Сандық беру жүйелері SDH


Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Сандық беру жүйелері SDH»

Орындаған: 9-532 тобының студенті

Айтжанова С.

Тексерген:

Орал, 2015ж.


Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1. Цифлық байланыс желілері

1. 1 Ақпаратты тарату және бөлу жүйелері . . . 5

1. 2 SDH желісінің құрамы . . . 9

1. 3 СБЖ-ның соңғы құрылғысының үлкейтілген құрылымдық сұлбасын талдау . . . 11

2. SDH сандық беру жүйесі

2. 1 Сандық тарату жүйесі туралы түсінік . . . 15

2. 2 SDH желісінің құрамы . . . 19

Қорытынды . . . 22

Әдебиеттер тізімі . . . 24


КІРІСПЕ

Байланыс желілерін құру үшін қазіргі уақытта қолданылатын қазіргі заманғы технологиялардың бірі синхронды цифрлық иерархия - SDH технологиясы болып табылады.

SDH аппаратурасы бағдарламалы түрде басқарылатын болып табылады, ол мыналардан тұрады: түрлендіргіш, таратқыш, бақылауша, оперативті ауыстырып-қосқыш. SDH концепциясы цифлық ақпаратты жоғары сапалы тарату үрдістерін, желіні автоматты түрде басқару, бақылау, желіге қызмет ету үрдістерін бір жүйенің ішінде тиімді біріктіреді.

Сонымен SDH - жай ғана жаңа тарату жүйесі емес, сонымен бірге бұл желілік архитектурада, басқаруда принципиалды өзгерістер. SDH - ті енгізу цифрлық байланыс желінің жаңа сапалы даму кезеңі болып табылады.

Синхронды цифрлық иерархияның алдыңғы буын жүйелерімен салыстырғанда айтарлықтай артықшылықтары бар, оптикалық-талшықты тарату жолдарының мүмкіндіктерін толықтай іске асыруға, жоғары сапалы байланысқа кепілдік бере отырып, желіні пайдалануға және басқаруға жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Синхронды цифрлық иерархия жүйелері 155 Мбит/с және одан да жоғары тарату жылдамдықтарын қамтамасыз етеді.

Дискретті ақпаратты тарату синхронды және асинхронды болады. Дискретті сигналды синхронды таратқан кезде оның ЗГ басқа таратылған сигналдың бастапқы моментімен керекті тұрақты қатынаста тұрады. Дискретті сигналды асинхронды таратқан кезде оның ЗГ басқа таратылған сигналдың бастапқы моментімен кез келген қатынаста тұрады.

SDH жүйесінің РDH жүйесінен негізгі ерекшелігі - мультиплекстеудің жаңа принципіне өту болып табылады. PDH ағындарында түзетуші биттердің бар болуы - оны құрайтын компоненттерін ағыннан тікелей бөліп алуды мүмкін қылмады. РDH жүйесі плезиохронды (немесе жартылай синхронды) мультиплекстеу принципін қолданады, оған сәйкес, мысалы төрт Е1 (2048 кбит/с) ағынын бір Е2 (8448кбит/с) ағынына мультиплекстеу үшін стаффинг әдісімен келетін сигналдардың тактілік жиіліктерін тегістеу процедурасы іске асады. Нәтижесінде демультиплекстеу кезінде берілген арналарды қалыпқа келтірудің қадамдық үрдісін іске асыру қажет.

SDH технологиясын РDH технологиясымен салыстыра отырып, SDH технологиясының мынадай ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:

- синхронды тарату және мультиплекстеудің алдын алады. SDH бріншілік желінің элементтері синхронизация үшін бір беруші генераторын пайдаланады;

- SDH-ң кез келген деңгейінде қадамдық демультиплекстеу үрдісінсіз РDH-ң тым жүктелген ағынын бөліп көрсетуге болатындай, РDH ағындарын тікелей мультиплекстеудің және демультиплекстеудің алдын алады.

- тікелей мультиплекстеу үрдісі сонымен қатар енгізу/шығару үрдісі деп те аталады;

- стандартты оптикалы және электрлік интерфейстерге сүйенеді, бұл әртүрлі өндіруші фирмалар жабдықтарының ең жақсы сәйкестігін қамтамасыз етеді;

- РDH жүйесінің еуропалық және америкалық иерархияларын біріктіруге мүмкіндік береді, РDH-ң бар жүйелермен толық сәйкестігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар тарату жүйелерінің болашақтағы дамуына мүмкіндік береді, өйткені АТМ, МАN, HDTV және басқа тарату үшін жоғары өткізу қабілеті бар арналарды қамтамасыз етеді.

- біріншілік желіні ең жақсы түрде басқарумен және өзін-өзі тексерумен қамтамасыз етеді. SDH технологиясы қанша болса да тармақталған біріншілік желіні бір орталықтан басқаруға мүмкіңдігімен қамтамасыз етеді.


1. Цифлық байланыс желілері

1. 1 Ақпаратты тарату және бөлу жүйелері

Кодалық комбинация элементарлық екілік сигналдан тұратын құрамалы сигналдан құрастырылады. Бұл құрамалы сигналды қабылданған құрамалы сигналды эталонмен салыстырып толық өңдеуге болады. Бірақ бұл жағдайда эталондар саны өте көп болып кетеді. Оның саны мүмкіндік кодалық комбинацияның санына тең. Оған қарамастан қабылдау негізінде үлкен дұрыстылығы қамтамасыз етеді, бірақ іске асырудың қиындығының нәтижесінде сирек пайдаланылады. Таратылған сигналды дұрыс қабылдау үшін дискретті сигналды тарату техникасында синхронизация әртүрлі есебін шешуге тура келеді. Синхронизация екі немесе бірнеше процестердің арасындағы анықталған уақытша қатынасты орнату және қамтамасыз ету процесі қызметін атқарады. Мысалы байланыс техникасында қабылдау және тарату жағындағы анықталған фазалық қатынасты орнату және қолдау есебін шешуге тура келеді.

Байланыс - өзіне желілердің және электрлі байланыс қызметінің жиынтығын құрастырады. Электрлі байланыс қыз-меті - пайдаланушыларға қызмет беруді қамтамасыз ететін құралдар комплексі. Екіншілік желілер электрлі байланыс қызметтерінде сигналдарды тасу және коммутациялауды қамтамасыз етеді, біріншілік желілер екіншілік желіні арнамен қамтамасыз етеді. Сәйкес қызметтің негізгі құрамдық бөлімі ақырғы құрал болып табылады, олар пайдаланушыларда орнатылады. Қызметтің мысалы ретінде телефондық қызметті алуға болады. Ол пайдала-нушыларға телефондық байланыс, мәлімет тарату және т. б. қызметтерді ұсынады. Қызмет және қызмет көрсету деген түсінік техникалық әдебиетте көп мағыналы түсіндіріледі. Телефон желісінде мәлімет тарату телефон арнасымен мәлімет тарату қызметі ретінде қарастырылады. Сондықтан телефон иесі телефон желісіне модем арқылы компъютерді қосқан кезде ғана қызмет көрсету қызметі пайда болады. Логика бойынша келесі анықтама дұрыс болуы керек. Мәлімет тарату қызметі ретінде біз мәлімет тарату үшін арнайы құрылған байланыс жүйесін түсінеміз немесе аппараттық программалық құралдардың, өңдеу әдістерінің, бөлу және мәлімет тарату процестерінің жиынтығы. Сол бір уақытта мәлімет тарату қызметі телефондық байланыс қызметін көрсету мүмкіндігін береді. Ол документтік электрлі байланыс қызметінің (ДЭС) құрамына кіріп, әртүрлі телефонды емес ақпараттармен ауысу (тарату) мүмкіндігін қамтамасыз етеді. ДЭС қызметінің құрамына телеграф, газет тарату және телематикалық қызметтер кіреді. Әрбір қызметтер көп жағдайда пайдалануы мүмкін, пайдаланушылардың талабына сәйкес қызметтердің түрі ретінде жіктеледі.

Телекоммуникация желілерін жаңғырту деп бар желіге цифрлық тасымалдау және қатынасу сыңарларын енгізуді айтады. Аналогтық желінің цифрлыққа өтуі техникалық құралдардың тиімді қызмет атқаруына, ақпаратты тасымалдау сапасын арттыруға, сонымен қатар абоненттерге ұсынылатын қызмет жолақтарының кеңеюіне рұқсат береді. Тасымалдау мен қатынасу цифрлық болған жағдайда ең жақсы техникалық және экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге болады. Бұл жағдайда цифрлық аппаратураны интегралдау орын алады да, аналогты-цифрлық түрлендіргіштердің қа-жеттілігі жойылады. Телеқатынас желілерінде қолданылатын интегралдардың 2 түрі бар:

1) қатынасу аппаратурасын және тасымалдау аппаратурасын инте-гралдау, оның негізінде интегралдық цифрлық желі (inteqrated Diqital Network-IDN) тұрғызылады;

2) байланыс түрлерін (қызметтерін) интегралдау оның негізінде желі қызметін интегралдайтын цифрлық желі (inteqrated Strvices Diqital Network-ISDN) тұрғызылады.

Барлық желіні бірден бір қадам арқылы толығымен жаңғырту мүмкін емес. Өйткені ол үшін аса зор бастапқы шығындар қажет болады. Көптеген елдерде аналогтық телефон желісінен сандыққа өту үрдісі бірнеше ондаған жылдарға созылады. Сандық желіні тұрғызудың бірнеше стратегиясы белгілі. Олардың негізгілері: - аралдық стратегия (орнын басу стратегиясы) ; - салу стратегиясы; - прагматикалық стратегия (аралас) . Аралдық стратегия үшін барлық аналогтық желілердің кезең бойынша сандық аралдар деп аталатын шектелген географиялық аймақтар шегінде сандыққа алмастырылуы (9. 1 сурет) кейін сандық желінің аралдары біртіндеп біріккен сандық желі тудырады. Сандық аралдарды пайдалану мерзімі аяқталуға қалған ескі телефон станциялары көп кездесетін аймақтарда, сонымен бірге сандық тасымалдау жүйесі кеңінен қолданатын аймақтарда енгізу ұсынылады. Аралдық стратегия телефондалған аймақтар бір- бірінен үлкен қашықтықпен бөлінген жағдайда және жоғарғы деңгей жерлерін жаңғыртуға кеткен бастапқы шығындар көп болғаны өте тиімді. Салу стратегиясы аналогтық желі иеленген территорияны жауып алатын сандық желіні құруға бағытталған

Сандық станциялар бір бірімен тек сандық сл арқылы қосылады және жалпы арналық сигнализация жүйесінің көмегімен сигналдық ақпараттармен алмасып отырады. Сигнализация жүйесін үйлестіру функциясын орындайтын минимал түйін (ретқақпа) сандары арқылы сандық желінің бар аналогтық желімен қиылысуы қамтамасыз етіледі. Салу стратегиясы мен негізгі стратегия нақты аумақтың артықшылықтарын ескермейді. Сондықтан желіде көбіне олардың комбина-циясы қолданылады - прагматикалық стратегия қолданылады.

Кең жолақты мультисервистік желілерді салу үшін тиімді технологияны таңдау қазіргі кезде қазіргі заманғы желілерді жасау кезінде желілік технологиялардың интеграция және конвергенция үрдістеріне тіреледі. Конвергенттік желілердің жалпы технологиялық және негізі кез келген мультимедиялық ақпараты бар цифрлық ағындарды және оларды белгіленген жылдамдық және сапамен таратуға мүмкіндік беретін арнайы транспорттық протоколдарды тарататын әмбебап орталар болып табылады. Жаңа қызметтерді беру үшін әмбебап мультисервистік желіні қалайша салуды және оларға қандай талаптар қоюды анық түсіну қажет. Желілерді салу кезінде жаңа қызметтер дәстүрлік телефония, видео және мәліметтер таратудың қызметінің суперпозициясы болып табылатынын және сәйкесінше осындай қызметтерге икемделген әмбебап желілерді қажет ететінін есте сақтау керек. Желінің әмбебаптылығы ең алдымен мұндай желі мыналарды жасай алуы қажет екенінде жатыр:

- барлық қажетті протоколдар мен ақпараттық ағындардың барлық түрлерін таратуға адаптацияланған болуы қажет;

- қызметті осы абоненттен жеткізу нүктесіне дейін бақылау және кепілдік беру мүмкіндігі бар ақпараттық ағындарды таратудың қажетті сапалық деңгейін ұстануы керек; Солайша, қазіргі заманғы желі (егер ол мәліметтер тарату желісі ретінде жоспарланса да) әдетте біршама инвестицияларды қажет ететін, қажетті тарату сапасын және ақпараттық ағындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету есебімен салынуы қажет. Осы кезде бұлайша желіні салу әмбебап желі болуы үшін қажетті сапасы болуы және сәйкесінше ақпараттық ағындардың альтернативтік түрлерін (дыбыс және видео) тарату үшін қолдануға мүмкіндіктердің болуы қажет. Желілерді салу тәжірибесі локалдық желілерді көбінесе Ethernet-ті қолдану арқылы, ал глобалдық, магистральдық желілерге PPP протоколын қолданудың бөлек талпыныстарына қарамастан, 90 ж. ж. ортасына таман Frame Relay технологиясын қолдану арқылы салына бастағандығын көрсетеді. Кейінірек, 90 ж. ж. соңына таман, АТМ технологиясының дамуымен кей жерлерде мәліметтер тарату желілерін жасау кезінде АТМ технологиясына көшті. Қазіргі кезде жасалып жатқан барлық жаңа магистральдық, мултисервистік және IP-желілер ATM технологиясын транспорттық деңгейде қолданады. Сондықтан «ATM және IP»-дің қарсыласуы қазіргі бірге істейтін, сәл бұрынғырақтағы телефония мен СЦИ/SDH технологиясының қарсыласуы сияқты орынсыз. Өйткені IP - бұл қосылудың орнатылуынсыз, сапаны бақылау мүмкіндігінсіз (кешігудің жылдамдығы, кешігудің вариациясы) және бұл қосылудың қауіпсіздігінсіз протокол. Бұл қасиеттерді ATM технология-сының транспорттық деңгейінің хаттамалары қамтамасыз етеді.

1. 2 SDH желісінің құрамы

SDH желісі кез келген басқа желі сияқты жиынтығы шектелген жеке функционалды модульдерден құралады: мультиплексорлар, коммутаторлар, концентраторлар, регенераторлар және терминалды жабдықтар. Бұл жиын желі шешетін негізгі функционалды міндеттерімен анықталады:

-SDH желісінде транспортталу үшін жарамды агрегатты блокқа қол жеткізетін арналар арқылы кіріс ағындарын жинау - қол жеткізу желісінің терминалды мультиплексорлары шешетін мультиплекстеудің міндеті;

-кіріс/шығыс ағындарының енгізу/шығару мүмкіндігі болатын агрегатты блоктарды желі бойынша транспорттау - енгізу/шығару мультиплексорлары шешетін транспорттау енгізу/шығару мультиплексорлары шешетін транспорттаудың міндеті, басқаша АDМ - желідегі ақпараттық ағынды логикалық түрде басқарады, ал физикалық түрде осы желіде транспортты арнаны түзетін физикалық ортадағы ағынды басқарады;

-таратқыш торапқа бірнеше бір типті ағындарды біріктіру концентраторлар (хаб) шешетін концентрация міндеті;

-үлкен қашықтықтарға берілетін сигналдың формасы мен амплитудасын қалыпқа келтіріп (регенерация), оның өшулігін компенсациялау үшін LAN-дағы қайталағыштарға ұқсас құрылғылар, яғни регенераторлардың көмегімен шешілетін регенерация қолданылады;

-қолданушының желісі мен SDH желінің байланысуы - шеткі жабдықтың көмегімен шешіледі, мысалы әртүрлі орайластырушы құрылғылар, соның ішінде интерфейстер конверторы, жылдамдықтарының конверторы және т. б.

-Желінің бөлінген тараптарында жүзеге асырылатын виртуалды контейнерлерді маршрутизация еұлбасына сәйкес бір сегменттен басқаға аса жүктеу цифрлық коммутаторлардың немесе ДХС крос-коммутаторлардың көмегімен шешілетін коммутацияның міндеті болып табылады.

Қазіргі заманғы цифрлық біріншілік желінің сенімділік параметрлерінің бөліктеріне аса жоғары талаптар қойылады. Осыған байланысты қазіргі заманғы біріншілік желілер арналардың біреуінде істен шығу байқалған кезде тез арада- ауыстырып қосуды орындайтын резервті жолдарды және коммутаторларды қолдану арқылы құрылады.

SDH желілерін сақиналы топологиясымен тікелей байланысты екі сұлба кең тараған: «Ыстық резервтеу» сұлбасы және таратылған жүктеме сұлбасы. Бірінші жағдайда трафик тура бағытта да, резервті бағытта да беріледі. Бұзылып қалған жағдайда реконфигурация болып, резервті арна түзіледі. Таратылған жүктеме сұлбасында трафиктің жартысы тура бағытта, жартысы кері бағытта беріледі. Бұл жағдайда бүліну болған кезде ауыстырып -қосу ресурстардың деңгейіне қарай жүзеге асады.

1. 3 СБЖ-ның соңғы құрылғысының үлкейтілген құрылымдық сұлбасын талдау

Құрылымдық сұлбаны талдау берілген ТЖ арнасының санымен және ТЖ-ның қабылдаулары арқылы орындалады. Сондай-ақ қолданылатын кабель 4 коаксиалды жұптан тұратының есте сақтау керек. Кабелді қолдану үшін екі идентивті беру жүйесін қосу қажет (төртөткізгішті сұлба 6 - сурет бойынша) .

Сурет 2. 1 - Төртөткізгішті сұлба бойынша жалғастыруды ұйымдастыру

СБЖ-ның кұрылымдық сұлбасын таңдауды біріншілік беру жүйесінің сыйымдылығын беруден бастаймыз. Берілген мәліметтер бойынша 120 арналы жүйені қолданамыз, ал қалыптастыруда топтық цифрлық ағында екілік сатылы топ құраушылар арқылы іске асырамыз. Осыдан келе СБЖ-ның сұлбасын берілген арна санына сәйкес талдап және сызамыз. Арна саны екі беру жүйесі арқылы құралады, ал ТЖ қабылдаулары әр ҚРП талабымен іске асады. ҚЕРП санын бұл сатыда анықтамаймыз.

Бізге белгілі, байланыс техникасының бір есебі болып берілген ақпаратты типтік арналар мен тракттарға сапалы түрде таратуды қамтамасыз ету болып саналады. Беру жүйесін жобалау сатысында әртүрлі құрылғы мен трактілердің техникалық талаптарына сәйкес жағдайда анықтау қажет, байланыс арнасына кіретіндер өз ретімен осы құрылғыда болатын процесстердің деталды анализдерін қажет етеді, ақпаратты беру сапасын азайту көрсетілген мақсаты болып табылады. Сонымен қатар, қойылған мақсатқа жету әртүрлі жолдармен қамтамасыз етілуі мүмкін, яғни әртүрлі талаптарды бөлек құрылғыларда байланыс арнасына кіретін, бір соңғы нәтижеге әкеледі. Сигналдың бөгеуілінің сипаттамасы анық көрсетілген, сол құрылғыда және басқа трактіде көрсетілгендей, осы бөгеуілдердің беру жүйесінің ішкі параметрлерінің байланысы, жобалау процесінде фактордың белгіленген өлшемі оптималды таратуда көрінуі мүмкін, беру жүйесінің бөлек трактілерінің арасындағы тарату ақпаратының сапасын төмендеуіне әкеп соғады. Басқа сөзбен айтқанда, жобалау процесінде жүйенің бөлек түйіндерінің талаптарын анықтап алу қажет, яғни, жүйеге берілген талаптар минималды шығынмен тиімді түрде қамтамасыз етілуі керек.

Таратуда бірінші аналогты сигнал c(t) ТЖСбер спектр көмегімен шектеледі, сигналдың дискреттеуін уақыт бойынша В. А. Котельников теоремасы арқылы іске асыру жеткілікті. Осы сатыда сигналды таңдаудан бұрмалану пайда болады, біріншіден, шығыс сигнал үздіксіз спектрлі, жиілікпен шектелетін мақсаты бар, екіншіден, ТЖФбер -ді идеалды сипаттамасымен, нәтижесінде оның шығысында шектелген идеалды емес сигнал спектрі қалыптасуын құру мүмкін емес. Бірақта спектрді шектеу ақпарат түрін сол немесе басқа түрде қабылдау ерекшелігі, ал мүмкін бұрмаланулар ТЖСбер идеалды еместігінен дискреттеу жиілігін таңдау жолына сәйкес азаюы мүмкін.

Аналогты сигналдың спектіріне шектеуден кейін АИМ модулятордағы уақыттық дискреттеуге әкеп соғады, нәтижесінде уақыт бойынша дискреттелген индивидуалды АИМ сигналы қалыптасады. Бұл сатыда сигнал бөгеуілге тұрақты циклдік кодтар бөгеуілдерін талдау келесі себептерде мүмкін: бірінші, АИМ сигналын қолдану жазық төбелі импульспен келесі құрылғыларда қалыпты жұмыс істеу үшін қажет амплитудалық-жиіліктік бұрмалау пайда болады. Ал екінші, АИМ дискриттеуінің кездейсоқ аралас мезеттерінде есептеу ретсіз қалыптасады, аналогты сигналды қайта құру кезінде оның бұрмалануына әкеп соғады. АИМ - 2 қолдануда бұрмалану қажет мәнге АИМ ұзындығының есебін азайту жолымен және корректорлық құрылғыны қолдану арқылы азаяды.

Уақыт бойынша дискреттеу индевидуалды сигнал (АИМ сигнал) басқа арналардың сәйкес сигналдарымен қосылады, яғни топтық 30 -арналы АИМ (АИМтоп) сигналы қалыптасады және деңгей бойынша кванттауға әкеледі. Осыдан кванттау шумы, СБЖ-да көп жағдайда негізгі болып табылатын, пайда болады. Сондықтан кванттағыш (Кb) сипаттамасын таңдауға көп көңіл бөлу қажет.

Топтық квантталған АИМ (АИМтоп) сигналы кодтайтын құрылғыға, АЦТ болатын, келіп түседі. Осы кезде құрылғылық деп аталатын шум, тарату ақпаратының сапасын азайтуға әкеп соғатын, пайда болады. Содан кейін ЦҚ-да топтық ақпараттық цифлық сигнал (ИКМ сигнал) СС, АБҚ және ДА-ға бірігеді, нәтижесінде СБЖ таратуының циклі қалыптасады.

Ары қарай уақыттық топтық құраушылар (УТ), яғни ИКМ - 120 цифрлы ағының 8 тобына бірігу іске асады. Уақыттық топтық құраушыларға біріккен ағындар жылдамдығын сәйкестендендіруді іске асыру қажет, фазалық діріл пайда болатын, бөгеуіл сигналдарының бірден-бір көзі болып табылады.

ҮЦС сигналы топтық сигналды қалыптастырғышқа ФГС келіп түсу үшін арналған: 7 цифрлы ағынды біріктіру; әр бір тарату циклінің басында циклды синхросигналды қалыптастыру; топтық цифрлық ағын сигналдарын цифрлы қызмет ету байланысына еңгізу; сигналды тарату ЦС айналдыруына циклдік синхронизмнің жоғалуына және цифрлық қызмет ету байланысында шақыруды тарату; технологиялық арна құру.

Біріккен жоғарғы жиілікті ағын (ИКМ) кодтық түрлендіргіште тарату сигналға айналады, жол бойынша тарату жеңіл және цифлы сызықты трактіге келіп түседі, осы аралық пунктте цифрлы сигнал регенерацияланады. СБЖ-ның сызықты трактісінде ақпаратты тарату сапасы төмендеуі мүмкін, келесі себептерге байланысты. Таратуда және цифрлы сигнал регенерациясында қате пайда болады, нәтижесінде декодер шығысында дискреттелген сигналда кездейсоқ қате пайда болады. Бұндай жиілікте ауытқуы пайда болуы қате коэффицентімен анықталады.

Көп жағдайда тактілік жиілік сигнал жүйесі, сызықтық регенератордағы сияқты, қабылдау станциясында импульстік тізбектен бөлінеді, сондықтан тактілік жиілікке тура абсолютті сәйкес келмейді, тарату станциясында күшейтіледі. Нәтижесінде фазалық діріл, шығыс сигналының бұрмалануына әкеп соғатын, пайда болады.

СТҚ кірісінде сызықты трактіде қабылданған, кодтың кері екілік сигналға түрленлірілу іске асады. Осы процестен қателердің көбеюі мүмкін. Кодты түрлендіруден кейін уақыттық бөлу (УБ) жоғарғы жылдамдықты сигналды 8 топтық цифрлы сигналға айналдыру іске асады. Бұл жағдайда командаларды қате қабылдаудан жылдамдықтарды келістіру кезінде барлық арна компоненттік ағындарының арасында байланыс бұзылуы мүмкін.

Топтық цифлық сигналдардан синхронизация сигналы бөлінеді, сондай-ақ басқару және арақатынастық сигналы да (БАС) . Басты қабылдаудағы қателіктер сәйкес арналардың бірігуінің дұрыс емес қондырылуына әкелуі мүмкін. Синхронизация жүйесі кірістегі сигналдың дұрыс декодалануын қамтамасыз етеді, синхронизацияны жоғалту барлық ақпараттық жүйесіндегі байланыстың ұзындық жоғалуына қатынасына әкеледі.

Топтық цифрлы сигнал декодалайтын құрылғыда ЦАТ-қа айналуы мүмкін, нәтижесінде топтық АИМ сигналы қалыптасады.

АИМтоп сигналынан уақыттық селекторлы (УС) индевидуалды арналы АИМ сигналдары бөлінеді және ТЖСбер көмегімен аналогты сигнал қайта құрылады.

2. SDH сандық беру жүйесі

2. 1 Сандық тарату жүйесі туралы түсінік

Бүгінгі күнде дамыған мемлекеттер қатарындағы елдерде сандық радиохабар тарату технологиясына көңіл бөлінуде. Оның кәдімгі аналогтық радиохабардан немен ерекшеленетінін көрейік:

Сандық байланыс жүйесінің аппаратурасы қалыптастыру және цифрлық сигналдарды қабылдау, сондай-ақ сызықты тракты аппаратурасынан тұрады. Цифрлы сигнал АЦТ (арна құрушы) құрылғысында немесе уақыттық топтық құраушылар құрылғысында қалыптасады. Бірінші жағдайда СБЖ-ның кірісіне аналогты сигнал, ал екіншіде цифрлы сигнал келіп түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сандық байланыс желілері
Синхронды сандық желілер
SDH желісінің құрамы
SDH ТАРАТУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚҰРУ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ
Телекоммуникация желілері және электрлі байланыс жүйелері
Синхрондық цифрлық иреархиясы,SDH желілерінің функционалдық модельдері
СБЖ генераторындағы тактілі синхрондау принциптері
SDH технологиясы негізіндегі синхронды цифрлық желілер
Аналогты сигналдарды тарату жолдары
Өскемен-Аягөз аумағында ҰАСМ бөлімін қайта жаңарту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz