Рульдік басқару жайлы



Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Рульдік басқару

Орындаған: Сабыров А.С
Тексерген: Иманғалиев С

Орал 2012ж

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 тарау. Рульдік басқару жүйесі және оған қойылатын талаптар
1.1. Автокөліктің рульдік басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Рульдік басқаруға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2 тарау. Рульдік басқарудағы техникалық қызмет көрсету және рульдік басқарудың негізгі ақаулары
2.1. Рульдік басқару гидрожүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2. Рульдік басқарудың ақауы және жөндеу құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... 15
2.3.Рульдік басқаруға техникалық қызмет көрсету құралдары ... ... ... ... ... ... 20

3 тарау. Қауіпсіздік ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: XIX ғ. соңы - XX ғ. басы дүниенің көптеген мемлекеттерінде автомобильдердің өнеркәсіптік өндірісінің басталуымен сипатталады. Осы кезеңде шығарылған автомобильдердің құрылысында ортақ техникалық шешімдер болған. Пневматикалық шиналармен жабдықталған алдыңғы дөңгелектері басқарушы, артқы дөңгелектері жетекші төрт дөңгелекті (екі білікті) көліктің трансмиссиясы фрикционды іліністен, бір немесе бірнеше тісті редуктордан құрылған және рульдік басқару жүйесінде алдыңғы басқарушы дөңгелектермен редуктор арқылы жалғанған рульді дөңгелегі болған. Сол жылдары автомобильдерде қолданылған көптеген техникалық шешімдер қазіргі уақытта да жетісті қолданылып келеді.
Автомобиль - механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина. Олардың құрылымы (конструкциясы) әр түрлі болуы мүмкін. Дегенмен көпшілік автомобильдердің негізгі механизмдерінің құрылымы мен жұмыс істеу принциптері бірдей болып келеді. Сондай - ақ, автомобильдердің қызметі мен механизмдерінің орналасуына байланысты олардың құрастыру схемасында да ортақтық болады.
Автомобиль көлігі еліміздің тасымал кешенінде маңызды орын алады, миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, фермер - кооператив, ұжымдар халық шаруашылығында маңызды қызмет етіп, еліміздің халқына танымсыз еңбек істеп келеді.
Автомобиль көлігінің алдында тұрған бірден - бір маңызды мәселе, автомоильдің пайдалану сенімділігін арттыру болып табылады. Бұл мәселені шешу бір жағынан, автомобиль өндірушілердің анағұрлым сенімді автомобиль шығарумен қамтамасыз етілсе, екінші жағынан - автомобильді техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру болады. Бұл қозғалыс құрамын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін қажетті өндірістік база құуды, ТҚ пен жөндеудің алдыңғы қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерісін тиімді механикаландыру жабдықтарын, өндіріс үдерістерін(процестерін), жүргізушінің мамандығын жоғарылатуды, құрылысты дамытуды және жол сапасын жақсартуды талап етеді.
Басқару жүйесі автомобильдің жүріс бағытын басқаруға арналған торап. Ол автомобильдің негізгі жауапты тораптарының қатарына жатады. Себебі осы басқару жүйесі автомобильдің жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін торап. Сондықтанда автомобильдің басқару жүйесіне өте қатал талаптар қойылады. Сондай талаптардың ішіндегі ең негізгілеріне мынандай екі т.рлі талапты жатқызцға болады. Оның біріншісі - жүргізуші рульді басқару механизмімен бұрған кезде автомобиль белгіленген қисық сызықты траекториямен бұлжымай жүруі керек. Ал екіншісі - жүргізуші рульдік басқару механизміне әсер етпеген кезде автомобиль түзу сызықты бағытынан өздігінен өзгермей жүріп отыруға тиіс. Осы қойылған талаптың біріншісі рульдік бұру механизмінің қасиеті мен кинематикасына байланысты болса, екіншісі басқару дөңгелектерінің орналасу геометриясына тәуелді болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: рульдік басқарудағы техникалық қызмет көрсету және рульдік басқарудың негізгі ақаулары мен қолданылатын технологиялық жабдықтармен танысу.
Курстық жұмыстың міндеті: автокөліктің рульдік басқару жүйесі туралы түсінік беру және рульдік басқаруға қойылатын талаптармен таныстыру сонымен қатар рульдік басқарудағы техникалық қызмет көрсету және рульдік басқарудың негізгі ақаулары туралы мағлұмат беру.

1 тарау. Рульдік басқару жүйесі және оған қойылатын талаптар
1.1. Автокөліктің рульдік басқару жүйесі
Басқару жүйесі мына ретпен жұмыс атқарады. Жүргізузі автомобильді бұратын бағытқа қарай рульдік дөңгелек тұтқаны бұрайды. Сол кезде рульдік механизм арқылы рульдік құлақша бұрылады. Оның бұрылуы ұзындық тартқыш арқылы бұрылғыш жұдырықшаны бақару дөңгелегімен қоса тиісті жағына бырады. Сол жақтағы дөңгелектің бұрылуы рульдік трапеция тартқыш арқылы оң жақтағы дөңгелекті бырады. Сөйтіп басқару дөңгелектерінің жүріс бағытын өзгерткендіктен, онымен автомобильдің де жүріс бағыты өзгереді.Автомобильдің бағытын қозғалыс барысында өзгерту басқару дөңгелектерін бойлық бағыт өсінен арқылы жүзеге асырады.
Басқарушы дөңгалактер автомобиль рамасына тәуелді немесе тәуелсіз түрде ілінеді.
Рульдік басқару жүйесінде жоғарғы қысымды сұйықпен немесе сығылған ауамен жұмыс істейтін күшейткіштер пайдаланылады.
Күшейткіштер жүргізушінің жұмысын оңайлату, автомобиль маневрлігін жоғарылату және қауіпсіздігін көтеру үшін қолданылады. Жүргізушінің жұмыс кезінде 50% энергиясы рульді басқаруға жұмсалады. Күшейткіштер жүргізушінің рульді басқаруға жұмсайтын энергиясын 2-3 есе азайтады.
Тәуелсіз аспалы басқарушы дөңгелектердің рульдік механизмі рульдік басқару рульдік механизмнен және рульдік жетектерден тұрады. Әдетте рульдік механизмде гидравликалық күшейткішті қолданылады. Жеңіл автомобильдерде рульдік басқару да қолданылады.
Рульдік механизмнің бірнеше типтері бар: червяк-роликті, витті-рейкалы және рейкалы.
Червяк-роликті рульдік механизмін кейбір автомобильдерде қолданады. Рульдік механизмнің типтері - үш қатарлы ролик және глобоитық червяк, олар беріліс қуатты червяк жұбын құрайды.
Червяк-роликті руль механизмінде реттеуіш винтпен сошка білігін өс бағытында ауыстырып тұруға, червяк пен ролик аралығындағы саңылауды өзгертуге болады, мұның өзі рульдік дөңгелектің еркін жүрісіне әсерін тигізеді.
Сошка білігінің сыртқы шетінде шлиці бар, ол сошкаға кигізіледі. Сошканы білікке дұрыс орнату үшін оның ұшына сызат сызықтар белгіленеді. Білікке сошканы гайкамен бекітеді және пайдалану кезінде оны керіп тартады.
Рульдік механимнің корпус бөлшектерін майлау үшін құю тесігінің деңгейіне келтіріп трансмиссиялық май құйып, тығындалады. Корпустан май ағуын өздігінен қысатын сальник, киіз сақина және картоннан аралық төсем болдырмайды.
Рульдік жетек бұрылу цапфасымен сошканы жалғайтын бөлшектерден тұрады. Барлық дөңгелектердің жалпы бұрылыс орталығы болуы керек, яғни ішкі басқару доңғалағы сыртқысына қарғанда үлкен бұрыш жасап бұрылуға қажет. Бұл талапты орындау рульдік трапецияны қамтамасыз етеді., мұнда автомобильдің алдыңғы өс мен көлденең рульдік тартқыш - негізгісі, ал бүйір жақтары - цапфа бұрылысының рычагтарын атқарады.

Сурет 1. автомобилінің рульдік басқаруы

Рульдік трапеция жоғарғы бұрылыс рычагы мен бойлық тартқыш арқылы сошкамен жалғастырылады. Бойлық және көлденең тартқыштың ұштарында шарлы түйіндесі орналасқан. Сошканың төменгі шетінде конусты тесігіне шарлы саусақтарының стержені бекітілген, оның сферасы бойлық рульдік тартқышқа орналасқан. Саусақтың екі жағында ішпектері бар, ол сфералы ойықтары рульдік тарт-қышқа бұран-далы тығынмен қосылған серіппенің көмегі-мен тартылады. Рульдік тартқыштың барлық ұш-тарында осындай шарлы түйіндесі бар.
Соңғы кезде автомобильдер рульдік басқарудың шарлы түйіндесіне серіппе мен металл ішпектің орнына резеңке полиамид ішпектер қолдануда. Ескі құрылымды шарлы түйіндестердің саңылауы тығынмен реттеледі, одан кейін шплинг немесе бекіткіш сақинамен бекітіле-ді.

Сурет 2. Рульдік басқару құрылғысының сұлбасы

Рульдік жетектің топсалы қосылысын бөлшектердің тез тозуын болдырмау үшін май сауыты арқылы солидолмен майлайды.
Автомобильдің қозғалыс бағытын рульдік доңғалақты бұру арқылы өзгертуге болады.
Рульдік доңғалақты сағат тілі бағытымен бұрғанда, червяк сошканың төменгі шетін ролик арқылы кейін бұрады. Сошка бойлық тартқыш және онымен жалғасқан рульдік трапеция арқылы бағыттауыш доңғалақты оңға бұрады.
Рульдік доңғалақты сағат тілі бағытына қарсы бұрған кезде бағыттауыш доңғалақ солға бұрылады. Жүргізушінің рульдік доңғалаққа кететін күшін кеміту үшін, бірқатар автомобильдерде рульдік басқару гидрокүшейткішпен жабдықталған.

Сурет 3. Рульдік колесо

Автокөліктерді басқаруды жетілдіру әрекеті олардың жарыққа шыққан күнінен басталады. Әр түрлі компанияның жобалаушылары көптеген ұсыныстар жасауда. Бір топқа кіретін рульдік Доңғалақ автокөліктің әзірше ажырамас серігі болып келеді. Барлық автомобильдердің 92%авикалық күшейткіштер қолданылады. Рульдік басқару автомобильдің жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет. Басқарудағы мардымсыз қиыншылықтарының өзі авария жасаудың себебі болуы мүмкін. Егер рульдік басқаруға үлкен күш жұмсалатын жағдайда жүргізуші тез шаршайды, ал жол қозғалысы және жоғарғы жылдамдықпен жүргенде соқтығысып немесе біреуді мерт қылу қауіпі туады. Рульдік механизмді реттеу керек. Гидрокүшейткішінің ақауы байқалса, оны да жөндеу қажет.
Рульдік басқарудың бекіту бөлшектерінің босағандарын қысып, жоғалған немесе сынған шплинттерін, сондай - ақ рульдік басқарудың тозған бөлшектерін жаңасымен ауыстырады. Рульдік доңғалақпен және басқышпен автокөлікті басқаруды адам автоматты түрде бөледі және оларды бір-бірінен тәуелсіз бақылайды. Бір ғана джостикпен немесе тышқанмен механизм арқылы жылдамдықты және автомобильдің жүру бағытын реттеуге болады.
Рульдік механизмге соққы әсерін және доңғалақ күпшегі сыртқы подшипнигіне жүктеменің әсерінен азайту мақсатында, цапфа өсінің шеттері төмен қарай иілген. Соның нәтижесінде доңғалақ құламалығы қалыптасқан. Покрышка тайғанамай әрі желінбей қозғалуы үшін алдыңғы доңғалақты алшақтау орналастырады, яғни алдығы доңғалақ шинасының арасы артқысыменсалыстырғанда кему болуы тиіс. Кіндіктемір мен доңғалақ құламалығын реттемейді, ал доңғалақтың алшақтылығын рульдік басқару тартқышымен реттейді.
Автомобильдің артқы аспасы кіші рессоры бар екі негізгі рессордан тұрады. Рессордың алдыңғы шеті жапсырмалы құлақшаға бекітіліп, артқы шеті сырғымалы болады. Рессор астары артқы рессор ортасынан жетекші белдік картеріне үзеңгі арқылы бекітіледі. Рессор астары құлақшасы жоқ шеті сырғанамалы болады.Ол автомобиль жүк әсерінен ауырлаған кезде пайдаланылады.
Раманың басты ақауларына, олардың тойтарма бекімелерінің босауы, майысуын жарылуы жатады. Тойтарма бекіткіштердің босауын, автомобиль жүрісінде діріл пайда болуынан байқауға болады. Оны балғамен раманы соғу арқылы да байқап біледі. Жарық пен майысуын сырттай бақылап байқауға болады. Босаған тойтармаларды жаңасымен ауыстырады, не болт шайбасымен бекітеді.
Бұрылу цапфасының ажыратылмалы болттық қосылысы доңғалақ өсінің фланецімен жол саңылауын реттейді. Бұрылу цапфасының төменгі болтына орнатылған резеңке буфер серіппе толық сығылғанда соққы әсерін азайтады.
Дөңгелек қозғалтқышы жер бетімен ілініс күшінің пайда болуын және автомобильді басқару мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Дөңгелек шинасы бірқалыпсыз жолдардағы және кедергілерді жою кезіндегі динамикалық жүктемені азайтады. Дөңгелек қозғалтқышы жетекші және жетектегі дөңгелек болып екіге бөлінеді. Жетекші дөңгелек қозғалтқыштан трансмиссия арқылы тарту күшіне өтетін автомобиль қозғалысын қамтамасыз ете отырып жарқабақтау моментін өзгетеді.

1.2. Рульдік басқаруға қойылатын талаптар
Рульдік басқаруға қойылатын талаптар:
oo Руль тетігі мен руль жетегі автокөлік құралының шанағына (рамасына) мықты бекітілуі тиіс.
oo Руль тартымдарының ұштықтарындағы саңылау пайдалану жөніндегі басшылықта (конструкторлық құжаттамада) автокөлік құралының нақты маркасы (үлгісі) үшін жасаушы кәсіпорын көздеген рұқсат етілген мәндерден аспауы тиіс.
oo Рульдік басқару тетігіндегі жиынтық люфт МЕМСТтарда белгіленген рұқсат етілген мәндерден аспауы тиіс.
oo Рульдік басқару күшейткішімен жабдықталған автокөлік құралында руль доңғалағының қозғалыссыз күйде және қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде өздігінен айналуына жол берілмейді.
oo Руль тетігінде және руль жетегінде қалдық деформацияның іздері, жарықтар және басқа ақаулары бар бөлшектерді қолдануға рұқсат етілмейді.
oo Руль доңғалағының айналуы, оның бұрылу бұрышының барлық диапозонында жұлқымай және айқаспай өтуі тиіс.
oo Руль тартымдарының оймалы қосылыстары тартылуы және бекітілуі тиіс. Руль доңғалағының кезінде бөгде шу (сықыр, шерту) болмауы тиіс.
oo Айдап кетуге қарсы құрылғының құлпы руль білігін, от алдыру кілтін "рульмен басқару жабық" күйінен алғаннан кейін ғана жабылуы тиіс.
oo Рульдік басқару күшейткішінің резервуарындағы жұмыс сұйықтығының деңгейі пайдалану жөніндегі басшылықта (конструкторлық құжаттамада) автокөлік құралының нақты маркасы (үлгісі) үшін жасаушы кәсіпорын белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Рульдік басқару күшейткішінің гидравликалық жүйесінде жұмыс сұйықтығының ағуына рұқсат етілмейді.

2 тарау. Рульдік басқарудағы техникалық қызмет көрсету және
рульдік басқарудың негізгі ақаулары
2.1. Рульдік басқару гидрожүйесі
Комбайнға аспалы шөмелелегішті орнату баскарылатын доңғалақтың жүктемесін арттырды. Сол себепті комбайнның рульдік доңғалағын шөмелелегішімен қоса бұру қиынға түседі. Осыған орай жүргізушінің жұмысын жеңілдету мақсатында басқару механизміне гидравликалық құрылғы енгізілген. Мұндай жағдайда жүргізушіге гидравликалық құрылғыны қосуға онша көп күш түспейді де, басқару доңғалағын қажетті жағына бұруға мүмкіндік береді.
Золотник корпустан, оған престеліп бекітілген бөлгіш втулкадан 16, золотниктіктің өзінен және стаканмен қоса 10 стакан корпусынан 15 тұрады. Втулка мен золотник біріне-бірі дәл қиюластырылған, сондықтан оларды ажыратуға болмайды. Золотник пен стакан бір-бірімен жалғанған, ол үшін біріншіде саңылау, ал екіншіде -- цилиндрлі қалпақша бар. Стакан 15 корпуста орналасқан, онын, алдында және артында 2 мм саңылауы бар. Мұндай қашықтыққа стаканмен қоса золотник те орналаса алады.
Стакан тығынның 12, екі сухариктің және серіппенің көмегімен басқару доңғалағындағы бұру механизмі рычагының саусақтарына 11 жалғанады. Тығынды бұрап бекіткенде серіппенің толық сығылуына 0,25 -- 0,50 мм қалатындай етеді. Стаканда автотербелісті сөндіргіш 13 бар. Ол резиналы және серіппелі екі сақинадан тұрады, мұнда серіппелі сақина резиналы сақинаны қақпақтың 14 бетіне қысып тұрады.
Золотник манжетпен тығыздала тұрса да, кейде май ағады. Бұлай болған жағдайда май канал 2 арқылы ағады.
Бөлгіш втулкадағы төрт тесіктің мақызын қарастырайық. Тесікке 18 май насостан келеді де, тесіктен 20 ол ағызу магистралына кетеді. Тесіктер 19, 17 шланга арқылы басқару доңғалағының гидравликалық цилиндріне жалғанған. Барлық төрт тесік бөлгіш втулканың ішкі қуысы арқылы былай жалғанған: тесіктер 20, 18 дөңгелек тесік арқылы, ал тесіктердіқ 19, 17 әрқайсысы -- үш жұп саңылау арқылы жалғасқан. Әрбір жұп саңылаудың бұрыштық қашықтығы 120°.
Золотникке екі енді 3, 9 және екі енсіз 5, 7 сақиналы белдеу жасалған. Бұл белдеулер втулкамен бірге үш дөңгелек қуыс құрайды: айдау 6, ағызу 4, 8. Ағызу қуысы бір-бірімен золотникке бойлық және радиалды каналдармен жалғанған.

Сурет 4. Басқарылушы донғалақтық гидрожүйе золотнигі

1 -- рульдік механизмінің тартпасы;
2 -- май ағатын канал;
3, 5, 7 және 5 -- золотниктіқ сақиналы белдеуі;
4 және 8 -- ағызу қуысы;
6 -- айдау қуысы; 10 -- стакан;
11 -- басқарылушы доңғалақтағы бұрылыс механизмінің рычаг саусағы;
12 -- тығын;
13 -- автотербелісті сөндіргіш;
14 -- қакпақ;
15 -- стакан корпусы;
16 -- бөлгіш втулка;
17, 18, 19 және 20 -- бөлгіш втулканың сыртқы тесіктері.

Рульдік механизмнің тартпасы золотник корпусына бекітілген, ал стакан 10 бұру механизмі рычагының саусақтарына 11 жалғанған. Мұндайда золотник стаканымен қоса золотник корпусына қарағанда 2 мм алға және артқа орналасуы, сөйтіп рульдік механизмнің тартпасы 1 мен доңғалақтың бұру механизмі аралығында жылжымалы қосылыс тудыруы мүмкін.
Белдеулердің 5, 7 ені сыртқы саңылаулардың қиықтары аралықтарынан кемдеу. Золотник бейтарап жағдайда тұрғанда саңылаулар белдеулермен 5, 7 салыстырғанда симметриялы орналасқан, соның өзінде, ә-суретте көрсетілгендей белдеулердің екі жағынан да саңылау (ені 0,5 мм) қалдырылған.
Золотниктің бейтарап жағдайда тұрғандағы және оңға бұрылған кездегі әрекетін қарастырайық.
Золотниктің бейтарап жағдайы 5, в-суретте көрсетілген. Мұндай жағдайда май былай жүреді: насостан шланга арқылы -- қуысқа 6, саңылау арқылы -- қуыстарға 4, 8, осы қуыстардан май резервуарға құйылады.
Дөңгелек белдеудің 5, 7 екі жақ тұсындағы золотниктегі май қысымы бірдей, соның нәтижесінде ол бейтарап жағдайға теңгеріледі.
5, д-суретте оңға бұрылған кездегі золотниктің әрекеті көрсетілген. Рульдік доңғалақтың бұрылуы әсерінен тартпа 1 золотник корпусын оңға бұрады (бұл суретте стрелкамен белгіленген). Бірақ золотник рычагпен 24 жалғанған. Сондықтан ол қозғалмаған күйі қалады. Ал золотник корпусынын, золотникке қарағанда 2 мм ығысуы мүмкін. Белдеулердің 5, 7 екі жақ тұсында да ені 0,5 мм саңылау барын білеміз. Сондықтан золотникке қарағанда корпус 0,5 мм ығысқан сәтте, артқы саңылау белдеулермен дереу жабылады. Осыған орай май алдыңғы саңылау арқылы қуыстан 6 тесікке 17, одан шланга арқылы цилиндрдің Б қуысына -- поршень штокпен орын ауыстыратын жерге бағытталады. Соның нәтижесінде басқарылушы доңғалақ оңға қарай бұрылады. Бұл кезде А қуысындағы май ығысып, шланга, тесік 19, алдыңғы саңылау және шланга арқылы резервуарға келеді.
Гидроцилиндр штогы доңғалақты айналдырғанда рычаг та 24 алға жылжып, золотникті де ілестіре кетеді. Басқаша айтқанда, рульдік доңғалақтың әсерінен корпус қайда жылжыса, золотник те солай қарай ығысады. Мұндайда золотник бейтарап қалпына оралуға ұмтылады. Қорпус пен золотниктің бұл қозғалысы рульдік доңғалақты бір жағына бұрғанда ғана пайда болады. Руль қозғалмаған кезде, золотник бейтарап күйінде қалады да, насоспен айдалған май белдеулердің 5,7 маңындағы саңылау (ені 0,5 мм) арқылы еркін өтіп, резервуарға оралады. Доңғалақ бүйірлік серпілістің әсерінен бір жағына бұрылуы да мүмкін. Доңғалақтың бұл қозғалысы рычаг 24 арқылы золотникке ауысады.

Сурет 5. Басқарылушы доңғалақтағы гидрожүйенің әрекет ету схемасы:
21 және 22 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарағанды қаласының колледждерінде кәсіби білім беру дуальды оқыту жүйесінің дамуы
Рульдік механизмдердің құрылысы және жұмыс істеу принциптер
Газ-66 автокөлігінің жалпы сипаттамасымен танысу
Автомобильдың бағытын басқару жүйесі
АВТОМОБИЛЬДІҢ БАҒЫТЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
«Автомобильдердің рульдік басқару жүйесіндегі күшейткіштер»
Басқару жүйесі және оның жалпы құрылысы
Рульдік басқару жүйесіндегі кушейткіштерге ТҚК және жөндеу
Рульдік басқару жүйесіндегі күшейткіштер
Рульдік басқару механизмі
Пәндер