Саулық қойларға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі жайлы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Саулық қойларға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2013ж.


Мазмұны

1. Кіріспе бөлім . . . 3

1. 1. Әдебиетке шолу . . . 5

2. Негізгі бөлім

2. 1. Қойларға қойылатын гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптар . . . 12

2. 2. Саулық қойларды ұстау жүйелері және маулық қойлардың қора-жайларының зоогигиеналық негізлделуі . . . 15

2. 3. Қойларды жайылымдарда ұстау гигиенасы . . . 19

2. 4. Саулық қойларды азықтандыру ерекшеліктері және азықтандыру гигиенасы . . . 21

2. 5. Ұдайы өндіру және қозыларды өсіру кезіндегі зоогигиеналық талаптар . . . 28

2. 6. Қой қораларындағы микроклимат . . . 33

3. Қорытынды . . . 34

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 35


1. Кіріспе бөлім

Ауылшаруашылық жануарларының гигиенасы - жалпы профилактика негізі, бағу, күту, азықтандыру мен ұстаудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалана отырып, жануарлар денсаулығын сақтау және нығайту, олардың табиғи резистенттілігін жоғарылату тұрғысындағы ғылым. Бұл ғылым жануарлар ауруларын болдырмау бойынша гигиеналық талаптар мен ветеринариялық-санитарлық шаралар легін оқытып, құрастырады.

Мал шаруашылығы алдында тұрған басты мәселе жануарды құнарлы азықтармен қамтамасыз етіп, оларды асылдандыру бойынша үздіксіз жұмыстар өткізумен қатар, күн сайын фермалар мен өзге малшаруашылық нысандарындағы санитарлық-гигиеналық ұстау, азықтандыру, суару, күту және пайдалану жұмыстарын жақсарта түсу екені белгілі.

Ауылшаруашылық жануарларының гигиенасы - жалпы профилактика негізі, бағу, күту, азықтандыру мен ұстаудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалана отырып, жануарлар денсаулығын сақтау және нығайту, олардың табиғи резистенттілігін жоғарылату тұрғысындағы ғылым. Бұл ғылым жануарлар ауруларын болдырмау бойынша гигиеналық талаптар мен ветеринариялық-санитарлық шаралар легін оқытып, құрастырады. Мал шаруашылығы алдында тұрған басты мәселе жануарды құнарлы азықтармен қамтамасыз етіп, оларды асылдандыру бойынша үздіксіз жұмыстар өткізумен қатар, күн сайын фермалар мен өзге малшаруашылық нысандарындағы санитарлық-гигиеналық ұстау, азықтандыру, суару, күту және пайдалану жұмыстарын жақсарта түсу екені белгілі.

Қой шаруашылығы Австралия, Жаңа Зеландия, Англия, Түркия, Үнді, Иран, Бразилия елдерінде жақсы дамыған. Қой саны бойынша Қазақстан әлемде екінші орында.

Қойлардың биологиялық ерекшеліктері:

  • Жайылымдар мен дөрекі азықтарды жақсы пайдаланады.
  • Шөбі төмен, сирек жайылымдарды пайдалана алады, жекелеген өсімдік сабағы, тамыры, жапырақтарын жеуге икемді.
  • Өзге мал түрлері жартылай аш қалатын жартылай шөлейтті жайылымдарда жайылуға қабілеті, үлкен қашықтықтарға жарамды.
  • Үйірмен жүруге бейім.
  • Құйрық пен сауыр, бөксе тұсына көп мөлшерде май жинақтай алады.
  • Температуралық ауытқуларға төзімді.

Қой еті жоғарғы дәмдік сапаларымен ерекшеленеді, ақуыз, минералды заттар мөлшері бойынша сиыр етінен кем түспейді, ал калориялығы жағынан асып түседі, онда 3 есе холестерин аз, міне сол себептен негізінен қой етін тұтынатын халықтардың атеросклероз ауруына аз шалдығатынын түсіндіру қажет шығар. Қой етіне тән өзіндік иіс құрамында гирсин қышқылы болуына байланысты. Қой сүтінде 1, 5 - 2 есе ақуыз көп, ал май шамамен 7% құрайды, ол әсіресе козеинге бай, осының арқасында ірімшік мен сүзбе ірімшік алу мүмкіндігі туындалады. Басты мақсат - мал шаруашылығында жануарларды ветеринариялық санитариялық тұрғыдан қорғап ауру тудырмау, оның алдын алу. Бұл бағытта жалпы гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық шараларды мал шаруашылықтарында мүлтіксіз жүргізудің мәні орасан зор. Әсіресе дезинфекция, дезинсекция, дератизация және дезодарация, өлексені дер кезінде утильдеу шараларын жүргізіп отыру-малды инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғаудың кепілі. Санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтаудың маңызы бұл тарауда кеңінен қамтылған.

Қойдың өте көп жерге тарап, кез келген халықтың өсіретіндігінде себеп-салдар жоқ емес, соның ең бастысы қойдың алуан-алуан табиғи жағдайларға төзімділігі, бейімділігі.

Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния ілімі мен технологиясын жақсы қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ, көп қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады.

Азықтандырудың қолайлы жағдайын жасау және өсіру кезіндегі күтімі, жайып семіртумен, бордақылауға жұмсалатын азықты, жұмыс күшін, неғұр-лым үнемдеуді қамтамассыз етеді және өндірістің тиімділігін жоғарылатады. Қазақстан Республикасында оның кең байтақ жері мен табиғи климаттылық жағдайының алуан түрлілігі, экономикалық және басқа себептерге байланысты қарқынды технология жергілікті жағдайлары мен қорларды терең білуге құрылғаны жөн.

Курстық жұмыстың мақсаты - саулық қойларға арналған қора-жай жобасының зоогигиеналық негізделуі және қойларға қойылатын гигинелақы талаптармен танысу.

Курстық жұмыстың міндеттері - Қойларға қойылатын гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптар және саулық қойларды ұстау жүйелері және маулық қойлардың қора-жайларының зоогигиеналық негізлделуі туралы түсінік беру, қойларды жайылымдарда ұстау гигиенасы мен және саулық қойларды азықтандыру ерекшеліктері және азықтандыру гигиенасы туралы толық мағлұмат беру.

Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспе, әдебиетке шолу және негізгі бөліммен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. 1. Әдебиетке шолу

Әлібаев, Б. А. /2010/ айтуынша жылқының басқа малдан басты айырмашылығы бұлшық еттерінің жұмысы болып табылады. Ол қасиеті ас қорытыу және зат алмасуының ерекшеліктерін анықтайды. Жылқылар көмірсулы қосылыстарды- углеводты әрбір 3 сағат сайын жұмыстан кейін шығындап отырады. Сондықтан жұмыс кезінде жылқыларды үстеме қоректендіру өте маңызды. Жылқылардың қарны бір камералы, күйңс қайыратын малдардан салыстырғанда ірі азықтарды онша қорытып сіңірмейді. Жылқы асқазанға қажетті қоректік заттардың пайдалы жұмысқа аз ғана мөлшері шығындалады. Қоректік заттардың қалған бөлігі (30 %- жуығы) басқа қажеттілікпен меншікті қозғалысының қажетіне шығындалады. Жылқының тілі жақсы дамыған. Сондықтан қатты заттарды бөлшектеп уатады. Мүйізді ірі қара қарнына қарағанда жылқының қарны 7- 8 есе кіші, ішектері қысқа жемді, концентратты жақсы қорытады. Жылқы азықты баппен өте ұқыпты, мұқият шайнайды. Бір жұтқанда 15- 20 грамм сабан, топан, сұлы, арпа, кебек және т. б. жұта алады [1] .

Байжұманов А. Б. / 1987/ пікірінше, қора жай қабырғалары қабырғалардың жылу және дымқыл өткізбеуін қамтамасыз ету үшін олардың қалыңдығы ескеріледі, немесе аз күш жұмсай отырып жылу жібермейтін материалдар пайдаланылады. Гигиеналық жағынан келгенде қабырғалар жылу жібермейтін материалдардан соғылған жөн. Сондықтан қабырғалардың жылу қорғайтын қасиеті жеткілікті әрі жылуды аз өткізетін термикалық қарсылық коэффициенті жоғары болуға тиіс. Жылуға берік және ауаны орташа деңгейде өткізіп тұратын болғаны жөн.

Төбе жапқыштар. Континенталдық климат жағдайында олар қора - жайды сыртқы әуе кеңістігінің құбылыстарынан сақтайды, қыста да, жазда да, жылу сақтауды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Төбе жапқыштар берік, барынша жеңіл, жылуды аз жіберетін, құрғақ, теп - тегіс, су өткізбейтін, қатты, ұзаққа шыдайтын болуға тиіс.

Едендер. Едендер құс қора - жайларының қорғаушы элементтері ретінде қызмет етеді. Еденнің конструкциясы мен материалдары оның ішіндегі микроклиматқа, санитариялық - гигиеналық жағдайларға, жануарлардың денсаулығы мен тазалығына, өнім сапасына және өнімділік көрсеткіштеріне айтарлықтай деңгейде әсерін тигізеді. Құс фабрикаларының едендері мынадай талаптарға сай келуі керек: жылуды аз өткізетін, берік, қажалмайтын, жанбайтын, тегіс, тұтас, су өткізбейтін, адамдар мен жануарлардың денсаулығына зиянсыз, тазартып - жинауға қолайлы, құстың әр түрлі әрекеттеріне төзімді берік болуы тиіс [2] .

БәшіроваЖ. М / 1994/ айтуынша таңдап алған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын не нөсерлі жаңбырдан соң, су баспайтын болуға тиіс. Ол жер аймағына күн сәулесі мол түсіп тұруға және желдетіліп тұратын, сондай - ақ, осындай орында қатты желден, құм дауылынан және қарлы бораннан қорғанған болуы керек. Ол үшін орман - тоғай маңына салынғаны немесе айналаға ағаш отырғызған жөн. Осы аймақта құрылыс салуға қосымша күш жұмсауды қажет ететін жер бедерінің кедергісі болмау тиіс. Топырағы құрылыс салуға қолайлы болғаны қора - жайдың орналасуына жағдай жасайды. Жер қыртысының құрамы су және ауа өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, өсімдіктерді отырғызуға жарамды болса тіптен жақсы. [3]

Бұлашев, А. / 2009/ деректерінде таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кемінде 5 м тереңдікте болғаны жөн. Сонымен қатар жер санитариялық - гигиеналық талаптарға сай кемінде 5 м, ал су қысымымен шығатын қабаты 12 метрден артық тереңдікте орналасқан және ауыз суы жеткілікті болуы керек. Мал шаруашылығы қора - жайларын салу үшін жер таңдаған кезде оның табиғи ауа райына да назар аудару керек. Жер көлемін айқындау құс фабрикаларының кеңейтілуін және оны азықпен қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Жер көлемі 300 мыңнан астам құсы бар шаруашылықтарда - 0, 4 - 0, 5 м2 болуға тиісті. Құсты бағып - күтетін қора - жайлар тұрғын үйлерден төменгі жақта және олардың ық жағында орналасады [4] .

Бұлашев, А. Б. / 2009/ пікірінше, жануарлардың жұмыс өнімділігі оның тарту күшімен, қуаттылығы және төзімділігімен, атқарылған жұмыс көлемімен оны атқарудағы қозғалыс жылдамдығымен және атқару жағдаймен сипатталады. Тарту күшін серіппелі таразы тәріздес тартылатын жүкке ілінген күш өлшеуіш динамометр немесе динамограммамен өлшейді. Динамограмма серіппесін 1 мм-ге қысу не созу үшін белгілі күш көлемі қажет. Сол жұмсалған күштің әсерінен серіппенің созылып қысылғанын оған жалғанған тілі арқылы мм қағазға динамограмма ретінде автоматты түрде түсіріледі. [5]

Вениаминов А. А. /1982/ мағлұматы бойынша қандайда бір шаруашылықтың обьектілері елді мекен жерлерден белгілі бір қашықтықта орналасуы қажет. Бұл арақашықтық санитарлық - қорғау аймағы деп аталады. Санитарлық - қорғау аймағы (СҚА) мал қораларының қабырғасымен немесе олардың ауласымен елді мекеннің арасындағы территориялары қамтиды. Бұл аймақтың негізгі міндеті - ферманы елді мекенде болатын жұқпалы аурулардан сақтау әрі құс фабрикасындағы кейбір зиянды факторлардан (жағымсыз иістер, шаң - тозаң, микроорганизмдер және т. б. ) елді мекенді сақтау болып табылады. Мал шаруашылығының қора - жайлары негізінде елді мекендерден кемінде 3 км, қалалардан - 5 км, өзендер мен су қоймаларынан кемінде 2 км қашықтықта болу керек. Таңдалған жер сонымен бірге, басқа фабрикалар мен кешендерден бөлек белгілі бір зооветеринариялық ара қашықтықта болуы керек. Зооветеринариялық ара қашықтық - ол әр түрлі мал шаруашылығы қора - жайларының өзара ең аз ара қашықтығы. Оның ең негізгі мкқсаты - әр кәсіпорындарда байқалатын жарамсыз зиянды әсерлерін бір - біріне таратпау (шаң - тозаңды, микробтарды, газдарды және т. б. ) Жеке жәнебіріктірілген шаруашылықтарында бір жерге 10 мың құсты ұстауға болады [6]

Волков Г. К., Репин В. М. /1986/ айтуы бойынша жануарлардың қандай да бір тұқымын жетілдіру барысында бір жетістікке жетумен қатар жаңа қиындықтар пайда болуын, сонымен қатар іріктеу мен жұптаудың әдістерін жетілдіру және тереңдету қажеттілігін селекцияның алдында тұрған үлкен сұраныс нұсқайды [7]

Волков, Г. К. /1979/ зерттеулерінде қораны үнемі желдетіп, мал ауруында жүргенде ішін кептіріп отыру. Оның ішкі ауасының таза болуына жағдай жасайды. Бірақ қорада ызғырың болмауы тиіс. Сондай-ақ қораның терезелерін қоршауға және көлеңкелеуге болмайды. Қораның ішіне күн сәулесі өтуі үшін керегі әйнектерін үнемі сүртіп тұрған жөн. Төсеніш қорадағы малдың санитарлық - гигиеналық талаптарын жақсартуға, олардың жақсы жайғасуына, ауыз тиюден әртүрлі тері ауруларынан, жарақаттанудан қорғауға арналған. Төсеніш жақсы ылғал тартып көмір қышқылын, аммиакты, күкіртті су тегін және басқа да зиянды газдарды сіңіретін малдың терісі мен түгін ластамайтын, жұмсақ әрі серпімді, улы және тікенекті шөптерден таза болуы тиіс. [8]

Гершун В. И., Муслимов Б. Б. /1994/ былай деп көрсетеді, көпшілік жағдайда малдың ауруға шалдығуы мен өлім-жетімге ұшырауы, оны дұрыс азықтандырып, күтіп бақпаудың салдарынан болады. Малға құнарлы азық беріп, қора-жайын зоогигиеналық талапқа сай таза ұстау, әрі күнделікті жұмыс тәртібін бұлжытпай орындап отыру оның ауруға шамдықтауының және өнімін мол беруінің негізгі кепілі [9] .

Долгов В. С. /1984/ зерттеуінше қорада бордақыланатын малға белгілі микроклимат жағдайын жасайды. Ол мал шаруашылығын, соның ішінде ірі қара шаруашылығын шоғырландыру, байланысты қорадағы қолайлы микро климаттың маңызын арттырады. Ал еденге қойылатын санитарлық - гигиеналық талаптардың мәнісі мынада: олар аздаған жылу өткізгіш, жылу сыйымды құрғақ, түзу, су сормайтын, тазалауға пайдалануға сенімді, желі жөндеуге қажет етпейтіндей болуы керек [10] .

Ермеков М. А., /1985/ пікілері бойынша жануарларға өсіруде вет - санитарлық нысандарға қойылатын өлексені өтелдейтін орын және т. б. олардың санитарлық беріктігін сақтайтын шараларды белгілеу. Мысалы мал өлгенннен кейін оларды жинап алып өртеп жіберуі керек. Олардан аққан слекей т. б. ларлың болмауын қадағалау, орнын дизенфекциялау. Егер орнын дұрыс залалсыздандырмаса түрлі шыбын - шіркей арқылы жұқпалы аурулар тарауы мүмкін. Тасыған машина, орнын бәрін залалсыздандыру. Әр алуан мал шаруашылығының нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық санитарлық-гигиеналық жұмыстарын уақыты жүргізіп тұруымыз керек. Профилактикалық дезинфекцияны қораға басқа жақтан таралған індетті ауру қоздырғыштарды, сонымен қоса шартты ауру қоздырғыш микробтарды да жою мақсатымен жүргізіледі. Жылқы шаруашылықтары айнала қоршалып жел өтіне қарсы ағаштар егілгені дұрыс. Сонымен қатар құлын өсіретін қора және оның ішіндегі жабдықтар технологиялық жобалау нормасына сәйкес болуы тиіс. Ат қора тік бұрышты, Г бейнелі (кескінді) және П кескінді формада салынады. Ат қорада мал орны және әжіре екі қатар орналасады; қораның орталығында жем-шөп тарататын және қи шығаратын ені 2, 6-3 м жол өткелі болуы тиіс. Жылқы зауыттарында бие үшін әжірелер кораның ортасында орналасады (әжіре саны әр қатарда 12 пайыздан көп болмау керек), ал қабырғаның екі шетінен ені 2 м жүретін жол қалдырады [11] .

Ж. Мырзабеков, П. Ибрагимов. /2005/ айтуы бойынша құйрықты қой тұқымдарынан түсетін өнімдердің халық мұқтажына пайдалануда маңызы ерекше зор екені барлық деректерде толық келтірілген. Әсіресе, құйрықты қойдан алынатын ет өнімі, оның сапасы, қой дың бордақылау немесе жайылымда семірту кезіндегі биологиялық ерекшеліктері жайлы еңбектерінен жан-жақты мағлұматтар алуға болады [12]

Жиряков А. М., Хамицаев /1986/ деректетерінде табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудан шыққан құйрықты қой тұқымдарының бірі - қазақтың құйрықты қойы. СССР Ғылым академиясы, Орта Азия университеті мен Москва зоотехникалық институты (1927- 1930 жылдары) экспедициясының материалдарында Қазақстанда құйрықты қойлардың географиялық 22 варианты бар екендігі көрсетілген. Осы варианттардың бір бұтағы Жезқазған облысының шаруашылықтарында шоғырландырылған. Бұл қойлар шөлді және шөлейтті жерлерге өте шыдамды. [13]

Иванов М. Ф. /1964/ айтуынша, азықтағы қоректік заттар мал организмінің тіршілігіне қажет энергия мен құрылымдық қосындылар жеткізуші көзі болып табылады. Демек олар тірі организмнің қоршаған орта жағдайына бейімделіп өсіп өніп ұрықтанып көбейіп, өнім өндіруінің негізгі факторлары ретінде қызмет атқарады. Жоғарыда айтылғандай, азықтағы қоректік заттар энергетикалық және құрылымдық қосындыларға бөлінуіне шартты түрде қарау керек, өйткені олар негізгі функциясымен қатар тіршілік кажеттілігіне байланысты басқа да қызметке жұмсалады [14]

Испенков А. Е. /1984/ деректері бойынша деректерінде Табиғатта белгілі витаминдер ерігіштік қасиетіне қарай екі үлкен топқа - майда еритін және суда еритін витаминдерге бөлінеді. Майда еритін витаминдер. А витамині (рецепт№10) (ретинол, антиксерофалмалық) . А витамині құрылымы тұрғысынан каротинге жақын, 1831 жылы неміс ғалымы Вакенродер оны өсімдіктерден ашты. Ол суда ерімейді, бірақ түрлі майлы еріткіштер мен майда ериді. Рационда А тобындағы дәрмендәрілер жетісиесе организмнің өсіп-жетілуі бұзылады, ауруға төзімділігі төмендейді, көру қабілеті әлсіреп, ақшам соқыр деп аталатын ауруға шалдығады. А тобындағы дәрмендәрілер ұзақ уақыт жетіспеген жағдайда тері мен кілегей қабықтың қызметі бұзылып, өкпе, бронхылар, қуық пен бүйрек ауруға шалдығады. Ретинолдан басқа табиғатта Аг, А3 дәрмендәрілері де кездеседі. А витаминнің негізгі көзі - каротинге бай көк шөп болып табылады. Азықтың әр килограмына шаққанда жоңышқа мен сары жоңышқа шөбінде 40-90 мг, қызылша жапырағында 30-50, жүгері сүрлемінде - 20-30, сапалы пішенде-20-40, пішен ұнтағында-5-20, шөп ұнтағында- 100-300, сәбізде-50-100 мг каротин болады. А витамині жасушалардың көбею және өсу процесінде маңызды роль атқарады, сілекей қабықшалардың дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етеді, көздердің торлы қабықшаларының көру қызметіне көмектеседі. Мерзімдік азық үлесінде А витамині жетіспесе. эпителий тіні өзгеріп бүзылады, көздер қабынады, ағзаның жүқпалы ауруларға қарсыласу қабілеті төмендейді, қозғалыс үйлесімдігі бұзылады, өндіргіштік қызметі төмендейді, аталық малдың жыныс жасушасының дамуы (сперматогенез) бұзылады, жас малдың тұрқының өсуі тоқтайды. Өсімдік азықтарында А витамині болмайды, бірақ каротиназа ферментінің әсер етуімен ішек қабырғасында А витаминіне айналатын провитамин А каротин бар. Көк азықта, әсіресе бүршақтүқымдас өсімдіктердің жапырақтарында, сәбізде, витаминді шөп ұнында, сапасы жақсы пішенде, сүрлем мен пішеңдемеде каротин көп болады[15] .

Кәдіров Н. Т. /1973/ Мал азығындағы каротин мен өлшенеді, ал А витамині халықаралық өлшем бірлігімен (ХӨБ) беріледі. А витаминінің бір ХӨБ ретінде 0, 3 мкг таза А витамині (ретинол спирті) немесе 0, 6 мкг таза каротин қабыдданған. А-гиповитаминоз көбінесе бұзауда жиірек байқалады. Алайда, мол өнімді сиырдың да А витаминімен қамтамасыз етуге байланысты талабы жоғары болады. Қоректік заттардың маңызы мен атқаратын қызметі мал мен кұс түріне байланысты да өзгереді. Айталық, карапайым қарынды мал түзуге тек белок азотын қосындыларды пайдалана алатын болса, күрделі қарынды күйіс қайыратын мал алдыңғы қарын микроорганизмдерінің көмегімен басқа да азотты заттар аммиагін игереді. Сол микроорганизмдер қатысуымен олар басқа мал мен құс қорыта алмайтын азық жасунығын жақсы қорытып, өсімдік көмірсуларының энергетикалық қуаттылығын толығырақ пайдаланады [16] .

Кипайкин В. А. / 2003/ пікірінше, азықтандыруда олардын қорытылу ерекшелігін, таратуғаыңғайлылығын ескереді. Әдеттегіде ірі азықты шырышты азықтан бұрын таратады. Оның ішінде пішенді танертең беріп, түнге сабан салып қойған дұрыс. Ұнтақты шырынды азықпен араластырып берген жөн. Азықтандыру мен суару тәртібі әсіресе жұмыс аттарына кушті әсер етеді. Оларды міндетті түрде суытып барып азықтандырып, содан кейін суарады. Суыту ушін алдымен ірі азык беріп, кейін шырынды азық таратып, суарады да, артыншан жем береді. Сұлыны суарғаннан кейін 30-45 минут, арпа мен басқа жемді 1-1, 5 сағат өткен соң береді. Жұмысқа аттарды азықтандырғаннан кейін бір сағат өткен соң шығарады. Тәуліктік азық мөлшерінің ірісі негізінен кешке салып қояды, өйткені алдыңғы қарны жоқ жылқы малы жұмыстан бос уакытының көбін азықтануға жұмсайды. Ертеңгісін ірі азықтың аз бөлігін, ал түсте тіпті аз мөлшерде салады. Өйткені жемшөпті мұқият шайнап жұтатын жылқы берілген азықты жеп үлгермейді. Жемді де ертеңгісін және түсте бірдей көлемде, кешкісін ұлғайтып береді [17] .

Кравченко Н. А. /1990/ әдебиеттеріне суйенсек, рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы көректілігіне (а. ө. не АЭ бойынша) пайыздық қатынасы рацион құрылымын (структура рациона) айғақтайды. Рацион құрылымындағы басым азық тобы не жеке-леген азық мал азықтандыру типін (тип кормления) белгілейді. Азықтан-дыру типі шаруашылықтағы қалыптасқан жемшөп қорына сәйкестендіріледі. Айталық, табиғи жайылымы кең, оты мол жерлерде жайылымды азықтандыру типі (пастбищный тип кормления) қолданылса, жері жыртылған, түрлі техникалық дақылдар өсіретін шаруашылықтарда олардың азықтық қалдығымен азықтандыру типтерін қолданады. Соған орай сүрлемді (силосный), картопты-жемді (картофельно-концен-тратный), тамыржемісті-жемді (корнеплодно-концентратный), бардалы, жомды, т. с. с. азықтандыру типтерін ажыратады. Еліміздің әр табиғи-экономикалық өңіріне ғылыми-зерттеу орталықтары мал түлігіне жергілікті жемшөп қорына негізделген типтік азықтандыру рациондарын ұсынады [18] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Жылқы қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Қой қораларының зоогигиеналық негізделуі
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы
Мал қораларын аэроиондау
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы жайлы ақпарат
Буаз саулықтардың зоогигиенасы
Саулық қойларға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Құлындарға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Семей аймағы бойынша қой шаруашылығына арналған қора жобалап салу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz