. Ахтановтың «Күшік күйеу», М. Фриштің «Дон Жуанның думаны», Ж. М. Шевренің «Ізгілік формуласы», Э. Хушвақтовтың «Қызыл алма», т. б. комедияларында ұжым өздерінің ізденістерін, қарым-қабілетін танытып үлгерді.

Театртанушы Б. Нұрпейіс: «Әрбір театрдың жапырағы жайқалып, мәуесі толысуына классикалық шығармалардың тигізетін әсері шексіз» [3, 80б], - деп классикалық туындылардың театрдағы орнына тоқталған еді.

Соның ішіндегі жаңалығымен танылған, заманауи көріністерге бай - М. Әуезовтың «Айман - Шолпан» музыкалық комедиясы. Режиссер Әлімбек Оразбеков кейіпкерлерге дәстүрден алшақ мінездемелер беріпті: басты кейіпкерлер, феодалдық қоғамның принципі бойынша бас еркіндігі шектеулі Айман мен Шолпан мұнда бүгінгі сәндегі костюмдерде әрекет етіп, бас билігі өзінде, тәуелсіз бойжеткендердің жиынтық бейнесін берсе, Маман көпшілікке бүгінгі күннің бай мырзасы, магнат ретінде танылды. Ал, Көтібар қазіргі ортамызда жүрген білек күші бар, әлді бейнеге айналса, Әлібек пен Арыстан «жаңа қазақтар» болып танылған. Спектакльдегі эстрадаға арналып жазылған музыка, топтық билер режиссер идеясын тереңдеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ театр режиссурасының жаңа белестері
Режиссерлік өнер, режиссура - белгілі бір көркем идеялық ойға қүрылған біртұтас ойын-сауық туындысын жасау енері
Режиссуралық жұмыстың теориялық негіздері
А. Әшімовтың өмір жолы
Қуыршақ театры
Өнер және эстетикалық дәстүрлер
Театрдың пайда болу сипаты
Толықметражды «Кішкентай» көркем фильмінің шығармашылық-өндірістік көрсеткіштерін талдау
Мәдени - демалыс бағдарламаларының ерекшеліктері
Қазақ киносындағы түс көрудің режиссерлік интерпретациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz