Мектеп жасына дейінгі балалардың сәбилік шақтағы ерекшеліктері


Орал техникалық гуманитарлық колледжі
Пәні: «Мектепке дейінгі психология»
Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың сәбилік шақтағы ерекшеліктері»
Орындаған: Бижанова С. Х.
Тексерген: Сарсенгалиева А. Б.
Орал, 2013
Жоспар
Кіріспе
1. Сәбилік балалық шақтың ерекшелігі
2. Жаңа туылғандағы (шақалақ) дағдарыс.
3. Ерте психикалық жас
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Балалық шақ - адам өмірінің туғаннан бастап жасөспірімдік (13 - 14 жас) кезеңге дейінгі атауы. Педагогикада Балалық шақ негізгі кезеңдерге ажыратылады. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың өзі нәрестелік, бөбектік, сәбилік, естияр-балдырғандық деп бөлінеді. Бұлар балабақшадағы топтарға сәйкес: үш жасқа дейін бөбектік, үш пен бестің арасы сәбилік, бес пен жеті жас арасы естиярлық, бүлдіршіндік болып бөлінеді. Оқыту мен тәрбие процесінің негізгі кезеңдеріне және балалардың даму ерекшеліктеріне сәйкес жеті мен он жеті жастың аралығы мектептік шақ деп аталады. Мұның өзі үш кезеңге бөлінеді:
а) бастауыш сынып оқушылары (1-4-сынып) ;
ә) ортаңғы (негізгі) сынып оқушылары (5-9-сынып) ;
б) жоғары сынып оқушылары (9-11-сынып) .
Бір жас тобындағы балалардың мінез-құлқында елеулі айырмашылықтар болады, сондықтан жас психологиясының сипаттамасы шамамен ғана белгіленеді. Баланың жан дүниесі бір қалыпты дамымайды, ол кейде баяу, кейде секірмелі түрде өтеді. Балалық шақтағы психология даму процесі баланың отбасымен, өскен ортасымен тығыз байланысты.
Ерте балалық шақтағы психиканың даму шарттарының жалпы сипаттамасы.
Ерте сәбилік шақтың соңына қарай/үш жасқа қарай/ іс- әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау) жатады. Іс-әрекеттің бұлтүрлерінің болашақта мәді болатынынескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.
1. Сәбилік балалық шақтың ерекшелігі
Жаңа туған бала /туған сәттен бір-екі айға деиін/ . Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның рефлекстікмінез құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсісдігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерідің, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады.
Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты - анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшалану жағдайына түссе, оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есте тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. Алғашқы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстеор жасалады.
Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту қабілетінің жинақталуыныан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.
Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса білуден көрінеді. Екі-үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың ерекше түрлері көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплесі қолмен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.
2. Жаңа туылғандағы (шақалақ) дағдарыс.
Нәресте мен үлкен адам (нәрестелік шаттың шегі - 1-2 айдан бір жылға дейін) . Бірқатар зерттеушілердің пікірі бойынша, бала алғашқы айларда өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші асоциальдық тіршілік иесі болып есептеледі. Сондықтан жаңа туған баланың шыр ете қалуын олар баланың өзіне жат әрі жау болмыспен бетпе-бет кездескендігі, сасқслсқтап абыржып қалуы деп бағалайды. Мәселен, З. Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр ете қалуын оның ана организімінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептейді. Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл қақтығыстың психикалық өмірді қандай үздіксіз драмаға айналдырытынын пессимистік тұрғыда суреттейді.
Фрейдтің бұл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздес толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж. Пиаженің еңбектеріне әсер етті.
Фрейд пен Пиаженің аталған қағидалары өткір сынға алынды. Француздың прогресшіл зерттеушісі А. Валлон шарылдап жылауы бідемені алдын ала сезу немесе соған байланысты өкіну ретінде психологиялық дәлелдеушілікті құрғақ бос қиял деп есептеді. Бала психикасының әуел бастан оқшаулануы жөніндегі Пиаже қағидасы өз кезінде Л. С. Выготский, ал кейінірек басқа да совет психологтары тарапынан сынға ілікті.
Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым қатынасы әуел бастан әлеуметтік қарым қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез келген жағдайда көзге көрінсе де, көрінбесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.
Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен қарқынды қимылдап жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс әрекетке айналады. Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік шақ бойына дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммен қарым қатынас жасауға әрқашан дайын тұрады.
Қарым - қатынас шеңберінде сөздің алғы шарттары пайда болады. Екінші айда былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемалары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір сөздерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат тұрған бала басын бұрылуы немесе үлкендер атаған қимылды жасауы түрінде көрінеді. Дәл осы кезде бала алғашқы сөздерді дауыстап айта бастайды. Сонымен үлкен адаммен қарым - қатынас жасау процесінде, бір жағынан баланың қажеттіліктері пайда болып, біртіндеп дамиды/олардың ішінде қарым-қатынас жасау қажеттілігі - эмоциялық жұтаңдықтың маңызды мәні бар/, екінші жағынан, оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері туады.
Бала алдымен жетіледі, содан кейін барып оны тәрбиелеп, үйретеді деп жорамалдау дұрыс болмас еді. Адамға тән барлық мінез-құлықты барлық психикалық қасиеттер мен қабылеттерді бала өзін ерте сәбилік шақта журуге, заттармен іс-әрекет жасауға, көруге, естуге, бақылауға, тануға, есте сақтауға үйрету негізінде алады. Әрине нәрестелік шақта баланы үйрету көбінесе алдын ала ойластырылмаған, стихиялы сипатта болады.
Кездейсоқ жағдаймен адамдар ортасынан бөлініп қалған нәресте өзінің дамуында адамдық мүмкіндік дәрежесіне көтеріле алмайды. Әлеуметтік орта мен арнайы үйретудің ықпалы негізінде ғана баладан адамша сезіну мен ойлауға қабілетті жеке адам қалыптасады. Үлкен адам бұл жерде де бала мен тұтас алғанда адамзат қоғамы арасындағы дәнекерші болады. Адамдар арасында өмір сүріп, олардан үздіксіз жаңа мағлуматтар ала отырып, бала танымға барған сайын көбірек ұмтылады. Нәрестенің бағдарлау рефлекстері білімкұмарлыққа дейін өседі. Баланың қызығуы бүкіл айналасындағыларға бағытталады. Бұл тектес білімқұмарлықты И. П. Павлов «риясыз» деп атады, өйткені ол органикалық қажеттіліктері тікелей қанағаттандырумен байланысты емес еді.
3. Ерте психикалық жас
Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды ұйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл қимылдар жөнді ұйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ біртіңдеп қимылдар ұсталынатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай нақтылана бастайды. Бұл тектес қимыл белсенділігінің орасан зор маңызы болады. Солардың арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын игереді. Мұның үстіне заттардың қасиетіне рпактикалық икемделу бұл қасиеттердің көзбен көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді. Егер бала бастапқыда қолын заттардың қасиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап, сыртқы бағдарлау қимылдарын жасайтын болса, кейін осы бағдарлау қимылдары интриоризацияланады - көріп қабылдауға ауысады.
Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату, лақтыру т. б. тәрізді қарапайым қимылдар жасау да дамиды. Мұндай іс-әрекеттерді орындай отырып, бала нәрестенің, заттардың толып жатқан қасиеттерімен танысады. Нәресте үшін өткінші, өзгермелі әсерлер негізінде тұрақты, оған тәуелсіз заттардың болатыны байқалына бастайды. Қабылдау заттыққа және тұрақтылыққа ие болады.
Әдейі жасалған әрекеттер мен еліктеу ақылдың күшті дамып келе жатқандығын дәлелдейді. Шындығында да, балалар заттармен әдейі/тарсылдатып, сілкілеп, бұрап/ әрекеттер жасай бастаған соң, үлкендердің қарапайым әрекеттеріне еліктеумен қайсыбір жетісстікке жеткен соң, балалардың әрекеттерінен ойлаудың қарапайым көріністерін байқауға болады. Затпен қимылдар жасау үстінде бала үшін проблемалық ситуация туады, оны да ол қимылдар жасау жолымен шешуге тырысады. Басқаша сөзбен айтқанда, заттық қимылдар үстінде қарапайым проблемалы ситуациялар пайда болып және шешіліп отырады. Сонымен бала өзінің және басқалардың қимылдарына еліктей отырып ойлауды әрекет үстінде үйренеді.
Ерте сәбилік шақтың аса маңызды жетістіктері. Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі «қашықтықтан» өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жылда болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. Сондықтан адамның туған сәтінен есейгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы қайсы деп ойланған көптеген психологтар оған үш жасар кезді жатқызды.
Үш жасар бала өзін-өзі кутуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым- қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелсіз болады.
Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше факторларға байланысты.
Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс- әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әректпен алмасады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар. Адам жануарлармен салыстырғанда тұрақты нәрселер дүниесінде өмір сүреді. Маймылдың да саптаяқтан су іше алатыны әркімге белгілі. Бірақ жануарлар үшін заттардың ситуациялық маңызы бар.
Заттың бекітілген мазмұны балаға өзінен-өзі берілмейді. Ол шкафтың есігін сансыз рет ашып-жабуы, сол сияқты ұзақ уақыт қасықпен еденді тарсылдатуы мүмкін, бірақ мұндай белсенділік оны заттардың атқаратын міндетімен таныстыра алмайды. Заттардың функциялық қасиеттері сәбиге үлкендердің тәрбиелік және оқыту ықпалдары арқылы ашылады.
Ерте балалық шақтағы психиканың даму шарттарының жалпы сипаттамасы.
Ерте сәбилік шақтың соңына қарай/үш жасқа қарай/ іс- әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау) жатады. Іс-әрекеттің бұлтүрлерінің болашақта мәді болатынынескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.
Заттық іс-әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөздіигеру жемістіболады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан-ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қараидамуына байланыстыжүзеге асады. Сөздік қарым-қатнас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны тусінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егерде бала қасй бір себептермен осы жылдарда тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып қалса, онда кейін жіберілген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамыту мен қарқынды шұғылдану қажет.
Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде бала ерте сәбилік шақта - ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен іс-әрекеттерге апарып жатқызу бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзімен өз іс-әрекеттерінің ара қатынасын белгілеу қабілетті де ұзақ дамып, оның өмірінің бірінші жылында қалыптасады. Үш жасқа қарай сәбидің үлкендердің сөзін түсінуі сапалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде жекеленген сөздерді ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті болып қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым-қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдай мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелеі тәжірибесінің өресі жетпейтін болмыстың танудың негізгі қарлы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Ерте сәбилік балалық шақ - балалық белсенді сөйлеуінің қалыптасу кезеңі бір жарым жасқа дейін бала 30-40-тан 100 - ге дейін сөз үйренеді және оларды өте сирек қолданады. Ол әлі тым мүдіреп сөйлейді. Тілді меңгерудегі елеулі өзгеріс шамамен бір жарым жаста жүзеге асады. Сәби бастамашыл болады. Ол заттардың аттарын атап отыруды үздіксіз талап ете бастайды. Сөйлеудің даму қарқыны арта түседі. Екі жастың аяғында бала 300-ге дейін, ал үш жастың соңында 1500-ге дейін сөздер қолданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz